МАҒарижун нүБҮууа мұхаммедтің пайғамбарлық ДƏлелдері



жүктеу 3.01 Kb.

бет8/20
Дата08.06.2017
өлшемі3.01 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

3. ПАЙҒАМБАРДЫҢ ОН ЕКІ СИПАТЫ
Бұл бөлімде күллі əлемдегі жаратылыстардың мырзасы Əзі-
реті  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ның  пайғамбарлығы  туралы  баян-
далып, Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның он екі ерекше сипаты туралы сөз 
етіледі. 
БІРІНШІ СИПАТЫ
Дүр-жауһар, інжу-маржан салауаттарды айтушы бұлбұлдар, 
сан алуан тахиййаттар (сəлемдемелер) мен сəлемдерді жолдаушы 
шешендер, көркем тілмен баяндап, шебер сөз сөйлеу бауының 
алтын  таңдай  бұлбұлдары – барлығы  өздерінің  салауаттары 
мен сəлемдеме сөздерін үзбей, үнемі жалғастырып келетін ле-
біздерінің  бəрі  бүкіл  əлемге  алғыс,  əрі  һидаят,  руханият  нұры 
етіп  жіберілген  адамзат  баласының  абзалы  Мұхаммед  (с.ғ.с.)-
ға  шашу  болсын!  Ол  ақырет  күнгі  маһшар  майданының  ша-
пағатшысы,  руханият  əлемінің  күні,  уəдеге  берік  болу  атақ, 
дəрежесінің  иегері,  мөлдір  тазалық  мейманханасының  иесі, 
барша  шын  пейілді  адал  достар  жолын  жарық  ететін  шырағы, 
күндіз  дəулетінің  нұры,  үмбет  көктемінің  жарығы,  құрмет 
бауының  таңы,  рақымшылдық  шырағының  жарық  шұғыласы, 
пайғамбарлық  аспанының  күні,  құдіреттілік  гүлзарларының 
сыр-құпиясы, мөлдір тазалықтың ең тазасы, уəде үйінің алтын 
күм безі,  сыйлық  дəрежелерінің  гауһары,  таңдалғандардың  ең 
таңдаулысы  Əзіреті  Мұхаммед  Мұстафа  (с.ғ.с.)-ға  мына  гау-
һарлар сыйлық етілді: «Лам» – «Лаъұмрүк», яғни оның «Тəж» 
дə режесі мен мағфирет сыйланғандығының белгісі болып, тең-
десі жоқ Алла Тағала оның өмірінен басқа ешкімнің өмірін атап 
қасам (ант) сөздерін айтқан емес.  
«Фай», «Фатх»  сүресінде  айтылғандай:  «Инна  фатахна  ла-
ка»
45
,  яғни  «Рас,  Біз  саған  шынайы  жеңіс  бердік»  деген  ұлық 
же ңістің  сүйіншісі.  «Алиф» «Инна  арсална»  жоғары  дəрежелі 
ілі мінің белгісі. «Тай» «Таһə» сүресі оны сүйіп, дəрежесін жоға-
ры еткендігінің айқын нышаны. «Хай», «Хəмим»
46
 əріптерімен 
45
 
«Фатх» сүресі 1-аят.
46
 
«Хəмим» əріпімен басталатын сүрелер: «Ғафир», «Фүссилат», «Шура», «Зұхрүф», 
«Дұхан», «Жасия», «Əхқаф».

84
басталатын сүрелер – шарапатты затының байсалдылық суретін 
айқындаушы. «Йаи», «Йəсин» сүресінің гүлзарының (бақшасы) 
жасмині.  «Ə  лам  тара  ила  раббика»  аяты  берекет  назарының 
ишараты. «Уаллазина маъһү», яғни «Онымен бірге болғандар» 
дегенде – Əбу Бəкр мен Ұмар туралы айтылған. «Тараһүм рүк-
каън сүжжадан», яғни «Оларды рүкүъ (намаздағы иілу) жəне 
сəжде  жасаған  халдерінде  көресің»  деген  аят – Оспан  жəне 
Хайдар (Əли) ұлық дəрежелерінің белгілерін баяндаған. «Инсан» 
сүресінің 8-аятындағы: «Уа йүтъамунат-таъама», яғни «Олар 
(кедейлерге)  тағам  береді»  деген  сөз  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-
ның  əйелдері  мен  қыздарының  сипаттарын  баяндаған. «Шу-
ра»  сүресінің 23-аятындағы:  «Иллал-мүуаддата  фил-құрба»
яғни  «Сендерден  бұл  (үгіт-насихатым)  үшін  туысқандық  ма-
хаббатынан  басқа  еш  ақы  сұрамаймын»  деген  сөз  «Əһл  бəйт» 
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ның  жақын-туыстарының  ахуалына 
иша рат етеді. «Əнғам» сүресінің 52-аятындағы: «Уа ла татар-
радүл-лазина  йадъуна  раббаһүм»,  яғни «(Ей,  Мұхаммед  с.ғ.с.) 
сондай-ақ, (Билал, Суһайб, Аммар, Хаббаб, Салман Фарси жəне 
Əбу Зарр сияқты) күндіз-түні Раббыларына жалбарынып, Оның 
дидарын (көруді армандап) тілеп жатқандарды (кедей болғаны 
үшін,  өз  маңыңнан)  қума»  деген  үкім  Салман  Фарси  мен  Əбу 
Зарр сияқты саңлақ сахабалар туралы келген. «Əл-Исра» сүре-
сінің 1-аятындағы: «Сүбханаллази асра», яғни «Өзінің пен десін 
(Мұхаммедті),  оған  мұғжизаларымызды  (мұғжиза - əдеттен 
тыс жағдайлар) көрсету үшін түн ортасында, (Меккедегі) Мəс-
жидүл-Харамнан  (Құддыстағы)  Біз  оның  төңірегін  берекелі 
(қасиетті)  қылып  қойған  Мəсжидүл  –Ақсаға  серуендеткен  зат 
(Алла)  əрқандай  кемшіліктерден  пəк»  деген  үкім  оның  миғ-
раж түніндегі сапарының баяны. «Нəжм» сүресінің 10-аятында 
келген: «Фаауха ила абдиһи ма ауха», яғни «Сонда (Жəбірейіл 
а.с.),  Алла  өзінің  құлына  уахи  еткен  нəрсені  келтірді»  деген 
үкім  оған  уахи  келтірілуінің  сыры  туралы  мəлімдеу.  Енді  осы 
сүренің 3-аятындағы:  «Уа  ма  йантиқұ  анил-һауа»,  яғни  «Ол 
(Мұхаммед  (с.ғ.с.)  Құранды)  өз  қалауынша  сөйлемейді»  деген 
үкім  Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ның  Құранды  өз  қалауынша,  ойынан 
шығарып  сөйлемейтіндігі  туралы  мəлімдеу.  «Уа  либасүт 
тақуа», яғни «Тақуалық киімі» дегені – ол Алла Тағаланың ма-
хаббатының  белгісі.  «Ли  маъалла»,  яғни  «Мен  үшін  Алламен 
бірге»  дегені – Хылует  дəрежесіне  ишарат.  Жер  жаһанды  жа-

85
рық ететін күн оның жұмсақ жылы берушісі, ал күлше ай оның 
көрсеткіш  саусағының  ишара  беруінен  екіге  бөлінген  (көрсет-
кіш саусағы айды екі бөлген) бойұсынушысы. Сегіз пейіш оның 
достарын ақыретте қонақасы беретін сарайлары, ал жеті тозақ 
дұшпандарына  жаза  берілетін  абақты.  Бүкіл  əлем,  ондағы  бар 
болған  барша  жаратылыстың  бəрі,  сондай-ақ  бұл  пəни  дүние 
де, шексіз ақырет те – барлығы оның үшін жаратылған. Он се-
гіз  мың  əлемдегі  барша  жаратылыс,  солардың  қатарында  бұл 
па қыр,  əлсіз  жəне  кемшіліктері  өте  көп  Алты  бармақ  та  оның 
құрметіне жаратылған. 
Нақыл  баяны:  Арифтердің  сұлтаны  Баязид  Бастами  былай 
деген: «Он сегіз жыл бойы Алланың сүйіктісінің зауқымен кө-
ңілімді ұста-темірші етіп, əр нəрсе тілей беретін ерке нəпсімді 
шектеу салу отымен қорықтандырып, нəпсіге қарсы жиһад (кү-
ресу)  балғасымен  соққыға  салдым.  Сөйтіп  одан  бір  өткір  зүл-
фиқар (зұлпықар) қылыш жасап, санамдағы «Ма сиуалланың»
яғни «Алладан басқа нəрсенің бəрін» тегіс шығарып тастадым. 
Содан «Иннамал-каунү хийал, уа һуа хаққұл-хақиқа» яғни: Хақ 
Тағаладан басқа барлық жаратылыс ақиқатында бос қиял (пəни, 
жойылып кететін нəрселер) екендігінің сырын түсіндім. Ендеше, 
мəңгі қалатын, əрі мəңгі бола беретін тек Алла Тағала екендігі-
не дау жоқ. Көңілімдегі Одан басқаның бəрінен көңілімді үздім, 
сөйтіп  енді  Əзіреті  Хабибулланың  мағрифат  теңізіне  жеткен 
шығармын деп күмəн қылдым (солай ойға келдім). Сонда ішкі 
дүниемнен  бір  дауыс  келді: «Ей,  пір  Бастами,  қазір  сен  қауіп 
пен үміт аралығындағы орындасың, Хабибулла теңізіне жетуге 
əлі қайда?!» деген. Сосын, кенеттен суы от болып жанып жатқан 
бір үлкен дарияны көрдім. Отының жалыны аспанмен ұштасып 
жатыр жəне дем арасында нешеме биік алаулы толқындар келіп-
кетуде.  Бұл  көріністің  айбатынан  есімнен  айырыла  жаздадым. 
Кейін бір дауыс келді: «Қашан бұл дариядан өтпегеніңше Əзіреті 
Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның мағрифат теңізіне жете алмайсың». Міне, 
осыдан  кейін  Əбу  Йазид  былай  деді:  «Лау  бадаъа  лилхалқи 
минан-наби  саллалаһү  алайһи  уа  саллама  заррата  лам  йақұм 
лаһал-арш  уа  ма  дунал-арш»  яғни, «Егер  Əзіреті  Мұхаммед 
(с.ғ.с.)-ның нұр дəрежесінен бір зередей ұшқын бұл əлемге кө-
рініс бергенде, ол ұшқынның жалынының қызуынан бүкіл əлем 
Арш  ағладан  тартып  бүкіл  жер-жаһан  жанып  күл  болар  еді. 
Сосын, Баязид Бастами (р.а.) былай деді: «Мағрифат дариясына 

86
сүңгідім,  сөйтіп  Əзіреті  Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ның  мағрифат  теңі-
зін көрдім. Менің тұрған дəрежеммен оның дəрежесінің екі ара-
лығында мың дария бар екендігін көрдім. Егер, олардың не бəрі 
біреуіне жақындасам, жанып күл болар едім».
ЕКІНШІ СИПАТЫ
Ең жақсы, нəзік көркемдікпен айтылған салауат, шарапатты 
сəлемдеме  мен  жұпар  иісін  таратушы  жұмсақ  жылы  жел 
сияқ ты  жанды  жадыратушы  ыстық  лебізді  Пайғамбарымыз 
(с.ғ.с.)-ға  арнау  амалы  үмбетін  игілікке  жеткізеді.  Бұл  жанды 
жадыратушы, руханиятты ашушы жұмсақ жел, руханият таңын 
аттырушы  көркем  дидар,  əлемнің,  ондағы  барлық  жара ты-
лыстың  мақтанышы,  əрі  қожасы – ол  он  төрт  күндік  толған 
ай  сияқты  жəне  амандық  бауының  шырын  миуасы,  «Сабғүл-
масани» бақшасының бұлбұлы, маңдайға біткен жарық жұлдыз, 
бақыт – сағадат мінберінде уағыз-насихат айтушы ең танымал 
ұлық зат, шүкір етушілік, үстемдік пен өктемдік нəсіп етілген, 
пайғамбарлық  кітабының  ұлық  дəрежелісі,  елшілік  үйінің 
Сұлтаны жəне «Ли маъалла», яғни «Менің үшін Алламен бірге» 
дəргейінің  сұлтаны,  «Фаълам  аннаһү  ла  илаһа  иллалла»,  яғни 
«Білгін, əлбетте Ол жеке-дара Тəңір, Одан өзге ешқандай Тəңір 
жоқ»  деген  Əзіреті  ұлық  Тəңір – Алла  Тағаланың  сүйіктісі. 
Сон дықтан ол «Мұхаммадүр Расулулла» деп, оның есімі өзінің 
Тəңірімен қатар жазылудай ұлық дəрежеге ие болған. Ол көркем 
дидар,  ешбір  кемістіксіз  Алланың  рақымшылдық  бостаны ның 
(бауының)  көркем  құрма  ағашы,  көркіне  көз  тоймас  көркем 
бейнесінің  көлеңкесі  жерге  түспейтін  екен,  екі  əлемде  оның 
көлеңкесінде рахат дем алады. 
Нақыл  баяны:  Бір  əулие  адам  бір  адамның  қолына  хадя 
(сыйлық) беріп: «Мектепке бар да, мұны шəкірттердің арасынан 
қайсыбір  шəкірт  үздік,  жақсы  болса,  соған  бер»  деді.  Ол  адам 
мектепке  барды  да,  сыйлықты  өзінің  ұлына  берді.  Мұндай 
жағ дайға  куə  болғандар: «Неліктен  сыйлықты  өзіңнің  ұлыңа 
бердің?»  десті.  Ол: «Мен  одан  да  өтетін  үздік,  жақсы  баланы 
таппадым» деді (өйткені, оның үшін өз баласынан артық үздік 
те, жақсы шəкірт жоқ). Сол сияқты, қиямет күнінде құдірет пен 
өктемділік  иесі  Алла  Тағала  өз  рақымшылдық  сыйлықтарын 

87
Мұхаммад  Мұстафа  (с.ғ.с.)-ның  шапағат  қолына  тапсырып: 
«Бұл  сыйлықтарды  Арасат  (ақырет  күні  адамдар  жиналатын) 
май данындағы қайсы пенденің амалдары жақсы болса, соларға 
тапсыр» дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол сыйлықтарды 
үмбетінің  арасындағы  күнəһарларына  сыйлық  етеді,  мына 
хадистегі:  «Шафаъати  лиəһлил-кабаир  мин  үммати»,  яғни 
«Ме нің  шапағатым  үмбетімнің  арасындағы  үлкен  күнə  жаса-
ғандарына арналған» деп айтылғанындай. Сонда Алла Тағаладан: 
«Ей, сүйіктім, бұл өңкей зиянға ұшырағандардың арасынан сен 
тек өзіңнің үмбетіңді таңдап алдың» деген жарлық келеді. Оған 
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.): «Иə,  Раббым,  егер  үмбетім  пейіштің 
нығметтеріне жете алмай, олардан құры қалатын болса, онда ол 
нығметтер менің көңіліме сыймайды» деп жауап айтады. Сонда 
Алла Тағала оның тілегін қабыл етеді. 
Нақыл  баяны:  Бір  ғұлама  адам  бір  жомарт  адамның  үйіне 
қонаққа барды. Қонақ иесі оны ағыл-тегіл жасатылған дастар қан 
төңірегіне  отырғызып,  қонақ  етті.  Бірақ  ол  ғұлама  дастарқан да-
ғы тағамдарға мүлдем қол ұзатпады. Сонда қонақ иесі: «Ей, мыр-
за,  неліктен  тағамдардан  жемей  отырсың?  Бұл  тағамдардың  бəрі 
халал ақшаға сатып алынған» деді. Оның сауалына ғұлама: «Ме-
нің бірнеше перзенттерім бар, олар үйде аш отыр. Олар аш отыр-
ған  тұста  менің  бұл  нығметтерден  лəззаттанып  отырғаным  мейі-
рімділікке сай болмас» деп түсінік айтты. Сөйтіп, қашан қонақ иесі 
оның балаларына тағам жібергенінше дастарқанға қол созбады.
Қиямет  күні  Хақ  Тағала  өзінің  Сүйіктісін  (с.ғ.с.)  есепсіз 
нығметтер, зəулім сарайлар, бау-бақшалар толы жұмаққа кіруге 
əмір  етеді.  Ал,  сол  кезде  оның  күнəһар  үмбеттері  жағдайлары 
насырға  шауып,  азаптан  құтылуға  шара  таппай,  қасірет  төніп 
жүрген  болады.  Сонда  Хабибулла  (Алланың  сүйіктісі) (с.ғ.с.) 
оларды  азапқа  тастап,  өзі  жұмаққа  кіріп  кеткенді  өзіне  жөн 
(лайық) көрмейді. Сөйтіп: «Йə, Раббым, мен оларды тастап жұ-
маққа кіре алмаймын, мені де олармен қосып тозаққа жібер неме-
се оларды менімен бірге пейішке кіргіз» деп мінəжат етеді. Сон-
да құдіретті Тəңір: «Ей, Мұхаммед (с.ғ.с.) Біз пейіштерді сенің 
құрметіңе  жаратқанбыз,  сондықтан  сені  тозаққа  жібермейміз. 
Сол себепті күнəһарларды да жұмақтарға кіргіземіз. Сонда Біз-
дің рақымшылдығымыз бен дəргейіміздегі (қасымыздағы) сенің 
дəрежең  мен  сый-құрметіңнің  қаншалықты  биік  екендігі  паш 
болады» дейді.

88
ҮШІНШІ СИПАТЫ
Алла Тағалаға мақтаулар мен мадақтар айтқаннан соң, нығмет 
жəне  руханият  бауының  əуендерін  жаңыратушы,  сондай-ақ 
көркемсөз  гүлстанын  шешендік  күйлеріне  толтырушы  шебер 
бұлбұлы – бақыттылардың  мырзасы,  бақыт-сағадаттың  тірегі, 
əлемнің мақтанышы, екі дүние жаратылыстарының толған айы, 
«Расулүс сақалайн», яғни адамдарға да, жындарға да бір дей елші 
етіп  жіберілген  ұлық  Пайғамбар  (с.ғ.с.).  Олардың  көз дерінің 
қуанышы  болған,  «қаба  қаусайн»  дəрежесінің  иесі,  ізгілердің 
мақсаты,  олардың  жүректерінің  сүйіктісі, «Таһə» («Таһə» 
сүресінің 1- аятындағы  сөз)  дəрежесінің  иесі  Мұхаммед  Мұс-
тафа (с.ғ.с.) «уа ала əліһі уа асхабихил-атқия», яғни «жəне оның 
отбасына  жəне  оның  тақуа  сахабаларына  игіліктер  болғай», 
ол  ілесуге  бұйырылған  адамдардың  мырзасы  да,  данасы  жəне 
ақиқатшылдардың ең ақиқатшылы былай деген: «Күнтү набиян 
уа Адам байнал-маи уат-тин», яғни «Адам (а.с.) əлі су мен лай 
ортасында  болған,  яғни  оның  денесі  əлі  жаратылмаған  кездің 
өзінде  мен  пайғамбарлық  дəрежесінде  болғанмын».  Жəне  бір 
риуаятында: «Əна саййидүл-аууалин уал-ахирин уа хабибү раббил 
аламин», яғни «Мен ең алғашқылардың да, ең соңғылардың да 
пайғамбарымын» деген.
Үлгі-өнеге баяны: Йеменнің билеушісі даңдайсыған Əбраха 
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ның  дүниеге  келерінен  елу  күн  бұрын 
қасиетті Қағбаны қирату мақсатында Меккеге əскер тартып ке-
ліп,  оның  маңайына  түсті.  Содан  оның  əскерлері  меккеліктер-
дің сол маңайда жайылып жүрген түйелерін айдап кетті. Сонда 
Мекке  елінің  ұлықтарынан  саналатын  Абдүл  Мұтталиб  ол 
түйе лерді  іздеп,  Əбраха  қонған  жерге  келді.  Оның  қолында 
Пай ғамбарымыз  Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ның  Нұрының  айбаты  кө-
рініс  берген  еді.  Соның  айбатынан  шошынған  Əбраха  Абдүл 
Мұтталибтың  түйелерін  қайтарып  берді.  Сол  сияқты,  Қиямет 
күні өз тілдеріміз өздерімізге қарсы куəлік береді. Сонда, біздің 
сырт көрінісімізде де, ішкі дүниелерімізде де Мұхаммед (с.ғ.с.)-
ның  жарқын  Нұры  көрініс  береді,  жəне  содан  үміт  етіледі. 
Біздерге жұмсақ мəміле етіліп, сəлеметтік (амандық) үйіне (жұ-
мақтарға) кіруге əмір беріледі. 
Нақыл  баяны:  Үндістанда  Əзіреті  Адам  Сафиұлла  (а.с.)-
ның қабірінің басында бір ағаш өсетін. Ол ағашта жылына екі 

89
гүл ашылып, жапырақтарында «Ла илаһа иллалла мұхаммадүр 
Расулулла»  деп  жазылған  болатын.  Ол  гүлдер  ашылған  шақта 
абайлап  алынып,  сұлтан  қазынасына  тапсырылатын.  Ол  гүл-
дердің ғажап шипалық қасиеттері бар. Онымен көптеген ауыру-
сырқат  шипа  табатын.  Айтуларына  қарағанда,  тіпті  мүлде  со-
қыр  болып  қалған  адамның  көзіне  ол  жапырақты  талқандап 
тартатын болса, көздері ашылар еді. 
Ей,  Раббымыз,  біздердің  көңілдерімізге  Өз  құдіретіңмен 
бұл  «Ла  илаһа  иллалла  мұхаммадүр  Расулулла»  деген  жазуды 
жаз дың,  сөйтіп  махаббат  тұқымын  жүректеріміздің  алқабына 
шаштың. Ендеше көңіліміздің көздерін күпірлік індетінен аман 
еткейсің!  Бұл  Сенің  жомарттығың  мен  мейірімділігіңе  қиын 
емес.
Əлгі  Адам  ата  (а.с.)-ның  қабірі  басында  өскен  ағаштың  гү-
лінен  бір  гүл  жапырақшасы  үзіліп  түссе,  жерге  жетті  дегенше 
ғайып  болады.  Оны  жер  жұтып  жібере  ме,  əлде  бір  періште 
келіп алып кете ме белгісіз. Мəлім болғаны, оны құрт-құмырсқа 
немесе құстар жеуге қадір емес жəне ол отта да жанбайды екен. 
Ей,  Раббымыз,  Өзіңнің  қасиетті  есімің  мен  сүйіктіңнің  ша-
рапатты  есімі  айтылған  бұл  кəлима  мүминдердің  жүректеріне 
жазылып,  тілінде  айтылып  қайталанатындығының  шарапаты-
нан  үміт  етеміз!  Мүминдерге  тозақ  оты  зиян  келтірмейді,  ке-
рісінше,  ол  мүминге:  «Жиз  йа  мүьмин  фаинна  нурак  атфаъа 
лаһаби», яғни «Мүмин сират көпірінің үстінен өтіп жатқанын-
да, оған тозақ оты: «Ей, мүмин, тезірек өт, сенің нұрың менің 
жалынымды сөндіріп барады» деп жалынады.
ТӨРТІНШІ СИПАТЫ
Неше мыңдаған салауаттар, салауат намаздар мен жолдан ған 
мыңдаған  сəлемдеме  Елшілер  мырзасы  Əзіреті  Пайғамбары-
мыз  (с.ғ.с.)-ның  жатқан  Нұр  таратушы  пəк  бақшасына  шашу 
болсын!  Ол пайғамбарлардың ең соңғысы, асыл гауһары жəне 
барша  ізгі  жандардың  көңілдерінің  қуанышы.  Бақыт-сағадат 
иелері  Қаламның  оған  жазған  достары,  ал  бақытсыз  сорлылар 
өз  жандарының  дұшпандары.  Ол – Мұхаммед  (с.ғ.с.)  қайып 
болмысының сырларын ашушы аян желі, арифтардың жүрегіне 

90
пайымдылық беретін Нұр, ғашықтық гүлістанының таңы жəне 
махаббат əуендерін тарататын бұлбұлы, сондай-ақ ақиқат бау-
ларының  хош  тілді  сайрағыш  бұлбұлы,  руханият  ілімдерінің 
шебер  баяндаушысы,  керең  жəне  жалқаулардың  өткір  тілді 
мұғалімі,  жанның  дəл  ортасындағы  иман  нүктесінің  Нұры, 
үкімді таңдауда нақты дəлел болатын Сұлтан, таңдаулылардың 
ең  сарасы  Əзіреті  Мұхаммед  Мұстафа  (с.ғ.с.) – ол  мырзаның 
мына сипаттарын атап өтеміз: 
Мүбəрак  Хабибтің  күн  сияқты  аптабы  жақындық  тапқан-
дардың  көңілдері  мен  жүздерін  нұрлы  етті  жəне  оның  маң-
дайындағы  нұрдан  таралатын  ғашықтардың  саналарын  хош 
иісті  етті.  Оның  дəрежесінің  көркіне  он  төрт  күндік  толған 
ай дың  көркі  мен  абыройы  денінен  төмен.  Өзі  аң-таң  болды, 
ал  көркінен  нұр  шуақтайтын  күн  болса,  оның  махаббатының 
жа лынына  дес  бере  алмай  əуреге  түсті.  Құстардың  мекені 
болған  көк  аспан  ол  нұрдың  айбатынан  аң-таң  болып,  ол  пе-
ріште  сипаттың  көркіне  зауықтанып  күллі  жер  бетіне  береке 
жаңбырын себелейді. Ал одан тұнықтық алған жер беті көктем-
ге айналып, əлем сарайларында жəне теңіздердің қойнауларын-
да  сөз  жетпес  көркем  де,  қымбатты  інжу-маржандар  жетіледі. 
Оның  ерні  мен  таңдайынан  шығатын  көңілдерді  жайнататын 
сөз дері  жүректерін  сағыныш  кернеген  жəне  руханиятсыздық 
сал дарынан азғындаған мүрде ділдерге тірілік суын береді. 
Енді  пайғамбарлардың  мырзасының  шарапатты  есімдерін 
атап өтеміз:
Аса  құдіретті  хатшы  Алла  Тағала  адамзатқа  мағрифат  мек-
тебінен  «Аллама  бил-қалам»,  яғни  адам  баласына  қаламмен 
хат  жазуды  үйретті,  əйтпесе  ол  жазуды  білмейтін  еді,  бұған: 
«Алламака ма лам такүн таъаллүм», яғни «Саған өзің білме ген 
нəрсені үйретті» деген үкім дəлел. 
Негізінде,  фитрат  (басталу)  сарайына  «Күнтү  канзан  мах-
фийан», яғни Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның: «Мен о баста бір құ-
пия  қазына  едім»  деген  сөзіндегі  жағдайды  Алла  Тағала  əлем 
тіршілігінде  өмірге  келтірді.  Сонда  алдымен  бір  нүкте  пайда 
болды,  ол – Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ның  Нұры  еді.  Бұл  Нұр  пайда 
болғаннан соң, əлем аспанында жəне бүкіл барлықта мынадай 
бір жаңғырық дауыс пайда болды: «Ей, дүниеге келетін барша 
болмыс пен күллі жер-жаһандар, қазір бір Нұр пайда болды. Бі-
ліңдер, оның һидаяты мəңгі, ал өзінің шарапатты есімі –  Мұ-

91
хаммед,  дəрежесі  –  «Рахматал  лил-аламин»,  ал  сыйлылық 
абыройының  дəрежесі  –    «Иннака  лаъала  хұлқин  азим».  Жер 
мен  жаһан,  көктегі  бар  нəрселердің  бəрі  оның  Нұры  жəне  на-
зарының  мейірімен  жағымды.  Сондай-ақ  пайғамбарлар  мен 
əулиелер  оның  Нұрынан  үлгі-дəйек  алады.  Көмек  берілген 
Нұх  (а.с.),  Халил  Ибраһим  (а.с.),  уəдеге  берік  Исмаил  (а.с.), 
сый-құрметті  Йағқуб  (а.с.),  денсаулығы  қайта  сыйланған 
Аййуб  (а.с.),  құтқарылған  Йусүф  (а.с.),  дұғасы  қабыл  болған 
Йунүс  (а.с.),  құрмет-абыройлы  Мұса  (а.с.),  Інжіл  берілген  Иса 
(а.с.)  жəне  олардан  да  басқа  тірі  жан  бар.  Барлығы  оның  таң-
даулы  зат  сипатының  құрметіне  пайда  болған.  Барша  атақты 
шайықтар  мен  мағрифат  сатысына  жеткен  ұстаздар,  фиқһтың 
саңлақ  ғұламалары,  ұстынсыз  тұрған  көгілдір  көк,  ондағы  бар 
нəрселердің  бəрі  де  оның  берекесінің  құрметіне  жаратылған. 
Олар бақыт-сағадат үйіне жету үшін өздерінің көздерін барлық 
нəрседен  бөгеп,  жүректерінің  үйінен  бұл  пəнидің  сауда-сат-
тығының  бəрін  шығарып  тастайды.  Сөйтіп,  өз  көңілдерінің 
айнасында  Мұхаммади  көркемділігі  мен  Əхмади  дəрежесін 
көреді. Осылай ол Əзіреті (с.ғ.с.)-ның билік дəрежесі мен өктем-
үстемділігі, сымбатты дидары мен кемелдігі көрініс береді. Де-
генмен,  адамзат  пен  басқа  да  жаратылыстың  барлығы  бірдей 
оның рухани байлығынан тікелей пайдалана беруі мүмкін емес, 
өйткені олардың көпшілігінің ол байлықтан тікелей пайдалануға 
шамалары  келмейді.  Бұған  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ның  мына 
риуаятындағы: «Ла  йасъани  фиһи  малак  мүқарраб  уа  ла  наби 
мүрсал», яғни «Мені жақындық тапқан періште де, немесе елші 
пайғамбар да қамти алмайды» деген сөздері дəлел. Рухүл-құдс 
(хадисті риуаят еткен Жəбірейіл (а.с.)) бұл сөздерді аса мұқият 
түрде,  құдіреттілік  тұрғыдан  дəлдеп  айтты.  Міне,  бұл  жағдай 
Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның аса жоғары дəрежелі екендігін көрсете-
ді. Олардың саналары періштелердің қанатымен ұшады, сөйтіп 
Мұхаммед (с.ғ.с.) Нұрының қайраты мен дəрежесінің айбатына 
жақындаған  кезде  оның  шұғыласының  аптабына  жанып, 
күл  болады.  Бұған  мына  риуаятты  келтіруге  болады,  онда 
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.):  «Лау  данаутү  анмала  лаихтарақтү», 
яғни  «Егер  мен  саусақтың  ұшындай  ғана  жақын  болғанымда, 
өртеп жіберген болар едім» деген.

92
БЕСІНШІ СИПАТЫ
Ол  (с.ғ.с.)  ынта-жігерлі  жандар  іздеген  ұлық  дəрежелердің 
ең  биігі  жəне  махаббат  дəрежесіне  жетуді  мақсат  еткендер дің 
көздеген шыңы. Бүкіл əлемді жаратқан құдіретті Алла Таға лаға 
көркемсөзбен  мақтаулар  айтып,  шүкіршіліктер  білдірілгеннен 
соң,  жан-ділдерден  шығатын  салауаттар  мен  айтылатын  сə-
лем демелер  Əзіретіміз,  бақыттылардың  ең  бақыттысы  Мұ-
хам мед  Мұстафа  (с.ғ.с.)-ға  арналады.  Ол – ай  секілді  Нұр  та-
ратушы  жомарт.  Ол – сырлардың  құпиясын  білетін  білгіш, 
əрі  түсіндіруде  жандарды  емдеп  жадырататын  емші,  дана-ой-
шылдардың сүйіктісі, қараңғыда қалғандардың шырағы, бар лық 
күнəһар  үмбеттің  шапағатшысы,  дұшпандар  жазасын  беру ші, 
көлеңкелеген тіршілікті көзге көрсетуші.  
Үлгі-өнеге  баяны:  Ей,  дəруіш!  Халықтың  қауіп-қатері  екі 
нəрседен күтіледі: бірі – күнə істерді көбейту, екіншісі – тағатты 
жалаңаш (дəрежесін төмен) санау, сөйтіп тереңдетуге əрекетте-
ну. Үзілді-кесілді артықшылық иесі жəне шынайы жарылқаушы 
Алла  Тағала  өзінің  сүйіктісіне  шапағатшылық  дəрежесін  сый-
лық  етті,  осының  шарапатынан  оның  үмбеті  осы  аталған  екі 
қауіп-қатерден  аман  болады.  Бұл  екі  қауіп-қатерді  түсіну 
үшін  мына  екі  мысалды  жан  құлағыңмен  тыңдап,  пайымдап 
көр:  Алдымен  күнə  істерді  көбейту  қауіп-қатері  туралы  айтар 
болсақ,  риуаятта  келгеніндей:  Ферғауынның  сиқыршылары 
Мұса  (а.с.)-мен  бəсекелесетін  күні,  бəсеке  алаңына  неше  мың 
түрлі  дайындалған  сиқырларын  алып  келді.  Сөйтіп,  алдымен 
олардың сиқырлары Мұса (а.с.)-ға басымдылық көрсетті. Сосын 
Мұса  (а.с.)  өз  таяғын  жерге  тастаған  еді,  сол  сəттің  өзінде  ол 
сиқырлардың  бірін  қалдырмай  барлығын  жеңді,  өйткені  кезек 
Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ның  Нұрына  берілген  еді.  Сол  сияқты,  қия-
мет  күні  де  неше  мыңдаған  күнəлар  Хабибулла  (с.ғ.с.)-ның 
шапағатының шарапатынан кешіріліп, жоқ ьолды.
Енді екінші қауіп-қатер тағатты жалаңаш (дəрежесін төмен) 
санау, сөйтіп тереңдетуге əрекеттену туралы айтар болсақ, на-
қыл етілуінше, Миғраж түнінде Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның үмбеті не 
алдымен елу уақыт намаз оқу парыз етілді, сосын бес уақытқа 
түсірілді (бұл туралы өз кезегінде егжей-тегжейлі əңгіме етіле ді, 
иншаАлла  Тағала).  Сонда  Əзіреті  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ның 
шарапатты көңіліне: «Енді үмбетімнің намаздан алатын сауабы 

93
он есе аз болатын болды» деген бір өкінішті ой келді. Сосын осы 
мəселеге  қатысты: «Ей,  Сүйіктім,  үмбетің  бес  уақыт  намазды 
орындасын. Мен сол бес уақыт намаздарын елу уақыт намаздың 
орнына қабылдаймын, көңілің тоқ болсын» деген дауыс келді.  
Жəне  бір  риуаятта  келгеніндей:  Күндердің  бірінде  Əзіреті 
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  өзінің  сыйлы  сахабаларымен  (р.а.)  бір 
кедей  адамның  үйіне  барды.  Үйдің  иесі  Əзіретіміз  (с.ғ.с.)-ның 
алдына бір арпа нанын алып шығып қойды. Əлемнің мақтаны-
шы  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  нанның  аз,  ал  сахабалардың  көп 
екендігін ойлап, əлгі нанды бір рет түртті, сосын жолдастарының 
алдына қойды. Сол сəтте ол нанға береке дарып, сондағы адам-
дардың барлығы тойып жеді. Риуаятта айтылуынша, «Ол жер-
дегі адамдар саны сексен еді, əлгі нан олардың бəрінен арты лып 
қалды».  
Ей,  құрметті  адам!  Бұл  əлемдегі  пенделердің  ең  алдыңғы-
лары  мен  ең  соңғылырына  дейінгілерді  қосқанда,  олардың 
бар лығының  тағаты  Хақ  Тағаланың  дəулетіне  салыстырғанда 
небəрі  бір  бұрда  (бөлік,  түйір)  арпа  наны  сияқты  да  келмейді. 
Сондықтан  ақырет  күніндегі  Хабибінің  шапағатының  құрметі 
Хақ Тағаланың қасында күллі үмбеттің жасаған тағатынан ар-
тық болады. 
Нақыл баяны: Бəни Исраил заманында ұзақ өмір сүрген бір 
пасық  та,  күнəһар  адам  болған  еді.  Ол  бұзықтықтық  пен  бұз-
ғыншылық  жасауда  шектен  шығып,  өзіне  берілген  екі  жүз 
жылдық  өмірін  пасықтық  пен  күнə  істерді  істеумен  өткізеді. 
Солайша  өмірі  аяқталып,  талқаны  таусылды,  пəниден  бақиға 
аттанды.  Халық  оның  өлгенін  есітіп  қуанды.  Одан  тезірек  құ-
тылуға  асығып,  аяғынан  үстап  сүйрелеген  бойы  бір  мал  қиы 
тасталатын шұңқырға апарып тастады. Сосын, Жəбірейіл (а.с.) 
Хақ Тағала əміріне сай Əзіреті Мұса (а.с.)-ға келіп былай деді: 
«Алла Тағала саған сəлем айтып, былай деп бұйырды: «Менің 
достарымның  арасынан  бір  адам  ақыретке  аттанған  еді,  сенің 
қауымың оны көңханаға тастады. Барып, оны қөңханадан шы-
ғарып  жуындыр,  сосын  кебіндеп,  Исраил  ұрпақтарын  оның 
жаназа  намазына  шақыр.  Ол  намаздың  шарапатынан  олар дың 
күнəлары жарылқау табады» деді. Содан Əзіреті Мұса (а.с.) ол 
көңханаға келіп, екі жүз жылдық өмірін күнə істермен өткіз ген 
адамды көрді де, өзіне əмір етілгендей ол адамды жуынды рып, 
кебіндеп,  жаназасын  шығарды.  Сосын  Алла  Тағалаға  мінəжат 

94
етіп: «Йə,  Раббым,  бұл  күнəһар  адам  мұндай  жарылқауға  қа-
лайша  лайық  болды?»  деді.  Құдіреті  өктем  Хақ  Тағала  былай 
деп уахи түсірді: «Ей, Мұса, бұл пенденің күнəлары халық бі-
летіннен  жүз  есе  артық,  бірақ  күндердің  бірінде  ол  Тауратты 
оқыды,  онда  ақырзаман  Пайғамбары  (с.ғ.с.)-ның  шарапатты 
сипаттарын көрді. Содан Хабибімнің махаббаты оның көңіліне 
əсер етіп, Таураттың сол парағын сүйіп бетіне сүрді. Сол істе ген 
амалының берекесі мен шарапатынан оның күнəларын кеші ріп, 
Өзіме жақын болғандардың қатарына қостым».
Ендеше, ей, Хабибулланың ғашықтары! Шын көңілдерің мен 
салауаттар айтып, ол Əзіретке шашу етіңдер «СаллАллаү алайка 
йə, Расулалла». 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал