МАҒарижун нүБҮууа мұхаммедтің пайғамбарлық ДƏлелдері



жүктеу 3.01 Kb.

бет4/20
Дата08.06.2017
өлшемі3.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ТӨРТІНШІ МАДАҚ
Сахих  Мүслим  кітабында  Əбу  Һүрайра  (р.а.)  былай  риуаят 
еткен: «Қала Расулуллоһи (с.ғ.с.): «Ман қала ла илаһа иллАллаи 
уахдаһу ла шарика лаһү лаһүл-мүлкү уа лаһүл-хамд уа һүуа ала 
күлли шайьин қодир фи күлли йаумин миата марратин канат 
лаһү  адла  ашри  риқобин  уа  күтибат  лаһү  миатү  хасанатин 
уа  мүхийат  анһү  миатү  саййиатин  уа  канат  лаһү  хирзан 
минаш шайтони йаумаһү залика хатта йүмсийа уа лам йаьти 
ахадүн  афзүла  мимма  жаьа  биһи  илла  ахадүн  амила  аксара 
мин  залик  уа  ман  қала  сүбханАллаи  уа  бихамдиһи  фи  йауми 
миата  марратин  хұттат  хатайаһү  уа  лау  канат  мисла 
забадил  бахр»,  яғни  Əбу  Һүрайра  (р.а.)  былай  деді:  Əзіреті 
Расулуллаһ (с.ғ.с.) айтты: «Бір адам күніне жүз рет «Ла илаһа 
иллАллаи  уахдаһу  ла  шарика  лаһү  лаһүл-мүлкү  уа  лаһүл-хамд 
уа һүуа ала күлли шайьин қодир» десе, он құлды азат еткеннің 

41
сауабын алады, тағы да жүз жақсылықтың сауабы жазылып, жүз 
күнəсі кешіріледі. Сондай-ақ сол күні кешке дейін шайтанның 
азғыруынан  қорғалған  (сақтандырылған)  болады.  Ешбір  адам 
одан  артық  амалды  орындайтын  бола  алмас,  тек,  егер  аталған 
кəлималарды  одан  асырып  айтқан  болса  ғана,  одан  артық  са-
уап қа  ие  болады.  Сондықтан  бұл  мадақ  жан  мен  ділден  де 
тəтті  мағынаға  ие.  Өйткені  оның  есесіне  жүз  мың  жан  зікір 
етіп,  қателері  өшіріледі,  тіпті  қателері  теңіздің  көбігіндей 
көп  болса  да.  Ол  Патшаға  мадақтар  шашу  болсын,  мағрифат 
теңі зінен  бір  ғана  тамшы  жəне  мөлдір  махабаттан  бір  ғана 
бұлақ  «Фалинүхйи  хайатан  тоййибатан»,  яғни  «Біз  көркем 
өмірге  тірілтуіміз  үшін»  дегендей  қаншама  (рухани  тұрғыда) 
мүрделерді тірілтеді. Осы Патша, достарының тəні мен жандары 
қайта  табысу  ғашықтығының  отында  жанады.  Ынтықтық 
шырағы ғашықтардың ішкі дүниесінде нұрланып тұрады. Алла 
Тағаланы  танушылар  (арифтар)  бұл  нақыштап  безендірілген 
əлемдегі  жаратылыстың  кемел  түрде  жаратылғандығын  көріп, 
зауықтана (шаттана) тамаша етеді. Алла Тағала құдіретімен қа-
лам  жазған  тағдыры,  Оның  ұлық  рахымы  күнə  мен  қателікке 
тап болып азғындағандар маңдайларынан қасарысу шаңын, на-
дан дықтың барлық түрлерін сылып тастайды. Көсемдік мейірі 
тура жолдағылар санасының бауында «Уа лиман хофа мақома 
робиһи  жаннатан»
24
,  яғни  «Раббысының  құзырында  тұру-
дан  (сұралудан)  қорыққан  пендеге  екі  жұмақ  бауы  бар»  деген 
аятпен  қуаныш  жылғасын  сыйлы  етіп,  «Һал  жазал-ихсонү 
иллал-ихсон»
25
, яғни «Ихсанның (ізгіліктің) сыйлығы – тек қана 
ихсан» деген үмітті ұялатады.
Нақыл баяны: Шайық Халлаж Мансур абақтыда отырған ке-
зінде  оның  алдына  шайық  Шибли  келіп,  былай  деп  сауал  сұ-
рады: «Махаббат  дегенің  не?»  Халлаж  айтты: «Бұл  жөнінде 
менен бүгін сұрама. Шамасы мені сынақ ету үшін теккеге дар 
ағашын  тігіп,  мені  сонда  келтіретін  шығар.  Осы  сұрағыңның 
жауабын сол уақытта алатын боларсың», – дейді. Айтқаны келіп, 
ертеңіне оны дар ағашына алып келіпті. Шибли оның қарсы сына 
келіп, кешегі сұрағының жауабын қайта сұрады. Мансур айт ты: 
«Махаббаттың басы (алды) жаннан кешу, ал соңы күйіп-жану». 
24
 «Əр-Рахман» сүресі 46-аят.
25
 
«Əр-Рахман» сүресі 60-аят.

42
Ей,  дəруіш!  Кімде-кім  ғашықтық  деген  хылует  (жер  асты) 
сарайына  қадам  басса  (қойса),  көңілін  бұл  дүниенің  рахаты, 
қызықтары  мен  əшекейлерінен,  тағы  да  басқа  кеңшіліктерінен 
өзін тəрк етуі керек. Сонда мақсат етілген мағрифат деп аталатын 
махаббат туын мағрифат сарайына тігеді. 
Ұлықтар былай дейді: «Егер қатардағы құл болсаң, бір жақ-
сылығыңа  бір  сауап.  Егер  ариф  болсаң,  біріне  мың,  егер  мү-
жиб (мағрифетке жеткен адам) болсаң, сүйіктіңнің назына шы-
дамдылық  таныт.  Егер  мүуаххид  (Аллаһты  жеке-дара  деп  бі-
луші) болсаң, барлық нəрседен қолыңды көтер (тый), аяғыңды 
өзгеден кері бас. Білсең, сүйіктілердің ару дидары жанып тұрған 
шам  сияқты,  ал  ғашықтар  болса,  көбелек  сияқты.  Мұндағы 
сүйіктілер – ақылдылар, ал басқалары – диуана.  
БЕСІНШІ МАДАҚ
Сахих  Мүслим  кітабында  Сағд  ибн  Əби  Уаққастан  (р.а.) 
былай  риуаят  етіледі:  Қала  Расулиллаһи  (с.ғ.с.)  фақала:  «Ə 
йаъжизу  ахадукум  ан  йаксиба  күлла  йаумин  алфа  хасанатин, 
фасаалаһу  саил  мин  жүласаиһи  кайфа  йаксибу  ахадуна  алфа 
хасанатин қала йүсаббихү миата тасбихатин файүктабү лаһү 
алфү хасанатин ау йүхаттү анһү алффү хатиатин», яғни Сағд 
бин  Əби  Уаққас  (р.а.)  айтты:  Əзіреті  Расулулла  (с.ғ.с.)-ның 
қасында отырған едік, ол былай деді: «Сендер əр күн мың сауап 
алуға  шамаларың  келе  ме?».  Сонда  бір  кісі: «Иə,  Расулалла 
(с.ғ.с.) мың сауапты қалайша алуға болады?» – деп сұрады. Ол 
былай жауап берді: «Жүз рет айтылған тасбихтың есесіне мың 
сауап жазылады, мың қателігі кешіріледі». 
Ендеше,  мұндай  көркем  бақыт  күндіз  де,  түнде  де  тасбих 
айтуды тастамайтын мүминге нəсіп етеді. Бұл мадақ – оны айт-
қан адам, оның шарапат себебінен өзі мадақталушы, мақталушы 
болады,  сөйтіп  күллі  мадақ-мақтау  айтушылардың  қатарынан 
сыйлы орын алады. Бұл сондай шүкір – осылайша шүкір еткен 
адам оның септігімен ағыл-тегіл нығметтердің иесі болып, «Уа 
лаин  шакартум  лаазиднакум»  деген  игілікке  қол  жеткізеді. 
Ол  ешқашан  таусылмайтын  Патша,  ешқашан  жоқ  болмайтын 
Сұл тан  ғашықтарының  саналарының  бақшаларында  олардың 
көңілдерін  (ділдерін)  гүлдердің  нəзік  бүршіктері  сияқты  əсем 

43
өнерімен ашады. Оған ынтық болғандардың талпынуларын Өзі-
нің  қадімдік  (ежелгілік)  ілімімен  біледі.  Жалғасып  келе  жат-
қан  силсила  (шежіре)  буындарын,  түндерін  құдірет  қолымен 
əрекетке  келтіріп,  «Ла  илаһа  иллалла»  деген  кəлима  көшетін 
бағбан  Мұхаммед  Расулулламен  бірге  көңілдердің  бауында 
«аһ»  деп,  сиқырлы  күңіренумен  жəне  «Ла  тақниту  мин  рох-
матилла»
26
,  яғни  «Ей,  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  өз  жандарына  зиян 
қылған пенделеріме айт: Алланың рақымынан күдер үзбеңдер» 
деген үміт сыйлайтын өмір суымен тəрбие етеді.
Ей, дəруіш! Сүйіктіңнің көркем дидары көңіліңнің айнасын-
да көрініс берсін десең, оны іздеу жолында мөлдір ынтықтық-
пен  табанды  бол.  Мақсат  талабында  жүргеніңде  ұқыпсыз дық, 
құнтсыздық,  салғырттық,  салқындық,  салақтық,  жалқаулық 
деген індеттердің бəрін бір шетке сырып таста. Сонда адам затқа 
тəн ақау қасиеттер мен ауытқуға себеп болатын жағдайлар саған 
зиян тигізбейтін болады.
Мысал  (Мəсел).  Бір  күні  сая  өз  ағашына: «Мен  сенің  бірге 
туылған серігің, əрі айырылмас көршідей болған сəтте екеуміз 
бірге  дүниеге  келдік,  бірге  өсіп,  ұлғайып  келеміз.  Бірақ,  сен 
сараңдық  жасап,  үнемі  мені  кемсітесің:  қалай  күннің  жүзін 
көрейін десем, маған бөгет болып, күннің жүзін көрсетпейсің. 
Тіпті, күннің өзі əркез мен жаққа қарай ауса болғаны, сен дереу 
сол  тараптан  перде  болып  шыға  келесің» – деді.  Көлеңкенің 
бұл  сөзіне  ағаш  былай  деп  жауап  берді: «Ей,  көлеңке,  мен 
саған  бөгет  жасайтын  сараң  емеспін.  Негізінде,  менің  үнемі 
күнді  көріп  тұратындығым,  ол  менің  күндіз  де,  түнде  де  тік 
тұратындығымда.  Ал  сен  болсаң  үнемі  жамбастап  дем  алып 
жатасың,  солай  болған  соң  сен  күннің  жүзін  қалай  көрмек 
боласың»? – дейді.
Ей,  ариф!  Көзіңді  аш,  сүйіктіңнің  дидары  барлық  жерде 
барлығы  анық.  Сондықтан  тілің  мен  құлағыңды  əртүрлі  қа-
жет сіз  нəрселерден  таза  ұста,  сонда  сүйіктіңмен  сөйлесіп, 
сұх баттасу  бақытына  жетесің.  Риуаятта  айтылуынша,  көркем 
есімдерге ие Алла Мұса (а.с.)-ға: «Ей, Мұса, неліктен сені Өзі-
ме  кəлим  (əңгімелес)  етіп  таңдағанымның  жəне  күллі  ғибадат 
етушілердің жүрегіне ескерту еткенімнің себебін білемісің?» – 
деді де, Өзі себебін түсіндіріп былай дейді: «Сенің көңіліңнен 
26
  
«Əз-зүмар» сүресі 53-аят.

44
басқа,  күнəлардан  таза  басқа  бір  көңіл  көрмедім.  Сондықтан 
сені Өзіме кəлим етіп таңдадым».
АЛТЫНШЫ МАДАҚ
Сахих  Бұхари  жəне  Сахих  Мүслим  кітаптарында  Əбу  Мұса 
əл-Ашари (р.а.) былай риуаят еткен: Қала, қала ли Расулуллаһи 
(с.ғ.с.): «А ла адуллука ала күнзи мин күнузил-жаннати фақулту 
бала йа РасулАллаи қала құл ла хаула уа ла құууата илла билла», 
яғни  Əбу  Мұса  əл-Ашари  (р.а.)  айтады: «Əзіреті  Расулуллаһ 
(с.ғ.с.) маған былай деді: «Саған жұмақтың қазыналарынан бір 
қазына туралы баяндайын ба?». Ол: «Əрине, Расулалла!» – деді. 
Сонда айтты: «Ла хаула уа ла құууата илла билла», – деп айт. Бұл 
кəлиманы үзбей үнемі айтып жүретін адам пақырлық дəрежесіне 
жетіп, бұл дүниенің бəлекетінен аман болады. Қайсыбір пенде 
өмірінің  мүмкіндіктерін  босқа  кетірмей  (ысырап  қылмай)  Хақ 
Тағалаға тілеуат айтуға, Оны ұлықтауға, таһлил (Ла илаһа ил-
лалла, деп айту) мен зікірін айтуға уақытын, жанын сарп етсе, 
бұл дүние бəлекетінен аман болады. 
Ал  «Ла  хаула  уа  ла  құууата»  дегеннің  мағынасы  туралы 
айтар болсақ, ол – əрекеттен немесе тек тұрудан бір адамды, бір 
тозаңды  немесе  бір  нəрсені  бар  қылуы  мүмкін  емес.  Негізінде 
күллі нығмет, іс-əрекет, денсаулық, сырқаттық, пайда мен зиян, 
жақсылық пен жамандық Хақ Тағаланың жаратуымен, бой көр-
сеттіруімен пайда (бар) болады. 
Кейбір  ғұламалар  бұл  туралы  мынадай  пікір  айтқан:  «Ла 
хаула» дегеннің мағынасы – күнəдан жəне күпірден аман болу, 
тек  қана  Алла  Тағала  мейірімділігімен  ғана  болады.  Ал  «Уа 
ла  құууата»  дегеннің  мағынасы – пенденің  тағат  пен  ғибадат 
жасауға жəне тағат етуге шамасы келуі тек құдіретті Алла Тағала 
көмегімен ғана амалға асады. Бұл мадақ діл мен тілден шы ғып, 
күллі  ақаулықтар  мен  шəк-шүбəдан  аман  болады.  Бұл  шүкір 
таза  жүректен  шығады,  əрқандай  қиялдың  туындылары  мен 
мекенге тіркеуден пəк болады. Ол – Əзіреті ұлықтың иесі. Ол – 
өз болмысымен үзілді-кесілді түрде бар Тəңір – Алла Тағалаға  
мадақтар  болсын!  Оның  құдіретімен  аспан  қойнауында  жүзіп 
жүрушы күн өзінің ыстық нұрынан жылы шуақтарын тара тып, 
жердің жүзін əр күн нұрландырып, түрлі гүлдермен безендіреді. 

45
Сөйтіп, өсімдіктердің əрбірінде неше түрлі хикметін көрсетеді, 
əрбір кезеңде Өзінің мағрифатын бірнеше баптарда ашып қоя-
ды. Осы жайлы шайық Əбул Хасан Хирқани былай дейді: «Қа-
шан  Оның  барлығына  (яғни  Оның  жаратқан  нəрселеріндегі 
белгілеріне) назар салсам, санам таң болып өзімнің жоқтығым ды 
(дымға тұрмайтынымды) көремін. Өйткені, өзімнің барлығыма 
назар  салсам,  Оның  барлығын  (шексіз  құдіретінің  белгілерін) 
көремін. 
Нақыл баянынша шайық Уасыли Рахматуллаһ Жəнид қасына 
келіп: «Ей,  Əбүл  Қасим,  қайшылық  пен  ұқсастық  бір-біріне 
қайшы, теріс, ал одан хабар шекараның нақ (дəл) өзі» деседі, осы 
сөздің мағынасы не?» деп сұрады. Жəнид айқайлаған күйінде: 
«Ол тек қана Онымен, ал Олсыз Ол болмайды. Ал асылында бұл 
екеуінің негізі бір» деп жауап қайырды. Бұл сөзді естіген шайық 
Уасыли күңірене түсіп, жан тəсілім етті. 
Бұл оқиға туралы Жəнид Рахматулла кейінірек былай деген: 
Егер осы сөзді қазір айтар болсам, мына мəжілісте отырғандардан 
ешкім қалмай жан берген болар еді.
ЖЕТІНШІ МАДАҚ
Сүнəн  Əбу  Дарда  кітабында  Əбу  Сағид  əл-Хұдриден  (р.а) 
былай риуаят етілген: «Инна РасулАллаи (с.ғ.с.) қала: «Ман қала 
разитү  биллаһи  раббан  уа  бил-ислами  динан  уа  Мұхаммадин 
(с.ғ.с.)  расулан  уажабат  лаһул-жанна»,  яғни  Əзіреті  Пайғам-
барымыз (с.ғ.с.) айтқан: «Кімде-кім бұл кəлиманы айтса пейіш 
оған  уəжіп  (міндет)  болады,  яғни  кімде-кім:  «Разитү  биллаһи 
раббан» десе, «Мен Хақ Тағаланың рүбүбиятына разы болдым» 
деген болады. Бұл дегені – Аллатан басқа рабб керек емес. Ислам 
дініне  разы  болдым,  басқа  дінді  қажет  етпеймін.  Мұхаммед 
(с.ғ.с.)-ның  Алланың  елшісі,  əрі  пайғамбары  екендігіне  разы 
болдым.  Басқа  пайғамбарлардан  қасиеттері  артық,  əрі  сыйлы. 
Пайғамбарлардың  ең  соңғысы,  ол  дүниеден  өткенінен  соң  да 
оның діні жойылмайды. Ендеше, мүмин бұл кəлиманы ертелі-
кеште жəне басқа уақыттарда да айтып жүрсе оларға үлкен сауап 
əкеледі. Бұл мадақ – Оның тарыдай шашылған жауһар мен інжу-
маржандай  сауаптарын  айтушы  бойына  əсемдеп  тізбектейді. 
Бұл  шүкіршілік  айту – онымен  адамзаттың  ақылы  мен  санасы 

46
əлемнің болмысын түсініп, Оның ұлықтығын мойындап тəубеге 
келгенін тілі арқылы баяндайды. Ол Патшаға шүкірлік болсын! 
Оған ғашық, ынтық болғандардың базары Оның зікірімен өсіп, 
өркендейді.  Ынтық  болғандар  көңілі  Оның  дидарына  жету 
үмі тімен  нұрланып  тұрады.  Зікір  айтушы  бұлбұлдар  гүл  шақ-
та рының  мінбелерінде  Оның  мадағы  мен  мақтауларын  оқиды, 
көкте ұшып нұр таратып тұратын қанділдер. Оның шаттығы мен 
жанады.  Əр  түні  көркем  түспен  жымыңдаған  айдай  сəуле сін 
шашу етеді. Көзі ашықтарға (санасы ояуларға), əрбір ғашыққа 
Алланың  істері  мен  сипаттарын,  ғажап  өнерінің  белгілерін 
көрсетеді.
Əзіреті  пір  Һират  айтады: «Ол  аяқпен  іздеу  арқылы  табыл-
майды,  ділмен  іздеу  қажет».  Ол  мінəжатында  былай  деген: 
«Тəңі рім,  Сені  қалайша  дəріптемеймін,  Сенен  басқа  жоқ  жəне 
Сенімен болмауға не уақыт, не себеп жоқ». 
СЕГІЗІНШІ МАДАҚ
Сүнəн Тирмизи кітабында Əзіреті Ибн Масғудтан (р.а.) былай 
риуаят етілген: «Қала Расулуллаһи (с.ғ.с.): «Лақийтү Ибраһима 
лайлата  үсрийа  би  қала  йа  Мұхаммад  ақриь  умматака  минни 
ассалама  уа  ахбирһум  аннал-жанната  таййибатүт  тұрбати 
азбатул  маьи  уа  аннаһа  қиани  уа  анна  ғирасаһа  сүбханАллаи 
уалхамдүлиллаһи  уа  ла  илаһа  иллАллау  уАллау  акбарү»,  яғни 
Ибн  Масғуд  (р.а.)  айтады:  Əзіреті  Расулулла  (с.ғ.с.)  былай 
деді: «Миғраж  түнінде  Əзіреті  Ибраһим  (а.с.)-мен  кездестім, 
сон да ол маған айтты: «Ей, Мұхаммед (с.ғ.с.), үмбетіңе менен 
сəлем жеткіз, оларға айт: «Жұмақтың топырағы өте мамық, ал 
суы  аса  тəтті,  бірақ  ағашы  жоқ.  Оның  ағаштарын  оған  кіретін 
пенделер өздері осы дүниеде егеді (қондырады). Оның ағаштары 
«СүбханАллаи  уалхамдүлиллаһи  уа  ла  илаһа  иллАллаү  уАллаү 
акбар», əр түнде бір ағаш егуге болады. Сондықтан əрбір мүмин 
жұмақтағы сарайын ағашсыз жалаңаш қалдырмауы үшін,  бұл 
тілеуат сөзді үнемі зікір етулері қажет. Оның есесіне Хақ Тағала 
пенделеріне  түрлі  бау-бақшалар  сыйлық  етеді,  олардың  есебі 
мен шекарасын тек Алла Тағаланың өзі біледі». 
Бұл  мадақ  көз  иелерінің  (ақиқатты  тапқан  сопылар)  тағдыр 
қазасы біткен дəптерінен оның соңын көрмесін (үнемі жалғаса 

47
береді) баян етеді. Бұл шүкірлік есептелінетін нығметтер сияқты 
шекара мен есеп мөлшерлерінен тыс шықпайды. Ол Ұлы Падиша 
дəргаһына шашу болсын! Оны айтқанда Алла үкімдерін жазып 
тұрушы  періштелер,  дарқандық  пен  жомарттық  өрнекшілері 
қасиетті тақтада (Лаухүл махфузде) мадақ пен шүкір нақышта-
рын өрнектейді. Жеті қабат жер мен жеті қат көкте Оның тең-
десі жоқ мақтаулары мен шүкірлерін орындайды. Оның мейірлі 
Нұры мен аян беруші ихсаны (сыйлығы) жүректерден кір (күнə) 
мен  шірк,  шүбəларды  тазартады.  Мүминдердің  діл  айнасы-
на  қонған  қасарысу  шаңын  кетіреді,  тіпті  түрлі  күнəға  себеп 
болатын амалдың бəрін жояды. 
Ей,  дəруіш!  Ендеше  жаман  əдеттер  мен  қате  жаңсақтар  ер-
кіне  бөгеу  салып,  табандылықпен  мақсатыңа  қарай  ұмтылсаң, 
үзлат  (адамдардан  бөлектеніп,  алыстап  оқшаулану)  деп  атала-
тын ерекше сарайға жетесін. Сен ол сарайда бір ғажап мекенге 
барасың,  онда  түн  мен  күндіз  болмайды,  «Лайса  ъинда  роб-
бикум суббах уа масау», мұның мағынасы «Раббыларыңның құ-
зырында күндіз де, түн де болмайды, яғни Оның үшін күндіз бен 
түн бірдей». Ендеше, түн мен күндіз болмаған жерде шығыс та 
батыс  та  болмайды,  мына  аяттағыдай:  «Ла  шарқиййату  уа  ла 
ғорбиййа»
27
,  яғни  «Шығыстан  да  емес,  батыстан  да  емес».  Ол 
əлемді жарық етушінің Нұры мəңгілік, ол Нұрдың бір ұшқыны 
ғашықтар ділі мен жанының рахаты. Ол Нұр ғашықтардың қуа-
ныш сарайына қадам қояды (жарық қылады). Рүбүбият көмегі 
пенде  құлшылығына  демеулік  жасап,  Оның  Нұры  шашылған 
мекеніне жетіп барады «Куллу ман алайһа фанин уа йабқо уажһу 
роббика  зул-жалали  уал–икром»
28
,  яғни  «Жер  бетіндегілердің 
барлығы пəни. Тек ұлылық пен сыйлылық иесі – Раббы ғана бақи 
қалады»  деген  үкім  сүйіктісінің  дидары  мен  көркі  ғашықтық 
сағыныштан зарыққан жүрегін қуанышқа бөлейді. Сонда Алла 
Тағаланың  Нұр  беруші  заты  «Фаайнама  түуаллу  фасамма 
уажһуллоһи»-ден құпияның сырын пендесіне паш етеді, сонда 
пенде өзінің тəні мен жанынан Хақтан басқа нəрсені көрмейді 
«Лайса фи жаббатил уүжуд сиуа». 
27
 «Нұр» сүресі 35-аят.
28
 «Əр-Рахман» сүресі 26-27-аяттар.

48
ТОҒЫЗЫНШЫ МАДАҚ
Сахих Бұхари жəне Сахих Мүслим кітаптарында Əбу Һүрай-
радан (р.а.) риуаят етілген: Қала Расулуллаһи (с.ғ.с.): «Ман қала 
сүбханАллаи  фил-йауми  миатү  маррат  хұттат  хатайаһу  уа 
ин канат мисла забадил бахр», яғни Əбу Һүрайра (р.а.) айтады: 
Расулулла  (с.ғ.с.)  былай  деді: «Кімде-кім  бір  тəулікте  жүз  рет 
«СүбханАллаи уа бихамдиһи» десе, оның күнəлары кешіріледі, 
тіпті олар теңіз көбігі сияқты көп болса да». 
Сондықтан ақырет соңын ойлаған мүминдер мен ақырет үшін 
дайындық жасап жүргендер əр күн осы тілеуат сөзді (тасбихты) 
айтып, өздерін ақырет мамыршылығына дайындауы қажет. 
Бұл мадақ көңілдері (ділдері) сағыныш отында жанып, күй-
ген,  өртенген  жандар  жүрегінің  қойнауынан  шығады.  Бұл  шү-
кір  ділі  сағыныш  дерттіне  ұшыраған  жан-тəнінің  қызуынан 
туындайды. 
Ол құдіретті Тəңірімізге зікір айтамыз, аспан төсіндегі жұл-
дыздар  Оның  əмірінсіз  көзге  көрінбейді.  Жер  қойнауынан 
өніп,  бой  көтеріп  шығатын  сан  алуан  гүл  де,  өсімдік  те  Оның 
əмірінсіз  бой  көрсете  алмайды.  Шексіз  мейірім  иесі  болған 
Патша,  қамыққан  жандардың  жүрегі  Оның  мейірімімен  шат-
тыққа  толып,  ынталы  жандардың  жүздері  қуанышты  хабарлар 
мен  мейірімді  үкімдер  шарапатынан  шаттыққа  толады.  Өзінің 
мейірлі  көмегі  ретінде  қамыққан  жандарға  «А  лам  тара  ила 
раббика» деген жазуын көрсетеді. Өзін хылуетке салып қамығу 
бұрышында сағыныштан сығылғандарға иман Нұрының күшеюі 
арқылы  кəміл  яқинге  ие  болып  мағрифатқа,  махаббатқа  ие 
болулары  туралы  қуанышты  хабарымен  жұбаныш  беріп: «Бұл 
күні  шарапатты  есімдеріммен  шаттыққа  толасыңдар,  Менің 
кемел дидарыма қанық боласыңдар» дейді.  
Нақыл баяны: Əзіреті Хайр Нассаждың шəкірттері бір шер-
кеуге  барды.  Олар  қайта  оралып  Əзіреті  шайықтың  алдына 
кел гендерінде,  олардан: «Қайда  бардыңдар?»  деп  сұрады. 
Олар: «Бір  шеркеуді  тамашалауға  бардық»  десті.  Шайық: «Ол 
жерден қандай сауға алып келдіңдер?» деді. Шəкірттер: «Шер-
кеу  қандай  сауға  келтіруі  мүмкін?»  десті.  Сонда  шайық  шə-
кірт теріне: «Менімен  бірге  жүріңдер,  қандай  сауға  алып  ке-
луге  болатындығын  сендерге  көрсетейін»  деді.  Солайша,  бар-
лығы  əлгі  шеркеуге  барды.  Онда  суретшілер  мен  өрнекшілер 

49
шеркеудің қабырғаларына Əзіреті Иса (а.с.)-ның суретін салып, 
безендіріп  жатыр  екен.  Шайық  ол  суреттің  қарсысына  келіп, 
оған қарап тұрып мына бір аятты оқыды: «А анта құлта линнаси 
иттахизуни уа үмми илаһайни мин дунилла»
29
, яғни қиямет күні 
Хақ  Тағала  Əзіреті  Иса  (а.с.)-ға: «Сен  ба  адамдарға  «Алланы 
қойып,  мені  мен  менің  анамды  екі  Тəңір  етіп  алыңдар»  деп 
айтқан?» – деп сұрақ қойылғандығы туралы аятты оқыды. Сонда 
ғажап бір керемет бой көрсетіп, қабырғаларға салынган сурет-
тер сыбағымен қоса жерге төгіліп, олардың орнына қабырғалар-
дың  барлық  тұсында  «Ла  илаһа  иллалла  уахдаһу  ла  шарика 
лаһу» деген сөздер жазулы тұрды. Сол жерде тұрған кəпірлер дің 
барлығы  бұл  ғажап  кереметтен  аң-таң  болып,  ешқандай  серігі 
жоқ  құдіретті  Аллаға  иман  келтіріп,  мұсылмандық  нығметіне 
қол жеткізді.
ОНЫНШЫ МАДАҚ
Сүнəн Тирмизи кітабында Əбу Зар (р.а.) деген сахаба былай 
риуаят  етеді:  «Құлтү  йа  Расулалла  аййү  каламин  ахбабү  илл-
Аллаи  Тағала,  қала  ма  истафаллоһү  лималаикатиһи  сүбхана 
рабби уа бихамдиһи», яғни Əбу Зар (р.а.) былай риуаят еткен: 
«Йа,  Расулалла,  Алла  Тағалаға  сөздердің  (кəлималардың)  қай-
сыбірі  ең  сүйікті?».  Расулулла  (с.ғ.с.)  айтты: «Алла  Тағала 
періштелерге үйреткен кəлима «Сүбхана рабби уа бихамдиһи». 
Ендеше,  мүминге  уəжіп  болған  амал – ол  осы  Хақ  Тағала 
сүйетін  кəлиманы  тілімен  қайталап  айтып  жүру,  сонда  Хақ 
Тағала  оны  сүйетін  болады.  Өйткені,  пенде  бір  жақсы  сөзбен 
сүйікті  болса,  бір  жаман  сөзбен  шапағаттан  алыстатылған  бо-
лады.  Бірақ  бұдан  өзінің  хабары  болмайды  (сөйтіп,  масайрап 
жүре  береді),  сондықтан  қапылыққа  салыну  дұрыс  емес,  пен-
денің өз тілін түрлі сөздерден сақтауы – даналықтың белгісі.
Осы мадақ мақсатсыздық даласында қаңғып, сандалып жүр ген 
пендені Оның жол сілтеуімен мəңгілік сыйлы дəрежеге жеткізеді. 
Бұл шүкір, күнə істердің аясында ойын-күлкіге са лынып жүрген 
азғындар  Оның  қуанышты  хабар  беруші  ихса нымен  ақылдың 
байсалдылық  кемеліне,  шынайы  тəубе  мен  күнəларынан  өкіну 
29
 «Маида» сүресі 116-аят.

50
қаруымен бақилық бақытқа жетеді. Ол Пат шаның белгілеп қойған 
жоғары  деңгейдегі  басқыштарына  сай  жарық  етуші  күн  жерге 
шуағын шашады «Уаш-шамси уа зухаһа». Ол – бір қадір Тəңір, 
күннің  жүзі  Оның  нұр  құдіреті мен  нұр  шашады  «Йасьалунака 
анил–аһиллати»
30
,  яғни «(Ей,  Мұхаммед,  адамдар)  сенен  жаңа 
туған  айлар  туралы  сұрайды»  деген  аятын  ақ  жүзділерде  жəне 
«Уан-наһари иза жалаһа»
31
, яғни «Жəне оны (күнді) паш еткен 
күндізбен»  деген  аятын  жазады.  Ал  қарайған  жүздерде  «Уал-
лайли иза йағшаһа»
32
, яғни «Жəне оны (күнді) жабушы түнмен» 
деп  тағдыр  етілген  тіршілігін  көрсетеді.  Бұл  тіршілік  əлемінде 
адамзат  əлімсақтан  бастап,  тағдыры  мəлім  болатын  ақырет 
күніне  дейін  тоғыз  басқыштан  өтеді  «Латаркабүнна  тобақан 
ан  табақ»  аятында  айтылғанындай,  міскиндерге  (пақыр-кедей, 
əлсіз-шамасыз пен делер деген мағынада) «Уас-самаи уа ма бана-
һа»  аспан  күмбезін  тұрғызды,  содан  бүкіл  əлем  жаратылысы 
бұлардың  хикметінен  аң-таң  болған  хəлде  сөйлеуші  Алланың 
құдіретінің шегін тани алмай əуре болады. 
Нақыл  баяны:  Күндердің  бірінде  арифтердің  сұлтаны  Бая-
зид Бастами қаддаса сирраһүдің алдында отырған адамдардың 
бірі: «Саһл  ибн  Абдұлла  Тастари  (р.а.)  мағрифатты  баяндауда 
өте көп сөздер айтады» – деді. Оның бұл сөзіне Əзіреті шайық 
былай  деді: «Саһл  əлі  дарияның  жағасында  тұр,  алға  жүрсін, 
аяғын  дарияға  сұқсын».  Сонда  отырғандар  сұрады: «Дарияға 
түскеннің белгісі қандай?». Шайық айтады: «Екі жаһаннан қол 
үзіп, дүние қызықтарынан арылу». 
«Шарх  таъаррүф»  кітабының  баяндауынша,  Хақ  Тағаланың 
айбаты Əбу Хамид Қаттанда орын алған еді. Ол намазға тұра-
тын болса «Аллау акбар» десімен-ақ, қорқу əсерінен айырылар 
еді. Өмірінің соңына дейін осындай жағдай жалғасты. 
Нақыл баяны: Шайық Яхя ибн Мағазрази (р.а.) былай деген: 
«Көңіл жауапкершілігінің үш белгісі бар: қорқу, үміт, махаб бат. 
Қорқу – барлық күнə істерден арылып, алыс  болу үшін  керек. 
Үміт – мал-дүниеге  əрі  денесіне  қатысты  құлшылықты  үздік 
орындауға  ынталандырады.  Махаббат – ол  дəрежеде  керек. 
«Кімге не нəрсе сүйікті болса, оның зікірін көп айтсын», ешбір 
жан Оның зікірінен қапыда қалмауы керек. 
30
 «Бақара» сүресі 189-аят.
31
 «Əш-шамс» 3-аят.
32
 
«Əш-шамс» 4-аят.

51
Ей,  дəруіш!  Қапылық  құрсауына  өзіңді  алдырма.  Əлемдегі 
жаратылыстың арасында есепсіз тілеуат айтып, Алла Тағаланы 
ұлықтайтын  періштелер  бар.  Олардың  əрбірі  үнемі  қызметке 
дайын  жəне  үздік.  Мына  аятта  айтылғанындай,  «Нахну  ну саб-
биһу  бихамдик»  үкімінде  табанды  тұратын.  Аса  зор  артық шы-
лық  пен  құдірет  иесі  болған  үкім  етуші  Алла  махаббат  пен 
мағрифат  жолын  көрсетуді  мақсат  етіп,  топырақтан  дертке 
шалдығушы Адам лайын илеп, Өз қолының құдіретімен сурет 
беріп  «Пендеге  Хақ  Тағала  қалағанындай  сурет  береді»  деген 
құпияны мəлімдеді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал