Мұқағали Мақатаев (1931-1976)



жүктеу 5.23 Kb.

бет7/17
Дата09.01.2017
өлшемі5.23 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Жүрегімде жүргені-ай бір қауіптің 
         Жүрегімде жүргені-ай бір қауіптің, 
Сабағындай шырмайды шырмауықтың 
Үмітпенен, арманмен, күдікпенен, 
Өтіп жатыр зымырап зырлауық күн. 
...Шешем менің еңкейіп бара жатыр, 
Қай күні келер екен нала «батыр». 
Жел маған сыбырлайды аят оқып: 
«Бір күні айрыласың, қара да тұр». 
Кім білсін, көңіл, қандай күй кешеді, 
Қаңырап қалуы оңай үй кешегі. 
Аландаймын алтыным жоғалғандай, 
Анамның көрінбесе кимешегі. 
Шешем менің - иілген сұрау белгі
Сәл ғана шаттық көрді, жылау көрді. 
Қалай ғана қалпына келтірерсің, 
Дауылдар майыстырған мынау белді. 
Ұлың сені жұмаққа бергісі жоқ, 
Жұмағың да тамұқ қой - көргісіз от. 
Осылай көз алдымда жүре берші, 

Сұраулы сөйлемдердің белгісі боп. 
 
Жүрек арызы 
       "Бас, ием менің. 
Өзіңнен бұрын жаралғам. 
Алдымен - менмін, 
Сонан сон, - сенсің жаралған. 
Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың, 
Аяқ пен қолың - 
Барлығы менен нәр алған. 
Балғын шағыңда, өмірге жаңа аттанған, 
Бағыңа бастар адамдық жолға ап барғам. 
Кезім де болды қайғырған әрі шаттанған, 
Кезің де болды, қайтейін, маған дақ салған. 
Келеді сенің кей-кейде мені мұз еткің, 
Бәріне көндім,қателігінді түзеттім. 
Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа
Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім. 
Жалындым саған жақыны бол деп баршаның, 
Жан-ием, сенің жақсылығыңды аңсадым, 
Өткіздім сені қаншама қауіп-қатерден 
Ал енді, маған, демалыс берші, шаршадым!.. 
...Қақың жоқ сенің дем алуға да, соқпауға, 
Қарсы барамыз оқтарға, әлі оттарға. 
Қақым жоқ менің демалыс саған беруге, 
Қақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға!!! 
 
Жүрек демін алғанда 
      Сандалғаны-ай санамның сан бөлініп, 
Тамырымда тулайды қан желігіп. 
Бара жатыр көлшіктер көлге айналып, 
Бара жатыр төбелер тау көрініп. 
Құмды құшқан қу тақыр баққа айналып, 
Суық аяз күйдірген оттай қарып, 
Әлсіз жүрек әл жиып алатындай, 
Аракідік лып етіп, тоқтай қалып. 
Тас көшеге табанмен сына қағып, 
Қайда асығып барады мына халық?! 
Абыр-сабыр ағылған адамдарға, 
Айғай салғым келеді тұра қалып. 
Көшелер де теңселіп баратқандай, 

Машиналар шоршиды шабақтардай. 
Бәрі қалқып барады сағым болып, 
Барлығын да сағымнан жаратқандай. 
Сағыммен сағым боп, еріп барам, 
Көңіл сұрар пенде жоқ келіп маған. 
Анда-санда көзімді бір ашқанда, 
Алатаудың ақ басын көріп қалам.. 
 
Жүрек неге зат болып жаралмаған?! 
      Қарғам менің! 
Қарғам менің! 
Аласарып барады арман-көгім. 
Жалған десе, дүние жалған ба едің?! 
Жараланған көңілім дал-дал менің. 
Қауырсын ең үзілген қанатымнан, 
Жанарымнан шуақ ең таратылған. 
Қара басқа орнатып қара тұман, 
Қайғым болдың, ойымда дара тұрған. 
Күйзел жан, күңірен жан, күнә басып, 
Айығар сәтің сенің, сірә, қашық. 
Жабығып жарығында бұл жалғанның, 
Бір түйір қаным менің жүр адасып... 
Мен жүрмін бақыт қуып, даңқ қуып, 
Сайраңдаған боламын сауық құрып. 
Кінәсі жоқ қарғамды жабықтырып, 
Жолай алмай құрыдым танып тұрып... 
Қарғам, сені жайым жоқ кем көретін, 
Бимағұлым тағдырың сен көретін. 
Зат боп неге жүрегім жаралмаған?! 
Қарғаларым, сендерге тең бөлетін... 
 
Жұлдыздар сөніп барады 
      Айналып келді батқан күн, 
Жығылды түннің жалауы. 
Алауын бақпай ақ таңның, 
Жұлдыздар сөніп барады. 
Адамның бағзы арманы - 
Жұлдыздар қайда манағы? 
Аспанның лағыл маржаны, 
Мұхитқа батып барады. 
 

Жұмбақ 
         Келісетін мемлекеттер елшісіне ұсаған, 
Қабақ бағып, қыл үстінде біз отырмыз - үш адам. 
Үшеу ара жоқтан бар қып, бір әңгіме бастаймыз, 
Бастаймыз да, жалғай алмай, жібін үзіп тастаймыз. 
Жараспайды әзіліміз, жараспайды күлкіміз, 
Үшеуміз де ашылмайтын кілтсіз қара құлпымыз. 
Жабығады жас келіншек, қарамайды жарына, 
Сүле-сопа жігіт отыр қолын тақап жағына. 
Дастарқанның бір шетінде мен де отырмын еш үнсіз, 
Сұрақ та жоқ, жауахі та жоқ, бір жұмбақпын 
шешусіз. 
Қатынасын жаңа ғана жөнге қойған екі елдің, 
Арасына ақымақ боп бекер келген екенмін. 
Үнсіз секунд, минуттарды мүлт 
Үш ғұмырды ұзатып caп, керегеде  
Бұл өмірден еш алаңсыз сәби жатыр 
Ұйықта, бөбек, үлкендердің жұмбақтарын 
Үнсіз кітап оқыды да, аударылды парақтар, 
Үнсіз үшеу отырды да, ақтарылды шараптар. 
Қулығы ма, шындығы ма, үй иесі мас болды, 
Жас арудың жанарына мөлтілдеген жас толды. 
Мен отырмын. Отырдым да достығы үшін екі елдің, 
Бокалымды толтырдым да, толтырдым да, көтердім... 
 
Жұмыстан соң 
         Қажып тұрмын, несіне жасырайын, 
Әкелші, ата, бар болса насыбайың. 
Азан-қазан шулаған қапақ бастан 
Құрып кеткір даң-дұңды қашырайын. 
Айтшы, ата, әкемді көріп пе едің? 
Ол да меңдей жан ба еді желікпелі? 
Ол да мендей шақшаңа құмар болып, 
Сергіп бір қайту үшін келіп пе еді? 
Ол да мендей шолжаңдап жүріп пе еді? 
Саяқ па еді, болмаса күлік пе еді? 
Болмаса дүйім елді дүбірлеткен 
Бағзы біреулердей бүлік пе еді? 
Мұрагері емес пе ем арт жағында
Әкеме тарттым ба, ата, тартпадым ба? 
«Ата көрген оқ жонар» деуші еді ғой 

Байырғы атамыздың салттарында. 
Айтшы, ата, әкемді көріп пе едің? 
Ақыл-кеңес оған да беріп пе едің? 
...Оу, ата, мұның қалай, жарамайды 
Несіне көз жасыңа ерік бердің?! 
Көрсетпе көз жасынды, жасымаймын, 
Әкем өлсе, мен бармын несі уайым! 
Әкемдей бір атайын шертіп тұрып, 
Әкелші, тәуір екен насыбайың. 
 
Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным 
          Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным, 
Кешкілік бақты ұзақ араладым, 
Өбісіп те, өлісіп екеу отыр 
Өтіп кеттім, бұрылып қарамадым. 
...Есімде бар, жаз ба еді, күзде ме еді, 
Көп жыл болды бұл баққа біз келгелі. 
Әйтеуір дәл осылай, бейуақта, 
Құмар-көңіл әлдене іздеп еді. 
Ел аулақта екеуміз отырысып, 
Ерітуші ек осылай мұз денені. 
Осы мезгіл, осы шақ, осы уақта, 
Отырушы ек осылай осы бақта. 
Артымызда қап қойған албырт жастық, 
Ой, тоба! Әлі күнге шошымапты, ә? 
 
Зираттағы жыр 
       Сәлем бердік, 
Бейтаныс жолаушылар! 
Жолаушылап, шаршаған боларсыңдар. 
Анау қырдың астында менің аулым
Соғарсыңдар, дем алып, қонарсыңдар. 
Менің үйім жылғаның жағасында, 
Құйған тұсы бұлақтың қара суға. 
Ағысымен бұлақтың тартса болды, 
Сұрамай-ақ ешкімнен табасыңдар. 
Шеткерірек, көшенің аяғында, 
Тірлік етіп жүрген ем баяғыда. 
Қалжырап кеп жұмыстан, қалғып кеткем, 
Содан бері дәрмен жоқ оянуға. 
Шешем байғұс жан еді сөзге білгір, 

Сөйлесерлік кім оған кез келіп жүр? 
Мұңын басып, ғаріптің көңлін ашып, 
Әңгіме айтып берсеңдер өздерің біл. 
Қысқа өмірдің сапары сөз бе құрғыр, 
Асықпай-ақ, ас ішіп, көздеріңді іл. 
Жарым менің жан еді дәті берік, 
Беріктіктен жүр ме екен запы көріп?! 
Балаларым ер жетіп кеткен шығар, 
Алдарқауға келмес-ті тәтті беріп. 
Қайсыбірін айтайын, қалды бәрі: 
Ойы, тауы, орманы, балқұрағы. 
Бесігіне туған жер бөледі де, 
Әлдилейді алыстан тау бұлағы, 
Мәңгі мені ұйқыда қалдырады... 
 
Зоопаркте 
       Тал өсіп тұрушы еді ақ бастауда, 
Ақ шымшық қонатұғын ақбас талға. 
Аңырып, шуылдасып қалатынбыз, 
Ақ тұйғын ақ шымшықты ап қашқанда. 
Селк етіп, бір теңселіп, тал қалатын, 
Шиқылдап сорлы шымшық зар қағатып. 
Ұшып бара жатып-ақ, бір шоқып жеп, 
Жыртқыштың тұяқтары қанданатын. 
Біздер солай көріп ек тағылықты, 
Темір торға, мінеки, жабылыпты. 
Екі көзі қанталап, қағынып тұр. 
Тағылықтың не деген жаны мықты! 
Ет тастасаң бір кесек лақтырып, 
Шоқымай-ақ жұтады бір-ақ қылғып. 
Қанша әлсіздің мойныңда қаны бар деп
Мен ішімнен жыртқыштан сұрап тұрмын. 
Кішісі де, жыртқыштың, ірісі де, 
Опа қылмас әлсізге бірісі де. 
Ілуші едің іргеде балапанды, 
О, кішкентай қанішер, тірісің бе?! 
 
Иек артқан теңізге мүйістейін 
      Иек артқан теңізге мүйістейін, 
Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін? 
Иіскейін тек қана, тиіспейін, 

Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін? 
Қолаң қара шашың-ай күн қақтаған! 
Қос бұрым-ай жотанда бұлғақтаған! 
Қарғам, сенде жерімнің иісі бар-ау, 
Жер иісі жұпардан қымбат маған! 
Иісі бар-ау дәннің де, шалғынның да, 
Қырдың да, қырманның да, жаңбырдың да, 
Тұр, сірә, мына шашта иісі аңқып 
Аптаптың, аңызақтың, тандырдың да. 
Шашыңнан иіскетші, қарғам, маған? 
Есіме түсер ме екен арман-далам. 
Иіскетші? 
Жауқазын-жан екенсің; 
Жасанды әсемдікке алданбаған. 
Тұрғам жоқ сауға сұрау қылығыңнан, 
Жан едім махаббаттың құрығы ұрған. 
Иіскейін жұртымның топырағын, 
Иіскет, қарғам, маған бұрымыңнан? 
 
Ильич салған ізбенен 
       Біз оның  жалғасымыз жолдасымыз 
Әлемге бақыт іздеген 
Қолдасыңыз, келіңіз, қолдасыңыз! 
Барамыз Ильич салған ізбенен. 
Caп бұзба 
Секілденіп көкек байғыз,байқаңыз 
Өсек. жала, орныңа тұр. 
Жер шарын тілімдеген айғыз-айғыз 
Данышпан Лениннің жолы жатыр. 
Біз білеміз болғанын ақшыл солшыл бәрі былшыл 
Бәрін де таптағанбыз. 
Иә, біз жауынгер топ. 
Сол - шын! 
Сол үшін ғасырлардан аттағанбыз. 
Бұл шақта коммунизм емес елес 
Қаусаған Европаны кезіп жүрген, 
Ол - бүгінім, ертеңім белес-белес, 
Дос емес, жауымды да сезіндірген. 
Айтпа маған жаттанды ертегіңді 
Ер көңілді ешкім де бола алмайды. 
Қаша алмайды. 
Ұстаймын ертеңімді. 

Ертеңіңді қоя тұр, Асан Қайғы. 
Бір кезде Европаны кезген елес 
Сөзбен емес, 
Орнауда еңбекпенен. 
Сен деп келем, КПСС, өзге емес, 
Өз қолымен өмірді өрнектеген. 
Коммунизм, мінеки, санамызда, 
Даламызда, 
Егін caп, малын баққан, 
Дауылдатқан заводта, қаламызда, 
Шахтада, мартендерде жалындатқан. 
Коммунизм көш емес, 
Көзін сатқан, 
Жүгін артқан өгізге, 
Қара пілге, 
Коммунизм - космонавт 
Езу тартқан 
Құдіретті космостық корабльде. 
Екі дүние: 
Екеуі екі дара. 
Көзге қара. 
Ей, жолдас, жаңылмағын, 
Болашақ бағыты айқын, 
Жолы сары, 
Бері қара! 
Ленин жағында кім?! 
 
Интервью 
      (Шет елдік әріптеске) 
      Біз мына қоғамменен бірге өсеміз. 
Тілдесеміз, үнімен үндесеміз. 
Ақиқатты айтуды бізден сұра, 
Ақиқатты айтуды білмесеңіз. 
Әкелер салып кеткен іздерменен, 
Келеміз анық басып біздер деген. 
Біздер деген - қоғамның қолқанаты, 
Біздер белек жандармыз сіз көрмеген! 
Солдатпыз Отан үшін жанын үзген, 
Арымызбен, қаламмен, қанымызбен. 
Өз дәуірін өзгеге билетпейтін, 
Күрескерміз! 
He керек тағы бізден! 

Біз - солдаты Ленин қоғамының, 
Иесіміз Балға мен Орағының. 
Біз - Отанның қаруы, дарынымыз, 
Ақынымыз Советтер Одағының. 
 
Кейіме, інім 
      Кейіме, інім, 
Сен тартқан мұңды мен емгем, 
Кеткенмін сосын, 
Өзімді-өзім жебеумен. 
Анамыз жомарт, 
Бабамыз жомарт дегенмен, 
Жыламай жатсақ, 
Жарылқап, емшек берер ме. 
Кейіме, інім, 
Кездескен мұңға алғашқы, 
Кесірлі шақтың болмасын тіле алды ащы. 
Қып-қызыл шоқтан суырып алып зергерлер, 
Салмай ма суға сертке ұстар семсер-алмасты. 
Кейіме, інім, 
Керемет күндер алдыңда. 
Кемсіне берме, 
Керенау тартса, тағдырға. 
Сүрініп кетсең, қарғып тұр қайта, даярлан 
Кедергілерден екінші рет қарғуға. 
Келіпсің інім, 
Кеңесіп қайттың көктемде. 
Кейітпес едім, 
Болмады билік тек менде. 
Жұлмалап, тонаи, қалдырып мені шеткеріге, 
Жымысқы-уайым жылысып саған жеткен бе?! 
 
Кел, болашақ 
         Көп құмарттым өмірге, көп көрмедім, 
Үміт еттім ұмтылдым, көп терледім. 
Ашкөзденіп қайтейін, ей, Болашақ, 
Көрмеген күндерімді өткер менің. 
Сапалақ сан ой мені мезі қылды, 
Сен түйсін, түйсінбеген сезімімді. 
Атан жортса арқамнан мыңқ етпеген, 
Айыптасаң өзің біл төзімімді. 

Жыр жорығына аттандым, кезіп жүрдім, 
Мен бір сәт дамылдадым, көзімді ілдім. 
Жазылмаған жырымды жалғайсың ба? 
Жаңа жыр бастайсың ба, өзің білгін. 
Жөн болмас, сірә, емірмен ұстасқаным, 
Бір ғұмыр дүниенің құшпас бәрін. 
Күнің шығып келеді, ей, Болашақ! 
Бесінге ауып барады түскі аспаным... 
Өмір - мәңгі, уақыт - мүмкін, елес, 
Кел, Болашақ! Сауық құр, күлкіңе көш! 
Бір күн шықса, бір күннің батуы анық, 
Екі күннің тұруы мүмкін емес! 
 
Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен 
          Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен, 
Кейбіреуге қарыздар емеспін мен. 
Пейілімді теңізбен таластырып, 
Тереземді аспанмен теңестірем. 
Досқа сыйын, заһарын шашар жауға, 
Қарыздармын халқыма қашаннан да. 
Қабырғасы қайысып қарт әжемнің, 
Қалай тұрам, көзіне жас алғанда. 
Қайғы түссе басына бір ағаның, 
Қалай ғана шыдап мен тұра аламын. 
Жасын сүртіп солардың, бірге жылап, 
Бірге күліп солармен, жұбанамын. 
Ести тұра шырылын жас баланыц, 
Қалай ғана алшаңдап, мастанамын. 
...Тік көтеріп сәбиді уатпасам, 
Сәби-халқым, саған мен масқарамын. 
Сәби-халқым, сарыла сыр ақтарам
Жалған ой, жасырын күй жырақ маған. 
Сенің үнің мендегі, сенің жырың, 
Сенің ойың санамда тұрақтаған. 
 
Кетер ме екем 
      Бірде олай ауытқып, бірде былай, 
Бір байламға келе алмай жүргенім-ай. 
Таулы аймақтың ауасы секілденген, 
Аумалы да төкпелі күндерім-ай! 
Өз-өзінен өзегім өртенгенде, 

Өз-өзімнен түңіліп, жеркенгенде, 
Сары ауру сарғайтңан науқастайын, 
Үміт күтем бүгіннен, ертеңнен де. 
Нені күтем? 
He керек осы маған? 
Аяқ-қолым, жанарым, басым аман. 
Шаруаның баласы емес пе едім, 
Күшіменен тамағын асыраған?! 
Өмір деген осынау майданда бұл, 
Қолбасы да, қорқақ та сайранда жүр. 
Өмір менен өлімнің ортасында, 
Кетер ме екем, келе алмай байламға бір! 
 
Кешіріңдер 
      Кешіріңдер, туыстар, 
Кешіріңдер, ағайын, 
Өр көкірек бейбаққа 
өкпеледің талайың. 
Кірсіз көңіл ақ туын 
Жоғары ұстап, ағайын. 
Ақ киімге оранып, 
алдарыңа барайын. 
Кешіріңдер, жарандар, 
Қошақаның болайын. 
Сый сұрағам жасыңнан. 
Мейір күткем қартыңнан. 
Еркелеп ем сендерге, 
Емін-еркін шарқ ұрғам, 
Екенмін ғой антұрған. 
Сөз өргізіп артымнан, 
Арыла алмай келемін 
Бала күнгі қалпымнан. 
Кешіріңдер, достарым, 
Кешіріңдер, қастарым, 
Есім кіре бастады, 
Еркелікті тастадым. 
Мен мен емес, басқамын... 
Естеріңе алғайсың, 
еркін жүрген қалқаны. 
 
Кешіргін, қала! 

     Көгенде қозы, 
Желіде ңұлын байлауда. 
Жерошақ бықсып, 
Қазанда бағлан қайнауда. 
Қазақы үйдің қайыра түріп іргесін, 
Қайғысыз, қамсыз отырушы едім жайлауда. 
Сап-сары қымыз сарқылмаушы еді кеседен
Отырушы едім, көгеріп, шалқып көсегем. 
Оңымнан Айым, Жұлдызым туып солымнан 
Бақытты екем жаралған ерек пешенем. 
Ол-дағы өтті... 
Оны да місе тұтпадым, 
Нәр алдым, бірақ нәсілге ол да жұқпады. 
Қалаға келдім, 
Тас үйде тұрмын, тамаша! 
Тауықтың еті, жүзімнің суы жұтқаным. 
Тамаша қала! 
Обалы босқа не керек. 
Құйысқан өріп, жатпаймын таға шегелеп. 
Алып қаланың аздаған шуы болмаса, 
Қызыл да жасыл, қым-қиғаш әсем төңірек. 
Қалада мынау тұрмыс та ерен, күй де ерен 
Көрместі көріп, білместі біліп, үйренем. 
Сәл ғана жаным қинала қалса, дүрлігіп 
Дүниенің бәрін шақырып алам үйге мен. 
Дерт дейтін дерт жоқ, 
Дертсіз де қажып, ауырдым. 
Ем болар ма екен, түтіні туған ауылдың?! 
Қайырымды қала, 
Кешіргін мені, қайтейін? 
Жатайын барып, төсінде асқар тауымның 
Кешіргін мені, 
Көк жайлауымды сағындым! 
 
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін 
         Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін, 
Алынбаған ақым бар сенде менің. 
Бұйрат құмдар - бұйығып шөлдегенім, 
Бура бұлттар - бусанып терлегенім. 
Аспанындай кей сәтте күрсінемін, 
Жас талындай жауқазын бүршік едім. 
Кең дүние, керемет қалпыңменен, 

Жүрек болып кеудеме кірші менің. 
Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам, 
Секілді бәрі менен көз алмаған» 
Кең дүние, кенде етсең сыбағамнан, 
Шырылдаған сәбидей мазаңды алам. 
 
Күзетші 
         Сәлем бере бара қалсам Мұрата,- 
Тыныштық деп алдымен сұратпа. 
- Тыныштық па, тыныштық па, балалар? 
Деп отырар қысы-жазы иықта. 
Қыс та таныс қоржынына мұз артқан, 
Бәрі таныс жылымық түн, ұзақ таң. 
Өмір таныс өмір жасын ұзартқан, 
Әзірге аман өлім дейтін тұзақтан. 
Шатынаған соғыс салған сызаттан, 
Кәрі кеуде жалын атқан, сыз атқан! 
Төрт баланы тыныштыққа құрбан қып, 
Төрт келінді төрт адамға ұзатқан. 
Төрт келіннен алып қалды төрт бала, 
Өзі - пана, ал өзіңе - төрт пана. 
Қартың отыр түгендеп ап ұпайын, 
«Айырбастап төрт қараға, төрт қара». 
Қартың қазір бір бәйтерек мәуелі, 
Сексен емес, жүзіңнен де дәмелі. 
Сәлеміңе қайтаратын жауабы: 
-        Тыныштық па? - деп сұрайды әуелі. 
Суыт жүрген кәріден де, жастан да, 
-        Тыныштық па? - деп сұрайды сасқанда. 
Күн күркіреп, шатырласа найзағай, 
-        Тыныштық па? - деп қарайды аспанға. 
Өмірде әлі қауіп көп қой не түрлі, 
Қарт қалғымай күзетші боп бекінді. 
Сәл ұйықтаса төрт немере төрт жаңқа
Көзден ғайып болатұғын секілді. 
 
Күй қаласа ғой 
         Сексенде селкілдеген Ахметті, 
Ажал келіп, ақыры бақыл етті. 
Бұйырғаны қартыңа бұл өмірден - 
Айналасы алты кез ақырет-ті. 

Тіршіліктен есіл қарт шеттетілді 
Бәрі қалды артында бет-бетімен. 
Балаларға балға-шот ойыншық бар 
Ер-тоқымы түсіпті етпетінен. 
Сары үзеңгі сарғайып, тат басыпты, 
Сырма тоқым шаңменен баттасыпты. 
Қанжығасын қарақшы тышқан тонап, 
Көкпар қылып жан-жаққа ап қашыпты. 
Тәбәрік боп балаға, немереге, 
Сусар бөрік о да тұр керегеде. 
Төңкеріліп қалыпты төс темірі, 
Отқа күйген қожалақ бөренеде.
  
Ауық-ауық көмейі күбірлеген, 
Домбыра тұр ішектері дірілдеген. 
Отыратын күй шертіп, Ахмет шал, 
Сырласқандай құпия бір үнменен. 
Шіркін, сол күй қалса ғой, бұзылмайды, 
Ескірмейді, тозбайды, сызылмайды. 
Күйге буаз домбыра қос ішегі 
Қанатымен шыбынның ызыңдайды. 
Қарт кетіп, жер астынан баспана апты, 
Байлық қапты, бақ қапты, басқа қапты. 
Тәбәрік қып артына қартың бірақ, 
Күмбірлеген күйлерін тастамапты. 
Күй қалса ғой артында бұзылмайды, 
Ескірмейді, тозбайды, сызылмайды. 
Қашанғы қарт жолдасын іздегендей, 
...Ауық-ауық қос ішек ызыңдайды. 
 
Күміс жалды күн дейтін көлікпенен 
         Күміс жалды күн дейтін көлікпенен, 
Көріп келем өмірді, көріп келем. 
Қуатым бар жанымда сеніп келем, 
Даңғазаға даурығып, желікгіеген. 
Кездеседі кей-кейде босаң қайғы, 
Кеспек болып алдымды шошаңдайды. 
Кездестірем кейде бір осал жайды
Кезі-кезі келгенде дос алдайды, 
Көңіл сонда құлазып, босаңдайды. 
Жүгірмей, желмей, жортпай, жорғаламай, 
Өрмелеп шығып келем жонға қарай, 
Қыран болсам қонбас па ем шыңға барып, 

Дариға-ай, қанатымның, болмағаны-ай!.. 
 
Күн ауысып барады 
       Күн ауысып барады түнге қарай, 
Шығыста - кеш, Батысқа - кірген арай. 
Күн шыққан жерден әркез түн келеді, 
Маған солай, білмеймін, кімге қалай. 
Соңғы шоғын сөндіріп арайлаған, 
Күн кетті, тіршілікке қарайлаған. 
Ай туды, нұрсыз да емес, нұрлы да емес, 
Шашырап өлі сәуле шар айнадан. 
Аспан да абыр-сабыр шамын жағып, 
Құс жолы да төселді сағымданып. 
Бар дүние тұрғандай дамыл бағып, 
Тауым қалғып, ойымда бағым қалғып. 
Түн мені күйзелтеді жынды қылып, 
Бақты басып жатқандай, гүлді жұлып. 
Күміс қанаг бір құсқа мініп алып, 
Кетсем бе екен артынан күнді қуып. 
Heгe мен үрейленем түнге қарай, 
Маған солай, білмеймін, кімге қалай. 
Күнде - өмір, түнде - дамыл, түсінбеймін, 
Мойнымды бұрсам екен кімге қарай?! 
 
Күн бүгін күңіреніп 
      Күн бүгін тұрып алды күреңітіп, 
Шіркіннің ашылмайды реңі түк. 
...Күреңіткен ауылдың сырт жағында, 
Мені де отыр ма екен біреу күтіп. 
Күн сияқты ол-дағы күреңітіп. 
Кім күтсін, кім жоқтасын онда мені, 
Күтетін бір махаббат болған еді, 
Күте-күте күдерін үзген шығар, 
Күреңіткен мына күн сол ма тегі?! 
Бұл күнде жоқ - әжелер, аталарым, 
Кім күтсін, кімнен барып бата аламын. 
Кім сейілтсін көңілді қападағы, 
Кімге керек «дәрежем», атақ-арым?! 
Мансап, атақ, дәреже?! 
Қайдан болсын. 
Әлдеқашан жығылған сайран-қосым, 

Арсалаңып алдымнан шығатұғын, 
Қырда жатыр қимасым, қайран досым. 
...Күн бүгін күреңітіп тұрып алды. 
Көңілім күнге қарап құбылады. 
Аямасаң аяма! Енді менде 
Алынбаған не әкеңнің құны қалды!? 
 
Күн жылыған, жер жібіген 
       Күн жылыған, жер жібіген, 
Құстар келген шақтарда, 
Төрдегі өрген төрт түлікке, 
Төл жамырап жатқанда, 
Көзімді алмай қарайтынмын егістікке телміріп, 
Бірде шалқып,бірде жанған, бірде өшкен оттарға. 
Естігенде сазға қонған сарыала қаз саңқылын, 
Көктем келіп қалыпты-ау деп,табатын-ды жан 
тыным. 
Қара нөсер төгіп тұрған қара бұлт ішінен
Аңғарушы ем айқүш-ұйқыш,алмас қылыш 
жарқылын. 
Содан жаз кеп, ен жайлауға - Шалкөдеге көшкенде, 
Алдымыздан аңқушы еді айғай тастан ескен жел. 
Туған жерін өмірбақи ұмытпасын деген ғой, 
Айналайын аналарым кіндігімді кескенде. 
Содан ба екен, қалам тартсам, жыр тумайды 
жерімсіз, 
Мен сеземін, күтіп жатыр,күтіп жатыр, тек үнсіз. 
Туған жердің топырағын сүйе алмасам мәңгілік, 
Онда мені қалды деңдер көмусіз де кебінсіз... 
 
Күн шуағым 
     Тағы да таң атады, күн шығады, 
Түн келеді, 
Тіршілік тыншығады. 
Ауысып алма-кезек тұрсын әлі, 
Ей, менің өмірімнің күн шуағы. 
Ей, менің өмірімнің күн шуағы! 
Көлеңкесіз осылай тұршы кәні. 
Кейде менен кейіген үн шығады, 
Кешіре гер, көңілдің тыншымауын? 
Аққуын әлдилеген айдындарым, 

Аулаққа ұшып кетсем, қайғырмағын. 
Алдыңа арманымның жайдым бәрін, 
Аманат өткермеген ай, жылдарым. 
Ауғанын, ауысқанын күн бесінге, 
Сұм жүрек біледі ғой... 
Білмесін бе... 
Ей, менің күн шуағым, мүмкіндік бер, 
Шығатын күндеріммен тілдесуге. 
Кешіре гөр, көңілдің тыншымауын? 
Тыншымаймын! 
Біткенім - тыншығаным. 
Талма түсті тайдыра көрмегейсің? 
Ей, жарық күн шуағым, 
Күн шуағым! 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал