МАҒарижун нүБҮууа мұхаммедтің пайғамбарлық ДƏлелдері



жүктеу 3.01 Kb.

бет11/20
Дата08.06.2017
өлшемі3.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Сегізінші қасиеті: Бұл қасиеті содан тұрады: Хақ Тағала оған 
жер  жүзінің  барлық  алқабын  пəк  (таза)  етті.  Сондай-ақ  судың 
үкі мін берді, дəрет алу үшін су болмаған (табылмаған) жағдайда 
орнына  тайаммүм  (екі  қолын  топыраққа  ұрып  дəрет  алу  тəсілі) 
жасауға  рұқсат  берді,  мұндай  кеңшілік  пен  жеңілдік  басқа  үм-
беттерге  нəсіп  болмаған  еді.  Оның  үшін  жер  бетінің  барлық 
жерін масжид, яғни намаз оқуға болатын етті, мұндай кеңшілік 
пен жеңілдік те басқа үмбеттерге нəсіп болмаған еді. Яғни олар-
дың баршасы ғибадаттарын тек мешіттерде ғана атқарулары тиіс, 
олардан  тыста  мүмкін  емес  еді.  Ал  бұл  үмбеттің  қай  жерде  на-

116
маз оқитын болса да құлшылықтары қабыл етілетін болды. Бұл 
туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жүъилат ли əларзү масжидан 
уа түһуран», яғни «Маған жер жүзі мешіт жəне пəк етілді» деген.
Тоғызыншы  қасиеті:  Біздің  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  жер 
жүзіндегі  барлық  халықтарға,  сондай-ақ  адамдармен  қоса  жын 
тайпаларына  да  пайғамбар  етіп  жіберілді.  Басқа  пайғам бар-
лардың  барлығы  да  бір  ғана  тайпаға  пайғамбар  етіп  жіберілген 
болатын.  Кейбір  насихаттарда  айтылуынша,  Нұх  (а.с.)  айуан-
дарға  да  пайғамбар  етілген  еді.  Өйткені,  топан  судан  соң  бар-
лық  жан-жануарлар  жойылып,  тек  оның  кемесіндегі  адамдар 
мен  жануарлар  ғана  аман  қалады.  Сондықтан  ол  кемесіндегі 
жануарлар  мен  адамдарға  пайғамбар  еді,  бірақ  ол  жындардың 
тайпаларына пайғамбар емес еді. Ал Əзіреті (с.ғ.с.) адамзатқа да, 
жындарға да жіберілген болатын, бұл туралы ол: «Баъастү илал-
халқи  каффатан»,  яғни  «Мен  барша  жаратылысқа  пайғамбар 
етіп жіберілдім» деген.
Оныншы  қасиеті:  Ол  бұл  қасиетімен  күллі  əулие  (а.с.)-ның 
шежіресін  аяқтаушы  болды.  Бұл  туралы  ол:  «Хатама  би  əн-
набиййун», яғни «Менімен пайғамбарлар аяқталды» деген. Сон-
дықтан  одан  кейін  пайғамбар  атаулы  келмейді.  Ал,  Иса  (а.с.)-
ның қайта келуі туралы айтар болсақ, ол басқа бір жаңа шариғат 
алып келу үшін емес, расында Мұхаммед (с.ғ.с.) келтірген Ислам 
қағидаларын нықтап орнықтыру үшін келеді, сөйтіп ол да барша 
ғұламалар сияқты ұстаным ұстайды.
Он  бірінші  қасиеті:  Хақ  Тағала  оны  барша  əлемге  рахым 
(мейірімділік,  жарылқау)  етіп  жіберді.  Мына  аятта  айтылған-
дай: «Уа ма арсалнака илла рахматал лилаламин», яғни «Біз сені 
əлемге  рахым  етіп  жібердік».  Оның  бұл  қасиетінде  аса  ғажап 
ерек шеліктер бар, сондықтан олардың кейбірін айтып өту мақсат 
етілді. 
Қасиетті Əзіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) барша жаратылысқа, 
яғни жындар мен адамдарға, періштелерге, айуандарға, жырт қыш 
аң  мен  құстарға,  бір  сөзбен  айтқанда  барша  жаратылысқа  тірі 
кезінде де, ақыретке көшкенінен соң да рахым болып табылады. 
Енді,  оның  періштелерге  рахым  болатындығы  туралы  мына-
дай нақыл етілген: «Миғраж түнінде ол періштелердің ешбірі нен 
сұрамады, керісінше ол Əзіретіден ілім жəне жасырын нəрсе нің 
сырларын біліп пайдаланды». Олардың кейбірі «Миғраж» туралы 
бөлімде əңгіме етіледі, иншаАлла Тағала.  

117
Солардың  бірінде  айтылғанындай,  Əзіреті  Жəбірейіл  (а.с.) 
осы  кереметті  аятты
65
  түсіргенінен  кейін,  оған  Пайғамбарымыз 
(с.ғ.с.): «Ей, Жəбірейіл, бұл алғыстан саған да несібе тиді ме?» деп 
сұ раған еді, ол: «Иə, несібе тиді» деді. Сосын сөзін жалғастырып: 
«Ей, Алланың Расулы! Əзіретің жіберілуінен бұрын, жағдай дың 
жамандықпен  аяқталуынан  қауіптеніп  жүретін  едім.  Ібіліс тің 
əрекеттері қауіптенуіме себеп болатын. Міне енді, Хақ Тағала сені 
барша əлемге рахым етіп жіберіп, мені Əзіретіңе хабаршы қылды 
жəне ұлық Құранды түсіру қызметін маған жүктеді. Сөйтіп, міне 
енді, мына бір кереметті аятты келтірдім деді: «Иннаһү лақаулү 
расулин карим зи құууатин ъинда зил-арши макин мұтаъин сəм-
мə  əмин»
66
,  яғни: «Əлбетте,  бұл  аса  бір  сый-құрметті  елшінің 
(Жəбірейілдің  келтірген)  сөзі.  Ол  өте  күшті,  сондай-ақ  ол  Ар-
шының Иесінің құзырында жоғары дəрежелі, ол жайда (оған пе-
ріштелер) бойұсынатын, аса сенімді зат (Жəбірейіл)». Міне, бұл 
аяттарда  Хақ  Тағала  мен  туралы  «аса  бір  сый-құрметті», «өте 
күшті» жəне «жоғары дəрежелі», тағы да «аса сенімді» деген си-
паттама  берді.  Енді  жағдайдың  жамандықпен  аяқталуы  туралы 
қауіптенуден  құтылдым.  Бұл  сағадат  (игілік)  сенің  берекетің-
нен, сондай-ақ бұл Əзіретің атқарған қызметінің септігі арқылы 
болды» деді. 
Енді,  жындарға  қатысты  рахым  болғандығы  туралы  айтатын 
болсақ, ол Əзіретіміз (с.ғ.с.)-ның дағуатының (уағыз-насихат ай-
ту  арқылы  дінге  шақыру)  шарапатынан  жындардың  бір  тайпа-
сы  ұлық  Құранды  есітіп  иман  келтірді,  сөйтіп  Алла  Тағаланы 
таныды, сосын тура жолды жəне əлемнің Раббысына құлшылық 
ету  ілімін  үйренді.  Бұл  оқиға  «Лəйлəтүл-жин»,  яғни  «Жындар 
түні» деп аталатын түнде көрініс берген. Бұл жайлы өз кезегінде 
баяндалатын болады иншаАлла Тағала. 
Бұл – ұлық  рахымының  адамзатқа  қатысты  болған  тұстары 
туралы  Құран  аяттарында  кеңінен  егжей-тегжейлі  баяндалған. 
Солардан  бізге  мəлім  болды:  ол  Əзіреті  Расулулла  (с.ғ.с.)  бұл 
дү ниеде де, ақыретте де мүминдерге де, кəпірлерге де рахымды 
болып келген. 
Алдымен мүминдерге рахым болатындығы жайлы айтар бол-
сақ,  Əзіреті  Хақ  Тағала  былай  деп  бұйырды:  «Уа  күнтүм  ала 
65
 «Біз сені əлемдерге рахмет етіп жібердік» деген аят.
66
 
«Əттакуир» сүресі 19-21-аяттар.

118
шафа хұфратин минан-нари фаəнқазакүм минһа»
67
, яғни «Сендер 
тозақ  шұңқырының  ернеуінде  едіңдер, (Алла  Тағала  мейірімді-
лік  жасап)  сендерді  одан  құтқарды».  Бұл  аят  бір  топ  сахаба-
лар  туралы  түсірілген  болып,  олар  өзара  дауға  салынған  кезде 
Алла Тағала оларды өзінің сүйіктісінің шарапатынан құтқар ды. 
Осылайша,  мүминдерге  һидаят  келтіргендігі  себебінен  рахым 
болды.  Мүнафиқтарға  (екіжүзділерге)  болса,  оларды  өлтіруге 
тыйым  салу  арқылы  рахым  болды,  ал  кəпірлерге  болса,  оларға 
берілетін жазалар мен азаптарды кейінге сүру, кешіктіру арқылы 
рахым  болды.  Бұл  туралы  «Уа  ма  канАллаү  лийүъаззибаһүм  уа 
анта  фиһим»
68
,  яғни  «Сен  олардың  арасында  болған  кезіңде 
Алла Тағала оларға азап жібермейді» деп үкім берілді. Міне, бұл 
аятта  үлкен  үлгі-хикметтер  бар.  Хабиб  (с.ғ.с.)  Əзіреті  олар дың 
арасында  жүргендігінің  шарапатынан  кəпірлер  мен  мүшріктер 
бұл дүниедегі азаптан аман болады. Ендеше,  иман иелері, əсіресе 
мағрифат  иелері  ол  Хабибулла  (с.ғ.с.)-ның  берекеті  мен  шара-
паты себепті тозақтың азабынан құтылады.
Нақыл баяны: Бұл кереметті аят түсірілген соң, əулиелердің 
Сұлтаны  Əзіреті  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ның  шарапатты  көңі-
ліне: «Ол  бұлардың  ортасынан  кеткеннен  кейін,  олардың  үсті-
леріне азап түсірілуі мүмкін» деген бір тəшпішті ой келді. Сон-
да  Хақ  Тағала  оның  көңілін  тыныштандыру  үшін  мына  бір  ке-
реметті  аятты  түсірді:  «Уа  ма  канАллаү  мүъаззибаһүм  уа  һүм 
йастағфируна»
69
, яғни «Хақ Тағала оларға азап етпейді, егер олар 
истиғфар (кешірім сұрау сөздерін) айтатын болса». 
Əбу Һүрайра (разийАллаү Тағала анһү) риуаят еткен хадисте 
айтылғанындай: «Бұл  кереметті  аят  түсірілгенінен  кейін  Пай-
ғамбарымыз  (с.ғ.с.)  былай  деді:  «Лиүммати  əманани  минал-
азаби  йушикү  ан  йарфаъа  ахадүһүма  уа  йабқал-ахарү»,  яғни 
«Үмбетімнің азаптан құтылуының екі амандығы бар, мəлім бол-
ды. Олардың бірі – көтеріледі, ал екіншісі – бақи қалады». Ендеше, 
бұл  кереметті  аяттан  мүминдерге  ақырет  күні  истиғаса – үлкен 
көмек  пен  шапағат  етіліп,  демеушілік  жасалу  үлкен  көмек  пен 
шапаған етіліп, демеушілік жасалу арқылы рахым болатындығы 
мəлім болды.  
Ал  енді  «истиғаса»  туралы  хабарларда  мынадай  түсініктеме 
67
 
«Əлі Имран» сүресі 103-аят.
68
 
«Əнфал» сүресі 33-аят.
69
 
«Əнфал» сүресі 33-аят.
 

119
келген: Қиямет күні жеті тозақтың қақпалары ашылып, олардан 
қайнап  атқылап  шыққан  оттардың  лебі  махшар  майданына  жи-
налғандардың  төңіректерін  түгелдей  қоршап  алады.  Сонда  ел-
шілік  иесі  Əзіретіміз  (с.ғ.с.)  қасындағы  Құдс  илаһия,  яғни  Жə-
бірейіл (а.с.)-ға беттеліп көмек сұрайды. Сонда Жəбірейіл (а.с.) 
оған: «Ей,  Расулалла,  мүбəрак  жамылғышыңды  сілкіп  шаңын 
шығар,  сөйтіп  Хақ  Тағаланың  құдіретінің  айбарын  тамаша  ет» 
деді. Содан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің мүбəрак жамылғышын 
алып сілкиді, сонда Хақ Тағаланың əмірімен одан шыққан шаң бір 
алпауыт  бұлт  сияқтанып,  үмбетінің  үстіне  көлеңке  секілді  пана 
болады.  Сосын  Жəбірейіл  (а.с.): «Енді,  мүбəрак  сақалыңды  да 
сілкі. Одан да бір жұпар иісті шаң шығып, бұлт сияқты үмбетің-
нің  төбесіне  перде  болып  оттан  сақтайды»  дейді.  Пайғамбары-
мыз (с.ғ.с.) солай істегенінен кейін, бір жұпар иісті шаң шығып, 
алпауыт  перде  сияқтанып  барып,  үмбеті  мен  оттың  екі  ортасы-
на тосық болып, Алла Тағаланың кеңшілігі мен жомарттығынан 
барша  мүминдарды  қорғаштап,  оларға  ешбір  тұстан  тозақтың 
оты зиян жеткізбейді. 
Ал  енді  осы  тұста  шапағат  жайлы  айтар  болсақ,  бұл  туралы 
мына шарапатты хадисті келтіруге, сөйтіп бұдан аса үлкен пайда 
үміт  етуге  болады.  Міне,  өзің  тыңда:  Ибн  Аббас  (разийАллаү 
анһүма)-дан  риуаят  етіледі:  Əзіреті  Расул  акрам  (с.ғ.с.)  былай 
деді: «Ма мин үмматин илла баъзұһа фин-нар уа баъзұһа фил-
жəннəти  илла  үммати  фаиннаһа  күллүһа  фил–жəннə»,  яғни 
«Түгелдей  жұмаққа  кіретін  ешбір  үмбет  жоқ,  олардың  кейбірі 
жұмаққа кірсе, кейбірі тозаққа түседі. Тек менің ғана үмбетімнің 
барлығы жəннəтқа кіреді». Бұл шарапатты хадистің кеңейтілген 
түсініктемесі  жайлы  Мутауаккил  Нажи  Ибн  Аббас  (разиАллаү 
Тағала  анһүма)-дан  мынадай  риуаят  келтірген:  Күндердің  бі-
рінде  Матрах  Жадала  есімді  араб  Əзіреті  Пайғамбарымыз 
(с.ғ.с.)-ның  құзырына  келіп: «Ей,  Мұхаммед,  сенің  үмбетіңнің 
бас қа  пайғамбарлардың  үмбеттерінен  қандай  артықшылықтары 
мен абзалдықтары бар екендігі жайлы маған хабар берші» деді. 
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  былай  деді: «Менің  үмбетімнің  бас-
қа  үмбеттерден  артықшылықтары  мен  абзалдықтары,  бас қа 
пайғамбарларға  салыстырғанда  менің  артықшылытарым  мен 
абзалдықтарым сияқты» деді. Араб: «Не себептен?» деп сұ рады. 
Əзіретіміз: «Қиямет  күні  барлық  пайғамбарлар  махшар  май да-
нына  жиналады.  Сонда  олардың  кейбіріне  бір  адам  ғана  ілесіп 

120
келеді, кейбіріне екі адам, кейбіріне үш адам, кейбіріне əрі барса 
он  адамға  дейін  ілесіп  келеді.  Ал  маған  ілесіп  келетіндердің 
есебін тек Алла Тағала ғана біледі, одан өзге білмейді» деді. Араб 
жəне сұрады: «Қиямет күні сенің үмбетің қанша түрлі топтарға 
бөлінеді?». Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай жауап қайырды: «Төрт 
түрлі  топ  болады,  олардың  баршасы  жұмаққа  кіреді,  тіпті  бір 
тобынан  мүлде  есеп  алынбай  тұрып,  ешбір  қиыншылық  көр-
мей  жұмаққа  кіргізіледі».  Араб  сұрады: «Олар  қандай  тайпа 
жəне олар қандай амалдар істеген еді?». Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): 
«Олар – куəлік  берушілер»  деді.  Араб  айтты: «Олар  неліктен 
куəлік  берушілер  деп  аталды?».  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.): «Олар 
Хақ  Тағаланың  уахданиятына  (жеке-даралығына)  жəне  менің 
пайғамбарлығыма  растап  куəлік  бергендіктері  үшін  осылай 
атал ды»  деді.  Араб  сұрады: «Осы  куəлікті  айтқан  адам  «куəлік 
беруші»  болып  санала  ма?».  Ол: «Иə,  куəлік  беруші  болады» 
деді.  Араб  жəне  сұрады: «Екінші  топтағылары,  олар  кімдер?». 
Ол  айтты: «Екінші  топтағылар  жеңіл-желпі  есеп  алынатындар, 
содан  соң  олар  да  жұмаққа  кіргізіледі».  Араб  сұрады: «Үшінші 
топтағылар  кімдер?».  Ол  айтты: «Бұл  топтағылардан  өздерінің 
істеген  амалдары  туралы  орташа  сұрақ-жауап  алынады,  сосын 
олар да жəннəтқа жіберіледі». Араб тағы да: «Олардан қалайша 
есеп  алынатыны  жайлы  айтшы»  деді.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.) 
айтты: «Бұлардың күнəлары өте көп болып, солар туралы сұраққа 
тұтылады».  Араб  айтты: «Олардың  күнəларын  қайтеді?».  Ол 
айтты: «Олардың күнəлары мүшріктерге жүктетіледі». Араб жəне 
сұрады: «Мүшріктер  өздеріне  басқалардың  күнəларын  неліктен 
арқалап алады?». Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Олар тозақтың 
оты  үшін  жаратылған  болып,  шірктерінің  жəне  күпірліктерінің 
кесірінен  тозаққа  кіреді.  Сондықтан  мүминдердің  күнəлары 
олардың  үстіне  жүктеледі».  Араб: «Бұл  туралы  аят  түсіріл ген 
бе?» деп сұрады. Ол былай деді: «Иə, Хақ Тағала Құранда: «Уа 
лайахмилүнна  əсқалаһүм  уа  əсқалан  маъа  əсқалиһим»
70
,  яғни 
«Əлбетте,  олардың  күнəлары  мүминдердің  күнəларымен  бірге 
жүктеледі» деген. Сонда араб былай деді: «Нендей бейбақ қауым 
екен, ол өзгелердің күнəларын арқалайтын? Ал енді, төртінші топ 
туралы хабар бер, йə, Расулалла!» деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): 
«Төртінші  топ  жайлы  айтар  болсам,  олар  пейішке  менімен, 
70
 
«Анкабут» сүресі 13-аят.

121
шапағатыммен  кіреді»  деді.  Араб  сұрады: «Сүбханалла,  сенің 
шапағатыңмен пейішке кіре ме?». Əзіреті Расулулла (с.ғ.с.) жы-
мия тұра былай деді: «Ə ма таълимү анна мафатихал-жəннəти 
бийади уа ана хазинүһа йаумал-қияма», яғни «Сен білмейтін бе 
едің, жұмақтың кілттері менің қолымда. Сондай-ақ қиямет күні 
мен жұмақтың қақпасында қазынашысымын». Мұны естіген араб: 
«Ендеше, егер сен пейіштердің қазынашысы болып, оның кілтте-
рі сенің қолыңда болса, онда неліктен мен осындай адаммен бір-
ге болмасым. Егер мен иман келтірсем, маған пейіштің қақпасын 
ашармысың?» деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иə, ашамын» деді. 
Араб: «Менің отбасыма-дағы ашасың ба?» деп сұрады. Ол: «Егер 
олар  иманға  келсе,  оларға  да  ашамын»  деді.  Осыдан  кейін  əлгі 
араб мұсылман болды, сөйтіп былай деді: «Егер маған: «Сен кім-
сің?»  деп  сұрақ  қоятын  болса,  онда  қалайша  жауап  айтуым  ке-
рек?» деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мұсылманмын деп 
айтқын»  деді.  Араб: «Мұсылман  дегені  қандай  мағына  аң ғар-
тады?» деп сұрады. Ол былай түсініктеме берді: «Мұсыл ман – 
тозақтың отынан сəлемет (аман) болу дегені». Осыдан соң араб 
өтініш айтып: «Менің есімім – Матрах, өтініш оны басқа атқа 
ауыстырып берсең» деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Онда есімің 
Мүслим болсын!» деді. Араб бұл есімді өзіне аса үлкен мақтаныш 
деп біліп, тағы да сұрады: «Йə, Расулалла, үмбетіңнің бұдан да 
басқа есімі бар ма?». Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жəне бір есімі – 
Мүмин» деді. Араб білгісі келіп: «Мүмин адамға неліктен мүмин 
делінеді?» деді. Ол айтты: «Қиямет күніндегі ең үлкен қорқыныш 
кезінде де аман-сау болады». Араб жəне сұрады: «Мүмин күнə 
істей ме?». Əзіреті (с.ғ.с.) айтты: «Ей, араби, «Лау лам йазнибу 
лажаАллаү биқаумин ахарин файазнибуна файүдхилһүмүл-жəн-
нə»,  яғни  «Егер  күнə  істемейтін  болса,  Хақ  Тағала  бұлардың 
орнына басқа бір қауымды келтіреді, сөйтіп ол қауымдар күнə 
істейді, сонда Хақ Тағала олардың күнəларын жарылқап, жəн-
нəтқа кіргізеді жəне Өз жомарттығынан үлкен сыйлықтар сый-
лайды».  Сосын  араб  былай  деді:  «Əлхамдүлиллаһил-лази  жаъ-
алани  мин  үмматик»,  яғни  «Алла  Тағалаға  мадақтар  болсын, 
мені  сенің  үмбетіңнен  етті!».  Əзіреті  Расул  (с.ғ.с.)  оған: «Ей, 
араб,  бұдан  да  асқан  ұлұқ  нығмет  болар  ма,  Хақ  Тағала  сені 
иманға келтіріп, тозақтан құтқарды, «Лат» жəне «Ұзза» сияқты 
пұттарға  сиынудан  сақтап,  Өзіне  құлшылық  етуді  саған  нəсіп 
қылды» деді.   

122
Ал енді шайтандарға да рахым етілгендігі туралы айтар бол-
сақ, ол жайлы нақыл етіледі: Хақ Тағала Ібілісті жұмақтан айда-
ғанынан соң, бір періштеге əмір етті: ол əр күн оны ұстап алып 
жотасына ойсырата бір қамшы соғар еді. Ол қамшының соққысы 
соншалықты зор еді, оның зардабы ертесі күнгі соққы ұрыла тын 
кезге  дейін  басылмайтын.  Ал  енді,  Мұхаммед  Мұстафа  (с.ғ.с.)-
ға  пайғамбарлық  беріліп,  осы  қасиетті  рахым  аяты  түсірілген 
кезде ол лағынеті зар еңіреп: «Мен де осы əлемге қатыстымын, 
сондықтан мені де бұл алғыстан мақұрым етпе» деп жалбарынды. 
Хақ Тағала ол періштеге бұйырып: «Осыдан кейін ол лағынеті-
нің  жотасына  дүре  соқпа,  сонда  ол  да  бұл  алғыстан  несібесіз 
қалмайды» деді.
Ей, дəруіш! Хақ Тағала Хабибінің құрметі үшін лағынеті Ібі-
ліске  дүре  соғуға  тыйым  салды,  содан  үміт  етеміз.  Біз  жазық-
тылардың да қанша күнəсі бар болса қиямет күні Хабибінің құр-
меті үшін кешірім жасап, азаптан құтқарар. 
Ал  енді,  жануарларға,  жабайы  аңдар  мен  жыртқыш  аңдарға 
да рахым болатындығы туралы былай нақыл етілген: Ол Сұлтан 
дүниеге келер жылы аса күшті құрғақшылық болып, барлық шөп-
шалаң қурап шартарап тып-типыл тақырға айналды. Ол Əзіреті 
дүниеге  келгеннен  соң,  бір  берекелі  жаңбыр  жауып,  шарта-
рап гүлденіп ырзықтар мен нығметтерге толды. Сондықтан сол 
жылға  «Амүл-фатх»,  яғни  «Фатх  жылы»  деп  ат  берілді.  Содан 
соң, қашан жаңбыр жаумай, құрғаншылық болатын болса, Əзіреті 
Расул  акрам  дұға  ететін,  сол  сəттің  өзінде  дұғасы  қабыл  болып 
жаңбыр  жауатын  еді.  Бұл  жайлы  өз  кезегінде  əңгіме  етіледі 
иншаАлла Тағала. 
Насихат  келгеніндей,  Əзіреті  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  кере-
метті  Меккеден  нұрланған  Мəдинаға  һижрат  еткенінен  кейін 
Құрайыштың  төңірегінде  бір  құрғақшылық  болып,  ашаршылық 
орын  алды.  Сонда  құрайыштықтар  арам  өліп,  иістеніп  кеткен 
малдардың еттері мен иттердің етіне дейін жеуге мəжбүр болды. 
Соңында  шарасыз  қалған  құрайштықтар  жиналып,  Əбу  Сүфян-
ды Əзіретімізге өтінішпен жіберді.  Сонда оларға Əзіреті Оспан 
(разиАллаү  Тағала  анһү)  шапағат  тілеп,  дұға  етті.  Хақ  Тағала 
дұғасын  қабыл  етіп,  құрғақшылық  пен  ашаршылықты  көтерді. 
Əлбетте, бұл Əзіреті Расулымыздің шарапатынан болған еді. 
Ал енді, оның өмірлік (тірі) кезі де, өмірден озғаннан кейін гі 
кезі  де  рахым  деуіміздің  себебі,  ол  Əзіретіміз  (с.ғ.с.):  «Хайати 

123
хайрүн  лакүм  уа  мамати  хайрүн  лакүм»,  яғни  «Сендерге  ме-
нің  тірілігім  де,  дүниеден  өткенім  де  қайырлы  (жақсылық).  Ті-
рі лігімнің  сендерге  қайырлы  болатындығының  себебі  қиын-
шылықтарыңды  жеңіл  қыламын,  шүбəларыңды  шешіп  бере-
мін,  осылай  əрекет  етемін.  Ал  енді,  өлімімнің  сендерге  қайыр-
лы  болатындығының  себебі,  əр  дүйсенбі  мен  бейсенбі  күн-
де рінде  амалдарың  маған  көрсетіледі.  Қайсыбіріңнің  істеген 
жақ сылықтарың  артық  болса  қуанамын,  сөйтіп  Хақ  Тағаладан 
қабыл болуын тілеймін. Ал енді қайсыбіріңнің күнəларың артық 
болса,  оның  кешірілуін  тілеп  истиғфар  айтамын,  сонда  күнəсі 
кешіріліп, орнына жақсылық жазуға бұйрық болады». Бұл сөзін 
естіген  сахабалар: «Ей,  Расулулла,  қабірде  жатқан  дене  шіріп, 
жоқ болғаннан кейін бұл айтылған жағдайлар қалайша кешеді?» 
деп сұрады. Ол Əзіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деді: «Ə ма 
алимтүм  анна  лүхумал-анбийаи  алал-арзи  уа  əжсадил-анбийаи 
ла табла фил-қабри», яғни «Білмес пе едіңдер, пайғамбарлардың 
денесі жерге арам етілген, олардың денелері шірімейді» жəне бір 
риуаятта  келгеніндей: «Пайғамбарлар  қабірлерінде  тірі  болады, 
сөйтіп, олар Хақ Тағаланың құлшылығында болады».
Он екінші қасиеті: Алла Тағала өзінің сүйіктісі жайлы былай 
деді:  «Инна  арсалнака  шаһидан  уа  мүбашширан  уа  назиран  уа 
даъийан  илАллаи  биизниһи  уа  сиражан  мүниран»
71
,  яғни  «Ей, 
Пайғамбар, əлбетте Біз сені (қиямет күні барша үмбеттерге) куə 
болушы, əрі қуантушы жəне ескертуші етіп, сондай-ақ Алланың 
қалау-рұқсатымен  Оған  (дініне)  шақырушы,  тағы  да  (жол  көр-
сететін)  нұрлы  шырақ  етіп  жібердік».  Алла  Тағала  бұл  аятта 
Пай ғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ды  бес  түрлі  есіммен  атады,  əрбір  есім 
арқылы дербес мағына көзделді. Яғни, əулиелерге – мүбашшир 
(қуантушы),  пайғамбарларға – куə  болушы,  дұшпандарға – ес-
кертуші,  тақуаларға – дағуат  етуші  (дінге  шақырушы),  ізгілер-
ге – нұрлы  шырақ  етіп  жіберілді.  Кейбір  ғұламалар  мынадай 
пікір айтқан: Арифтарға – куə болушы, мүминдерге – қуантушы, 
күнəһарларға – ескертуші, сүйіктілеріне – дағуат етуші, тақуалар-
ға – нұрлы шырақ етіп жіберілді. Кейбір ғалымдар былай деген: 
Үмбетіне  куə  болушы – олар  туралы  куəлік  береді,  қуантушы – 
мүминдерге  жəннəт  туралы  қуанышты  хабар  береді,  ескерту ші 
–  кəпірлерге  тозақ  туралы  ескерту  жасайды,  дағуат  етуші – ха-
71
 
«Əл-əхзаб» сүресі 45-46-аяттар.

124
лықтарды Алланың дініне шақырады, яғни Оның əмірімен нұр лы 
шырақ болып халайыққа рухани нұр береді. 
Кейбір  ғалымдардың  пікірінше:  қуантушы – күнəһарларға, 
ескертуші – бойұсынушыларға, өйткені Хақ Тағала Дауүд (а.с.)-
ға  мынадай  уахи  түсірді:  «Башширил-мүзнибина  уа  анзирис-
сид диқина»,  яғни  «Күнə  істеушілерге  қуанышты  хабар  жеткіз, 
Мен – жарылқаушымын.  Бойұсынушыларға  ескерту  жаса,  Мен 
уəдесізді ұнатпаймын». Осы ескерту арқылы мүминдерге қуант-
тырушы хабар бер Алла Тағала кеңшілігімен. Сыддықтарға Хақ 
Тағаланың  жаза  дайындайтындығы  туралы  ескерту  жасауы  ар-
қылы, ол Əзіреті (с.ғ.с.)-ға нұрлы шырақ деп сипаттама берілді. 
Мүфассирлер (аяттарға тəпсір жасаушылар) айтады: «Мұндағы 
нұрлы  шырақ  дегеннің  мағынасы – күн  дегенді  аңғартып,  бұл 
ұқсату бірнеше көрініске ие: бірінші, күн – біреу, сондай-ақ ұқ-
сасы жоқ, бүкіл аспанға шуақ шашып, нұрландырып жарық қы-
лып  тұрады.  Сол  сияқты  əлемнің  мақтанышы  болған  Əзіреті 
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның шарапатты дидарын бір ұқсасы жоқ 
күн  деуге  болады,  ол  бүкіл  əлемдегі  жаратылыстың  барлығын 
өзінің руханият нұрымен нұрландырады. Екінші көрініс – айтып 
өткеніміздей,  күн  бұл  төңіректің  қараңғылығын  жойып,  жарық 
қылады. Сол сияқты Əзіреті Пайғамбар (с.ғ.с.)-ның жарқын нұры 
бұл  жаһанның  қараңғылығын  жояды.  Үшінші  көрініс – күннің 
батып,  қайта  атуы  себебінен  түн  мен  күн  бір-бірінен  ажырап 
тұрады. Сол сияқты, Əзіреті Расулулла (с.ғ.с.)-ның себебінен кү-
пір  мен  иман  бір-бірінен  ажырап,  біріншісінен  екіншісі  нұрлы 
да игі болады, бейнебір күннің нұры теңіздің бетіне де, таудың 
шыңдарына да, бір сөзбен айтқанда бүкіл əлемге шуақтап жарық 
қылғаны  сияқты.  Сол  сияқты  оның  пайғамбарлық  Нұры  қызыл 
тəндіге де, қара тəндіге де, ақ тəндіге де, сондай-ақ барша адам дар 
мен жындарға да бірдей жетеді. Қиямет күнгі оның шапағаты да 
үмбетінен бойұсынушыға да, күнəһарға да, жақсыға да, жаманға 
да барлығына бірдей жетеді. Тағы да бір көрініс: Күн күншығыс-
тан  бой  көтереді,  сосын  өз  нұрын  бүкіл  əлемге  жайып  жеткізе 
барады. Сонда аспандағы жұлдыздардың нұрлары қыр аса барып, 
мүл дем көзден таса болады. Сол сияқты, пайғамбарлардың Сұлта-
ны (с.ғ.с.)-ның жарқын дидары пайғамбарлық аспанына шығып, 
ұлық пайғамбарлық таңы атқан кезде, бұл қасиетті пайғамбар лық 
аспанындағы  барша  пайғамбарлардың  Нұрлары  қыра  тар тып, 
көрінбей кетеді. 

125
Енді, мынадай бір сұрақ айтылса: «Егер, «Нұрлы шырақ» де-
геннің мағынасы «Күн» дегенді аңғартатын болса, онда неліктен 
«Шамсан мүниран», яғни «Нұр таратушы күн» деп айтылмады?». 
Мұның жауабы бірнеше көріністе түсіндіріледі: Бірінші – күннің 
орны көкте (алыста), сондықтан егер «күн» деп айтылатын болса, 
онда  кедейлер  мен  əлсіздер  оның  əңгімесін  тыңдаудан  мақұ-
рым болатындығы түсініледі. Ал енді, «Шырақ» дегенде – оған 
бай да, кедей де, жоғарыдағы да, төмендегі де одан пайдалануы 
мүмкіндігі  аңғарылады,  сөйтіп  одан  пайдалану  мүмкін  болады. 
Сондай-ақ «алау» немесе «шағам» деп те аталмады, өйткені шы-
рақ патшаларға да қатысты, ал шағам көбінесе байларда ғана бо-
лады. Шырақ кедейдің де, орта қалдің де, тіпті тас кедей үйінен 
де табылады. Осыған байланысты, күнəһарлар да үмітсіз қал мауы 
үшін оны «Нұрлы шырақ» деп атады.
Жəне бір көрініс: Шырақтың бірнеше өзіндік қасиеттері бар, 
бұлар күнге тəн емес. Мысалы, бір шырақтан неше мың шырақты 
ұштандырып  жағуға  болады,  сондай-ақ  бір  шырақтың  отымен 
əлем-жаһанның шөп-шалаңын өртеуге болады. Сол сияқты, Əзі-
реті  Мұстафа  (с.ғ.с.)-ның  руханият  шырағынан  неше  мыңдаған 
Иман  Нұры  мен  мағрифат  Нұры  ұштандырып  алынады,  сөйтіп 
қиямет күні неше мыңдаған күнəлардың шөп-шалаңын шапағат 
Нұрымен өртеп, жояды. 
Нақыл баяны: Мұса (а.с.) мінəжат етіп: «Маған рахымың қа-
зынасынан  бір  үлгісін  көрсет,  сөйтіп  рахымның  қазынасының 
шегі  жоқ  екендігі  мəлім  болсын»  деді.  Сонда  Хақ  Тағала  оған 
былай деп бұйырды: «Шатырыңның ішінде бір шырақ жақ, сөйтіп 
бұйырғын:  қауымың  арасындағы  саған  ілескендердің  барлығы 
ол шырақтан өздерінің шырақтарын ұштандырсын». Мұса (а.с.) 
ол  əмірді  орындады.  Сосын  Хақ  Тағала  оған: «Ей,  Мұса,  сенің 
шырағыңнан от кемейді ме»? деді, ол (а.с.): «Жоқ, кемейгені жоқ, 
ей, Раббым» деп жауап берді. Сонда, Хақ Тағала былай деді: «Сол 
сияқты,  Менің  мейірімділік  жəне  жомарттық  қазыналарымнан 
бүкіл  əлемге  сан  түрлі,  есепсіз  сый  мен  сыйлықтар  таратсам 
да, қазынамнан зередей нəрсе кемімейді. Ендеше, түсінген шы-
ғарсын, ол Əзіретіні «Күн» деп атамай, шыраққа ұқсатылып баян-
далуының себебін.  
Жəне  бір  көрініс:  Күнді  өзіне  белгілеп  қойылған  орнынан 
ары-бері жылжытуға, орнын ауыстырып, басқа орынға көшіруге 
бол майды,  ал  шырақты  басқа  орынға  көшіруге  болады.  Əзіреті 

126
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мəдинаға, одан Ақса мешітіне, 
сосын  Мақам  «Қаба  қаусайн  əу  адна»-ға  көшті  (барып,  қайта 
оралды). Əйгілі ғұламалар былай деген: «Егер шырақты жақсаң, 
оның шұғыласы оттың бастау алып тұрған шеңберінен жоғары 
тарайды,  ал  негізі  өз  орнында  қала  береді.  Сол  сияқты,  əлем-
нің  мақтанышы  болған  Əзіретіміз  (с.ғ.с.)  дүниеден  озғанынан   
кейін  де,  жерге  қайта  оралды,  яғни  «Минһү  бадаьа  уа  илайһи 
йаъудү» – «Одан  бастау  алды  жəне  оған  оралады»  дегендей, 
алдың қандай болған болса, сондайлығынша қалды, өшкен жоқ. 
Сауал: «Ал енді шырақтың нұр таратушы деп аталғандығының 
хикметі неде?». Жауап: Кейбір ғалымдар былай дейді: «Шырақ 
екі бө ліктен тұрады: бірі – шырақтың салқын тұсы, екіншісі – 
нұр  тарататын  ыстық  тұсы.  Салқын  тұсы  ыстық  тұсына  қуат 
береді,  нұр  тарататын  тұсы  төңіректі  жарық  етеді,  сондықтан 
оны – нұр таратушы деген. Содан арифтердің саналарын жəне 
мүминдер дің бейнелерін нұрландырады». Ал басқа бір ғұлама-
лар  мынадай  түсініктеме  айтқан: «Ешбір  түтін  шығармай тын 
шырақ  болмай ды.  Сондықтан,  бұл  шырақтың  мүлдем  түтіні 
бол майтындығы  тура лы  арнайы  түрде  қадап  айтылды».  Ал 
кейбір ғұламалар пікірін ше: «Əрқандай шырақ жел тұрса өшеді, 
немесе  үрлеу  арқылы  өшіруге  болады,  ал  Əзіреті  Расулулла 
(с.ғ.с.)-ның руханият шы рағын ешқандай нəрсе өшіре алмайды, 
оны өшіремін дегендер ешқашан мақсаттарына жете алмайды: 
«Йүридуна лийүтфиъу нурАллаи биафуаһиһим уАллаү мүтиммү 
нуриһи  уа  лау  кариһал – кафирун»
72
,  яғни  «Олар  (кəпірлер) 
Алланың Нұрын ауыздарымен өшірмекші болады, (бірақ) Алла 
кəпірлер  жек  көрсе  де,  Өзінің  Нұрын  (Ислам  дінін)  кемеліне 
жеткізеді».  Кейбір  ғұламалар  бы лай  айтады: «Шырақтардың 
нұры  тек  түнде  ғана  төңіректі  жа рық  қылады,  ал  Хабибінің 
руханият  Нұрымен  түн  де,  күндіз  де  жарық  болады.  Яғни  бұл 
пəни дүниеде де, ақырет күні де рухани Нұр беріп тұрады, сон-
дықтан  бұл  сипатпен  сипатталды.  Кей бір  ғұламалардың  ай-
туынша: «Шырақтың  кейбірі  бөлмені  өртеп,  өрт  шығарады, 
ал  кейбірі  сарайды  жарық  қылады,  ал  Хаби булла  (с.ғ.с.)-ның 
руханият шырағы тек нұрландырып, жарық етуші нұр таратады, 
сірə да өрт шығармайды.
72
 «Саф» сүресі 8-аят.

127
Он үшінші қасиеті: Оның бұл қасиеті туралы ғұламалар бы-
лай  деген: «Біздің  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  басқа  барлық  əнбие 
(а.с.)-нан он түрлі тұрғыдан мұнтаз (абзал)  келеді. 
Бірінші – басқа  пайғамбарлардың  қайбірі  болсын,  дүниеден 
өткендерінен  кейін  пайғамбарлығы  шектелді,  сөйтіп  шариғат-
тары мансух болды (күші жойылды), тек Хабибулла (с.ғ.с.)-ның 
шариғат мүлкі ғана қияметке дейін жойылмайды.  
Екінші – басқа пайғамбарлардың қайбірі болсын, Алла Тағала 
ризалығын талап етті. Мысалы, Мұса (а.с.) «Уа ажилтү илайка 
рабби  литарза»
73
,  яғни  «Раббым,  разы  болуың  үшін,  мен  Сен 
жаққа асықтым» деді. Ал енді, Хақ Тағала өзі Хабибінің риза сын 
беруді уəде етті, бұл туралы: «Уа ласауфа йұътика фатарза»
74
, 
яғни «Жуық арада Раббың саған (керемет нығметтерді) сыйлық 
етеді, əлбетте сен (одан) разы боласың» деді. 
Үшінші – барлық əнбие (а.с.) Хақ Тағаланың шарапатты есім-
дерімен  ант  етіп  сөйледі,  Хақ  Тағала  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-
ның  есімін  аяттағы  ант  ету  сөздеріне  қосып:  «Лəұмрүк»
75
,  яғни 
«(Мұхаммед (с.ғ.с.)) Сенің өміріңе серт» деген аят түсірді. 
Төртінші – Хақ Тағала Мұса мен Һарун (а.с.)-ға: «Фəқула лаһү 
қаулан лаййінан»
76
, яғни «Оған  сыпайы, жұмсақ  сөз  сөйлеңдер» 
деді. Ал, біздің Хабибіміз (саллАллаү Тағала алайһи уа салламға): 
«Уағлиз алайһим», яғни «Оларға қатаңдық таныт» деп бұйырды, 
оның кемелдігінің құрметі үшін. 
Бесінші – басқа  барлық  пайғамбарларды  олардың  есімдерін 
атап  шақырды,  ал  Өзінің  Хабибінің  есіміне  елшілік  пен  пай-
ғамбар лық шенін қосып, құрметтеп айтты. Мұның мысалы жо-
ғарыда баян етілді. 
Алтыншы – басқа  пайғамбарларға,  олардың  үмбеттері  олар-
ды  айыптайтын  бір  орынсыз  сөз  айтатын  болса,  оларға  қарсы 
жауапты  пайғамбарлардың  өздері  айтар  еді.  Мысалы,  Нұхтың 
қауымы оған: «Иннан-нүрика фи залалим мүбин», яғни «Біз сенің 
ашық адасқандығыңды көріп тұрмыз» дегендерінде, оларға Нұх 
(а.с.):  «Йə,  қауым,  лайса  би  залала»,  яғни  «Ей,  қауымым,  мен 
адас қан  емеспін»  деді.  Һуд  (а.с.)-ға  қауымы:  «Иннан-нүрика 
фи  сүфаһати»,  яғни  «Біз  сенің  жынды  болғандығыңды  көріп 
73
 «Таһə» сүресі 83-аят.
74
 «Əзұха» сүресі 5-аят.
75
 
«Хижр» сүресі 72-аят.
76
 «Таһə» сүресі 44-аят.

128
тұрмыз»  дегендерінде,  оларға:  «Йə,  қауым,  лайса  би  сүфаһа», 
яғни «Ей, қауымым, мен жынды болған емеспін» деді. Ферғауын 
Мұса (а.с.)-ға: «Инни лаазүннүка йə Мұса масхуран», яғни «Ей, 
Мұса  мен  сені  сиқыршы  деп  күмəнданып  тұрмын»  дегенінде, 
Мұса (а.с.): «Инни лаазүннүка йə фиръаунү мəсбуран», яғни «Ей, 
Ферғауын мен сені опат болушы деп күмəнданып тұрмын» деді. 
Енді  кезек  əлемнің  мақтанышы  болған  Əзіреті  Пайғамбарымыз 
(с.ғ.с.)-ға келгенде, ол туралы əрқандай орынсыз сөз сөйленетін 
болса,  оларға  Хақ  Тағала  өз  құдіретімен  тойтарыс  берді.  Яғни, 
Əбу əл-Бұхтари Һишам ол Əзіретіге: «Ма əзүннүка илла заллан», 
яғни «Мен сені адасқан деп күмəнданып тұрмын» дегенінде, Хақ 
Тағала: «Уан-нажми иза һауа ма залла сахибүкүм уа ма ғауа»
77
, 
яғни «Батып бара жатқан жұлдыздың құрметіне серт. Сендердің 
жолбасшыларың  (Мұхаммед  (с.ғ.с.))  адаспады  да,  жолдан 
ауытқымады да» деп тойтарыс берді. Тағы да бір жаһил (надан) 
ол  Əзіретіге  «мəжнүн»,  яғни  «жынды»  деді.  Оған  тойтарыс  ре-
тінде Хақ Тағала: «Нун уал-қалами уа ма йастұрун уа ма əнта 
биниъмати  раббика  бимажнун»
78
,  яғни  «Нүн  құрметі  үшін,  қа-
лам  жəне  (онымен)  жазылатын  нəрсенің  құрметі  үшін  ант, (ей, 
Мұхаммед  (с.ғ.с.))  Сен  Раббыңның  нығметінің  құрметіне  жын-
ды емессің» деді. Бір надан оны «шаъир», яғни «ақын» деді. Хақ 
Тағала: «Уа ма һүуа биқаули шаъир», яғни «Ол мүлде ақынның 
сөзі  емес»  деп  тойтарыс  берді.  Уалид  ибн  Мұғира  деген  біреу: 
«Ин  һаза  илла  сихрүн  йуьсар»
79
,  яғни  «Бұл  (Құран)  бір  нағыз 
сиқырдың  өзі»  деді.  Сонда  Хақ  Тағала  оны  айыптайтын  мына 
сипаттармен  сипаттады:  «Уа  ла  тұтиъ  күллə  халлафин  мəһин, 
һəммазин  мəшшаьин  бинамим,  мəннаъин  лилхайри  мұътадин 
əсим, ұтүллин баъда залика заним», яғни «(Ей, Мұхаммед (с.ғ.с.)) 
əрбір арамза, ант іше беретін қасамқорға бойұсынба (сөзін тың-
дама), (сондай-ақ)  ғайбатшы  өсек  тасушыға  да,  жақсылықтан 
бө геуші  (сараңға),  шектен  шығушы  залым  мен  күнəһарға  да, 
тұрпайы, əдепсіз, сонан соң тексізге де (сөзіне құлақ аспа)» деген 
аят түсірді. Мұндағы: «Халлаф» – өте азғындаған арамза, мəһин, 
яғни болардан болмасқа ант іше беретін қасамқор, һəммаз, яғни 
ғайбатшы,  мəшшаьин  бинамим – адамдар  арасында  өсек  тасу-
шы,  мəннаъин – жақсылықтан  бөгеуші  сараң,  мұътад – шектен 
77
 «Əн-нəжм» сүресі 1-2-аяттар.
78
 
«Əл-қалам» сүресі 1-2-аяттар.
79
 
«Мүддассир» сүресі 24-аят.

129
шыққан залым, əсим – күнəһар, ұтүл – тұрпайы, əдепсіз, адамды 
ызаландырушы, баъда залика замим – тексіз, туысқандықты да, 
қауымды да сыйламайтын жексұрын. 
Асим ибн Уаил Саһми деген бір жексұрын Əзіретіміз (с.ғ.с.)-
ға «Матуъүн-насл», яғни «Ұрпағы қырқылған» деді. Сонда Хақ 
Тағала  оның  шарапатты  көңілін  көтеру  үшін:  «Инна  əътайна», 
яғни  «Кəусар»  сүресін  түсіріп,  демеу  берді.  Мұнда  баяндалған 
сыйлықтың дəрежесі Құранда аса жоғары бағаланған.  
Жетінші – Басқа пайғамбарлар дұғаларынан кейін өздеріне 
қажеттіліктерін сұрайтын еді, ал Өз Хабибіне ол сұрамай тұрып-
ақ оның көңіліне келген əрбір тілегін сыйлық етті. Бұған мына-
дай көркем мысал келтіруге болады: Оның шарапатты санасы-
на  құбыланы  ауыстыру  туралы  ой  келген  еді,  Хақ  Тағаладан 
сұ ра май  тұрып-ақ:  «Фауалли  уажһака  шатрал-масжидил-ха-
рам»,  яғни  «Жүзіңді  Масжид  харам  тарапына  бұр»  деген  аят-
ты  түсірді.  Жəне  жомарттық  пен  бұл  дүниенің  əшекейлеріне 
қызықпаушы лық  сипаттарын  сыйлық  етті,  құлшылықта  ынта-
жігерлілік берді, сөйтіп: «Уа жахидүл-күффар уал-мүнафиқин», 
яғни  «Кəпірлер  мен  мүнафиқтарға  қарсы  Құран  аяттарымен 
күрес  жаса»  деп,  оған  (кереметті)  Мекке  мүкаррама  мен  (нұр-
ланған)  Мəдина  (мү наууара)-ны  Исламға  кіргізді.  Оларға  ға-
шықтық  жəне  махаббат  киімдерін  кидірді:  «Йүхиббүһүм  уа 
йүхиббунаһү»,  яғни  «Ол  оларды  сүйеді,  олар  Оны  сүйеді» 
деген  аяттағыдай.  Күндерінен  жұма  күнін – Жұма  намазын 
нəсіп етті, түндерінен «Лайлатүл-қадр» – «Қадыр түнін» сый-
лады,  айлардан  шарапатты  «Рамазан»  айының  оразасын  та-
ғайындады,  пірлерден  Əбу  Бəкір  Сыддық  (разиАллаү  анһү)-
ды  əйгілі  етті,  кемелдерден  Ұмар  (разиАллаү  анһү)-ды  берді, 
дəулетті  мұсылмандардан  Əзіреті  Оспан  (разиАллаү  анһү)-ды 
сыйлық етті, ізгі жандардан Əзіреті Əлі (карамАллаү уажһа)-ны 
(Аллаһ оның жүзін кереметті етті) келтірді, қыздардан Фатима 
(разиАллаү  анһа)-ны  берді,  немерелерден  Хасан  мен  Хұсейін 
(разиАллаү анһүма)-ны Өз қалауымен берді, илаһи кітаптардан 
ұлық  Құранды  түсірді,  міллəттан  (діннен) «Міллəт  Халили», 
яғни  «Ибраһим  міллəтін  (дінін)»  берді,  гүлстан  гүлзарлардан 
жұмақты  нəсіп  етті,  баулардан  «Фирдаус»  пейішін  берді,  үм-
беттерден  ең  жақсы  үмбетті  дайындады,  тағы  да  он  сегіз  мың 
əлемнен  біздер ге  Əзіреті  Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ды  таңдап  пайғам-
бар етті, осының бəрі үшін Аллаға мадақтар болсын! 

130
Сегізінші – Кішігірім жеңілдік қатеге қатысты. Барлық сыйлы 
пайғамбарлар (а.с.)-ның үлкен күнəларын ғапу етуде (кешіруде) 
мейірімділікпен  жеңілдік  жасады.  Мысалы,  Адам  (а.с.)  туралы: 
«Фаъаса Адамү раббаһү фағауа», яғни «Адам Раббысының əмі-
рінен  шығып,  күнə  жасады»  деді,  сосын:  «Сүмма  ижтабаһа 
раб бүһү фатаба алайһи уа һада», яғни «Адам (а.с.) қателік жа-
сады,  одан  соң  Раббысы  оның  күнəсін  кешіріп,  тура  жолға  ба-
ғыттады».  Жəне  бір  мысал:  «Фауаказаһү  Мұса  фақаза  алай-
һи»
80
  –  яғни  «Мұса  (а.с.)  қибтиды  (Мысырдың  сол  дəуірдегі 
жер гілікті  тұрғынының  ұлты)  ұрып  мерт  қылды»,  сосын  оған 
кешірім  берілгенін  мəлімдеп:  «Фəғафара  лаһү  əннəһү  һүуал-
ғафурүр-рахим»,  яғни  «Сөйтіп,  оның  күнəсін  кешірді,  өйткені 
Ол  кешіруші,  рақымшыл»  деді.  Жəне  Йунүс  (а.с.)  туралы:  «Уа 
изан-нунү  из  заһаба  мағазибан»,  яғни  «Йунүс  (а.с.)  сол  кезде 
қауымына қатты ашуланған қалінде кетіп қалды» деді, сосын ол 
ғапу сұрағанында, былай үкім келді: «Фəнада физ-зүлүмати əн 
ла илаһа илла анта сүбханака инни күнтү миназ-залимин», яғни 
«Ол  қараңғылықта  (балықтың  ішінде  жатып)  мінəжат  етті:  Се-
нен  басқа  илаһ  (Тəңір)  жоқ,  Сені  əрқандай  кемістіктен  пəк  деп 
білемін,  мен  өзім  залымдардан  болдым»  деді.  Содан  соң  оның 
күнəсі кешірілгендігі туралы мəлім етілді. Сондай-ақ Дауүд (а.с.) 
жайлы: «Уа занна Дауүдү иннама фатаннаһү фастағфара раб-
бүһү»
81
, яғни «Дауүд (а.с.), Біз оны фитнаға (емтиханға) салдық 
деп  күмəн  етті,  сосын  раббысынан  кешірім  сұрады»  деді,  сон-
да:  «Фəғафарна  лаһү  заликə»,  яғни  «Біз  оны  жарылқадық»  деп 
əмір  келді.  Жəне  Сүлеймен  (а.с.)  туралы:  «Уа  лақад  фатанна 
Сүлаймана уал-қайна ала күрсиһи жасада исма əнаб», яғни «Біз 
Сүлеймен  (а.с.)-ды,  оның  күрсісіне  (орындығына)  өлік  денені 
тас тап қойып емтихан еттік». Содан кейін: «Уа инна лаһү индана 
лазүлфа  уа  хүсна  маьаб»,  яғни  «Біздің  дəргейімізде  оның  үшін 
көркем сыйлықтар мен нығметтер бар» деді.  
Енді пайғамбарлық кезегі біздің Пайғамбарымызға  келген де, 
алдымен оған кешірім берілгендігі айтылып: «АфАллаү анка лам 
азнабта лаһүм», яғни «Сен əлі жасамаған күнəларға да Алла ғапу 
берді», тағы да: «ЛийағфиракАллаү ма тақаддама мин замбика 
уа ма тааххар», яғни «Сенің бұрындағы күнəларыңды да, кейін-
80
 
«Қасас» сүресі 15-аят.
81
 
«Сад» сүресі 24-аят.

131
нен болатын күнəларыңды да мағфирет ету үшін Алла саған ұлық 
жеңісті берді» деп аят түсірді.  
Тоғызыншы – Артықша  берілген  қасиеттерінің  бұл  түрі  бес 
кезектен тұратын мына игіліктер: бірінші – «Сүфүт», яғни «Пəк-
теу, таңдау», оны Адам (а.с.)-ға берді: «ИннАллаа истафа адама», 
яғни «Алла Тағала Адамды пəктеп таңдады»; екін ші – «хиллат», 
яғни  «достық»,  бұл  Ибраһим  (а.с.)-ға  нəсіп  бол ды;  үшінші – 
«құрбат»,  яғни  «жақындық»,  бұл  Мұса  (а.с.)-ға  берілді;  «Уа 
қаррабнаһү  нажжайна»,  «Біз  оны  жақын  етіп  құтылдырдық»; 
төртінші – өзіне берілген нығметті айту, көрсету, бұл Иса (а.с.)-
ға  берілді:  «Үзкүр  ниъмати  алайка  уа  ала  уалидатик»,  яғни 
«Саған жəне сенің анаңа сыйлық еткен нығметімді паш ет»; бе-
сінші – махаббат,  бұл  Əзіреті  Мұхаммед  Мұстафа  (с.ғ.с.)-ға 
сыйлық  болды:  «Құл  ин  күнтүм  түхиббунАллаа  фаттабиъуни 
йүхбибкүмүлла»,  яғни  «Егер  Алланы  сүйетін  болсаңдар  маған 
бойұсыныңдар, сонда Алла сендерді сүйетін болады». 
Ибн Аббас (разиАллаү анһүма)-дан риуаят етілгеніндей, сый лы 
сахабалардан бірнеше адам əңгімелесіп отырған еді, олардың бірі 
сөз арасында: «Əзіреті Адам (а.с.)-ға «истафа» (таңдау) берілді. 
Ибраһим  (а.с.)-ға  «хиллат» (достық),  Мұса  (а.с.)-ға  «нажиұлла» 
(құтқарылу),  Иса  (а.с.)-ға  «рухұлла» (Жəбірейіл  арқылы)  беріл-
ді» деді. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің құжырасынан 
(бөлмесінен)  шығып,  былай  деді: «Адам  Сафиұлла,  Ибраһим 
Халилұлла, Мұса Нажиұлла, Иса Рухұлла, ал мен Хабибулла мын. 
Осыны жақсы біліңдер, бұдан өтетін дəреже жоқ». 
Адам (а.с.)-ға берілген «сүфүт», яғни «пəктеу, таңдау» дəрежесі, 
оның істеген күнəсінің салдарынан майып болды: «Фəаса адамү 
раббаһү фəғауа», яғни «Адам Раббысының əмірінен шығып, күнə 
жасады».  Ибраһим  (а.с.)-ға  берілген  «хиллат»  дəрежесі  қателік 
жасау  арқылы,  қателігіне  кешірім  үміт  етті:  «Уаллази  атмаъү 
ан  йағфира  ли  хатиати»
82
,  яғни  «Ол  менің  қатемді  кешіруінен 
үміт  етемін»  деді.  Мұса  (а.с.)-ға  берілген  «құрбат»  мағфирет 
сұрау  арқылы  төмен  болды:  «Инни  заламтү  нафси  фəғфир  ли 
хатиати»,  яғни  «Мен  өз  нəпсіме  залым  болдым,  енді  менің 
қателігімді кешір» деді. Иса (а.с.)-ға берілген нығметтер айып тау 
айту мен ескерту жасауға байланысты болды. Қияметте оған: «Ə 
əнта құлтə линнаси иттахазуни уа үмми илаһайни мин дунилла», 
82
 
«Шұъара» сүресі 82-аят.

132
яғни «Сен бе адамдарға «Алланы қойып, мені мен менің анамды 
екі Тəңір етіп алыңдар, – деп айтқан?» деп сұрақ қойылады. Ал 
енді,  Мұхаммед  Мұстафа  с.ғ.с.)-ның  махаббаты,  оның  шапағат 
жасауы арқылы дəрежесі толы болады. Бұл жайлы: «Аса əн йа-
бъасака  раббүка  мақаман  махмуда»
83
,  яғни «(Ей,  Мұхаммед 
с.ғ.с.)  Раббыңның  сені  бір  мақтаулы  (шапағат  етілетін)  орынға 
жеткізер». 
Оныншы  –  Артықша  берілген  қасиеттерінің  тағы  бірі,  басқа 
əнбие (а.с.)-ның барлығының шарапатты денелері су жəне күл ден 
(топырақтан) тұратын еді. Бұл Əзірет (с.ғ.с.)-ың денесі жан мен 
ділден тұратын етіп құрастырылды. Мысал үшін, «Зүһрүр-рийаз», 
яғни «Бақшаның төрі» деп аталатын кітапта нақыл етілуінше, Ол 
Сұлтанның шарапатты денесінің жаратылысындағы мүбəрак басы 
сара сұлтандық ақылдың берекетінен жаратылды. Мүбəрак көз-
дері дене сарайының нұрлы шабаралары – адамгершілік пен ұят тан 
жаратылды. Мүбəрак тістері хош иісті маржаннан тізілді. Мүбə-
рак  тілі  тəсбихтен  тұратын  етілді.  Мүбəрак  жүзі  нұрлы  жарық-
тан  құрастырылды.  Шарапатты  кеудесі  ықыластан,  ал  мүбəрак 
ділі алғыстан, мүбəрак жүрегі мейірімділік пен ашынушылықтан, 
екі қолы жомарттықтан, сүмбіл шаштары жұмақтың өсімдіктері-
нен, ал мүбəрак аузы жұмақтың шүкіршілігінен жаратылды. Хақ 
Тағала  бұл  сыйлы  Сұлтан,  ұлық  Пайғамбарды  осыншалықты 
көркемдікпен  безендіріп,  бүкіл  əлемнің  барлығына:  жақсысына 
да, жамандықпен күнəға батқан құлдарына да рахым етіп, тарту 
етті. Ендеше, бұл сыйлықтың шүкірін орындау, сондай-ақ қаді-
рін  білу  баршамызға  бірдей  уəжіп  болды.  Бұл  нығмет  қадірін, 
тереңдігін өзге пенде білмейді. 
Он төртінші қасиеті: Бұл Əзіретіміздің шарапатты есіміне 
қатысты ерекшеліктері туралы болып, бұл мүбəрак есімінде ар-
тықшылықтары  мол  жəне  қасиеттері  баршылық.  Мұнда  бес 
көркем қасиеті баяндалады, Алла Тағаланың демеуімен. 
Бірінші  көркем  қасиеті – Имам  Жағфар  (разиАллаү  Тағала 
анһү)  былай  деген:  Оның  есіміндегі  «Мим»  əрпі  Мұхаммед 
(с.ғ.с.) мағынасы «Əмин», яғни «Сенімді» жəне «Мəьмун», яғни 
«Се німді етілген» дегенді аңғартады. 
«Ха»-ның мағынасы «Хабиб» жəне «Махбуб», яғни «Сүйікті» 
дегенді аңғартады. 
83
 
«Əл-исра» сүресі 79-аят.

133
Екінші  «Мим»  əрпі  «Мүбəрак», «Мəймун»,  яғни  «Бақытты, 
қасиетті» дегенді аңғартады. 
«Дал» əрпі діннен тұрады. 
Кейбір  ғұламалар  мынадай  түсініктеме  айтқан:  Алдыңғы 
«Мим» əрпі қадірлілік, абыройлылық пен беделділікке сілтеме. 
«Ха» əрпі махаббатқа ишара (сілтеу). 
Екінші «Мим» əрпі жарылқаушылықтан тұрады. 
«Дəл» əрпі жалғасу (тоқтап қалмау) туралы сүйінші. Өйткені, 
Əзіреті  Хақ  Тағала  былай  деді: «Сенің  шарапатты  есіміңнің  бі-
рінші  əрпінің  құрметіне  саған  жəне  сенің  үмбетіңе  қадірлілік, 
абыройлылық  пен  беделділік  сыйлық  еттім,  тозақтан  азат  ету 
арқылы.  Екінші  əрпінің  құрметі  үшін  сенің  жүрегіңе  де,  сенің 
үмбетіңнің жүректеріне де махаббат ендірдім. Екінші «мим» əрпі 
арқылы саған да, сенің үмбетіңе де жарылқау сыйладым.
Төртінші əрпінің құрметіне былай шешім еттім: Сенің дініңді 
қияметке дейін жалғасатын етіп, жоқ болудан сақтандырдым.
Екінші  көркем  қасиеті – «Рийазүл-мүзаккирин» (зікір  айту-
шылардың  бақшасы)  кітабында  айтылады:  Хақ  Тағала  Адам 
(а.с.)-ның денесіне рухты үрлеп кіргізгеннен соң, ол көзін ашты. 
Сөй тіп,  төбесіндегі  Арш  ағлада  «Ла  илаһа  иллалла  мұхаммма-
дүр  Расулулла»  деп  жазылғандығын  көрді.  Содан: «Ей,  Раббым, 
Мұ хаммед деген ол өзі кім? Оның есімін Өзіңнің шарапатты есі-
міңмен  бірге  жаздырыпсың»  деп  сұрады.  Оған  Хақ  Тағала  бы-
лай  деді: «Сенің  əулетіңнен  шығады,  алдыңғы  «Мим»  пат шалы-
ғымнан  бір  белгі, «Ха»  үкімдерімнен  ғибрат,  екінші  «Мим»  Ме-
нің даңқымнан, «Дəл» дін Исламға белгі береді. Ендеше, пат ша-
лығыма, өктемдігіме, даңқыма жəне дін Исламға ант ете мін, кімде-
кім Менің Хабибыма ілесіп бойұсынса, сөйтіп оған са лауат айтса, 
қандай амалдар істегеніне қарамай, Мен оны жəн натқа кіргіземін».
Үшінші  көркем  қасиеті – Мұхаммед  деген  сөз  төрт  əріптен 
тұрады, сондай-ақ «лафзатұлла», яғни «Алла» деген сөздің түбірі 
де төрт əріптен тұрады. Бұл əлем аса үлкен, жер мен көктер жəне 
олардың  екі  аралығындағы  нəрселердің  бəрі  оның  құрамына 
кіреді. Жыл мезгілдері де төртеу (көктем, жаз, күз жəне қыс), осы 
тұрғыдан  қарағанда  бұл  əлем  (жалған  дүние)  аса  шағын  (тар), 
ал  адамның  нəпсісі  де  төрт  нəрсеге  табын  болып  құрастырыла-
ды. Сондай-ақ ізгілік – дін, фарыз, сүнə жəне Ислам қағидалары 
болып төртеу – бұлар исмұллаға жəне есім Расулулла (саллАллаү 
уа саллам)-ға сай келеді.

134
Төртінші  көркем  қасиеті – Хақ  Тағала  оның  есімін  Өзінің 
есімдерінен  шығарды.  Алла  Тағаланың  бір  есімі  «Хамид»,  бір 
есімі «Махмуд», бұл екі есімінен Хабибінің есімін тағайындады. 
Бесінші көркем қасиеті – Ибн Аббас (разиАллаү Тағала анһү-
ма) келтірген риуаятта Əзіреті Расулулла (саллАллаү Тағала алай-
һи  уа  саллам)  былай  деді:  Əзіреті  Жəбірейіл  (а.с.)  келіп  айтты: 
«Хақ  Тағала  саған  сəлем  айтты,  Өзінің  күш-құдіретіне  сүйеніп 
айтады:  үмбетіңнен  қайсыбір  адамның  есімі  сенің  есіміңе  сай 
болса, оны жаһаннамға тастамаймын» деді.  
Он бесінші қасиеті: Хақ Тағала Хабибінің үмбетін басқа бар-
лық үмбеттерден ерекше етіп, бірнеше артықшылықтар мен қа-
сиеттер берді, бұл он түрлі қасиеттен тұрады: 
Бірінші – «Хайр  үммат»,  яғни  «Үмбеттердің  жақсысы»  деп 
куəлік берді. 
Екінші – бұл үмбеттің жиналып келіскен шешімдерін нақты лы 
үкімнің дəрежесіне ие құжат етті. 
Үшінші – қателік үстіне жиналудан сақтандырды. 
Төртінші – қиямет күні бұл үмбетті барша үмбеттердің үсті не 
куə ететін болды. 
Бесінші – қиямет күні ең көп санды болатын етті. 
Алтыншы – пейіш тұрғындарының үштен бір бөлігін етті. 
Жетінші – қуаншылық, ашаршылық сияқты апат салдарынан 
күйреуге ұшыратпады. 
Сегізінші – Нұх (а.с.) қауымы сияқты топан суға батырмады. 
Тоғызыншы – басқа  бір  тайпаны  бұлардың  үстінен  басым 
етпеді. 
Оныншы – басқа үмбеттерге жүктегені сияқты, аса қиын мін-
деттерді бұлардың үстіне жүктемеді.   
Он алтыншы қасиеті: Бұл қасиеті Қиямет күні ол Əзіретіге 
берілетін артықшылықтардың жинағынан тұрады. 
Бірінші  шарапатты  қасиеті – пенделер  қайта  тірілетін  кез-
де  барша  халықтан  бұрын  бірінші  болып  тірілетін  біздің  Сұл-
танымыз, одан кейінгі тірілетіндер өздерінің дəрежелеріне қарай 
тірілетін болады.
Екінші  шарапатты  қасиеті – берілетін  артықшылығы  оған 
шапағат  ету  дəрежесі  беріледі.  Ғұлама  (рахимаһүмүлла)  Тағала 
былай дейді: «Ол Əзіретінің жеті түрлі шапағаты болады: бі рін-
ші шапағаты – үлкен шапағат, мұнымен жалпы махшар алаңын-
дағылардың  барлығын  шапағат  етер,  мысалы,  хадис  шарифте 

135
(шарапатты хадисте) былай келген: «Махшардағы халайық бар-
лық  əнбиеден  үміттерін  үзген  соң,  ол  Əзіретінің  құзырына  ке-
ліп  жиналады.  Сонда  Əзіретіміз  оларға  шапағат  етіп,  шапаға-
ты қабыл болады. Бұл туралы сахих хадистерде егжей-тегжейлі 
баяндалған;  екінші,  ол  Сұлтан  шапағатымен  көптеген  адамдар, 
есеп  кітапсыз  жəне  ешбір  азап  көрмей  пейішке  кіреді;  үшінші, 
қанша адам азапқа тұтылуға лайық болса, ол Əзіреті шапағаты-
мен құтылу табады; төртінші, қанша адам күнəларының салдары-
нан тозаққа түсуге лайық болса, Расулулла (саллАллаү алайһи уа 
саллам) шапағатымен одан құтылады; бесінші, қанша адам Хақ 
Тағаланың кеңдігімен пейішке кіретін болса, Пайғамбар (с.ғ.с.)-
ның  шапағатының  дəрежесі  жоғары  болады;  алтыншы,  кейбір 
кəпірдің азабы оның шапағатының шарапатынан жеңіл болады, 
мысалы Əбу Талиб сияқтылардың; жетінші, нұрланған Мəдинада 
жерленгендерге арнайы шапағат ететін шапағатшы. 
Үшінші шарапатты қасиеті – Қияметте ол Əзіретінің (с.ғ.с.) 
шарапатының  бірі – мадақтау  туы.  Ол  тудың  ұзындығы  мың 
жыл дық  жолдың  қашықтығындай,  тұтқасы  ақ  түсті,  қызыл  жа-
құттармен  безендірілген,  терезесі  інжу-маржаннан,  үш  бөлмесі 
бар.  Олардың  бірі  батыста,  екіншісі  шығыста,  үшіншісі  көктің 
ортасында.  Бірінде  «Бисмиллаһир  рахманир  рахим»  деп  жазыл-
ған жəне бірінде «Əлхамдү лиллаһи раббил аламин», тағы бірін-
де  «Ла  илаһа  иллалла  мұхаммадүр  Расулулла»  деп  жазылған. 
Сосын ол ту Арасат майданының ортасына алып келінеді. Сонда 
мынадай  бір  дауыс  келеді:  «Əйна  əн-наби  əл-үмми  əл-араби  əл-
құрайши əл-макки əл-харами əт-таһами Мұхаммад ибн Абдилла 
хатимүн-набиййин  уа  саййидүл-мүрсалин  уа  имамүл-мұтта қин 
уа  Расул  Раббил-аламин»  деген.  Сонда  əнбиелердің  Сұлтаны 
(с.ғ.с.)  тудың  қасына  келіп,  оны  мүбəрак  қолына  алады.  Содан 
барлық əнбие (а.с.) Иса (а.с.)-ға келгенге дейінгі барша сиддиқтар 
(шын  сөзділер),  шəһидтер,  салихалылар,  мағрифат  дəрежесіне 
жеткендердің  бəрі  оның  төңірегіне  жиналады.  Одан  соң,  əрбір 
топқа мінетін пырақтар, бастарына киетін тəждер келтіріліп, екі 
дүниенің Сұлтаны Нұрдан жасалған бір тəж бен жібектен тігілген 
бір  шекпен  кидіріп,  жетпіс  мың  ең  үздік  ғалымдар  мен  жетпіс 
мың  ту-белгілер  келтіріледі.  Ал  негізгі  мадақтау  туы  Əзіреті 
имам  Əли  əл-Мұртаза  (разиАллаү  анһүн)-дің  қолына  беріледі. 
Келтірілген ғалымдар мен топтар мадақтау туының көлеңкесін-
де тұрады. Кімде-кім ол Əзіретінің жолын ұстанып, бойұсынған 

136
болса, онымен бірге тура жұмаққа қарай кетеді «Аллаүммарзұқ-
на бифазлика мүтабаътан һазас-саййидил-əмин салауатұллаһи 
раббил-аламин»,  яғни  «Аллам,  өзіңнің  кеңшілігіңмен  осы – ең 
сенімді Пайғамбарға ілесу нығметімен ырзықтандыр».
Бұл тудың «Мадақтау туы» деп аталуының себебі туралы кей-
бір  кітапта  былай  риуаят  келтірілген:  Кезінде  Əзіреті  Адамға 
рух үрлеп кіргізілді, содан ол əсерленіп түшкірді, түшкірген соң: 
«Əлхамдүлилла»,  яғни  «Аллаға  мадақтар  болғай»  деді.  Сонда 
оған  бір  дауыс  келді:  «Йархамүка  раббүк,  сабақат  рахмати 
ғазаби», яғни «Саған Раббың рақымшылық жасайды, Менің ра-
қымшылығым ашуымнан бұрын жүреді» деген. Одан соң інжу-
маржандардың бір-біріне шағылысқанда шығаратынындай ке ре-
мет, ғажап дыбыстарды есітті. Сөйтіп, Адам (а.с.) сұрады: «Йə, 
Раббым,  бұл  нендей  дыбыс?».  Оған: «Бұл – ақырзаман  Пай-
ғамбарының  Нұры»  деген  жауап  келді.  Адам  (а.с.)  ол  Нұрды 
көруге ынтық болды. Сонда Алла Тағаланың əмірімен ол Нұр ке-
ліп Адам (а.с.)-ның оң қолының көрсеткіш саусағына енді. Сөйтіп, 
ол Нұр тырнағынан айнада көрінгендей нұр шашып көрініп тұра-
тын  болды,  одан  жүрегіне  махаббат  орнықты.  Адам  ата  Нұрды 
көргеннен  кейін  куəлік  келтіріп,  куəлігіне  əлгі  саусағын  басты. 
Содан куəлік берген кезде саусағын басып куəлік қалдыру одан 
тараған  ұрпақтарға  сүннет  болып  қалды.  Ендеше,  ол  Нұр  Адам 
(а.с.)-ның  оң  қолына  енгенінің  шарапатынан  оның  оң  жағында 
берекелік  пайда  болды.  Содан,  оның  оң  жағында  болған  əулеті 
бақыт-сағадатқа ие болатын, сол жағындағылары мұндай бақыт-
сағадаттан  мақұрым  болатын  болды.  Сосын  Адам  (а.с.)  өзінің 
айна сияқты тырнағында шырақтан таралып тұрған Нұрды көр ді. 
Сөйтіп,  Əзіреті  Хақ  Тағала: «Ей,  Адам,  кімде-кім  перзент  көр-
се, оның шүкірі үшін һадия (нəзір) беруі уəжіп болады. Енді бұл 
сүйікті перзентің үшін не нəрсе һадия етесің?» деді. Адам (а.с.): 
«Йə,  Раббым,  маған  өзіңнің  құдіреттілік  қазынаңнан  «Əлхамдү 
лилла»  деген  кəлиманы  сыйлық  еттің,  мен    соның  сауабын  бұл 
сүйікті  перзенттің  нəзірі  ретінде  һадия  еттім»  деді.  Сонда  Хақ 
Тағала оның сауабынан бір ту жаратып, оны «Мадақтау туы» деп 
атады. 
Нақыл  етілгеніндей,  ол  тудың  төңірегіне  қоңыраулар  асы-
лады,  олардың  əрбірі  Нұрдан  жасалған  бір  күмбез.  Əрбір  күм-
бездің  астында  бір  көркем  хор  деп  аталатын  періште  сипатты 
қыз  отырады.  Олардың  əрқайсысының  қолында  оның  болашақ 

137
жұбайының есімі жазылған бір-біреуден бидай дəні бар. Ол хор-
лар  күмбезінің  шабараларынан  сығалап,  өздерінің  жұптарын  кү-
тіп  отырады.  Сөйтіп,  əрқайсысы  өздерінің  жұбын  көрген  кез де 
қолын  шығарып  белгі  беріп,  өз  жұптарын  күмбезінің  ішіне  ша-
қырып алады да, оларға сый-құрмет көрсетеді. Сосын, Хақ Тағала 
періштелерге: «Ол  туды  майданнан  алып  шығыңдар»  деп  əмір 
етеді.  Бірақ,  періштелер  жиналып  келгенде,  ол  туды  көте руге 
дəр мендері келмейді. Сонда Хақ Тағаланың бұйрығымен Əзі реті 
əсадұлла  (Алланың  арыстаны)  Əли  ибн  Əби  Талиб  (разиАл лаү 
Тағала анһү) келіп, бір шыбықты көтерген сияқты, ол туды көтеріп, 
жұмақ жаққа көшіреді. Басқа бір насихатта айтылуынша, Əзіреті 
Хақ  Тағала  жұмақтан  бір  жел  тұрғызады,  ол  келіп  Əзіреті  Имам 
Əли (разиАллаү анһү)-мен бірге ол туды жұмаққа алып барады. 
Нақыл етіледі: Əлемнің мақтанышы Əзіретіміз (алайһи афзалүс-
салауат уат-таслимат) былай деген: Əзіреті пайғамбар Сүлеймен 
(а.с.) өзінің қызын тұрмысқа беретін кезде, оған аса көп жиһаздар 
мен  əшекейлер,  түрлі  қымбат  бағалы  заттар  дайындаттырып, 
күйеу  баласына  бір  қымбат  тəж  кидірді  жəне  жеті  жүз  қымбат 
баға  тастарды  сыйлады.  Əзірет  Имам  Əли  (разиАллаү  анһү) 
бұл оқиғаны Фатима əз-заһра разиАллаү анһа (Фатима анамыз-
дың есімінен кейін əз-заһра – гүл деген сөз қосып та айтылады) 
ана мызға нақыл етті. Əзіреті Заһраның шарапатты ойына келді: 
ғажап жағдай Əзіреті Имам ойына келді ме екен, ол пайғамбар – 
Сүлеймен (а.с.), ал бұл пайғамбар – Əзіреті Хатимүл əулие (с.ғ.с.) 
болса. Ол қызына нендей көп жиһаздар мен қымбат бағалы зат-
тарды сыйға тартты, ал бұл Пайғамбар (с.ғ.с.)-ның қызының еш-
бір  нəрсесі  жоқ.  Сондай-ақ  оның  күйеу  баласына  тəж  кидіріп, 
қымбат  тастар  сыйланды,  ал  мұның  күйеу  баласы  кедейлік  пен 
мұқтаждықта өмір сүреді. Осындай қиял оның ойында сақталып 
қалды.  Сөйтіп,  оның  ажал  сағаты  жетіп,  бақиға  аттанатын  кезі 
таяғанда Əзіреті Имам мен Əзіреті Заһра (разиАллаү анһүма) оқи-
ғаларында  көрінді:  Əзіреті  Фатима  (разиАллаү  анһа)  жұмақтың 
төріндегі  бір  көркем  тақтайдың  үстінде  отыр,  оның  төңірегін-
де,  оған  аса  нəзіктікпен  сый-құрмет  көрсетіп,  қызметіне  дайын 
халде хор қыздары тізіліп тұр. Сондай-ақ оның қасында бастан-
аяқ  інжу-маржандармен  безенген,  бір  көркем  жүзді  ару  қыз  екі 
қолында  екі  табақ  ұстап  тұр.  Ол  табақтардың  бірі  жақұттармен 
толы,  ал  екіншісі  түрлі  түсті  інжу-маржандармен  толы.  Əзіреті 
Фатима  (разиАллаү  анһа)-ның  қасында  ынтық  болып  тұрады. 

138
Əзіреті  Заһра  оған  назар  салса  болғаны,  ол  екі  қолындағы  та-
бақтардағы  інжу-маржандарды  оған  шашу  етумен  болады.  Бұл 
көріністі көрген Əзіреті Имам сұрады: «Ей, Фатима, бұл қыз кім 
болды?»  деп.  Заһра  (разиАллаү  анһа)  былай  деп  жауап  айтты: 
«Əзіреті  Сүлеймен  (а.с.)-ның  қызы.  Хақ  Тағала  маған  қызмет 
етуге дайындады. Күндердің бірінде менің ойыма бір қиял келген 
еді,  Хақ  Тағала  соның  есесіне  бұл  кереметті  маған  нəсіп  ет-
ті».  Сондай-ақ,  қиямет  күні  «Мадақтау  туы»  Əзіреті  Имам  Əли 
(разиАллаү  анһү)-дың  қолына  беріледі.  Ол  оны  өзінің  мүбəрак 
басына тəж сияқты көтереді, сонда мынадай дауыс келеді: «Ей, 
Əли, бұл тəж ұлық па, əлде Сүлеймен (а.с.)-ның күйеу баласына 
берілген тəж бе?» деген.
Ол  «Мадақтау  туы»  арасат  майданында  тұрған  кезде  жаһан-
нам тұтқындарының азабы жеңілдеу кешеді. Ол туды арасат май-
данынан  пейішке  алып  кетілген  соң,  жаһаннам  тұтқындарына 
берілетін азаптар күшейтіледі, сөйтіп жаһаннам қабаттарындағы 
оттардың жалыны күшейіп, бір-бірімен ұштасып кетеді. Солай-
ша,  Махшар  майданына  жиналғандар  ол  тудың  қадірін  айқын 
аңғарады. Кейбір ғұламалар былай деген: «Оны «Мадақтау туы» 
деп аталыну себебі – барша халық оның мадағын айта бастайды. 
Төртінші шарапатты қасиеті – Ақырет күні ең бірінші бо-
лып жұмақтың қақпасынан кіретін адам – Əзіретіміз Мұхаммед 
(с.ғ.с.). Ол өзінің шарапатты хадисінде былай деген: «Əна əууəлү 
ман  йақраъү  бабал-жаннати»,  яғни  «Жұмақтың  қақпасын  ең 
бі рінші болып ашатын адам – менмін». Нақыл етілгеніндей, Ол 
Əзіреті  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  жұмақтың  қақпасын  қаққаннан  кейін, 
пейіш қақпасының қорықшысы айтады: «Хақ Тағала маған бұй-
ырды,  сенен  бұрын  бірде-бір  пайғамбарға  қақпаны  ашпаймын 
жəне  сенің  үмбетіңнен  бұрын  басқа  үмбеттен  бірде-бір  адамға 
жұмақтың қақпасы ашылмайды». 
Бесінші шарапатты қасиеті – Кəусар көлінің сыйлық етілуі. 
Бұл туралы миғраж бөлімінде əңгіме етілетін болады, иншаАлла 
Тағала.  
Алтыншы  шарапатты  қасиеті – «Мақам  махмуд»,  яғни 
«Мақтаулы орын» дəрежесінің сыйлық етілуі. Хақ Тағала: «Аса 
əн  йабъасака  таббүка  мақаман  махмудан»,  яғни  «Сені  Хақ 
Тағала  мақталған  орынға  жібереді»  деді.  Бұл – «Мақам  мах-
муд»  деп  аталатын  дəреженің  түсінігі  туралы  танымал  мүфас-
сирлердің  (Құран  мағыналарына  тəпсір – түсініктемелер  жа-

139
сайтын ғұламалар) берген əйгілі түсініктемелері мынадай: «Ма-
қам махмуд» – Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның шапағаты, яғни ша-
пағат  еткен  кезінде  ол  Сұлтанның  қадірі  мəлім  болады.  Тағы 
бір нақыл Каъб ибн Малик (разиАллаү анһү)-ден нақыл етілген. 
Онда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Хақ Тағала қиямет күні мені жəне 
үмбетімді  бір  биік  орынға  көтеріп,  маған  бір  тəж  кидіріп  сөз 
сөйлеуіме  рұқсат  береді.  Сонда  мен  Хақ  Тағаланиң  қалауымен 
сөз сөйлеймін. «Мақтаулы орын» дегені – қиямет күні ең бірін-
ші  болып  шақырылатын  адам  мен  боламын.  Содан  Əзіреті  Хақ 
Тағалаға барамын, сонда Жəбірейіл (а.с.)-ды Арш рахманда (Арш 
ағланы  осылай  да  атауға  болады)  көремін.  Сөйтіп,  айтамын: 
«Йə, Раббым, Жəбірейіл (а.с.) маған хабар берді, Əзіретің маған 
жіберді»  деп.  Хақ  Тағала: «Иə,  Мен  жібердім»  дейді.  Сосын 
бұйырып: «Шапағат ет» дейді. Содан шапағат етуге асығамын» 
деді. «Мақтаулы орын» дегені туралы тағы да бір риуаятта Абдұлла 
ибн  Ұмар  (разиАллаү  Тағала  анһүма)  былай  келтірген:  Əзіреті 
Расул  (акрам  саллАллаү  алайһи  уа  саллам)  «Аса  əн  йабъасака» 
аятын оқыды, сосын былай деді: «йадүнини файақъүдуни маъаһү 
алал-арш», яғни «Хақ Тағала қиямет күні Арштың үстінде, мен 
Оған  жақын  орында  боламын»  жəне  бір  риуаятта  айтылуынша: 
«Йəжлисүни  маъаһү  алас-сарир»,  яғни  «Кілем  үстінде,  Өзімен 
бірге боламын» деген, мұның ақиқатын тек қана Алла Тағала өзі 
біледі.
Жетінші шарапатты қасиеті – «Уасила» дəрежесінің берілуі, 
бұл дəреже жұмақтың ең жоғарысынан тұрады. Əбү Һүрайра (ра-
зиАллаү анһү) келтірген риуаятта Əзіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 
айтты: «Менің  үшін  уасила  іздеңдер». «Йə,  Расулалла,  уасила 
дегені  не?»  десті.  Пайғамбар  (с.ғ.с.)  айтты: «Жұмақтағы  ең 
жоғары дəреже, одан жоғары дəреже жоқ. Сондай-ақ ол бір ғана 
адамнан басқаға нəсіп етпейді. Үміт етемін, ол адам мен болатын 
шығармын, үмітім осы». Бұл риуаяттағы шамалы күмəнмен айт-
ылуының  себебі  əдептілік  үшін  қолданылған,  ал  негізінде  ол 
дəреже тек біздің Əзіретімізге (с.ғ.с.) арналған дəреже екендігіне 
ешқандай күмəн жоқ. 
Осы тұсқа дейін ол Əзіреті акрам (с.ғ.с.)-ның бірқатар қасиетте-
рі мен артықшылықтары атап өтілді, соңғы «Аяқтау» бөлімін де 
оның көркем мінез-құлқы мен оның шарапатты шырайы жай лы 
əңгіме  етілетін  болады,  иншаАлла  Тағала,  ал  негізінде  сəтті лік 
тек Алла Тағаланың дəргейінен келеді. 

140

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал