Мұқағали Мақатаев (1931-1976)



жүктеу 5.23 Kb.

бет1/17
Дата09.01.2017
өлшемі5.23 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Мұқағали Мақатаев 
       (1931-1976)    
    Шынайы  поэзия  өкілі,  ғажайып 
ақындардың 
бірі 
Мұқағали 
Мақатаев  қазіргі  Алматы  облысы, 
Райымбек  ауданындағы  Қарасаз 
аулында  1931  жылы  9  ақпанда 
дүниеге келді.     
    Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали 
өлеңді  он-он  бір  жасынан  жаза  бастайды.  Алғашқы 
өлеңдері  аудандық  газетте  жарық  көрген  Мұқағали 
шығармалары 
1960-1970 
жылдары 
үздіксіз 
басылады, 
бұл 
жылдарды 
ақынның 
қазақ 
поэзиясының  биік  шыңына  көтерілген  уақыты  деп 
санауға болады.  
      Ауыл  орта  мектебін  1948  жылы  бітіріп,  өз 
ауылында  комсомол,  кеңес  қызметтерінде  болған. 
Кейін  аудандық  газетте  әдеби  қызметкер,  Қазақ 
радиосында  диктор  болған,  «Қазақ  әдебиеті» 
газетінде,  «Жұлдыз»  журналында  поэзия  бөлімін 
басқарған.  Қазақстан  Жазушылар  одағында  поэзия 
секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған. 
       Тырнақ  алды  туындылары  Нарынқол  аудандық 
«Советтік  шекара»  (қазіргі  «Хан  тәңірісі»)  газетінде 
1948  жылдары  жариялана  бастаған.  1954  жылы  бір 
топ  өлеңі  «Әдебиет  және  искусство»  (қазіргі 
«Жұлдыз») журналында, одан кейін бір шоғыр жыры 
Ә.Тәжібаевтың  сәт  сапар  тілеген  сөзімен  «Қазақ 
әдебиетінде» жарияланған. 
    Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы 
мен 
дастандарын 
ұсынған. 
Жыр 
аудармасы 
саласында 
Шекспирдің 
сонеттерін, 
Дантенің 
«Құдіретті  комедиясын»  қазақшалады.  Ақынның 
«Саржайлау»,  «Сөнбейді,  әже,  шырағын»,  «Кел, 
еркем,  Алатауыңа»  өлеңдеріне  сазгер  Н.Тілендиев 
ән шығарған. 

      Ақын  тұрмыс  тауқыметін  тарта  жүріп,  әпербақан 
сынға  ұшырағанда  да  "Ақынның  ақындығы  атақта 
емес,  арда  ғана"  деген  байламды  берік  ұстап,  шен-
шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған. 
М.Мақатаев  қаламынан  "Қарлығашым,  келдің  бе?", 
"Дариға  жүрек",  "Аққулар  ұйықтағанда",  "Шуағым 
менің",  "Өмір-дастан"  т.б.  жыр  жинақтары  туған. 
Қырық 
бес 
жасында 
қайтыс 
болған 
соң, 
Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. 
Ақынның  артында  қалған  мол  мұрасы:  "Соғады 
жүрек",  "Шолпан",  "Жырлайды  жүрек",  "Өмір-өзен" 
т.б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық 
кітабы  оқырманның  қолдан-қолға  түспей,  іздеп 
жүріп оқитын шығармаларына айналды. 
      Өмірді  сүюдің  ғажайып  үлгісін  көрсеткен  ақын 
Мұқағали  "Жан  азасы"  (реквием)  поэмасында  өмір 
туралы  гимн  туғызды.  "Аққулар  ұйықтағанда" 
поэмасында  ел  наным-сенімін  қастерлеу,  сұлулық 
үндестігін  жыр  етсе,  "Райымбек,  Райымбек!" 
дастанында  ел  тарихын,  ел  басына  қатер  төнгенде 
қолына  ту  алып,  жауына  қарсы  аттанған  Райымбек 
Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.  
      М.Мақатаев  поэзиясы  жұмыр  жердің  барлық 
мәселесіне  араласқан,  кең,  ауқымды  тақырыпты 
қамтиды.  Оның  туған  жер,  адамдар  тағдыры,  өмір 
мен  өлім,  ана  мен  бала,  ақын  мен  ақындық,  соғыс 
тауқыметі  т.б.  тақырыптағы  лирикасы  қайталанбас 
ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген. 
 
 
 

Мазмұны. 
Біреулерді мерт қылып аламын деп
 
Егер де айта алмасам айтарымды
 
Керек осы адамға
 
Кереметі-ай,мына жарық сәуленің
 
Мен сені сағынғанда
 
Сиыр айдап өріске ертеңменен
 
Құмған алған...
 
Үзіліп түскен алмадай
 
1941 жыл. Ақпан.
 
He айтам саған, жаным-ай
 
He деген керемет күн
 
He жетпейді?
 
He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан
 
He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен
 
Heгe жыламасын?!
 
Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды
 
Ілініп түн тұр тауларға
 
Абысындар
 
Автограф
 
Адалмын деп, араммын деп айта алман
 
Адамды адам түсінбеу -- бір ақырет
 
Адамзаттың ұрпағы
 
Адасқан шағала
 
Айтатын саған сырым бұл
 
Айығып келем
 
Аласарып Ай батқан
 
Алаула, шындық - ақ жалын
 
Алматының аспаны
 
Алпысқа келдіңіздер
 
Алтын адам
 
Анау - аспан, мынау - бақ
 
Апырмай, туған жер-ай
 
Арман қуып...
 
Армысыңдар, адамдар!
 
Арулар
 
Арыз жазып кетейін
 
Асығып алыс күндерге
 
Аттандырып тым тәтті сәттерімді
 
Аттанғанда
 
Аулақ, аулақ
 
Аулыңа бір келгенде...
 
Ауыздықтап тұра алсын арманды кім
 
Ауғанбай
 
Аякөз - ару
 
Ағажан
 
Ақ кимешек көрінсе
 

Ақиқаттың ауылы
 
Ақын ініге
 
Ақынды ақын оятпаса, болмайды
 
Ақынның ауылы
 
Ақынға
 
Аңса, жаным
 
Аңсап жүріп, кездестік
 
Аңғал досым-ай
 
Біздің көктем
 
Біздің үйге көктем келді, қыз келді
 
Біздер жеңдік!
 
Білгішіме
 
Бір келіншек
 
Бір күніммен қоштастым
 
Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген
 
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы
 
Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай
 
Біреулерді мерт қылып аламын деп
 
Бабаларым, рақмет сендерге
 
Байқа, қалқам!
 
Барлығы да менікі
 
Баспа, мұнар!
 
Басыма менің, бақ, қондың
 
Басымнан қорқам
 
Басқа жыл
 
Батар күн
 
Бауыржан Момышұлына
 
Бақ мекен
 
Бақыт деген
 
Бақытым менің алыста
 
Бесік басында
 
Беташар
 
Бетховен
 
Бибігүлге
 
Бозқараған
 
Болашақ дәрігерге
 
Болашақтың елшісімін
 
Бұзылған үй
 
Бұлқынып жатыр
 
Бұрын ылғи құс сайрайтын тереземнің алдында
 
Бәрін де қойшы...
 
Бәріне де түсінем
 
Бәріне де түсінем
 
Бәріне жауаптымын
 
Дариға, домбырамды берші маған
 
Дастарқан үстінде
 
Дейтін еді қарт ақын
 

Дос болам десең
 
Дұшпаның бар ма?
 
Дәрігеріме
 
Егін салдым
 
Ей, Бауырым!
 
Ей, менің қиын өткелім
 
Ей, өмір
 
Елім барда
 
Елім, саған ғашықпын!
 
Елес жайлы естелік
 
Емханада
 
Ертең біз жол жүреміз
 
Есіңде ме?
 
Есіңе мені алғайсың
 
Ескі жұртта
 
Ескі әнді, шеше, қозғама!
 
Еске алу
 
Еш нәрсенің керегі жоқ
 
Жігіттер, мақтанбалық
 
Жазылар естеліктер мен туралы
 
Жазғырма мені, жан-аға
 
Жалаң аяқ қыз
 
Жалғыз көкек
 
Жаман өлең
 
Жанарсыз адам келеді
 
Жанарым
 
Жантықтың туысқаны
 
Жаным, сен жасымағын
 
Жаным-ай!
 
Жарық дүние-ай!
 
Жас бала
 
Жасасаң қайыр,қарыз...
 
Жастық
 
Жағымпаздар мен...
 
Жездіде
 
Жетінші ноябрь, Алматы
 
Жетісу
 
Жиі енеді
 
Жолдастарға
 
Жоқ, дәрігер
 
Жылқыбайдың жүрегі
 
Жыр-ошақ
 
Жырлар жазам
 
Жырласам ба екен
 
Жүр
 
Жүр, қалқам
 
Жүрегім менің - жанартау
 

Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам
 
Жүрегімде жүргені-ай бір қауіптің
 
Жүрек арызы
 
Жүрек демін алғанда
 
Жүрек неге зат болып жаралмаған?!
 
Жұлдыздар сөніп барады
 
Жұмбақ
 
Жұмыстан соң
 
Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным
 
Зираттағы жыр
 
Зоопаркте
 
Иек артқан теңізге мүйістейін
 
Ильич салған ізбенен
 
Интервью
 
Кейіме, інім
 
Кел, болашақ
 
Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен
 
Кетер ме екем
 
Кешіріңдер
 
Кешіргін, қала!
 
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін
 
Күзетші
 
Күй қаласа ғой
 
Күміс жалды күн дейтін көлікпенен
 
Күн ауысып барады
 
Күн бүгін күңіреніп
 
Күн жылыған, жер жібіген
 
Күн шуағым
 
Күндестік құрысын!
 
Күрсінбеші
 
Көзің нұрсыз дейсің сен
 
Көктем де келер
 
Көктемде
 
Көлің қайда, туған елім?
 
Көреміз
 
Көрерміз
 
Көрмеймін...
 
Көшеде
 
Көңілім
 
Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем
 
Лайсаңда
 
Лашынға
 
Мінез
 
Майгүліме
 
Майгүлге
 
Майданның бәйгесіне
 
Масақ
 

Махаббат бейуақытта табыспайды
 
Махаббат диологы
 
Махаббат моласы
 
Махаббатым өзімде
 
Махамбеттер, Абайлар-ай
 
Маған, құрбым, кектенбе
 
Маңдайда бір тал шашым ағарыпты
 
Мен - донормын
 
Мен - Октябрь
 
Мен білмеймін,нe болады күні ертең
 
Мен деген - ырза, мәз бала
 
Мен таулықпын!
 
Мен қарапайым қарттарды сүйем
 
Мен-дағы өлең жазбаймын
 
Менің анкетам
 
Менің кішкентай күнім
 
Менің мақсатым
 
Менің ғасырым
 
Миллиард дастарқаны
 
Москвадан кетерде
 
Музаға
 
Мына қасқа...
 
Мықтымын ғой дегенмен...
 
Мүйісте
 
Мәңгілік жастық
 
Наурыз
 
Нені аңсаймын
 
Несіне асығады?!
 
Несіне өмір сүргенсің
 
Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?
 
Ол шақты қайтем
 
Оралыңдар
 
Орта жолда
 
Оспанхан Әубәкіровке
 
Отан
 
Отан туралы
 
Отыз бесінші көктемім
 
Отыздан асып барамын
 
Пай, пай!
 
Поэзия
 
Пушкинмен қоштасу
 
Революция жаңғырығы
 
Реніш
 
Сабырханға
 
Сал-сал жырым
 
Самал есті
 
Санаулы менің сағатым
 

Сап-сары жапырақтар
 
Сарыжайлау
 
Сахараның шұбырған түйелері
 
Саяхат
 
Сағатым қайда, сағатым
 
Сағым боп аққан сан жылдар
 
Сағындым ғой
 
Сағыныш
 
Сағыныштан сарғайып сары қайың
 
Сезім
 
Сен
 
Сен Батыста, мен Шығыста
 
Сен бе едің?
 
Сен жастықтың сақшысы
 
Сен маған шарфыңды бер
 
Сен менің
 
Сен менің жүрегімді жазалама
 
Сен шақырсаң, мен бармай
 
Сен қартайды дегенге
 
Сен қартайды дегенге
 
Сен үшін
 
Сен әлі тірі ме едің?
 
Сені азамат дегенге...
 
Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған
 
Серіксіз бе едің, құрбыжан?..
 
Сергей Есенинге
 
Сол түні
 
Солай
 
Солдат арманы
 
Сонарда
 
Сонда да біз...
 
Сонымен күндер өтті
 
Соғыстың соңғы көктемі
 
Соқ, жүрек!
 
Соқ, жүрек, солқылда, ми
 
Соқпақ
 
Суық күз сұрғылт...
 
Сыбағам қайда?
 
Сынауға тіптен құмар кім көрінген
 
Сынық қанат шағалам
 
Сыр
 
Сырқат сыры
 
Сүйген ерін
 
Сүрініп кетпе
 
Сәби - ана
 
Сәби болғым келеді
 
Сәби өсіп келеді
 

Сәлемдеме
 
Сәуір айы
 
Тay бір аңыз
 
Тілегім қайда менің көкке өрлеген
 
Тілектеске
 
Тірі адамдар өлмесін
 
Тарту
 
Тау бұлағы да ағады
 
Тау өзені тентек қой, тасып жатыр
 
Тауда өстім
 
Таудай болғым келеді
 
Таудағы көктем
 
Таудағы нөсер
 
Тауға келсең
 
Тағдырмен бетпе-бет
 
Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн
 
Тағы да Майгүлге
 
Таң алдында
 
Токарьдің соңғы сөзі
 
Толғау
 
Тоқта, ботам
 
Туған жерге
 
Түйсік
 
Түнгі Алматы
 
Түсіме тау кіреді...
 
Тұлпарларыммен біргемін
 
Тұнжыраған ояу бақ
 
Тұрсын солай, болсын солай бәрі де
 
Төлегенге
 
Фантазия
 
Фаризаға
 
Хал мүшкіл, қалқам
 
Хал сұрама, жыр сұра
 
Халыққа хат
 
Халқым барда
 
Хан тәңірі
 
Хат
 
Чили - шуағым менің
 
Шаршадым білем
 
Шау тартып қалыпсың-ау, қайран шабыт!
 
Шеше, сен бақыттысың
 
Шыда, шыда
 
Шындық туралы
 
Шұбат пен бота
 
Шәмілге жазған хаттардан
 
Ғабаңа
 
Ғасырлар съезі
 

Ғашықпын!
 
Қабағы таудың қатулы
 
Қазақ жері
 
Қазақстан
 
Қаздар қайтып барады мекеніне
 
Қазынам бар
 
Қай күні менің тәмамдалады дастаным?
 
Қайдасың көріктім, гөзелім
 
Қайран бауыр
 
Қайран жандар
 
Қайран жеңгем
 
Қайран Қарасазым-ай!
 
Қайырлы таң
 
Қайырымды қарындас
 
Қап-қара, ғажап, сиқырлы
 
Қапырық бәрі
 
Қар жауып тұр
 
Қара шалғы
 
Қара қамба
 
Қара өлең
 
Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?
 
Қарт ақынның дегені
 
Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым...
 
Қасым солай болмаса...
 
Қасыңда жүрсем
 
Қасқырға
 
Қашанғы бұлай өтеміз
 
Қиын не бар?..
 
Қойлы ауылда
 
Қоштасу
 
Қоя тұрыңдар
 
Қыз сыры
 
Қыздарға
 
Қызыма
 
Қызық өмір
 
Қызықпа, қыз!
 
Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған
 
Қырқа бар
 
Қырқыншы жылдар
 
Қырқыншы жылдардағы бесік жырынан
 
Қыс келген күні
 
Қысырақтың үйірі
 
Құрдастарға
 
Құрмет хат
 
Құрметтеңдер, жиырмасыншы ғасырды
 
Үнсіздік
 
Үш бақытым
 

Ұлыма
 
Ұям менің
 
Ұят болды-ау
 
Ұқсастық
 
Әбділдаға
 
Әйелдер-ай
 
Әке
 
Әке аманаты
 
Әке сөзі
 
Әкеме
 
Әулие
 
Өзімнің есебімше...
 
Өзеніне асыққан бұлақтайын
 
Өкінбеймін
 
Өкпелетті дей алман өмір мені
 
Өкпелеттім...
 
Өледі кімдер, туады кімдер
 
Өлең деген тумайды жайшылықта
 
Өлең керек
 
Өмір дейтін
 
Өмір жайлы
 
Өмір сүрейік алмасып
 
Өмірімді несіне жек көремін
 
Өтініш
 
Өтелер ме?
 
Өткінші жаңбыр
 
Болады деп арманда
 
 
 
 

 
Біреулерді мерт қылып аламын деп 
      Біреулерді мерт қылып аламын деп, 
Ашуыма ауыздық саламын кеп. 
Тентек іні бетіме тік қараса
Жасқанамын жандай-ақ залалым көп. 
Бағамын деп әркімнің қас-қабағын, 
Балам қабақ шытса да жасқанамын. 
Сәлемімді біреулер алмай кетсе, 
Екі иығым салбырап, пәс қаламын. 
Досым өтсе алдымнан қырын қарап, 
Боз торғайым кеудемде шырылдамақ. 
Естігісі келмейді бәтшағардың, 
Қорғасынмен құлағын тығындап ап. 
Қайсыбіреу қарайды айдаһарша, 
Түрпайы әзіл,түрпі сөз - қайда барсам. 
Қайтер еді, ожардың шарығына, 
Ашуымды қайтадан қайрап алсам?! 
 
Егер де айта алмасам айтарымды 
      Егер де айта алмасам айтарымды, 
Алжыдым,ақылымды сайтан ұрды. 
Қынына қылышымды салам онда, 
Ақ жүзі алмасымның қайтарылды. 
Егер де айтып кетсем айтарымды, 
Ақылым арнасына қайта кірді. 
Қынынан қылышымды алам онда 
Қағамын албастымды, сайтаныңды! 
Бітті серт, кегім менің қайтарылды! 
...Ырқыңа сенің деген көнігі келдім, 
Енді сен ерік бергін, ерік бергін! 
Сөзден өлген атамды тірілтпесем, 
Қос мені қатарына өліктердің. 
Бәріміздің бабамыз сөзден өлген, 
Өнердің кереметін сөзбен өрген. 
Мен тынбаймын солардың кегін алмай, 
Сен мені салыстырма өзгелермен! 
Қалай да айтарымды айтып өлем
Айта алмасам, жасайды қайтіп өлең? 
Тәңірім мені қоңсы қондырмағай, 
Тіл білмес дуанамен. шайлыменен. 

 
Керек осы адамға 
      Керек осы адамға? 
Бүгін бе, болашақ па?! 
Ақылгөй кәрілік пе, бала шақ па?! 
Қиын-ау, өзің жатып жерошақта, 
Жансыз тән, жанарсыз көз - болашақта. 
Әлде өмір сүрмекпісің бүгініңмен?! 
Бүгіндік тірлік қуып, жүгірумен, 
Өтпекпісің?! 
Қолыңды бір-ақ сілтеп, 
Ұмытып болашақты түңілумен?! 
Күн кешіп жығылумен, сүрінумен?! 
О, өмір! 
О, неғылған сиқыр едің, 
Қалай-қалай соғады құйты желің?! 
Діңкелеп, шаршап келіп жантайғанда, 
Тәтті бір түс көрсеткен ұйқы ма едің?! 
 
Кереметі-ай,мына жарық сәуленің 
       Кереметі-ай,мына жарық сәуленің! 
Езу тартып барады, әне, әлдекім, 
Алатау да жатыр, әне, сәнденіп, 
Ал мен болсам,бір жаныммен әуремін. 
Кереметі-ай,мына жарық сәуленің! 
Қайта маған оралар ма әл-демім. 
Қайда кеттің,қайда кеттің, дәрменім? 
Қайда кеттің, сауық-сайран дәуренім? 
 
Мен сені сағынғанда 
      Мен сені сағынғанда, 
Қарамай жауындарға, дауылдарга, 
Қарсы қарап жүземін ағындарға, 
Кеудемде қимылдаған жаным барда, 
Мен сені сағынғанда, 
Бір минут та қақым жоқ дамылдарға. 
Мен сені қызғанамын, 
Қызғаныштан мұз шайнап, 
Тұз жаладым. 
Шаңқылдап алдымнан шық, 
Ана-қыран, 

Алыстан келеді ұшып мұзбалағың. 
Тәкаппар ең, өрлікке бола туған, 
Жет тездеп, 
Дауыл тұрғыз қанатыңнан. 
Сен - мендік, мен - сендікпін, ана-қыран, 
Қыранбыз, қырандардан жаратылған! 
Сағыныштың сағымын жамылғанда, 
Қарамай қара нөсер қағынғанға, 
Саған ұшам, 
Қалмайды сабыр жанда, 
Мен сені сағынғанда, сағынғанда... 
 
Сиыр айдап өріске ертеңменен 
       Сиыр айдап өріске ертеңменен, 
Баратын ек тоғайға еркемменен 
Тал басына шық тұрып, күннің нұры 
Мың бояумен тоғайды көркемдеген 
Қарасаздың шыбығын жел тербеген, 
Жел тербеген шыбықты мен тербегем. 
Ойласамшы, сол шыбық терек болып, 
Өзегімді бір кезде өртер деген... 
Қарасаздың шыбығын жел тербеген 
Жел тербеген шыбықты сен тербеп ең. 
Сонда менің ойымда мұң бар еді, 
Өзі келіп, бір күні серпер дегем 
Жақын өсіп жас шыбық бала талға, 
Оянатын екеуі ала таңда 
Тағдырымды сонда мен табыстаппын, 
Сезімі бар, сенім жоқ алақанға... 
Қарасаздың шыбығын сен тербеп ең, 
Сен тербеген шыбықты мен тербегем. 
Ойласамшы сол шыбық бір кездерде, 
Өзегімді өзің боп өртер деген 
Сол тоғайға барып ем ертеңменен, 
Қарсы алдымда терек тұр жел тербеген. 
Бір тоғайда бірге өскен егіз едік, 
Here ғана шошыдың, еркем, менен?! 
 
Құмған алған... 
      Құмған алған, 
Суға барған, 

Сұлуымды сағындым. 
Сырғаланған, 
Қуған арман. 
Құлынымды сағындым. 
Түйнектер мен 
Жидек терген, 
Нуларымды сағындым. 
Үйректермен 
Иректелген, 
Суларымды сағындым. 
Тынып тіптен, 
Түлік біткен, 
Жусағанын сағындым. 
Жиі беттен 
Сүйіп өткен, 
Қыр самалын сағындым. 
Безінбейтін, 
Сезінбейтін 
Аңғал кезді сағындым. 
Өзім дейтін, 
Сезім дейтін - 
Жанған көзді сағындым. 
 
Үзіліп түскен алмадай 
      Үзіліп түскен алмадай, 
Үзіліп көңіл қалғаны-ай! 
Арыма басқан таңбадай, 
Арылмай қойды-ау дау-дамай! 
Тасыған көңіл арнадай, 
Таусылып бүгін қалғаны-ай! 
...Қиылып қалған құрақты, 
Қиын да болар жалғау-ай! 
Шоқтанып жанған көгімде, 
ІІІолпаным бар ғой менің де. 
Жолдассыз, доссыз тегінде, 
Өткерген өмір өмір ме?! 
Өкініш көп қой көңілде. 
Осы да жақсы, кім білсін, 
Ділгірсі көңіл, ділгірсін. 
Өкініш, ынсап бір жүрсін. 
Алайда, доссыз өткерген, 
Күн құрсын, бауырым, күн құрсын! 

 
1941 жыл. Ақпан. 
         1941 жыл ақпандатқан, 
Сыртта аяз. 
Аулымызды ақ қар жапқан. 
Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін, 
Алапат аспан, жерді аттандатқан. 
Аттан! деді, 
Ол ертең аттанады. 
Аттанады еңбектің ақ табаны: 
Күрегінің орнына қару алып, 
Жауынгердің ролін атқарады. 
Ол ертең аттанады. 
Жарты Ай тұр шар аспанда - тозған таға, 
Үскірік үрлей ме әлде қозғалта ма?! 
Әжем жүр туған жердің топырағын, 
Тұмар ғып тігіп жатыр бөз қалтаға. 
Ол отыр. 
Аямай-ақ ішіп алған. 
Санасын мазалайды күшік-арман. 
Аттан, әке. 
Таныс қой күрес саған, 
Күресуі керек қой күші бар жан. 
Here бізге үмітсіз тесілесің? 
Аттан, әке. 
Жолыңнан кешігесің. 
Кеудесінде шыбыны бар паңырлар, 
Тауып жейді сенсіз де несібесін. 
Қалай сені жұбатам, аңыра, Ана, 
Сау қайт деп тәңіріңе жалын, Ана. 
Мына отырған иеміз құласа егер, 
Саған жар, әке бізге табыла ма? 
...Жалынған ғазиз Анам, сұрап қалған, 
Жоғалды сол бетімен бірақ та арман. 
Сенбеймін әкең өлді дегенге мен, 
Себебі ол үйімізден тірі аттанған... 
 
He айтам саған, жаным-ай 
       He айтам саған, жаным-ай, не айтам саған 
Кете бердім жолменен шайтан салған. 
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ». 

Қиын екен қосылып, қайта аңсаған. 
...Сен қалдың қадіріме жетпей менің, 
Шын берілсең, қара үзіп кетпейді едім. 
Сол сәттен көз алдымда қалғаны тек 
Үстінде желбіреген көк көйлегің. 
...Сонымен сен де кеттің, мен де кеттім, 
Ойран-асыр көңілді жөндемек кім? 
Кімді сүйсең оны сүй, бақытты бол! 
Бірақ менің сүйгенім сен демекпін. 
Мейлі күн, мейлі айлар, жылдар өтсін, 
Өкініп, опық-жейтін мезгіл жетсін. 
Шынайы саған деген махаббатым 
Өміріңе қарыз боп бірге кетсін. 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал