МАҒарижун нүБҮууа мұхаммедтің пайғамбарлық ДƏлелдері



жүктеу 3.01 Kb.

бет3/20
Дата08.06.2017
өлшемі3.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

І. КІРІСПЕ
Бізге  мəлім  болғандай,  атақты  ғұламалардың  басым  көпші-
лігі жəне хадис ғалымдарының ең саңлақтарының айтуы бойын-
ша, Əзіретінің туылған күні құтты рабиғул аууал (ай кален да-
ры бойынша 3-ай, март)
 
айының он екінші күнінен орын алған. 
Сондықтан аталған бөлім он екі санымен белгіленіп (он екі бө-
лімнен тұрады): Мадақ айтудан, мінəжаттан, бақыттылар Мыр-
засының  сипаттарын  сипаттау  мен  дəріптеуден  тұратын  етіп 
жүйеленді (Алладан көмек жəне мақсатқа жеткізуді сұраймыз).
Кітаптың кіріспесі мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Мадақ айту; 
2. Мінəжаттар; 
3. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның он екі сипаты; 
4. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның қасиеттері мен ерекшеліктері; 
5.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ға  салауат  айтудың  сауабы  мен 
артықшылықтары.
1. МАДАҚ АЙТУ
Ең алдымен білу керек, барлық ғұламалар мынадай ортақ пі-
кір  айтқан:  Əрқандай  нəрсе,  егер  оған  мəн  беру  дұрыс,  қажет 
болса,  оның  алдында  (басында)  Аллаға  мадақ  айту  мүстахаб 
(сүйікті  амал)  саналады.  Кітап  жазуды  бастау  алдында  жəне 
дəріс бастау алдында, хұтба алдында «Алхамдүлилла уас-сала-
тү  уас-саламү  ала  расулилла»  деп  айту  керек.  Өйткені  бүкіл 
əлемнің Раббы Əзіреті Хаққа мадақ, Оның Пайғамбары (с.ғ.с.)-
на салауат айтуда көп сауап бар.  
БІРІНШІ МАДАҚ
Сахих Мүслим кітабында Əбу Һүрайрадан (р.а.) риуаят етіл-
ген: «Қала  Расулуллаһи:  «Калиматани  хафифатани  алал-ли-
сан, сақилатани фил-мизани илар-рахмани сүбханАллаи уа би-
хамдиһи, сүбханАллаил-азим», яғни: Əлемнің мақтанышы, адам-
заттың  асылы  Əзіреті  Пайғамбар  Мұхаммед  Мұстафа  (с.ғ.с.) 
былай деген: «Мына екі калима тілге (айтуға) жеңіл, ал ақырет 
таразысында салмақты (ауыр). Сондай-ақ Əзіреті Рахманға аса 

32
сүйіктісі – «сүбханАллаи ва бихамдиһи ва сүбханАллаил-азим»
Бұл  екі  калима  əрбір  мүминнің  тілінде  қайта-қайта  айтуы на, 
жүрегінде  нық  орналасқан  болуына  аса  лайықты  да,  қажет. 
Өйт кені  шарапатты  ілімдер,  көптеген  мағыналар  бір-бірін  то-
лық тырады.  Ендеше,  сүбханалла  (Аллаһ  пəк,  кемістіксіз)  деу 
арқылы, яғни «Алла Тағаланы барлық айыптан пəк, барша ке-
містіктен, нəпəк (пəк емес) нəрселердің белгісінің бəрінен, қате 
иғтиқадтардан  (сенім  қағидалары),  иғтиқадтары  бұзық  болған 
адамдардың  иғтиқадтарынан  пəк,  жоғары  деп  иғтиқат  етемін» 
деу арқылы күллі ақау сипаттардың бəрінен Алла Тағаланы пəк 
деп айтқандық болады. Ал, «бихамдиһи» (Аллаһқа шүкірші лік 
білдіру) дегенде, барлық нығыметтерін назарда ұстап, олардың 
баршасын жаратқан Патша (Малик) сипаты бар Алланың кəміл 
сұбұтия  сипаттарын  бірге,  қоса  мойындап  сипаттағаны  болып 
табылады.  
Ақырет  таразысының  əрбір  табағы  дүние  көгінің  (аспаны-
ның) үлкендігіндей екен. Жомарт Патша оны толтырып, сауап 
беруге уəде етті. Бұл туралы мынадай риуаят етілген (сөзбе-сөз 
ай тып жеткізілген): Əзіреті Шұғайб (а.с.) пайғамбар мінəжатын-
да  Алла дан  мизанды  (ақырет  таразысын)
 
көруді  сұрады  (тіле-
ді). Ми занның үлкендігін көргеннен соң былай деді: «Ей, сый-
лықтарды  сыйлаушы,  оны  толтыруға  кімнің  шамасы  келеді?» 
Жомарт, əрі рақымшыл (Алла Тағала) былай деді: «Ей, Шұғайб, 
мына аталған сөздерді бір рет қана айтса, яғни: «сүбханалла уа 
бихамдиһи» десе болғаны, Мен мизанды толы етемін». Ендеше, 
сауап үмітінде Аллаға мадақ, мақтау айтамын. Бұл мадақты ай-
ту себепті өрнекші шебер Алланың құдіретімен пенденің сана-
сы мен көңіл сарайының болмысы онымен (мадақ айтқандығы-
ның шарапатымен) өрнектеулі етіледі. Бұл шүкір, хикметтер ді 
жинақтаушы,  оларды  ізденіп  үйренуші  «Əринал-ашйаьа  кама 
һия»,  яғни  «Біздерге  нəрселердің  хикметін  көрсете  гөр»  деп 
із дену  майданында  ынтық  болып  жүргенінде,  оның  Нұрымен 
ізденуі жеңіл етіледі. Мадақтың жетуімен жамал-дидары сана-
сының  айнасында  оның  бейнесімен  елестейтін  болады.  Бұл 
шүкір  шарапатынан  ұлықтық  салтанаты  Алланың  құдіретімен 
көрініс беретін болады. Ол Патшаның дəргейіне шашу болғай, 
көркемсөз  бұлбұлдары  шебер  тіл,  күміс  таңдайларымен  Оның 
мадағы мен мақтауларының хош əуенін жыр-өлең етеді. Шүкір 
етушілер  бұл  сыйлық  етілген  жомарттық  ихсандардың  (сый-

33
лықтардың)  өтеуі  ретінде  таңертең  де,  кешқұрым  да  үзіліссіз 
қайталаумен  болады.  Бір  Тəңірдің  шарапатты  есімін  зікір  ете-
мін. «Ихлас» сүресінде оның таухиді баян етілді. Мадақ айту-
шылар  мен  дəріптеп  шүкір  етушілер  Оның  жеке-дара  Тəңір 
екен дігінің  мəн-жайын,  сыр-құпиясын  егжей-тегжей  аян  да, 
баян  етеді.  Алланың  дидары  оны  іздеу  жолына  түскендердің 
жаны  мен  саналарына  «жəзəбə  шынжырын» (зікір  кезінде  мас 
болу алқасы) байлады. Сөйтіп, ғашығымен кездесу арманының 
қуа нышы мағрифат пен ақиқат дəрежесіне жеткен сопылардың 
ішкі  сезімдеріне  ғажап  көркемдік  береді.  Олардың  жүректерін 
(ділі мен санасын) қараңғылық пен түрлі күдіктерден пəк етті. 
Ей,  дəруіш!  Пайдакүнемдік  шылбырынан  еркіңді  тізгіндеп, 
неліктен бұл жалған дүниенің пікіріне барасың? Бұл күйіп, күл 
болатын  пəниге  неліктен  көңіл  қоясын?  Жүрегіңді  бұлардың 
бəрінен  үзіп,  бір  ғана  ешқашан  жоқ  болмайтын  Патшаға,  еш-
қашан жойылмайтын Сұлтанға (Алла Тағалаға) байла. Өйткені 
Оның кибрия жамалы (ұлық дидары) ешқашан пəни болмай ды. 
Оның кемелдігінің бақилығына төмендеу немесе күн сияқты ба-
тып кету деген сөзді қолдануға да болмайды. Оны іздеуге деген 
пəни  тəнге  қатысты  бір  хикаят:  «Қүууатүл  құлуб»,  яғни  «Жү-
ректердің  қуаты»  деген  кітапта  айтылғанындай:  Арш  ағлаға 
(Ұлық тақ деп аталатын ең үлкен жаратылыстардың бірі), бүкіл 
əлемге  əр  күн  Нұр  мен  жылылық  беретін  Сұлтан  бұл  əлем-
нен  тұңғиық,  қараңғылық  (күпір  мен  надандық)  пердесін  күй-
діріп,  мінəжат  етуші  жүректерге  Нұр  (ілім-мағрифат)  беріп, 
таң  аттырғаннан  кейін,  əу  бастағы  жаратылыс – Адам  атадан 
таратып,  бұл  əлем  қияметке  жеткенге  дейін  қаншама  адамзат 
дү ниеге келіп, өтетін болса, олардың сағынышына сай, рухани 
нұрландырушы аяны көрініс беріп тұрады. Адамдардың көбісі 
(алаудың  жалынына  ұрылған)  көбелектер  сияқты  улуһияттың 
(Тəңірлік құдіретінің) айбатынан жанып, бар болмыстары күйіп, 
күл  болады.  Сонда  толық  күйіп,  күл  болудан  аман  тұрған  бір 
топ  пенделер  жандарын  ғашықтық  махаббатымен  сығымдап, 
ынтықтықпен  күтуде  қайым  болады.  Бұл  жағдай  əу  бастағы 
Адам  атадан,  ең  соңғы  қиямет  қайым  болғанға  дейін  жалғаса 
береді. 
Ей, ғашық! Жер мен көкте, бүкіл жер жаһанда ғашықтық ма-
хаббаты  нəтижесінде  тəн  мен  сана  айнасында  дидар  қуаны шы 
көрініс береді. Тəн мен жанның қуанышы мен махаббат қызуы 

34
көңіл əлемінің аспанында, немесе қиял əлемінде көрініс береді. 
Одан ғашықтық деп аталатын сезімнің махаббат суреті көрі ніс 
береді.  Осылайша,  көпшілік  ізгі  жүректерде  ғашықтық  сезімі    
қуат  алып,  орнығады.  Шам  мен  Иракта  ғашықтар  көрініс  бер-
ме ген еді, сол дəуірлерде соқыр көкіректікке салынған адам дар 
дүние  қызықтары  мен  əшекейлеріне  ден  қойып,  бұзықтық тың 
шыңына  шыққан.  Əу  баста  Адам  ата  денесі  жаратылып,  жан 
бе рілгеннен  кейін  оны  періштелер  көретін  тақ  үстіне  қойып, 
бар лық періштеге Адам (а.с.)-ға сəжде ету бұйырылды. Сөйтіп, 
тір шілік  парағында  ғашықтықтың  суреті  суреттеліп,  махаббат 
заңы мен ынтықтық қуанышы, нəубет (кезек) «таһаду уа тах-
бу»  бой  көрсетіп,  ғашықтардың  зікір  дауыстары  жаңғы рып, 
ынтық болғандардың сағыныш күйлері өмірге келді. Күллі жа-
ратылыстағы  жалғыз  Алла  Тағаланың  мадағын,  кемістіктен 
пəк күш-құдіретін, Оның көркем есімдерін айтып, қайталаумен 
болады.  Қуанышқа  толы  таң  жарығы  да  Оның  таң  аттырушы-
лық  шарапатынан  туындайды.  Мұндай  жағдай  раббани  (бар-
лық жаратылысты тұтып, тəрбиелеп, басқарып тұратын) артық-
шылық,  жомарттық  иесі – Алла  Тағаладан  басқаның  қолынан 
келмейді. Сондықтан, ей, ариф (Аллаһты танушы), «Ма раəйта 
шайан, илла уа қад раайтАллаа фиһи», яғни «Не нəрсе көрсең 
де,  міндетті  түрде  онда  Алланың  құдіретін  көресің»  деген  ма-
ғына шығады. Бұған «Сəнүриһим аятана фил-афақи уа фи ан-
фүсиһим»
15
, яғни «Біз оларға атыраптағы жəне өздеріндегі (Алла 
кұдіретін көрсетіп тұратын) белгілерімізді көрсетеміз» деген аят 
та дəлел болады. Мұны ақыл иелері тұнық оймен зерделеп, жан-
тəнімен тыңдайды. Осылайша, Адамды өмірге келтіртіп, уақыт, 
сағаты жеткенше тағдырға жазылған үкімін орындайды. Оларға 
жарық  беруші,  жарық  жол  көрсетуші  нұрлы  заты  Мұхаммед 
(с.ғ.с.)-ды жаратты. Сөйтіп, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның: «Кунту 
канзан  махфиян  фаахбибтү  ан  аърақ»,  яғни  «Мен  бір  құпия 
тұр ған  қазына  едім»  деген  сөзі  көрініс  берді.  Содан  махаббат 
ша рабын  сыйлаушы,  əлем  иесі  болған  Алланың  кемелдік,  кө-
рікті  дидары  ғашықтардың  жанына  қуат  беріп,  ғашықтық  ша-
рабының  тамшысы  олардың  көңілдерін  тірілтеді.  Мыңдаған 
ғашықтардың топтары ғашықтық шарабынан мас болып, оның 
зауқ-шауқынан  (зауықтанып  шаттануынан)
 
көңіл  баулары ның 
15
 «Фүссилат» сүресі 53- аят.

35
бұлбұлдары  қуанышқа  толы  əуендерін  шарықтатып:  «Лайса 
фил-уүжүди сиуа», яғни «Тəн мен жанда Одан басқа нəрсе жоқ» 
деген  ұстанымды  ынтық  болған  ізденушіге  жеткізіп,  қаншама 
мас,  диуана  болған  ғашық  жүректерден:  «Минал-қалб  илар-
рабби», яғни «Жүректен Раббыма» деген сиқырлы күй-əуеніне 
қосылып, ынтық болған рухтар мен шалқыған жүректер «Уа фи 
анфусикум афала тубсирун»
16
, яғни «(Ей, адамдар) сенетіндер 
үшін жер жүзінде анық белгілер бар. (Сондай белгілер) өздерің-
де де бар. Көрмейсіңдер ме?» деген аяттағы өмір беретін тірі лік 
суын ішеді.
Нақыл баяны: Күндердің күнінде Мəжнүн ақыл-есін жо ғал-
тарлық  дəрежеде  кемел  ғашықтықпен  «Лəйлінің  мекені  осын-
да»  деген  жерге  іздеп  барып,  ғашықтық  отында  өртеніп,  жү-
регін  жаулап  алған  сүйіктісінің  көркі  мен  дидарын  ойлап,  көз 
алдына елестеткенде өзінің қай дəуір мен қай мекенде екендігін 
ұмытатындай күйге түсті. Əрбір үйдің есіктері мен дуалдарын 
ұрып,  қағып,  ауылдың  тасы  мен  топырағына  басын  ұрып,  ау-
нап, тербеліп жүрді. Бірде бір кісіден сұрап білсе, Лəйлі дидары 
мұнда  жоқ  екен.  Ол  адам: «Босқа  тас  пен  топыраққа  аунаған-
нан,  əр  үй  мен  қабырғасын  қағып,  үміттеніп  жүргеннен  не 
пайда шығады?» – деді. Мəжнүн қасам іше тұрып былай жауап 
айтты: «Мен Лəйлі дидарын іздеуге шын ғашықтық ықыласпен 
қадам  қойдым,  сол  шынайы  ғашықтық  шарапатынан  Лəйлі нің 
дидарына қиялыммен жеттім. Енді, санамда орын алған Лəйлі-
нің  дидары  мен  сұлу  бейнесінен  басқа  нəрсені  көрмеймін», – 
деді. 
ЕКІНШІ МАДАҚ
Сахих  Мүслим  кітабында  Əбу  Мұса  əл-Ашари  (р.а.)  былай 
риуаят еткен: Қала Расулуллаһи (с.ғ.с.): «Аттуһуру шатрул иман 
уалхамдулиллаһи йамлаул мизан уа субханаллоһи уа алхам дулил-
лаһи йамлаани ау йамлау ма байнас самаи уал-арди», яғни «Дəрет 
иманның жартысы. «Уалхамдулиллаһи» деудің сауабы таразыны 
толтырады. Ал, «Субханаллоһи уа алхамдулиллаһи» деу жер мен 
көктің ортасын толтырады. Сондықтан кімде-кім үнемі дəретпен 
16
 «Əз-зарият» сүресі 20-21- аят.

36
жүруді өзіне мақсат етіп, осы шарапатты кəлималарды əр уақыт 
тастамай қайталап жүруді өзіне əдет етсе, ондай адам шынайы 
бақытқа жетеді. Енді осы мадақты айтқанның шарапатынан, оның 
сауабы толы бауларынан жұпар иістер сезіп, оның көкжиегі нен 
Нұр мен кереметтер бой көрсетеді. Ол Патша құзырына ша шу 
болсын, жеті қабат көкті ешбір құрал-саймансыз тұрғызып, ол 
туралы  Құранда  былай  деді:  «Уас-самаа  банайнаһа  биайди  уа 
инна ламаусүъун»
17
, яғни «Көктерді құдіретімізбен тұрғыздық. 
Шын мəнінде құдіреттіміз». Жер бетін түрлі өрнек, əшекеймен 
безендіріп:  «Уəл-арза  фарашнаһа  фаниъмал–маһидун»
18
,  яғни 
«Жерді төсеп қойдық. Нендей жақсы төсеушіміз» деп баян етті 
жəне  сан  түрлі  гүлдер  мен  жемістерді  Өзінің  илаһи  (Тəңірлік)  
құдіретімен  түрлі  тəсілде  көзге  көрсетіп:  «Фанзүр  ила  асари 
рохматиллаһи», яғни «Оның алғысының əсеріне назар сал» деп 
аян  етті.  Өзінің  шексіз  құдіретімен  күнді  ажарлаушы  жарық 
етіп  көк  майданына  «Кун  факана»,  яғни  Алланың  «Бол  деп 
бұйырды,  болды»  деген  бұйрығымен  мəңгі  айналып  жүретін 
етті.  Бұл  туралы  «Уаш-шамсү  тажри  лимустақар-рилла-
һа  залика  тақдирул  азизил-алим»
19
,  яғни  «Күн  өзіне  белгілеп 
қойылған  желісі  бойынша  жүреді.  Бұл  құдіреті  үстем,  білуші 
(Алланың  жазған)  тағдыры»  деген  үкіммен  Нұр  шуақтатып 
тұрушы  шырақты  көгілдір  аспанның  қойнауына  ендіріп,  оның 
нұрын  сəулелендіріп  тұратын  айды  «Уал-қомаро  қоддарнаһу 
маназила  хатта  адакал  уржунил  қодим»
20
,  яғни  «Жəне  айды 
да,  қашан  ол  ескі  құрма  бұтағы  сияқты  болып  қалғанға  дейін, 
түрлі  орындарға  тағдыр  етіп  белгілеп  қойғанбыз»  деген  үкі-
мімен  адамдарға  ұлық  хикметтің  белгісі  етті.  Сөйтіп,  жеті 
қабат  көкті  аспан  парақтарына  «Сабъүл-масани»  аятын,  құді-
рет  кітаптарының  əділеттілігі  мен  хикметті  белгілерін  жаз ды. 
(Көк ті)  жұлдыздар  тобымен  көркемдеп,  əсемдеп  астрано мия 
ілімі  үшін  септік  болатын  белгілер  орнатып,  «Инна  заййан нас 
самаад-дуня  бизанийатил  кауакиб»
21
,  яғни  «Əлбетте,  Біз  дү-
ние  көгін  жұлдыздармен  безендірдік»  деген  үкімімен  Өз  қа-
лауына  сай  көгілдір  аспан  қойнауын  күріштей  шашылған  ін-
17
 «Əз-зарият» сүресі 47- аят.
18
 «Əз-зарият» сүресі 48- аят.
19
 «Йəсин» сүресі 38-аят.
20
 «Йəсин» сүресі 39-аят.
21
 
«Саффат» сүресі 6-аят.
 

37
жудей  етті.  Одан  соң  баудағы  түрлі  гүл,  жұпар  мен  райхан 
сияқты топырақтан Адамды «Лақад халақнал инсана фи ахсани 
тақуим»  деген  үкімге  сай  көркем  де  кемел  бейнеде  жаратып, 
барлық  ғашықтар  тамашалап  үлгі-өнеге  алатын  ғибрат  белгісі 
етті.  Одан  «Əнни  жоилүн  фил  арзи  холифа»
22
,  яғни «(Ей,  Мұ-
хаммед  (с.ғ.с.))  кезінде  (Адамды  жаратардан  ілгері)  сенің 
Раб бың  періштелерге  «Мен  жерде  орынбасар  (етіп  Адамды) 
жаратамын», – деді» деген үкіміне сай, сыр мен құпияны мəлім 
ету  үшін,  ой  толғайтындарға  нұрлы  белгі  болуы  үшін  оны 
жалпы  тіршілік  иелерінің  сəн  көрмесінің  қазынасына  қойды. 
Бұл туралы мына аят мəлімдейді: «Уа лақод холақнал инсана уа 
наъламу ма тууасуису биһи нафсуһү уа нахну ақробу илайһи мин 
хаблил  уарид»
23
,  яғни  «Əлбетте,  адамзатты  Біз  жараттық  жəне 
оған,  оның  нəпсісі  не  нəрсені  өткізетінін  білеміз.  Өйткені,  Біз 
оған күре тамырынан да жақынбыз». 
Ендеше,  ей  дəруіш!  Махаббат  майданына  қадам  басамын 
десең, шын ықыласыңмен жəне тайсалмайтын, жолдан таймай-
тын  ниетпен  баста.  Ниетіңді,  ынта-ықыласыңды,  күш-қуатың-
ды іздеген жолың мен мақсатыңа жетуге бүкілдей арна, сонда 
іздегенің мен мақсатыңа жететін боласың. 
Нақыл баяны: Бір жомарт мінезді, ерекше қасиетке ие адам, 
яғни  Ибраһим  (адамның  есімі)  қаддаса  сирраһү  (Аллаһ  оның 
сырларын  қасиетті  еткей)  мына  бір  оқиға  туралы  былай  əңгі-
мелеген: Бір жылы қажылық жасауды мақсат етіп, ұлық та ша-
рапаты  мол  Қағба  бағытына  сапарға  аттандым.  Алла  Тағала 
қалауы бойынша мені Рум (қазіргі Туркия) тарапына жүргізді. 
Осылайша,  сапарымның  бағытын  Исламбұлға  (Стамбұл – əлі 
мұсылмандар  қолына  өтпеген  дəуірде  осылай  аталған)  бұрып, 
ол биік қорғанды, алынбастай қалаға жетіп бардым. Сонда аса 
биік  бір  сарайды  көрдім.  Қақпасы  алдында  бірнеше  адам  топ-
талып  тұр  екен.  Жақын  келіп,  олардан  жағдай  сұрадым.  Қала 
əміршісінің қызы жындылық дертіне шалдығыпты.   
Содан  басы  қатқан  қала  əміршісі  адамдарды  жинап,  қызы-
ның дертіне шипа табатын емші іздеуге əмір берген екен. Менің 
жүрегім мұнда бір сырдың бар екендігін сезіп, қала ішіне кіру ге 
беттедім. Қақпа күзетшілері: «Сен қала əміршісінің туысынан-
22
 «Бақара» сүресі 30-аят.
23
 
«Қаф» сүресі 16-аят.

38
сың  ба?» – деп  сұрады.  Мен  ішке  кіруім  керек  болғандықтан: 
«Иə», – дедім.  Осылай  ішке  кірдім.  Сарай  қызметкерлері  мені 
ертіп,  жүзі  он  төрт  күндік  толған  айдай  нұрланып  тұрған 
бір  ару  қызды  көрсетті.  Ол  маған  беттеді.  Сəлем  бердім.  Ол 
ескі  танысындай: «Əлайкүмүс-салам,  ей  ерекше  қасиет  иесі 
Ибраһим!» – деді.  Мен  аң-таң  болған  күйде: «Мені  қайдан 
білесің (танисың)?» – дедім. Ол былай жауап айтты: «Бұл шыбын 
жанымды  Раббыма  тəсілім  етуді  (иман  келтіріп  мұсылман 
болуды) ниет еттім». Мен Алла Тағалаға мінəжат етіп: «Өзіңнің 
достарыңның арасынан, ерекше қасиетке ие пенделеріңнің бірі 
менің қасымда болса екен», – деп тіледім. Сонда Хақ Тағала аян 
беріп: «Сен  қамықпа.  Ибраһим,  ерекше  қасиетке  ие  досымды 
қасыңа баруға жолдаймын», – деді. 
Содан  соң  ол  қыздан  «Саған  көрсетілген  осыншама  ұлық 
құрметтің  себебі  неде?» – деп  сұрадым.  Ол  былай  түсінік 
айтты: «Түндердің бірінде аулаға шығып, көкке назар салдым. 
Сонда шебер əрі барлық хикметтердің хабаршысы Алла Тағала 
маған шынайы ақиқат туралы аян беріп, менің жүрегіме «Аллаү 
əхад  уар-расул  Ахмад»  деген  кəлима  құйылды.  Осы  сөзді 
айтқандығым  себепті  адамдар  мені  жынды  болдыға  санап, 
«Мажнуна» (жынды) дейтін болды».
Оның бұл сөздерін естігеннен соң: «Біздің елге барғың келе 
ме?» – дедім. Ол: «Сенің еліңде нендей нəрсе бар?» – деп сұрады. 
Мен: «Мекке-Мəдина жəне Бəйтүл-мақдис бар» – дедім. Сонда 
ол: «Енді мына жаққа назар салшы», – деді. Ол қол созған жаққа 
қарағаным  сол-ақ,  көз  алдымда  Мекке-Мəдина  жəне  Бəйтүл-
мақдис бой түзеп тұрды. Көріп тұрып, Алла Тағала құдіретіне 
таң  қалдым.  Сосын  əлгі  қыз: «Енді  уақыт  таяп  қалды,  қызығу 
мен  қуаныш  шегі  шекарасына  жетті», – деді  де, «шаһадат 
кəлимасын» айтып, жан тəсілім ете берді.
ҮШІНШІ МАДАҚ
Сахих  Мүслим  кітабынан  келген  риуаятта  Жауирия  үммүл 
мүьминин (р.а.) былай деген: «Иннəн-нəби (с.ғ.с.) хаража мин 
индиһа  бүкратан  хийна  саллас  сүбха  уа  һийа  фи  масжидиһа 
сүмма ражаъа баъда ан азха уа һийа жаласат. Фақала ма залат 
алал-хали аллати фариқтүки алайһа қалат наъм фақалан-Нəби 

39
(с.ғ.с.): лақад құлтү баъдаки арбаъа калимат саласу маррат лау 
уазанти бима құлтү мүнзүл-йаум лауазантаһүнна сүбханАллаи 
уа бихамдиһи аддада халқа уа рази нафса уаза арша уа маддад 
калиматаһү»  яғни, «Пайғамбарлар  сұлтаны  Пайғамбарымыз 
(с.ғ.с.)-ның əйелі Жауирия (р.а.) былай риуаят еткен: «Пайғамбар 
(с.ғ.с.) менің қасымнан сыпайылықпен сыртқа шығып кетті де, 
«Таң» намазын оқитын кезде келді. Ол кезде мен намаз оқитын 
жерімде отырған болатынмын. Намаз оқып болғаннан кейін ол 
маған: «Намаздың аяқ жағында сенен шамалы кідірдім, байқадың 
ба?» – деді. Мен: «Иə» – дедім. Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деді: 
«Мен сенен кейін төрт кəлима айып, үш реттен қайталадым. Егер 
сен осы күннен бастап, мен айтқан кəлималарды айтатын болсаң, 
оларды былай айт: «СүбханАллаи уа бихамдиһи аддада халқаһү 
уа раза нафсаһү уазанат аршаһү уа маддада калиматаһү» деді. 
Бұл  хадис  бірнеше  түрлі  мəтінде  риуаят  етілген.  Олардың  ең 
сенімді деп танылғанын келтірдік. Ендеше, бұл хадистегі Əзіреті 
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ның  айтқан  хадисінің  мағынасынан 
мəлім болғаны, мұндағы айтылатын сөздер қысқа болғанымен, 
олардан  көп  сауап  болады.  Оның  мүминге  қажет  болғаны, 
осы  келтірілген  тасбих («Сүбханаллаһи»  деп  айту)  пен  мадақ 
айтуды  таңертең  де,  кешқұрым  да  үзбей  қайталап  сауап  табу. 
Міне, осылай мадақ айту арқылы адам жаны жұмақ бауы сияқты 
гүлдермен безендірілген жəне Алла Нұрымен нұрландырылған 
болады.  Осындай  мадақтар  жеке-дара  Патша – Алла  Тағалаға 
тəн.  Ол  аспан  шатырын  мыңдаған  жұлдыздармен  безендіріп, 
көркемдеді. Оның əмірімен Нұр таратушы күн аспан шатыры-
ның  ішіне  жарық  береді.  Хош  иістерді  таратушы  Атарад  жұл-
дызы (хош иіс таратушы деген мағынада) Оның бұйрығына сай 
хик меттердің хош иістері бұл үлкен дəргейді (бүкіл барлықты) 
хош иісті етеді. Зүһра (Шолпан) жұлдызы ерте таңда өміршеңдік 
пен қайраттылық сыйлайтын танбурының (көп ішекті, домбыра 
сияқты əуен аспап) сиқырлы əуенімен əуендеп, неше түрлі күйі 
мен  өлең-сазы  Оның  қамқорлығы  мен  қорғауының  астында 
таралып жатады.
Марих  (Марс)  жұлдызы  əсем  парақ  бетін  бояп,  көгіл дір-
лендіру  мен  зерлеумен  зерлеп,  əшекейлеп  безендіру  құдіретін 
көрсетеді.  Зүхал  (Сатурн)  жұлдызының  иелері  (яғни  ғұлама-
лар) қателік пен адасуға бет бұрған, бүлікшілік пен бұзақылық-
қа  ден  қойғандарға  Оның  ұлық  үкімін  жеткізетін  болады. 

40
Сүһайл жұлдызы (Канопус) ямани əйел хабаши (Сүһайл – Ка-
но пус  жұлдызы,  оны  негр  əйеліне  баламалдаған)  сияқты  сыр-
лардың  бөлмесінде,  інжу-маржан  сияқты  нұрланған  кеңіс-
тік те  Оның  ишаратына  сай  билеп,  айналып  жүреді.  Жəузаь 
(Орион  немесе  Егіздер)  жұлдызы  тұмар  сияқты  тіл-сұқтардың 
зиянкештіктерінен «Хифзан мин кулли шайтонин марид», Оның 
қарсы  шараларының  септігін  байлап  тастайды.  Əсемделген 
жəне нақышталған Үркер (Сүрайя) аспанға шашылған күріштер 
сияқты, Оның мейірімділігінің шарапатынан тыныштық, аман-
саулық аясында болады. Үйек (құтб) тыныш, жайшылық жəне 
байсалды да айбындылық тағына орныққан хəлде Оның Нұрын 
көріп, тамашалап тұрады.  
Шайық  Масур  Халлаж  айтады:  Оны  иман  Нұрымен  іздеу, 
жұлдыздардың  нұрымен  күнді  іздеген  сияқты  «Əттарфү  илл-
Аллаи биадад анфасил-халаиқ»-дур, яғни «Есепсіз халайық тың 
назары Аллаға қаратылғаны сияқты».
Һират пірі былай дейді: «Білім ізденушілер үш түрлі болады: 
бірінші  түрі – болатындар,  бірақ  білмейтіндер;  екінші  түрі –  
білетіндер, бірақ болмайтындар; үшінші түрі – кəміл болатындар, 
əрі білетіндер, бірақ болып білмейтін, біліп болмайтын адам дар 
тобынан жоғары тұрады. Зергер сияқты, ол өлшемді де, өлшеу 
үлгісін де өте жақсы біледі, солай бола тұра зиянға ұрынады. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал