Мұқағали Мақатаев (1931-1976)



жүктеу 5.23 Kb.

бет6/17
Дата09.01.2017
өлшемі5.23 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Жаман өлең 
        Бәрібір қарауылға ілінгенсің, 
Білгіштің айтуынша «бүлінгенсің» 
Жаман өлең жазайын Петефише 
Жамандасын білгішім, күнін кврсін. 
Жаман өлең жазайын мынадай деп, 
Торы менен жиренді құладай деп. 
Айтайыншы құланды құралай деп, 
Түсінбейді теңесем Хантәңірді! 
Қағып койсан Тянь-Шаньға сынадай деп
Іздестіріп жер-көктен қарайын да, 
Керемет бір теңеуді табайын да, 
Білгішіме берейін не дер екен, 
Ақ қағазға ақ бояу жағайын да. 
Көрер ме екен қайсыбір қара шаштың 
Күміс талшық тұрғанын самайында. 
Түсінер ме не екенін бақ пен нала 
Боя дейді жалғанды ақпен ғана. 
Сезер ме екен білгішім, қайдам, қайдам, 
Тұратынын алмасып ақ пен қара,. 
Қызыл мен көк, күрең мен сарылардың 
Білер ме екен бір жерден табыларын. 
Сезер ме жыр аңынын сағынарын, 
Сағынарын ақылын жаны жарым. 
Ат жалынан мал тапқан бір білгіштің 
Жаны жарым ақынды торығанын. 
Маған жат кұр - қуаныш, арам-қайғы! 
Біліп тұрмын. білгішім жамандайды.,. 
Қалай шалсам екен деп ескі досым, 
Күні-түні тыныштық таба алмайды. 

...Айта келіп адам мен заман жайлы, 
- Ақын өлді, өлді,- деп хабарлайды, 
(Кандидат боп сапарын тәмамдайды...) 
Өз әлінше әркім де самғап қалар, 
Өз әнімен әркім де сарнап бағар. 
Жаман өлең көп менде, қауіптенбе, 
Жаманда да, ақылды ал, ә бәтшағар... 
 
Жанарсыз адам келеді 
       Топсасы жұмыр тобылғы томсарып алып келеді, 
Толайым мына тірлікті тобылғы таяқ көреді. 
Толғанып жүрген бейбаққа,тобылғы таяқ тіл бітсе: 
- Алдыңда ор бар, аяулым,бері жүр, бері! -дер еді 
Көрінбей оған көктем түр,көрінбей нұр тұр себелеп, 
Toп қыздар өтіп барады -топтанып ұшқан көбелек. 
Жанарсыз адам келеді,аттай да алмай жақсылап
Тозығы жеткен асфальтты,тобылғыменен шегелеп. 
Іздейді көзін басынан,іздейді көзін аяқтан, 
Іздейді көзін қолынан,іздейді көзін таяқтан. 
Жанарсыз адам келеді...жанарлы бейқам тірліктен, 
Жанарын даулап,дүниені таяқпен түртіп оятқан. 
 
Жанарым 
       Түспесін десең, егер сезімге кір, 
Жанарым, менің ылғи кезімде жүрі 
Жамандық көрсең менің қабағымнан, 
Жас болып төгіліп кет жанарымнан. 
Шұғыла боп содан соң ашыл-дағы, 
Бұлтымды таста серпіп басымдағы. 
Дамылсыз кірпігімді қаққанымда, 
Ойымның ойнақтап жүр шатқалында. 
Жүрегім бол деп, сені зорламайын, 
Мәңгілік тұтқында ұстап қорламайын. 
Қарашығым бол-дағы дамылдағын, 
Қашанда жанарымнан табыл, жаным. 
Жанарым, жанарымнан кетпе менің, 
Сезімім сенсіз менің текке өледі... 
Түспесін десең, егер сезімге кір, 
Жанарым, менің ылғи көзімде жүр!., 
 
Жантықтың туысқаны 

        Адамның баласынан жерімеп ем, 
Достастым періменен, серіменен. 
Жөніңе кет, жарқыным, жөніңе кет 
Ат кекілін кестім мен сеніменен. 
Қайда ғана сиясың, қайда ғана?! 
У таратып болдың ғой айналаңа. 
...Арамзаны ақ сүтпен асыраған, 
Айдаһарға қор болған, қайран ана? 
Досты апарып досына жамандатып, 
У таратып, лаң caп, арандатып, 
Ағайынды аздырмай ала жылан, 
Жөніңе кет, жымысқы, қараң батып. 
Ақыл айтып тұрғам жоқ, туыстарым, 
Алданбаңдар! 
Азғынға жуыспағын. 
Абай болғын арыңды нық ұстағын, 
Араңда жүр Жантықтың туысқаны. 
 
Жаным, сен жасымағын 
       Көбейте берме, жаным, шашың ағын, 
Жаным, сен жасымағын, жасымағын, 
Нөсерлетіп, бір сәтте басыламын, 
Шашылады шұғылам, ашыламын. 
Ұшқындарын жан-жаққа шашыратқан, 
Кездерім бар кей-кейде жасын атқан. 
Қара бұлтқа қара да басымдағы, 
Күн шығады деп ойла осы жақтан. 
Жанымның жақсы емес тыншығаны, 
Тыншығанда жүрегім тұншығады. 
Жасынымнан, жаным, сен сескенбегін, 
Жай отының артынан күн шығады. 
Жай отымды алыппын бәсеңдетін, 
Есім кетіп қалыпты, есем кетіп. 
Ақ жаңбырдың нұрына шомыла бер
Нөсерлетіп алайын, нөсерлетіп. 
Жаным, сен жасымағын, жасымағын! 
Нөсерлетіп бұлттардан жай атылмай 
Күн тымырсып тұрғанға ашынамын... 
 
Жаным-ай! 
       Жаным-ай! 

Жабықтырма, жабықтырма, 
Құмар ғып, көп нәрсеге зарықтырма, 
Жырымнан тарықтырма, тарықтырма. 
Жаным-ай, неткен қиын өмір деген! 
Бүгін от, ертең менің көмір денем. 
Қоршалған  төрт құбылам темірменен, 
Жаным-ай! 
Менің шуақ күндерім-ай 
Артымнан қандей-өсек үргенін-ай, 
Қанденмен күресе алмай жүргенім-ай! 
Meн десе 
Күндіз-түні көз ілмейді, 
Үреді де тұрады, безілдейді. 
Жаным-ай! 
Heгe сені сезінбейді?! 
Адамдар бір жылы сөз қимағасын, 
Жаным-ай! 
Несіне сен қиналасың? 
Жаным-ай, 
Сыйламаса, сыйламасын 
Бәрібір, 
Бізді ішкіш деп жүр ғой, 
Аяулым, 
Ішіп қайталық, 
Басына барып һәйәмнің. 
Көземіз майға, 
Кезіміз жасқа кенеліп, 
Азан салайық: 
- Оянғын, баба, оянғын. 
Хан менен бектен, 
Молда мен шонжар, күштіден, 
Дейді ғой Сізді қиянат көріп ішті деп. 
Оянғын, баба, 
Отырайық бір кәйіп қып, 
Біздің шараптар Сіздің майлардан күштірек. 
Сіз көрген, баба, 
Қиянаттарды көрмей біз, 
Рақаттарды кешігі жүріп-ақ шөлдейміз, 
Тірі пенденің тілін алмаймыз,, көнбейміз 
Қоймайтын болдық, 
Өзіңізге ұқсап өлмей біз. 
Көрдіңіз қиянат, 

Көрмей-ақ біздер ішеміз. 
Басымыздағы бақыттардан да күсеміз, 
Қазылған орға өзіміз іздеп түсеміз. 
Қайтеміз енді? 
Ұлы бола алмай ішеміз 
Бәрібір бізді, 
Ішкіш деп жүр ғой, аяулым, 
Көтеріп жібер, 
Көңілің  неден қаяулы? 
He деген екен? 
Несі бар осы заһәрдың? 
Оқышы тағы, оқышы Омар һәйәмды. 
 
Жарық дүние-ай! 
       Жарық дүние-ай! 
Жарығың неткен жақсы еді? 
Жаңылыспаспын,жарым деп айтсам нақ сені. 
Құшаққа сыйсаң,құшырым қанып,өбер ем, 
Құшақтап тұрып, өлер ем. 
Жарық дүние,жанарым менің жайнаған! 
Жап-жарық неткен айналаң!? 
Нұрыңа сеніңмиллион бояу ойнаған, 
Құмартып кетер қомағай көзім тоймаған... 
 
Жас бала 
      Теріскей бет, жел үрген, 
Аязға тоңған жас бала. 
Тумай жатып өмірден, 
Қалды екен неге жасқана? 
Алты жасар жас бала, 
Тұрмыстың кілтін қолға алып, 
Семьяға бас бала, 
Тіршілік еткен қой бағып. 
Акасы қайда жас құстың? 
Әкесі қайда кетті екен? 
Тәкаппар бұл тұрмыстың 
Қайнауы қалай жетті екен? 
 
Жасасаң қайыр,қарыз... 
      Жасасаң қайыр,қарыз деп айтпа,жарқыным! 
Қарыз ғып берсең,қажет те емес алтының. 

Өгіз боп саған,өткерер менің жайым жоқ. 
Өмірдің қалған тамтығын. 
Ақ уыз берді,қарыз деп анам айтпады, 
Мойнымда әлі,әкенің қарызы қайтпады. 
Қарыз демей-ақ,қамқоршым болған дос қанша, 
Қайтарар едім,қайтейін, мені байытпады... 
Еліме мәңгі қарыздар едім қашаннан, 
Өтермін қашан? 
Кетермін қайда? 
Қаша алман. 
Қарыз деп айтпас,қайрымды мынау өмірге, 
Қарыздар болып жасалғам. 
Қарыз деп айтпа,жасасаң маған қайырым, 
Қайтара алмаспын,белгісіз менің байырым... 
Мен деген,жолдас, жарлының жалғыз тайымын, 
Ағытып болмас айылын!.. 
 
Жастық 
        Ойлайыншы, не берді жастық маған? 
Үйрет деп асау берді бастықпаған. 
Жастық маған от берді жалындат деп, 
Жастық маған оқ берді жауыңды ат деп. 
Жастық менің жаныма жыр байлады. 
Жастық мені жалтартпай шыңға айдады
Жастық мені шындады, шынықтырды, 
Жастық шіркін өмірді шын ұқтырды. 
Ризамын жастыққа, текке өтпеді, 
Әзір тұр гүл-бағымды көктеткелі. 
Жастық маған ақыл-ой, сана берді, 
Амал не, жастық өзі қалады енді. 
 
Жағымпаздар мен... 
       Жарамсақ бұлақ барып құйды құмға, 
Құм оған бұлғаған жоқ құйрығын да. 
Рас қой «Су аяғы - құрдым» деген, 
Құм қайтсін жарамсақтың сыйлығын да. 
Тал жанасар жағынып, терекке кеп, 
Тамыры әлсіз тал байғұс... 
Терек бөлек. 
Жағынудан жатады жер екпелеп, 
Жағынулар бірақ та керек... керек... 

Терек байғұс несіне жағынады?! 
Жағынатын нәрсе іздеп аңырады. 
Сыбырлайды жағымпаз самал келіп: 
- Жағына біл, жағынсаң,- табылады. 
...Дауыл-долы ұрынар еменге кеп: 
-  Асқақтамай иілгін төменге! деп. 
Арасында арпалыс басталады, 
Себебі, дауыл бөлек, 
Емен бөлек. 
Емен тек жерге ғана бас ұрады! 
Дауыл оны күндейді, ашынады. 
He еменді құлатып басылады. 
He құйрығын қысады, қашып әлі... 
Бір кемпірді бір кемпір 
Апа деген күн кештік. 
Бір баланы бір бала 
Ата деген күн кештік. 
Қуанышты арман ғып, 
Қапаменен бірге өстік. 
Егіз-егіз елдесіп, 
Қол ұстасып белдесіп, 
Қайраттанып, кел десіп, 
Туған жерде кең бесік, 
Өмір сүрдік селбесіп. 
Бұғанамыз қатпастан, 
Буынымыз дат басқан. 
Соғыс деген сойқан кеп
Тапыл тұрып, тап басқан, 
Бала шақты ап қашқан. 
Біле жатар білгендер, 
(Білмегендер, білмендер... 
Нардың жүгін көтердік, 
Боталар мен інгендер. 
Қатар жүріп қайғы, арман, 
Жеңіс күттік майданнан, 
Ер едік біз, ер едік 
Ерте туып, жай қалған. 
Табиғат, 
Жанымды алсаң, 
Алшы менің. 
Бір түйір жерге түскен тамшың едім. 
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің 

Артымда қалсын жерім, 
Қалсын елім. 
Мен де бір жүріп кеткен сағымдаймын, 
Қалдыр деп, 
Саған, сірә жалынбаймын, 
Мәңгілік мекеніме жету үшін, 
Күніне қаншама рет адымдаймын. 
Кім білсін, 
Қаншама әлі шырқарымды, 
Кім білсін, 
Қай күні сен қырқарыңды. 
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің, 
Жоғалтпасам болғаны ұрпағымды. 
 
Жездіде 
       Жезқазған. 
Жездінің бұл қатпарынан, 
Еліме иен ырыс ақтарылған. 
Осында жүр жастары, қарттары да, 
Қанышынан үйреніп, хат таныған. 
Хат таныған, 
Басына бақ дарыған. 
Жер асты - көгілдір тау, құлама жар, 
Жер үсті - көк тіреген мұнаралар. 
Көлбеп жатқан көк тасқа сына қағар
Кеншілер - кереметтей ғұламалар. 
Жеті қат жер астына енгенінде, 
Ұқсамайды тозаққа, көрге мүлде. 
Ғұлама кеншілерді көргенінде, 
Көк тастың найза ойнатып өңменінде, 
Кенші болғың келеді сен де бірге. 
Астыңнан да, үстіңнен бұлақ аққан, 
Қопарылыс естілді мына жақтан. 
Жар құлап жазатайым кетпесін деп, 
Жанталасып кеншілер сына қаққан. 
...Қанышынан кешегі хат таныған, 
Хал қалай деп сұрасаң қарттарынан, 
Білмейді екен басқаны шаттанудан, 
Аулақ емес, әрине, мақтанудан. 
 
Жетінші ноябрь, Алматы 

       Бәрі де ұнасымды: 
Неше тәулік түнерген күн ашылды, 
Алаңдарды кернеген сән-салтанат, 
Асылып Алатауға құлаш ұрды. 
Алқызыл ұрандардан, жалаулардан, 
Көшелерде алқызыл алау жанған. 
Зиянсыз зеңбіректер атылуда, 
Әскери қалашықтан, аландардан. 
Ұнасымды, жарасымды, 
Адамдардың барлығы бала-сынды. 
Алаулаған Алматы тербеледі, 
Қызғалдағы құлпырған дала-сынды. 
...Есіме алдым ауылды, Қарасуды, 
Сағыныштан көңілім аласұрды. 
Қарасу да мейрамдап жатқан болар, 
Салтанаты бойына жарасулы... 
Тамашалап жатыр-ау таулы мекен, 
Таулы мекен... 
Жаныммен баулып өтем. 
Бір уыс бұлт бір тамбай кетпеуші еді, 
Қарасуға қар жауып қалды ма екен... 
 
Жетісу 
     Отанымның орнығып кең төріне, 
Айналасын ақ таулар көмкеруде. 
Жаралғандай Жетісу ертегіден, 
Еркелейді Жетісу ерке күнге 
Еркелейді, 
Еркелейді, 
Еркелейді Жетісу ерке күнге. 
Аясында Алматым тыныстаған, 
Алатауым апайтөс ырыс маған. 
Болашаққа қазақтың көшін бастап, 
Жетісуым барады ту ұстаған. 
Жетісуым, 
Жетісуым, 
Жетісуым барады ту ұстаған. 
Ұясынан ұшырған балапаны, 
Даңқын елге Жетісу таратады. 
Болашағы баламның Жетісуым, 
Әлпештеген анамның алақаны. 
Әлпештеген, 

Әлпештеген, 
Әлпештеген анамның алақаны. 
Кұншығыстан алаулап таң атарда, 
Қасиеттеп қараймын жан- Отанға, 
Сәлем берем бас иіп Жетісуға, 
Сәлем берем бас иіп Алатауға. 
Сәлем берем, 
Сәлем берем, 
Сәлем берем бас иіп, Алатауға. 
 
Жиі енеді 
      Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл, 
Ойнақ салып, құлын-тай қырында жүр 
Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл 
Іркіт иісі келеді мұрынға бір 
Ойнамай жағасында құрақпенен, 
Жалығып әзер аққан бұлақ көрем 
Мал өрістен қайтканда кешке қарай, 
Жамыраған қозы мен лақ көрем. 
Қырық түтін шығады қырық тамнан, 
Қырық торғай ұшады шыбық, талдан 
Қырық әже күзетіп отырады, 
Қырық ұлдың орынын суып қалған. 
Қыр басына қырық шал жиналады 
Бір-біріне тартуы сый қабағы 
Бір-біріне отырар басу айтып, 
Қайтесің,- деп тәңірдің қимағанын 
Тауларым да тұрады қалқан болып, 
Соны көріп қалады арқам кеңіп 
Өлі ұйқыдан осылай оянамын, 
Оянамын, көңілім талқан болып. 
 
Жолдастарға 
       Күндіз көңіл тыншымас, түнде көңіл, 
Бәрі аян: 
Еткен тірлік, сүрген өмір. 
Түнгі ұйқымды төрт бөліп, мазалаған, 
Көкейімде, жолдастар, бірдеңе жүр. 
Бірдеңе жүр.., 
Білмеймін не боларын, 
He келерін басыма, не қонарын. 

Су аяғы ңұрдымнан ойымды алып, 
Су аяғы құрдымда доғарамын. 
Бірдеңе жүр... 
Білмеймін не боларын. 
Жоққа жүйрік жетпейді, 
Жеткізбейді! 
Кім біледі, қу көңіл жоқты іздейді. 
Жолын тауып, жолдастар, дариядан, 
Жел қайыққа мінгіз де, өткіз мейлі. 
Су аяғы құрдым ғой ой дегенің
Қалай ғана құрдымға бой беремін!? 
Әлі талай алдымда салтанат бар, 
Әлі талай алдымда той көремін. 
Meн өмірге келмегем күдікпенен, 
Үмітпенен енген ем, үмітпенен. 
Жоқ іздеген жандайын әзірге мен, 
Әйтеуір жүріп келем, жүріп келем... 
 
Жоқ, дәрігер 
      Жүрегіме жүк артып жүргенімде, 
Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе? 
Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген, 
Уландың ба, білмеймін кірледің бе? 
Бары ақиқат бір дерттің жүрегімде, 
Дәрігер-ау,арқалап жүремін бе? 
Сорлайтындай соншама кім едім мен, 
Heгe аяныш атасың іреңіңнен? 
Айтып өлтір,қайтесің босқа ойланып, 
Жүрек дерті өлімге бастай ма анық? 
Адасам ба өмірден жастай қалып? 
Ет жүрегім кете ме тасқа айналып? 
Heгe айтпайсың, тұрғанша босқа ойланып. 
Пері соққан пендедей есі жарым, 
Тамырымда тулайды есіл ағын. 
Бұл жүректің білмеймін несін алдым, 
Несі жоғын білмеймін, несі барын? 
Қаным қайнап барады, қаным қайнап, 
Бір амал тап, дәрігер,халімді ойлап. 
Алауыртқан ақынның қолын байлап, 
Әкетпесін ажал кеп, өлімге айдап. 
...Жоқ! 
Дәрігер! 

Орнатпа басқа жүрек! 
Басқа лүпіл жасама, басқа леп. 
Қалай айтам, бүлінген жүрегімді, 
Білдірмей доғдыр алып тастады деп?! 
Өңгеріп өгей жүрек қайда барам, 
Өзгенің ғұмырын қалай пайдаланам? 
Сыйыңа рахмет, қайран адам! 
Өзімнің жүрегімдей қайда маған? 
Алмастырам!? 
Дедің-ау, алмастырам!.. 
Сірә, менің жұлдызым жанбас бұдан. 
Өзімнің жүрегімді жерлеп келіп, 
Өзгенің өмірін қайтіп жалғастырам? 
Тула, Жүрек! 
Өкінем мен несіне!? 
Туған жүрек,әрине,өлмесін бе? 
...Жоқ! 
Дәрігер! 
Қозғама, 
дамылдасын, 
Әрбір жүрек өзінің кеудесінде! 
 
Жылқыбайдың жүрегі 
       Есімде әлі, 
Қарасаздағы диірмен. 
Су соққан барлық тастарды ұршық үйірген. 
Есімде бәрі... 
Жылқыбай қарттың үйі де, 
Өзі де, диірмені де, 
Аппақ тозаңға киінген. 
Сақалы да аппақ, 
Мұрты да аппақ, 
Бәрі аппақ, 
Мектептен шығып, жіңішкке судан әрі аттап, 
Жылқыбай қартқа кететін еді жетімдер 
Өзегі талып, 
Аш лақтардай жалақтап. 
Ортан жіліктей, 
Темекісін қарт орайтын, 
Орайтын-дағы, бір-бірлеп бізді санайтын. 
Санайтын-дағы, қойнынан алып күлшесін, 
Тепе-тең бөліп, 

Күрсініп, ұзақ қарайтын. 
...Су диірменді, 
Әкеткен мұнан кім едің? 
Ауылға барсам, айналып орнын жүремін,жүремін. 
Қайтейін енді, 
Осында мәңгі сақтаса, 
Артында қалган Жылқыбай қарттың жүрегі... 
 
Жыр-ошақ 
     Күмілжіп, күйің келмей тұр ма, жаным?.. 
Қояйын бір сапырып жыр қазанын. 
Біле ме жұрт, білмей ме, бимағұлым, 
Тарғыл тасты таулардың бір қазағын. 
Бәрібір, сенсін мейлі, сенбесін көп, 
(Менің ойым менімен жерге сіңбек...) 
Жыр-ошақтың өтемін отын үрлеп, 
Қара елеңі қазақтың сөнбесін деп. 
Батар, кетер келмеске күнім менің, 
Қалар бірақ киелі тілім менің. 
Қасіретті шақтардан түңілгенде, 
Қасиетті тілімнен түңілмедім... 
 
Жырлар жазам 
      Жырлар жазам, 
Алайда ол кімге керек?! 
Жанға шипа іздеймін, тілге дерек. 
Мәжнүн болып барамын күннен-күнге, 
Сау жандардан саяқсып, жүрген ерек. 
Жырлар жазам, 
Білмеймін не берерін, 
Көгерерін білмеймін, тек өлерін. 
Күйінішін халқымның, сүйінішін, 
Өз үнімен жырласам деген едім. 
Кімге дәрі бар сыры қара бастың 
Өзім ғана өзіммен жағаластым. 
Қапелімде ой айдап,қиял қуып, 
Барса келмес сапарға араластым. 
Барса келмес сапарға араластым, 
Енді артыма бұрылып қарамаспын. 
Жырлар жазам, дерімді деп өлемін, 
Қарсы алдында тұрсам да дар ағаштың. 

 
Жырласам ба екен 
          Жырласам ба екен, жыласам ба екен, 
білмеймін, 
Алдымда тұрған адамды мынау кім деймін?! 
Алдымда менің адасып кеткен арман тұр, 
Жылатсам ба екен, жұбатсам ба екен, 
білмеймін?! 
Алдымда менің адасып кеткен тұр арман
Айыру қиын бейнесін сұрғылт мұнардан. 
Жетілмей жатып жемісін мұның кім алған? 
Алдымда менің ағаш тұр көктей куарған. 
-        Танымай тұрмын, таба алмай тұрмын сені мен, 
-        Ақырғы рет адасып келіп, сенімен 
Сырласу үшін, мұңдасу үшін келіп ем. 
Жемісім менің көктеді, бірақ өспеді, 
О, қашан менен жастықтың оты өшкелі! 
Бір кезде сенің арманың болған емес пе ем? 
Есіңе алшы, есіңе ал да, кеш мені. 
Есімде, иә, есіме түсті қара қыз, 
Ұмыт боп кеткен, суық боп кеткен арамыз. 
Кешегі сотқар адуын жанның орнында 
Тандыр боп қалған әруей отыр, қараңыз. 
Жастықтан жалғыз қабақ пен ғана қас қапты
Қап-қара шашы буырыл тарта бастапты. 
Жалындай сүйген, жанындай сүйген «жан жары» 
Оқылған хаттай төрт бүктеп, жыртып тастапты. 
«Есімде менің алдыңа сенің барғаным, 
Санаңды бөліп, сөзімді менің алмадыц. 
Алаңсыз едің, күлкіңмен ғана алдадың, 
Алдадың-дағы алыстай бердің арманым. 
Алыстай бердің, алыстай бердің, арманым, 
Адасқан сенен, асулар түрған алда мың. 
Заулатып откен, шандатып өткен жолыңда, 
Гүл болып өсіп, қурай боп қатып қалғамын. 
Есімде менің, есіңе сен де алып көр, 
О күннен қалған ескерткіш бар ма, алып кел. 
Ілесіп кеткен, бір өсіп кеткен өзіңмен, 
Жастығым қайда, жаз күнің қайда, тауып бер? 
Есігімді аштым, шығарып жолға салмадым, 
Қош бол деп енді қолын да қысып қалмадым. 
Байқамай қалдым, не болып кетті жан-жағым! 

Үзілді ме әлде үмітсіз менің арманым. 
Жанымда менің арман боп мөңгі жүр, мейлің, 
Лaп етіп сөнген үміттің несін үрлеймін. 
Жастық-ай, сені түсіну қиын, білмеймін, 
Жырласам ба екен, жыласам ба екен, білмеймін. 
 
Жүр 
         «Жүр. 
Кеттік біздің ауылға, 
Келістік. 
Әкел қолыңды? 
Шөйіліп күнәң жауында, 
Найзағай оссын жонынды. 
Астыңа дүлдүл ат беріп, 
Қиямен тауға айдайын. 
Қияннан, қане, ат келіп, 
Алдыңа киік байлайын. 
Биікті нағыз көргенде, 
Жүрегің лоблып айналсын. 
Биіктен қарап дөңдерге, 
Даңғаза басың ойлансын. 
Көп айтушы едің тұнықты, 
Тұнықты нағыз көр енді. 
Алдында бұлақ тұрыпты, 
Батыра көрме денеңді. 
Тұныққа төніп қара да, 
Тұнық боп көрін халыққа. 
Ақ па екен дүзің, қара ма, 
Өзіңді-өзің анықта. 
 
Жүр, қалқам 
      Шайқалып нұр, 
Маужыраған мамырдан май тамып тұр. 
Жайқалып қыр, 
Тауға соққан боз сағым қайта ағып тұр. 
Айталық сыр, 
Серуендеп, жүр қалқам, қайталық бір. 
Сырласайық, 
Қызғалдақты иіскеп, бір жасайық, 
Қыр басайық, 
Өмсе бұлай мамырдың тұрмас айы. 

Мұңдасайық. 
Қос көңілдің пернесін бір басайық. 
Танысайық, 
Сенде - мамыр, ал менде - ағұс айы. 
Табысайық, 
Сенде - шырын, менде - дән, ауысайық? 
Ауысайық, 
Шырынын да, дәнін де тауысайық. 
Құлақ талып, 
Мына даңнан кетті ғой құлақ талып
Жырақ барып, 
Серуендеп қайтайық сыр ақтарып. 
...Бара жатыр жанымды бір от қарып, 
Жастығым ба, тірілген құлап барып?.. 
 
Жүрегім менің - жанартау 
       Жүрегім менің - жанартау, 
Жалын боп шығар от-демім. 
Келем деп қамсыз, самарқау, 
Өртеніп, қалқам, кетпегін. 
Жолама маған жуықтап, 
Маңымнан, қалқам, жүр аулақ. 
Өтірік қана суып қап
Алыстан сені тұр арбап. 
Момақан болып жатқанда, 
Ойлама оны сөнді деп. 
Көмейден жалын атқанда, 
Көнбейді мынау өр жүрек. 
Атқылап жалын тұрғанда, 
Құдайыңа да көнбейді. 
Аяғын аттап бұл маңда, 
Сондықтан ешкім келмейді. 
Жүрегім менің - жанартау, 
Жанбаған шақта кел, мейлі! 
Жанартау қазір самарқау, 
Самарқау, бірақ сөнбейді... 
 
Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам 
       Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам, 
Бұл күнде сымдай тартылған. 
Лүп етіп самал соқса да, 

Ызыңдап қалар антұрған. 
ЬІзыңдап, нәзік үн шығар, 
Үн шығар-дағы тұншығар. 
Шегіне жеткен сым-ішектер, 
Үзілейін деп тұр. шығар... 
Алдыма өзің келгесін, 
Аянам енді мен несін. 
Үзілсе, мейлі, үзілсін, 
Басып бір көрші пернесін. 
Баяғы сазы бар ма екен, 
Қуаныш па екен, зар ма екен. 
Сыңғырап тұрған сым-ішектер, 
Бұл күнде қандай халде екен?! 
Саусағың салып пернеме, 
Сазды үнің шығар тербеле. 
Тыншып бір тұрған тұлпарым, 
Тықыршып қалсын кермеде. 
Бұл күнде сымдай тартылған, 
Жүрегім, жүйкем,бар тұлғам, 
Айныма осы қалпыңнан! 
Айныма осы қалпыңнан!!! 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал