Мұқағали Мақатаев (1931-1976)



жүктеу 5.23 Kb.

бет2/17
Дата09.01.2017
өлшемі5.23 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

He деген керемет күн 
        He деген керемет күн! 
Жаныда бәрі даяр не керектің: 
Көрінеді гүлдерің бүр жарғаны, 
Естіледі ұшқаны көбелектің. 
He деген керемет күн! 
Естіледі бал-ара нәр сорғаны, 
Бармақтай балапан құс ән салғаны. 
Бәрін де кеудесіне қондырып ап
Дала бір рахатта, 
Дел-сал жаны. 
Таулардың самал ессе балағынан, 
Гүлдер тұр үзілердей сабағынан. 
Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ 
Шашырап күңнің алтын табағынан. 
Сусындап көк аспанның шанатынан, 
Шарықтап шыңырауда ана-қыран; 
Ару-жер өз дидарын қарап жатыр, 
Мөп-мөлдір, тұнық көктің жанарынан. 
He деген керемет күн! 
Кейпіне елітесің төңіректің. 
Қаласа мына жатқан сәби-дүние. 
Келеді өміріңді бере кеткің... 
 
He жетпейді? 
      - He жетпейді? 
Құлпырған маңайың гүл,- 

Деп маған, 
Ырза болмай, ағайын жүр. 
Жаным барда, бойымда қаным барда, 
Жырымнан жан ашуын алайын бір. 
Бәрі де бар... 
Басымда бәрі де бар. 
Жан емеспін жарымжан дәріге зар. 
Жетпейтіні - жүректің әні болар, 
Бақыт, бақтың тарыдай дәні болар... 
Қалғанының бәрі бар бір басымда, 
Әлі талай жараймын қырды асуға. 
Жетпейтіні - досым аз сырласуға, 
Өмірім аз, жетпейді бір ғасырға. 
Күрсінгенім болмаса анда-санда
Көз жасымды қақым жоқ көл жасауға. 
Аздығы да ғұмырдың алаңдатпас, 
Міндетті емес ақындар көп жасауға. 
Кім айыптап, сыртынан кім күледі, 
Содан болар жырдың да жүнжігені. 
Адам жырлап тұрғанда, заман жырлап, 
Керегім де жоқ шығар кім біледі?! 
 
He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан 
      He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан, 
Су тартылған теңізден, жылғалардан, 
Нелер ұрпақ аттанған қуған арман, 
He бар дейсің, өмірге тұлға болған 
He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан. 
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма? 
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да. 
Менің жаным ашиды мына өмірді, 
Өтпейтіндей көретін адамдарға! 
Өтеді ғой... 
Өтеді барлығы да, 
Күн арқылы  кетеді таңды мына 
Менің жаным ашиды барлығына; 
Таң нұрына, адамның тағдырына 
Менің жаным ашиды өткендерге, 
Жаңа ғана өмірге жеткендерге 
Ұран жазып аспанға қойсам ба екен, 
Енді сендер өмірден өтпендер деп. 
Бәрі өтуде 

Күн батып, кеш кіруде, 
Жаңаруда дүние, ескіруде 
Болашақтан - бейтаныс, ұрпағымыз, 
Босат деп тұр орнымды, 
Естідің бе?! 
 
He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен 
       He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен, 
He пайда дәтке қуат бекінгеннен, 
Алайда, емханада көз жұмғаннан
Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген. 
Құрбан ғып жастығымды, жас ғұмырды, 
Жауымнан жасыра алмай қастығымды. 
Жанымды аямаған жауларымнан, 
Ала жатар едім ғой жастығымды. 
Өкінбен, мұңайман да, өксімеймін, 
Өмірім, осылай-ақ өтші мейлің. 
Алайда, аласапыран тіршіліктің, 
Алдында күресе алмай тек сілейдім! 
Күнін керіп жүргем жоқ жетім құлдың, 
Бірақта не бітірдім, не тындырдым. 
Шөп жинаған ініне суырдайын, 
Әйтеуір тіршілікке бетім бұрдым. 
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім, 
Жыр жазсам, оған жұртым өлімдестің. 
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, 
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! 
Туған жер сағындырды, келді есіме, 
Өзім кепіл енді оны көрмесіме. 
Тағыдай тауда өскен тарлан едім, 
Таңылдым емхананың бөлмесіне. 
Кім кепілдік береді өлмесіме! 
О, дәурен, неткен ғажап сүйікті еді! 
Жайылған жасыл маңда киіктері. 
Отырған оңашада, биіктегі, 
Таңғы самал жататын сүйіп мені. 
Ойнатып омырауда таң самалын, 
Мен алғаш шыққан күнді қарсы аламын. 
Мәңгілік сол биікте қалып қоймай, 
Несіне бұл тірлікті аңсағамын?! 
Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! 
He деген жел айдаған көбелекпін. 

Еркіндік, еркелікті місе тұтпай, 
Тасқа әкеп өзімді-өзім шегелеппін... 
 
Heгe жыламасын?! 
         Heгe жыламасын?! 
Бәрісі де жылаған. 
Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған. 
Түнек болып келе жатқан тажалға, 
Аттануда, аттануда тірі адам. 
Жылап жатыр. 
Өбісуде еріндер, 
Жыламаған жалғыз ғана кебір - жер. 
Жылап жатыр үйленбеген күйеулер, 
Жылап жатыр үйге енбеген келіндер. 
Боздақтарын аттандырған шақтарда, 
Боздап еді-ау, боркемік боп қарттар да. 
...Бір орманның бір түп өндір шыбығын 
Тиеп алып, күнбатысқа тартты арба. 
- Ал енді сен азаматсың! - деп маған, 
Арбасына отырды да кетті ағам. 
Тағы да бір қайрылмас па екен деп, 
Тозаңдатқан қара жолды бетке алам. 
Қайрылмады. 
Олар ұзап барады. 
Ән естілді. 
Әлдиледі даланы. 
Қарап тұрмын. 
Құйын болып ағады 
Қара жолмен 
Көршіміздің Жанары. 
(Талай рет хат апарып бергем-ді) 
Тани кеттім үйге енбеген жеңгемді. 
Қайсар қыздың қайсарлығын ел көрді, 
Қайсар қыздың қылығына ел көнді. 
Қайран аға!.. 
Қайсар жанды таңдапты. 
Қарсы ұшты. 
Жұрт күрсінді салмақты. 
Екеуінің араларын шаң жапты, 
Екеуінің ортасында жау жатты. 
 

Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды 
       Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды, 
Ақылымның есігінен аттай бере жығылды. 
Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап лайлап
Кей пенделер қайнатады-ау, қайнатады-ау зығырды. 
Інім айтса бас изедім, ағам айтса қош көрдім, 
Жанның бәрін жатырқамай, жақсы дедім, дос көрдім. 
Араларын ажырату мұншама ауыр болар ма, 
Адалдық пен арамдық деп аталатын қос белдің. 
Мақұл дейін, кінә өзімде, өзіме айып тағайын, 
Ақ жаныма, пәк жаныма қалай күйе жағайын. 
Адалсың ба, қолынды бер, сенен тәлім алайын, 
Арамсың ба, аулақ-аулақ маңайымнан, ағайын. 
Арым, міне, сүттей аппақ алдыма кеп жылап тұр, 
Жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр. 
Өмірдегі адамдықты, адалдықты теріп ал, 
Қалғандарың  құлан жортпас құла дүзге лақтыр! 
 
Ілініп түн тұр тауларға 
      Ілініп түн тұр тауларға, 
Дамылдап тірлік қалған ба?! 
Алыстан оттар жанады 
Жай таппай мына жалғанда, 
Адасып жүрген арман ба?! 
Жарқ етіп, кейде бір өшіп, 
Бұлаңдап, шалқып, тұр есіп. 
Сөндірмек болған самалмен
Сөнгісі келмей күресіп. 
Бір жанады оттар, бір өшіп. 
Адасып жүрген боларсың, 
Отқа тарт, түнгі жолаушым! 
От жанған жерде - ошақ бар, 
Барарсың, мүмкін қонарсың: 
Отқа тарт, отқа, жолаушым, 
Жоғалсын үрей, жоғалсын! 
Ұмтылып келер күндерге, 
Жанады оттар түндерде. 
Тіршілік барын аңғартқан, 
Жанады оттар жан-жақтан, 
Әкеліп үрей кімдерге, 
Әкеліп үміт кімдерге 

Жанады оттар түндерде. 
 
Абысындар 
      Бірінің жары өлген де, 
Бірінің жары хабарсыз. 
Сұрапыл басқа төнгенде, 
Кетіпті қара қағазсыз. 
(Ажалға берген шығыны) 
Бір аяқ, бір қол жоғалған. 
Кеудеде тірі шыбыны, 
Бірінің жары оралған. 
Жалғанда тірлік, тұрмысың 
Бірінің жары дін аман. 
Көргенде жесір құрбысын, 
Жесірден бетер жылаған. 
Бірінің сыры біріне 
Белгілі, бәрі тым қанық. 
Өткізген жастық күніне, 
Күніне қайтар бір барып. 
Сырларын бүгіп ішіне, 
Сыр мінез, тату абысын, 
Сездірмей тірі кісіге, 
Сақтап жүр әйел намысын... 
 
Автограф 
      Көрер едің, 
Шаламын ба, отпын ба, 
Білер едің, 
Ақынмын ба, жоқпын ба?... 
Кектендірген хан Жәңгір де жок, мұнда, 
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда. 
Түсінер ең, 
Езбін бе, әлде ермін бе, 
Байқар едің, 
Артықпын ба, кеммін бе?.. 
Мен Спартак бола алмадым, не шара, 
Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?! 
Сырым да - осы
Жырым да - осы, 
Алдыңда? 
Байқашы бір, 

Бықсыдым ба, жандым ба? 
- Махаңдар жоқ, 
Махаңдардың сарқыты - 
Мұқағали Мақатаев бар мұнда! 
 
Адалмын деп, араммын деп айта алман 
      Адалмын деп, араммын деп айта алман, 
Адалдықпен бірге ойладым, бір күлдім. 
Арамдықтын, кемесінде шайқалған, 
Тектек болған тайыншадай ділгірдім. 
Адалсың деп көңілімді көпсітпе, 
Адалдықты ала келгем анамнан. 
Арамсың деп өмірімді өксітпе, 
Жұмыр басты пенде болып жаралғам... 
Адалдығым, арамдығым байқалған, 
Жырым менің - сырым менің - шар айна. 
Адалмын деп, араммын деп айта алман, 
Сен сұрама, жарай ма? 
 
Адамды адам түсінбеу -- бір ақырет 
           Адамды адам түсінбеу -- бір ақырет. 
Ойлы жас, түсініпсің, рақмет! 
Рақмет! 
Жассың ғой жалыны мол, 
Жалыны мол және де қуаты көп. 
Ойлы жас! 
Өлең -- менің бар тынысым, 
Жақсы сөзім - жаны игі халқым үшін. 
Атақ қуып, бақ қуып, даңқ қуып, 
Біреулерден жүргем жоң арту үшін. 
Оңашада ойларын тыным еткен. 
Біздейлердің мыңы кеп, мыңы кеткен. 
Ақындар бар амалсыз бұғып өткен, 
Ақындар бар ішінен тынып өткен. 
Біздейлердің мыңы кеп, мыңы кеткен. 
Бізді олардың балама біріне де, 
Ұлыға да санама, іріге де. 
Қалам тартқан қазақтың бәрі де ақын, 
Абай, бірақ қайтадан тіріле ме?.. 
Ойлы жас! 
Өлең менің сырласымдай, 

Сырлассам да құмарым жүр басылмай. 
Айтып өткен аңында арман бар ма 
Жүрегінің түбіне кір жасырмай... 
 
Адамзаттың ұрпағы 
       Дәл осы көшеменен кім жүреді, 
Он жылдар, жүз жыл өтер, кім біледі. 
Оны тек сол шақтағы күн біледі! 
Оны тек сол кездегі түн біледі. 
Бұлардың уақытпен бір жүрегі. 
Кім салқындап отырар мына бақта? 
Ойын-сауық ана жақ, мына жақта. 
Сонда қалай? 
Осы бақ орынында, 
Адамдар алма-кезек құламақ па!? 
Талай тарлан жақсыдан тірі адастым. 
Мен сенен мәңгілікті сұрамаспын. 
He айтам саған, табиғат, адамдарға, 
Қимадың ғой өмірін бір ағаштың. 
Адам байғұс жер бетін жасандырып
Жасамайды өзіңе асау қылық, 
Тек ескерткіш орнатар өздеріне, 
Тау-тасты тыным алмай қашап жүріп. 
Талай нөсер төгілер, болар жасын, 
Алапат күн әйтеуір жол алмасын. 
Мына нұрлы өмірге тірек болған, 
Адамзаттың ұрпағы жоғалмасын! 
 
Адасқан шағала 
      Жаным-ау, қайдан жүрсің, ақ шағала, 
Келсең кел, бұл өлкені жат-санама. 
От-суы мол осынау байтақ алқап, 
Сая болған батырға, патшаға да. 
Қылша мойын жаным-ау,қылыш қанат. 
Қимай мені келдің бе туыс санап? 
Ақ ниетпен келдің ғой қалайдағы, 
Шашсам ба екен күн нұрын уыстап ап. 
Айдыным жоқ төсіңмен шимайлаған
Аялайды, әлдилеп мидай далам. 
Толқынға қонақтаған ерке-тотай, 
Толқынсыз қара суға қимай барам. 

Кім екен саған еткен зорлық, қысым, 
Адасқан Атыраудан зарлықпысың? 
Көлшігім, бұлақтарым - бәрі саған. 
Адасқан Отанынан зарлық құсым. 
Қонбасыңды білемін қыр басыңа, 
Толқының жоқ жаныңмен сырласуға. 
Бөрі де табылар-ау бүл өмірден, 
Тек Отаның жетпес-ті бір басыңа... 
 
Айтатын саған сырым бұл 
      Айтатын саған сырым бұл, 
Ертеңім менің бұлыңғыр. 
Әлсіреп, дымым құрып жүр. 
Адасып менен кеткен бе? 
Айналайын құлын-жыр. 
Айтатын саған сырым бұл, 
Бастаудың мұздай суымен 
Мерт бола кетсем жуындыр. 
Өртенген жанды суындыр. 
Ерте келіп,ерте өліп, 
Шарамды таусып,төңкеріп, 
Кетем бе деп қорқамын, 
Өз отыма өртеніп. 
Бұлақтың мұздай суымен 
Жуындыр мені, жуындыр. 
Қауышып жаным жырыммен, 
Алайын сосын тыным бір... 
 
Айығып келем 
      Айығып келем.айығып келем бәрінен. 
Емделіп жүрмін,жақсылар берген дәрімен. 
Мен үшін өмір тарылған емес, әлі кең, 
Кеңістіктерге сапарға шығам әлі мен. 
Сауығып келем,жинап та келем есімді. 
Сағынып қалдым,саламат өмір кешуді. 
Тағат таппастан,тартамын алға көшімді, 
Жанып бітпестен жазбаған маған өшуді. 
Қиын ғой 
Қиын...көшіңді жолға доғарған, 
Жана алмай бықсып, ошақта отың жоғалған, 
Жаға алмай сөнсең жалын мен отты - 

Сол арман,жалындап тұрып, 
Өртеніп кетсең, жоқ арман! 
Аласарып Ай батқан 
     Аласарып Ай батқан, 
Ай батқанда, аймаққа, 
Жұлдыз шоғын жайнатқан. 
Аумайды бір құс жолы, 
Ақтарылған  қаймақтан. 
Көкжиекте таулардың, 
Көтерілсе түңлігі, 
Баурайдың да, бар маңның 
Көрінеді кіндігі. 
Бастарында Мұзарттың, 
Ағараңдар сәлдесі. 
Түнгі сапар ұзақ тым, 
Бір құдайдың әуресі. 
Көзіңе ұйқы байланып, 
Қалғытады бір демде. 
Түні бойы айналып, 
Жүргендейсің бір жерде. 
«Шәйі орамал бір байлап...» 
Шыдамадым, өн салдым. 
Жұлдызды аспан тұр жайнап, 
Кеудесіндей маршалдың. 
 
Алаула, шындық - ақ жалын 
      Санамда мәңгі бекінген
Ғаламға шындық білдірген, 
«Правда» сенің бетіңнен, 
Арымды танып білдім мен, 
Жанымды көріп тұрмын мен. 
Лениндік әділ шындықты, 
Әлемге ту қып көтерген. 
Таңдантып мына құрлықты, 
Көтеріп сені өтем мен, 
Адамдар жүрген мекенмен. 
Әманда саған бас ұрып, 
Арызымды айтам асығып. 
Шешіліп айтам ашылып, 
Шаттығымды айтам тасынып 
Әйтеуір қолмен жасырып. 

Сақтанар сәтсіз кезімнен, 
Әділ сын табам өзіңнен, 
Өзіңдей мен де төзінбен, 
Қателіктерге көз ілген. 
Жоямын оны кезінде 
Ісіммен, әрі сөзіммен! 
Алпысқа толған, ардағым, 
Ожданым, арым, арманым! 
Алпыс мың ғасыр самғағын 
Лаулағын, шындық лаулағын! 
Алаула, шындық - ақ жалын 
 
Алматының аспаны 
       Тал түсте, 
Бозғыл деңгейде, 
Шуағын жерге төккен Күн. 
Жылымық қыста кей-кейде, 
Иісі келер көктемнің. 
Ұмыттырар ақпанды, 
Боз аспан, онан боз дала. 
Осынау ғажап шақтарды, 
Қозғама, тәңір, қозғама! 
Оралады өткен күз, 
Қыс келеді. 
Төсі қар. 
Ұзатылған көктем-қыз 
Қайта оралса, несі бар?! 
Ішке сыйған баламыз, 
Сыртымызға сыяды. 
Кең ғой біздің даламыз! 
Зиялы да ұялы. 
Қайдан келсін бірақ та, 
Мезгіл жетпей қыз-көктем. 
Қарашы анау қыратқа, 
Арқасына мұз шөккен. 
Алматының аспаны, 
Бізді әзірге тұр алдап. 
Қайың, терек бастары, 
Барады әне, қыраулап... 
 
Алпысқа келдіңіздер 

         Бәрін де көрдіңіздер, 
Бәріне көндіңіздер, 
Бәріне сендіңіздер, 
Бәрін ңе бердіңіздер, 
Сіздер алпысқа келдіңіздер. 
Менің де әкем келер еді алпысқа, 
Амал нешік, жоқ боп кетті тартыста. 
Амал нешік, селдір сақал қарт ұста, 
Ауылында жүрер еді балта ұстап. 
Соғыс, соғыс... Соғыс жауы жер-көктің
Соны біліп, соғысқа жол бермек кім?! 
Егер сонау қанды майдан болмаса, 
Жүрер еді топай көгі еңбектің. 
Жақсы күннің рақатын сезіп тек, 
Немеремен сауық құрып, кезіп кеп, 
Қайран қартым отыратын еді ғой, 
Өлеңімді оқи алмай ежіктеп. 
Мен егінсіз қалдырғым жоқ даламды, 
Мен көмусіз қалдырғым жоқ Анамды, 
Мен әкесіз қалдырғым жоқ баламды, 
Ешқашан да өлтіргім жоқ адамды. 
Алпысқа келдіңіздер, 
Бәрін де көрдіңіздер. 
Бәріне сендіңіздер, 
Бәрін де бердіңіздер. 
Алпысқа келсек екен енді біздер.. 
 
Алтын адам 
       Алтын адам, 
Алтын адам... 
Адам жоқ! 
Алтын қалған жарқыраған. 
Білмейміз саудагер ме, қол басы ма? 
Сараң ба, алтын үшін қалтыраған? 
Сары алтынның белгілі нарқы маған, 
Қайда, бірақ алтыннан артық адам?! 
Кім болды екен алтынмен аптайтындай, 
Алтын жиған шонжар ма, жатпай-тұрмай 
Кім де болсаң, 
Ей, пенде! 
Күн кештің ғой, 
Ажал келсе алтының сақтайтындай, 

Алтын табыт ішінде жатпайтындай... 
Шежіремді ұрлапты... 
Зулапты күн. 
Ғасырлардан бір ызың тыңдап тұрмын. 
Алтын адам шынымен қазақ болса
Білген екен құнының қымбаттығын!!! 
 
Анау - аспан, мынау - бақ 
      Анау - аспан, мынау - бақ, 
Аспанда бұлт, бақ жадау. 
Мамық ұшты, қылаулап, 
Қыс та келіп қалған-ау. 
Аспан, жердің арасын. 
Дәрігер-қыс алуда. 
Табиғаттың жарасын 
Ақ дәкемен таңуда. 
Таңдырып ап мандайын 
Тағы көйлек сұрап жүр. 
Бақты кезіп, тал-қайың, 
Жалаң аяқ жылап жүр. 
Қу бұтағын құшақтап, 
Түксиеді кәрі емен. 
...Қыс - тазалық, қыс - аппақ, 
Әрі өкініш, әрі өлең... 
 
Апырмай, туған жер-ай 
    Апырмай, 
Туған жер-ай! 
Теңдесер кім, 
Бұл жерге сен болмасан, келмес едім. 
Кіндігімді байлаған қазығым-ай, 
Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім. 
Жат көзімен қарайды адамдарың, 
Жақын тартар құрбы да таба алмадым. 
Жас отаудың есігін ашып қалып, 
Айлам құрып, қайыра жаба алмадым... 
Кел демеді, немесе кет демеді, 
Несін маған, білмеймін, өкпеледі?! 
Сені сүйген жүректі, туған өлкем, 
Сен өсірген біреулер жек көреді. 
Туған елім, 

Көрмесем сағынамын, 
Кетсем ізім өзіңнен табылады. 
Жасыра алмай, ініңнің отауынан, 
Ыстық маған атаның шаңырағы. 
 
Арман қуып... 
        Айтпашы,айтпасаң да білем, білем, 
Білемін де күлемін, ренжімен. 
Әзірге көзім де ашық, көңілім де ашық, 
Жыланды ажыратам жылы өңдіден. 
Мүмкін, қақың бар шығар мақтануға, 
Алайда, асып-тасып, ақтарылма. 
Кімдер болып, ал кімдер болмай жатыр, 
Аумалы да төкпелі шақта мына. 
Бақытты бол, жұлдызың жанған шығар, 
Кез емес қой, бірақ та арман тынар. 
Бір арманның беліне мінгеніңмен, 
Бір арманың бұлақтап алдан шығар. 
Адам, сірә, бақытын місе еткен бе, 
Армандайық, армансыз кісі өткен бе. 
Байламы жоқ бақытқа құлдық ұрмай
He жетсін арман қуып, іс еткенге. 
Көңілімізді бақытпен алдандырып, 
Арман қуып келеміз, арман қуып. 
Арман барда, арманға тоқтау бар ма? 
Жан бар ма екен  арманға салған құрық?! 
 
Армысыңдар, адамдар! 
        Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма 
қайтадан, 
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам? 
Арма, өмір, бар елемді баурына алып шайқаған! 
Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар, 
Отырардай опат болған қала жоқ па, жараңдар? 
Тату-тәтті бармысындар, армысыңдар, Адамдар! 
Әлем - дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар, 
Қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар. 
Ей, Адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар! 
Анамыз - Жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық, 
Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық... 
Армысың, сен, арамызда жалғыз перзент - 

Тыныштық! 
 
Арулар 
         Арулар - асыл жандар! 
Шуақ боп шашылғандар, 
Қуат боп тасынғандар, 
Құшақ боп ашылғандар, 
Арулар -- асыл жандар! 
Арулар - асыл жарлар! 
Арулар - әрбір үйдің шаңырағы, 
Әрбір үйге от болып жағылады. 
Әрбір үйде таң болып атты-дағы
Әрбір үйге сәуле боп жамырады. 
Жимайды-ау бір шашылған шуақтарын, 
Саясына келеді-ау, шуақтағың. 
Жамандыққа қиярсың қалай ғана, 
Жайнаған бір-бір үйдің шырақтарын. 
Арулар - асыл жарлар, сағыныштар, 
Өтініштер, құшақтар, жалыныштар... 
Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды, 
Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар. 
Арулар - аяулылар, ардақтылар, 
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар. 
Арулар - тіршілікке күре тамыр, 
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар. 
 
Арыз жазып кетейін 
       Бүгін менің туған күнім. 
Ой, бәле-ай! 
Мына адамдар неге жатыр тойламай?! 
Банкет жасап берер едім өзім-ақ, 
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай. 
Мына дүние неге жатыр үндемей?! 
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей. 
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып, 
«Мынау - шапан, 
Мынау - атың, мін»,- демей. 
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?! 
Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен? 
Халқым, 
Сенің қасиетіңді білем деп, 

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?! 
Айтамын деп қуанышың, мұңынды, 
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?! 
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам, 
Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды. 
...Тойланбаса тойланбасын, 
He етейін. 
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін. 
Қаламымды берші маған, бәйбіше, 
Болашаққа арыз жазып кетейін... 
 
Асығып алыс күндерге 
       Асығып алыс күндерге, 
Бір белден асып, бір белге, 
Адасып қалмай бір жерде, 
Айсыз қара түндерде, 
Отаныңда - іргеңде 
He жетсін өмір сүргенге! 
Алысар жерде алысып, 
Табысар жерде табысып, 
Жүгенсіз асау өмірдің 
Жалына мықтап жабысып, 
Жарысар жерде жарысып, 
Жұртыңның қорғап намысын, 
Халқыңмен бірге қауышып, 
He жетсін өмір сүргенге! 
Отыңды бірге жағысып. 
Тыраштап босқа күн көрме 
Тірлікте мына жүргенге! 
Тұншығып қалма бір демде
Тыншығып қалма тіл, кеуде! 
Жарыққа мына не жетсін, 
He жетсін өмір сүргенге! 
 
Аттандырып тым тәтті сәттерімді 
       Аттандырып тым тәтті сәттерімді, 
Мен аяқтап келемін дәптерімді. 
Сәттерімді айттым ба, әттеңімді, 
Әйтеуір жуып алдым пәк көңілді. 
Анда-санда аударып парақтарын, 
Күн батқанын білмедім, таң атқанын. 

Бетіне ақ дастарқан тамып кетті, 
Тулаған бойымдағы шарап-қаным! 
Жырым, сырым - екеуі егіздерім, 
Екеуін екі бөлек емізбедім. 
Жатсам-тұрсам мұң шағып дәптеріме, 
Жабырқаған жаныма ем іздедім. 
Таптым ба оны, білмеймін, таппадым ба, 
Халім келмей қажыған шақтарымда! 
Жан-жырым жанға шипа болғаны рас
Әлсіреп, сөніп бара жатқанымда... 
 
Аттанғанда 
       Қош! 
Деп қанат қағады құстар маған. 
Қош! 
Деп мені құшақтап, құшқан далам. 
Аманаттап біреуге жатыр мені: 
- Аманат-деп,- ұямнан ұшқан балам. 
Гүлдер-дағы қоштасып, қиылып құр, 
Қош айтады талдар да иіліп бір. 
Here бәрі қоштасты меніменен, 
Қандай тағдыр алдымда бұйырып тұр?! 
Heгe көлдер қоштасып, шайқалады?! 
Қош, қош деген жаңғырық қайталады. 
Салбыраған таулардың қабағынан 
Бір кейістік, білмеймін, байқалады. 
Барлығы да қоштасып ерікті алар, 
(Қойшы, бәрі әншейін желік болар...) 
Телеграф сымдары ыңылдайды, 
Жатқандайын суық бір беріп хабар. 
Қарсы алдымнан қара жол қарсы ағады, 
Бүкіл өлке қоштасып жар салады. 
Аттанып кетіп барам әлдеқайда, 
Қандай тағдыр, білмеймін, 
Қарсы алады?! 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал