МАҒарижун нүБҮууа мұхаммедтің пайғамбарлық ДƏлелдері



жүктеу 3.01 Kb.

бет10/20
Дата08.06.2017
өлшемі3.01 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

ОН БІРІНШІ СИПАТЫ
Түн  мен  күндіздердің,  жаңбыр  тамшыларының,  ағаштар-
дың  жапырақтарының,  Ғаффар  жаратқан  жер  бетіндегі  тозаң-
дар дың  əрбір  зересінің  мөлшеріндей,  есепсіз  салауат  пен  сə-
56
 
«Əнфал» сүресі 32-аят.
57
 
«Əнфал» сүресі 33-аят.

106
лем демелер  Əзіреті  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)-ға  болсын!  Ол 
Əзіретіміз – шариғаттың  ақиқат  туы.  Ол – ізгі  ілесушілердің 
қорғаушысы  жəне  жақсылардың  жолбасшысы,  жоғарыдағы 
ай тылған  салауаттар  мен  сəлемдемелер  оның  сүннə  бақшасы-
на  шашу  болсын!  Ол  «Уа  сабаха  бил-ъиша  уал-абкар»,  яғни 
«Таңертең  де,  кешқұрым  да  тасбих  айтушылардың  үздігі» 
жəне  «Əссабирин  уас-садиқин  уал-қанитин  уал-мүнфиқин  уал-
мүс тағфирин  бил-асхар»
58
,  яғни «(Сондай-ақ  олар)  сабырлы, 
уəдесіне  берік,  мойынсұнғыш,  жомарт  (келеді),  əрі  (олар)  сə-
ресі  кезінде  Алладан  (жалбарынып)  мағфирет  (күнəлерінің 
ке шірілуін)  тілейді»  дегендегі  мүһажирлер  мен  ансарлардың 
жол  басшысы,  əрі  шапағат  үйінің  досы  да,  қолдаушы  жəне 
«Фаътабиру  йа  улил-абсар»
59
,  яғни  «Əй,  ақыл  иелері, (үлгі 
болатын оқиғалардан) ғибрат алыңдар» дегендегі жолдан адас-
қан,  қасарысқан  күнəһарлар  оның  хикметінен  үлгі  алады,  яғ-
ни  бақыттылардың  мырзасы  Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ның  нұрының 
шуақтаған  інжу-маржандарын  азғындаған  Ібіліс  көргенінде, 
Адамға сəжде жасаудан бас тартпаған болар еді. Сондай-ақ «Əна 
хайрү  минһу»,  яғни  «Мен  одан  жақсымын»  деп  қасарыспаған 
болар еді. 
Ей, дəруіш! Бұл сөздерді жан құлағыңмен тыңда. Бір бостан-
ның  (бау-бақшаның)  бұлбұлына  əсем  өрнекті  нақыштармен 
бе зендірілген,  сыпырып-тазаланған,  сөйтіп  бүкіл  хатшылық 
тə сілдерімен  жазылып  безендірілген  жəне  онда  мүліктеріне 
орындар дайындалып, қабырғалары мен тамдары аспанмен ұш-
тасатын  патшаларға  тəн  мекендер,  нұрланып  тұратын  ғажап 
сарайларды қайталанбас шеберлік тəсілдерімен тұрғызып қой-
ды.  Онда  түрлі  нығметтер  мен  сан  алуан  түрдегі  қайталанбас 
мəуелерді (жеміс-жидектері) өндіріп, тəртіпке келтірді. Бірақ, ол 
сарайға баратын жол кедейлік, аштық жəне солар сияқты түрлі 
қиыншылықтармен  толтырып  тасталды.  Ол  сарай  қақпасының 
алдында  жүзінен  нұр  шуақтап,  дидарынан  жұпар  иістері  тара-
лып тұрған көркем келбетті бір пірі кəміл ғалым жұртшылыққа: 
«Ей,  адамдар,  ол  кедейліктер  мен  қиншылықтарға  қарамаң-
дар,  олардан  қорықпаңдар,  руханият  сарайына  келіңдер,  сөй-
тіп  шексіз  сый-құрмет  пен  мəңгі  бақытқа  ие  болыңдар»  деп 
58
 
«Əлі Имран» сүресі 17-аят.
59
 
«Хашр» сүресі 2-аят.

107
үгіттеп, шақырып тұрады. Кімде-кім ол кəміл ғалымның сөзіне 
құлақ асып, амал етсе, мұрат-мақсатына жетеді. Жəне ол сарай 
қасында  бір  зындан  дайындап  қойылған.  Оның  қақпасы  əдемі 
нақыштармен  безендіріліп,  оған  келетін  жолда  гүл-бақшалар 
өсіріп қойылған. Оның қақпасы алдында жүзіқара соқыркөкі рек 
біреу  буыла  айқайлап: «Бұл  бақшаларға  келіңдер,  ішіне  кіріп 
рақаттарға бөленіңдер» деп қақсап, жар салып тұрады. Кімде-кім 
ол жүзіқараның сөзіне құлақ салып, қақпадан ішке кірер болса, 
ондағы  жасырынған  зынданға  құлайды.  Содан  қол-аяқтарына 
өмірі ажырамайтын бұғау мен кісендер салынып тұтқындалады. 
Сағат сайын ауысып тұратын неше түрлі азаптар мен бəлелер-
ге кіріптар болады. Өйткені бұл көркем қақпа артына жасырып 
қойылған зындан азаптар мен қорлықтардың бақшасы – тозақ. 
Енді, алдында айтылған баратын жолы қиыншылықтарға то-
лы бау-бақша, ол пейіш болып, оның іші сан алуан нұрлармен 
безендірілген. Сырты болса өңкей қиыншылықтармен қоршап, 
жасырып  қойылған.  Мына  риуаятта  айтылғанындай:  «Хаффа-
тил-жаннатү  билмакари»,  яғни  «Жұмақ  қиыншылықтармен 
жа сырып қойылған». Оның жолына төселген қиыншылықтар – 
құлшылық жасау жəне күнə істерден, дүниенің əшекейлерінен 
тиылудан тұратын қиыншықтар болып, олар сынақ үшін солай 
етілген. Ал енді, оның қақпасының алдындағы адам, ол – Əзіреті 
Мұхаммед  Мұстафа  «алайһи  афзалүс  салауат»,  яғни  оған 
салауаттардың ең абзалдары болғай. Ол үмбеттерін пейіштерге 
шақырып  тұрады.  Қайсыбір  пенде  оның  шақыруын  тыңдап, 
қабыл етсе, шексіз бақыт-сағадатқа жетеді. 
Ал  енді,  жолы  мен  қақпасы  безендіріліп,  артына  жасырып 
қойыл ған  зындан,  ол – жаһаннам  (тозақ).  Мына  риуаятта  ай-
тылғанындай: «Уа хаффатүн-нарү биш-шүһүуат», яғни «Тозақ 
жан  мен  тəнге  лəззат  беретін  нəрселермен  қоршап,  жасырып 
қойылды» дегендегі нəрселер – бұл жалғанда пенденің нəпсісін 
жаулап алатын байлықтар мен əшекейлері жəне ойын-сауықтары. 
Қақпасының алдындағы қара жүзді біреу, ол – лағынеті шайтан, 
өзіне  ілескендерді  жаһаннамға  ертіп  барады.  Қайсыбір  пенде 
ол  азғырушының  сөзін  тыңдап,  оған  амал  етсе,  бітті  тозақтың 
абақтысына тасталып, неше түрлі азаптарға кіріптар болады. 
Нақыл  баяны:  Бір  насарани,  яғни  христиан  дініндегі  адам
 
бір  мұсылманмен  дін  мəселесіне  қатысты  пікірталасқа  салын-
ды. Мұсылман пікірталасты əділ шешу үшін: «Екеуміз де қол-

108
дарымызды  жанып  тұрған  отқа  салайық,  сонда  кімнің  қолы 
күймесе,  соның  айтқаны  жөн  болсын»  деп  шарт  қойды.  Сол 
шартқа сай ол екеуі қолдарын отқа салған еді, екеуінің де қолы 
күймеді. Сонда ол мұсылман Əзіреті Хақ Тағалаға мінəжат етіп: 
«Йə,  Раббым,  Хабибіңнің  дінінің  үстемдігін  айқындау  үшін 
менің қолым күймеді, ал енді ол насаранидің қолы не себептен 
күймеді?»  деп  жалбарынды.  Сол  сəтте  ол  мүминге  аян  етілді: 
«Сенің қолың Хабибімнің махаббатының шарапатынан күй меді, 
ал насаранидің қолы сенің оң қолыңның берекетінің себебі нен 
күймеді» деп. 
Ей,  дəруіш!  Міне,  насаранидің  қолы  Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ның 
махаббатына бөленген бір үмбетінің берекеті себепті күймеген 
соң, қиямет күні Хақ Тағала Хабибінің шапағатының берекеті-
мен  күллі  үмбетін  отқа  тастамаса,  Оның  жомарттығына  ғажап 
емес.  
ОН ЕКІНШІ СИПАТЫ
Жомарттық  пен  мейірімділік  иесі  болған  Əзіреті  Алла  Та-
ға лаға  мадақтаулар  мен  дəріптеулер  айтып,  шүкіршіліктер 
біл діргеннен  соң,  Оның  көркем  есімдерінен  кейін  сөздердің 
абзалдары  пайғамбарлардың  Сұлтанының  есіміне  айтылатын 
шарапатты  салауаттар.  Сөйтіп,  салауат  айтушы  бұлбұлдардың 
айтқан  мақтау  салауаттары  мен  тап-таза  жүректерден  шыққан 
сəлемдемелері  Əзіретіміздің  қасиетті  рухына  шашу  болсын! 
Ол – мағрифат  дариясының  шебер  жүзгіші,  ақиқат  теңізінің 
терең сүңгірі, пайғамбарлық бағының сара қызғалдағы, хикмет 
уалайатының  (даналық  аумағының)
 
негізгі  уəлисі,  ең  жақсы 
үмбеттің  Имамы:  жетекшісі,  ынта-жігерлілердің  жақтаушысы. 
Ол уəдеге берік болу шеңберінің дəл ортасындағы асыл гауһар – 
Əзіреті Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.), тахт (тақ) пен байлықтардың 
бақыты оның кемелденген дидарының шарапатынан, патшалық 
та, патшалықтың айбаты да оның сый-құрметінің шарапаты нан. 
Ал енді, ол құтты қадамын пыраққа қойып көтерілген көктер дің 
қабаттары  оның  кішіпейілділік  орындары.  Сосын  қалам  өзінің 
жомарттығымен  парақтарға  жазып  мөрлейді,  қасиетті  мүлік 
(жер ана) оның жоқтап сұраушысы, мəңгілік рахым (рақымшыл-
дық) оның достары үшін арналған, ал таусылмас қиыншылық-
тар мен азаптар оның дұшпандарынан қорғаушы. 

109
Ей,  дəруіш!  Білгін,  ақиқат  дінін  құдіреті  күштті  Əзіреті 
Хақ  Тағала  əу  бастағы  ежелден  əулие  (а.с.)-ға  білдірді.  Бар-
ша  ұлық  дəрежелі  пайғамбарлар  (а.с.)  тізбектеліп  келіп,  оның 
аяқ таушысы  Əзіреті  хатимүл-анбийа  (пайғамбарлардың  аяқ-
таушысы, ең соңғысы) Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) арқылы тізбек 
кемеліне  жетті.  Бұның  мысалы:  Бидайға  зерделеп  қара:  алды-
мен оны шаңнан, шөп-шалаңнан тазалайды, сосын қашан ол нан 
болғанынша  қаншама  ұстаның  қолынан  өтеді.  Əуелі  қалбыр-
дан өткізуге бір адам қажет болады, одан соң тағы да бір ұста 
диірменде ұн қылады. Сосын тағы бір адам ұннан қамыр илей-
ді, біреу тандырға жабады, содан барып жұмыс аяқталады. Сол 
сияқты пайғамбарлар да, Əзіреті Адам (а.с.)-ның заманынан Иса 
(а.с.)-ның заманына дейін дін ісіне қызмет жасады. Сосын кезек 
Əзіреті  Хатимүл  əулиеге  (пайғамбарлардың  аяқтаушысына) 
кел ді.  Сөйтіп,  махаббат  тандырында  ол  Ислам  деп  аталатын 
нанды пісіріп, «Əлйаума əкмалтү лакүм динакүм», яғни «Бүгін 
сендерге  діндеріңді  кемеліне  жеткіздім»  деген  қуанышты  ха-
бармен барша халықты зияпатқа (қуаныш тойға) шақырды. Пай-
ғамбарымыз (с.ғ.с.): «Баъастү илал-халқи кафатан», яғни «Мен 
жер  жүзіндегі  барша  халықтарға  пайғамбар  етіп  жібе рілдім» 
деген жарлықты жариялады. Міне, содан бері қаншама халық-
тар  ол  руханият  нанынан  қуат  алып,  рухани  қуатқа  ие  болып, 
өздері мақсат еткен игіліктеріне қол жеткізіп келеді. 
Əй,  дəруіш!  «Фасауфа  йаьтиллаһү  биқаумин  йүхибүһүм  уа 
йүхиббунаһү»
60
, яғни «Ей, иман келтіргендер, сендерден кімде-
кім  дінінен  қайтса,  тез  арада  (олардың  орынына  Алла  Тағала) 
Өзі  сүйетін  жəне  олар  да  Оны  (Алла  Тағаланы)  сүйетін  бір 
қауымды келтіреді» деген аятта айтылғанындай, егер Хақ Таға-
ла бір қауымды кетірсе, олардың орнына басқа бір ізгі қауым ды 
келтіреді, сөйтіп олар Хақ Тағаланы сүйеді, сондай-ақ олар да 
Алла  Тағаланы  сүйеді.  Бұл  үмбеттің  көркем  бойына  бұл  əсем 
киім  сыйлық  болады.  Сөйтіп,  «Уүжуһү  йаумаизин  назира түн 
ила  раббиһа  назиратан»,  яғни  «Бұл  салиқалы  жүздер  қиямет 
күні Раббысына шаттанып назар салады» деген үкім осы жүздері 
нұрланып, гүлденіп тұрған тайпа туралы келген. 
Нақыл баяны: Бір адам бір дуалдың қабырғасына Лəйлі мен 
Мəжнүннің  есімін  жазып  қойды.  Оны  Мəжнүн  көрді  де,  Лəй-
60
 «Маида» сүресі 54-аят.

110
лінің  есімін  өшіріп  тастады.  Мұның  куəсі  болған  бір  адам: 
«Сүйіктіңнің  есімін  неліктен  өшіріп  тастадың?»  деп  сұрады. 
Мəжнүн  айтты: «Ғашықтық  екілікті  (біреуден  артық  болуды) 
қаламайды  (қабылдамайды),  мен  жəне  сен  деген  ұғымдар  ға-
шықтық  жолында  қайтарылған  (қабылданбайды),  яғни:  «Əнə 
Лəйли уа Лəйли əнə», бұл дегені «Мен Лəйлімін, ал Лəйлі менім 
сияқты  (бір  сəт  Лəйліні  ойлаудан,  оның  есімін  зікір  ету ден 
айырылмаймын)»  деген  мағынаны  аңғартады.  Махаббат  ма-
қамы (орны мен дəрежесі) соны көрсетеді: «Ман йұтиъыр ра-
сула  фақад  атоъалла»,  яғни  «Кімде-кім  Расулға  бойұсынса, 
əлбетте  ол  Хақ  Тағалаға  бойұсынған  болады»,  дəл  сол  сияқты 
«Инналлазина  йүбайиъунака  иннама  йүбайиъунАллаа»,  яғни 
«Əлбетте,  саған  байғат  (ант)  бергендер  Алла  Тағалаға  байғат 
берген  болады».  Хақ  Тағала  Өзінің  Хабибін  адамзаттың  сипа-
тымен  перделеп  жасырып  қойды  «Йə  əййүһал-мүззаммил», 
яғни  «Ей,  киіміне  бүркенген  адам»  деген  үкім  соған  ишарат 
(сілтеу). Сөйтіп, Алла Тағаланың қалауы солай болды. Ол өзі-
нің  достарын  басқалардан  құпия  етті,  бұған:  «Əулийаьи  тах-
та  құбаьи  ла  йаърифүһүм  ғайри»,  яғни  «Менің  достарым  Ме-
нің  арнайы  күмбезімнің  астында,  оларды  Менен  өзге  ешкім 
білмейді» деген үкім дəлел.  
Нақыл  етілуінше:  Бір  ариф  салик  былай  деген: «Беймəлім 
де белгісіз құпиялар майданында тақуалық жəне бойұсынушы-
лық  танытып,  илаһи  ғашықтық  жазбасының  шарапатынан  бұл 
денемді  құпиялы  перде  артына  ықшамдап,  отырған  орыным-
нан  көшіп  куə  болу  (мақам  шүһуд)  дəрежесіне  қол  жеткіздім. 
Содан көктердің қабаттарынан өтіп барып, Арш ағлаға жеттім. 
Он да сап-сап періштелер мен əруақтар маған паш болды. Мінə-
жат  етіп: «Илаһым,  бұлардың  мыңынан  гөрі  маған  Мұхаммед 
(с.ғ.с.)-ның  рухын  көрсет»  дедім.  Құдіретті  бір  дауыс  келді: 
«Ей,  ғашықтық  дертінде  қиналған  бейшара  ғашық,  мен  Иса 
(а.с.)-ның рухымын, сүйіктіңнің мүбашширі (қуанышты, сүйін-
ші хабар берушісі),  яғни оның туралы сүйінші келтірген едім. 
Бұл  жаһанның  халқына  бір  зередей  емшілік  кереметін  кел-
ті ріп,  мақаулар  мен  теңбіл  алапестерді  емдедім,  тіпті  өлген 
адам дарды Алла Тағаланың берген кереметімен тірілттім. Сол 
себептен адамдар мені Тəңір деп ойлап қалып, содан мені Оған 
таңып:  «Уа  қалатин-насара  əл-масихүбнүлла»,  яғни  «Насара-
лар Масих Алла Тағаланың ұлы» деп, шатасып сипаттама бер ді. 

111
Ал  негізінде,  егер  кемел  пайғамбарлық  иесі  болып  табылатын 
Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ның  шынайы  жамал-көркін  халыққа  көрсет-
сем,  барша  өліктер  тірілген  болар  еді  жəне  жер-жаһандағы 
бар лық тастар мен ағаштар тілге кіріп сөйлер, көктер орнынан 
қозғалар, періштелер не істейтіндерін білмей аң-таң қалар еді. 
Сонда  құпияның  бəрі  паш  болып,  ақыл  иелерінің  барлығы 
ақылдарынан айырылар еді. 
Ей, сопы! Ондай жағдай орын алатын болса, сенің де жүре-
гің қарс айырылып, денеңнің мүсіні быт-шыт болар еді. Мұның 
бəрін Алла Тағала ең жақсы білуші. 

112
4.  ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН 
ЕРЕКШЕЛІГІ 
 Бұл бөлімде Əзіреті «саллАллаү Тағала алайһи уа саллам»ның
(яғни  оған  Алланың  салауаттары  болғай)  қасиеттері  мен  ар-
тықшылықтары  жəне  ерекшеліктері  жайында  баяндалған.  Бұл 
бөлімде екі мақаланың зікірі (егжей-тегжейлі баяны) келген. 
БІРІНШІ МАҚАЛА: 
ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Мұнда Əзіреті «саллАллаү Тағала алайһи уа саллам»ның (яғни 
оған  Алланың  салауаттары  болғай)  қасиеттері  туралы  баяндал-
ған. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қасиеттері мыналардан тұрады: 
Мұнда аталған қасиеттері тек Əзіретіміз (с.ғ.с.)-ның өзіне ғана тəн 
болып,  одан  басқа  пайғамбарлардың  да,  періштелердің  де  (а.с.) 
ол  қасиеттерге  серіктігі  болмайды.  Өйткені  адамзат  санасының 
кемелдігі оның нəпсінің рухани тазалыққа ие болғандығына бай-
ланысты.  Ал,  пайғамбарлардың  (а.с.)  мөлдір  нəпістері  барша 
нə пістердің  арасындағы  ең  тазалары,  əрі  жомарттары,  сондай-
ақ шарапатты дене мүсіндері айыптардан пəк жəне рухани нұр-
мен суарылған. Ал, енді олардың арасындағы пайғамбарлар мен 
елшілердің  ең  соңғысы,  олардың  шежіресін  аяқтаушы  Əзіреті 
Мұхаммед  (с.ғ.с.)  рухани  денсаулығы,  дене  мүсінінің  кемелдігі 
мен  мөлдір,  тұнық  рухқа  ие  болғандығы  тұрғысынан  бүкіл  ха-
лықтан да, олардың арасынан шығатын барша жақсылардан ар-
тық та, абзал қасиеттілікке ие. Осы себептен, оның көптеген ар-
тықшылықтары мен тек өзіне ғана тəн қасиеттері бар. Оның бұл 
артықшылықтары мен қасиеттерінің бəрін тізбектеп, бір ғана кі-
тапқа сыйдыру мүмкін емес. Сондықтан, олардың кейбірін ғана 
баяндауға əрекет етеміз, Алла Тағаланың өзінен көмек пен сəт-
тілік тілеген халде.   
Бірінші  қасиеті:  Бұл  қасиеті  содан  тұрады,  ол  Əзіретінің 
мөлдір рухы жаратылу тұрғысынан ең алды (бірінші) болып жа-
ратылып,  оның  шарапатты  денесіне  кейіннен  кірген:  «Нахнүл 
əхирунас  сабиқун»,  яғни  «Біз  ең  соңғы,  əрі  ең  біріншіміз»  де-
гені бұған дəлел. Ендеше, оның рухының барша адамзат пен пе-
ріштелерден  де  бұрын  болғандығының  егжей-тегжейі  бірінші 
бөлімде баяндалатын болады, иншаАлла. 

113
Екінші қасиеті: Хақ Тағала барлық əулие (а.с.)-нан «мисақ» 
(əу бастағы əлмисақ уəделестігі) деп аталатын арнайы ант алды. 
Ол  антқа  сай  олардың  бəрі  Мұхаммед  (с.ғ.с.)-ға  Иман  кел тіру, 
оның  хабарын  жеткізу,  тағы  да  оған  көмек  көрсетулері  шарт 
еді.  Бұған  дəлел:  «Уа  из  ахазАллаү  мисақан-набиййина  лам-
ма  атайтүкүм  мин  китабин  уа  хикматин  сүмма  жаьакүм 
расулүн  мүсаддиқұн  лима  маъакүм  латүьминүнна  биһи  уа  ла-
тансүрүннаһү»
61
,  яғни  «Кезінде  Алла  пайғамбарлардан  ант 
алып: «Сендерге Кітап пен хикмет бердім, соңынан сендердегі-
ні (Кітапты) растаушы Пайғамбар келгенде, əлбетте, оған (барша 
қауымдарыңмен  бірге)  иман  келтіресіңдер,  əлбетте,  оған  жəр-
дем етесіңдер! Мойындадыңдар ма жəне осы уəделестікті қабыл 
алдыңдар  ма?»  дегенде,  олар: «Мойындадық» (қабыл  алдық)!» 
деген еді. Осы аятта келген үкімге байланысты Мұхаммед (с.ғ.с.)-
ға  пайғамбарлық  келгенінен  кейін  барша  халық  оған  ілесуі 
бұйырылған еді. Сондай-ақ егер пайғамбарлардың да қайсыбірі 
оның  заманына  жететін  болса,  оған  ілесуі  шарт  болар  еді.  Бұл 
туралы  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.):  «Лау  кана  Мұса  хаййан  ламма 
уасаъаһү илла иттабаъани», яғни «Егер Əзіреті Мұса (а.с.) тірі 
болса,  маған  ілесуден  басқа  нəрсе  оған  жайыз  (дұрыс)  болмас 
еді» деген.      
Үшінші қасиеті: Əзіреті Хақ Тағала əрбір пайғамбарға кітабы 
арқылы сөз айтқан кезінде, ол пайғамбар есімін атап шақырды. 
Яғни, Адам (а.с.)-ға «Йə, адам, үскүн анта уа заужүкал-жəннə», 
яғни «Ей, Адам, сен жұбайыңмен бірге жұмақта қоныстан» деді. 
Нұх  (а.с.)-ға  «Йə,  Нұх,  иһбит  бисаламин  минна»
62
,  яғни  «Ей 
Нұх, саған жəне сенімен бірге болған жамағатқа Бізден сыйлық 
етілген сəлеметтік жəне молшылықпен кемеден түс» деп нұсқау 
берілді.  Ибраһим  (а.с.)-ға  «Йə,  ибраһим,  аъриз  ан  һаза»
63
,  яғни 
«Ей,  Ибраһим,  бұдан  (мұндай  пікірталастан)  тыйыл»  деп  əмір 
берілді. Мұса (а.с.)-ға «Йə, Мұса, инни истафайтүка алан-наси», 
яғни «Ей, Мұса, Мен сені адамдарға (пайғамбар етіп) таңдадым» 
деді.  Дауүд  (а.с.)-ға  «Йə,  Дауүд,  инна  жаъалнака  халифатан 
фил-арзи», яғни «Ей, Дауүд, Біз сені жер бетінде (оның бір бөл-
шегіне)  халифа  еттік»  деді.  Закарийа  (а.с.)-ға  «Йə,  Закарийа, 
инна нүбашшірүка биғұлам», яғни «Ей, Закарийа, Біз сені бір ұл 
61
 «Əлі Имран» сүресі 81-аят.
62
 
«Һуд» сүресі 48-аят.
63
 
«Һуд» сүресі 76-аят.

114
перзенттің  хабарымен  сүйіншілейміз»  деді.  Йəхйа  (а.с.)-ға  «Йə, 
Йəхйа, хұзил китаба биқұууатин», яғни «Ей, Йəхйа, бұл кітапты 
(Тауратты)  нық  ұстан»  деп  бұйырды.  Иса  (а.с.)-ға  «Йə,  Исабнү 
Марйама  үзкүр  ниъмати  алайк»,  яғни  «Ей,  Мəриямның  ұлы 
Менің саған сыйлаған нығметтерімді есіне ал» деді.
Ал енді, пайғамбарлардың Сұлтаны Мұхаммед (с.ғ.с.)-ға сөй-
легенінде: «Йə, əййүһан-наби, Йə, əййүһар-расул», яғни «Ей, Пай-
ғамбар»  жəне  «Ей,  Расул»  деп  шақырды.  Шақырудың  мұндай 
тəсілі,  шақырылушының  ерекше  сый-құрметін  айқындайды.  Ал 
егер оның есімін шақыру тəсілінен өзге тұстарда атайтын болса, 
əлбетте  мадақтау  немесе  дəріптеуге,  яки  елшілік-пайғамбар лық 
сипатына  қосып  айтатын,  мына  аятта  айтылғанындай:  «Уа  ма 
Мұхаммадүн илла расул», яғни «Мұхаммед жіберілген бір Елші», 
«Мұхаммадүр  Расулулла»,  яғни  «Мұхаммед – Алла  Елші»,  «Уа 
аману  бима  наззала  ала  Мұхаммадин»,  яғни  «Мұхаммедке  тү-
сірілген  нəрсеге  иман  келтіріңдер», «Уа  ма  кана  Мұхаммадүн 
аба  ахадин  мин  рижаликүм  уа  лакин  расулАллаи  уа  хатаман-
набиййин»
64
, яғни «Мұхаммед сендердің ешбіріңнің əкең емес, ол 
Алла Елшісі жəне пайғамбарлардың (шежіресін аяқтап бекіте тін) 
мөрі» деген сияқты, сөз құрастыру əдістері арқылы баяндал ған. 
Мұндай тəсіл Құранның өте көп аяттарында орын алған.
Нақыл  етілуінше:  Қиямет  күні  барлық  үмбеттерді  олардың 
пайғамбарларына қатысты (есімдеріне қосып) шақырылады, яғни: 
«Йə,  үммат  Ибраһим», «Йə,  үммат  Мұса», «Йə,  үммат  Иса» 
деген сияқты тəсіл қолданылады. Ал енді, Мұхаммед (а.ғ.с.)-ның 
үмбетін шақырарда: «Йə, əулийаьи», яғни «Ей, Менің достарым» 
деп  шақырады.  Ол  Хабибтің  сый-құрметіне  періштелер  оның 
үмбетіне иіліп, құрмет көрсете тұрып шақырады.
Төртінші  қасиеті:  Бұл  қасиетінің  ерекшелігі  мынада:  бұ-
рынғы  пайғамбарларды  үмбеттері  олардың  есімдерін  атап  ша-
қыратын  еді,  ал  бұл  үмбетке  олай  істеу  рұқсат  етілмеді.  Яғни, 
Хақ Тағала бұл үмбетке: «Ла тажъалу дүъаар-расули байнакүм 
кадүаъи  баъзикүм  баъзан»,  яғни  «Əзіреті  Расулды  шақырарда, 
кейбірің кейбіріңді шақырғандай етіп (атын атап) шақырмаң дар» 
деп бұйырды. Бұл аяттың түсірілуінің себебі туралы Əзіреті Ибн 
Аббас  былай  нақыл  еткен: «Алғашында  сахабалар  (разийАллаү 
Тағала анһүм) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-мен сөйлесер кезде: «Йə, 
64
 
«Əхзаб» сүресі 40-аят.

115
Мұхаммад, йə Əбал-Қасим» деп, атын атап шақыратын еді. Осы 
аят түсірілуі арқылы бұл əдетке тыйым салынды. Одан кейін са-
хабалар: «Йə, набийалла, йə, Расулалла» деп шақыратын болды. 
Бесінші  қасиеті:  Бұл  қасиеті  оған  «жəуамиъ  əлкалим»  бе-
рілді.  Бұл  туралы:  «Утийат  жəуамиъ  əлкалим»,  яғни  «Оған 
жəуа миъ əлкалим берілді» деп риуаят келген. Жəуамиъ əлкалим 
дегеніміз – сөзді қысқа да, нұсқа етіп сөйлеу, сонымен бірге, сол 
қысқа  сөзден  аса  көп  маңызды  мағыналардың  шығатындығына 
айтылады. 
Кейбір ғұламалар: «Жəуамиъ əлкалим дегенде Құран туралы 
айтылған» деп те пікір білдірген. Басқа бір ғұламалар: «Жəуамиъ 
əлкалим – Əзіреті Пайғамбардың көрсеткен шарапатты нұсқауы 
мен айтқан көркем де, мағыналы сөзінің жалпы жиынтығына ай-
тылған» деп пікір айтқан. Міне, осы пікір сахих (дұрыс). 
Алтыншы қасиеті: Оның бұл қасиеті содан тұрады: бір ай лық 
жолдың қашықтығындағы кəпірлер оның есімін есітеді деген ше 
жүректеріне қорқыныш ұялап, дүрбелеңге түсетіндей айбаты мен 
айбары бар болатын. Дұшпандары оның бұл қасиетінен қаһар ға 
ұшырап, жеңіліс табар еді. Бұл туралы оның: «Насартү бирағби 
масирата шаһр», яғни «Мен бір айлық жолдың қашықтығын дағы 
кəпірлер жүректеріне қорқыныш салатын қасиетпен қуаттал дым» 
деген сөзі бар.
Жетінші  қасиеті:  Соғыс  кезінде  алынған  кəпірлердің  мал-
мүлкі барша үмбеттерге арам етілген (иленуге тыйым салынған) 
еді. Сондықтан, олжаға түскен мал-мүліктер пайғамбарларының 
алдына алып келініп, бір жерге жинап қойылар еді, сосын көктен 
от  түсіп,  олжалардың  бəрін  күйдіріп  күл  ететін.  Ал  енді,  біздің 
Əзіретімізге халал етілді. Бұл туралы ол: «Үхиллат ли əл-ғанаим», 
яғни «Маған олжалар халал етілді» деп мəлімдеме айтқан.


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал