МАҒарижун нүБҮууа мұхаммедтің пайғамбарлық ДƏлелдері



жүктеу 3.01 Kb.

бет7/20
Дата08.06.2017
өлшемі3.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

СЕГІЗІНШІ МІНƏЖАТ
«Сахих Мүслим» кітабында Ибн Ұмар (р.а.)-нан былай риуаят 
етіледі: Қала Расулуллаһи (с.ғ.с.): «Аллаүмма мүсаррифүл-құлуб 
сарриф құлубана ала таъатика», яғни Əзіреті Пайғамбар (с.ғ.с.) 
былай деді: «Иə, Аллам, біздің жүректерімізді Өзіңнің тағатыңа 
сарп  ет».  Осы  хадисте  айтылғанындай,  адамдардың  жүректері 
Алла Тағаланың құдіретіне тəуелді. Ол не нəрсе тілесе (қаласа), 
соны болдырады. Сондықтан пенде үнемі Алладан тіленіп, дұға 
етуге, дүние қызықтары мен шайтанның азғыруынан сақтауын 
сұрап жалбарынуы керек. 
Мінəжат: Ей, артықшылық, кеңшілік, сыйлық етушілікпен 
танылған, қателерді кешіруші деп сипатталған, «каф» (к деген 
əріп) жəне «нун» (н деген əріп)-мен,  яғни «Күн фə йакун» «Бол» 
деп əмір етіп бүкіл əлемді жоқтан бар еткен, күллі жаратылысты, 
олардың  жандарын  көркем  нақыштармен  безендіріп,  түрлі 
түс термен  түстеп,  көрік  берген,  Сенің  даралығыңның  Нұры 
ариф тардың  жүректерінің  түкпір-түкпірін  жарытып,  олардың 
ішкі  дүниесінің  айнасында  көрінген  Сенің  ақиқатың  əлем 
парақтарында көркем тақуалық ұстанған пенделеріңе патшалық 
дəрежесін  берген,  қасарысқандар  мен  бұл  дəуренді  ойын-күл-
кіге айналдырып алғандардың қылмыстарынан өкініп, «аһ» ұр-
ғанының  сиқырлы  хикметінен  айыбы  мен  күнəсын  беркітетін 
(жасыратын)  Сенсің.  Қалам  құдіретімен  барлық  болатынның 
тағдырын жаздырдың. Кəміл құдіретіңмен олардың бəрін жоқтан 
бар етіп, бой көрсеттірдің. Қаншама түрлі түмен жаратылыс тың 
суреті мен көрінісін Өз қалауыңмен дəптеріңе сызып, өңдеп бой 
көрсеттірдің.  Нұрланып  тұрушы  аспан  Сенің  өктемдігің  мен 
күш-құдіретіңнің  белгілерін  көрсетіп  тұратын  айна  сарайы. 
Жер – байлық пен жаратылыстың үйі. Зəулім жұмақтың қақпа-
лары на «Фараухүн уа райханүн уа жаннатү наъим», яғни «Ал 
егер,  ол  кісі  Аллаға  жақындардан  болса, (оның  үшін)  рахат, 
райхан (иісі) жəне нығметтер толы жұмақ бар» деп жаздың, ал 
тозақтарды от азабымен толтырдың.
39
 
«Əл-қамар» сүресі 55-аят.

74
Тəңірім! Арифтердің көз жасының құрметіне, ғашықтардың 
махаббат  шарабынан  лаулаған  ғашықтығының  құрметіне  біз-
дің  жүректеріміздің  орнын  мағрифатының  сыр-хикмет  толы 
аясынан  шығарма!  Біздерді  Өзің  сыйлайтын  мəртебеңе  жақын 
ет. Соңғы демімізде біз бейшаралардың рухын иманмен алып, 
рақымшылық дəулетіңді жібере гөр. 
Нақыл баяны: Үлкен машайық саналатын бір адамның өмірі 
соңына  таяды.  Сонда  шəкірттері  оның  қасына  жиналып,  оған 
«таухид кəлимасын» үш рет айтып, естіртті. Шайық үш ретінде 
де: «Айтпаймын, айтпаймын, айтпаймын» деді. Бұл жағдайдан 
шəкірттер  аң-таң  болып  бастары  қатты.  Сосын  шайық  өзіне 
келіп есін жиды. Сонда шəкірттері əлгі жағдайды айтып, одан 
мұның себебін сұрасты. Себебін шайық былай түсіндірді: «Ке-
неттен  ыстығым  көтеріліп,  бар  денем  от  болып  жанды.  Қатты 
шөлдедім, бірақ су іздеуге мұршам (шамам) келмеді. Сол сəтті 
пайдаланбақ  болған  лағынетті  шайтан  бір  ыдыста  су  келтіріп: 
«Су  ішкің  келе  ме?» – деді.  Мен: «Иə» – дедім.  Сонда  ол 
былай  деп  шарт  қойды: «Əлемнің  Жаратушысы  жоқ,  олардың 
бəрі  өздігінен  пайда  болған»  деп  айт,  сонда  саған  мына  суды 
беремін».  Мен: «Бұл  сөзді  айтпаймын»  дедім.  Ол  менің  оң 
жағымнан,  сол  жағыма  өтті.  Əлгі  суды  көрсетіп: «Иса  (а.с.) 
Алла  Тағаланың  ұлы»  десең,  суды  беремін»  деді.  Мен  жəне: 
«Айтпаймын»  дедім.  Сонда  ол  менің  бас  жағыма  келіп,  суды 
көрсете тұрып: «Хақ Тағала үш Тəңірдің бірі, осыны айт» деді. 
Мен  тағы: «Айтпаймын»  дедім.  Осылайша,  мен  үш  қайтара 
«Айтпаймын, айтпаймын, айтпаймын» дедім. Демек, шəкірттер 
«Таухид  кəлимасын»  үш  рет  айтқан  кезде  лағынетті  шайтан 
қулық  жасап,  өзінің  сөздерін  айттырмақшы  болған  екен.  Мені 
Алланың  өзі  сақтады»  деді  де, «Шаһадат  кəлимасын»  айтып, 
жанын Раббысына тапсырды.
Тəңірім! Бізге де жанымызды алардағы соңғы демімізде бұл 
кəлиманы айтуымызды нəсіп ете гөр. 
ТОҒЫЗЫНШЫ МІНƏЖАТ
«Сахих  Бұхари»  жəне  «Сахих  Мүслим»  кітаптарында  Əбу 
Һүрайра  былай  риуаят  қылынған: «Анин  наби  (с.ғ.с.)  қала: 
«Наузү биллаһи мин жаһдил-балаи уа даркиш-шақаьи уа суьил-

75
қазаи уа шаманатил-аъдаи», яғни Əзіреті Саййидүл мүрсалин 
(с.ғ.с.) былай деді: «Алла Тағалаға сыйынып, ауыр бəлелерден, 
қайғы-қасірет көруден (жетуінен), басқа түсетін жамандық жағ-
дайлардан  жəне  дұшпанның  күлкісінен  (дұшпанға  таба  болу-
дан) сақтауын тілеп жалбарынамын». 
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның бұл сөзінен мəлім болғаны, дұға 
түрлі бəлені қайтарады, қайғы-қасірет жетуінен сақтайды. Басқа 
түсетін түрлі жамандық жағдайдан жəне дұшпанға таба болудан 
аман қылады. Ендеше, Хақ Тағаланың ризасынан айырылмайын 
деген əрбір мүмин пенде дұға етіп, жалбарынудан, қажеттілігін 
тілеп, зарланудан қол үзбеуі тиіс.
Мінəжат:  Ей,  ешқандай  құрал-саймансыз-ақ  өздігінен  бар 
Тəңірім жəне ешбір ақаулықсыз бар Тəңірім! Сен түнек қаптаған 
жүректерді нұрландырып, жарық етуші, дене бейнелеріне сурет 
беруші, мағрифат бауының бұлбұлдары Сенің мақтауларың мен 
мадақтарыңды,  шүкірлігіңді  айтып  сайрайды.  Ол  гүлістанның 
гүлдері  Сенің  мейірімділігің  мен  сыйлық  еткен  нығметтеріңді 
баяндайды. 
Тəңірім! Үлгі болатын жүректердің құрметіне, «Фирдаус жұ-
мағы» мен басқа да жұмақтардағы кемшіліксіз жаратылған нəр-
селердің,  періште  мен  хор  қыздарының  пəктігінің  құрметіне, 
негізі бекем имандар мен бұлжымас сенім құрметіне жəне тура 
жолды тапқандардың ділдерінің нұрлары көктерден де жоғары 
шарықтайтындардың құрметіне мені жыныстық сезімге тұтқын 
болудан, нəпсіге ерік беріп, шайтанның жетегіне жүруден жəне 
бұл  дүниенің  қызықтары  мен  ойын-сауықтарына  ден  қойып, 
қапыда жүруден сақтай гөр.
Нақыл баяны: Хасан Басри Рахматулла бір жаназаға ілесіп 
мазаратқа барды. Мəйітті жерлеп болғаннан кейін, шетке ба рып 
отырды  да  қиял  кешті.  Содан  көңілінің  айнасында  Фараздақ 
деген адамның елесі көрінді. Ол өзінің пасық жəне күнə сөздерді 
көп  айтатындығымен  танымал  болған  əйгілі  ақын  еді.  Ол  жы-
рақтан  (қашық  жерден)  көрінді  жəне  ағыла  түсіп  жылап  тұр. 
Хасан Басри Рахматулла оның неліктен жылап тұрғандығының 
себебін сұраған еді, ол: «Ей, Имам! Өзімнің мүшкіл қаліме өкініп 
жылап тұрмын. Барлық халық мені көргенде: «Нендей оңбаған 
мінезді адам» деп жек көреді. Ал сені көргенде: «Нендей көр-
кем мінезді адам» деп мақтаумен болады. Егер, Хақ Тағала ның 
да  мəмілесі  халықтың  мəмілесі  сияқты  болатын  болса,  онда 

76
қалімнің (жағдайымның) қара (қиын) болғаны ғой» деді. Имам 
одан: «Ей, Фараздақ! Сүйенетіндей жақсы амалың бар ма, соған 
сүйеніп жақсылық үміт ететіндей» деп сұрады. Ол: «Сүйенетін 
үш  нəрсем  бар,  солардан  үміт  қылсам  болатындай.  Бірінші – 
жетпіс  жыл  Исламда  болдым;  екінші – Алланы  бір,  жеке-дара 
деп  білемін;  Үшінші – күнəһар  екендігімді  мойындаймын» 
деді.  Осы  оқиғадан  кейін  Фараздақ  бұл  пəниден  ақырет  үйіне 
көшті.  Оның  жағдайы  туралы  Хасан  Басри  Рахматуллаға  бір 
аян көрінді, онда Фараздақ жұмақ бауларының ішінде жадырап, 
жайнап серуендеп жүр. Хасан Басри оған: «Ей, Фараздақ! Хақ 
Тағала  неліктен  сені  бұл  дəрежеге  жеткізді?»  деп  сұраған  еді, 
ол: «Ей,  Имам!  Менің  жетпіс  жылдық  таухидымның  (таухид 
калимасын  айтқанымның)  шарапатынан  менің  күнəларымды 
кешіріп, Өз жарылқауына ие етті» деп жауап айтты. 
Тəңірім! Адам (а.с.) атаны əлі ешқандай қызмет көрсетпеген кез-
дің өзінде-ақ оны халифалық (жер бетіне иелік етуші) дə режесіне 
көтердің. Сондай-ақ біздер де əлі ешбір нəрсені ат қармай тұрып-ақ, 
біздерге керемет тəжін кидірдің. Ендеше, біз ден мейірімшілігіңді 
үзбе жəне біздей əлсіздерді жарылқап, қолдаушы бол. 
Тəңірім! Құлдарыңның бұл пəниде төрт істейтін амалдары бар. 
Олардың екеуі жарамсыз, ал екеуі жарамды болмысқа ие. Ол екі 
жарамсыздың бірі – күпір, екіншісі – күнə істер.  Оның біріншісі 
екіншіге қарағанда үзілді-кесілді түрде жарамсыз, сондықтан ол  
ақыретте  де  жарамсыздығын  жоймайды  (яғни  күпірге  кешірім 
берілмейді). Ал енді, жарамды келетін амалдардың бірі – иман, 
екіншісі – тағат.  Бұлардың  да  біріншісі  екіншісіне  қараған-
да ерекше түрде жарамды келеді, сондықтан ол да ақырет күні 
өзінің  жарамдылығын  жоймайды  (яғни  жұмаққа  кіру  үшін  ең 
негізгі шарт – иман, онысыз пенде жұмаққа кіргізілмейді).
Тəңірім! Ол екі жарамсыз амалдардың жарамсыздауы күпір 
екен, біз одан беземіз. Ал енді, ол екі жарамды амалдардың аса 
жарамдысы иман екен, біз оған жан-тəнімізбен жұмыламыз. Осы 
иманымыз  құрметіне  күнəларымызды  жарылқап,  тағатымыз-
дағы кемшіліктерімізді қабылдай гөр. 
ОНЫНШЫ МІНƏЖАТ 
«Сахих  Бұхари»  жəне  «Сахих  Мүслим»  кітаптарында  Əнəс 
бин Малик риуаят етілген: «Қала: Кана Расулуллаһи саллалаһү 

77
алайһи уасаллам йақул: «Аллаүмма инни аузубика минал-ъажзи 
уал-касали  уал-жүбни  уал-һарами  уал-бұхли  уа  аузубика  мин  
азабил-қабри уа аузубика мин фитнатил-махйа уал-мəмат» уа 
фи  риуаяти  «уа  залаъид-дин  уа  ғалабатир-рижал»,  яғни  «Ең 
алдыңғылардан  тартып,  ең  соңғыларға  дейін  келіп-кететіндер-
дің  мырзасы,  сондай-ақ  əлем  Раббысының  Хабибі  (сүйіктісі) 
(с.ғ.с.)  үнемі  мынадай  деп  айтатын: «Йə,  Аллам,  мені  кемшіл, 
əлсіз болудан, ауыру-сырқаттан, қорқақтықтан, кəрілікте жатып 
қа лудан, соңғы демдегі таяп келген өлімнің фитнасынан (иман-
нан айырылып қалудан), қабір азабынан сақтауыңды тілеп Өзіңе 
сыйынамын!». Тағы басқа бір риуаятта: «Сүр (қияметтен хабар 
беруші дабыл аспабы) тартылған кездегі ауыр жағдайдан жəне 
халықты  кедей,  нашар  қалге  ұшырауынан  сақтауыңды  тілеп, 
Өзіңе сыйынамын!» делінген. Тəңірім! Осы жағдайдың бəрінен 
біздерді Өзің сақта деп сыйынамыз! 
Мінəжат:  Ей,  Қадір  жəне  əр  нəрсеге  құдіреті  жетуші,  есі-
туші,  көруші,  теңдесі  жоқ  Сұлтан,  уəзірді  қажет  етпейтін  қа-
һарлы Патша! Сенің өктемдігің мен үстемдігің Мұса (а.с.)-ның 
тусындағы  Ферғауын  сияқты:  «Инна  раббүкүмүл-əъла»,  яғни 
«Мен сендердің ұлық раббыларыңмын» деп мақтанып, күпірлік 
жасаған  соқырларды  азап  дариясына  батырып  жіберді.  Сенің 
алпауыт  күш-қуатың  мен  қаһарың  қаншама  Қарунды  қаһарлы 
азаптың қойнауына тастады. Егер, Сенің айбындылық құдіретің 
көрініс  беретін  болса,  барлық  қателік  жəне  кемістікпен  жа-
салған тағат пен ғибадаттар жойылады. Егер, мейірімділік жаң-
бырыңды  жаудырып,  ихсаныңның  жылы  самалын  естіретін 
бол саң,  нешеме  мыңдаған  жолдан  адасқан  күнəһарлардың  қа-
сарысуы  жойылып,  келмеске  кетеді.  Илаһым,  махаббатыңды 
іздеп  табушылар  өздерінің  тəн-жанының  сарайын  ғашықтық 
зауқымен қуанышқа толтырады. Олардың құрметіне жəне сон-
дай құлшылық етушілер өздерінің жүздерін үзлəттің топырағы-
на  қойып,  ғашықтық  жолына  садақа  етеді.  Солардың  құрметі-
не  жы ныстық  сезімдерге  ерік  беріп,  күнə  тұңғиығында  батқан 
дерт тілерге һидаятыңның нұрын сыйлап, тура жолға сала гөр! 
Мақсатсыздық  сахарасында  адасып,  руханият  бұлағын  таппай 
жүріп  шөлдеген  бейшараларға  руханият  суын  беріп,  шөлдерін 
қандыра гөр!
Йə, Раббым! Егер пендеңе жаза беремін десең, үкім шығару 
Сенің  қалауыңда.  Егер  өзіңнің  кеңшілігіңмен,  жомарттығың-

78
мен  күнəларын  кешіріп,  жауып  тастаймын  десең  де  ықтияр 
Сенің  өз  еркіңде.  Ендеше,  бойұсынушы  ізгіні  де,  қасарысқан 
кү нəһарды да, дананы да, қатеге шалдыққан наданды да Өз ра-
қымшылдығыңмен жарылқай гөр!
ОН БІРІНШІ МІНƏЖАТ
«Сахих Бұхари» жəне «Сахих Мүслим» кітаптарында Абдұл-
лаһ бин Ұмар мен Ибн Əл-ъастан былай деп риуаят етілген: «Ан 
Əби Бəкр разиАллаү Тағала анһүм, əннаһү қала лиРасулуллаһи 
саллАллаү алайһи уасаллам аллимни дұъаи үдъу биһи фи салати, 
қала: «Құл,  Аллаүмма  инни  заламтү  нафси  зүлман  касиран  уа 
ла  йағфирүз-зүнуба  илла  анта,  фағфирли  мағфиратан  мин 
индик  уархамни,  иннака  антал-ғафурүр-рахим»,  яғни  «Əзіреті 
Əбу Бəкір Сыддық əлемнің мақтанышы болған Адам (а.с.) ата-
дан  тараған  күллі  адамзат  баласының  мырзасы  Əзіреті  Пай-
ғамбарымыз  Мұхаммед  Мұстафа  (с.ғ.с.)-ға  былай  деп  өтініш 
айтты: «Йə, Расулалла, маған бір дұға үйретсеңіз екен, онымен 
намаздарымда  дұға  етейін».  Сонда  Расулуллаһи  (с.ғ.с.)  оған 
мына дұғаны үйретті, яғни: «Йə, Аллам, расында мен өз нəпсіме 
көптеп зұлымдық жасадым, ендеше күнəларды Сенен өзге ешкім 
кешіріп,  жарылқай  алмайды.  Өз  жомарттық  қазыналарыңның 
көркем  сыйлығынан  мені  жарылқа,  сөйтіп  рақымшылдығыңа 
ал.  Расында  шын  мəніндегі  жарылқаушы  да,  рақымшылдық 
етуші де жалғыз Сен – Өзің! 
Ғұламаларымыз рахимаһүмүлла (оларға Алла рақымшыл дық 
еткей) былай фəтуə (пəтуа) берген: «Бұл дұғаны намаздарда оқу 
үшін əмір берілді. Дегенмен оны барлық кезде, түрлі орындар да 
оқуға болады, əрі аса сауапты саналады.
Мінəжат: Ей, қараңғылық пен нұрды (жарықты) Жаратушы, 
жалпы  қыбырлаған  жанды  мен  жансыздың  бəрін  сыйлаушы 
жəне  олардың  суретін  салушы,  пенде  рухын  нұрландырушы, 
сон дай-ақ  мейірімділік  пен  рақымшылықтың  қайнар  көзі,  əрі 
жарылқаудың  иесі  болып  табылатын  Патшасы!  Сенің  жұм-
сақ  мейіріміңнің  бір  ғана  тамшысы  күллі  əлемді  бай  етеді. 
Се нің  шексіз  құдіретіңнің  бір  көрінісі – небəрі  бір  тамшы  су-
дан  адам  суретін  жасайсың.  Сен  мына  аятта  айтылғандай: 

79
«ФатабаракАллаү  ахсанүл-халиқин»
40
,  яғни  «Сосын,  бұл  там-
шы судан қою (ұйыған) қан жасадық, Ұйыған қанды кесек етке 
айналдырдық,  бір  бөлек  еттен  сүйекті  жаратып,  ол  сүйектерге 
ет қаптадық. Сосын, (оған жан беріп, бұрынғы көрінісінен бү-
кілдей) басқа бір денені пайда еттік. (Бұны жаратқан) Берекелі 
Ұлы Алла – жаратушылардың ең көркемі!». 
Ең үздік ақыл иелері де Сенің затың мен сипаттарыңның қыр-
сырларын түсінуге ой-өрістері жетпей, аң-таң жəне ең үздік дана-
ойшылдар да ғажап істеріңнің қолжетпес күрделілігінің шегіне 
жете алмай, ойшылдық аспанында əуреленіп жүр. Саған жақын 
болған періштелердің өздері де «Ма абаднака хаққа ибадатик», 
яғни  «Біз  Саған  шын  мəнінде  құлшылық  ететіндей  дəрежеде 
құлшылық ете алмадық» деген кəлиманы айтып, өздерінің əлсіз 
екендіктерін мойындайды. Үмбетіңнің ең ұлық ғұламалары да, 
мағрифаттың арнайы дəрежелеріне жеткен саңлақ ұстаздар да: 
«Ма арафнака хаққа мағрифатак», яғни «Біз Саған шын мəнінде 
тануымыз қажет болған дəрежеде тануға қол жеткізе алмадық» 
деген сөздерді айтып, өздерінің əлсіз екендіктерін мойындады.
Тəңірім!  Сен  ешқашан  жоқ  болмайтын  бақисың!  Сенің  ма-
хаб батыңның  шарабының  ғашықтық  қызуынан  мас  болған  ға-
шықтар  құрметіне  жəне  үзірлік  дəрежесінде  тұрып  Мансур 
сияқты  ғашықтығын  паш  еткен  ынтықтардың  сый-құрметіне 
біздерді жарылқа!
Нақыл баяны: Шайық Жанид былай деді: «Егер қиямет күні 
маған: «Алла Тағаланың көркем дидарын көру үшін көзіңді аш» 
деп айтылса, мен көзімді ашпаймын, өйткені ол жағдайда көзім 
мені  мен  досымның  ортасында  байланыстырушы  септік-дəне-
кер болады. Көзімнің септігімен дүниені көрдім, бірақ досымды 
онысыз, септіксіз көрдім. Міне, бұл күні де досымның дидарын 
ешбір мүшенің септігінсіз, дəнекерлігінсіз көремін».
Тəңірім! Міне, осындай əзіздердің (сыйлы əулие) құрметіне 
біздердің  тəубемізді  қабыл  етіп,  құлшылықтарымызға  сəттілік 
бер, түрлі бəле, апаттардан сақта! 
Кейбір  «Хикмет»  кітаптарында  айтылуынша  «Ла  илаһа  ил-
лалла мұхаммадүр расулулла» кəлимасы өзінде жеті бірдей кə-
лиманы қамтыған, яғни мұнда жеті хикмет бар. Олар пенденің 
жеті қатерінен тұрады: Бірінші – өлім қатері, яғни жаны үзілер де 
40
 «Мүминун» сүресі 14-аят.

80
иманмен үзіле ме, əлде күпірмен кете ме?! Екінші – қабір қатері, 
яғни қабірге түскен сəтінде қабірі жарық бола ма, əлде қараңғы 
ма? Үшінші – қабірдегі сұрақ-жауап үшін келген періштелердің 
сұрақтарына  берген  жауаптары  сауапты  болып,  қабірі  Нұрлы 
болады  ма,  əлде  сұрақ-жауапта  қателесіп,  ісі  насырға  шауып, 
қабірі қараңғы бола ма?! Төртінші – ақырет күніндегі «Махшар» 
майданындағы  жалпы  жиналыс  қатері,  яғни  қайта  тіріліп, 
қабірден шығарда жүзі ақ болып шығады ма, əлде қара болып 
шығады ма?! Бесінші – есеп кітап қатері, яғни есеп кітабы оңай-
лықпен  жеңіл  өте  ме,  əлде  қиындыққа  соғып  ауыр  тие  ме?! 
Алтыншы – таразы қатері, яғни амалдарын ақырет таразысына 
салып  тартылғанда  жақсылықтары  (сауаптары)  артық  па,  əлде 
жамандығы (күнəлары) артық келе ме?! Жетінші – жол қатері, 
яғни  есеп  кітаптан,  таразыдан  кейін  жұмақтың  жолына  қарай 
бағыттала ма, əлде тозақ жолына қарай бағыттала ма?!
Тəңірім! Ендеше осы «Таухид» кəлимасының құрметіне бұл 
бейшара құлыңды аталған жеті қатерден сақтай гөр! Раббымыз, 
бұл  кəлиманы  айтуды  біздерге  нəсіп  ет!  Сонда  жан  алу  үшін 
келген  періште  бізге  соңғы  демімізде  иманның  қуанышты  ха-
барын  айтып:  «Алла  тахафу  уа  ла  тахзану»
41
,  яғни  «Қорықпа 
жəне қамықпа» деп мейірімді күйде келер, сосын қабірде «Фа-
раухүн уа райханүн уа жаннатү наъим», яғни «Ал егер, ол кісі 
Аллаға  жақындардан  болса, (оның  үшін)  рахат,  райхан  (иісі) 
жəне нығмет толы жұмақ бар» делінгендей, мамыражай қабір-
ге сұрақтау үшін Мүкар уа Нəкир (а.с.) кіріп келгенде, Тəңі рім 
өзіңнің  «Йасбитүллаһил-лазина  аману  бил-қаулис-сабит»
42
, 
яғни «Алла иман келтіргендерді дүние өмірінде де, ақыретте де 
мық ты сөзбен табанды етеді» деген үкіміңмен сұрақ-жауабымды 
жеңіл  ет!  Содан,  «Ла  хауфү  алайһимүл-йаума»,  яғни  «Бүгін 
оларға  ешқандай  қауіп  жоқ»  деген  бұйрығыңды  құлағымызға 
жеткізіп, барлық есептерді жеңіл қабылдап, таразыдағы сауап-
тарымызды  ауыр  (артық)  қыл.  Сосын  Сират  көпірінен  желдей 
жеңіл  өткізіп,  мына  аятта  айтылғандай:  «Уа  лакүм  фиһа  ма 
таштаһи  анфүсакүм»
43
,  яғни  «Сендерге  онда  (жұмақтарда) 
кө ңілдерің  көксеген  (тілеген)  нəрселер  бар»  деген  мейіріміңді 
бізге  жеткізе  гөр!  Сөйтіп,  біздерге  еркіндік,  ризашылық 
41
 «Фүссилат» сүресі 30-аят. 
42
 
«Ибраһим» сүресі 27-аят.
43
 «Фүссилат» сүресі 31-аят.

81
жəне  жігіттік  өмір  нəсіп  етіп,  жұмақтардың  қақпаларындағы 
сақшы  періштелердің:  «Саламүн  алайкүм  тибтүм  фадхұлуһа 
халидин»
44
, яғни «Сендерге сəлемдер болғай, (жұмаққа) қош кел-
діңдер, енді оған мəңгі қалатын қалде кіріңдер» деген қуаныш-
ты сəлемін есітуді нəсіп қыл.
ОН ЕКІНШІ МІНƏЖАТ
«Сахих  Бұхари»  жəне  «Сахих  Мүслим»  кітаптарында  Əбу 
Мұса  əл-Əшъари  былай  риуаят  етілген:  Анин-наби  саллалаһү 
Тағала  алайһи  уасаллам  «Əннаһү  кана  йадъу  биһазад-дүъа: 
«Аллаүммағфирли  хатиати  уа  жаһли  уа  исрафи  фи  үмри  уа 
ма анта аъламү биһи минни, Аллаүммағфирли жадди уа һазли 
уа хатаи уа амади уа күллү залика ъинди. Аллаүммағфирли ма 
қаддамтү уа ма аххартү уа ма асрартү уа ма аълантү уа ма 
анта  аъламү  биһи  минни,  антал  мүқаддим  уа  антал-мүаххир 
уа анта ала күлли шайин қадир» яғни, барша пайғамбарлардың 
қуаныш, мақтанышы, барлық тақуалардың көзінің нұры Əзіреті 
Мұхаммед  Мұстафа  (с.ғ.с.)  мына  бір  дұғамен  дұға  ететін.  Бұл 
үмбетіне  үйреткен  дұғаларының  ең  ұлықтарынан  саналады. 
Оны үнемі айтып жүру аса сауапты да, қажетті. Оның мағынасы: 
«Йə, Аллам, менің қателерім мен надандығымды жəне өмірімде 
жол  қойған  ысырапшылдығымды  жарылқа!  Сен  оларды  менің 
өзімнен жақсы білесің, сол кемшіліктерімді кешір. Аллам, же-
ңілтектік салдарынан орын алған кіршікті кемшіліктерімді, қа-
телікпен  де,  қасақана  да  істеген  күнəларымды  жарылқа,  оның 
барлығы  менің  жамандығымнан.  Аллам,  бұрын  өткен,  ке-
лешекте орын алатын, тағы да жасырын түрде, немесе əшкере 
түрде жасаған күнəларымды кешір, оны Сен менен гөрі жақсы 
білесің.  Негізінде,  ең  алдыңғы  да,  соңғы  да – Сенсің.  Сен  əр 
нəрсеге қадырсың». Міне, бұл дұғаны таңертең де, кеш батқанда 
да, тіпті басқа кездерде де оқу əрі қажет, əрі сауапты саналады.
Мінəжат: «Ей, барлық сырлар мен құпияларды анық білу-
ші, барлық нəрсені ешбір құралсыз анық көруші, мұқтаждардың 
тілек,  арыздарын  тыңдаушы  Патша!  Мүлдем  жоқтан  бар  етіп, 
бұл  əлемнің  барлығын  жеке  өзі  жаратқан  шексіз  құдірет  Иесі 
44
 «Əз-зүмар» сүресі 73-аят.

82
жəне нешеме адасқандарды тура жолға салған теңдесі жоқ Дана, 
Сенің қақпаң бөгдеге де, дос-жаранға да ашық. Сен залымдардан 
зұлымдыққа  ұшыратылғандардың  ақыларын  өндіріп  беретін 
əділ Тəңірсің. Сенің ілімің барша сырларды ашушы, ал кешірім 
беруші жомарттығың күнəһарлардың жарақаттарына ем-дəрмек. 
Тəңірім! Сауап жолында тура жолды тапқан əділ де, ақиқат-
шыл жандардың құрметіне, өздеріне пақырлықты ұлық дəре же 
санаған,  бастарына  сан  түрлі  пəлекет  жауған  кезінде  қа мықса 
да,  Алланың  мейірімінен  күдер  үзбей,  табанды  болған  кү ре-
суші  жандардың  сый-құрметіне  біздердің  саналарымыз  бен 
бол мысымызды мағрифатың нұрымен жарық ет, көңілдерімізді 
керемет сыйлығымен жеңісті қыл.
Тəңірім! Егер бізден есеп алатын болсаң, онда біздің халіміз 
(жағдайымыздың  нашар  екендігі)  мəлім.  Сондықтан  мұндай 
қиын есепті бізге көлденең етпей, мейірімділігіңмен жеңіл мə-
мілеңе ал. 
Тəңірім, жомарттардың əдеті сондай, олар кедейлер мен мұқ-
таждарға,  қарыздар  болып  қалғандарға  өздері  жиналған  мə жі-
лістерде  садақалар  беріп,  көмектер  көрсетеді.  Ал  Сен  болсаң 
барша  жомарттардың  ең  жомарты – Ұлық  Тəңірсің,  ендеше 
біз кедейлер мен мұқтаждарды рақымшылдығыңнан құры қал-
дырма.
Нақыл баяны: Күндердің бірінде ескі, жұпыны киім киген бір 
кедей  патшаның  қабылдауына  барады.  Патша  ол  дəруішті  кө-
ріп, ызаланды. Сарай ұлығынан бірі: «Ей, дəруіш, сен патша ның 
қабылдауына  мұндай  киімдермен  келу  айып  іс  болатындығын 
білмес пе едің?» – деп кейіді. Оның сөзін тыңдаған дəруіш: «Ескі 
киіммен патша қабылдауына келу айып емес, тек патшалардың 
қабылдауынан ескі-түскі киімдермен қайту айып саналады» деп 
жауап айтты. Оның бұл дана сөзі патшаға қош келіп (ұнап), көп 
сыйлықпен шығарып салды. 
Раббым! Біз кедейлерді де өз құзырыңнан жалаңаш шығарма, 
қиямет күні пайғамбарлар мен əулиелер көркем киімдер киіне-
тін кезде біздерді де Хабибіңнің құрметіне құры тастама!

83

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал