МАҒарижун нүБҮууа мұхаммедтің пайғамбарлық ДƏлелдері



жүктеу 3.01 Kb.

бет2/20
Дата08.06.2017
өлшемі3.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

БИСМИЛЛАҺИР РАХМАНИР РАХИМ
Ей, сыйлықтарды сыйлаушы жəне бекітулі, жасырын, құпия 
нəрселерді паш етуші Алла, барлық мақтаулар мен мадақтар тек 
Саған арналған. Сондай-ақ шексіз бақилық Саған ғана тəн, тағы 
да  қорқуымыз  бен  тақуалық  тек  Сенен.  Ей,  дұғаларды  қабыл 
ету ші Алла біздерге өз жомарттығыңнан рахым, сыйлық ете гөр. 
Осы мадақ – Онымен көктердің қабаттары көркемделіп, əдемі 
түске безендірілген. Осы дəріптеу – Онымен барлық мүліктердің  
тағдырлары көркем тілмен жазып қойылған. Осы мадақ – Оның 
биіктігінің жоғары деңгейіне жетуде пайғамбарлар мен елшілер 
де əлсіз. Осы дəріптеп, шүкіршілік білдіру – жалпы көркемсөз 
шеберлері,  ұшқыр  ой  иелері  оның  мақсатының  шыңы  мен  аса 
жоғары күзетшілерінің ең биігінен ишаратпен (жөн көрсету, ас-
тарлап, сілтемелеп баяндау арқылы) хабар етеді. Ол барлықты, 
олардың мекендерінің жаратушысы, адамдар мен жындарға ри-
зық беруші. Білуіміз қажет – Оның дəрежесі аса биік, əрі сал-
танатты, өте ұлық. Оның шексіз үстем болуының биіктігі, тіпті 
ең ғалым адамдардың да ұғып, шекарасын біліп алу қабілеті нен 
тым  жоғары.  Мəңгіліктің  биіктігі  ақыл-ой  зердесінің  түсі ніп, 
жету  мүмкіндіктерінен  пəк  (тым  жоғары).  Оның  (көлем  тұр-
ғысынан)  ұлықтығы  мен  (күштілік  тұрғысынан)  құдіреттілігі 
пенделердің жаны, көлемі, суреті сияқты тағы басқа да заттар-
ға салысты рып, ұқсатуларды қабылдамайды. Оның құдірет тілігі 
мен кемелдігін көз алдыңа елестету, зерделеп бейнесін бол жау 
сияқты қиялдау əрекетінің бəрінен пəк, таза (азат, жоғары). 
Алла пəк, жоғары адамзат сипатынан, 
Жəне бөліну де, қосылу сипатынан. 
Қиялға елестесе бір нəрсенің бейнесі,  
Раббымыз пəк, жоғары ол қияли белестен.
Ол  –  өзіне  ғана  тəн  тірілік  иесі  болған  бір  болмыс.  Оның 
үлкендігі  мен  ұлықтығы  өлшейтін,  сипаттайтын  өлшемдердің 
шеңберіне сыймайды. Ол – аса кең жомарттық, қайырымдылық 
иесі.  Оның  күш-құдіретінің  дəрібі  (дəріптеуі)
 
мен  кемел  си-
паттарын  қамти  алу  ақыл-ой  шеңберіне  сыймайды.  Пайымдау 
мен  зерделеудің  таразысына  салып  таразылап  көруге  болмай-
ды.  Мағрифетке  жеткізуші  кітаптарды  жазушылар,  жомарт-
тық пен мол мадақтың өрнектеушілері құдси (илаһи) парақтар 

20
мен  адамдар  парақтарының  үстіне  Оның  мақтау  мен  мадақтау 
өрнектерін  оймалап  безендіреді.  Жан-тəнімен  ұмтылушы  көр-
кем істің шебері мен көркемсөзділіктің байлық толы ғимараты-
ның  негіздері  бұл  тоғыз  қабат  минада  (мінəжаттар  мен  тəубе-
лер қабыл болатын орында), жеті қабат дайындап берілген көк-
те (аспанда) Оның теңдесі жоқ құдіретінің белгілерін көрсетіп 
тұрады.  Көктің  есепсіз  шырақтары  (жұлдыздары)  мен  заттар-
дың жиынтығының орналасқан орындары аспанның жыбырлап 
тұрған қызғыш көгінде, құпиялы ақпарат кеңістігінде пенделер-
ге  естілмейтін  (байқалмайтын)  тілмен  баяндау  арқылы  Оның 
ұлықтығын  дəріптеп,  шүкіршілік  білдірумен  өлеңдеп,  шырқап 
тұрады.  Тіл  ілімінің  шыңына  жеткен  шешендері  мен  көркем-
сөз  иелері  Оның  қасиетті  сипаттарының  ерекшелігін  айтып, 
дəріптеумен болады. Ол – жаратушы. Жасампаздық құдіретімен 
ғаламды,  жаратылыс  шатырын  бой  көрсеттіріп,  олардың  кей-
бірін  биікке  (жоғарыға),  кейбірін  төменге  орналастырды.  Түр-
лі  заттармен  əсемдеген  жерді  жеті  қабат  көктен  тұратын  сан-
дықша  сипаттас  айлақ  (шеңбер)  ішіне  орнатып,  арнайы  мекен 
етті. Осылайша неше түрлі заттар мен болмыстарды, көзге кө-
рінетін  де,  көрінбейтін  барлық  затты  бір-біріне  байланысты 
етті.  Өзара  қатыстылық,  сəйкестендіру  жолымен  неше  түрлі 
ға жайып  заттар  мен  жекеленген  сирек  болмыстарды  жоқтан 
бар  етті.  Оның  Нұрының  сəулесі  Адам  жаратылған  топыраққа 
түскендіктен  періштелер  оған  сəжде  жасады.  Кемелділік  теңі-
зінің  құдіреттілік  тамшысынан  Адамның  денесіне  сызаттап 
еніп,  рух  кіріп  жайғасты.  Əлемнің  шежірелік  тізбекті  жоба-
сын (силсилаи низамын), адамзаттың өмір сүру тəртібін реттеп 
отыру үшін дінді, оны ретке салып тұратын пайғамбарлар мен 
олардың жолын əділ, таза жəне туралықпен ұстап тұратын мұ-
рагерлерді (ғұлама абзал жандарды) адамдармен араласып, ха-
бар  жасайтын  байланыс  тəсілі  етті.  Оларды  керемет  қасиеттің 
иесі  жəне  пайғамбарлық  жолмен  ерекшелендіріп,  ұлықтады. 
Содан, жалпы пайғамбарлар мырзасы жəне таза, асыл адамдар 
сарасы Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.)-ды Өзінің соңғы елшісі етіп, 
ерек ше биік дəрежеге жеткізді. Оларға берген шариғат қағидала-
рын барлық кезде күш-қуатты, жеңісті етті. Тарихат қағидасы-
ның биіктігін көркем əдептілік мадақтамасымен тегіс (айнадай) 
етті.  Көмек  пен  қолдау  көрсетушіні  мадақтап,  дін  қағидасын 
бұзушылардың  мойынындағы  күнəкарлық  қамытын  қатаң  ес-

21
кертулер  жасау  арқылы  найзасымен  бұзып,  ізгі-салиқалы  пен-
делердің  қатарына  қосты.  «Инна  набиүс  сəйф»  дегені – осы. 
Осындай ескертулерді жер бетінің түрлі түкпіріне жеткізіп, бұл 
ақыретке дейін бақы (мəңгі), жойылмайтын илаһи ілім (дін ілімі, 
бұл  мына  хадис  туралы  айтылған)  «Адам  уа  мин  дуниһи  тах-
та лиуаи», яғни «Адам жəне одан басқалар да менің туымның 
астында»  дегендей,  əлем  кеңістігінде  биік  көтерді.  Ең  көркем 
салауат ризалық тапқан жанның бақшасына нөсер болсын! Одан 
шыққан жұмақтың жұпар иісті жұмсақ желі оған ынтық болған 
ізгі  жандардың  жүрегіне  жетіп,  олардың  ділдері  мен  санасы-
ның  сарайын  хош  иісті  етіп,  жанын  жадыратады.  Шарапатты 
сəулелер,  олардың  руханият  шұғыласының  Нұры  адамдардың 
діл көзін нұрлы етіп, санасын жарыққа толтырады. Мұндай Нұр 
руханият толы ізгі жан мен қуантушы дарқан рухтан бой көрсе тіп 
шығады.  Ол  елшілік-пайғамбарлық  патшалығының  Патша сы, 
əрі пайғамбарлық салтанаттың Сұлтаны, бақыттылық тағының 
иегері, бақыт келтіруші пəтуəгер (пəтуа беретін)
 
қорғаны, «Ли 
маалла», яғни «Мен үшін Алламен бірге»
1
 дегендегі хикметтер-
дің хылует сарайы, «Лау лак», яғни «Егер сен болмағаның да»
2
 
дегені – барлықтың, жаратылуының хикметі Мұхаммед (с.ғ.с.)-
ның  о  бастағы  ұлық  дəрежесінің  нəтижесі.  Соның  құрметіне 
«Ламма халақтүл афлак», яғни «Көктерді жаратқан кезімде» де-
гені – əлемнің жаратылуының негізгі себепкері, пайғамбар лық 
(рисалат)  аспанының  күні,  басқарудың  ең  алғашқы  басшысы. 
«Хашр»  сүресінің 2-аятындағы:  «Фаътабиру  йа  улил-абсар»
3

яғни  «Əй,  ақыл  иелері, (үлгі  болатын  жағдайлардан)  ғиб рат 
алыңдар»  дегендегі  ескерту – кəпірлердің  қасарысу  негізде-
ріне  тойтарыс  беретін  үкімдерді  жеткізуші  екендігіне  нұс қау. 
«Нəжм»  сүресінің 8-аятындағы:  «Сүммə  дана  фатадалла»
4
, 
яғни  «Сосын  (Жəбірейіл  (а.с.)  Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ға  жақында-
ды, сөй тіп төмендеді» деп суреттелген көрініс – оның Миғраж 
аспа нының  биік  ұшатын  сұңқары  екендігінің  дəріптемесі.  Ал 
9-аятындағы: «Факана қаба қаусайн əу адна», яғни «Сонда ол 
(Жəбірейіл (а.с.) екі садақ (жебесінің) өлшеміндей, тіпті (одан 
да) жақынырақ (келіп), Алла өзінің құлына (Мұхаммед (с.ғ.с.)) 
1
 Бұл сөйлемнің түсінігі кітаптың кіріс бөлімінде беріледі.
2
 Бұл сөйлемнің түсінігі кітаптың кіріс бөлімінде беріледі.
3
 «Хашр» сүресі 2-аят.
4
 Нəжм 8-аят.

22
уахи  еткен  нəрсені  келтірді»  дегендегі  үкім – оның  уахи  май-
данының  ұлы  дəрежелісі  жəне  оның  сырларының  терең  білгі ші 
екендігінің дəлелі. Ал енді, «Фа ауха ила абдиһи ма əуха»
5
, яғни 
«Сонда (Жəбірейіл (а.с.), Алла өзінің құлына уахи еткен нəрсені 
келтірді»  деген  əмірде  айтылғанындай,  ол  түсірілген  уахилерді 
қабылдап  алу  иесі.  «Уа  лақад  рааһү  назлатан  ұхра»
6
,  «Ақиқат, 
ол  (Мұхаммед  (с.ғ.с.)  Жəбірейілді)  екінші  рет  көрді»  деген                          
үкім – оның пайғамбарлық көркінің шынайы баяндама сы. Ал, «Уа 
ма йантиқұ анил-һəуа», яғни «Ол (Мұхаммед (с.ғ.с.) Құрансыз) өз 
қалауынша сөйлемейді» деген Алла үкімі – оған сыйлық етілген 
ұлық  уахиына  шүкірлік  етіп,  оған  берік  бол
 
ғандығының  айқын 
дəлелі. «Ин һүуа илла уахйү йуха», яғни «Ол (Құран) тек (Алла 
тарапынан) уахи етіліп (түсіріліп) жат қан бір уахи» дегені – иллаһи 
кəлималарды (Құранның сөз дерін) жеткізуші бұлбұлы. Жоғарыда 
айтылған  салауаттар  мен  марапаттар  осы  бұлбұл  бақшасы  мен 
зиратына шашу бол сын! Ол Падишаның шарапатты есімін атап 
өтеміз.  Оның  ақи қат  пен  зұлымдық  арасын  айқындап  ашып 
беретін  аяттары  пар сы  шаһан-шаһтарының  күпірге  негізделген 
сарайларын ру ханият Нұрымен қиратты. Оның ілім қазынасының 
Нұры өзі нің биіктігімен мақтанатын қала əміршілерінің күпірлік 
сарай ларын төмен де, абыройсыз етті. Ол – шебер тілді шешен, 
көр кемсөз  майданының  теңдессіз  сарбазы.  «Əна  əфсах»,  яғни 
«Мен  ең  көркемсөздімін»  дегеніндей,  ол  сөйлеген  кезде  небір 
шешендікпен  танылған  көркемсөз  орманының  арыстандары  да 
сөздерінен  жаңылып,  тілсіз  қалады.  Өздерінің  əлсіз  екендерін 
мойындап,  қолдарымен  ауыздарын  басады.  Ол – əсем  де,  əдемі 
сөйлеудің, баяндау əдісінің ұстасы. «Əна əблағү», яғни «Мен тіл 
шеберлігінің тілмарымын» дегеніндей, шырын тілдің көркем дігі 
мен  тұнық  жамал-көркін  көрсетсе,  Йусүф  канаъанидің  көркі нің 
Йусүф пайғамбар, канаъани оның лақаб аты, көркі – шырайы)
 
өзі 
қыра тартады. 
Одан  бұрын  пайғамбар  болып  келген  тіл  шебері  Иса  (а.с.) 
арқылы  оның  сүйінші  хабары  берілген,  Мұса  Қалимолла  (а.с.) 
арқылы оның сипаттары зікір етілген. Оның көркем сипаттары 
Таурат пен Інжілде хабарланған. Оның даналық жəне үстемдік 
қасиеттері Забур мен Фурқанда баяндалған:
5
 «Нəжм» сүресінің 10-аяты.
6
 Нəжм 13-аят.

23
Ол сондай зат, өзінің көркем тіл баянымен,
Түсірілген аяттармен жол бастайды тірілерді.
Оның көркі жайлы дəріптеді кітап бұшрат,
Таурат пен Інжіл де айтқан еді ол туралы...
Кезінде  Лаухұл-махфуз  парақтарына  Алла  өнертапқыштық 
құдіретімен жаратқан қалам ұшымен «Əууалү ма халақАллаү əл-
Қалама», яғни «Алла ең алдымен жаратқан нəрсе – Қалам» деп 
жаздырып, жарық дүние мен түнек-тұңғиықты жаратып, бұрын 
болмаған, жоқ нəрселердің əріптерін суретке келтіріп, өлім мен 
өмірді Өз құдіретімен əлем сахнасына шығаратындығы туралы 
хикметті Лаухұл-махфузға жаздырған. 
Жоғары  дəрежелі  пайғамбар  Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ның  əлемнің 
жаратылу  шежіресіндегі  сый-құрметке  тірек  болғаны  туралы 
«Əу уалү ма халақ Аллаү нури», яғни «Алла ең алдымен жаратқан 
нəрсе  менің  нұрым»  дегенінің  мағынасы – Оның  Нұрының  ең 
бірінші болып жаратылғанының, Ол алғашқылардың алғашқы-
сы  екендігінің  белгісі.  Міне,  содан  бері  ғашықтық  шарабын 
құйып  беруші  асаба  махаббат  мейрамханасында  жомарттық-
пен шарап үлестіріп, Ол: «Ə ластү», яғни «Мен сендердің Раб-
бың емеспін бе?» деген. Өзінің махаббат шарабын шын мəнін-
дегі  ғашықтар  қолындағы  тостағына  құйып  береді.  Ынтықтық 
сахарасында  сусағандарға  жəне  қателесіп  айыпты  болғандарға 
Өзінің  ежелдік  рахымы,  артықшылығы,  кеңшілігі  шапағаты-
ның  берекеті  ретінде:  «Бил-мүьминина  рауфүр  рахим»
7
,  яғни 
«Сен дерге  араларыңнан  болған  қасиетті  Пайғамбар  (Мұхам-
мед (с.ғ.с.) Алла тарапынан елші болып) келді. Оған сендердің 
қиналғандарың ауыр тиеді. Ол сендердің (хақ дінге келулеріңе) 
аса ынтық, құштар жəне барлық мүминдерге жанашыр, мейір-
шапағатты» деген мейірімділігін мүминдерге жіберген еді. Оған 
мүминдердің  көркем  салауаттары,  оның  отбасына,  сахабалары 
мен олардың соңынан ергендерге шектелмеген несібе мен есеп-
сіз мөлшерде ризашылық лебіздері шашу болсын! Үмбеттің ша-
риғат  сарайлары  мен  бақшасындағы  гүлдер,  олардың  рухани 
нұрлары,  жомарттығы,  көрермен  болып  тамашалауы  арқылы 
əсемдік табады. Олардың осындай көркем де ізгі амал-əрекеттері 
арқылы діннің бекем іргелі майданы шіркке негізделген азғын-
дық  тікендері  мен  бидғаттардың  (дінге  ендірілетін  жаман  жа-
7
 «Тəубе» сүресі 128- аят

24
ңалықтар)
 
жарамсыз шөп-шалаңдары надандықтың шаң-то заң-
дарынан тазаланып пəк болады.
Олардың əруақтарына бағытталған сауға-сыйлықтар,
Сондай жер-жаһандарды жаратқан Алла Тағаладан.
Өзіне  ғана  тəн  шексіз  құдірет  пен  таухидке  негізделген 
тəрбиелілік (Алланың жеке-даралығына негізделген) сипатына 
ие жаратушы, жоқтан бар етуші қасиет тек жалғыз Алла Тағалада 
ғана  бар.  Одан  басқа  ешкім,  ешқашан  да  жаратылыс  жасай 
алмаған. Ол, қадір Алла Тағала ең алдымен Мұхаммед (с.ғ.с.)-
ның Нұрын жаратуды мақсат етті. Бұған оның: «Кунту канзан 
махфиян»,  яғни  «Құпия  түрдегі  бір  қазына  едім»  деген  сөзі 
дəлел. Сонан соң, Алла қалауымен бұл мүлікті «əлем», «жаһан» 
деп  атаған.  Бар  нəрсенің  бəрін  өз  құдіретімен  жаратты,  бұған 
«Фахбабтү  əн  əърифə»,  яғни  «Мен  білуді  қаладым»  деген 
риуаяты  (хадисі)
 
дəлел  болады.  Əлемнің  жаратылуы  туралы 
көптеген  аятта  баяндалған.  Алла  Тағаланың  құдіреттілігінің 
əсерінен бұл əлем дəл қазіргі көрінісіндей бой көрсетті. Содан 
Алла  Тағаланың  ежелгілік,  сондай-ақ  көркем  есімдерінің  бірі 
болып табылатын Жаратушылық сипаты мен есімі мəлім болды. 
Осылайша  Өзінің  құдіретімен  жаратқан  нəрселерін  кемеліне 
жеткізіп,  жоқтан  бар  етушілігінің  нəтижесі  ретінде,  гүлденген 
əлем  бау-бақшасының  бүртігі  ретінде  рахым  желі:  «Лақад 
халақнал инсана фи ахсани тақуим»
8
, яғни «Адамды о баста аса 
көркем бейнеде жараттық» деген аяттағыдай адамзатты көркем 
бейнеде жаратты. Адамзат кемелділік бақшасының гүлі болып 
ашылды.  Оның  жаратылған  денесі  «Хамартү  тината  Адам 
бияди  əрбаина  сабахан»,  яғни  «Адам  топырағын  балшық  етіп 
қырық күн Өз қолыммен иледім» деген мейірімділігімен амалға 
асты.  Адамнан  соң,  сол  адамнан  тарайтын  адамзат  ұрпағынан 
бірін, кейін келетін пайғамбарларды жасауды ойлады. Оларды 
бір-бірінің ұрпағынан жалғасатын етті. Одан соң олар арқылы 
берілетін  илаһи  (Алладан  келген)  ілімдердің  рухани  нұры  ар-
қылы  ғұламалардың  да,  əртүрлі  білім  деңгейіндегі  зерде  қа-
білетіне  ие  жандардың  да  жүректерін  əлемді  жарытатын  күн 
сияқты  нұрландырды.  Саналарына  руханият  салды.  Жұпар  иіс 
таратушы миск (хош иісты май суы)
 
сияқтанып, рухани пайда 
беруші  мен  сол  пайданы  алып  пайдаланушы  арасында  қарым-
8
 «Əт-тин» сүресі 4-аят.

25
қатынас орын алды. Ендеше, үнемі пайда беруші қасиетті Алла 
Тағала кемшілік пен күнəдан пəк, таза. Ал, пайдаланушы (пен-
делер) денелік қатынас пен адамзатқа тəн кемшілік пен күнəға 
бейім.  Сондықтан  пайдалану  кезінде  пайдаланушы  көзге  кө-
рінбейтін бір перде артындағы байланысқа мұқтаж болып, пайда 
беруші  (мутлақ  күлли)  мен  пайдаланушы  (муқид  жүзуи)  ор-
тасында екі жақты (тарапы) қатынаста болады. Пайда алушы та-
жарруд  (жан-жақты  кеңшілікпен  берілген)  рухани  (ілімдерден 
жан-жақты пайдалану)
 
еркіндігімен пайда берушіден өзіне тəн 
саналық  тағылым  алу.  Сондықтан  пайғамбарлар  (с.ғ.с.)-ды  екі 
араны байластырушы, дəнекерлеуші, пайда алушылардың (пен-
делердің)  жүректерін  кемшілік  мен  күнəлардан  тазартып,  нұр 
беруші, Алланың нұрлы-айдын уахиын жеткізуші етіп жаратты. 
Олар  пайда  алушыларды  күнəкарлық  тұңғиығынан  мағрифат 
деп  аталатын  тірлік  суының  бұлағына  жеткізеді.  Осылайша
«Əу  ман  кана  мəййитан  фаахйайнаһү  уа  жаъална  лаһү  нуран 
йамши  биһи  финнаси  каман  мислиһи  физ-зүлүмати  лайса  би-
харижин минһа?»
9
, яғни «Алғашқыда өлік (кəпір) болған адам-
ды,  оған  Нұр  (иман)  беріп  тірілтіп,  онымен  (Нұрмен)  адам-
дардың  арасында  (саналы  пенде  болып)  жүретін  еткенімізден 
соң, ол қараңғылықта қалып, одан шыға алмай жүрген біреуге 
(кəпірге)  ұқсас  бола  ма?»  деген  аятта  айтылған  игілікке  бөле-
неді. Ендеше, мəлім болғаны – мағрифат сарайына қарай жолға 
шығу, арифтық (ариф, яғни Алланы танушы, арифтық – Алла ны 
танушылық) бауына жетіп бару үшін көсем жолбасшыға іле су 
қажет,  əйтпесе  жол  бастаушыға  ілеспей  тура  жол  табу  қиын. 
Сон дай-ақ  олардың  мінез-құлқы  мен  ақиқат  тəрбиесімен  тəр-
биеленбей тұрып, көзделген мақсатқа жету мүмкін емес. Өйтке-
ні  барлық  пайғамбарлар  (с.ғ.с.)  жəне  барша  ғұламаның  əрбірі 
кемеліне  жеткен,  ерекше  көсем  тұлға.  Жарық  жүзділік  иесі, 
көркем тұлға болумен қатар əдемі мінез-құлықпен жаратылған. 
Бірақ,  олардың  шарапатты  қазыналарына  тауассүлсіз  (рухани 
дəнекерсіз)
 
қол жеткізу мүмкін емес. Ежелден тірі, əрі жомарт 
Алла мейірімділігімен құтылу табатын жолдағы ілесушілерінің 
барлығы: «Уаллазина утүл илма даражат»
10
, яғни «Алла Тағала 
сендерден иман келтірген, ілім берілген кісілердің дəрежелерін 
9
 «Əнғам» сүресі 122-аят.
10
 «Мүжадала» сүресі 11-аят.

26
көтереді»  дегендей,  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  елшілердің  мыр-
засы,  пайғамбарлардың  соңғысы,  алғашқылардың  да,  кейін гі-
лердің  де  көздерінің  нұры,  ғибрат  алатын  үлгісі.  Сондай-ақ 
сүйіктісі «Ли маъАллаи», яғни «Мен үшін Алламен бірге» деген 
жəне «Фаълам аннаһу ла илаһа иллалло», яғни «Білгін, əлбетте 
Ол  жеке-дара  Тəңір,  одан  басқа  Тəңір  жоқ».  Бұған  Оның  өзі 
жеткілікті куə. Мына аятта айтылғанындай: «Уа кафа биллаһи 
шаһидан  Мухам мадур  расулулло»
11
,  яғни  «Куəлік  тұрғысынан 
Алла  (сөзі  дəлелге)  жеткілікті.  Мұхаммед  (с.ғ.с.) – Алла 
(шынайы) Елшісі» саллАллаү алайһи уа ала жамиъил–анбийаи 
уа ала алиһи уа асхабиһи аж маъин. Алла Тағала пайғамбар лар 
сұл танын  бүкіл  адамзатты  тура  жолға  бастайтын,  арнайы 
ілестіретін  пайғамбар  етіп,  арнайы  ілім дермен  байытты,  қуат-
тады жəне махаббат дəрежесінде ерекше етті. Оған ілескендерді, 
яғни үмбетін оның басшылығының ша рапатынан Өзінің жоғары 
дəрежелі  ұлық  дидарына  жететін  жəне  махаббат  шарабына 
қанық  ететін  етіп,  əрі  шариғат  қызметін  ат қаратын,  сөйтіп 
махаббатын сыйлайтындығы туралы уəдесін жариялап: «Құл ин 
күнтүм  түхиббуна  фаттабиуни  йүхбиб күмүлла»
12
,  яғни «(Ей, 
Мұхаммед  (с.ғ.с.)  адамдарға)  айт: «Егер  Алланы  (шынымен) 
сүйсеңдер, маған ілесіңдер. Сонда Алла сендерді сүйеді. Сөйтіп, 
күнəларыңды кешірім етеді. Ақиқат Алла (пенделерін) кешіруші 
əрі (дұрыс жол көрсететін) мейірімді зат» деген үкімін аян етті. 
Сөйтіп, көмек пен құтылу табатындар дың жолына ілескендерге, 
жүректерге  Нұр  беруші  Заттың  (Мұ хаммед  с.ғ.с.)  жолы  мен 
сипатын  іздеушілерге  бақыттылар  мыр засы,  ең  сенімді,  адам-
дардың,  хабарлар  мен  мəліметтердің  тіре гі  болған  Пайғам-
барымызға  салауаттардың  ең  абзалы  мен  атта хияттардың  (сə-
лем  жолдаудың)  ең  кəмілдерін  айту  қажеттіліктер дің  (қажетті 
амалдардың) ең қажеттісінен болды. Өйткені үм беттің əрбіріне 
ол  ілесу  қажет  болған  Сұлтанның  (Пайғамбар  (с.ғ.с.))  өмір-
баянын,  көркем  мінез-құлқын,  ерекшеліктері  мен  қасиетін, 
оның  істеген  іс-əрекеті  мен  амалдарын  жақсы  білуге  жұмылу-
лары қажет етілген. Күмəн жоқ, «Сияр» ілімін жақсы меңгер ген, 
адамзат  мырзасы  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ның  сахих  (сенім ді) 
хадистері  туралы  мəліметтің  ең  сенімділерін  толық  бі ле
  
тін 
11
 «Фатх» сүресі 28-29-аяттар.
12
 «Əлі Имран» сүресі 31-аят.

27
майталман ғұламалар хабарларды басқаларға толық (тү гелдей, 
ағызбай-тамызбай)  жеткізу  үшін  зор  ынта-жігер,  тап жыл мас 
қайратпен  еңбек  етіп, «Сахих  ситта»  кітаптарының  (ха дис тері 
сенімде деп танылған алты кітап)
 
жинағынан, ең жақ сы ха бар-
лардан (рауилардар) жеткен «Дінді тірілтуші». Жалға сып ке ле 
жатқан  діни  рəсімдерді  адамдарға  жеткізу  мақсатын да  олар ды 
жинақтап, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның істеген істері мен оның 
өмірбаянын сүннет негізіне сай адамдардың тура жолды та бу-
ларына  септік  болуы  үшін  жинақтап,  талдап,  түсінікті  етіп 
дайын дады. Олардың барлығын Алла кеңшілігімен сыйлықтар-
ға нəсіп еткей. Олардың ішінде «Мүъин» деген құрметті де сый-
лы атақ қа ие болған адам Пайғамбарлар тарихына қатысты ілім-
нің,  яғни  «Фанни  сияр»-дың  жоғары  дəрежесіне  жеткен  білгір 
ғалы мы, шариғаттан уағыз бен насихат айту бойынша ғұламалар 
сұл та ны,  Һират  шаһарында  нешеме  тəулік,  айлар  мен  жылдар 
бойы  білім ді  адамдарға  да,  білімсіздерге  де  хадис  айтып, 
аударма мен тура жол көрсетуде терең ой мен ізгі жүректі жан-
дарға  көркем  тіл  арқылы  насихат  айтып, «Фүрһан» (адал  мен 
арамның, ақ пен қараның, ақиқат пен нақақтың ара жігін айы-
рып  беретін)  нақышты  (көркем  де,  кəміл)
 
үкімдеріне  талдау 
жасап,  түсінік  беруші,  асыл  шербет  құйылған  ыдыс  баянымен 
(яғни  асыл  ілім  шербетімен)  ділдері  шаңқыған  жандарға  таза 
ілім  мен  мағрифат  шашатын  еді.  Сондай-ақ,  қателікке  тап 
болып, мүгедек болған жүректер мен күнə істердің салдарынан 
дертке  шалдыққан  күнəһар  надандарға  көркем  тəсілде  наси-
хаттар айтып, дерттеріне ем-шипа жасайтын еді. Қапылық ұй-
қысымен  мүдіреп  жүрген  қапы  мінезділер  мен  надандықтың 
тұңғиығында қалған нашар жандарға амр мағруф (жақсылыққа 
шақыру)  пен  нəһй  мүнкар  (жамандықтан  қайта ру),  аяттар  мен 
хадистердің хикметтері жайлы уағыз айтып, емдеп, шипа етіп, 
адасудың  қараңғылығынан,  надандықтың  батпағы нан,  нұрлы 
биіктік пен мағрифат деңгейіне көтеріп, асыл ілімді қым батты 
жанның  үгіт-насихаты  арқылы  тура  жол  сілтеуінен  құты лу 
жағалауына баратын еді. Ол осы аталған пəндер бойынша бір не-
ше кітаптар, тəпсір мен хадиске қатысты бірқатар таны мал шы-
ғармалар  қалдырды.  Сонымен  қатар,  қарапайымдылық  пен  кі-
шіпейілділік  ұстанымын  өзіне  ту  етіп,  сыпайылық  орамалын 
жамылғы еткен, содан «Мүъин міскин», яғни «Кішіпейілділікпен 
танылған» деген атаққа ие болған (Лайым Алла оны жұмақтың 

28
ұлық дəрежелеріне жеткізіп, Өзінің ризалығы мен мағфиретіне 
(жарылқауына) лайық еткей).  
Ол бір үлкен кітап («Маъарижүн нүбүууа») жəне аса құнды 
шығарма  (осы  кітаптың  «Далаил  нүбүууат  Мұхаммади»  деген 
аудармасын) жазып естелік, мұра қалдырды. Оның баяндауы мен 
түсініктерінің  тазалығы,  көркемдігі,  нұрланып  тұратындығы 
інжу-маржанмен  тізбектеп  безендірілгені  сияқты  əдемі,  кел-
тірген  дəлел  дəрежесінің  жоғарылығы,  артықшылығы  хош 
иіс ті  май мен  əптелген  сияқты.  Ендеше,  шындыққа  негізделіп, 
қалыс  ынсап,  əділеттілікпен  назар  етілсе  (қаралатын  болса), 
Мүъин  міскин нің  Пайғамбарлар  тарихына  қатысты  ілімінде, 
яғни «фанни сияр»-да теңдесі жоқ ғұлама екендігі, шын ділден 
қалыстық  ұстанып  зерделеп  көрсе,  келтірілген  мəліметі  мен 
баяндаған  тарихи  оқиғаларының  тізбегі  жəннəті  ағла  (доғары 
дəрежелі  жұмақ)  сияқты  дəрежесінің  аса  жоғарылығы  аян 
болып, оның əуендерінде «тажри мин тахтихал-анһар», яғни 
«астыларынан  өзендер  ағады»  дегендей  жұмақтағы  сияқты 
өмір  сыйлаушы,  тірлік  қай нарындай  қайнап,  əуені  сыңғырлап 
тұ рады.  Оның  əр  бабында  жəне  бөліміндерінің  жазуларында 
«фараухүн  уа  райханүн  уа  жаннатү  наъим»
13
,  яғни  «Егер,  ол 
кісі  Аллаға  жақындардан  болса, (оның  үшін)  рахат,  райхан 
(исі), нығметтер толы жұмақ бар» деп жазылғандай əр қабаты 
мен қабаттары маңдайларында жазылған «Инака лаъла хұлүқин 
азим»
14
,  яғни «(Ей,  Мұхаммед  (с.ғ.с.))  əлбетте  сен  аса  ұлық 
мінездің  иесісің»  деген  терең  ма ғыналармен  орын  алған.  Ол 
кітапқа «Маъарижүн нүбүууа», яғни «Пайғамбарлық миғражы» 
деп  атау  берген.  Кітап  мазмұ нын  кіріспе,  төрт  негізгі  бөлім 
жəне  соңғы  сөзден  тұратын  етіп  жүйелеген.  Бұл  пақыр  əлсіз, 
кемшілігі  мол,  Хақ  падиша  көмегіне  мұқтаж – Мұхаммед  ибн 
Мұхаммед  Шымыр  би-Алты  Бармақ  еді. (Ол)  қырық  жылға 
жуық  (қырық  жасқа  дейін)  тафсир,  хадис  набауи,  осыларға 
негізделген  Мұстафа  шариғаты  ғылымдары ның  қызметінде 
бір қанша  уақыт  (қырық  жасына  жеткенге  дейін)  Рум  (қазіргі 
Түркия) шəкірттерін қуандыру (табшир), ескер ту жасау (инзар), 
тағы  да  отыз  жылдай  шамасында  араб  елдерінде  (Сирия  мен 
Иракта) аталған пəндер бойынша сабақ беріп, соңынан кəрілік 
13
 «Əл-уақиға» сүресі 88-89-аят. 
14
  «Əл-қалам» сүресі 4-аят.

29
сығалап,  өмір  соңына  таяғанда,  тұрақтайтын  уақыт  жеткен 
кез де: «Менен  кейін  адамдар  дұға  етуіне  септік  ететін,  күллі 
ғашықтар ға қажет болатын еңбек қалдырсам. Мен дүниеден өт-
кеннен кейін амалым қырқылып қалмас. Хабиб Əкрам (с.ғ.с.)-
ның ғашықтары, Əзіретінің сүйікті достары бұл кітапты əр кез 
оқығанда,  немесе  тыңдағанда  бір  батамен  бұл  па қырды  есіне 
алып,  жақсы  дұғалар мен  рухын  қуанышқа  бөлесе  екен»  деген 
ойға келдім. Одан кейін бұл кітапты түркіге аударып, тү сінікті 
етіп баяндау арқылы жеткі зу мақсат етілді. Сонда кіші де, үлкен 
де  бұл  түсініктен  шарапат қа  толы  пайда  алатын  бола ды.  Бұл 
кітапты  да  жоғарыда  аталған  кі тап («Маъарижүн  нүбү ууа») 
сияқты  кіріспе,  төрт  негізгі  бөлім  жəне  соңғы  сөзден  тұратын 
етіп жүйеледім.  
Кіріспе  (жəне  бірінші  бөлім).  Мадақтау,  мінəжат,  дəріптеу 
мен  сипаттау,  қасиетін  баяндау  жəне  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с)-
ға  салауат  айтудың  қасиеттері  мен  артықшылықтары  туралы 
мəлі меттер  орын  алды  жəне  мұнда  олар  неше  түрлі  көркем 
иша раттар  мен  башараттар  арқылы  баяндалады.
 
Мұнда  неше 
түрлі көркем ишараттар мен башараттар (қуанышты хабарлар)
 
арқылы Пайғамбар (с.ғ.с) Нұры сөз болады. Əзіретіге шарапатты 
нұр Əминаға келгенше жеті пайғамбардан өтіп келген. Ол жеті 
пай ғамбар  мыналар:  Адам  (а.с.),  Шис  (а.с.),  Идрис  (а.с.),  Нұх 
(а.с.), Һуд (а.с.), Ибраһим (а.с.), Исмаил (а.с.). Бұл бөлімде осы 
аталған Пайғамбарлар (а.с.)-ның өмірінде орын алған жағдайлар, 
ғажайып  та,  қызығарлық  оқиғалар,  ең  алғашқы  ғұламалар  мен 
одан  кейін гі  ғұламалар  қасиеттері,  ерекшеліктері  жайлы  баян 
етілген.  Бұлар  жайлы  өз  кезегінде  əңгіме  етілетін  болады, 
иншаАлла Тағала! 
Екінші  бөлім..  Ол  Əзіретінің  дүниеге  келгенінен  бастап, 
бақи ға  көшкен  кезіне  дейінгі  уақыт  аралығында  орын  алған 
оқи ғалар сөз етіледі. Оның есімдерінің кейбірі кеңінен, кейбірі 
шолу  ар қылы  баяндалады.  Сондай-ақ  Құран  аяттарында  жəне 
бұрынғы илаһи кітаптарға келген хабарлар мен белгілер туралы 
мəлімет тер əңгіме етілген.
Үшінші  бөлім.  Уахидің  түсіріле  басталғаны,  оның  қалайша 
тү сірілгені туралы түсініктер беріліп, һижрат (Меккеден Мəди-
наға  аудару)  жасағанға  дейінгі  оқиғалар  мен  миғраж  оқиғасы-
ның баяны, оған қатысты кейбір жағдайлардың түсінігі əңгіме 
етілген, Алла Тағаланың көмегімен.

30
Төртінші  бөлім.  Һижрат  жасаған  кез  жəне  сол  аралықтағы 
дəуірде орын алған оқиғалар баяндалған.
Соңғы сөз Мұнда Əзіретінің ең атақты да, сенімді кітаптарда 
келтірілген əйгілі мұғжизалары (Алладан берілетін əдеттен тыс 
жағдайлар) баяндалған. 
Кітапты  жазушылар  мен  жинақтаушылардың  қалыптасқан 
əдет тері  бойынша,  өздері  саралап  алып  құрастырған  еңбегін, 
не месе жазған кітабын бір патшаның, болмаса бір билік иесінің 
құзырына ұсынып, одан соң оның есімінен (оның қаражатымен 
немесе көмегімен шығарылып) басқаларға ұсынылады. Өйткені, 
мен  пақыр  (кедей)  білімдіден  де,  білімсіз  қарапайым  адамнан 
да, тағы басқа да кісілердің көмегінен де үміт етпедім. Себебі 
мен  бұл  дүниенің  мал-мүлкінен  өзімді  шеттеткенмін.  Сөйтіп, 
бұл кітапқа «Далаил нүбүууат Мұхаммади уа шамаил фатүуат 
Ах мади», яғни «Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарлығының дəлелдері 
мен  пəтуалар  шоғыры»  деген  ат  беру  лайық  деп  табылды. 
Мұнда пайғамбарлар мен елшілердің ең соңғысы Мұхаммедтің 
«Уа ма арсалнака иллар-рахматал лил-аламин», яғни «Біз сені 
əлемге рахым етіп жібердік» деген шарапатты есімін келтіріп, 
оның  із гілік  пен  жомарттық  қазынасынан  үміт  етілді.  Оған 
айтылған  са лауаттар  қабыл  болып,  ұлық  шапағатынан  жоғары 
дəрежелі кө мек көрсетіп, жан үзілер сəтте шаһадат калимасын 
(Ла илаһа иллал ла деу) айтуды, «йəума таблас-сараир»-де, яғ-
ни ақыретте оның асыл шапағаты шын мəнінде бой көрсетеді. 
Ендеше,  ғұламалар  мен  арнайы  маман  мырзалардан  өтінішім, 
бұл  кітапта  орын  ал ған  қателері  болса,  өшіруші  қаламмен 
(қалам  насихамен)  қателік тің  орнын  өшіріп,  ретке  келтірсе, 
барша  пайғамбарлар  мырза сы  бол ған  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-
нан  бастау  алып,  мүминдер дің  үмбетінен,  ғашықтардың  əдеті 
бойынша  кез  келген  мəжіліс те  қайыр,  дұғадан  құры  қоймаса. 
Өйткені  «Иннаһу  рохим  ғофур  карим  шакур»,  яғни  «Алла 
рақымшыл, күнəларды кешіруші, аса жомарт». 

31

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал