МұҚАҒали поэзиясы – азаматтық пен адамгершіліктің симфониясы


М.Мақатаев шығармаларының тағылымы



жүктеу 399.5 Kb.
бет7/21
Дата13.02.2022
өлшемі399.5 Kb.
#17227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Мұқағали Мақатаев шығармаларының көркемдік ерекшелігі және балаларға арналған - копия
999999999
М.Мақатаев шығармаларының тағылымы

Мұқағали өзі құшағында туып, өскен заңғар тауларға көз салған сайын осылай еміренуші еді-ау. Ата мекеніне сүйіспеншілігі сол ұлы таулардың сай-саласынан жосылған бұлағындай сарқырап жататын.

Өзі құшағында туған ұлы тауларды Мұқағали өмір-бақи өмір арнасы сипатында жырлап өтті. Тау анасы, бұлағының сылдыры – анасының күлкісі. Тауды басқан тұман – мұңы. Соны сезгісі келген адам Мұқағалиды оқиды:

Ән сал жаным !

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке,

Тынсын тірлік жер-көктегі.

Дала ұйқысын,

Дамылдап таулар жатсын,

Таулар жатсын мәңгілік жергөктегі.

Ақынның атақ-даңқының айрықша көкке көтеріліп, есімінің көптің көңіліне жата қалуының сыры неде? Ал туған халқының жүрегіне жол тауып, шексіз сүйіспеншілігіне бөленген ақын өлеңдері қандай қасиеттерімен қымбат? Мұқағали шығармаларының алтын арқауы, оған шалқар шабыт берген қандай арман-мақсат еді ? Ол не нәрсеге риясыз сенді және нені жан-жүрегімен, бүкіл болмысымен жақсы көрді? Енді біз осы сауалдың жауабын іздестіріп көрелік.

Аруақты ақын алдымен адамдар жанының жақсылықты, ізгілікті, мейірім-қайырымды құлай сүйетініне күмәнсіз сенді, соны өз өлең-жырларына арқау етті. Оның сосынғы бір өзге ақындардан айырмашылығы әрі артықшылығы басқаларды айтқан сөзіне айрандай ұйытатын сиқырлы сөздің шебері екендігі. Оның өлеңдеріндегі жарық дүниеге деген көзқарас шыншылдығымен, табиғилығымен, имандылығымен таң-тамаша қалдыратын сиқырлы күшке ие.

Бүгінгі таңда Мақатаев поэзиясы адамның жансарайын жаңғыртып, ой-санасын сәулендіріп, болмыс-бітімін жаңаша жасандыра, жарқырата түсетін нақты рухани күшке айналып отыр. Ол өлеңнің өмір құбылысын дереу жыр жолдарына түсіре қоятын, сөйтіп күнделікті тіршілік-уақыт көшіне ілесе кететін өнер еместігін ерте түсініп, оны тереңнен толғауға, қиядан шалуға, қиырдан көруге ерекше құштарлықпен ұмтылды. Өлең өмірінің бір күндік емес, мың күндік болуын көздеп, шабытына қамшы басқан да – ақын Мұқағали. Бұл ой-пікірімізді тірілту үшін ақынның өзіне сөз берейік:


жүктеу 399.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет