МАҒарижун нүБҮууа мұхаммедтің пайғамбарлық ДƏлелдері



жүктеу 3.01 Kb.

бет12/20
Дата08.06.2017
өлшемі3.01 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

ЕКІНШІ МАҚАЛА: 
ПАЙҒАМБАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Бұл екінші мақала Əзіреті (с.ғ.с.)-ның артықшылықтары ның 
баяны  айтылып,  көркем  оқиғалар,  риуат-дəлелдер,  мағри фат 
жəне  ғибрат  болатын  мəселелер  əңгіме  етілген.  Мұны  оқы ған, 
яки тыңдаған бауырларға мəлім болсын: оқыған немесе тыңда-
ған кезде мұқият көңіл бөліп, əрбір мағынасын зерделеп маңы-
зына жетуге əрекет ету қажет. 
Мақалада екі міндет (міндетті қасиет) туралы əңгіме болады: 
бірі – осы жайлы келген насихат пен нақылдардағы мəліметтер-
ге қатысты, екіншісі – олардың астарынан шығатын мағыналар-
дағы хикметтеріне қатысты мəселелер əңгіме етіледі. 
БІРІНШІ МІНДЕТ:
ПАЙҒАМБАРДЫҢ БАСҚА ПАЙҒАМБАРЛАРДАН 
АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Мұнда ол Əзіреті (с.ғ.с.)-ның барша əйгілі де сыйлы пайғам-
барлардан  артықшылықтары  жайлы  əңгіме  болады.  Енді  солар-
дың арасынан пайғамбарлардың Сұлтаны Əзіретіміз (с.ғ.с.)-ның 
Адам (а.с.)-нан артықшылығы жайлы айтар болсақ, олар жиырма 
артықшылықтан тұрады.
Бірінші  артықшылық – Əзіреті  Адам  (а.с.)  су  мен  күлден 
(топырақтан) жаратылды, əлемнің мақтанышы Əзіретіміз (с.ғ.с.) 
жан  мен  ділден  жаратылды.  Бұған  бес  дəлел  бар:  бірі,  Адам 
(а.с.)-ның көлеңкесі бар еді. Ал Əзіретіміз Пайғамбар (с.ғ.с.)-ның 
көлеңкесі болмаған. Көлеңкенің болмауы жан мен ділдің белгісі, 
мұнда су мен күлдің сипаттары жоқ, мұның егжей-тегжейі тура-
лы оның мұғжизаларының бабында айтылатын болады; екін шісі
шарапатты бейнесі қараңғы түнде шұғылаланып, жарық бере тін 
еді,  шағамға  (шырағына)  қажеттілік  болмас  еді;  үшіншісі,  Ол 
Əзіреттің  көктерге  көтерілуі;  төртіншісі,  қарсысында  тұрғанды 
қандай  көре  алатын  болса,  арт  жағында  тұрғанды  да  дəл  солай 
көре алатын қасиетке ие болатын, бұл-дағы жанның белгісі; бе-
сіншісі, ұйықтамаған кезінде қандай болса, ұйықтаған кезінде де 
сондай сергек болатын: «Тəнамү айнаһү уа ла йəнамү қалбүһү», 
яғни «Көзі ұйықтайтын, бірақ жүрегі ұйықтамайтын».

141
Екінші артықшылығы – Алла Тағала өзінің құдіретті қолы мен 
Адам (а.с.)-ның балшығын илеген болса, Əзіреті Пайғамбары мыз 
(с.ғ.с.)-ның  шарапатты  Нұрын  Адам  (а.с.)-ның  жаратылуынан 
үш  жүз  мың  жыл  бұрын,  Өзінің  жеке,  даралығының  Нұрынан 
жаратқан еді. 
Үшінші артықшылығы – Адам (а.с.)-ның балшығын жұмақтың 
суымен суғарды, ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның жүрегін арнайы 
рахым  суымен  иледі:  «Уа  ма  арсалнака  илла  рахматан  лил-
аламин», яғни «Біз сені тек рахым етіп жібердік».
Төртінші  артықшылығы – Хақ  Тағала  Адам  (а.с.)-ға:  «Уа 
нафахтү фиһи мин рухи», яғни «Оның денесіне (дайындап қойыл-
ған)  рухты  үрлеп  кіргіздім»  деді.  Ал,  Əзіретіміз  (с.ғ.с.)-ға:  «Уа 
казалика аухайна илайка рухан мин əмрина», яғни «Сол сияқты 
Біз саған өзіміздің əмірімізбен рухты уахи еттік» деді. Адам (а.с.)-
ға  білдірілген  ілім  арқылы  дене  тəрбие  етіледі,  ал  Əзіретімізге 
берілген іліммен дене де, рух та тəрбие етіледі. 
Бесінші  артықшылығы – Адам  (а.с.)-ға  жер  мен  көктердегі 
нəрселердің  есімдері  үйретілді,  Əзіретіміз  Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ға 
оған  қоса  барша  қағидалар  жəне  əлемдегі  барша  періштелердің 
тілдері үйретілді: «Əрраманү алламал-Құран», яғни «Əр-Рахман 
Құранды үйретті».
Алтыншы артықшылығы – Адам (а.с.) періштелер құбыласы 
болды,  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  барша  əнбие  (а.с.)-ның  Имамы 
болды.
Жетінші артықшылығы – Адам (а.с.)-ға о баста періштелер-
ге  сəжде  ету  бұйырылған  болса,  сый-құрметті  Хабиб  (с.ғ.с.)-ға 
ақырет күні «Мақам махмуд», яғни «Мақтаулы орын» дəрежесі 
нəсіп болады. 
Сегізінші  артықшылығы – Адам  (а.с.)-ның  бақыт  тағын  пе-
ріштелер мойындарына көтеріп, көктерді аралатып шықты, қия-
мет  күні  əлемнің  мақтанышы  болған  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ға 
сыйлық етілген «Мадақтау туының» астына Адам (а.с.)-нан бас-
тап, күллі əнбие жиналатын болады: «Адам уа мин дуниһи тах-
та  лауаи»,  яғни  «Адам  жəне  одан  басқалар  да  менің  туымның 
астында жиналады» дегеніндей.
Тоғызыншы  артықшылығы  –Адам  (а.с.)-ды  көкті  серуендет-
кен соң, жұмаққа алып барылды, біздің Хабибімізді көктер мен 
жұмақтарды көрсетіп, серуендеткеннен кейін «Мақаб қаба қау-
сайн»ға, одан «Мақам құдсия», яғни «Сидратүл мүнтаһа» деп 

142
аталатын ұлық орынға алып барылды: «Сүмма дана фатадалла 
факана қаба қаусайн ау анда» (мағынасы жоғарыда берілген). 
Оныншы артықшылығы – Ібіліс Адам (а.с.)-ды азғырып жү-
ріп  адастырып,  күнəға  ұшыратты.  Ал,  Əзіретімізге  кезіккенде 
оны жеңе алмады, бұл жайлы: «Лакинна аслама шайтани», яғни 
«Бірақ, Менің шайтаным мұсылман болды» деді. 
Он  бірінші  артықшылығы – Адам  (а.с.)-ның  істеген  күнə-
сі  бүкіл  əлемге  паш  болды:  «Уа  аса  Адамү  Раббаһү»,  яғни 
«Адам  Раббысының  əмірінен  шығып  күнə  жасады»  деп  жа-
рияланғаны соған дəлел. Ал, біздің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жай-
лы:  «ЛийағфиралакАллаү  ма  тақаддама  мин  замбика  уа  ма 
тааххар»,  яғни  «Сенің  бұрындағы  күнəларыңды  да,  кейіннен 
болатын  күнəларыңды  да  мағфирет  ету  үшін  Алла  саған  ұлық 
жеңісті берді» деген аяттың жаңғырығы бүкіл əлемді тұтты.
Он  екінші  артықшылығы – Адам  (а.с.)-ға  алдымен  сөгіс  ай-
тылып,  соңынан  кешірім  берілді:  «Уа  аса  Адамү  Раббаһү  фа-
ғауа»,  яғни  «Адам  Раббысының  əмірінен  шығып  күнə  жасады» 
деді, сосын: «Сүмма ижтабаһа раббүһү фатаба алайһи уа һа-
да»,  яғни  «Адам  (а.с.)  қателік  жасады,  одан  соң  Раббысы  оның 
кү нəсін кешіріп, тура жолға бағыттады» деп кешірім берілген дігі 
айтылды.  Ал,  біздің  Сұлтанымыз  (с.ғ.с.)  туралы  ең  басынан-ақ 
кешірім үкімі жарияланды: «АфАллаү анка лам азнабта лаһүм», 
яғни «Сен əлі жасамаған күнəларға да Алла ғапу берді» деп. 
Он  үшінші  артықшылығы – Адам  (а.с.)  бір  күнəнің  себебі-
нен  жұмақтан  шығарылды,  ал  біздің  Сұлтанның  үмбеттерін 
неше мыңдаған кіші де, үлкен күнəларына қарамай, пейішке кір-
гізетінін айтты: «Құл йа ибадил-лазина асрафу ала əнфүсиһим ла 
тақниту мин рахматилла», яғни «Айт! Ей, өздеріне қарсы күнə 
жасағандар, Алланың рахымынан үміт (күдер) үзбеңдер». 
Он  төртінші  артықшылығы – Адам  (а.с.)-ды  бір  ғана  күнə-
сі  себебінен  жалаңаш  етіп,  абыройынан  айырды,  бұл  үмбетті 
Хабибінің  құрметі  үшін  неше  мыңдаған  күнəларын  көріп  тұрса 
да, аларды бүркеп жасырып тастайды.
Он  бесінші  артықшылығы – Адам  (а.с.)  күнəсінің  кешірілуі 
үшін екі жүз жыл жылады, содан соң барып кешірім берілді. Бұл 
Əзіретінің (с.ғ.с.) үмбетінің күнəлары бір сəт шынайы өкінуінің 
шарапатымен ғапу етіледі: «Əн-надмү таубатү», яғни «Шынайы 
өкіну – тəубе келтіру» дегеніндей.
Он алтыншы артықшылығы – Адам (а.с.)-ның тəубесі қабыл 

143
болуы үшін, оған құрметтелген Меккеге баруы бұйырылды, тек 
сол жерде ғана оның тəубесі қабыл болатын болды. Ал енді, біз дің 
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның сағадатты (нұрлы, бақытты) зама ны 
келгенде, оның үмбетінің тəубесі қай жерде тұрып келтірілсе де 
қабыл болатын болды. Содан жердің қай түкпірінен тұрып «Йə, 
Рабби,  күнə  істеп  қойдым,  мені  кешіре  гөр»  десе  Хақ  Тағала 
қабыл ететіндігі туралы мəлімдеді. 
Он жетінші артықшылығы – Адам (а.с.)-ды күллі адамзаттың 
əкесі  етті,  сөйтіп  одан  ұрпақтарын  таратты.  Біздің  Пайғам-
бар  (с.ғ.с.)-ды  күллі  адамзаттың  əруақтарының  əкесі  етті:  «Əна 
минАллаи  уал-мүминуна  минни»,  яғни  «Мені  Алла  жаратты,  ал 
мүминдер менен» дегені осыған сілтеу.
Он  сегізінші  артықшылығы – Адам  (а.с.)-ның  жүрегінің  қа-
лауы  зор  келіп,  өз  еркінің  шеңберінен  тысқа  шықты.  Ал  біздің 
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның пайғамбарлық дəуірінде шарапатты 
рухы жоғары келіп, əлемнің ең жоғарысындағы «Қаба қаусайн» 
дəрежесіне  жетті,  бұл  туралы:  «Факана  қаба  қаусайн  ау  адна» 
деген аят түсірілді.
Он тоғызыншы артықшылығы – Адам (а.с.)-ның заманында 
бір Нұр таратушы періштенің сипатындағы зұлымкеш деу болды. 
Сол зұлымкеш деу əлемнің мақтанышы болған Əзіретіміз (с.ғ.с.)-
ның  пайғамбарлық  дəуірінде  Нұр  таратушы  періште  сияқты 
бол ды,  ол  туралы:  «Əслама  шайтани  ала  йади»,  яғни  «Менің 
шайтаным менің қолымда мұсылман болды» деген риуаят бар.
Жиырмасыншы  артықшылығы – Хақ  Тағала  өзінің  құдірет 
күшімен бұл əлемді ұлық хикметке негіздеп Адам атаның денесін 
жарату арқылы хикметті оқиғаларын тарих сахнасына шығарды. 
Сөйтіп,  ізгі  болған  жоғарыға,  ал  кесапат  болған  төмен  қарай 
үкім етілді. Содан Адам (а.с.) көкке көтерілді, ал шайтан өзінің 
кесапаттығының  кесірінен  жерге  (төменге)  түсірілді.  Сосын, 
Адам (а.с.) сынақ етілуі үшін ол да жерге түсірілді, бұл туралы: 
«Құлна-һбиту минһа жамиъан», яғни «Одан барлығың түсіңдер» 
деген  үкім  берілген.  Ал,  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ның  таза,  сап 
Нұрын  паш  ету  үшін:  «Сүбханаллази  асра  биъабдиһи  лайлан», 
яғни  «Өзінің  пендесін  (Мұхаммедті),  оған  мұғжизаларымызды 
көрсету  үшін  түн  ортасында, (Меккедегі)  Мəсжидүл-Харам-
нан  (Құддыстағы)  Біз  оның  төңірегін  берекелі  (қасиетті)  еткен 
Мəсжидүл-Ақсаға  серуендеткен  зат  (Алла)  əрқандай  кем шілік-
терден  пəк»  деген  үкім  арқылы  баян  етті.  Бұл  бапта  аса  үлкен 

144
айқындау,  Əзіреті  Адам  (а.с.)-ға  салыстырғанда  аса  үлкен  ар-
тықшылықтың  бар  екендігін  дəлелдейді.  Мұның  егжей-тегжейі 
«Екінші міндет» туралы бапта баяндалады, иншаАлла Тағала. 
Енді,  ол  Əзіреті  (с.ғ.с.)-ның  Идрис  (а.с.)-ға  салыстырғандағы 
артықшылықтары  да  бірнеше  тақырыпқа  арқау  болады,  біз  бұл 
тұста солардан бес тақырыбы туралы əңгіме етеміз: 
Бірінші  тақырып:  Əзіреті  Идрис  (а.с.)-ды  періштелер  Алла 
Тағаланың  əмірімен  төртінші  қабат  көкке  дейін  көтерді,  ал  Ха-
бибұлла  (с.ғ.с.)-ды  бүкіл  көктерді  серуендеттіріп, «Мақам  қаба 
қаусай»ға алып барылды.
Екінші тақырып: Идрис (а.с.)-ды періштелер пейішке кіргіз-
геннен соң жасырынып алып, ол жайдан шыққысы келмеді. Біз-
дің Расулымыз (с.ғ.с.)-ға барлық жұмақтарды аралатып көрсе тіл-
ді, олардың біреуіне де ынталықпен назар салмады, бұл туралы: 
«Ма  зағал-басарү  уа  ма  таға»
84
,  яғни «(Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ның) 
көзі аумады (сұқтанып қараған жоқ) жəне шектен де шықпады» 
деген аят бар. 
Үшінші тақырып: Идрис (а.с.)-ға мағрифат жұлдызы беріл ді, 
біздің Хабибіміз (с.ғ.с.) қадамын жұлдыздың үстіне қойды.
 Төртінші тақырып: Идрис (а.с.)-ға тірілік өмірі берілді. Пай-
ғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ға  мағрифат  жəне  «нур  мүхаббат»,  яғни 
«махаббат Нұры» берілді. 
Бесінші  тақырып:  Идрис  (а.с.)-ға  «фанн  китабат  уа  мағ-
рифат»,  яғни  тақтаға  қаламмен  жазу  ілімі  берілді.  Біздің  Пай-
ғамбарымыз  (с.ғ.с.)  шынайы  Лаухтың  өзінен  де,  шынайы  Қа-
ламның өзінен де жоғары жайға алып барып, бетпе-бет сөйлесу 
кітабына бастауыш болды.
Енді,  ол  Əзіреті  (с.ғ.с.)-ның  Нұх  (а.с.)-ға  салыстырғандағы 
артықшылығы алты тақырып негізінде баяндалады:
Бірінші тақырып: Нұх (а.с.)-ға кеме берілді. Хабибұлла (с.ғ.с.)-
ға Пырақ берілді. Сөйтіп, ол (Нұх) су бетінде жүзді, ал қастерлі 
Хабиб (Алланың сүйіктісі) (с.ғ.с.) көкке шарықтады. 
Екінші тақырып: Нұх (а.с.) кемеге мініп, топаннан құтылды, 
қастерлі  Хабиб  (с.ғ.с.)  кеңшілік  шарапатымен  миғражға  шықты 
«Сүбханаллази  асра  биъабдиһи  лайлан»  яғни  «Өзінің  пендесін 
(Мұхаммедті), оған мұғжизаларымызды көрсету үшін түн орта-
сында, (Меккедегі) Мəсжидүл-Харамнан (Құддыстағы) Біз оның 
84
 
«Əн-нажм» сүресі 17-аят.

145
төңірегін  берекелі  (қасиетті)  қылып  қойған  Мəсжидүл-Ақсаға 
серуендеткен  зат  (Алла)  əрқандай  кемшіліктерден  пəк»  деген 
үкім осыған дəлел.
Үшінші тақырып: Сондай-ақ Нұх (а.с.)-ға берілген кемеде өзі 
жəне оның отбасы мен үмбеті топан суынан құтылу тапты, біздің 
Сұлтанымызға сакинат (қатерден көңіл жайлылық) сыйлық етіл-
ді, міне осыдан оның үмбетінің тозақтан құтылу табуы үміт еті-
леді.
Төртінші тақырып: Ол кеме Нұх (а.с.)-ның құтылуына себеп 
болды, ал енді бұл сакинат үмбеттің дəрежесінің жоғарылауы на 
себеп болды.
Бесінші  тақырып:  Ендеше  кеменің  су  үстінде  жүзуі  таң  қа-
ларлық ғажап жағдай емес, ал шындығында ғажап жағдай: кезін-
де Икрима деген адам Əзіретіміз (с.ғ.с.)-нан мұъжиза көрсетуін 
талап  етіп,  соны  орындасаң  иманға  келемін  деп  шарт  қойды. 
Əзіретіміз  Мұхаммед  (с.ғ.с.): «Не  қалайсың?»  деді.  Икрима: 
«Судың арғы жағында (бетінде) бір үлкен тас бар, сол тас бергі 
бетіне  келсін»  деді.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  ол  тасты  шақырған 
еді, судың бетімен жүрген күйі Əзіреті (с.ғ.с.)-ның қасына жетіп 
келді. 
Алтыншы  тақырып:  Нұх  (а.с.)  өзінің  қауымына  азап  тіледі: 
«Рабби  ла  тазар  алал-арзи  минал-кафирина  даййаран»,  яғни 
«Жəне  Нұх  (а.с.)  өз  дұғасын  жалғастырып): «Ей,  Раббым,  жер 
жүзінде  (тірі)  жүретін  (бірде-бір)  кəпір  затын  қалдырма»  деді. 
Ал,  Мұхаммед  Мұстафа  (с.ғ.с.)  болса,  оның  мүбəрак  тістерін 
кəпірлер  таспен  ұрып  сындырғанына  да  қарамай:  «Аллаүмма 
иһди қауми фаиннаһүм ла йаъламун», яғни: «Аллам, қауымымды 
тура жолға сал, өйткені олар ақиқатты білмейді» деп қауымына 
һидаят тіледі.
Енді,  Əзіреті  (с.ғ.с.)-ның  Ибраһим  (а.с.)-ға  салыстырғандағы 
артықшылығы жиырма тақырыпқа негізделеді: 
Бірінші  тақырып:  Ибраһим  (а.с.)-ға  достық  (хиллат,  халил) 
дəрежесі  берілді,  ал  біздің  Расулімізге  (с.ғ.с.)  махаббат  (сүйік-
тілік)  мəртебесі  (дəрежесі)  сыйлық  етілді,  «Құл  ин  күнтүм 
тұхиббунАллаа  фаттабиъуни  йұхбибкүмүлла»,  яғни «(Ей,  Мұ-
хаммед  (с.ғ.с.)  адамдарға)  айт: «Егер  Алланы  (шынымен)  сүй-
сеңдер,  маған  ілесіңдер.  Сонда  Алла  сендерді  сүйеді.  Сөйтіп, 
кү нəларыңды  мағфирет  етеді.  Ақиқат,  Алла  (пенделерін)  ке-
шіруші, əрі (дұрыс жол көрсететін) мейірімді зат» деп үкім берді. 

146
Міне, осы аятта баяндалған ұлық дəрежеге сүйене отырып ай тар 
болсақ, Хабибұлланы сүйген, оған ілескен адамдар да Алла ның 
сүйіктілері болады. Міне, енді қиястап (салыстырып) қараған да, 
мəлім  болатыны,  яғни  Дос  (халил)  болу  күмəн,  ал  сүйікті  болу 
күмəн емес, əлбетте сүйікті болады.
Екінші тақырып: Халил не нəрсе істесе де Алланың ризалы-
ғын тілеп тұрып істейді. Ал енді, Хақ Тағала бұл дүниеде Хабибі-
нің  ризасын  баяндап  айтты:  «Фаланүуаллийаннака  қиблатан 
тар заһа»
85
, яғни «Сондықтан, сені міндетті түрде өзің риза бол-
ған  қыбылаға  (Қағбаға)  қаратамыз»  деп  үкім  берді.  Сондай-ақ, 
ақыретте ұлық нығметтер сыйлық етіледі: «Уа ласауфа йұътика 
раббүка  фатарза»
86
,  яғни  «Тез  арада  Раббың  саған  (ұлық  нығ-
меті) сыйлық етеді, əлбетте сен (ол сыйлыққа) разы боласың». 
Үшінші  тақырып:  Халилұлла  (а.с.)  адамзатқа  имам  етілді 
«Əнни жаъилүка линнаси имаман», яғни Алла Тағала: «Мен сені 
адамдарға имам еттім» деді. Ал, Хабибіміз (с.ғ.с.) «Миғраж тү-
нінде» барлық пайғамбар мен періштелерге имамдық жасады.
Төртінші  тақырып:  Халилұлла  (а.с.)-ға  сенім  қуаты  берілді, 
сөйтіп Жəбірейіл (а.с.)-ға «Амма илайка фала» деді. Сүйікті Пай-
ғамбарымыз (с.ғ.с.)-ға арнайы сенім уақыты берілді, «Ли маъал-
ла уақтү ла йасъани фиһи малак мұқаррабү уа ла наба мүрсал» 
яғни: «Құдіретті  Раббым  мен  Менің  ортамызда  бір  уақыт  бар, 
оған  кіруге  жақындық  тапқан  періштелердің  де,  не  бір  елші 
пайғамбарлардың да əулие құқығы жоқ.
Бесінші  тақырып:  Ибраһим  (а.с.)  отқа  лақтырылған  кезінде 
оны ауада Жəбірейіл (а.с.) ұстап тұрып, «Һал лака мин хажатин», 
яғни «Саған қандай көмек қажет?» деді. Ал, Əзіреті Расул миғ раж 
түнінде  бір  арнайы  орынға  барды,  сонда  Жəбірейіл  (а.с.):  «Лау 
данаутү анамилатан лаахрақтү», яғни «Егер бір саусақтың қа-
шықтығындай жақындағанымда өртенген болар едім» деді.
Алтыншы тақырып: Ибраһим (а.с.)-ға Намрудтің оты сал қын, 
əрі  бейбітшіл  (зиянсыз)  болды.  Ендеше,  Хабибұлла  (с.ғ.с.)-ның 
үмбетіне тозақтың оты: «Жүз йа мүьмин фаинна нурака ат фаү 
лаһаби»  деді,  яғни  «Ей  мүьмин  тезірек  өт,  сенің  нұрың  менің 
отымды сөндіріп барады» дейді.
Жетінші  тақырып:  Намрудтің  отына  Ибраһим  (а.с.)-ды 
85
 
«Бақара» сүресі 144-аят.
86
 «Əз-зұха» сүресі 5-аят.

147
күй дірмеуге үкім берілген еді, негізінде ол Намрудтің оты əн-
шейін пенденің жаққан оты еді. Ал енді одан да ғажап жағдай, 
Аддаһтың ғазабымен өртеніп тұрған тозақтың оты мүминнің аяқ 
басуымен-ақ сөне бастауы нендей ғажап жағдай. Бұлардың себе-
бі  мынада:  Намрудтің  отына  «Йа  нар  күни  бардан  уа  саламан 
ала  Ибраһим»,  яғни  «Ей  от,  Ибраһимға  салқын,  əрі  бейбітшіл 
бол»  деген  бұйрыққа  сай  салқындады.  Ал  енді,  тозақтың  оты 
жұмақ қа  кіретін  үмбеттің  аяқтарына  қойылды  дегенше  Алла 
Тағаланың  əмірімен  салқындап  қалады,  бұл  туралы  жоғарыда 
хадис шарифта да айтылған еді, оған қоса «Иннал-мүьминин иза 
уазаъа қадамаһү алас-сирати тахмидүн-нарү тахта қадамайһи 
кама  тахмидүл-аһалатү  алат-табақ»,  яғни  «Əлбетте  мүмин 
адам аяғын Сират көпіріне қойды дегенше, тозақтың оты сөне 
береді,  құдды  бір  жанып  тұрған  шырақтың  майы  таусылып 
сөнгені сияқты.
Сегізінші тақырып: Ибраһим (а.с.) күнге, айға, жұлдыздарға 
қарады (осы менің Раббым ба деп ойлады). Ал Пайғамбарымыз 
(с.ғ.с.) олардың барлығының жоғарғысына миғражға көтерілді. 
 Тоғызыншы тақырып: Ибраһим (а.с.) досына (Аллаға) дəне кер 
(Жəбірейіл  (а.с.))  арқылы  байланысты.  Біздің  Хабибіміз  (с.ғ.с.) 
ешбір  дəнекерсіз  байланыс  жасады,  «Сүмма  дана  фатадалла», 
яғни  «Сосын  жақындады,  сөйтіп  төмендеді»  деген  соған  нұс-
қайды. 
Оныншы  тақырып:  Ибраһим  (а.с.)  өз  мақсатына  тілек  ар-
қылы  жетті, «Уа  тахзани  йаума  йүбъасун»,  яғни  «Барша  қайта 
тірілтірілетін күнде мені қапа етпе» деді. Ал сыйлы Расулымыз 
(с.ғ.с.)  сұранбағанның  өзінде  Алла:  «Йаума  ла  йахзиАллаүн-
наби», яғни «Алла ақырет күні Пайғамбарды қапа қылмайды» деп 
үкім  жариялады.  Сондай-ақ  Ибраһим  (а.с.)  һидаят  (тура  жолға 
бағытталуын) сұрап, дұға етті, «Сайаһдини», яғни «Мені һидаят 
ете гөр» деді. Ал Сүйіктісіне «Уа йаһдика сиратам мүстақима»
яғни «Сені тура жолға бағыттайды» деді.  
Он  бірінші  тақырып:  Ибраһим  (а.с.)  өзіне  қиын  күн  туған 
кезінде «Хасбиалла», яғни «Алланың өзі маған жетерлі көмекші» 
деді.  Ал  енді,  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ға  қиын  кездер  келгенде 
Хақ Тағаланың өзі оған «Хасбүкалла», яғни «Алланың өзі саған 
жетерлі көмекші» деді.
Он  екінші  тақырып:  Ибраһим  (а.с.)  «Инни  заһибүн  ила  раб-
би»,  яғни  «Əлбетте  мен  Раббыма  барамын  (жүгінемін)»  деді. 

148
Ал  Сүйіктісіне  Хақ  Тағаланың  өзі  «Мен  сені  шақырамын»  деп, 
«Сүбханаллази асра биабдиһи», яғни «Өзі пендесін (Мұхаммедті), 
оған мұғжизаны көрсету үшін түн ортасында, (Меккедегі) Мəс-
жидүл-Харамнан (Құддыстағы) Біз оның төңірегін берекелі (қа-
сиетті) қылып қойған Мəсжидүл-Ақсаға серуендеткен зат (Алла) 
əрқандай кемшіліктерден пəк» деген үкім түсірді. 
Он үшінші тақырып: Ибраһим (а.с.) халқының мақтауын сұ-
рады,  «Уажал  ли  лисана  сидқа  фил-ахирин».  Пайғамбарымыз 
(с.ғ.с.)-ға  «Сені  дүниеге  келтірдім,  зікіріңді  биік  еттім»  деді, 
бұған «Уа рафаъна лака зикрак», яғни «Сөйтіп сенің зікіріңді жо-
ғары еттік» деген сөзі дəлел.
Он төртінші тақырып: Ибраһим (а.с.)-ға барлықтың ақиқаты 
көрсетілген  түні  барша  күнəһар  пенделердің  мерт  етілуін  тіле-
ді, «Аллаүмма əһликкүм», яғни «Аллам оларды мерт қыл» деді. 
Құрметтелген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Миғраж түнінде үмбеті нің 
жарылқануын  тілеп:  «Уаъфү  анна  уағфирлана  уархамна»,  яғни 
«Біздің күнəларымызды кешіріп, жарылқай гөр» деді. 
Он бесінші тақырып: Ибраһим (а.с.) тек оған ілескендер тура-
лы ғана ойлап, күнəһар болғандар туралы ойламады, содан: «Фа 
ман табаъани фаиннаһү минни», яғни «Тек маған ілескендер ғана 
менен»  деді.  Қастерлі  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  күнəһарлардың 
да  жағдайын  ойлады,  содан:  «Шафаъати  лиаһлил-кабаири  мин 
үммати», яғни «Менің шапағатым үмбетімнің арасындағы үлкен 
күнə жасағандарға да арналған» деді. 
Он алтыншы тақырып: Ибраһим (а.с.) адамдарды қажылық-
қа шақырды, «Уа аззин финнаси билхажжи йаьтука рижалан»
яғни  «Адамдарды  қажылыққа  шақыр,  олар  сен  жаққа  не  жаяу, 
не  көлікте  əрқандай  алыс  жолдардан  келеді»  деген  үкімге  сай. 
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) иманға дағуат қылды (шақырды), «Раб-
бана  иннана  самиъна  мүнадийан  йүнади  лил-иман»,  яғни  бұған 
«Ей,  Раббымыз!  Біздер: «Раббыларыңа  иман  келтіріңдер»  деп, 
иманға шақырған жаршыны (Мұхаммед (с.ғ.с.) дағуатын) естіп, 
дереу иман келтірдік» деген аят дəлел. 
Он жетінші тақырып: Ибраһим (а.с.)-ға «Ə уалам түьмин»
яғни «Не сен сенбедің бе?» деп ескерту айтылды. Пайғамбары-
мыз  (с.ғ.с.)-ға  «Аманар-расул»  деп,  имандылық  сағадаты  мен 
дəулеті жайлы үкім келді. 
Он  сегізінші  тақырып:  Ибраһим  (а.с.) «Маған,  бүкіл  əлемге 
Алла  Тағала  жетеді»  деді,  бұл  туралы  «Фаиннаһүм  адүууүн  ли 

149
илла раббал-аламин»
87
, яғни «Əлбетте, олар маған дұшпан. (Мен) 
əлемнің Раббынан басқаға (құлшылық етпеймін)» деген аят бар. 
Ал,  əлемнің  мақтанышы  Əзіреті  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ға  Хақ 
Тағала  «Лау  лак  ламма  халақтүл-афлак»,  яғни ««Көктерді  жа-
ратқан  кезімде»  дегендегі,  əлемнің  жаратылуының  негізгі  се-
бепкері туралы айтылған. 
Он  тоғызыншы  тақырып:  Ибраһим  (а.с.)-ның  ұлы  Исмаил 
(а.с.)-ның орнына бір қошқар құрбандыққа жіберілді. Ал сүйікті 
Пайғамбарымыздың əкесінің есесіне бір ерекше бағалаған түр де 
екі жүз түйе құрбандық белгіленді.
Жиырмасыншы  тақырып:  Ибраһим  (а.с.)-ға  құрбандыққа 
бе рілген  бір  қошқарының  құрбандығы  ақырет  күні  неше  мың 
күнəһар үшін кафарат (төлем) болатын болса, қиямет күні Пай-
ғамбарымыздың əрбір үмбетінің орнына йаһудтер (жөйттер, ев-
рей  дініндегі  адам)  мен  кəпірлердің  арасынан  екі  сорақы  кəпір 
тозаққа тасталады.
Енді, Əзіретіміз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның шын сөзді Йусүф (а.с.)-
ға  салыстырғандағы  артықшылығы  тұрғысынан  жеті  тақырып 
реттелінді.
Бірінші  тақырып:  Йусүф  (а.с.)-ға  оқиғалардың  астарын  бай-
қау жəне түстердің жорамалын білу қасиеті берілді. Пайғамбары-
мыз (с.ғ.с.)-ның үмбетіне Алланың Кітабының тəпсірін білу нəсіп 
қылды, бұған «Сүмма аураснал-китабаллазина истафайна», яғни 
«Сосын, Біз ол Кітапты пенделерімізден өзіміз таңдағанымызға 
мұра еттік» деген аят дəлел. 
Екінші  тақырып:  Йусүф  (а.с.)-ға  Мысырдың  тағы  мен  пат-
шалығы  берілді.  Расулұлла  (с.ғ.с.)-ның  үмбетінің  əрқайсысына 
мəңгі-таусылмайтын  ақыреттік  тақ,  бақ  жəне  ұлық  нығыметтер 
берілді «Иза раəйта сүмма раəйта наъиман кабиран». 
Үшінші тақырып: Йусүф (а.с.)-ға көрік пен көркемдік беріл-
ді,  содан  Мысырдың  əйелдері  қолдарын  кескендерін  байқамай 
қалды.  Ал,  біздің  Пайғамбарымыз  Мұхаммед  Мұстафа  (с.ғ.с.)-
ға  сондай  бір  ғажап  кемелдік  берілді,  одан  жаһанның  кəпір лері 
зинақорлықтарын  тастап  исламға  кіре  бастады,  «Йадхұлуна  фи 
диниллаһи  афуажан»,  яғни  «Алланың  дініне  топ-топ  болып 
кіреді» деген аяттағыдай.
Төртінші  тақырып:  Йусүф  (а.с.)-ға  Мысыр  қазыналары-
87
 
«Шүъара» сүресі 77-аят.

150
ның  кілті  берілді,  ал  біздің  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ға  рахым 
қазыналарының  кілті  берілді  «Уа  ма  арсалнака  илла  рахматан 
лилаламин», яғни «Біз сені əлемдерге рахым етіп жібердік» деген 
аят түсірілді.  
Бесінші  тақырып:  Йусүф  (а.с.)  алтын  ыдысты  бауыры  Бин-
йамин  қоржынына  салдырған  болса,  пайғамбарлар  Сұлтаны 
(с.ғ.с.)-ның  заманында  үмбетінің  жүректеріне  нұрдан  болған 
иман  дəулетін  салды,  «Ə  фаман  шарахАллаү  садраһү  лилислам 
фаһүуа  ала  нури  мир-раббиһи»,  яғни  «Ендеше,  Алла  кімнің 
көкірегін Ислам үшін ашқан, ол Раббы (тарапынан болған) нұр 
(һидаят) үстінде болған адам (адасқандармен бірдей бола ма)?». 
Алтыншы  тақырып:  Мысыр  жұртшылығы  аса  қатты  ашар-
шылық  жылдарында  Йусүф  (а.с.)-ның  көркіне  қарап  нəр  ала-
тын,  солайша  аштық  азабынан  айығатын  еді.  Ал  енді,  əлемнің 
мақтанышы  болған  Əзіреті  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ның  ақырет 
күні  берілетін  бір  ерекше  ғажап  туы  бар,  оны  көрген  жанның 
баршасы қиямет қиыншылықтарынан құтылады.  
Жетінші тақырып: Йусүф (а.с.) неше жылдық айырылықтан 
соң,  өз  əкесімен  кездесер  қарсаңында  бүкіл  Мысыр  елі  оның 
құлдары  болып  саналатын.  Ал,  əкесімен  қауышқаннан  соң  ол: 
«Енді осы сыйлы қарттың құрметіне барлығыңды азат еттім» деді, 
сол себепті күллі Мысыр елі қуанышқа бөленді. Ал енді, қиямет 
күні  болғанда  Хақ  Тағала  барша  пенделерін  махшар  майданы-
на  жинайды,  сөйтіп  Сүйіктісі  Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ның  құрметіне 
шапағат  ету  орыны  тұрғызылады,  сөйтіп  азғындағандар,  кү-
нə һарлар  жəне  есептері  насырға  шапқан  бейшаралар  ізгі  жан-
дардың  мырзасы,  Кешірім  беруші  Алланың  таңдалған  сүйіктісі 
Мұхаммедтің  тұсына  жиналып  келгендерінде  құдіретті  де 
ұлық Хақ Тағаладан: «Күнəһар құлдарым бұл күн сендерді осы 
Сүйіктімнің  дидарының  дəулеті  мен  құрметінің  шарапатының 
се бебінен  ғапу  еттім,  сөйтіп  жұмақ  нығыметіне  жəне  Өзімнің 
дидарымды көрсету дəулеті мен дəрежесін сендерге нəсіп еттім» 
деген  жандарды  жадырататын  қуанышты  жариялау  жаңырайды 
(жарияланады), содан күллі жиналған үмбет шаттыққа бөленеді. 
Енді, сыйлы Əзіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның Муса (а.с.)-ға 
салыстырғандағы  артықшылықтары  жиырма  тақырып  негізінде 
жүйелеп көрсетілді:
Бірінші тақырып: Муса (а.с.)-ға «калимийат», яғни «сөйлесу» 
дəрежесі  берілді.  Ал  Алланың  Хабибі  (с.ғ.с.)-ға  хылуетте,  яғни 

151
оңашада сұхбаттасу дəрежесі сыйлық етілді, «Фаауха ила абдиһи 
ма  ауха»,  яғни  «Сонда,  Алла  өзінің  құлына  уахи  еткен  нəрсені 
келтірді» деген үкім осыған да нұсқайды. 
Екінші  тақырып:  Муса  (а.с.)-ға  «йад  байза»,  яғни  «жалты-
райтын қол» қасиетті нəсіп қылды. Ал, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-
ға  ең  дұрыс  дін,  яғни  «миллат  ханифийаи  байзаи»  берілді, 
«Əтай түкүм  билмиллатил-ханифиййати  əсамхатил-байза»
яғни  «Миллат  ханифийа  (ең  дұрыс  дін)  жеңіл  əрі  оңай  тағы  да 
ақ (ақиқатты баяндайтын) дін, соны сендерге келтірдім (бердім)» 
деді. Муса (а.с.)-ның қолының жалтырауы Ферғауын сарайы ның 
ішінде  Нұр  таратты,  ал  ақиқатты  баяндайтын  ақ,  ақиқат  дін нің 
рухани нұры «қаср илаһида», яғни адамдардың жүректерінде, əрі 
ақырет күні махшар майданында нұр таратады. 
Үшінші  тақырып:  Егер  Муса  (а.с.)-ға  асатаяқ  беріп  Фер-
ғауынның сиқыршылары жасаған сиқырларын жойған болса, біз-
дің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ға шапағат ету дəрежесін берді, міне 
содан үмбетінің барлық күнəларын жоқ қылады.
Төртінші  тақырып:  Муса  (а.с.)-ға  Бəни  Исраилдың  пайғам-
барлығы  мен  басқаруын  берді.  Ал,  сыйлы  Расулымыз  (с.ғ.с.)-ға 
ұлық бір сұлтандық берілді, содан Жəбірейіл мен Микаил (а.с.) 
қам-қайғысын кетіреді. 
Бесінші тақырып: Муса (а.с.) миқатқа (уəделесілген орынға) 
өзінің шешімі бойынша кетті, «Уа ламма жаə муса лимиқатина». 
Ал, əлемнің мақтанышы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шақыру арқылы 
кетті, «Сүбханаллази асра биабдиһи»
88
. 
Алтыншы  тақырып:  Алла  Тағала  Муса  (а.с.)-ға  өзін  көрсет-
педі,  тек  Тур  тауының  үстіне  көрініс  берді.  Ал,  Өзінің  Хабибі 
Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ға  Нұрдан  тұратын  кілемның  үстіне  көрініс 
берді.
Жетінші тақырып: Муса (а.с.)-ды қырық күн, қырық түн су 
мен тамақтан тыйды, «Уа из уаъадна муса арбаъина лайлатан». 
Біздің  Мырзамыз  (с.ғ.с.)-ды  əр  түні  Өзі  мейман  қылады,  «Инни 
абайтү инда рабби йатъамүни уа йасқини», яғни «Мен түндері 
Раббымның дəргейінде боламын, ол мені тамақтандырады жəне 
су береді». 
 Сегізінші тақырып: Муса (а.с.) қырық күн «мақам ынты зар», 
яғни ынтық болып күтіп тұратын орында күндіздері ораза ұс тап, 
88
 
Аяттың түсінігі жоғарыда берілді.

152
түндері ұйықтамай тік тұрумен өткізді, сосын Тур тауына келіп 
мүнəжатын  жасады.  Ал,  пайғамбарлардың  мырзасы  Мұхаммед 
(с.ғ.с.)  төсегінде  жатқан  кезде  Жəбірейіл  (а.с.)  келіп,  Пыраққа 
міндіріп көзді ашып-жұмғанша бір ұлық дəрежеге жеткізді, оны 
небір адамзаттың, небір періштенің ақыл-ойы қамти алады.  
Тоғызыншы  тақырып:  Муса  (а.с.)  əуеске  беріліп,  Алланы 
көр гісі келіп, «Арани анзүрү илайк» деп, Алладан оған көрінуін 
сұрады.  Бірақ  Алла  оған:  «Үнзүр  илал-жабал»,  яғни  «Сен  анау 
тауға  назар  сал»  деді,  сол  кезде  Ібіліс  аңдып  тұрған  еді.  Біздің 
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  бір  ұлық  дəрежелі  орынға  барған  кезде 
Жəбірейіл (а.с.): «Бұдан ары баруға маған рұқсат жоқ» деді. 
Оныншы  тақырып:  Муса  (а.с.)-ға  Тур  тауында  тұрғанында 
«Аяқ киіміңді шеш» деген əмір келді. Ал, Сүйіктісі (с.ғ.с.) Арш 
ағланың  үстінде  жүрген  кезінде  өзі  аяқ  киімін  шешіп  қоюын 
сұранғанында, «Ла тахлаъ наълайк», яғни «Аяқ киіміңді шешпе, 
мұндай қошеметті Арштың өзі тіледі» деген əмір келді. 
Он  бірінші  тақырып:  Сосын  Муса  (а.с.)-ның  жақындық 
табуының  көрінісін  «Фаламма  жаə  Муса  лимиқатина»,  яғни 
«Сөй тіп,  Муса  біздің  уəделескен  орынға  келгенінде»  деп  баян 
еткен. Ал, Хабибінің (с.ғ.с.) жақындық табуының баянында «Сүб-
ханаллази асра биабдиһи»
89
 деп баян етті. 
Он  екінші  тақырып:  Муса  (а.с.)-ды  «Фаламма  жаə  Муса»
яғни  «Муса  келген  кезде»  деп,  оның  сыпайы  əрекетімен  баян-
дады, бұйырды. Ал Өзінің Сүйіктісін (с.ғ.с.) құрметтеумен «Сүб-
ханаллази асра биабдиһи» деді. 
Он  үшінші  тақырып:  Муса  (а.с.)-ды  «Келді»  деп  сипаттап 
баяндады.  Ал,  сүйікті  Пайғамбарымыз  жайлы  ерекше  болды, 
яғни ғұламалардың айтуынша: Муса (а.с.)-ның сипаты баяндал-
ған  болса,  біздің  Расулымыз  Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ның  өзі  тікелей 
баяндалған еді.
Он төртінші тақырып: Муса (а.с.) Тур тауында «тажалли»-
дің, яғни (көрініс берудің) əсерін көргеннен кейін қорқыныш тың 
зорынан  есінен  талып  құлады,  «Фахарра  муса  саъиқан»,  яғни 
«Муса есінен талып құлады». Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) болса, 
нендей зор да ұлық дəрежелі орындарға барса да есін жоғалт пады. 
Міне, осы жағдайдан да білуге болады: Ол өзі еді, сипаты емес.  
Он бесінші тақырып: Муса (а.с.) Алланың дидарын көрсетуін 
89
 Аяттың түсінігі жоғарыда берілді.

153
сұрады, сонда оған «Лан тарани», яғни «Сен мені көруге қадір 
емессің»  деп  дұғасын  қабылдамады.  Ал  Əзіретіміз  Мұхам мед 
(с.ғ.с.)-ға  барлық  нəрселер  көрсетілді,  ол  ешбіріне  сұқталып 
қарамады.  Сөйтіп,  Хақ  Тағала  «Ə  лам  тара  ила  раббик»  деді, 
яғни сынақ үшін «Раббыңа назар салғың келе ме?». 
Он  алтыншы  тақырып:  Муса  (а.с.)-ға  мұғжиза  беріліп,  үм-
бетімен бірге теңіз түбінен ашылған жолдардан кешіп өтті, сон-
да аяқтарына лай ілеспеді. Ал, біздің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ға 
қиямет күні бір ұлық дəреже беріледі де, үмбетімен бірге Сират 
көпірінен өтеді, сонда аяқтарына тозақ отының жамандығы жа-
быспайды, зиян жеткізбейді. 
Он  жетінші  тақырып:  Сахих  риуаятта  келгеніндей:  Муса 
(а.с.) түнде жəне күндізі екі рет мінəжат жасайтын еді. Мұхаммед 
(с.ғ.с.)-ға  бір  ұлық  сағадат  (бақыт,  дəреже)  берілді,  соның  ша-
рапатынан оның үмбеті күндіз бен түнде бес рет мінəжат жасай-
тын болды, «Əлмүсалли йүнажи раббаһү», яғни «Намаз оқитын 
адам Раббысына мінəжат етеді».
Он сегізінші тақырып: Муса (а.с.)-ға «Манн» жəне «Сəлуə», 
яғни сусынды қандыратын «əл-мəнн» деп аталатын жер үстінде 
жоқ  мəуелер  мен  «əс-сəлуə»  деген  дайын  пісірілген  бөденелер 
түсірілген  еді.  Біздің  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ға  иман  байлығы 
жəне  сақина  (көңіл  жайлылық)  байлығы  берілді,  «Һүуаллази 
анзалас-сакината  ала  расулиһи  уа  алал-мүьминин»,  яғни  «Ол – 
(құдіретті Алла Тағала) Өзінің Пайғамбарына жəне мүминдерге 
көңіл жайлылық түсірген Зат».
Он  тоғызыншы  тақырып:  Муса  (а.с.)-ға  бір  тастан  он  екі 
бұлақ шығарды. Əлемнің қуанышы Əзіреті Пайғамбарымыздың 
мүбəрак саусақтарының арасынан бұлақтардан шыққандай сулар 
сызаттап шықты.
Жиырмасыншы  тақырып:  Муса  (а.с.)  қауымынан  алыстап 
қырық  күнге  оңашаланып  кеткен  кезінде  қауымы  бұзауға  та-
бынды.  Əзіреті  Пайғамбарымыз  мыңдаған  жылдар  үмбетінен 
оңа шаланса да, шариғатына зияны тимеді.
Енді  Əзіретіміз  (с.ғ.с.)-ның  Дауүд  (а.с.)-ға  салыстырғандағы 
артықшылығы үш тақырып негізінде баян етіледі:
Бірінші  тақырып:  Дауүд  (а.с.)-ға  халифалық  дəрежесі  бері-
ліп, «Йə Дауүд инна жаъалнака халифатан фил-арз», яғни «Ей 
Дауүд, Біз сені жерде халифа еттік» делінді. Ал Сүйіктісін Өзіне 
хали фа етті, (с.ғ.с.). 

154
Екінші  тақырып:  Дауүд  (а.с.)-ға  темірді  мұм  (сағыз)  сияқты 
оңай иленетін етті. Ал Хабибі (с.ғ.с.) Əзіретімізге тастан да қат-
ты қатып қалған жүректерді жібітіп, табын етіп берді, «Фабима 
рахматү  минАллаи  линнат  лаһүм»,  яғни  «Алладан  не  нəрсеге 
рахым болса, оларда жұмсақтық болады». 
Үшінші тақырып: Дауүд (а.с.)-ға арыстанның ақырғанынан да 
мықты дауыс берілді. Ал Расулы (с.ғ.с.)-ға бір «сийт», яғни бүкіл 
əлемге  таралып,  өшпей  жаңарудан  тұратын  сөздер  берді,  олар 
қияметке дейін жаңарудан сірə тоқтамайды. 
Енді,  Əзіреті  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ды  Сүлеймен  (а.с.)-ға 
салыстырғанда артықшылығы он тақырып негізінде баяндалады:
Бірінші  тақырып:  Сүлеймен  (а.с.)-ға  желдер  бойұсындыры-
лып берілді. Ал сыйлы Хабибі (с.ғ.с.)-ға сыйлы періштелер қыз-
мет етіп, көмектесетін болды. Бəдр шайқасы кезінде бес мың пе-
ріште көмектесу үшін қызметіне келді.
Екінші  тақырып:  Сүлеймен  (а.с.)  бір  күнде  бір  айлық  жол, 
сондай-ақ  бір  түнде  бір  айлық  жолдың  қашықтығындай  жерге 
барып келе алатын еді. Ал, Əзіреті Сұлтан əулие (с.ғ.с.) бір сəттің 
(дем арасында) өзінде жерден Арш ағлаға барып келе алатын еді.
Үшінші  тақырып:  Сүлеймен  (а.с.)-ға  құстар  көлеңке  еткен 
болса,  біздің  мырзамыз  Расуллұлла  (с.ғ.с.)-ға  рахым  кілемдері 
көлеңке ететін болады.
Төртінші  тақырып:  Сүлеймен  (а.с.)-ның  жүзігіндегі  мөрінің 
себебінен оған бүкіл жер беті бағынышты болды. Ал, Хабибұлла 
(с.ғ.с.)-ның  арнайы  «Мадақтау  туы»-ның  астында  ақырет  күні 
барлық əнбиялар мен əулиелер сап түзеп, тізіліп тұратын болады.
Бесінші  тақырып:  Сүлеймен  (а.с.)-ға  адамдар  мен  жындар 
тайпасы бағынышты болды. Əлем мақтанышы болған Əзіретіміз 
(с.ғ.с.) Аллаға жақындық тапқан періштелер қызмет ететін болды. 
Алтыншы тақырып: Бүкіл əлем Сүлеймен (а.с.)-ға берілді. Ал, 
сыпайы Сүйіктісіне пейіште бұл дүниеге салыстырғанда онда ған 
есе үлкен дəулеттер беріледі.
Жетінші  тақырып:  Егер  Сүлеймен  (а.с.)  үшін  күнді  бір  рет 
артына  қайтарған  болса,  сүйікті  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ның 
са хабаларының  бірі  Əзіреті  имам  Али  (разиАллаү  анһү)  үшін 
күн артына қайтарылды, бұл оқиға жайлы алда да баяндалатын 
болады, иншаАлла Тағала. 
Сегізінші тақырып: Сүлеймен (а.с.)-ға патшалық мөрі берілген 
болса, біздің Расулымыз «с.ғ.с.)-ға «Пайғамбарлық мөрі» берілді.

155
Тоғызыншы тақырып: Сүлеймен (а.с.)-ға арнайы күрсі берілді, 
«Уа алқайна ала күрсиһи жасадан», яғни «Оның күрсісіне (сынақ 
үшін)  мүрдені  (өлген  адамның  денесін).  Ал,  Пайғамбарымыз 
(с.ғ.с.)-ға  «Айатүл-күрси»  берілді,  оның  қасиеті  аса  ұлық  «Айа-
түл-күрси  мин  күнузіл-жанна»,  яғни  «Айатүл-күрси  жұмақ  қа-
зыналарынан  бір  қазына»,  оны  естісімен  шайтандар  қаша  жө-
неледі. 
Оныншы тақырып: Сүлеймен (а.с.)-ға құстар сөйлеген болса, 
қастерлі  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ға  құрмалар  да,  жабайы  аңдар 
да, құстар да, тастар мен ағаштар да сөйлеп оған сəлем айтатын 
еді, бұлар жайлы өз кезегінде əңгіме етіледі, иншаАлла Тағала. 
Енді,  Əзіреті  (с.ғ.с.)-ның  Иса  (а.с.)-ға  салыстырғандағы 
артықшылықтары жеті тақырып негізінде тəртіптелді:
Бірінші тақырып: Иса (а.с.)-ды төртінші қабаттағы көкке кө-
теріп  алып  барылды.  Ал,  Хабибұлла  (с.ғ.с.)-ды  Арш  ағладан  да 
жоғарыға көтерді. Иса Арш ағланың төртінші қабат аспанда қа-
латындығы туралы əңгіме Миъраж қиссасында баяндалатын бо-
лады, иншаАлла Тағала. 
Екінші  тақырып:  Иса  (а.с.)  əкесіз  дүниеге  келген  болса,  Ха-
бибұлла  (с.ғ.с.)  Нұрының  құрметіне  септік  жаратылды,  «Ана 
минАллаи  уал-мүьминуна  минни»,  яғни  «Мен  Алладанмын,  ал 
мүминдер менен».
Үшінші тақырып: Иса (а.с.) егер өлген адамның денесіне жан 
кіргізіп  тірілткен  болса,  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  шарапатынан 
өлген,  яғни  күпірге  тап  болған  жүректерді  иман  беріп  тірілт ті, 
«Ау  ман  кана  маййітан  фаəхйайнаһү»,  яғни  «Кім  өлген  болса, 
содан оны тірілтеміз». 
Төртінші  тақырып:  Иса  (а.с.)  сенімі  себепті  судың  бетінде 
батпай  жүре  алды.  Ал,  Хабибұлла  (с.ғ.с.)  сенімінің  өте  жоғары 
болғандығынан ауаның үстінде жүре алды. 
Бесінші  тақырып:  Иса  (а.с.)-ға  көктен  «маида»,  яғни  «ашыл 
дастарқан» түсірілген болса, Əзіреті Расул (с.ғ.с.) үшін «маидаи 
рахмат»,  яғни  «рақым  дастарқаны»  түсірілді.  Оның  бұл  рахым 
дастарханы  мəңгі  таусылмайды:  «Уа  нанзилү  минал-құрани  ма 
һүуа  шифаү  уа  рахматүл  лилмүьминин»,  яғни  «Біз  Құраннан 
мүминдер үшін шипа мен рақым болатын нəрселерді түсіреміз» 
деген аяттағыдай.
Алтыншы  тақырып:  Иса  (а.с.)-ның  ашыл  дастарқаны  қауы-
мының азабқа ұшырауына себепші болды. Ал, əлемнің мырзасы 

156
Əзіретіміз (алайһи афзалүс салауат) рақым дастарқаны үмбеті нің 
мəңгілік рақымға ие болуына себеп болды, «Уа нанзилү минал-
құрани ма һүуа шифаү уа рахматүл лилмүьминин»
90
.  
Жетінші тақырып: Иса (а.с.) Əзіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-
нан  бұрын  келді,  бірақ  ақырзаман  таяп  келген  кезде  Əзіреті 
Сұлтан  əулие  (с.ғ.с.)-ның  шариғатының  үкімдерін  басшылыққа 
ала  отырып,  амал  қылатындығы  айтылған:  «Лау  кана  Муса  уа 
Иса алайһимас-салам хаййайна лана уа саъаһүма илла итбаъи»
яғни: «Егер  Муса  мен  Иса  (а.с.)  тірі  болатын  болса,  олар  үшін 
маған  ілесуден  басқа  шара  болмас  еді».  Бұл  шарапатты  ха дис-
те  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ның  Иса  (а.с.)-ға  салыстырған да-
ғы  тағы  бір  артықшылығына  нұсқау  бар,  сондықтан  ақырза ман 
таяп келген дəуірде ол да басқа ғұламалар сияқты Ислам діні не 
Пайғамбарымыздың шарапаты бойынша дағуат ететін болады.
Бірінші кітаптың соңы
90
 Мағынасы бесінші тақырыптың түсініктемесінде келді. 


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал