МұҚАҒали поэзиясы – азаматтық пен адамгершіліктің симфониясы



жүктеу 399.5 Kb.
бет4/21
Дата13.02.2022
өлшемі399.5 Kb.
#17227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Мұқағали Мақатаев шығармаларының көркемдік ерекшелігі және балаларға арналған - копия
999999999
Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.

Бұл шынайы елжандылықтың сөзі, асқақ патриотизм үлгісі, кең-байтақ Ресейге дабысы кетіп, әлемді тамсандырған орыстың поэзия орбитасында күн нұрындай шұғыла шашқан Лермонтов, Пушкин, Есениндердің атақ-даңқын ардақтағанмен, абыройын дара қойғанмен, құлдық ұрып қол қусырмайды, табынып тәңіріне баламайды. Қайта оның есесіне қара өлеңді биік ұстайды, құдіретті рухқа, ұлы ұстазға балайды. Оның түпсіз терең, сұңғыла сыры бар. Ол қарапайымдылығында, бейнелеушілік мүмкіндігінде, шеберлігінің шексіздігінде, даналыққа суғарылғандығында. Қара өлеңнің күйсандығын ойнай білген, сөйлете алған жан ғана даласына тартып туған перзенті болмақ. Бұл әрі ұлттық сананың сырына қанықтырып, сиқырына үңілту. Сондай-ақ көне мұраға деген көзқарас. Қазақ өлеңіне ревизия жасаймыз, өлең өрнегіне өзгешелік ендіреміз, жаңалық ашамыз деп даурыққандарға тойтарыс бере отырып, анайылыққа барудан, тұрпайылыққа ұрынудан сақтандырады. Әр ақынның өлеңі халықтың жүрегіне жол тартатын қара өлеңдей сіңімді, ойға орнықты, өміршең болумен қатар қазақтық қанмен, ұлттық намыспен, ұлыстық нәрлі сөлмен жазылуын нұсқағандай. Өзіндік концептуалды көркемдікті көктен іздемей дәстүрлі жырдың ағысынан табуды көздейді.

Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын.

Қазақтың қарапайым қара өлеңі - қас шеберліктің үлгісі. Оның авторы – халық. Ол сан ғасыр жасап, сап алтындай сараланған, сан ұрпақтың елегінен өтіп өңдеуін көрген, сұрыпталған дүние. Ол ақындықтың әліппесі, айтыскерліктің аренасы. Осы қара өлеңнен қанаттанған, халықтық мектептен дәріс алған Мұқағали өзін абыз халқының алдында ақынмын деп айтудан жасқанады, ізеттілік сақтап именеді. Бір қарағанда шындығы да солай. Халықтың тайқазанындағы дүниені, екіншісіне аударып құйып қайнатушы, ас әзірлеуші аспаз ғана. Мұқағали өлеңінің нанымдылығы, құпия құлпылануы әсіресе соңғы қос жолда “Күпі кию” – қазақтық белгінің тайға басылған таңбасындай көзге ұрады да ұлтымыздың түр-тұлғасынан хабар береді. Кешегі бітім- болмысы күпімен кескінделсе, бүгінгі түр-сипаты шекпен киген қалыпқа сыйып қазақ табиғатын тануға мол мүмкіндік беріп тұр. Қара өлең жас талғамайды, әнмен орындауға оңтайлы. Бір жағы ән өнерінің іргетасы. Қара өлеңнің он бір буынды екі немесе төрт тармақты болатындығы белгілі. Тақырыбы жағынан бай, орындалуы жағынан сан нақышты. Қара өлең көнелігімен де құпия. Музыкатануда ол жеке жанр түрінде қарастырылады. Қара өлеңнің қара анықтауышына қатысты айтсақ. Қара өлеңді жинақтап, жариялаушы Оразақын Асқар “Қара - әлемнің алғашқы қалпы, ежелгі сөз, ежелгі өлең. Қара тау, қара халық, қара сөз, қара жол деу ежелгі тау, негізгі халық, бастапқы сөз, бастапқы жол дегенді білдіреді” - деуі әбден көңілге қонымды. Қазақта қара жарыс, қара бәйге деген тағы екі сөз қолданыс ұшырайды. Бұл қара өлеңнің нағыз баламасы, пареллель ұғымы сияқты көрінетінін біз де қосуға тиіспіз.

жүктеу 399.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет