МҰҚАҒали. Райымбек аудандық қоғамдық— саяси газет



жүктеу 472.93 Kb.

бет1/5
Дата14.09.2017
өлшемі472.93 Kb.
  1   2   3   4   5

№21   (7918).    2016 —   Мешін   жылы,  сенбі,  4  маусым

       


g.hantaniri@mail.ru.

Газет 1931 жылдан шығады

Айналайын!

Атамекен,  

Ақ мекен!

МҰҚАҒАЛИ.  

Райымбек аудандық қоғамдық— саяси газет

               

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің  халқымыз  ешқашан бүгінгідей бақуатты тұрмыс кешіп көрген  

жоқ. Тәуелсіздік  алғаннан  бері  1300-ден  астам денсаулық сақтау  

нысаны  мен  1700-ден  астам  білім беру ошағын салдық. Олардың 

барлығын  ең  соңғы  үлгідегі  құралдармен  жабдықтадық.  

   

 











Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Биыл 25 жылдығын 

атап өткелі отырған 

Тәуелсіз Отанымызда  100 

нақты қадам— Ұлт Жо-

спары жүзеге асырылуда. 

Елбасымыз Нұрсұлтан 

Ізгіліктен із қалар...



Әнұран

Өнерлі  балалар  

жүректерді  желпінтті

   Аудан әкімі Жанат Тажиевтің 

қасиетті Рамазан айымен 

құттықтауы

Отансыз  адам— ормансыз  бұлбұл

4  маусым – Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздер  күні 

  Қымбатты аудан тұрғындары!

Сіздерді жыл айналып ортамызға оралған Рама-

зан айымен құттықтаймын! Рамазан айы – жаратқанға 

құлшылық пен сабырдың, береке мен бірліктің, мейірім 

мен қайырымдылықтың айы. Рамазан айынан кейін той-

ланатын – Ораза айт мейрамы да адамдардың көңіліне 

қуаныш сыйлап, жандарын жадырата түсетін  ұлық 

мереке. Көптен күткен осынау қастерлі айда ниет-

тілектеріңіз қабыл болып, шаңырақтарыңызға шаттық 

толып, жақсылыққа кенеліңіздер! Қасиетті айда ойлаған 

ойларыңызға жетіңіздер, қалаған мақсаттарыңыз орын-

далсын! Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға амандық, 

бақыт пен қуаныш  тілеймін!



Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әні: Шәмші Қалдаяқов

 

Алтын күн аспаны,



 

Алтын дән даласы,

 

Ерліктің дастаны,



 

Еліме қарашы!

 

Ежелден ер деген,



 

Даңқымыз шықты ғой.

 

Намысын бермеген,



 

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

 

Менің елім, менің елім,



 

Гүлің болып егілемін,

 

Жырың болып төгілемін, елім!



 

Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

 

Менің елім, менің елім,



 

Гүлің болып егілемін,

 

Жырың болып төгілемін, елім!



 

Туған жерім менің - Қазақстаным!



«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» ту-

ралы Конституциялық Заңы 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. 

Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республика-

сында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. 

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің 

егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз 

атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік 

Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік  Әнұран — 

мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – орта-

сында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран 

бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының 

тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның 

шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. ҚР-

ның Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген 

өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – 

Назарбаев қолға алған бұл 

жоспар  әлемдегі дамыған 

30 елдің қатарынан 

көрінуге жол бастайды. 

 

Мемлекетіміздің  басты 



байлығы – адамдар. Оның 

ішінде мүмкіндігі шектеулі 

жандар қолдау мен 

қамқорлық құшағында. 

Оларға жасалар жақсылық 

аясы өркендей түспесе, 

кемімек емес.

Дәл осы мүмкіндігі 

шектеулі жандар 

тұрғысында ауданы-

мызда да жап-жақсы 

істер атқарылуда. Ау-

дан әкімі Жанат Та-

жиев әр басқосуда, 

әрбір келелі жиында 

мүмкіндігі шектеулі жан-

дар үшін  игілікті іс-

шаралар  ұйымдастыруды  

атап айтып отырады. 

Мүмкіндігі шектеулі 

жандарды қолдау, олар 

Ө.Жаңабаев атындағы 

орта мектепте  мүмкіндігі 

шектеулі балаларға 

арналған  «Өнерлінің 

өрісі кең» атты  аудандық 

конкурс болып өтті. 

көтерілісінің 100 жылдығы 

аясында  білім ордасының 

мәжіліс залында өткен 

игі шараны көруге мек-

теп, мекеме басшыла-

ры, ауыл әкімдері, ауыл 

үшін түрлі жұмыс көзін 

ашу, пайызсыз несие 

алуына көмектесу тағы 

 

басқа мәселелер – аудан 



әкімдігінің тікелей на-

зарында. Ауданымыз-

да  мүмкіндігі шектеулі 

1941 адам есепте тұрады. 

Оның ішінде 272 бала бар. 

54 бала үйден әлеуметтік 

көмек алады. Осындай 

жандар үшін  12 әлеуметтік 

қызметкер еңбек етеді.

Аудан әкімі 

Ж.Тажиевтің мүдделі 

болуымен  аудандық 

жұмыспен қамту және 

әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімінің қолға алуымен 

аудан орталығындағы 

Тәуелсіздігіміздің 25 

жылдығына және Қарқара 

тұрғындары мен ата-ана-

лар көптеп қатысты

.

(Жалғасы  7- бетте).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

Төл газеттерiңiз – «ХАНТӘҢIРIНЕ» 2016 жылдың

екінші жартыжылдығына жазылу жүргізілуде.

Жазылу бағасы жеке адамдар үшiн— 1988 теңге

22 тиын. Индексi 66543. Шаруашылық, мекеме,

кәсiпорындар үшiн– 2331 теңге 68 тиын.

Индексi 16543.

Баспасөз –

2016

дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде 

бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар 

шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы 

қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – 

бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» де-

ген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың аңыздардағы 

қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу 

алтын түстес. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны бұрын 

«Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның 

Әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бой-

ынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. 

Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының 

салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Музыкасы – компози-

тор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі—ақын  Жұмекен Нәжімеденов пен 

Нұрсұлтан Назарбаевтікі.    


  Білім ордаларында

  Бағдарлама   аясында 



Ашық диктант өтті

Тағайындаулар

 НҰРАҚЫНОВ Марат Тұрдақынұлы

ЖУСАНБАЕВ Ғалым Сәлімұлы

Аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Ел тілегі

КСРО халық дәрігері  Зағипа  Мәдиева – 

жұрт жүрегінде

Сонау Кеңестер Одағы тұсында Қазақстан 

бойынша КСРО Халық дәрігері атанған Зағипа 

Мәдиеваны ұмыта алмай жүрген жайымыз бар. 

Аппақ халатына сай аппақ жүрегі көрінген, 

жүзінен шуақ төгілген, алтын қолды дәрігер 

қаншама адамға жақсылығын, шарапатын  тигізді 

десеңізші?! Қаншама баланың кіндік шешесі 

болғаны есте қалмаған. 

Райымбек ауданындағы Жалаңаш ауылында 

тұрып сондағы ауруханада табаны күректей 45 

жыл акушер-гинеколог болып еңбек етті. Он 

жылдан аса сол аурухананың бас дәрігері болды. 

Осы бір қарапайым, көпшіл, ақ көңілді қымбат 

дәрігер, асыл ана  бүгінгі Қазақстан Республикасы 

Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа 

Балиеваның кіндік анасы. Аты айтып тұрғандай,  

жөргектегі кіп-кішкентай сәби дүниеге келгенде 

сол үшін еңбектенген Зағипадай дәрігердің атын 

ырымдап қойған. Сол сәби Зағипа бүгін қалың 

қазағы таныған, Тәуелсіз мемлекетімізге қызметін 

арнаған халық қалаулысы болды. Бұл үлкен дүние. 

Зағипадай дәрігер кіндігін кескен қаншама бала 

бүгін халқына қызмет жасап жүр десеңізші?!

КСРО халық дәрігері болған Зағипа Мәдиева 

туралы үзік сыр. Асыл ана сонау Семей облысы, 

Жарма ауданына қарасты Георгиевка ауылында 

дүниеге келген. Тағдыр тауқыметімен жастай 

 

әке-шешесінен жетім қалған қыз әкпесі 



Рәзия екеуі ағайындарының қолында, кейін 

Қаскелеңдегі балалар үйінде тәрбиеленген. 

1951 жылы В.М.Молотов атындағы қазақтың 

дәрігерлік институтының емдеу факультетін 

бітірген. Сол кездерде 4 жыл қазақтың жетім 

қыздарына арналған интернат-пансионында 

тұрды. 1957 жылы Кеген ауданына қарасты 

Жалаңаш ауылындағы ауруханаға әйелдер дәрігері 

болып орналасқан. Осыған орай талмай іздене, 

еңбектене жүріп Алматы мемлекеттік дәрігерлік 

институты жанындағы 5 айлық дәрігерлердің 

білімін жетілдіру факультетінің акушер-гинеколог 

мамандығы бөлімін бітіріп шыққан.  Мәскеудегі 

орталық дәрігерлердің білімін жетілдіру 

институтында да осы мамандық бойынша білімін 

жетілдірген білікті маман дәрігер елі үшін 

еңбек етті.  Аяғы ауыр аналарды назарына алды. 

Сәбилердің аман-есен қол-аяғын бауырына алуына 

жәрдемдесті. Сол жарты ғасырға жуық еңбегінің 

нәтижесіндей КСРО халық дәрігері атанды. Қазақ 

КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, 

кейін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 

Үш дүркін облыстық кеңестің, бірнеше мәрте 

аудандық кеңестің депутаты болды. Зағипа 

Мәдиева жары Сәкен Сыбанбаевпен бір ұл, бір қыз 

тәрбиелеп өсірді. Қызы Құралай анасының жолын 

қуып акушер-гинеколог болды. Қайраттай ұлы 

Жалаңаш ауылында тұрады. Ардақты дәрігер 2011 

жылы дүниеден өтті.

Осы бір аяулы ана, қымбатты дәрігердің  есімі 

елеусіз қалып келеді.  Зағипа Мәдиева 45 жыл 

еңбек еткен Жалаңаш ауылдық ауруханасына 

 

бақилық болған дәрігердің есімін берсе дұрыс 



болатын еді. 

Мейірбек ТҰРЛЫҚОЖАЕВ,

Жалаңаш ауылының тұрғыны,

                            жеке  кәсіпкер.                                                                                        

Депутаттың  кіндік шешесі

Қазақсатан Республикасы 

Президенті әкімшілігінің 

орынбасары Б. Майлыбаевтың 

«Этномәдени бірлестіктердің 

жалпы мемлекеттік міндеттерді 

шешуге қатысуын қамтамасыз 

ету бойынша  Қазақстан халқы 

Ассамблеясының арнайы бағ- 

дарламасы» іс-шаралар жоспа-

рының орындалу мақсатында 

Қазақсатан Республикасы Пре-

зиденті  жанындағы «Қоғамдық 

Имандылық иірімдері

Аудандық прокуратурада

Ораза айы – 

сабырлылық айы

      Пилоттық  жоба

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 

құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» 

мемлекеттік қызмет туралы 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – 

Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесінің 

бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып 

табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне 

ұқсас «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 

құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» 

мемле-кеттік көрсетілетін қызмет стандарты 

 

Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметінің 2014 жылғы 



9 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі:

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 

– 30 минут;

құжаттарды қабылдау сәтіне дейінгі күтудің 

рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан 

аспайды;


көрсетілетін қызметті алушыға қызмет 

көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 

минуттан аспайды. 

 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз 

 Аса мейірімді, Мейірбан Алланың атымен бастаймын. Барлық мадақ 

әлемдердің Иесі Аллаға тән. Салауат пен сәлем елшілердің төресіне, оның 

әулеті мен сахабаларына болсын! 

Құдайға шүкір, қасиетті рамазан айына да аман-сау жеттік. Ұлық айға 

есендікпен жеткеннің өзі – үлкен нығмет. Жаратқан Ие баршамыға  осы 

айдағы жауапкершілікті лайықты түрде атқаруға медет берсін, жәрдем етсін. 

Бұрынғы мұсылмандар осынау мүбарак аймен қимай қоштасып, ал 

келесі жылы құдды қырық жыл көрмеген қонағын күткендей құшақ жая 



Райымбек ауданы Қарасаз, Шалкөде 

ауылдық округтері әкімдерінің 27 мамыр 2016 

жылы өткізілген сайлауы қорытындыланды. 

Қарасаз ауылдық округі әкімдігіне барлығы 2 

кандидат тіркелген. Сайлау бюллетеніне енгізілген 

кандидаттардың саны – 2. Мәслихат бойынша 

таңдаушылардың жалпы саны – 16. Сайлау 

бюллетеньдерін алған таңдаушылардың саны – 

16,  дауыс  беруге қатысқан таңдаушылардың 

саны – 16. Нәтижесінде Нұрақынов Марат 

Тұрдақынұлына жақтап – 15 дауыс берілсе, 

Сағатбекұлы Нұрболға жақтап – 1 дауыс берілді. 

Сонымен сайлау қорытындысы бойынша Қарасаз 

ауылдық округінің әкімі болып Нұрақынов Марат 

Тұрдақынұлы сайланды.

  Шалкөде ауылдық округі әкімдігіне барлығы 3 

кандидат тіркелген. Сайлау бюллетеніне енгізілген 

кандидаттардың саны – 3. Мәслихат бойынша 

таңдаушылардың саны барлығы – 16. Сайлау 

бюллетеньдерін алған таңдаушылардың саны – 16, 

дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың саны – 

16. Нәтижесінде Жусанбаев Ғалым Сәлімұлына 

жақтап – 15 дауыс берілсе, Жетпісбаев Сайлаубек 

Саутақынұлына жақтап – 1 дауыс берілді. Ал 

Ходанов Совет Әбілғазыұлына дауыс берілген жоқ. 

Сонымен сайлау қорытындысы бойынша Шалкөде 

ауылдық округінің әкімі болып Жусанбаев Ғалым 

Сәлімұлы сайланды. 

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы 

М.КЕНЖЕБАЕВ,

Аудандық сайлау комиссиясының хатшысы 

Т.ҚОЗЫБАҒАРОВА.       

қарсы алады екен. Өйткені, бұл ай – әрбір жанға иләһи мейірімінің бір 

сынығын сыйлайтын сауабы мол маусым. 

Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) ораза ұстаушыға 

былайша өсиет еткен: «Ораза күні сендердің ешқайсыларың жаман сөз 

айтып, даусын көтермесін. Ал, егер біреу оны балағаттаса: «Мен оразамын, 

мен оразамын», - десін». Яғни, ораза ұстаушы қандай жағдайда болмасын, 

оразасын былапыт сөздермен, ұрыс-керіспен ластамай, сабырлылық 

танытып, ғибадатын мүлтіксіз түрде орындауы керек.Сонда ғана ғибадаты 

кәміл болып, Раббының дәргейінде қабыл болады. Өйткені, ораза тек 

қана ішіп-жемнен тыйылу емес. Сондай-ақ, жаман әдеттерден, дөрекі 

сөздерден, теріс мінез-құлық,  кемшіліктерінен бірден арылу оңай емес. Ол 

бірте-бірте орындалатын іс. 

Ендеше, сол үмбеттің жалғасы болып табылатын кейінгі ұрпақ біз 

де Ұлы Рахманнан ұлық рамазан айының берекесін тілейміз. Мейірім 

маусымының исі мұсылманға игілікті болуын тілеп Жаратқанға жалбарына 

дұға етеміз. 

Рамазан айы – жылына бір рет келетін зор мүмкіндік. Оразаның парыз 

болған мерзімі – санаулы күндер, яғни бір ай. Бұл да – Жаратқанның мүмін 

құлдарына жасаған бір ерекше жеңілдігі. Жыл он екі айдың ішінде бір 

айды құлшылыққа арнау – кез келген мүмін пенденің қолынан келетін іс. 

Ғибадат айында ерекше рухани атмосферада іс-амалдарды електен өткізіп, 

иманды жаңартуға, ізгі істер арқылы жүректі жұмсартуға болады. Ал, осы 

бір мүмкіндікті кәдеге жарата алмау – өкінерлік жайт. 

 Алла Тағала оразамызды қабыл алып, Құран мен сүннетке сай қайырлы 

іс қылуды нәсіп етсін! 

  

ауданның бас имамы Серік  САТОВ.

2016— Мешін жылы, сенбі, 4 маусым

2

Хантәңірі



g. hantaniri@mail.ru.

келісім» РММ директоры Н. 

Калашникова мен аудандық, 

қалалық кітапханалар бірлесе 

отырып Абай шығармаларының 

негізінде жалпықазақстандық 

ашық диктант өткізу 

тапсырылған. 

Аудан орталығында аудан 

мекемелері қызметкерлері мен 

жастар ұйымы, мемлекеттік 

қызметкерлер арасында бас-

аяғы 50 қызметкелермен ашық 

Аудан әкімі Жанат Тажиевтің 27.05.2016  жылғы № 91 ж/қ  өкімімен 

Нұрақынов Марат Тұрдақынұлы  «Қарасаз ауылдық округі әкімінің 

аппараты»  мемлекеттік мекемесі әкімінің міндетін уақытша атқарушы 

болып тағайындалды.

Аудан әкімі Жанат  Тажиевтің  27.05.2016 жылғы  № 90 ж/қ  

өкімімен Жусанбаев Ғалым Сәлімұлы «Шалкөде ауылдық округі әкімінің 

аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімінің міндетін уақытша атқарушы 

болып тағайындалды.

Нұрақынов Марат 

Тұрдақынұлы 1963 жылы 23 

шілдеде Қарасаз ауылында 

дүниеге келген. 1989 жылы 

Алматы қаласындағы 

Жусанбаев Ғалым Сәлімұлы 

1987 жылы 20 қаңтарда Нарынқол 

ауылында туған.  2009 жылы 

М.Тынышпаев  атындағы Қазақ 

көлік және коммуникациялар 

академиясын бітірді. Одан соң 

«Қазақстан Темір жолы» ұлттық 

Бас прокуратура «Жеке және заңды 

тұлғалардың өтініштерін халыққа қызмет 

көрсету орталықтары арқылы қабылдау» 

пилоттық жобасын іске қосты.

Енді арызданушылар жеке куәлікті ұсыну 

арқылы Қазақстанның кез-келген «Халыққа 

қызмет көрсету орталығы» арқылы жазбаша 

өтініш беріп, оған  жауап ала алады. Өтініштерді 

қабылдау рәсімі аяқталған соң  сотпен 

куәландырылған сот актілерінің көшірмелері, 

қағаз нұсқадағы немесе электрондық ақпарат 

тасығыштардағы (флэшкалар, дискілер) өзге 

өтініштер қоса берілген қылмыстық, азаматтық 

және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне 

наразылық білдіру туралы өтініш хаттарды 

қоспағанда өтініштердің қағаз нұсқалары 

арызданушыларға қайтарылып беріледі.

Осы жоба азаматтардың прокуратура 

органдарына өтініш беруін оңайлату, 

бұзылған құқықтарын дереу қалпына келтіру 

мақсатында әзірленген. Сондай-ақ жоба 

прокуратура органдарында қағаз құжат ағынын 

азайту жолымен құжат айналымын одан әрі 

оңтайландыру болып табылады.

Осыған орай, Халыққа қызмет көрсету 

орталығы арқылы «Пилоттық жоба» режимінде 

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін 

 

қабылдау жүргізіледі.



Өтініштеріңізде қойған мәселе Заңмен 

көзделген мерзім ішінде қаралып, арыздың 

қаралу нәтижесі туралы Сіздің мекен- 

жайыңызға немесе электрондық адресіңізге 

жауап жолданады.

Халыққа мүмкіндіктер беру мақсатында 

ағымдағы жылдан бастап, Қазақстан 

Республикасының «Прокуратура туралы» 

Заңының 7- бабына сәйкес, «Халыққа қызмет 

көрсету орталығы» арқылы прокуратура 

органдарына өтініштеріңізді  қабылдау 

ұйымдастырылып, іске қосылғандығын 

хабарлаймын.

                                              Л. КЕМЕЛЖАНОВА,



                аудандық прокуратураның

 кеңсе маманы.

диктант өтті. Негізгі мақсаты да 

сол мемлекеттік тілді меңгеруге 

деген құштарлығын арттырып

бірегейлікті қалыптастыру, 

қоғамдық келісім мен ел 

бірлігін нығайтуды көздейді. 

Қазақстандықтардың бойына 

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық 

патриоттық идеясының 

құндылықтарын сіңіру.

Қорытындысында 37 мем-

лекеттік қызметкер өте жақсыға 

тапсырса, 13 қызметкер жақсы 

деген баға алған. 

 

                



 

Өз   тілшіміз.

зоотехникалық-малдәрігерлік 

институтын бітірген. Еңбек 

жолын Қарасаз ауылындағы 

Энгельс атындағы колхозда 

колхозшы болып бастаған. 1995 

жылдан Қарасаз ветеринариялық 

учаскесінің мал дәрігері, 

Қарасаз селолық әкімшілігінің 

малдәрігерлік жұмысты 

қабылдау жөніндегі мемлекеттік 

инспекторы, округ бойынша 

ветеринариялық инспекторы 

болды. 2008 жылдан «Айғайтас» 

ЖШС-нің мал дәрігері, 

 

Қарасаз ауылдық округі әкімі 



аппаратының бас маман-мал 

дәрігері қызметін атқарды.2015 

жылдан Қарасаз ауылдық округі 

әкімі аппаратының бас маманы 

болып еңбек етті.

компаниясы акционерлік қоғамы  

Алматы аймақтық ақпараттық 

есептеу  орталығының  электро-

механигі, есептеу орталығының 

көлік жүргізушісі болып еңбек 

жолын бастады. Одан кейін 

«Қазақстан Темір жолы»  ұлттық 

компаниясы акционерлік қоғамы  

Алматы-2 станциясының поезд 

құрастырушысының көмекшісі 

болды.  2012 жылдан «Тілеу» 

шаруа қожалығының жетекшісі 

болып еңбек етті. 2013  жылдан 

Шалкөде  ауылдық округі 

әкімі аппаратының бас маман-

іс жүргізушісінің міндетін 

уақытша атқарушы, одан кейін 

Шалкөде ауылдық округі әкімі 

аппаратының бас маман-іс 

жүргізушісі болып еңбек етті.

түрінде.


Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: 

баланың ата-анасының бірінің немесе заңды 

өкілінің өтініші негізінде баланы мектепке дейінгі 

ұйымға қабылдау. 

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну 

нысаны: қағаз түрінде. 

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс 

кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек 

заңнамасына сәйкес демалыс және мереке 

күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма 

аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 

сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен 

сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз 

және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту 

тәртібімен көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін 

қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік 

қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 

1) өтініш (еркін нысанда);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет 

стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша 

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының 

білім басқармалары, аудандық, қалалық білім 

бөлімдері, ауылдық жерлерде – әкімдік берген 

жолдама;

3) сәйкестендіру үшін көрсетілетін қызметті 

алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды 

өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаты 

(түпнұсқа және көшірме);

4) баланың денсаулық паспорты; 

 5) эпидемиологиялық ортасы туралы 

анықтама.




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал