МАҒарижун нүБҮууа мұхаммедтің пайғамбарлық ДƏлелдері



жүктеу 3.01 Kb.

бет6/20
Дата08.06.2017
өлшемі3.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ҮШІНШІ МІНƏЖАТ
«Сүнəн  Тирмизи»  жəне  «Сүнəн  Ибн  Мажа»  кітаптарында 
Əбу  Һүрайра  (р.а.)  былай  риуаят  еткен:  Қала  Расулуллаһи 
(с.ғ.с.):  «Инна  шайьүн  акрамү  алАллаи  таъала  минад-дүъа», 
яғни  Əзіреті  Пайғамбар  (с.ғ.с)  былай  деді: «Хақ  Тағалаға 
дұ ғадан  да  сыйлырақ  нəрсе  жоқ».  Ендеше,  əрбір  дұға  мен 
35
 
«Йасин» сүресі 59-аят.

62
тіленуіміз  Хақ  Тағалаға  құлшылық  етерімізде  Оның  ризасына 
бөленетіндігіміздің белгісі. 
Мінəжат: Ей, пенденің əрқандай күмəндарынан пəк Патша, 
жаратылысқа  тəн  əрекет  пен  əрекетсіз  тұру  сияқты  құбы лыс-
тарды  қажет  етпейтін  Алла,  Сенің  затың    тараптар  мен  ті-
реуіштерден аман (қажет етпейді), сипаттарың ақаулықтар мен 
кемістіктерден сау – жоғары! Ізгілердің тəнін күнəлардың əсе-
рінен таза еткен Сенсің! Ізгі жүректерді дүниенің қызығы мен 
əшекейлеріне  ден  қоюдан  сақтаған  Сенсің!  Зікір  айтушылар-
дың жүректері Сенің зікіріңмен көңіл жайлылық аясына енеді, 
мына аятта баяндалғанындай: «Əла бизикриллаһи татмаьиннал 
құлуб»
36
яғни «Олар – иман келтірген жəне жүрегі Алланы зікір 
етумен көңіліне жайлық табатындар. Ендеше, Алланы зікір ету-
мен  жүректер  көңіл  жайлық  табады».  Сондай-ақ  арифтардың 
жүректері Сенің мағрифатыңмен кеңшілік табады. Мына хадис 
құдисте (Хадистер екі түрге бөлінеді. Құдси хадистер; Набауи 
хадистер) айтылғандай: «Уа лакин уасиъани қалбү абди», яғни 
Алла айтады: «Мені жаратқан жерім де, аспан да сыйдыра ал-
майды, тек пендемнің жүрегі сыйдырады». 
Тəңірім! Сенің ғашықтығыңның отында жанатын жүректер-
дің құрметіне, махаббат ыдысындағы шарапты сіміріп, нұр шуақ-
татушы дидарыңнан нұрланған жүректердің құрметіне, түндері 
қапылық  ұйқысына  алдырмай  «аһ»  ұрып,  Сенің  дидарыңа  ын-
тық  болып  сағынғандардың  құрметіне  бұл  адасушылық  толы 
күнəлар алқабында жүрген біздерді ақырзаманның азаптарынан 
сақтап, надандық тұңғиығынан, нəпсі азғындығынан, шайтанның 
азғыруынан сақта, Өзіңнің көмегіңмен біздерге сəттілікті серік 
ет, сөйтіп дидарыңа жеткізетін амалдарды біздерге баяндап бер. 
Біздің қасарысуымыз Сенің өктемдігіңе зиян жеткізе алмай ды, 
біздің бойұсынуымыздан бейқажет Патшасың! Күнəларымыз ды 
ғапу етіп, қатеміз бен кемшілімізден туындаған амалдарымыз-
ды  дұрыс  ретінде  қабыл  ет.  Соңғы  демімізде  бізді  қиындыққа 
салмай, аманшылығыңа ала гөр. 
Нақыл  баяны:  Пайғамбарлар  тарихында  баяндалғанындай, 
Шұғайб  (а.с.)  өзінің  қойларын  бағуға  қойшы  ретінде  Мұсаны 
(а.с.)  келімшарт  жасап,  жалға  алды.  Сонда  Мұса  (а.с.)-ға  қой-
ларын игеру үшін таяқ (асатаяқ) қажет болды. Əзіреті Шұғайб 
36
 
«Раьд» сүресі 28-аят.

63
(а.с.)-ның бөлмесінде көптеген таяқтар бар болатын, солардың 
қатарында  Адам  (а.с.)  пейіштен  келтірген,  есімі  «Рабида»  деп 
аталатын  бір  таяқ  бар.  Ол  бірнеше  пайғамбарлар  арқылы  Шұ-
ғайб (а.с.)-ға мұра болған еді. Сондықтан, Əзіреті Шұғайб (а.с.) 
ол таяқты ешкімге ұстатпай, аса күтіп сақтайтын.  
Мұса (а.с.)-ға таяқ қажет болған соң, таяқ алып шығу үшін оны 
əлгі бөлмеге жіберді. Мұса (а.с.) бөлмеге кірді, қараса бірнеше 
таяқ  бар.  Қайсыбірін  таңдасам  екен  деген  ой  қиялына  келген 
сəтте Адам (а.с.) жұмақтан келтірген əлгі «Рабида» деген таяқ 
адамзат тілінде анық түрде: «Хұзни йа Мұса фаинна лака», яғни 
«Ей,  Мұса,  мені  ал,  мен  сен  үшін  арналғанмын»  деді.  Əзіреті 
Мұса  (а.с.)  ол  таяқты  алып,  Əзіреті  Шүғайб  (а.с.)-ның  алдына 
келді.  Оның  таңдаған  таяғын  көрген  Шұғайб  (а.с.): «Ей,  Мұса 
(а.с.),  бұл  таяқтың  қасиеті  өте  ұлық,  ол  Əзіреті  Калимұллаға 
арналған.  Оны  орнына  апарып  қой,  басқа  таяқты  таңда»  деді. 
Мұса (а.с.) таяқты өз орнына апарып қойды да, басқа бір таяқты 
алуға  ұмтылған  еді.  Əлгі  таяқ  қайтадан: «Мені  ал»  деп  айқай 
салды.  Мұса  (а.с.)  амалсыздан  таяқты  қайта  алып,  Əзіреті 
Шұғайб (а.с.)-ның алдына келді. Ол тағы да кері қайтарды. Осы 
жағдай  төрт  рет  қайталанды.  Соңында  Мұса  (а.с.)  жағдайды 
түсіндіріп: «Бұл  таяқ  «Мені  ал,  мен  саған  арналғанмын»  деп 
айқай салуда» деді. Сонда Шұғайб (а.с.) аң-таң болды, өйткені 
оның қойшылыққа жалға алған адамы Калимұлла екендігін ол 
білмеген еді. 
Бұл  жағдайдың  хикметін  көрсету  үшін  Алла  бір  періштені 
жіберді.  Ол  келді  де,  таяқты  алып  жерге  төрт  елідей  қадап 
қойды. Содан:  «Міне, қайсыбірің мұны жерден суырып алсаң, 
ол сонікі болсын» деді. Алдымен Шұғайб (а.с.) кірісіп, бар кү-
шімен  таяқты  жерден  суырып  алуға  əрекеттенді,  бірақ  шама-
сы келмеді. Сосын Мұса (а.с.)-ның кезегі келді. Ол таяқты еш 
қиындықсыз  жерден  суырып  алды,  сөйтіп  оның  Калимұлла 
екен дігі аян болды.
Ендеше, бұл оқиғада екі үміт бар: Бірінші үміт – ол таяқ Мұса 
(а.с.)-ға  «Мені  ал,  мен  саған  арналғанмын»  деп  өзара  байла-
ныс,  қатыстылық  бар  екендігін  аңғарты.  Сонда  Шұғайб  (а.с.) 
бұл  қатыстылықты  қателік  деп  қабылдамақшы  болды,  бірақ 
қабыл  болмады.  Əзіреті  Хақ  Тағала  Құранда  «Сендер  Менің 
пенделерім,  əрі  достарым,  ал  Мен  сендердің  Раббыңмын»  деп 
үкім берген. Бірінші үміт – шайтан. Ол қатыстылық пен байла-

64
нысты қырқып, үзіп тастауға əрекеттенді. Екінші үміт – келген 
періште. Ол таяқты жерге сұғып, оқиғаның хикметін паш етті, 
яғни  Шұғайб  (а.с.)-дай  ұлық  пайғамбар  оны  жерден  суы рып 
алуға  шамасы  келмеді.  Сол  сияқты  иман  ағашын  құдіретті 
Алла жүрегіміздің қойнауына, яғни мүминдердің жандарының 
қорғанының ішіне тігеді. Өзінің көмек суымен суғарып, һидая-
тының  (дұрыс  жолға  бағыттау)  Нұрымен  тəрбие  етеді.  Содан 
тамырлары жер қойнауына терең орнығып, бұтақтары биік көке 
бой созады. Сонда ол оңбаған, лағынеттелген шайтан оған жол 
тауып шығуға əрекеттенеді. 
Тəңірім!  Ол  лағынетінің  оған  жол  табуына  мұрша  берме, 
əйтпесе  біздің  жүректеріміздегі  иман  көшеттерін  таптап,  біз-
дерді мағрифат нығметінен жұрдай етеді.  
ТӨРТІНШІ МІНƏЖАТ
«Сүнəн  Тирмизи»  кітабында  Əбу  Һүрайра  разиАллау  анһу-
ден риуаят етілген: Қала: Қала Расулуллаһи саллАллаү алайһи 
уасаллама: «Ман сарраһү ан йастажибАллаү Тағала анһү ъин-
даш-шадаиди уал-карби фал-йүксирид-дүъа фир-рахаьи», яғни 
Əзіреті (с.ғ.с.) былай деді: «Кімде-кім қиыншылық төнген кез-
дегі  жалбарына  тілегін  дұғасын  Хақ  Тағала  қабыл  етуі  үшін, 
ол өзінің күнделікті өмірінде көбірек жалбарынып дұға етсін». 
Яғни жайбарақат күнінде дұғаларды көп айтудың шарапаты нан 
жақындық бой көрсетіп, Алла Тағала мейіріміне жақындай ды. 
Сол себепті пенденің қиыншылық кезіндегі дұғасын Хақ Тағала 
қабыл етеді.  
Мінəжат: Ей, жомарт Сұлтан, тағзым ету уəжіп болған Рах-
ман! Сенің шарапатты ризалығың – оны іздеушілердің дəулеті 
мен  дидарыңа  жетуге  ұмтылғандардың  күш-қуаты.  Сенің 
жомарттығың мен сыйлайтын нығметтеріңнің шекара, шегі жоқ, 
сан түрлі нығметтерің ешқашан таусылмайды. Сен пенделеріңе 
екі септік бердің, оның бірі – есіту, екіншісі – көру. Пенделерің 
бірінші  септік  көмегімен  əлемнің  сырларын  есітіп  байқайды. 
Ал екінші септікте пенделеріңе екі шырақ еттің, бірін күн, бірін 
ай  деуге  болатындай.  Пенделерің  олармен  жаратқан  əлеміңді 
көру арқылы Сенің құдіретіңді танып, біледі. Тəңірім, бұл сар-
дарлар – олар  ішкі  дүниелерінің  көзін  өзгелерден  жасырады, 

65
солардың  құрметіне  осы  бұлбұлдар,  олардың  тілдері  мадақ 
пен  шүкіршілік  айту  гүлістанында  зауықтана  сайрайтындар – 
солардың құрметіне біздерді əр сəтте орын алатын қапылықтан 
ескертулер жасау арқылы сақтап, əрбір қадамымызды Əзіреті-
нің  тарапына  қарай  икемдеп,  қиыншылықтарымызды  жеңіл 
етіп, Өзіңе тағат етуімізде сəттілік бер. Дұрыс тіршілік жолында 
жүргендерге біз пақырларды жолдас, серік ет. Күнəларымыз бен 
қателігімізді көз жасымыздың сыйы үшін кетіре гөр. Жүрегіміз-
ді шаң-тозаңнан, түрлі қоқыстардан тазартып, ажарландыра гөр. 
Біздерді болымсыз, босаң пікірлерден қашық, қалыс, ықыласты 
ет.  Санамызға  аян  беру  арқылы  келте  пайымымызға  ақиқатты 
түсінуді  нəсіп  ет.  Ынтық  жүрегімізге  Өзіңнің  махаббатыңның 
көркем ғашықтығын жақын ет. 
Тəңірім! Күнəларымыздың көп екендігі аян, сонда да тіліміз 
«Ла илаһа иллалла мұхаммадүр Расулулла» кəлимасын айтудан 
жалықпайды, осы көркем кəлиманы айтуымыздың шарапатынан 
күнə істерімізді кешіре гөр. 
Нақыл  баяны:  Фиқһ  (шариғат  ілімі)  ғұламаларының  кейбі-
рінен нақыл етіледі: Бір ер өзінің əйеліне: «Егер үйден сыртқа 
шықсаң,  онда  саған  талақ  түседі»  деп  шарт  қойыпты.  Содан 
күндердің  күнінде  əйелі  ұмытып,  сыртқа  шықпақ  болады.  Бір 
аяғын есіктен шығарған сəтте ерінің шарты есіне түсіп, аяғын 
қайтып ішке кіргізеді. Талақ түсе ме? Ғұламалар былай шешім 
айтады: «Егер əйел есіне түскен сəтте, оның дене салмағы іш-
керідегі  аяғына  сүйеніп  тұрған  болса,  онда  талақ  түспейді. 
Ал  егер,  дене  салмағы  тысқа  қойған  аяғына  түскен  (сүйенген, 
таянған) болса, ондай жағдайда талақ түседі. Сол сияқты, пен-
денің  амалы  мен  иманы  бар.  Пенде  иманына  көбірек  сүйенеді 
(яғни, Аллаға нық сенеді, Мұхаммед (с.ғ.с.)-ды Хақ пайғамбар 
деп  мойындайды,  өзін  нағыз  мұсылман  деп  біледі).  Тəңірім, 
иманымыз  құрметіне  күнəмызды  кешір,  рақымшылдығыңның 
кеңшілігінен үмітімізді үзбе. 
Нақыл  баяны:  Əзіреті  имам  Хұсайн («разиАллаү  анһү», 
Аллаһ одан разы болғай) бір күні бір жігітті көрді. Сол кез қиын-
дау  заман  болатын.  Əлгі  жігіт  асын  алдына  қойып,  тамақтана 
бастағаны  сол  еді,  кенеттен  қасына  бір  қаңғыған  аш  ит  келіп, 
тамағына  тамсана  қарайды.  Жігітте  бары  үш  күлше  бола тын. 
Бəрін итке берді. Ол жағдайды көрген Əзіреті имам Хұсайн: «Бар 
тағамыңды  итке  бердің,  сен  өзіңе  не  нəрсе  қалдырдың?»  деді. 

66
Ол жігіт: «Ей, дүние мен ақырет Сұлтанының көзінің қуаны шы! 
Білемін,  бұл  ит  алыстан  үміт  етіп  келді.  Оны  аш  қалдыратын 
болсам, жомарттық шартына сай келмейді» деп жауап қайырды. 
Тəңірім!  Бір  мақұлық  иттің  үміт  етіп  келгені  үшін,  өзі  аш-
тыққа сабыр етіп, бар асын оған берді. Біз бейшаралар да, Сенің 
жомарттығыңның үмітінде жоқтық сахарасынан дене көрінісіне 
келдік.  Сенің  күш-құдіретің  мен  жомарттығыңның  шекарасы,  
сон дай-ақ  рақымшылдық  теңізіңнің  шегі  жоқ.  Сондықтан  біз-
дерді мейіріміңнен үмітсіз етпе, соңғы деміміздегі үмітіміз – бей-
шара жанымызға «Əла тахофу уа ла тахзану», яғни «Қорықпа 
жəне қамықпа» деген кеңшілігіңді сыйлай гөр. 
Нақыл баяны: Ұлық əулиелердің бірінің күні жетіп, ақырет-
ке аттанатын сəттері жақындаған кезінде шəкірттері оған: «Ей, 
имам, бізге бір өсиет айтсаңыз екен, сізден кейін сол өсиетіңіз-
ге сай амал етсек» десті. Сонда шайық былай деді: «Осы күнге 
дейін  сендерге  қандай  білім  үйретіп,  қандай  уағыз,  насихат 
айтқан болсам, соның барлығы – өсиет. Соларды ұстанып, амал 
етіңдер. Енді мен бұл сəтте бір көркем бауда жүрмін, сондықтан 
мені өз хəліме қойыңдар» деді. Шəкірттер сұрады: «Ей, шайық, 
ауыр  сəт  (уақыт)  деген  не»?  Шайық  айтты: «Жетпіс  жылдан 
бері  бір  қақпаны  қағып  шақырамын,  міне  енді  жауап  келетін, 
сөйтіп  қақпа  ашылатын  уақыт  болды.  Бірақ,  қандай  жауап  ке-
ле тіндігін  де,  қақпа  қай  тарапымнан  ашылатындығын  да  біл-
меймін.  Мына  аятта  айтылғанындай:  «Ла  бүшра  йаумаизин 
ли мүжримин»,  яғни  «Бұл  күні  күнəһарларға  қуанышты  хабар 
болмайды»  деген  жауап  келе  ме,  əлде  мына  аяттағыдай:  «Əла 
тахофу уа ла тахзану», яғни «Қорықпаңдар жəне қамықпаң дар» 
деген  қуанышты  дауыс  келе  ме».  Тəңірім  бізден  күнəлар дың 
жүгін  көтер  (кетір),  Өзіңнің  жарылқауыңнан  құры  қалдырма. 
Ақырет күні есеп-қисап кезінде масқара етпе жəне дидарыңды 
көрсеткеніңнен кейін бізді кері қайтарылғандардан етпе. 
БЕСІНШІ МІНƏЖАТ
«Сахих Бұхари» жəне «Сахих Мүслим» кітаптарындағы мына 
бір  шарапатты  хадис  Əнас  бин  Малик  риуаят  етілген:  Қала: 
«Кана  əксарүд-дұъаи  Расулуллаһи  саллалаһү  алайһи  уасалла-
ма  «Аллаүмма  атина  фид-дүнйа  хасанатан  уа  фил-ахирати 

67
хасанатан уа қина азабан-нар», яғни əлемнің мақтанышы Əзі-
реті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның дұғасы мынадай еді: «Аллаүмма 
атина фид-дүня хасанатан уа фил-ахирати хасанатан уа қина 
азабан-нар», яғни «Йа, Алла, бізге бұл дүниенің де, ақыреттің 
де  жақсылығын  (игілігін)  бер,  ақырет  күні  тозақтан  сақта». 
Ендеше, мүмин адам əрбір дұға еткенінде, əсіресе түндері бұл 
дұғаны қосып айту қажет те, сауап болады. 
Мінəжат:  Ей,  жүректерге  Нұр  беруші,  көкіректегі  қамы-
ғып-қапалану түйінін шешуші, үміттің дəлел-белгісімен пенде-
лерінің көкірегіне жайшылық ұялатушы, Сен Өзіңнің үстемдік 
ұлығыңмен тірілік рухтарын қабз етесің (жанын суырып аласың). 
Жаһандағы  барлық  ғұламалар  ілімін  қосқандағы  жиынтығы 
Алла  Тағала  ілімі  теңізіне  салыстырып  қарағанда,  небəрі  бір 
тамшы сияқты. Барша əлемдегі бар заттың бəрін бірге қосқан-
дағы жиынтығы, Оның сыйлаушылық дариясына салыстырғанда 
нəбəрі бір тамшысындай да болмайды. Сенің нұрыңның небəрі 
мысқылы  бүкіл  əлемді,  онда  бар  заттың  барлығын  нұрланды-
рып жарық сыйлайды. Сен о баста жаратқан ашық нəрселеріңді 
де, құпия нəрселеріңді де, бəрін Өз күш-құдіретің мен ежелдік 
іліміңмен паш етіп шығардың. 
Ей, жомарт Патша! Сенің ұлықтығың мен ризалығыңа арзи-
тындай,  біздердің  риядан  (рия – ел  көрсінге  істеу),  мақтан-
шақтықтан  сау  іліміміз  де,  амалымыз  да  жоқ,  Сенің  риза лы-
ғыңды  табатын  сөздеріміз  де  жоқ.  Өмірді  бізге  жалға  бердің, 
енді  жүрегімізде  тозақ  қорқынышынан  өзге  нəрсе  жоқ.  Сен 
ешқашан  Ұлықтық  дəрежеңнен  түспейтін  жомартсың,  содан 
біздерге сыйлық етіп, иман Нұрын арнадың, қадірлісің! Өз жо-
марттығыңның  шексіз  аспанынан  рақымшылдық  жаңбырын 
біздің үстімізге нөсерлеткейсің!  
Нақыл баяны: Шибли (р.а.)-дің бұл пəнидегі күн-сағаты бітіп, 
ақыретке аттанды. Ол қайтыс болғанынан кейін бір əзіз (əулие) 
аян айнасында оны көрді, оның жағдайын сұрады. Шибли оның 
сұрағына  былай  жауап  берді: «Мен  бұл  пəниден  ақырет  үйі-
не  көшкеннен  соң,  мені  имандылар  қатарында  көтеріп,  қолы-
ма амал дəптерім берілді. Сосын: «Амал дəптеріңді көзіңе жас 
алып  оқы,  өзіңнің  Менің  сыйыма  лайық  екендігіңді  мəлімде» 
деген  бір  сыйлы  дауыс  келді.  Өзімнің  амал  дəптеріме  қарап, 
онда көптеген күнəларымды көрдім, ұялғанымнан: «Я, Раб бым, 
амал  дəптерімді  оқуға  ұялып  тұрмын», – дедім.  Əзіреті  Хақ 

68
Тағала: «Міндетті түрде оқуың шарт», – деп бұйырды. Мен жал-
барынған күйімде: «Я, Раббым, оқимын, мені масқара ет пе», – 
дедім. Сонда мына бір дауыс келді: «Пəниде күнə істедің, сені 
масқара етпедім, енді бұл күні тағы масқара етпеймін», – деген. 
Я, Раббымыз, бізді де Шибли сынды құрметіңде жарылқай гөр. 
Бұл пəниде де, ақыретте де масқара етпе.
Мəслихат  етіледі:  Пайғамбарлар  тарихында  айтылғанын-
дай, Ферғауын (перғауын – фараон) бұйрығымен Ибраһим (а.с.)-
да  от-жалыны  көкке  тұтасқандай  оттың  үстіне  лақтырылды. 
Сонда  Алла  Тағала  бұйрығымен  Жəбірейіл  (а.с.)  пейіштен  бір 
көйлек (киім) келтіріп, Ибраһим (а.с.) сол көйлек шарапатынан 
оттан аман қалды. Ол көйлек Йақуб (а.с.)-ға мұра болды, содан 
көйлекті  Йусүф  (а.с.)-ға  кидірді.  Бауырлары  Йусүф  (а.с.)-
ды  құдыққа  тастаған  күні  сол  көйлекті  киген  еді.  Риуаятта 
айтылғанындай,  арадан  бірнеше  жыл  өткеннен  кейін  Йаъқуб 
(а.с.)-ға жіберілген көйлек – сол көйлек болатын. Оны Йаъқуб 
(а.с.) құтты жүзіне жапқан еді. Жұмақтан келтірілген сол қасиетті 
көйлек  септігімен  көзінің  дерті  шипа  тауып,  қайтадан  көретін 
болды.  Сол  себепті,  ол  көйлек  Ибраһим  (а.с.)-ды  отта  жанып 
кетуден,  ал  Йақуб  (а.с.)-ды  соқырлық  азабынан,  қайғысынан 
құтылуына септік болды. 
Ей, Раббымыз! Ендеше, біз пақырларды (руханият кедейлерін) 
да иман байлығы себепті (оның шарапатынан) бай етіп, тақуалық 
киімі деп аталатын игілікті сыйлап, оған жетуімізді жеңіл қыл. 
Бізді екі қатерден: бірі – ақырет азабының, екіншісі – күйзелу 
қатерінен сақта.
АЛТЫНШЫ МІНƏЖАТ
«Сахих  Мүслим»  кітабында  Ибн  Масғуд  (р.а.)  былай  деп 
риуаят  етілген:  «Аннан-наби  саллАллау  алайһи  уасаллам  кана 
йақулү  Аллаүмма  инни  асалүкал-һади  уат-тақо  уал-афаф 
уал-ғина»,  яғни  «Пайғамбарлар  Сұлтаны  (с.ғ.с.)  үнемі  былай 
деп айтатын еді: «Йə, Алла, бізді тура жолға салуыңды, қауіп-
қатерден сақтауыңды, даналық, тазалық, ибалық, рухани байлық 
беруіңді  тілейміз».  Бұл  біздерге  тағылым  болсын!  Мүминдер 
барлық кезде Хақ Тағаладан жақсылық үміт етуі керек. Сонда 
Хақ  Тағала  біздерді  тура  жолға  салып,  қауіп-қатерден  аман 

69
қылып, өмірімізде даналық, тазалық, ибалық беріп, жүрегімізге 
(ділімізге) рухани байлық сыйлайды.
Мінəжат:  «Йə  мифтахүл-құлуб  (жүректердің  кілті),  йə 
кашшафүл-күруб  (қайғыларды  кетіруші),  Сенің  Нұрыңмен  ға-
шық тардың  көзі  нұрлы,  құпияларыңның  аянымен  арифтардың 
көңілі гүлді болады. Ей, қадым (бұрыннан бар) деп сипатталу-
шы  Зат,  Сенің  қадым  сипатың  күллі  əлемнен  жоғары.  Сенің 
əзəли  (ежелдік)  деп  аталатын  сипатың  пəни  (жоқ)  болудан, 
жойылудан аман (ешқашан жойылмайды, жоқ болмайды). 
Ей, Тəңірім (Алла)! Ғашықтарыңның ішкі дүниелерінің ру хани 
нұрларының құрметіне, ынтық болған ғашықтардың қауе тірінің 
құрметіне (шарапатына) дінімізді түсінуде саналық, кө регенділік, 
пайым-парасаттылық нұрымен нұрлы ет, сөйтіп жү ректеріміздің 
бақшаларын  ақиқатпен  гүлдендір.  Бұлай  ету  тек  Сенің  ғана  за-
тыңа лайық, Сенен басқаның қолынан келмейді. Ендеше, Сенің 
си патыңа  сай  келмейтін  істер  мен  ұстанымдар ды  көңілдеріміз-
ден  шығарып,  өшіріп  таста.  Күнəларымыз ды  «ка лимаи  таухид» 
(Ал ладан  басқа  тəңір  жоқ»  деген  сөз)
 
құрметіне  ғапу  ет.  Осы 
кəлиманың сый-құрметіне біздерді кері қайтарылғандардан етпе.
Нақыл  баяны:  Күндердің  бірінде  құл  базарына  бір  құлды 
сатуға алып келісті. Сатып алушылардан бірі келіп оған назар 
салды: қараса көзі қыли, аяғы ақсақ, денесі қисайып қалған, қолы 
да  бірдеңе  ұстауға  шамасыз,  қысқасын  айтқанда  ақаулықтар 
мен  кемшіліктердің  күллісі  бұл  адамда  жинақталған.  Əлгі  са-
тып алушы құлдың тілі, сөйлеу қабілеті туралы сұрады. Құлдың 
иесі: «Оның тілі өте көркемсөзді» деп жауап берді. Сонда сатып 
алушы: «Мен бұл көркемтілді құлды сатып аламын» деді.
Тəңірім!  Қиямет  қайым  болып,  ақырет  күні  туған  заманда, 
егер  барлық  ағзаларымыз  (дене  мүшелеріміз)  қасарыстықтың 
кесірінен  майып,  мүгедек  болған  болса  да,  тіліміз:  «Ла  илаһа 
иллала»  деген  сөздің  шарапатынан  айыптарымызды  кешіріп, 
жақсылар қатарына қабылдай гөр. 
«Задүл-маъад» деген кітапта риуаят етіледі: Бір əділетті пат-
ша болатын, бірақ оның уəзірі өте залым адам еді. Адамдар ол 
уəзірінің үстінен арыздана берген соң, сарай ұлықтары патшаға 
уəзірі  туралы  арыздарды  мəлімдеді.  Бірақ,  патша  бірнеше  күн 
бұл арыздарға қарамай жүрді де, күндердің бірінде: «Оның за-
лым екендігін мен-дағы білемін. Бірақ, қызмет орынынан босату 
мүмкін емес» деді. 

70
Бірде  өз  сарайының  арнайы  жоғары  дəрежелі  ұлықтарымен 
əңгімелесіп отырғанда: «Бұл уəзірдің кезінде маған өткізіп қой-
ған ақысы бар. Сұлтандық тағына ие болмастан бұрын жағдай-
дың талабына сай, жан сауғалап Ирак пен Шамға қашып кетуіме 
тура келді. Шамда бақша, көкөніс өнімі саудасымен айналыса-
тын  бір  дүкенші  болатын.  Кейде  уақыт  өткізу  үшін,  дүкеніне 
барып  онымен  əңгімелесіп  отырар  едім.  Күндердің  бірінде  ол 
менің  өте  сағыныш  қайғысына  салынған  күйімді  көріп,  жағ-
дайым туралы сұрады. Мен оған өзімнің басымнан өткен кейбір 
қиыншылық жағдайлар жайлы əңгімелеп, өз отанымнан, туған-
туыстарымнан,  дəрежеден  айырылғанымды  айтып,  көңілімді 
же ңілдеттім. Сонда ол маған: «Енді отаныңа оралуыңа бола ма, 
əлде не нəрсе бөгеттеп тұр» – деді. Мен оған: «Егер көлігім, қару-
жарағым жəне қызметкерлерім болғанында отаныма оралуыма 
болар еді», – дедім. Сол əңгіменің ертеңіне ол өзінің дүкенін де, 
мал-дүниесін де сатып, қаржысын түгелдей маған берді. Сөйтіп, 
елге  қайттым,  кейін  Хақ  Тағала  маған  тақ-салтанат  нəсіп  етті. 
Содан, əлгі адамға бір сыйлық жасайыншы деген ниетке келіп, 
оның еліне шабарман жіберіп хабар алдырған едім, сөйтсем ол 
адам  пəниден  бақиға  аттаныпты.  Сонда  да,  ол  кісінің  тұлғасы 
мен бейнесі көз алдымда елестейтін. Сөйтіп жүрген күндердің 
бірінде, сол адамға аса ұқсайтын бір адамды көріп қалдым. Оны 
өзіме  жақын  тартып,  уəзірлік  қызметке  тағайындадым.  Міне, 
тірі күнімде оны уəзірлік мансабынан босата алмайтыным, осы» 
деп əңгімесін аяқтады.
Тəңірім! Егер іс-əрекетіміз бен амалдарымызда күнəһарлар ға, 
қылмыскер  айыпкерлерге  ұқсағанымызбен,  ақуалымызда  (іш-
кі дүниемізде) пайғамбарлар сияқтымыз. Сондықтан, біздердің 
кем шіл-ақау  амалдарымызды  өшіріп,  сыйлы  пайғамбарла рың 
мен  даңқты  да,  ұлық  елшілеріңнің  (а.ғ.с.)  құрметіне  Өзіңнің 
ке мел  жомарттығыңның  аясына  алып,  көркем  дидарыңа  жет-
кізгейсің. 
ЖЕТІНШІ МІНƏЖАТ
«Сахих  Мүслим»  кітабында  Тариқ  бин  Əшим  Əл-əшжаъи-
ден  (р.а.)  былай  риуаят  етілген:  «Канар-ражүл  иза  аслама 
алламаһүн-набиййү  (с.ғ.с.)  əссалата  сүмма  амараһү  ан  йадъу 

71
биһаүлаил-калимат  «Аллаүммағфирли  уа  архамни  уа  афини 
уарзүқни», яғни: «Қашан бір адам Исламға кірсе Əзіреті Расул 
акрам  (с.ғ.с.)  оған  намаз  үйретер,  сосын  мына  дұғаны  оқуға 
бұйырар  еді: «Йа,  Алла,  мені  жарылқа,  сөйтіп  рақымшылық 
ет,  тура  жолдан  айырма,  қайтуымды  қайырлы  ет,  ырысымды 
жеңіл дікпен жеткіз». Міне, бүкіл мүмин осылайша Аллаға жал-
барынып, дұға етуі қажет.
Мінəжат: Ей, Дана жəне Қаййум (үнемі сақ тұрушы)! Сан 
алуан  сауға-сыйлықтарды  сыйлаушы  деп  зікір  етілуші,  берген 
есепсіз  нығыметтерің  үшін  шүкір  етілуші,  Сенің  пенделеріңе 
көрсетер жомарттығыңның шегі мен шекарасы жоқ. Пенделеріңе 
сыйлайтын нығметің мен ихсандарыңның есеп, шегі жоқ. Күш-
құдіретің пенделеріңнің жүрегіне аялататын жайбарақаттықтан, 
олардың көңілдерінде махаббаттың хош иісті шарабының зауқы 
кезінде ділдерінде жарқ еткен аяныңның əсерлендіруі мен таң 
қалдыруынан Аллашыл тақуалардың жүздерінде белгі мен Се-
нің шырайыңа ынтықтықтың зауқынан арифтардың жүздерінде 
шырақ,  неше  мың  «анал-хақ» (мен – хақпын)  дені  Мансурге 
бергенің секілді қайратың бір дар сияқты, оған іліккен неше жүз 
мың ғашықтың қандарын төгеді (зарықтырады).
Хабарлама  айту:  Бір  кедей  сүйіктісінің  сарайы  қарсысын-
да  (қасында)  тұрып,  түні  бойы  «аһ»  ұрып,  зарлана  жылаумен 
жəне  сүйіктісіне  өзінің  зарын  дауыстап  айтумен  болды.  Бірақ, 
сүйіктісі тым болмағанда алтын тор артынан сығалап болса да 
қарап, оның «аһ»-ы мен зарына ілтипат көрсетпеді. Төңірек тұр-
ғындары  есік-терезелерінен  сығалап,  оның  «аһ»-ы  мен  зарын 
есітіп,  таңданумен  болды.  Осылайша  таң  атты,  ғашық  аса  ға-
жаптанып үнсіз қалды. Сонда оның қасына бір əулие адам ке-
ліп, хал-жағдайын сұрады. Əулиенің сұрағына ғашық бы лайша 
жауап  айтты: «Ол  мені  қажет  етпейтін – менен  жоғары,  мен 
болсам оған мұқтажбын. Жоғары дəрежелі, сыйлы орында бол-
ғанның  жағдайы  мен  дəрежесі  төмен  орында  болғанның  жағ-
дайы, міне осылай болады». 
Тəңірім!  Егер  жұмсақ  мейірімділігің  кімді  «Пендем»  деп 
қабыл етсе, сегіз пейіш оған пида. Егер, қаһарың кері қайтарса, 
онда ол адам үшін жеті тозақ жамандық пен азаптың қайнар көзі 
болады.  Ғашықтық  шарабын:  «Уа  сақиһим  раббүһүм»
37
,  яғни 
37
 «Инсан» сүресі 21-аят.

72
«Раббылары  оларға  таза,  мөлдір  ішімдік  ішкізеді»  дегендегі 
мөл дір махаббат шарабын ішкендер құрметіне жəне Сенің көр-
кем  шырайыңның  белесін  өздерінің  көңіл  айналарында  елес-
тетуге  ынтық  болған  ғашықтардың  құрметіне  біздерді  Өз  дос-
та рыңнан  бөтен  етпе.  Сан  алуан  нығметтер  ағыл-тегіл  болған 
бейбітшілік үйі – жұмақта көркем дидарыңды көруден біздерді 
мақұрым етпе. 
Нақыл  баяны:  Нүшрауанның  бір  аңшы  иті  болатын.  Оған 
əтілестен (атластан) жабу істеткен еді. Күндердің бірінде ол аң 
аулайтын  жерге  бармады  (немесе  аңды  аулай  алмады).  Оның 
орнына басқа тазы аң аулады. Сонда итбағарлар: «Жабуды бұл 
иттен алып, мына итке жабалық» десті. Олардың сөзін естіген 
Нүшрауан: «Алла  сақтасын,  мен  бір  итке  киім  беріп,  одан  ол 
киімді қайтып алуым асыл жомарттыққа сай келмейді» деді. 
Тəңірім!  Илаһи  жомарттығыңмен  бізге  иман  сыйлығын 
бер дің,  мағрифат  киімін  кидірдің.  Енді  кемшілігіміз  бен  қате-
лесуіміздің себебінен біздерді жалаңаш етпе! 
Нақыл  баяны:  Бір  күні  Хатам  (Атымтай)  араб  ұлықтарын 
қонақасына шақырды. Барлығы дастарқан төңірегіне жайғасып 
отырған сəтте, кенет бір жалаңаш кедей қақпадан кіреді. Атым-
тай қолынан жетелеп, төрге отырғызды. Бұл жағдайға таң қалған 
ұлықтар: «Ей, Атымтай, бұл не істегенің?» десті. Ол: «Сіздердің 
əрқайсыңызды орындарыңызға шығарған нəрсе – сіздердің мал-
дəулетіңіз. Ал, бұл жалаңаш кедейді төрге шығарған нəрсе – ол 
менің жомарттығым» деп жауап берді.
Тəңірім! Атымтай əр жаратылушыға (кім екендігіне қара май, 
қонаққа келсе) сый-құрмет көрсету қажет екендігінің себебі нен 
ол  жалаңаш  кедейді  кері  қайтармады,  оған  төрден  жай  беріп 
сый-құрмет көрсетті.
Тəңірім! Сен сыйлылардың ең сыйлысысың! Ешкімнен ақыл 
сұрамайтын  өктем  Патшасың!  Ақырет  күні  мына  аяттағы
«Йəума  нұхшарүл  мүттақина  илар-рахмани  уафдан»
38
,  яғни 
«Біз  сол  күні  (ақырет)  тақуаларды  салт  аттылар  қалінде  Рах-
манның  құзырына  (құрмет  көрсету  үшін)  жинаймыз»  деген 
үкім дегідей, тақуаларға сый-құрмет көрсетіліп, пыраққа мін ген 
қалдерінде  келеді,  кілем  төселген  орындықта  отырады.  Мына 
аятта  айтылғанындай:  «Фи  мақъади  сидқын  ъинда  маликин 
38
 
«Мариям» сүресі 85-аят.

73
мұқтадир»
39
,  яғни «(Тақуалар)  қадір  Патша  құзырындағы  ту-
ралық орындығында болады».
Тəңірім! Біз пақырды да сол тақуалардың қатарынан айырма. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал