М. шоқай тағылымы – Қазақ Ұлттық идеясының ТҰҒыры



жүктеу 77.12 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі77.12 Kb.

Ү. Қ.СӘРСЕМБИН 

1

, М. С. ЖЕТПІСБАЕВА 

2

,

(

1



Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Ақтөбе); 

2

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Алматы)



М. ШОҚАЙ ТАҒЫЛЫМЫ – 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ

Аннотация

Мақалада   Мұстафа   Шоқайдың   қазақ   ұлттық   идеясына   қосқан   үлесі,   ұлттық   идея

тұғырын негіздеген ой тұжырымдары зерделенеді. Сонымен қатар кез келген ұлт өзінің

зиялылары арқылы өркениет жолына түсетіндігі, зиялының ұлт мүддесіне адал қызмет ету

мәселелері түйінделеді. Нағыз зиялының болмысына тән адами қасиеттер тұрғысында ой

тұжырымдары   жасалынып,   Мұстафа   Шоқайдың   тұлғалық   келбеті   арқылы   қазақ

зиялысының бейнесі сомдалады. 

Түйін сөз: ұлт, ұлт тарихы, ұлттық рух, қазақ болмысы, ұлттық идея, тұлға, даналық,

ұлттық философия, тұлғалық феномен, қазақ мәдениетінің болмысы, ұлт зиялысы, қазақ

идеясы. 

Тірек   сөздер:  нация,   история   наций,   национальный   дух,   казахское   бытие,

национальная   идея,   личность,   мудрость,   национальная   философия,   феномен   личности,

бытие казахской культуры, интеллегент наций, казахская идея.

Keywords: nation, history of nations, national spirit, Kazakh life, national idea, personality,

wisdom, national philosophy, phenomenon of personality, life of the Kazakh culture, intellectual

of nations, Kazakh idea.

Кез келген ұлт, тарих сахнасында өз елінің, өз жерінің рухын жоғары бағалап, елдік

пен теңдік,  еркіндік  пен бірлік жолында өмір сүрген зиялыларының ізгі істері, кейінгі

ұрпаққа қалдырған игі мұралары арқылы өз мақсатына жетіп отырған. Неміс философы

Шпенглер   жазғандай:   «ойшыл   дегеніміз   –   өз   дәуірінің   құбылыстарын   өзінің   жеке

бақылауы мен түсінігі арқылы символикалық бейнелейтін адам» [1, 14 б.]. Осы тұрғыдан

зерделейтін болсақ, әрбір тұлғаның өз ұлтының мәдениеті кеңістігінде алар орнын, тарихи

қызметін бейнелеп және салмақтап отыратын өз рухы бар. Тұлғалық рухты сақтап тұрған

осы бір рухани бейненің өзі әр ұрпақ буынға кісілік парызды жүктеп, ұлағатты істерге

бастап отыратын рухани қазық, тұлғалық тірек. Бұған қазақ тарихының өзі толығымен

куә.


Сауаттылық бір бөлек іс, ал бұған дейін адам бойында бар тектілік, адамды сауатты

болуға ғана жетелемеген, дұрыс жол таңдап, алға басуға итермелейді. Білім басы тәрбие

дейтін   болсақ,   тәрбие   өрісі   –   кісілік,   кісілік   –   негізі   түсінік.   Түсінікпен   келген   білім,

түсініктен туған ой адамның қандай іс болмасын, ұлттық мүдде бойында оның біліктілігін

арттырып   отырған.   Демек,   қазақ   үшін   зиялыларының   мұрасы   жай   әншейін   кездейсоқ

дүние емес, ежелден бері ұлт мәдениетінің қорғанына айналып отырған таныс, әрі жақын

дүние. Дүние дейтін себебіміз, әр зиялылының тағдыры, рухани  дүниесін, тарихы  мен

ойын   бірлестірген   рухы   –   тарихи   шындықтың   көзі   ғана   емес,   түрлі   қоғам   саласын

қамтыған   әлеуметтік   тәжірибеге   толы   білім   көзі,   ғылым   есігі.   Олар   уақыттың

тапшылығына қарамастан, елге қызмет етудің тараулы жолдарын қарастырып, оны жүзеге

асырудың   ұлы   бастамаларын   жасап   та   үлгерген.   Сол   бастаманың   жиынтығы   бүгінгі   –

ұрпақ   үшін   барлық   ғылымдардың   өрісі,   әдіснамалық   бағдары.   Бұлардың   бойында

танымдық   және   тағылымдық   құндылығы   зор,   философиялық   идея,   қоғамдық   мәдени

көзқарас,   саяси   ұстаным   бар.   Тек   соны   дұрыс   таразылап,   бүгінгі   күннің   міндетіне,

тарихтың талабына сай оңтайлы пайдалану ұрпақ парызы. Осы мәселені терең түсініп,

оның   оңтайлы   шешімдерін   ұлт   мүддесі   биігінен   қарастыратын   зиялылардың   шынайы

тұлғасы   жөнінде   М.   Шоқай   былай   деп   жазады:   «Дүние   жүзінде   зиялыларсыз   ұлтқа

айналған саяси-әлеуметтік халық бұқарасы бірлігі ешқашан болған емес. Сондай-ақ халық

бұқарасынан қолдау көрмеген жағдайда зиялы қауым ештеңе істей алмайды. Халықты ұлт

деңгейіне   көтеру,   яғни   оны   жат   үстемдіктің   тепкісінен   құтқарып   өз   мекемелеріне   ие,

тәуелсіз  бір жеке тұлғаға айналдыру сынды негізгі мақсатқа  жету үшін, ұлттық зиялы

қауым мен ол өзі тән болып отырған халық бұқарасы арасында бір ортақ сана болуы тиіс.

Міне осы сананы айқындау,  яғни халық тілегін дұрыс және анық бір формаға келтіру,

аталған мақсатқа жету үшін іс пен әрекет бағдарламасын жасау зиялылардың міндеті» [2,

176 б.]. 

Түсінік - танымның басы. Түсінбей іс істеу мүмкін емес, қандай мәселе болмасын оны

шешудің оңтайлы жолы түсінік арқылы ғана келмек. Халық пен зиялылар арасында ортақ

мақсатқа бастап отырған елдік түсініктің болуы, талай қиын уақыттарда әлеумет өмірінің

шешуші күшіне айналып та отырған. Бұны алаш зиялысы М. Шоқайдың мына бір сөздері

дәлелдейді: «Ұлттық зиялы деп кімдерді айтамыз. Бір қарағанда жеңіл көрінгенімен, шын

мәнінде  бұл  сұрауға  дұрыс  жауап   қайыру  оңай  емес.  Оқыған,  тәрбие   көрген  адамның

бәрін зиялы деп атап, оны сол адам өзі тән болған ұлттың «ұлттық зиялысы» қатарына

қоса   беруге   болады   деп   ойласақ,   сөзсіз   қателесеміз.   Біздіңше,   белгілі   бір   мұрат-

мақсаттардың соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттары  төңірегіне жиналған

оқымыстыларды   ғана   зиялы   деп   айтуға   болады.   Ұлттық   зиялылар   қатарына   тек   өз

халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын

адамдар ғана кіре алады. 

Зиялылардың міндеті ұлы да, қасиетті болуы себепті - өте ауыр.

Халықты ұлт деңгейіне көтеру, яғни жері, суы, қазынасы, тілі мен діні болған халық

бұқарасын   бірлестіріп,   олардың   санасын   біртұтас   саяси,   әлеуметтік,   ұлттық   санаға

жеткізуде ұлы тарихи міндеттің маңызды бір бөлігі зиялылардың үстіне жүктеледі» [2,

176 б.]. 



Түсіне білген, Шәкәрім айтқан ақыл биігінен көз жеткізе алған адамға М. Шоқайдың

бұл тұжырымы тарих шындығы арқылы дәлелденіп, ұрпаққа ұсынылып отырған тұлғалық

ақиқат деп айтсақ артық емес. 

Тұлғаның сөзі мен ісіне куә боп, тарих парағына айналған айдын жол бұл қашанда

ұлттық  идеяға  айналған.   Әсіресе   тарихымыздан  белгілі  халық  өсиетіне  айналған  түрлі

өлеңдер,   сол   өлең   бойындағы   елдің   рухани   өміріне,   тағдырына,   оның   болашағын

болжаған дананың парасаттылығына куә болып, ел аузында қалған ұлағат сөздер, бүгінгі

біздер   үшін   ұлттық   идеямыздың   қуаты,   жалпы   ұлт   үшін   тарихтың,   әсіресе   сол   тарих

орамындағы ел өмірінен сырттан қосылған саяси идеологияның әділетсіз және әдепсіз іс-

әрекетінің ығына жығылмай, елге зиянын алып келе жатқан қара дауылға қарсы тұрған

Кенесары сынды тұлғаларымыздың рухы. Біз қанша И Кантты, Гегельді оқып, олардың

қолданған ғылыми категорияларын бес саусақтай білсек те, бұндай өшпес мұра қалдырған

және сол мұраның жойылмауына өздерінің тұлғалық рухын негіз еткен зиялыларымыздың

феноменін толығымен ашу мүмкін емес. Бұл өздігінен тарихи құбылыс ақиқаты негізінде

дәлелденіп отыр. 

Өзінің төл болмысынсыз, мәдениеті мен тарихынсыз адам еркін өмір сүре алған емес.

Бұның да шындығы тарихымызда көрініс  тапты,  яғни  осы бір құбылыстың алдын алу

мақсатында: «өз тарихын ұмытып, тілін жолғалтқан ұлттың өзі де жоғалады», – деп алаш

зиялылары «Қазақ» газеті беттерінде ашық жазды. Алаш зиялылары көтерген бұл идеяның

құндылығын   негізге   ала   отырып   М.   Шоқай   шетелдерде   жариялаған   мақалаларының

бірінде былай деген: «Батыс тәрбиесін алған зиялыларымыздың аянышты жері – рухани

жақтан   өз   халқына   өгей   болып   қалуы   еді.   Батыс   тәрбиесі   көптеген   туыстарымызды

халқымыздың жан дүниесіне сіңген, ұлттық тарихымыздың өн бойында жатқан «шығыс

зердесінен»   айырды.   Олар,   яғни   Батыс   тәрбиесін   алған   туыстарымыз,   басқа   жақтан

жинаған білімдерін өз халқының өмірімен (Шығыс зердесімен) бірлестіре алмады...» [2,

177 б.]. 

Адамды   рухани   кемеліне   жеткен   танымға   жетелеп,   елінің   қалауынан   шығатын

толымды   істерге   бастайтын   –   ұлттық   рух.   Ұлттық   рух   адамға   ұлттық   идея   арқылы

берілмек.   Ұлттық   идеяның   жас   ұрпақ   танымында   елдік   санасын   оятып,   түсінігін

шыңдайтын – тарихи зерделілік. Тарихи зерделілік ұлтжандылық пен сол рухани қасиет,

әлеуметтік құндылық бағытындағы ұлағаттылықтың ұйытқысы, елдіктің дәні деп айтсақ,

алға   тартып,   айтқалы   отырған   ойымыздың   үстінен   дөп   басамыз.   Бұған   жоғарыда

келтіріліп отырған М. Шоқай сөздері куә. Қазақ зиялысының өзі сол уақыттарда шет елде,

шет жерде жүрсе де ұлт ісіне бір кісідей жұмылған зиялыларымыздың, тарих сахнасында

қайта   көтерген   «Қазақ»   идеясына   үлес   қосуды,   өзіне   жүктелген   міндеттердің   бірі   деп

түсінді:   «Біздің   бүгінгі   күресіміз   үшін   осы   «шығыс   рухы»   «ұлттық   рухымыз»   болуын

және біз қызметін атқарып, тілеуін тілеп жүрген халқымыздың тұла бойын осы шығыс

рухы кернеп тұрғанын білуіміз жеткілікті» [2, 177 б.]. 

Ұлттық   рух   адам   бойындағы   кісілік   рухты   оятатын   дүние.   Дүние   дейтін   себебім,

ұлттың   қанша   уақыт   жүріп   өткен   тарихы   болса,   сол   тарих   өрісіндегі   дүниетанымнан

бастап   қоғам   өміріне   тіреліп,   кейінгі   ұрпақ   мүддесіне   ауысып   отыратын   мәдени

құндылықтар   ел   ішінен   өсіп-өнген   жекелеген   адамның   рухани   қасиеттері   және   сол

қасиеттен өрбіген мұраларды, еркін иеленген халықтың болмысы, қашанда мағына мен


мәнге   бастайтын   кеңістік,   әлеуметтік   ортада   тұйықталып,   сақталып,   бір   ғасырдан   бір

ғасырға көшіп отыратын рухани әлем. Онда адамның жан дүниесін жетілдіріп отыратын

барлық   нәрселер   бар.   «Қазақ   идеясы»   осының   мысалы.   М.   Шоқай   идеялары   осы

мәдениетіміздің   тарихи   кеңістігінде   өрістеніп   жатқан   дүниелердің   бір   тірегі.   Себебі,

зиялының өзі жазғандай,  қорғаушысы,  күтушісі,  жоғын түгендеуші  ұлт өкілі  зиялылар

болмаса,   рухани   мұраның   кейінгі   жаңа   ұрпақ   буын   мүддесіне   жетіп,   олардың   игілікті

мақсаттарымен қайта қауышары екіталай. Осы себептен болар алаш зиялылары, ұлт ісіне

келгенде халық игілігіне аса жауапкершілікпен қарап, болашаққа сезімталдықпен қадам

жасаған.  Әлеумет  күшін саяси мақсатқа  қол жеткізудің  құралы ретінде  пайдаланбаған,

олардың   тағдырына   келгенде   зиялыларымыздың   бойында   ел   мүддесіне   деген

жанашырлық қасиет бар. Зиялыларымыздың бойына тән бұл қасиет, ұлттық идеямыздың

алдыңғы   қатарлы   зерделенген   мәселелерінің   бірі.   Бұл   ел   топырағында   ертеден

қалыптасып, талай зиялы тұлғалардың даналығының елегінен өтіп, идея және тұлғалық іс

өрісінде көрініс тауып отырды. Әйтеке би бабамыз айтқан: «Даналар ақылдасып істеген

іс, орынсыз еш уақытта болған емес» [3, 91 б.]. 

«Қазақ идеясының» тамыры тереңде. Ұлттық мемлекет құру,  соны дамыту,  ұлттық

мүдде өрісін кеңейтуге бағытталған ғасырлар бойғы зиялыларымыздың ізденістері, алға

қойған мақсатты істері, рухани өмірі бұның барлығы зерделей білген адам үшін «Қазақ

идеясының» тарихи шындығы, мәдени құбылысы. Олай дейтін себебіміз, қазақ даласының

өзі,   ондағы   әрбір   жер   атауы,   тұлғалардың   ел   үшін   күрескен   жерлерінің,   кеңескен

орындарының куәсі. Ұлттық рухымыздың бейнесі осы дала болмысының бойында. Осы

түсінік   хандарымызды,   батырлармызды,   ғалымдарымызды   да   ұлттық   мүддеге   қызмет

етуге жетелеген. Олардың бір бөлігі қазақ жерінің пайдалы қазбаларын ғылыми негізде

қағазға түсіруге жұмылса, ендігі бір бағыты, яғни ұлт мүддесі үшін күрескен зиялылар

рухы, өз істерін ұлттық идеямыздың феномендік негізі екендігін дәлелдеп берді. Соның

бір   дерегі   ретінде,   кеңес   дәуірі   тұсында   өмір   сүрген   Е.   Бекмахановтың   еңбегін

айтуымызға болады. Бұл мәселе бүгінгі таңда қазақтанушы  ғалымдарымыздың ғылыми

ізденістерінің бағытына енуде. 

Сонымен   алаш   зиялыларының   қатарында,   ел   мәдениетінің   бойында   ұлтқа   қызмет

етудің өзіне тән рухы мен ізін, үлгісін, рухани бейнесін қалдырған ойшыл М. Шоқайдың

ұлттық идеялары, бүгінгі қазақ философиясын зерттеуде ғылыми ізденістеріміздің бағыт-

бағдарына толықтай енуде ме? Зиялының елдік толғаныстағы идеяларының бізге берер

рухы мен білімі қандай? Әрине бұл мәселе тұрғысында жалғыз мәселе көтеріп жүрген біз

емес. М. Шоқай елге бағыттаған өз ісін, өз талғамын, өз ізін әлем өркениетінің бойында

қалдырған. Оның шет елдердегі баспасөз ұйымдастырып, сол дәуірде орын алып отырған

саяси   құбылыстарға   берген   бағасын   адамзат   алдында   жария   етуі,   қоғам   заңдылығын,

уақыт  талаптарын  өз халқына жеткізіп  отыруының  өзі танымдық мәні тереңде  жатқан

дүние. Бұл жөнінде М. Шоқайтанушы ғалым былай дейді: «Шоқайды жауынгер саясаткер

деп   сипаттауға   болады.   Қиыншылыққа   мойымай,   күрес   жолын   жалғастыру   –   оның

табиғатына   тән   қасиет.   Мұны   оның   өмірінің   ең   қиын-қыстау   екі   кезеңінде   көрсеткен

әрекетінен көруге болады» [4, 288 б. ].

Бұндай іс кез   келген адамның қолынан келе бермейді, сонымен бірге тұлға елдігін

және өзге алаш зиялыларының ақтық істерін әлемге жария етуі оның ұлттық табиғатына,

рухани   болмысына   тән   тектілігі.   Тектіліксіз,   зиялыларымыздың   тектілік   түсінігінсіз



«Қазақ   идеясының»   тұлғасын   тану   мүмкін   емес.   Ұлттық   идеямыздың   тарихи   тамыры

тереңде, дербес мәдени құбылысы бар тұтас әлем деп танитын болсақ, оның бойына ену,

зиялыларымыздың   тұлғалық   феноменін   зерттеу   арқылы   жүзеге   аспақ.   Оның   кілті   –

тектілік ақиқаты.

«Халқымыз жәй әшейін адамдардың жиынтығы емес, – дейді М. Шоқай, – өзіне тән

мәдениеті бар қауым екенін, сондай-ақ қазіргі жүріп жатқан саяси талас-тартыстар тек

«күн астынан бір жағырафиялық орын» алу үшін ғана емес, өз мәдениетін күллі әлемге,

соның   ішінде   Еуропаға   да   таныту   екенін   білуге   тиіспіз.   Біздің   ең   басты   саяси

міндетіміздің бірі, міне, осындай» [2, 193 б.]. 

Ұлттық   рухты   ашық   сезініп,   сол   жолда   өзінің   кісілік   қалпын   сақтай   алған   адам

болмысы   ғана   тектілік   ақиқатына   ие.   Дүниеде   мақсатсыз,   орынсыз   еш   нәрсе   жоқ.   Әр

нәрсенің өз орны, жаратылысынан тағайындалған өз жолы бар. Адамның рухани жолы

оның халық мүддесінен озбайтын, рухы, шындығы, мағынасы тұрғысынан тозбайтын, әр

адамның   танымына   ұялап,   елдік   санасын   қозғайтын   тектілігінде.   «Жақсының   серігі   –

әменде ақыл», – деп Әйтеке би бабамыз тегін айтпаса керек, «Қазақ идеясының» ғасырлар

бойғы игерген мұрасы зиялыларымыздың өмір сүріп отырған қоғамның жіберіп отырған

қателіктерінен  алдымен өздерін,  сонан соң әлеуметін  арашалап алуы  қызметтерінен  де

айқын көрінеді. М. Шоқай да осы жолда қызмет етті. Қандай ғылым болмасын оның жеке

адам мүддесін көздеген идеологияға қызмет етпей, тек қана ұлт одан қалды адамзат халық

мүддесіне қызмет етуі тиістілігін ғылыми тұрғыда дәлелдеген. М. Шоқайдың бұл дәлелі өз

уақытында кеңес үкіметін құрушы большевиктер тарапынан мойындалмаса да, тарихтың

өзі   бұның   ақиқатын   көрсетіп   отыр.   Кеңес   билігі   құрамында   болған   қай   ел   болмасын,

коммунистік идеология биліктен кеткен уақыттан бастап ұлт тарихын зерттеп, жоғалтып

алған құндылықтарды, ұрпақ санасынан қашықтаған тарих шындығын қайтаруға белсене

кірісуде.   Ал   бұндай   кемшіліктің   алдын   алу   жөнінде   алаш   зиялылары   ашқан   баспасөз

құралдары күштеп жабылғаннан кейін, олардың идеялары М. Шоқайдың «Яш Түркістан»

журналы беттерінде жарық көрген мақалаларында жалғасын тапты: «Тарих жазудың екі

жолы   бар.   Бірінші   жолы:   Зерттеуші   өмірде   болып   өткен   оқиғаларды   көңіл   қойып

жинастырады...   Мәліметтер   мен   ақпараттардың   бұлақтарын   іздейді.   Жиналған

мәліметтерді өзінің ғылыми зердесінен өткізеді, орнына салады және ол мәліметтерден

өзін бейтарап ұстай отырып, талдау жүргізеді. Шын мәнінде ғылыми тарих, міне, осындай

тәсілмен жазылады.

Екінші  жол: Зерттеуші  көздеген  мақсаттарын күні  бұрын белгілеп  алады  да, соған

жету   үшін   оқиғалар   құрастырады.   Тіпті   мақсаты   қажет   етіп   жатса,   оқиғаларды   ойдан

шығарады. Мақсатқа қайшы келетін бұлақ көздеріне жуымайды. Мұндай тарихшылар өзін

бейтарап   ұстаудың   орнына   оқиғаларға   партиялық   тұрғыдан   талдау   жасайды.   Кеңес

тепкісіндегі   халықтардың   ұлттық   қозғалыстары   туралы   жазып   жүрген   большевик

тарихшылар осы екінші түрге жатады.

Большевиктер жалпы ғылымда бейтараптықты мойындайды. Ғылым олар үшін таптық

күрестің баламасы. Сондықтан олар тарихты өздерінің болашақ таптық мақсаттары үшін

пайдалануға тырысады. Өйткені олар тарих өткен өмірден мағлұмат беретін ғылым ғана

емес, келешекке сабақ беруге қызмет ететін ғылым екенін де жақсы біледі» [2, 226 б.]. 



Осы   саяси   бұрмаланудың   салдарынан   ұлт   өзінің   ұлттық   идеясынан   алшақтап   қана

қоймай, талантты  ой иелерінен,  білікті  мамандарынан айрылды. Мәселен кешегі Алаш

зиялылары,                                         Е. Бекмахановтар, Қ. Рысқұлбековтер нағыз демократиялық

қоғамда өмір сүрсе «Қазақ идеясының» тарихи феноменінің әлдеқашан жазылып, ғылым

айналымына енері анық. «Сөздің құнын білмесе биде өсиет қалмайды» [3, 91 б.], – деп

Әйтеке би данамыз айтып кеткен, нағыз тарих шындығын, сол шындық орамындағы тұлға

ісін кейінгі ұрпаққа жеткізіп адам өміріне қайшы келіп отыратын құбылыстардың таразы

басын теңдестіретін – ұлттық идея. Ұлттық идея ұрпақ үшін өрелі таным, рухани мұра,

әлеуметтік мұрат, кісілік мақсат, тұлғалық іс, ғылыми ізденіс, ұстаздық із, даналық көзі.

Кісілік   пен   әлеумет   алдындағы   адам   кішіпейілділігін,   жұрт   үшін   үйрену   мен   білудің,

біліктілік   пен   білімділіктің,   естілік   пен   табандылықтың,   тектілік   пен   даналықтың,

ұстаздыққа ұйытқы зиялылықтың өрісі. Алаш зиялыларының ұлттық идея танымы мен

тағылымын   бұндай   жоғарғы   сатылы   деңгейде   зерделеп,   кейінгі   ұрпаққа   ұғындыруы

ғасырлар   бойғы   ұлттық   қалыптасуымыздың   бағдарламасы,   қозғаушы   күші,   зиялылар

мұратының «тұрағы мен тірегі», яғни «Қазақ идеясының» тарихи негізін  арши түспек.

Олар қандай мәселе болмасын оны шешудің оңтайлы жолдардың ұлттық мүдде биігінен

іздестірген. «Біз, қаншама ірі тұлға болса да, үмітімізді жеке адамдардың атына тәуелді

етіп қоя алмаймыз. Біз жеке тұлғалардан жоғары тұрған ұлттық мұраттарға сүйенеміз», –

деп жазып кеткен М. Шоқай сөзі осының айғағы. Ойшыл тұлғасы  қашанда ел үшін –

рухани дәстүр, өсиеті – ұлттық рух тірегі. 



ӘДЕБИЕТТЕР

1

Шпенглер   О.   Закат   Европы:   В   2-х   т.-   Т.1.   /   Пер.   с   нем.   И.И.   Маханькова.-М.:



Айрис-пресс, 2003.-624 с.

2

Шоқай М. Таңдамалы. Алматы: Қайнар, -198.-158 б.



3

Есламғалиұлы  М. Әйтеке би (Тарихи философиялық диология) // Жұлдыз.-2003.

№5.-82-118 б.

4

Қара А. Мұстафа Шоқай. Өмірі. Күресі. Шығармашылығы / Түрік тілінен аударған



Г. Шадиева. – Алматы: Арыс, 2004.-320 б. 

REFERENCES

1 Shpengler O. Zakat Evropy: V 2-h t.- T.1. / Per. s nem. I.I. Mahan'kova.-M.: Ajris-press,

2003.-624 s.

2 Shoқaj M. Taңdamaly. Almaty: Қajnar, T..-198.-158 b.



3 Eslamғaliұly M. Әjteke bi (Tarihi filosofijalyқ diologija) // Zhұldyz.-2003. №5.-82-118 b.

4  Қara A. Mұstafa Shoқaj. Өmіrі.  Kүresі. Shyғarmashylyғy  / Tүrіk tіlіnen audarғan G.

Shadieva. – Almaty: «Arys» baspasy, 2004.-320 b.

У. К. Сарсембин

1

,  М. С.  Жетписбаева 

2

(

1



 Актюбинский государственный университет имени К.Жубанова;

2

 Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК, Алматы)



«НАСЛЕДИЕ М.ШОКАЯ  – КАК ОСНОВА КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ ИДЕИ»

Резюме

В этой статье рассматриваются взгляды М. Шокая, внесшего особый вклад в развитие

казахской национальной идеи. Особое внимание уделено вопросам бытия интеллигенции

на основе личности М. Шокая.



U. K. Sarsembin

1,

 M. S. Zhetpisbaeva 

2

(

1



 K.Shubanov Aktobe State University

2

 Institute of Philosophy, Political Science and Religion Studies of SC MES RK, Almary)



«HERITAGE OF MUSTAFA SHOKAI AS A BASE OF KAZAKH NATIONAL IDEA»

Summary

This article deals with Mustafa Shokai' s contribution to Kazakh national idea and thoughts

about basis of national idea. Also it is said that each nation develops through its intelligentsia,

and these people do their best for the nation's objective aims. It was made the reflections by M.



Shokai. 

Поступила  04.10.2013 г.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал