МАҒарижун нүБҮууа мұхаммедтің пайғамбарлық ДƏлелдері



жүктеу 3.01 Kb.

бет1/20
Дата08.06.2017
өлшемі3.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

МАҒАРИЖУН НҮБҮУУА
МҰХАММЕДТІҢ 
ПАЙҒАМБАРЛЫҚ ДƏЛЕЛДЕРІ 
(ДƏЛАИЛ НҮБҮУУАТ МҰХАММАДИ) 
ХV ғасырдың мəдени мұрасы
(Бірінші кітап)
МҰХАММЕД ИБН МҰХАММЕД ƏШ-ШЫМЫР
 БИ-АЛТЫ БАРМАҚ
Алматы, Баспалар үйі, 2014

ƏОЖ 297
КБЖ 86.38
     М 86
ISBN 
978-601-80386-1-7 (1. к.)
ISBN 
978-601-80386-0-0
 (ортақ)
ƏОЖ 297
КБЖ 86.38
Мұхаммед ибн Мұхаммед əш-Шымыр би-Алты Бармақ. 
Мағарижун  нүбүууа  Мұхам медтің  Пайғамбарлық  дəлелдері  (Дə-
лаил  нүбүууат  Мұхам мади)  ХV  ғ.  1-кітап.  –  Алматы:  Баспалар  үйі. 
2014. – 320 бет.
ISBN 978-601-80386-1-7
Томдықта  ХІV  ғасырдың  тарихи  тұлғасы,  көшпелі  далалықтар  арасынан  шығып, 
көптеген  ислам  елдерін  аралаған  Мұхаммед  ибн  Мұхаммед  əш-Шымыр  би-Алты 
Бармақтың  «Дəлаил  нүбүууат  Мұхаммади»,  яғни  «Мұхаммедтің  Пайғамбарлық  дə-
лелдері»  атты  еңбегі  беріліп  отыр.  Томдықтың  алғашқы  кітабына  шығармадағы  Жа  -
ратушының  жасампаздық  құдіретімен  жалпы  ғалам  мен  жаратылыс  шатырын  жа-
сағаны,  Пайғамбарлардың  келу  тарихы,  оларды  мадақтау,  мінəжат  айту,  дəріптеу, 
сипаттау  жолдары  мен  қасиетін  баяндай  отырып,  салауат  айтудың  артықшылықтары 
туралы деректер енді. 
М86
© “Баспалар үйі”, 2014
© Оразбай З.Ж., аударма, 2014
Қолжазбаны транскрипциялап, түпнұсқадан аударған: 
 
 
 
 
Зəріпбай Жұманұлы Оразбай, 
 
 
 
 
көне түркі-шағатай жəне
 
 
 
 
араб тілдерінің маманы, аудармашы,
 
 
 
 
қолжазбаның мұрагері
Томды баспаға дайындаған:    Қазыбек Тоғызбайұлы Тəжиев,
 
 
 
            филология  ғылымдарының кандидаты
Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі 
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді

3
БЕТАШАР СӨЗ
Түркістан – алғашқы тіршіліктің отаны ғана емес, ол адамзат 
мəдениетінің  алғашқы  бесіктерінің  бірі  де.  Мұнда  тұрған  ха-
лықтар  Шығыс  Еуропа  мен  Батыс  елдерімен  ерте  заманның 
өзінде-ақ  етене  араласып,  өзара  саяси  жəне  мəдени  қатынаста 
болған. Көрші елдердің мəдени табыстарын игеріп, кезегі кел-
генде өздері де ол мəдени ортаға əсер еткен «жүздің бірі – кө-
сем,  мыңның  бірі – шешен»  тұлғалы  ұлдарын  тудыра  білген. 
Сондықтан Ұлы Түркістан даласы алып тұлғаларға бай, тарихы 
терең. Сол алып тұлғалар арқасында Ислам өркениетінің жар-
қын  мекеніне  айналған.  Тарихи  деректерге  қарағанда,  сонау 
Қарлұқ (754-840), Қарахан (942-1211) дəуірінен  бастап-ақ  Ис-
лам əлемінің ең басты білім-ғылым ұяларының біріне əрі біре-
гейіне айналған. Тіпті Əмəуи (661-750) мен Аббаси (750-1258) 
əулеттері  тұсында  Ислам  əлемінің  мəдениет  əрі  əкімшілік  ор-
талықтары  Шам,  Басра,  Кұфа,  Бағдад,  Фұстат  (көне  Қаһира), 
Нишабұр болса, Ислам өркениетінің Орталық Азия жеріне ке-
ліп,  мұсылман-түркілер  халифалық  тізгінін  қолға  алған  соң 
Мауеранаһр,  Хорасан  мен  Түркістан  уəлаяттары  аса  дамыған, 
халқы  бай,  сауаттылық  деңгейі  мен  мəдениеті  жоғары,  саяси 
жағынан  үстем  мекенге  айналған.  Соңғы  кездегі  зерттеу  ең-
бек терден Фарабтан шыққан ондаған Фараби мен оған іргелес 
жатқан  Сайрам  топырағында  туылған  қаншама  Исфиджаби 
мен  Сайрамилер,  тіпті  Ясыға  ат  шаптырымдай  қашықтықтағы 
мəдениет, мағариф орталықтарынан шыққан Отырари, Сығана-
қи, Қарнақи, Иқани, Сығанақи, Қарши, Тарази, Шаши, Баласағұ-
ни секілді санаумен таусылмайтын хүкімдарлар, əдебиетшілер, 
ойшылдар, ғұламалар осы Түркістан аймағының еншісіне тие ді. 
Олардың қатары үнділік белгілі тарихшы Абд əл-Хайй ибн Фахр 
ад-Дин  əл-Хасани  əл-Һиндидің  «Нузһəт  əл-хауатир  уə  бəһжəт 
əл-масамиғ  уə-н  науазир» (Ойша  серуен  жəне  құлақ  пен  көз 
сұ лулығы)  деген  еңбегінде  аты  аталған  Үндістанның  Кашмир 

4
уəлаятында  жатқан  Ясы-Түркістанилармен  толығып,  бүгін-
де  ежелгі  əдебиетіміздің  тарихи  танымы  айқындала  бастады. 
Олар дың  еңбектері  ғылымның  барлық  саласына,  əсіресе  геог-
рафия, медицина, астрономия, араб пен түркі тілдері білімі ғы-
лымына  өзіндік  үлес  қосса,  бұлармен  қатар,  мұсылман  заңы 
мен хадистану, тəпсір секілді ислами ілімдер саласына да қа лам 
тербеп,  ислам  мəдениеті  мен  ғылымынан  өзіндік  орын  ал ған. 
Мəселен, өз шығармасын ол Тамғаш (1050-1068) ханға арнаған 
«Тарих-и Түркістан» («Түркістан тарихы») атты еңбектің авторы 
шайық Мəдж əд-Дин Мұхаммед Инан, «ат-Табақат ас-суфия» – 
«Сопылық топтары» атты кітаптың авторы Əбу-л Аббас Ахмед 
бин Мухаммед əл-Иасауи (?-1004), тамаша тарихшы, əдебиетші 
«Түркістан жəне Ауғанстан тарихы» атты еңбектің авторы Абд 
əл-Карим  əл-Бұхари,  Тұрбаттан  шыққанымен, «Миғражийа» 
(«Миғражнаме») поэмасы Кашмирде сақтаулы тұрған Маулана 
Атаиы,  болмаса  қасиетті  Құранды  жатқа  білген,  сопылық  ілім 
мен  поэзия  жəне  өзге  де  ғылым  салаларының  керемет  білгірі 
атанған шайық Ахмед ибн Мұстафа мен оның інісі, мұсылман 
заңгері, тақуа, ғалым, хадисші Ахмед бин Мұстафа бин əл-Муин 
Əбу ат-Таййб, Түркістан аймағының Тархан қыстағында дүние ге 
келген шайық Абд əл-Уəли ат-Тархани, Имам Замин Түркістани 
деген есіммен белгілі Мұхаммед Əли, отырарлық Əбу Нəсір əл-
Фараби, Исхақ əл-Фараби мен Исмаил əл-Жауһарилер замандасы 
Əбу-л-Хасан, Ахмет бин Мансұр аз-Зафарми əл-Худжанди, Əли 
бин  Мұхаммед  сияқты  ұзын  саны  əліге  дейін  жүйелі  есепке 
алынбаған  Исфиджабилердің  аттарын  атауға  болады.  Ислам 
тарихын,  Ислам  мəдениетін  зерттеуде,  ғылыми  жүйеге  салуда 
атал мыш  жерлестеріміздің  сіңірген  еңбегі  аса  зор.  Бұлардың 
түп негізі көне Түркістандық болғанымен, саналы өмірлері мен 
қызметтері Ислам діні кең етек алған Ауғанстан, Үндістан мен 
Кіші Азия аймақтарында өткен. Өйткені, олар алыс елдерге ар-
найы  тапсырмамен  аттанып,  уағыз-насихаттары  арқылы  діни 
ағарту ісін жүзеге асырды. Өзінің туып өскен жерінен шалғай-
ға  сапар  шеккен  көптеген  мүршидтер  алыс  елдерге  барып, 
маңайына шəкірт жинады, хақ дінді түсіндірумен шұғылданып, 
оның тегін туған елінің тарихымен ұштастырды. Бар өмірін осы 
жолда сарп еткен ірі тұлғалар өсіп шығып, ел арасында айты лып 
жүрген  Исламиат  туралы  алып-қашпа  əңгімелердің  ақиқатын 
адамдар  арасында  насихаттады.  Ислам  дінінің  өркен  жаюына 

5
қызмет  еткен  ол  жерлес  ғұламалардың  шығармаларының  бірі 
туған же ріне жетсе, көбі сол аймақтарда қалып қойды. Солар-
дың  бі рі – «Мұхаммедтің  Пайғамбарлық  дəлелдері» («Дəлаил 
нүбү ууат Мұхаммади») атты көлемді еңбектің авторы, «Мүъин» 
деген құрметті де сыйлы атаққа ие болған жерлесіміз Мұхаммед 
ибн Мұхаммед Шымыр би-Алты бармақ. 
Аталған  шығарманың  мазмұнына  қарағанда,  оның  жазылу 
ке зеңі Орталық Азия халықтары арасында əртүрлі дəрежеде та-
ралған зороастризм (отқа құлдық), манихейзм, бұдда (бұрқан), 
христиандық (мəсіхшілдік) секілді сенімдері заттық Тəңірлерді 
дəріптеушілік кезеңнен əлі де толық арыла қоймаған кезде, бірте-
бірте хақ дін Исламды қабылдап, əлі де болса толық мойында ла 
қоймаған  заманда  туған.  Аталмыш  шығарманың  құны  да  осы 
жағынан  арта  түседі.  Өйткені,  Исламият  көпқұдайлық  ұғы мы-
ның  орнына,  барлық  əлемдерді  жаратқан,  теңдесі  жоқ,  тума-
ған əрі туылмаған, есіркеуші, күллі адамзаттың Раббы бір Алла 
Тағалаға иман етуді (сенуді) насихаттады. Аталмыш еңбек осы 
идеологиялық  істің  Орталық  Азия  халықтары  арасында  қызу 
жүріп  жатқан  тұсында  дүниеге  келіп,  сол  кезеңдегі  үлкенді-
кішілі  оқу  орындарында  оқылатын  негізгі  оқулықтардың  бірі 
болған. 
Жиналған  деректерге  қарағанда,  жарыққа  шығып  отырған 
қол жазба  ұлы  ақын  Əлішер  Науаидің  ықпалымен 1486 жылы 
пар сы тілінде жазылған «Мағарижун нүбүууа» (Пайғамбарлық 
миғ ражы) атты көлемді еңбектің т үркі-шағатай тіліндегі аудар-
масы.  Бұл  кітаптің  авторы  да,  аудармашысы  да  бір  адам – ол 
Ұлы Түркістан даласында (қазірше туылған жылы нақты анық-
тала  қойған  жоқ)  дүниеге  келіп,  Йасауи  ілімімен  танысқан 
соң білімін шыңдау үшін сол кезеңдегі Ислам əлемінің ірі мə-
дениет əрі əкімшілік орталықтарын (Түркия, Сирия мен Ирак) 
аралайды.  Ирак  жерінен  Хиратқа  келген  Мұхаммед  ибн  Мұ-
хаммед  Шымыр  би-Алты  бармақ 1477 жылы  Ауған  жерін-
де гі  «Ескендір  қорғаны»  деп  аталатын  асуда  Хират  уəлаяты-
ның уəзірі Əлішер Науаимен кездеседі. Кездесу соңы екеуінің 
достығына айналады. Ислам əлемінің қиыр шығысы мен ба ты-
сында  болып,  осы  елдердің  ең  зерделі  ғалым,  данышпан  жəне 
ойшыл  оқымыстыларының  еңбектерімен  сусындаған  Мұхам-
мед  Шымыр  би-Алты  бармақтың  ілімін  мойындап,  оны  «Əл-
Фарахи»  деп  атайды.  Əлішер  Науаи  алғашында  парсы  тілінде 

6
жазылған  бұл  шығарманың  мұқабасын,  бірінші  жəне  соңғы 
бет терін Хират уəлаятының атақты суретшісі Камалиддин Бек-
затқа  алтынмен  аптатып,  көркем  кітап  жасаттырады.  Сосын, 
ав тордан  бұл  шығарманы  түрік  тіліне  аударуды  өтініш  етеді. 
Автор кітапты түрік тіліне аударады. Сөйтіп, оның негізінде екі 
дана кітап жасалады. Олардың бірі Əлішер Науаиыға сыйлыққа 
тартылған, екіншісін ұлы Темірбалтаға мұра етіп қалдырыл ған. 
Темірбалта  мен  оның  ұлдары  қаза  болуына  байланысты  кітап 
қызы  Рұқайяға,  одан  оның  ұлы  Дараға  мұра  етіледі.  Кітап тың 
осы  нұсқасын  Дараның  немересі  Ақтан  сопы  қайта  көшір тіп, 
бір  нұсқасын  жасаттырады.  Кітаптың  бұл  нұсқасында  да,  түп 
нұсқасында да кітап шығармашының есімі Əш-шімир би-Алты 
бармақ,  яғни  Алты  бармақты  Шимир  деп  жазылған  болатын. 
Ақтан  сопы  өзінің  ұрпақтарына  осы  кітапты  қолдан  шығар-
май,  мұқият  сақтауға  бұйырады.  Өйткені,  осы  аталған  кітап-
тың  басқа  адамдардың  атымен  жарық  көрген  кітаптар  да  пай-
да  болғантұғын.  Мысалы,  осы  кітапты 1860 жылы  ташкенттік 
Қайыпназар деген хатшы қайта көшіріп, кітаптың бірінші беті-
не қосымша мəліметтер жазып, Чиқириқчи зада деген Үскүбтік 
ғалымның  жазғандығы  туралы  айтылған.  Түпнұсқадағы  «Əш-
Шымыр»  сөзі  «Əш-шаһир»  деп  қате  жазылып,  сондай  қателік 
1899 жылы Қазанда шығарылған нұсқада да орын алған. 
Əлішер  Науаиыға  сыйға  тартылған  екінші  жəне  алғашқы 
пар сы тілінде жазылған кітаптың түпнұсқасының кейінгі мұра-
герлері туралы дерек жоқ. Ал біздің дəуірімізге дейін жетіп кел-
ген шығарманың бүгінгі таңдағы мұрагері Зəріпбай Жұманұлы-
ның айтуына қарағанда, Алты бармақ бабаның артында іздеу ші-
сі болмағандықтан, оның парсы тіліндегі «Мағарижун нүбүууа» 
кітабы  да  басқа  бір  адамдардың  атымен  шығарылғандығы  ту-
ралы мəлімет бар. Мысалы аталған кітап Бомбей қаласын дағы 
баспаханада басқа бір адамның, яғни Мүлла Мүъин əл-Кашифи 
деген  адамның  атымен  шығарылған.  Содан,  орта  ғасырлар-
дағы  жарық  көрген  кітаптардың  кейбірі  қателікпен,  басқа  бір 
адамның атымен шығарылғандығының да куəсі боламыз. 
Негізінде, ең дұрыс мəлімет Шымыр Алты бармақтың неме ре 
қызы Рұқайядан жетіп келген. Қазіргі кезде мұны дəлелдей тін 
көптеген деректер табылуда. Бұл деректер осы кітап жəне оның 
авторына қатысты басталған ғылыми-зерттеу жұмыстары түгел 
аяқталған кезде жарияланатын болады.

7
Сондай-ақ  сол  кездегі  Хират  уəлаятының  атақты  суретші-
зергері  Камалиддин  Бекзат  көркемдеген  кітаптарға  ағылшын-
дар қызығушылық танытып, көп кітаптарды алып кеткендігі ту-
ралы  дерек  бар.  Ол  кітаптардың  арасында  сөз  болып  отыр ған 
қол жазбаның парсы тіліндегі (1486 жылғы) нұсқасы да бол ған, 
бүгінде  ол  нұсқа  Англия  мұражайларының  бірінде  сақтау лы 
болуы  мүмкін.  Сондықтан,  Англия  мұражайларының  бірінде 
сақ таулы  тұрған  суретші  Камалиддин  Бекзаттың  сол  алғаш қы 
қол жазбаға  əшекейлеп  салған  өрнектерінің  кейбірі  табылса, 
шы ғарма  авторы  туралы  айтылып  жүрген  əралуан  пікірлерге 
тоқ тау салынған болар еді. 
Жалпы өз дəуірінде «Мүъин» деген құрметті де сыйлы атақ қа 
ие болған Мұхаммед ибн Мұхаммед Шымыр би-Алты бар мақ-
тың  өмірбаяны  туралы  шығармасында  қысқаша  деректер  мен 
оның немере қызы келтірген деректер бойынша, ол ХV ғасырдың 
бас кезінде туылып, қырық жасына дейін тафсир, хадис набауи, 
осыған  негізделген  шариғат  Мұстафауи  ғылымдары  бойын ша 
қазіргі  Түркия  жерінде  шəкірттерге  сабақ  беріп,  отыз  жылдай 
уақытын Сирия мен Ирактағы үлкен діни оқу орнында қызмет 
еткен.  Ел  арасына  «Мүъин  міскин»,  яғни  «Кішіпейілділік пен 
танылған» деген атаққа ие болған. Бауыры Низамуддиннің ша-
қыртуымен 1477 жылы  Хиратқа  келіп,  сонда  тұрақтап 1502 
жыл дары қайтыс болады.
Мұхаммед ибн Мұхаммед Шымыр би-Алты бармақ заманын-
да Пайғамбарлар тарихына қатысты ілімнің, яғни «Фан ни сияр»-
дың  жоғары  дəрежесіне  жеткен  білгір  ғалымы,  шариғаттан 
уағыз  бен  насихат  айтуда  ғұламалар  сұлтаны  атанған.  Хират 
қа ласында  өмір  сүрген  кезінде    аударма  жұмысымен  айналы-
сып, «Фүрқан» үкімдеріне талдау жасап, түсінік беруші ісімен 
ай налысқан. Бірнеше оқулық кітаптар мен ең үлкен туындысы 
«Мұхаммедтің Пайғамбарлық дəлелдері» атты көлемді еңбегін 
жазып қалдырады. 
Кітап мазмұны кіріспе, төрт негізгі бөлім жəне соңғы сөз ден 
тұрады. Кіріспе бөлімінде жалпы мадақ айту жолы, мінəжат тар, 
Пайғамбар  сипаты,  ерекшелігі  мен  қасиеттеріне  тоқтала  оты-
рып,  салауат айтудың сауабы мен артықшылықтары сөз етіледі. 
Сондай-ақ  кіріспе  бөлімі  бірінші  бөлімнің  қызметін  атқа рып, 
онда  Пайғамбар  Нұры  туралы,  Нұрдың  жеті  пайғамбар дан 
(Адам,  Шис,  Идрис,  Нұх,  Һуд,  Ибраһим,  Исмаил  өтіп  келгені 

8
туралы, олардың өмірінде орын алған жағдайлар мен ғажайып 
оқиғалар, олардың қасиеттері, ерекшеліктері баян етіледі. Екінші 
бөлімде  Əзіретінің  дүниеге  келгенінен  бастап,  бақиға  көш кен 
кезіне  дейінгі  уақыт  аралығында  орын  алған  оқиғалар  сөз  еті-
леді.  Оның  есімдерінің  кейбірі  кеңінен,  кейбірі  шолу  арқылы 
баяндалады.  Сондай-ақ  Құран  аяттары  мен  бұрынғы  кітаптар-
ға келген хабарлар мен белгілер туралы əңгіме етілген. Үшінші 
бөлімде уахидің түсіріле басталғаны, оның қалайша түсірілге ні, 
һижрат жасағанға дейінгі жəне миғраж оқиғасының баяны, оған 
қатысты кейбір жағдайлардың түсінігі əңгіме етілген. Төртінші 
бөлімде хижрат жасаған жəне сол аралықта орын алған оқиғалар, 
Пайғамбар қасиеті, артықшылығы мен ерекшелігі баяндалады. 
Соңғы  сөзде  Пайғамбар  туралы  жазылған  кітаптардағы  əйгілі 
мұғжизалар  (Алла  берген  əдеттен  тыс  жағдайлар)  баяндалған. 
Нəтижеде, тегі далалық көшпенді арасынан шығып, түрлі Ислам 
елдерінде  тəрбие  алған,  шариғат  заңынан  сусындаған  Шымыр 
Алты бармақ баба Пайғамбар тарихын шынайы тұрғыдан Ұлы 
Дала көшпелілеріне таныстырған алғашқы авторлардың бірі бо-
лып табылары сөзсіз. Сондықтан аталған шығарманы көпшілік 
назарына  ұсынып  отырмыз.  Шығараның  түпнұсқасынан  тіке-
лей  аударған  оның  бүгінгі  таңдағы  мұрагері – Оразбай  Зəріп-
бай. Ол 1956 жылы Ташкент облысы Қарасу ауданында туыл-
ған. Əкесі Жұман түркі-шағатай тілінің маманы болғандықтан, 
орта мектепте оқып жүрген кезінде араб пен түркі-шағатай тілін 
үйренген. Аударма жұмысымен 2001 жылдан айналыса баста ған.  
2004 жылы Сопы Аллаярдың түркі-шағатай тіліндегі «Сабатүл-
ажизин» кітабын аударса, 2005-2010 жылдар арасында «Құран 
Кəрім»  мағыналарының  қазақ  тіліне  аудармасы  мен  тəпсірі» 
атты 5 томдық, «Дін тазалығы» атты 3 томдық жəне «Бес уақыт 
намаз», «Құран Кəрім оқу əдістерін үйрету», «Ұлтаралық жəне 
дінаралық  татулық», «Діни  экстремизмге  жол  жоқ»,  Сопы 
Аллаярдың «Əлсіздердің табандылығы» (Сабатүл ажизин») кі-
та бының аудармасы, Шəді Жəңгірұлының «Назм Сияр шəріп» 
шы ғармасының  аудармасы  мен  түсініктемесі»  атты 6 том  кі-
таптары  баспадан  шыққан. «Құран  Кəрім»  мағыналарының 
қа зақ  тіліне  аудармасы  мен  тəпсірі»  атты  кітабын  орыс  тіліне 
аударған. 
Осы  арада  айта  кетер  тағы  бір  мəселе – сөз  болып  отырған 
шығарманың жарыққа шығуына бірден-бір себепші осы Зəріп-

9
бай  ақсақал.  Облысымыздың  көптомдығының  жоспарына  сəй-
кес бірде ол кісімен телефон арқылы хабарластым, кеңес сұрап, 
жарық көрмеген құнды еңбектер туралы сөз еттім. Менің сөзім ді 
тыңдап болған соң, бетпе-бет жолығуға келістік. Кездесуге сөз 
етіп  отырған  еңбектің  қолжазбасын  алып  келді.  Қолжазбаның 
көлемі – 31 х 25 см. Жалпы шығарма қара, ал негізгі тақырып 
пен  автордың  аты-жөні  қызыл  сиямен  қытай  қағазына  жазыл-
ған.  Жалпы  көлемі – 870 бет.  Қолжазбаның  алғашқы  беттері 
түтіліп, жарым-жартылай жыртылған. Негізгі беттері анық, өте 
жақсы сақталған. Зəріпбай ақсақал өзі білетін тарихы жайлы сөз 
етіп,  осы  қолжазба  үшін  кезінде  қудалауға  ұшыраған  бабала-
ры  туралы  əңгіме  айтты.  Əңгіме  үстінде  қолжазбаны  аудару 
туралы ұсыныс айттым. Сыпайы күліп қоштасқан қария менің 
ұсынысыма бірден жауап бермеді. Арадағы бірнеше кездесуден 
соң, аңғарғаным – қолжазбаға қызығушылық танытушылар көп 
екен.  Тіпті  Зəріпбай  ақсақалдың  қаржыдан  қысылып  жүргенін 
байқаған кейбіреулер қомақты қаржы ұсынғандарын, бірақ бұл 
құнды  мұраны  қолдан  шығармау  туралы  бабаларының  өсиеті 
бар екенін айтты. Сосын, екеуара əңгімелерден соң қария қол-
жазбаны  маған  беруге  дайын  екенін  жəне  оны  кім  аударса  да 
қарсы  емес  екеніне  келісім  берді.  Бірақ  мен  келісім  бермедім. 
Өйткені еліміздің оңтүстік аймақтарының бірінде туылып, Иа-
сауи тағылымымен сусындап, əлемдік ғалымдар, философ, фа-
қиһ,  мұхаддис  пен  əдибтердің  шығармаларымен  сусындаған 
соң,  жалпы  Түркістанның  тарихи,  мəдени,  əлеуметтік  өміріне, 
болмаса  тек  қазақ  халқының  тарихына  ғана  емес,  жалпы  Ис-
лам тарихында ерекше орынға ие болған тарихи тұлғаның мұ-
расының  басқа  біреудің  қолына  тигенін  қаламадым.  Рас,  ана 
сүті  узымен  бойына  ата-бабалар  танымын  сіңіріп,  оны  Исла-
мият  идеясымен  ұштастыра  білген  бабаларымыздың  есімде рін 
көптеп  атауға  болар.  Тіпті  өзінен  кейінгі  ғұлама  ойшылдарға, 
əдибтерге,  сопыларға  үлгі  болғанын,  мол  мұра  қалдырғанын 
мақтаныш  етуге  болар.  Бірақ,  əртүрлі  аймақта  білімін  ұштап, 
Исламият  идеясын  Иасауилік  бағытта  туған  халқына  таныта 
біл ген Шымыр би-Алты бармақ сияқты ғұлама ғалымның Зəріп-
бай  қария  сияқты  тікелей  мұрагері  бүгінде  табыла  бермес. 
Оның  үстіне,  Зəріпбай  қарияның  бабалары  осы  еңбектің  ыс-
тық-суығына қаншама рет күйсе де, уысынан шығара қоймаған 
азап ты  жылдарының  жемісін  көрер  сəтте  аталмыш  шығарма-

10
ның басқа қолға түскені, əрине, əділетсіз де еді. Сондықтан көзі 
ашық  жəне  көңілі  ояу  Зəріпбай  қарияның  өзінің  аударғанын 
өтіндім жəне аударма ісінде ол кісінің тəжірибесі де жеткілікті 
еді. Осы ойды айтып қариямен ашық сөйлесіп, қолжазбаны ав-
тордың  тікелей  мұрагері  ретінде  өзінің  аударуын  өтіндім.  Нə-
тижеде  ол  кісі  келісімін  беріп  қана  қойған  жоқ,  қолжазбаның 
біздің қолымызға тигенге дейінгі тарихы мен оның мұрагер лері 
туралы жазылған мəліметтердің қазақ тіліне аударған жазба сын 
да берді. Ол мына төмендегідей еді.
 АЛТЫ БАРМАҚ КІТАБЫНЫҢ БІЗГЕ ЖЕТУІНІҢ 
ТАРИХЫ МЕН ШЕЖІРЕСІ
Бисмиллаһир рахманир рахим!
Əкем  Жұман  Ережепұлының  айтуынша,  Ережеп  бабамыз 
Бұхара  медреселерінде  білім  алған  ғалым  адам  екен.  Содан 
болар 1932 жылы  дінсіз  (атеист)  белсенділер  соңына  түседі. 
Олар дың  бұзық  ойларын  байқаған  бабамыз  бір  күні  түнде 
үйін дегі  діни  кітаптардың  бəрін  жинап  алып,  Қарасу  өзенінің 
жағалауындағы  ну  тоғайдың  ішіне  жасырып  келеді.  Үйде  екі 
кітапты  қалдырады.  Ол  екеуін  бір  сандықтың  түбіне  жайлап, 
үстінен бір қатар тақтай қақтырып, байқалмайтын етіп жасырып 
қояды.  Сосын,  бұл  құпия  сандық  туралы  өзінің  он  үш  жасар 
ұлы  Жұманға: «Бұл  сандықтың  құпиясын  ешкімге  айтпаң дар 
жəне  сандықты  қолдан  шығарушы  болмаңдар.  Қауіп-қатер-
сіз  заман  туса  ғана  ашарсыңдар,  əйтпесе  аша  көрмеңдер»  деп, 
өсиет  айтады.  Содан  көп  ұзамай,  дінсіз  белсенділердің  қуғын-
сүргініне ұшырап, 1932 жылы қаза табады.
Осылайша, ол құпиялы сандық Черненконың билікке келген 
заманына  дейін  Жұман  Ережепұлының  үйінде  сақталады.  Сол 
жылы оның үйіне бір қарт кісі келді. Ол Жұман Ережепұлы мен 
шамалы  əңгімелесіп  отырды  да,  кейін  екеуі  көне  сандық тың 
түп жағын абайлап бұзып, ішінен екі көлемді кітапты шығарып 
алды. 
Мен  ол  қартты  танымайтынмын,  бұрын  көрген  де  емеспін. 
Ол  менің  əкеммен  құпия  түрде  əңгімелесті,  сондықтан  не  ту-
ралы  əңгімелескендерін  естімедім.  Тек,  ес  танығанымнан  бері 

11
үйіміздің  бір  бұрышында  елеусіз  тұратын  ұсқынсыз  ғана  бір 
сандықтың  ішінен  екі  бірдей  көне  кітап  шыға  келгенде  таң-
данбауға  амал  қалмады. «Бұлар  қандай  кітаптар?»  деп  сұра-
дым. Ол қария: «Бұл аса құнды кітаптар. Бірақ бұларды қазір-
ше  қадірлейтін  заман  жоқ»  деді.  Қазір  қарияның  сол  сөздерін 
ойласам,  біздің  ата-бабаларымыз  бастарынан  қандай  қайғы лы 
да, қатерлі дəуірлерді өткізгенін түсіне аламын. Қазіргі жас та-
рымызға осылар туралы айтар болсақ, оларға əншейін ер те гі дей 
əсер қалдыратын сияқты.      
Сол күні əлгі қарт кеш таяғанға дейін əкеммен құпия сөйле-
сіп отырды да, сосын кітаптардың бірін бізге қалдырып, екінші-
сін  өзімен  алып  кетті.  Кейін  əкемнен  сұрап  білсем,  ол  əкеме 
немере  аға  болып  келеді  екен.  Əкесі  құпиялы  сандық  туралы 
бұл  кісіге  де  айтып,  қауіпсіз  дəуірлер  туған  кезде  сандықтағы 
кітаптардың қандай кітаптар екендігін баласына түсіндіріп бе-
руді  өсиет  еткен  екен.  Өйткені,  ол  кісі  де  медреседе  оқыған, 
бұл  кітаптардың  мəн-жайы  мен  тарихы  туралы  жете  білетін 
ғалым адам екен. Сөйтіп, ол да имам-молдаларға ауыр күндер 
туған дəуірлерде дінсіз (атеист) белсенділер қудалауына ұшы-
рамаудың  амалын  жасаған  көрінеді.  Ол  кісі  кеткен  соң,  əкем 
əлгі кітапты қайтадан жасырып қойды. Ол заманда ондай діни 
кітаптарды адамдарға көрсетудің өзі қауіпті еді. Содан ол кітап 
Кеңес Одағы ыдырағанға дейін елеусіз жатты. 
Бірде əкем ол кітапты жариялауға əрекеттеніп жүргенін айт-
ты,  бірақ  одан  нəтиже  шықпады  білем,  өмірінің  соңғы  жыл-
дары  жоғалып  кетпесін  деп,  менің  үйіме  алып  келіп  қойды. 
Өйткені, анам қайтыс болған кезде ме екен, əлде одан кейін бе, 
əйтеуір  ол  кітаптың  мұқабалары  жоғалып  қалды.  Енді  кітап-
тың өзі жоғалып кетуінен қауіптенген əкем менің үйімді сенім-
ді  деп  тапқан  болса  керек.  Кітаптың  беткі  мұқабасына  авторы 
туралы  шағын  деректер  жазылған  болатын.  Бірақ  жазулар  үс-
тіне  ылғал  əсер  етіп,  ондағы  сөздердің  көбісін  мүлдем  оқуға 
болмайтын  халге  жеткентұғын.  Мұқабалары  жоғалмай  тұрып, 
оқуға  болатын  тұсын  құрастырып  көргенімде  мынадай  кейбір 
сөздерді аңғаруға болатын еді: «Мұхаммед ибн Мұхаммед Шы-
мыр», «Шашкент шаһарында шимир қабиласиниң раиси ниң аи-
ласинда  тəуəллуд  тапти», «Болта», «Борсиқ», «тəржима  етти» 
жəне кейбір сөздерді жарым-жартылай оқуға болатын.     
Мен бұл кітаптың аса құнды кітап екендігін, оны ана тілімізге 

12
аударып, ел игілігіне беру керек екендігін білетінмін, бірақ оны 
ана  тілімізге  аударғанмен,  баспадан  шығару  оңай  шаруа  емес 
екендігін білген соң, ол кітаптың тарихына анау айтқандай мəн 
берген  емес  едім.  Содан  əкем  де  қайтыс  болды,  бұл  кітаптың 
та рихы  туралы  оған  дейін  жетіп  келген  мəліметтердің  бəрі  де 
онымен бірге кетті. Дегенмен, мен бұл кітапты жасырғаным жоқ, 
ол жайлы аталарының құнды кітабы бар екендігі жайлы Шы мыр 
руының жігіттеріне де талай айтып жүргенмін, бірақ олардың да 
арасында бұл кітапқа мəн бере қоятын адам шықпады.
Ендеше,  соңғы  жылдары  тəпсір  кітабымның 3-4 томдарын 
жа затын  кезімде  пайғамбарлар  тарихына  қатысты  көптеген 
мə лі меттерді  осы  кітаптан  алдым.  Менің  таң  қалғаным,  мұнда 
бас қа  кітаптарда  мүлде  кездеспейтіп  аса  құнды  мəліметтер  де 
келтірілген. Содан бұл кітапты ана тілімізге аудару қажет екен 
деген ой күшейе түсті.
Осы  оймен  кітап  туралы  тарихи  деректерді  толықтау  мақ-
сатымен  кітаптың  сандықтан  шыққан  сыңарын  іздеугі  кі рісіп, 
іздеп  таптым.  Бірақ,  ол  кітап  басқа  қолдарға  өтіп,  қа раусыз 
қалған,  содан  көптеген  парақтары  жыртылып  жоқ  болып,  жа-
рамсыз  халге  жеткен.  Сонда  да  оның  қай  кітап  екенін  анық 
ажыратуға  болатын  еді.  Сөйтіп,  ол  Алты  бармақ  кітабының 
1899  жылы  Қазанда  басылған  нұсқасы  болып  шықты.  Мен  ол 
нұс қа туралы толық мəліметке ие болу мақсатында бір ғұла ма 
кісіден осы кітаптың толық нұсқасын тауып беруін өтініш ет тім. 
Ол кісі өтінішімді орындап, аталған кітапты тауып берді. Бірақ, 
оның бірінші бетінде кітап авторы туралы мəлімет беріліп, оны 
Чиқириқчи  зада  деген  Үскүбтік  ғалым  жазғандығы  айтылып-
ты.  Осылайша,  бір  кітаптың  авторы  туралы  екі  түрлі  дерекке 
кез келдім. Мүъин міскиннің толық аты-жөнін білу мақсатын да 
«Маъарижүн нүбүууа» кітабының Бомбей қаласында басылған 
парсы тіліндегі нұсқасын тауып, оқып қарағанымда, онда кітап 
авторының есімі Мүлла Мүъин əл-Кашифи деп жазылғанды ғын 
көрдім. Автор туралы бұдан басқа еш мəлімет берілмеген екен. 
Осылайша, бұл кітап авторы жайлы бір емес, бір-біріне қай-
шы түрлі деректер бар екендігі мəлім болды. Əрине, бұл кітап 
жазылғаннан  бері  арадан  қаншама  жылдар  өткен.  Ол  жайлы 
тарихи деректерді білетін адамдар дүниеден өтіп кеткендіктен, 
«Енді  кітап  авторы  туралы  ешқандай  дерек  таба  алмайтын 
шығармыз»  деген  оймен  парақтары  жыртылған  кітапты  рет-

13
тес тіріп отырғанымда ішінен бір жапырақ қағаз шығып қалды. 
Онда кирилл əріпінде: «Егер Қазан қаласында басылған кі тап-
тағы  дерекке  сүйенетін  болсақ,  онда  Чиқириқчи  зада  өзінің 
соңғы  отыз  жылдық  өмірін  кілең  араб  ұлты  өмір  сүретін  Мы-
сырдың  (Египеттің)  Қаһира  қаласында  өткізген.  Мұндай  жағ-
дайда,  заңды  түрде: «Неліктен  ол,  аталған  кітапты  араб  тіліне 
аудармай, ол жерде ешкім қажет етпейтін түркі-шағатай тіліне 
аударды»  деген  сұрақ  туындайды.  Егер  осылай  болса,  мұндай 
жағдай  оның:  «сунгра  хадд  уүқуфа  уосил  уа  үмір  инхитот  уа 
забула моил булди, тиладимки мандин сунгра дуои носға нофиъ 
уа жумла ушшоққа шоми бир асар қуйом токим баъдал маут 
амалим мүнқатиъ бұлмас. Хабиб Əкрам (с.ғ.с.)нинг ашиқлари ул 
хазратнинг мухиб содиқлари бу китоби һар бораки уқисалар уə 
тинглағайлар бир фотиха бирла бул фақирни ед уə хойри дуолар 
бирлан дилшод итарлар» деген сөзіне қайшы келеді емес пе?» 
деп жазылған еді. Осы парақтағы сөздерді оқыған соң, өзімнің 
əкемнен  қалған  қағаздарды  да  қарап  көруім  керектігі  туралы 
ой  келді.  Өйткені,  кезінде  əкем  де  бұл  кітаптың  авторы  тура-
лы Қазанда басылған кітапта қателік жіберілгендігі жайлы ай-
тып жүретін. Сөйтіп, əкемнен қалған қағаздарды қарап оты рып, 
мынадай бір аса құнды деректерге кездестім. Онда əкем өзі нің 
əкесінің  өсиетін  жəне  Алты  бармақ  кітабының  тарихы,  тағы 
да  оның  авторы  туралы  қалдырған  деректерді  жинақтап,  жазу 
машинкасында жаздырып қалдырған екен. Сол «Алты бармақ» 
кітабының  Ережеп  Нарұлына  дейін  келу  тарихы  мен  шежі-
ресі» атты жазбасының қаймағын бұзбай қазақ тіліне аударып,  
ұсынып отырмын:   
«Бисмиллаһир рахманир рахим
Біздер  Жалайырдың  Ноқта  ағасы  руының  кіші  аталарының 
бірі  Шұрқырауықтың  ұрпақтарымыз.  Шежіремізді  осы  Шұр-
қырауық  бабадан  таратамыз:  Шұрқырауықтан  Барсық,  Бар-
сық тан Нəдір, Нəдірден Дара, Дарадан Нұқта, Нұқтадан Ақтан 
сопы. Бұл бабамызды Əли деп атаған шежіре бар, бірақ Сұлтан 
сопы бабамыздың бəйбішесінен тараған аталастарымыздың ше-
жіресінде: Əли Ақтан сопының баласы, одан Сұлтан сопы туыл-
ғаны  айтылған,  одан  Запар,  одан  Нар,  одан  Ережеп,  яғни  мен. 
Міне, осы шежіредегі тізбек арқылы Алты бармақ бабамыздың 
кітабы маған мұра болып жетіп келген.
Рұқайя  анамыздың  айтуынша,  бұл  кітапты  Темірбалта  баба 

14
Ташкентке келген соң, екі нұсқасын көшіртіп, кітап жасаттыр-
ған, бірі 
– 
Рұқайя анамызға мұраға қалған. 
Одан кейін Ақтан сопы бабамыз тағы бір нұсқасын көшіртіп, 
кітап жасаттырған, сөйтіп ол кітапты қолдан шығармай мұқият 
сақтау туралы өсиет қалдырған. Себебі бұл көшірме Алты бар-
мақ  бабаның  кітабының  түпнұсқа  мəтінінен  көшірілген  асыл 
көшірме  еді.  Сөйтіп,  біздің  қолымыздағы  осы  кітап  аталған 
кітаптың  бірі,  ал  жəне  бірі  Ақтан  сопы  бабаның  үлкен  ұлына 
мұра болған деген мəлімет бар. 
Рұқайя ананың айтуынша, Алты бармақ бабамыздың есімі – 
Мұхаммедамин.  Əкесі  Қажы  Мұхаммедшəріп  ташкенттік  шы-
мыр  руының  билерінен  жəне  ол  саудагер  болып  Хират  шаһа-
рын да  да  үй-жайлары  болған,  Мекке  Мүкаррамаға  қажылық 
сапарына да барған болатын.
Мұхаммедамин ғалым болып, қырық жасқа толғанына дейін 
Рум (қазіргі Түркия аумағы) елінің медреселерінде тафсир, ха-
дис,  пайғамбарлар  тарихы  пəндерінен  мүдаррис  болып,  үлкен 
абырой  мен  құрметке  ие  болады,  сөйтіп  ел  арасына  «Мүъин 
міскин»,  яғни  «Кішіпейілділікпен  танылған»  деген  атаққа  ие 
болған.  Одан  соң  тағдыр  жазмышы  бойынша  араб  өлкелеріне 
барады. Алдымен Димашқ шаһарының ең əйгілі медреселерін-
де, одан кейін Ирак жеріндегі медреселерде мүдаррис болады. 
Араб  жерлерінде  өмір  сүрген  дəуірінде  бір  үлкен  тафсир  кі-
табын  жазады.  Сосын  бауыры  Низамуддиннің  шақыруымен 
Хиратқа  жол  тартады.  Жолда  келе  жатып 883 (1477), яки 886 
жылы  Ауғанстан  жеріндегі  «Ескендір  қорғаны»  деп  аталатын 
асуда  Хират  уəлаятының  уəзірі  Əлішер  Науаимен  кездеседі. 
Сонда құрмет көрсету ретінде Əлішер Науаи Мұхаммедамин ге 
«Əл-Фарахи» деп лақаб ат береді жəне оның «Əл-Харауи» деген 
де лақабы болаған.  
Əлішер  Науаи  Мұхаммедаминнің  аса  ғалым  адам  екендігін 
аңғарып, Хират медреселеріне ең үлкен ұстаз етіп тағайындайды 
жəне оның шығармашылық іспен айналысуына үлкен мүмкіндік 
жасайды. Содан Мұхаммедамин «Маъарижүн-нүбүууа» кітабын 
жазуға  кіріседі  де, 892 (1486) жылы  аяқтайды.  Əлішер  Науаи 
ол кітапты ең шебер хатшыларға көшіртіп, Хират уəлаятының 
атақты суретшісі Камалиддин Бекзат кітап мұқабасы мен бірін-
ші  жəне  соңғы  беттеріне  алтын  сумен  өрнектер  салып,  безен-
діреді.  Сосын  Əлішер  Науаи  ол  кітапты  түркі  тіліне  аударуды 

15
мақұл  көреді.  Мұхаммедамин  оны  түркі  тіліне  аударады.  Ау-
дарма  дайын  болған  кезде  Əлішер  Науаимен  ақылдаса  оты-
рып,  кітапты  «Дəлаил  нүбүууа»  деп  атайды.  Сөйтіп,  екі  кітап 
жасатылып,  бірі  Əлішер  Науаиға  тарту  етіледі.  Содан  Əлішер 
Науаи  Алты  бармақтың  бұл  ісінен  қуанышқа  бөленіп,  екінші 
кітап Мұхаммедаминнің ұлы Темірбалтаға мұра болды. 
Рұқайя  анамыздың  айтуы  бойынша,  бабасы  өмірінің  соңғы 
кездерінде  отанына  қайтуды  армандап  жүрген,  бірақ  жасы 
жүз ге  жақындап,  жол  сапарына  жарамайтын  болып  қалады. 
Со дан  Əлішер  Науаи  қайтыс  болғанынан  кейін  шамамен 908 
(1502) жылы Хиратта қаза табады. Сөйтіп, өзінен үш-төрт жыл 
бұрын дүние салған бауыры Низамиддин жерленген мазаратқа 
жерленді.  Низамиддин  патша  сарайында  жоғары  лауазымды 
адамдардан болған.
Туысқандарының жəне жақын адамдарының қазасынан соң, 
Темірбалта  ата  өсиетіне  сай  Ташкентке  қоныс  аударды.  Со-
дан  Жалайыр  руынан  Шұрқырауықұлы  Барсық  деген  ғұлама 
адаммен  достасады,  сөйтіп  əкесінің  кітабын  оған  көрсетеді. 
Бар сық ол кітапты қыпшақ тіліне аударады. Сонда Темірбалта 
аса шаттанып, өзінің аса зерек те, білімді Рұқайя деген қызын 
Барсықтың Нəдір деген ұлына тұрмысқа береді. Темірбалта ның 
ұл перзенттері қаза болған екен, содан оның барлық кітап тары 
қызы Рұқайяға мұра болып қалған».   
Осы жазбада аты аталған Ақтан сопы баба өзіне мұраға қал ған 
кітапты қайта көшіртіп, бір нұсқасын жасаттырды. Ол кітап тың 
мəтінінде шығармашының есімі «Əш-Шымыр би Алты бар мақ», 
яғни «Алты бармақты Шымыр» деп жазылған болатын, сондай-
ақ онда Чиқириқчи зада деген адам туралы əңгіме жоқ еді. Бірақ, 
бұл кітапты мың екі жүз жетпіс сегізінші (1860) жылы ташкент-
тік  Қайыпназар  деген  хатшы  көшіріп,  кітаптың  бірінші  бетіне 
қосымша  жазып,  онда  Чиқириқчи  зада  деген  адамды  кітаптың 
шығармашысы  ретінде  келтірген,  ал  кітаптың  түпнұсқасын да 
мұндай  мəлімет  жоқ  болатын,  сондай-ақ  Əш-Шымыр  сөзінің 
орнына Əш-шаһир деген сөзді ауыстырып жазған, ал кітаптың 
түпнұсқасында  Əш-Шымыр  деп  анық  жазылған.  Дəл  осын дай 
қателік  Қазанда (1899) басып  шығарылған  нұсқада  да  орын 
алған.  Ал  негізінде  кітаптың  түпнұсқасында  Əш-Шымыр  деп 
анық жазылған, оны басқаша оқу мүлдем мүмкін емес.   
Бұл  кітаптардың  екеуінде  де  кітап  авторы  туралы  екі  рет 

16
мəлімет  берілген,  мұндай  тəсілді  қолдану  шығармашылардың 
да,  редакторлардың  да  қалыптасқан  əдеттері  мен  тəсілдеріне 
қайшы.  Сондай-ақ  кітапта  «Рум»  сөзі  келтірілген.  Бұл  сөз 858 
(1453)  жылы  Исламбул  (Константинополь – қазіргі  Стамбул) 
қаласы  алынғаннан  кейін  қолданымнан  шығып,  оның  орнына 
Османилер  халифаты  деген  сөз  қолданымға  енген.  Ендеше, 
Чиқириқчи зада шамамен 960 (1550), 1033 (1623) жылдар ара-
лығында  өмір  сүрген,  сөйтіп  бұл  дəуірлерде  «Рум»  сөзі  қол-
данымнан  шыққан.  Олай  болса,  кітап  авторының  «Рум»  шə-
кірттеріне сабақ бергендігі туралы сөздерінің Чиқириқчи зада ға 
қатысы  жоқ  екендігі  мəлім  болады.  Жəне  кітаптың  басталуы-
на  тіркелген  қосымша  мəліметте  айтылуынша,  Чиқириқчи  за-
да  өмірінің  соңғы  жылдарын  арабтар  мекендеген  Қахира  ша-
һарында өткізген. Олай болса, не себептен Чиқириқчи зада бұл 
кітапты сол елдің қажеттілігіне сай араб тіліне тəржіме етпей, 
Мысыр  халқына  мүлдем  қажетсіз  əрі  түсініксіз  түркі-шағатай 
тіліне аударған деген сұрақ туындайды, өйткені Мысыр жерін де 
түркі-шағатай тілді ұлттар жайламаған.   
Ал  енді,  кітаптың  кіріс  бөліміне  қатысты 4-бетіндегі: «Со-
лардың қатарынан Мүъин» деген сөзден бастап «бұл пақыр, əрі 
əлсіз  жəне  кемшіліктері  мол»  деген  сөзге  дейінгі  аралықтағы 
Мүъин міскин туралы берілген сипаты (түсінігі) туралы айтар 
болсақ, бұл сипаттаманы Мұхаммед ибн Мұхаммед жазбаған, ол 
кітаптың редакторы тарапынан кіргізілген. Өйткені, Мұхаммед 
ибн Мұхаммед аса тақуалы да, кішіпейіл адам болғандықтан, өзі 
туралы дəріптеу сөздерді айтуды ұнатпаған, содан оның орны-
на  редактор  қысқаша  мəлімет  кіргізген.  Ендеше,  осы  жағдай-
дан  хабары  жоқ  кейбір  адамдарға  Мүъин  міскин  «Маъарижүн 
нүбүууа»  кітабының  шығармашысы  (авторы),  Мұхаммед  ибн 
Мұхаммед Алты бармақ аталған кітаптың тəржімешісі ретінде 
көрінуі де мүмкін. Сөйтіп, Мүъин міскин мен Алты бармақ бір 
адам емес, ол екеуі басқа-басқа адам екен деген болжамға баруы 
мүмкін, əрине бұл қате болжам. Өйткені, редактор кіргізген си-
паттаманың ең соңғы сөздеріне мəн беріп қарайтын болсақ, ол 
өзінің  сөздерін  аса  шеберлікпен  үйіріп  алып  келіп,  былайша: 
«Содан ол кітаптың атын «Маъарижүн нүбүууа» деп атау бер-
ген,  сөйтіп,  кітаптың  негізін  бір  кіріс  бөлім  жəне  төрт  негізгі 
бөлім  жəне  бір  соңғы  сөзден  тұратын  етіп  тəртіптеген»  дей 
келіп, Мұхаммед ибн Мұхаммедтің: «бұл пақыр, əрі əлсіз жəне 

17
кемшіліктері мол, сондықтан Хақ падышаның көмегіне мұқтаж 
Мұхаммед ибн Мұхаммед Шымыр би-Алты бармақ» деген сөз-
деріне  ұштастырып  жіберген.  Мұнда  редактор  «Маъарижүн 
нүбүууа»  кітабының  авторы  Мұхаммед  ибн  Мұхаммед  Алты 
бармақ  екендігін  тікелей  көрсеткен.  Бұған  қоса,  егер  Мүъин 
міскин мен Алты бармақ басқа-басқа адамдар болғанында, ондай 
жағдайда Мүъин міскиннің аты-жөні туралы сипаттамада то лық 
мəлімет берілуі керек еді. Бірақ сипаттамада Мүъин міскин нің 
аты-жөні жайлы мəлімет айтылмаған. Міне, осыдан да, Мүъин 
міскин мен Алты бармақ екеуі бір адам екендігі мəлім болады. 
Сөз  соңында  Рұқайя  ананың  жоғарыда  келтірген  мəліметі не 
шынайы  əділеттік  жəне  қалыс  ниетпен  қарайтын  болсақ,  нағыз 
ақиқаттың беті ашылады. Мұндай толыққанды, əрі нақты түрдегі 
деректерді  тек  анық  мəліметтерге  ие  болған  адам  ғана  келтіре 
алады.  Ал  енді  бұдан  басқа  деректерді  зерделеп  көргенімізде, 
Алты  бармақ  бабамыз  туралы  Рұқайя  анамыз  келтіргеніндей 
толыққанды, əрі нақты түрдегі дерек басқа ешбір дерек көзін де 
кездеспейді. Осы жоғарыда келтірілген көптеген уəж дар ға сүйене 
отырып: «Ең толық қанды, əрі нақты түрдегі дерек тер – Рұқайя 
мамамыздың келтірген деректері» деп айтуға арқау болатындай. 
Бұған  қоса,  біз  Алты  бармақ  бабамызға  қатысты  басқа  де-
ректерді  іздестіруге  кірістік,  сөйтіп  Үндістан,  Англия,  АҚШ 
архивтерінде  Рұқайя  мамамыздың  келтірген  деректерін  құп-
тайтын мəліметтердің бар екендігі туралы кейбір мəліметтерге  
ие болдық. Алла жазса, келешекте сол мəліметтерден көшірме-
лер алып келу ниетіндеміз. Лайым Жаратқаннның өзі біздерге 
жар болғай.  
Қорытынды:  жоғарыда  келтірілген  деректердің  бəрін  зер-
делей  отырып,  солардан  қорытылған  мəліметтерге  сүйенген 
хал де Алты бармақ бабамыздың есімі мен лақап аттарын толық 
келтіретін болсақ, мынадай тізбектеуге болатын сияқты: 
Бірінші  нұсқа:  Мүъин  міскин  Мұхаммедамин  ибн  Қажы 
Мұхаммед шəріп Шымыр Алты бармақ əл-Харауи əл-Фарахи. 
Екінші  нұсқа:  Қажы  Мұхаммедшəріпұлы  Мұхаммедамин 
Шымыр Алты бармақ Мүъин міскин əл-Харауи əл-Фарахи.  
Туылған  жылы  мəлім  емес,  дегенмен  Рұқайя  анамыздың: 
«Жа сы жүздерге жақындап» деген сөзіне сүйенетін болсақ, онда 
ХV  ғасырдың  басында  дүниеге  келген  болады,  ал  қаза  тапқан 
жылы жоғарыда келтірілгеніндей белгілі.  

18
Сондай-ақ келтірілген мəліметтерге сүйене отырып, аталған 
кітап Ережеп бабаға дейін төменде келтірілген шежіре бойынша 
келгендігі мəлім болады:
1. (13) 
Шұрқырауық   
         Шымыр Алты бармақ
2. (12) 
Барсық Шұрқырауықұлы 
Темірбалта  
3. (11) 
Нəдір 
 
 
         Рұқайя
4. (10) 
Дара   
5. (9) 
Нұқта   
6. (8) 
Ақтан сопы 
7. (7) 
Əли  
8. (6) 
Сұлтан сопы    
9.  (5)   Запар     
10.  (4)   Нар               
11. (3)  Ережеп (1871 жылы туылып 1932 жыл қайтыс болған)
12. (2)  Жұман (1919 жылы туылып, 1999 жыл қайтыс болған) 
13. (1)  Зəріпбай (1956 жылы туылған, қазіргі мұрагері)
Қазыбек Тəжиев,
филология ғылымдарының кандидаты

19


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал