МАҒарижун нүБҮууа мұхаммедтің пайғамбарлық ДƏлелдері



жүктеу 3.01 Kb.

бет5/20
Дата08.06.2017
өлшемі3.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ОН БІРІНШІ МАДАҚ
Сахих Мүслим кітабында Əбу Зар (а.с.) былай риуаят еткен: 
«Инна РасулАллаи (с.ғ.с.) қала: Йүсбиху ала күлли сүлама мин 
ахадикүм садақатүн факүллү тасбихатин садақотун уа күллү 
тахлилатин  садақатүн  уа  күллү  такбиратин  садақатүн  уа 
амрүн бил-маъруф садақатүн уа наһйүн анил-мүнкар садақатүн 
уа  йүжзиьү  мин  залика  ракатани  йаркаүһүма  миназ-зүха». 
Мұндағы «сүлама» сөзінің мағынасы адамның əрбір сау мүшесі 
дегенді аңғартады. Сөйтіп, Расулүлла (с.ғ.с.) былай дейді: «Əр 
таң атты дегенше əрбір дене мүшесін есесіне бір садақа жасау 
қажет. Мұнда əрбірі садақа болып саналады. Тахлил айту да – 
садақа, əрбір мадақ айту да – садақа, «Ла илаһа иллалла» деу – 
садақа, əрбір такбир («Аллаһү акбар» деп) айту – садақа, амир-
мағруф (жақсылыққа шақырып) айту – садақа жəне наһи мүнкар 
(жамандықтан  қайтару)  жасау – садақа.  Олардың  барлығының 
орнына таңертең екі ракағат намаз оқу қажет болады». Ендеше, 
мүмин  таң  атқан  кезінде  үш  жүз  алпыс  алты  мүшесі  сау 
болғандығының  шүкіршілігі  үшін  садақа  жасауы  қажет  бола-
ды.  Сондықтан  денсаулығының  шүкірін  өтеу  үшін  екі  ракағат 
намаз  орындайды.  Бұл  өзіне  денсаулық  сыйлағандығы  үшін 
Хақ  Тағалаға  пенденің  мадақ-мақтау  айтқаны  болып  табыла-
ды. Осындай нығмет берген Патшаға иман келтіріп, шүкіршілік 
жасаумен қатар мүминдерге атап өтілген амалдарды орындау да 
қажет етіледі. 
Бұл  мадақ – кəмілдікке  жеткен  пенделер  Алланың  үстем-
дігін  дəріптеуде  шамалары  жететіндей  дəрежеде  орындаулары 

52
тиіс. Бұл шүкір, қайыптың хабарлары жазылған тақтада белгі-
легендей, айыпсыз шүкіршілікпен өмір кешірген адамдар, олар-
ға  ілесетін  көсем  данышпандар  болады.  Бұл  мадақ  мəңгі  игі-
лік  жағасында  тұрған  жəне  «иллийин»-де  орын  алған  Аллаға 
жақын  болғандар,  онымен  мақтаулар  айтады.  Бұл  мадақ  тау-
хидты  ұстанушылардың  мадағы  болып,  Хақ  Тағаладан  бас-
қаны  көрмейді,  яғни  «Ла  йүхиббунАллаа  ғайрАллаа  уа  ла 
йазкүрунАллаа иллАллаи», мағынасы: «Алланы Алла ризалығы 
үшін сүйеді жəне Алланың есімін Алла үшін зікір етеді» деген 
мадақпен  сабақтас.  Бұл  Патша  дəргейіне  мадақтардың  шашуы 
болсын!  Өсімдіктердің  дəні,  тіпті  бұл  əлемдегі  əрбір  тозаң 
Оның ұлықтығы мен теңдесі жоқ екендігін айтып мадақтайды. 
Ғашықтықтар  махаббат  сарайына  табын  жандардың  заттары-
нан  (саналарынан)  шаң-тозаң  (күнə,  бидғат  сияқты)  ластығы 
мен қоқсықтарын  тазалап «Даъ нафсак», яғни «Өзіңді күнəлар-
дан алыс ет» деген безу дабылын қағады. Сөйтіп «Аулияи тахта 
құбаи»,  яғни  «Менің  достарым  амандық  күмбезінің  астында» 
деген  мейірім  пердесімен  арнайы  дəрежеге  жеткен  ғашықта-
рын  Өзінің  ежелдік  қайраттылық  құдіретімен  сақтайды.  Оның 
мейірімділігі,  жарылқаушылығының  кезекшілері  махаббат  са-
райының  əр  жерінде,  əр  тарапында  тұрып  «Анинүл-мүзнибина 
ахаббу  илайя  мин  тасбихил  мұқаррабин»,  яғни  «Мен  үшін, 
кү нə һарлардың  күнəларына  өкініп  жылағандары,  жақындық 
тапқандардың айтқан тəсбихтерінен де сүйікті» деген насихатын 
айтып шақырады. 
Ей, дəруіш! Кімде-кім «Ман закарани фи нафсиһи закартүһү 
фи  нафси»,  яғни  «Кім  Мені  ішінен  құпия  еске  алса,  Мен  де 
оны құпия еске аламын» деген уəдесін тілеп, хылует бөлмесіне 
қадам  басып, «Кім  Мені  ішінен  құпия  еске  алса,  Мен  де  оны 
құпия еске аламын» деген сөздің сыр-құпиясына қанық болуды 
мақсат  еткен  болса,  ондай  адамға  мына  шарттарға  амал  қылу 
қажет  болады.  Ол  шарттар:  Иман  кəлимасын  үзілді-кесілді 
анық сеніммен айту; иманына берік болу; яқинінде (сенімінде) 
табандылық  таныту;  көңіл  санасына  тəубе  тутиясын  (көзге 
сүретін дəрінің атауы) дəрі-дəрмек ету; күнəлардан ескертулер 
мен  қорқытуларды  құлағына  сырға  ету.  Сонда  ол  пенделер 
таухидтің  асыл  алқасын  мойнына  тағып,  игілікке  қызмет  ету 
белбеуін  беліне  мекем  байлайды.  Махаббат  шарабын  шынайы 
құйып  берушінің  қолынан  алады.  Жомарттың  бауындағы  мағ-

53
рифат  гүлдерін  теруде  аспай-саспай,  əдептілік  тізгінін  ұстап 
жүру  «мақам  ихсан» (ізгілік  пен  игілік  дəрежесі)  деп  атала-
тын дəреже, міне осылардан тұрады. Осыларға сай келген адам 
қаза жүгеніне шынайы ілескен қалде бойұсынған болып, «Риза 
мақамы»  деп  аталатын  дəрежеге  тау  сияқты  орнығады.  Қайы-
рымдылық Сафасы мен Мəруасы (Меккедегі қажылық кезінде, 
арасында желіп жүгіретін екі таудың атаулары) арасында же ліп, 
жүгіріп  пақырлық  сыйлығын  жүрегінің  төріне  кіргізеді  жəне 
өзін бүкілдей Аллаға тапсырып, Оның қаһарынан шыбын жаны 
қорқуда болады.  
Хикая (əңгіме): Шайық Шибли былай дейді: «Түндердің бі-
рінде «Матоф»-тың
33
 турайына (қасына) барып, тауаф жасауға 
(тəу  етуге)  бастадым.  Сонда  бір  арабты  көрдім,  ол  «Рүкн  йа-
мани»дің қасында тұрған күйі Аллаға мінəжат етіп: «Ла абраху 
мин макани һаза хатта тағрифани бианнака түхиббүни кама 
үхиббүк», яғни «Ей, менің Раббым, мен неше рет Бəйтіңді (Қа-
сиетті үй – Қағбаны) тəу етуге келдім, құры қол қайттым. Енді 
бұл рет қашан, мен Сені сүйгенім сияқты Сен де мені сүйемісің, 
əлде сүймеймісің? Маған білдірмегеніңше бұл тұрған орнымнан 
еш  жаққа  жылжымаймын»  деп  жалбарынуы  жалғаса  берді. 
Оқиға  жалғасын  əңгімелеген  Шибли  (р.а.)  былай  деді: «Со-
сын  қараған  едім, «Рүкн  йамани»де  бір  сөз  бой  көрсетті,  онда 
былай деп жазылған еді: «Аһиднака бил-хаббати фил-азали уа 
акрамнака бижадидил мухаббатил-ан», яғни «Ежелде сенімен 
махаббат  жайлы  уəде  жасаған  едік,  енді  сол  махаббатымызды 
жаңалаумен сыйлы еттік». Əлгі араб қолын сол сөздерге қойып, 
сипалады да үнсіз қалды. Оның қасына бардым. Қарасам жүзін 
Рүкн йаманиға (Қағбаның маңындағы бір орынның атауы) қой-
ған күйінде жан тапсырыпты, ал қолындағы жасыл хатта былай 
жазылған  еді:  «Қад  ихтарнака  уа  ахбибнака  уа  инна  маъака 
алал-аһдил-аууал», яғни «О баста сені досқа балағанбыз, содан 
сені  сүйгенбіз,  қазіргі  сəтте  де  Мен  сенімен  сол  бұрынғы  уə-
делестік үстіндемін».
33
 
Қағбаның төңірегін айналып өту үшін қойылған арнайы тосық.

54
ОН ЕКІНШІ МАДАҚ
«Сүнəн Тирмизи» кітабында жəне «Имам Байһақи» кітабында 
Ұбада ибн əс-Самит (р.а.) былай риуаят етеді: «Əнин-наби (с.ғ.с.) 
аннаһу  қала: «Ман  таъараза  минал-лайли  фақала: «Ла  илаһа 
иллАллаү  уахдаһү  ла  шарика  лаһү  лаһүл-мүлкү  уа  лаһүл-хамдү 
уа һүуа ала күлли шайьин қадир уа сүбханАллаи уа бихамдиһи уа 
ла  илаһа  иллАллаү  уАллаү  акбар  уа  ла  хаула  уа  ла  қүууата  илла 
биллаһил  алийүл-азим  сүмма  қала    Аллаүммағфирли  ау  қала 
сүмма  даъа  истүжиба  лаһү  фаин  азама  фатауаззаьа  уа  салла 
қүбилат  салатүһү»,  яғни  əлемнің  мақтанышы  болған  Əзіреті 
Пай ғамбарымыз  (с.ғ.с.)  былай  деген: «Кімде-кім  түн  ішінде  оя-
нып: «Ла илаһа иллАллаү уахдаһү ла шарика лаһү ла һүл-мүлкү уа 
лаһүл-хамдү  уа  һүуа  ала  күлли  шайьин  қадир  уа  сүбханАллаи  уа 
бихамдиһи  уа  ла  илаһа  иллАллаү  уАллаү  акбар  уа  ла  хаула  уа  ла 
қүууата илла биллаһил алийүл-азим сүмма қала  Аллаүммағфирли» 
десе, Хақ Тағала оның дұғасын қабыл етеді. Егер дəрет алып намаз 
оқыса, намазы қабыл болады. Ендеше, қапылық ұйқысында жатқан 
мүминдерге уəжіп болады. Оян ған кезде Хақ Тағалаға зікір етіп, 
тəсбих,  тахлил  айтады,  содан  кейін  мағфирет  (жарылқау)  тілеп, 
мінəжат етеді. Сонда Алла оның күнəларын кешіреді
Бұл мадақ – кəміл жəне қалыс ниетпен, сондай-ақ бұл шүкір 
шын, таза ықыласпен шығады, лайықты бағасына орнығады. Ол 
Əзіреті ұлықтық жəне салтанат Иесіне мадақтар шашу болсын! 
Бұл мадақ – ежелдік жəне жалпы қамтушы мадақты өзінде толы 
көрсеткен.  Бұл  шүкір – ол  бақилық  білімге  негізделген.  Ол 
Патша – Алла ежелден бар, шегі жоқ, теңдессіз жомарт, ешқашан 
жоқ  болмайды.  Оның  ағыл-тегіл  нығметтері  мойынсұнғыш-
қа да, қасарысқан күнəһарға да, шексіз жомарттығы жақын дық 
тапқанға  да,  алғыстан  алыстатылғанға  да  жете  береді.  Бүкіл 
əлемдегі барлық жаратылыс бірігіп Оның нығметтерін есептеп 
көруге ұрынып көрсе, мың жомарттығынан небəрі бір ғанасын 
айтып дəріптеуге шамалары келмейтін əлсіз келеді. 
Ей, мүмин бауырым! Саған бір үлкен пайда туралы айтайын, 
сен  бұдан  пайдаланып  амал  қыл,  сосын  мен  пақырыңды  жақ-
сы  дұғамен  еске  алуды  ұмытпа.  Хұрасанның  мүтаьахирин
34
 
34
  Сəлəф  ғұламаларынан  кейінгі  ғасырда  өмір  сүрген  ғұламалар – мүтаьахирин 
ғұламалары деп аталады.

55
ғұламалары  рахимаһүмүлла  былай  деген: «Бір  адам  ант  етіп: 
«Мен  Алла  Тағалаға  барлық  мақтаулармен  мадақ  айтамын» 
десе, берген антын қалайша орындайды? 
Олар мынадай жолмен мадақ айтады: «Əлхамдүлилла хамдан 
йүуафи  ниъамаһү  уа  йүкафиь  мазидаһү»  дегенде,  яғни  «Хамд 
(мадақ)  Аллаға  тəн  (арналған),  ол  мадақ  нығметтеріне  сай  бе-
дел (төлем) болады жəне қосымша шүкірдің орнына өтеді. «Йү-
кафиь» (жеткілікті деңгейде) деген сөз һамзамен (алиф əрпінің 
үстіне қойылатын белгімен) тұрады, мұның мағынасы не? 
Бұл туралы олар айтады: «Бір адам: «Алла Тағалаға ең көр-
кем  шүкіршілік  айтамын»  деп  ант  ішсе,  бұл  антты  қалайша 
орындауға болады? 
Ғұламалар былай жауап айтқан: «Ла ахса санаьү алайка анта 
кама аснайта ала нафсик», яғни «Мен саған, сен өзіңнің затыңа 
дəріптеу  айтқаның сияқты көркем түрде  дəріптеу айтуға  қадір 
емеспін» деп дəріптеу айтуы қажет.
Əзіреті  Мұхаммад  ибн  əн-Надирден  Əзіреті  Əбу  əн-Насир 
əс-саммар  (р.а.)  былай  риуаят  етеді:  Қала: «Қала  Адам  (а.с.): 
«Йа  Рабби  шағалтани  бикасби  йади  фаъаллимни  шайьн  фиһи 
мүжамиғ əлхамд уат-тасбих» фааухАллаү табарака уа Тағала 
илайһи: «Йа адам иза асбахта фақұл саласан уа иза амсайта 
фақұл  саласан  алхамдүлиллаһи  раббил-аламин  хамдан  йүуафи 
ниъма уа йүһафи мазидүһү фализалика мүжамиъ алхамдү уат-
тасбих»,  яғни  Адам  (а.с.)  Аллаға  мінəжат  етіп:  Йа,  Раббым, 
маған  қол  өнерімен  айналысуды  үйреттің,  енді  маған  барлық 
мадақтарды жəне күллі тасбихтерді өзінде қамтитын бір нəрсе 
үйрет» деді. Хақ Тағала оған уахи етті: «Ей, Адам, таңертең жəне 
шам  кезінде  үш  рет  «Əлхамдүлиллаһи  раббил-аламин  хамдан 
йүуафи  ниъма  уа  йүһафи  мазидүһү»  де,  бұл  барлық  мадақтар 
мен күллі тасбихтерді өзінде қамтыған болады. «Бүкіл əлемнің 
Раббына мадақтар мен мақтаулар болғай». 

56
2. МІНƏЖАТТАР
БІРІНШІ МІНƏЖАТ
Əуелгі  мінəжат  барлық  шариғат  ғұламалары  мен  тарихат 
пірлері  бір  дауыстан  келісім  берген.  Мүмин  адамға  жақсы 
жағдай мен жоғары дəрежеге ие болу үшін Əзіреті Қазиүл-ха-
жатқа (баршаның қажетін шығарушы Алла Тағалаға) дұға етіп, 
Оның  қаһарынан  қорқу  жəне  рахымынан  үміт  еткен  хəлде 
ризалығын іздеген адам Оның мейірімділігінен құры қалмайды. 
Пір  салик  (пір  мен  пірге  ілесуші)  жолында  қалмас  (алға  ұм-
тылудан  тоқтамайды).  Қашан  болса  да  өзінің  ынта-жігері  мен 
əрекетіне  байланысты.  Ақыл-парасаты  бар  адам  пəниді  бақи-
дің  орнына  ауыстырмайды.  Жоғары  дəрежелі  нəрсе  бар  жер-
де  дəрежесі  төмен  нəрсеге  қарамайды  (оны  таңдамайды).  Бір 
мысал: Əзіреті Адам (а.с.) күнə жасап қойғанынан кейін: «Раб-
бана  заламна  анфүсана  уа  ин  лам  тағфирлана  уа  тархамна 
ланакунанна  минал-хасирийн»  деп  жарылқау  мен  раббына 
жақындық табуды тілеп дұға етті. Ал, Ібіліс болса, «Раббү ан-
зирни  ила  йауми  йүбъасун»  деп  азғындыққа  салынып,  өзін-өзі 
қасіретке ұшырататын тілекке сұранып, күнəсінің ұстіне күнə 
шақырды. Сонда Алла екеуінің де тілегенін берді, яғни Адам-
ға – жарылқау, Ібіліске – қор болу. 
Ендеше, Алладан зарланып тілегін тілеуден, дұға жасаудан, 
қажетін жалбарынып сұраудан жəне Оның қаһарынан қорқудан 
қол  үзбеген  хəлде  жоғары  ынта-жігерлікпен  Ол  жомарт,  əрі 
рақымшыл,  ежелден  бар,  ешқашан  жоқ  болмайтын  Патшаның 
күш-құдіретінен  көмек  тілеген  хəлде  имам  Бұхари  жəне  имам 
Мүслим (р.а) Нұғман бин Баширден (р.а) риуаят етеді: «Əнин-
наби (с.ғ.с.): Қала «Əд-дұға һүуал-ъибадатүн сүмма қараа «қала 
раббүкүм  үдъуни  астажибү  лакүм  инналлазина  йастакбируна 
ан  ибадати  сайадхұлуна  жаһаннама  дахирин»,  яғни  Əзіреті 
Расул акрам (с.ғ.с.) былай деді: «Дұға ол – ғибадат (құлшылық 
амалы)»,  яғни  бұл  орындағы  ғибадат – дұға.  Құдіретті  де,  үс-
тем  Хақ  Тағала  былай  деп  бұйырған: «Сендер  дұға  етіңдер, 
Мен қабыл етемін. Кім Менің ғибадатымнан қасарысып соқыр 
көкіректікке салынса, оларды тез арада қор етілген, жабыққан, 
торыққан,  адам  көргісіз  хəлге  түскен  күйлерінде  жаһаннамға 
(тозаққа) тасталады. 

57
Мінəжат:  Ей,  ежелден  бар  Ахад  жəне  тағзым  ету  міндет 
болған  Самад,  ей  артықшылық  жəне  жомарттық  Иесі,  ей  жаза 
күн  (ақырет)  Патшасы!  Сенің  мейірің  ділі  дертке  шал дық-
қандардың  ем-шипасы.  Сенің  жомарттығың  мүгедек  жү рек-
тердің  дауасы,  ал  қолдауың  дəруіш  пен  пақырлардың  демеу-
шісі.  Рақымшылдығың  қамығудың  отында  күйіп-жанған  кө-
ңіл дердің  дəрі-дəрмегі.  Сен  уəдесінде  берік  тұратындардың 
жү рек терін  артықшылықпен  нұрландырып,  жарық  етуші  жəне 
ынтық  болған  рухтарды  мейірімділік  жаңбырымен  тыныш-
тық,  жайбарақаттыққа  бөлейсің.  Арнайы  ілім  дəрежесіне 
жет кендердің  ішкі  дүниелерін  көркемдік  жəне  сұлулықпен 
безен діресің.  Риязат  (амалдардың  қосымша  түрлері)  ұстан-
ған дардың  саналарын  құпиялардың  сырларымен  қуанышты 
ете сің. Ендеше, сулуктердің (тарихат жолын таңдаған) ішкі дү-
ниелерінде болған сырлары мен құпияларының, ынтық болған 
ғашықтар  жүректерінің  ыстығының  құрметіне  бізді  бұл  əлем-
нің көктемі болып табылатын мағрифатыңмен тазаландыр. Біз-
дің  өміріміздегі  тіршіліктерімізді  қайырлы  етіп,  кəлимамызды 
үзбей айтуымызды Өз көмегіңмен жеңілдет, сөйтіп тура жолға 
салып  бақыттылардан  ет.  Жан  үзілер  сəттегі  соңғы  демімізді 
жеңіл ет. Өмір бойы жасаған амалдарымызды босқа кетірме. 
Ей,  жомарт  Иеміз!  Біздер  күнəһар  пенделерміз,  бірақ  Сенің 
мейірімділігің мен рақымшылдығыңнан үміттіміз. Ендеше Өзің-
нің жомарттығыңмен бізді қабыл болушылардан ет. 
Хикая  (əңгіме):  Шайық  Яхя  Мағазрази  былай  деген:  Егер 
бар лық  құлшылық амалдары  мен тағат амалдарын орындасам, 
бірақ оның есесіне сауап берілмесе, мен ол Əзіретке (Алла Та-
ғалаға)  ешбір  нəрсе  шағым-наразылық  айтпаймын.  Өйткені, 
Сен сыйлылардың ең сыйлысысың! Не нəрсе болса да, қандай 
сыйлық  берілсе  де  Сенің  жомарттығыңнан  беріледі.  Тəңірім, 
егер күнəларыма назар салып қарайтын болсам, олар өте үлкен 
көрінеді. Ал егер Сенің мейірімділігіңе назар салсам, олардың 
зəредей еместігін көремін. Тыйым салынған үкімдердің тұрғы-
сынан қарасам, санамды үрей билеп, қорқыныш басады. Ал егер 
Сенің жомарттығыңа назар салсам, шаттығым асады. Илаһым, 
қиямет күні менің күнəларым туралы сұрақ алғанда: «Я, Раббым, 
рақымшылдық  қазыналарың  қайда?»  деп  мінəжат  етемін.  Ал 
егер  мені  бөтендермен  (яғни  тозақилермен)  бірге  қосып  жа-
һаннамға  тастамақ  болсаң,  онда  Сенің  махаббатың  туралы 

58
хабар  сұраймын»  деп  мінəжатын  аяқтады.  Сонда  мынадай  бір 
дауыс келді: «Ей, Яхя, Əзіреті Хақ өз достарын дұшпандарымен 
қосып,  бір  жайға  топтамайды.  Керісінше,  достарын  жұмақтың 
көркем  бауларында  Өзінің  жарқын  жамалын  көрудей  бақыт-
қа  бөлейді».  Шайық  Яхя  бұл  дауысты  естіген  соң,  өзін  тоқта-
та алмай еңіреп жылауға түсті. Содан отырған жерінен шығып 
шаһарды аралаған күйі: «Қаншалықты күнəһар болсам да, Сенің 
рақымшылдығыңнан  күдерімді  үзбеймін.  Оны  (Алланы)  мен 
дос тұтамын. Ол да мені дос тұтады» деп, қуана айқайлап жүрді. 
Нақыл баяны: Күнəларға белшесінен батқан бір пасық адам 
дертке шалдығып жатып қалды, жағдайы нашарлай беріп, күн-
сағатының жақындап қалғанын аңғарды. Содан өзінің өмір бойы 
істеп өткен амалдарын бірме-бір қиялынан өткізіп, өзінің амал 
дəптерінен жақсылық атаулыдан дəнеңе де таппады, керісінше 
күнə істермен толы екен. Сөйтіп, өзінің ақыреттік жағдайының 
қиын болатындығын аңғарып, күйзеліске түсті. Санасын өкініш 
кернеген күйі «аһ» ұрып: «Я ман лаһүд-дүня уал-ахират архим 
лиман лайса лаһүд-дүня уа лал-ахират», яғни «Ей, бұл дүниенің 
де,  ақыреттің  де  Патшасы – Тəңірім!  Бұл  дүниесі  де,  ақыреті 
де жоқ, кедей құлыңа рақымшылдық ете гөр» деді де, сол сəт-
те жаны үзілді. Сосын кеш батты. Басра мекенінің (Басра қала-
сының) оқиғаларында: «Пəлен ауылда бір əулие қайтыс бол ды. 
Кімде-кім  оның  жаназа  намазына  қатысса,  барлық  күнəлары 
кешіріледі. Сондай-ақ барша құлшылықтары сауапты болады» 
деген  бір  аян  көрінді.  Ертеңіне  таң  атқан  кезде  көп  халық 
жиналды.  Содан  оның  жаназа  намазын  оқып,  көпшілік  болып 
жерледі.  Сол  күн  ақшам  болған  сəтте  Басраның  əулиелері  бір 
заһид  (көп  құлшылық  жасаушы  адам)  оқиғасында  мынадай 
жағдайдың аянын көрді: Онда əлгі адам жұмақтың төрінде отыр. 
Одан: «Сен  күнəларды  көп  істеуші  жəне  мінез-құлқы  нашар 
бір адам едің, енді мұндай дəрежеге қалайша ие болдың?» деп 
сұрады.  Ол  былай  жауап  айтты: «Өмірді  аяқтап,  өлімнің  таяп 
келгенін аңғардым. Соңғы демдерімде өзімнің істеп өткен амал-
дарыма  назар  салдым.  Өте  көп  күнəларымды  көріп  өкіндім. 
Содан Алла Тағаланың рақымшылық қазыналарына назар сал-
ған  күйімде  өмірім  шектелді.  Мені  адамдар  қабірге  жерлеп 
кеткеннен кейін, Ол жомарт Патша маған былай деп аян берді: 
«Ей,  күнəһар  пенде!  Бойұсынушылардың  тағаты  (бойұсынып 
құлшылық  жасаулары)  Маған  зəредей  де  пайда  бере  алмайды. 

59
Сондай-ақ  күнəһарлардың  қасарысуы  да  зəредей  зиян  келтіре 
алмайды.  Менің  рақымшылдығымның  қазыналары  күнəһар лар 
үшін. Ендеше, көңілің хош болсын, күнəларыңды жарылқа дым». 
Ей, Раббымыз! Біз де бұл күндері көптеген күнəларға өзіміз-
ді батырып, зиянға жүрген пенделерміз, енді біздерді жарылқай 
гөр, рақымшылдығыңнан алыс етпе, əмин! 
ЕКІНШІ МІНƏЖАТ
«Сахих  Бұхари»  жəне  «Сахих  Мүслим»  кітаптарында  Сал-
ман  Фарсиден  (р.а.)  мына  бір  хадис  шариф  риуаят  етілген: 
Қала  Расулуллаһи  (с.ғ.с.)  «Инна  раббакүм  хаййүн  каримүн 
йас тахйи  мин  абдиһи  иза  рафаъар-ражүлү  илайһи  йадайһи 
илас-самаьи ан йарүддаһүма сифран хаибатайн», яғни Əзіреті 
Пайғамбар  (с.ғ.с.)  айтты: «Əлбетте,  сендердің  Раббың  тірі.  Ол 
пенделерімен  қарым-қатынасында  алдымен  Өзінің  жомарт, 
мейірімділік  сипаттарымен  қарайды,  сөйтіп  пенделерінің  бірі 
дұға  үшін  қолдарын  аспанға  көтерсе,  оны  құры  қайтармайды 
(құры қоймайды).  
Мінəжат:  «Ей,  күш-құдірет  Иесі!  Кəміл  сыйлық  Үлесуші, 
шектелмеген  Жаратушы,  ешқашан  дəрежесі  төмендемейтін 
биік дəрежелі, дұға еткен пенделеріне қабыл ету мейірімділігін 
жау дыратын,  ынта-жігермен  құлшылық  етуші  жəне  ілім  үй-
реніп, ілім таратушы жандарға кемел көмектесуімен тəрбие бе-
руші,  дін  ілімдерін  ізденушілерге  зерделі  ой  толғау  қақпасын 
ашып  беруші,  ізгілікке  ұмтылушыларға  олардың  дəрежелерін 
жоғары етуші, жоқ болудан, түрлі ақаулықтардың пəк, ластық 
белгілерінен  де,  мекенге  тəуелді  болудан  да  таза,  жоғары – 
Тəңірім, Сен сондай жомарт Сұлтансын! Сенің бір ғана тамшы 
рахымың  күнəға,  азғындыққа  салынғандар  дəптеріндегі  қара 
дақтарын жойып, пəк, таза етеді. Қараңғылық пен қасарысудың 
тұңғиығында  қалған  азғындардың  күнəларын  жақсылыққа 
(сауапқа) ауыстырып, көңілін жарылқау Нұрмен жарық етесің. 
Сенің міндетсіз мейіріміңнің əрбір тозаңдай ғана бөлшегі неше 
мыңдаған  күнəны  кешіріп,  өшіріп  тастайды.  Пендеңнің  бір 
там шы  көз  жасының  сыйлығы  ретінде  рақымшылдық  дарияң 
толқынданып, нешеме өртенген пенденің өртін сөндіреді. 
Тəңірім! Пəнилікті ұстанғандардың құрметі үшін, көңіліміз-

60
дің  айнасын  қыра  тарттыратын  түрлі  шаң-тозаңнан  таза  ет. 
Көркем  ынта-ықыласпен  амал  еткен  тақуалардың  құрметіне, 
сағыныштан  сарғайған  жүздерін  үзлат  топырағына  қойып, 
жан дарынан  кешіп  Алланың  махаббаты  үшін  садаға  еткен  ға-
шықтардың құрметі үшін, оларға ілесіп зікір алқаларында зікір 
айтқан  пақырлардың  құрметі  үшін  біздерге  тақуалық  киімін 
киюімізді жеңіл етіп, адасудың күнəларынан, жыныстық сезім-
нің  қалаулары  мен  азғыруынан  пəк,  таза  ет.  Мұхаммед  (с.ғ.с.) 
үмбетінің  арасындағы  адасу  тұңғиығына  түсіп  қалған  күллі 
үмбетті  тура  жолға  шығар,  сөйтіп  барлығымызға  ғашықтық 
шарабын ішкіз. 
Тəңірім!  Біздер  өмірде  махаббатты  ізденуден  қол  үзбеспіз. 
Өміріміз аяқталып, өлім белесі келген сəтте, бізді Өз дидарыңнан 
айырма  (мақұрым  етпе).  Илаһым,  уəдеге  берік  болуда  Өзіңнің 
ағыл-тегіл жомарттығыңа, мейірімділік нөсеріңе ынтықпыз, со-
дан «Йүхиббүһүм уа йүхиббуна», яғни «Ол оларды сүйеді, олар 
Оны  сүйеді»  деген  аятты  санамыздың  есте  сақтау  тақтасына 
жазып, тағылымның əдептілік бөлмесінде біздерге тəлім бер. 
Ұлық иесі – Тəңірім! Біздің ұстанымыздағы біздерге кедергі 
жасайтын жəйттерді санамыздан жойып, нəпсінің тілектерінен, 
жыныстық сезімнің жетегіне түсуден, басқа да күнə келтіретін 
жамандықтардың  бəрінен  біздерді  алыстат,  əйтпесе  нəпсіміз 
ибасыз, надан, көр, соқыр болып, жағдайымыз мүшкіл болар.  
Нақыл баяны: Малік бин Динар көрістанда (мазаратта) көр-
қаулық  жасап,  тіршілік  өткізеді  екен.  Күндердің  бірінде  бір 
адам ды  жерлегендерін  көріп,  топыраққа  отырып  көп  жылады. 
Ол  бұдан  бұрын  қаншама  мəйіттің  жерленгенін  көрген  болса 
да,  бұл  кезектегісі  оған  ерекше  əсер  етті.  Жылаған  күйі  өзіне 
былай деді: «Ей, Малік өлім жақын болды. Мұндай жағдай күн-
дердің  бірінде  саған  да  келеді».  Сосын,  дəруіштеріне  (өзінің 
шəкірттеріне) бет бұрып, мынадай өсиет айтты: «Сендерге айтар 
өсиетім – мен өлгеннен соң, мені күттіруге қоймаңдар. Аяғыма 
жіп байлап, жүзімді төмен қаратып мазаратқа сүйреп келіңдер. 
Жерлеп болғаннан соң: «Тəңіріміз, бұл қашқын құлыңды ұстап 
келтірдік»  деңдер.  Қиямет  күні  келгенде,  күллі  адамзат  қайта 
тіріліп, қабірінен тұрып келетін кезде, менің жүзім қара болған 
ба, əлде ақ па сонда көріңдер. Барша жиналған халықтың есеп 
дəптері беріліп жатқан кезде менің есеп дəптерім оңымнан бе-
рілді ме, əлде солымнан берілді ме, амалдар таразыға тартылған 

61
кезде қараңдар, менің амалдарымның көркемдері басым келді ме, 
əлде жамандығым ба? Одан кейін «Уамта зүл-йаума аййүһал-
мүжримун»
35
, яғни «Ей, күнəкарлар, бұл күн енді (мүминдер ден) 
ажыралыңдар»  деген  бұйрық  жаңғырады.  Сонда  қарап  тұрып 
куə  болыңдаршы,  жаннаттың  жолына  бағытталар  ма  екенмін, 
əлде  тозақтың  бағытына  кетер  ме  екенмін?».  Осылай  Мəлік 
аманатын  аяқтады  да,  бір  рет  «аһ»  ұрып,  шыбын  жанын  Алла 
Тағалаға тапсырды. Содан соң мынадай ғажап бір дауыс естілді: 
«Инна  Малікан  нажа  минал-маһалик»,  яғни  «Мен – Мəлікпін. 
Дидар күйреуге ұшырататын нəрселерден құтылу тапты, сөйтіп 
рахмани рақымшылдыққа жетісті». 
Тəңірім! Біз пақырларды соңғы демімізде Өз мейірімдігіңнің 
көмегі, жомарттығыңның нөсерімен жүзімізді гүлдей жайна тып, 
ынтық  рухтарымызға  «Иржиъи  ила  раббика»,  яғни «(Сыйлық 
етілген  нығметтерден  сен)  разы  болған,  Ол  (Алла  Тағала)  да 
сенен  разы  болған  хəліңде  Раббыңа  қайт»  деген  бұйрықпен 
бүкіл барлық алдында дəрежемізді биік етіп, бақытқа бөлей гөр. 
Мысал  (Мəсел):  Бір  аңшы  құс  аулау  үшін  сұңқар  салады. 
Оның  артына  қабаттастырып  бір  итті  салады,  сосын  қиқу  са-
лады.  Сол  сияқты,  адамдар  əлем  мағынасынан  мағрифат  сый-
лығы  үшін  сұңқар  рухын  бұл  əлемге  жіберіп,  оның  артынша 
оған көмек беру үшін нəпсісін жібереді. Сұңқар рухымыз көк-
ке  шарықтаса,  ит  нəпсіміз  дүние  қызығы  мен  əшекейлеріне 
алданады. «Иржиъи» («Фажр»  сүресінің 28- аятындағы: «Раб-
быңа,  Ол  сенен,  сен  Одан  разы  болған  халіңде  қайт»  деген) 
шақырығы келіп, рухымыз көктен Алла Тағаланың ризалығы на, 
ал ит нəпсіміз міндетті түрде əлем Патшасының құзырын дағы 
сұрағына жетеді.  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал