М. К. Қозыбаев еңбектеріндегі Ермак туралы ақиқат пен қиял



жүктеу 80.74 Kb.

Дата16.01.2017
өлшемі80.74 Kb.

М.К. Қозыбаев еңбектеріндегі Ермак туралы ақиқат пен қиял 

Ермак  жорықтары  толық  және  нақты  айқындалады.  Ермак  туралы, 

сонымен  бірге  оның  жетістіктері  туралы  тарихи  шындық  өте  қиын  және 

қолайсыз,  себебі  түсіндіруді  қажет  ететін,  бүгінгі  халықтар  қатынастарына 

өтіп  кеткен  уақыт  ізін  салды.  Ресей  Қазан,  Астрахань,  Крым  хандықтарын 

жаулап алғаннан кейін, Сібірді отарлауға кіріскені   Отан тарихынан белгілі. 

Зерттеуші В.Каргалов былай деп жазған: «Батыс Сібірдің Ресей мемлекетіне 

қосылу  бастамасының  дәстүрі  бойынша  атақты  атаман  Ермак  Тимофеечтің 

атымен  байланысады,  ол  XVIғасырдың  сексенінші  жылдардың  басында 

өзінің  казак  еркіндігіне  тән  Ертіс  өзеніне  келіп,  Көшім  ханды  талқандады, 

содан  кейін  Сібір  патшылығымен  IVИван  Грозный  патшасына  соққы  берді. 

Шынында Батыс Сібірдің қосылуы айтарлықтай ерте басталды, 1438 ж. Сібір 

жерлеріне үлкен жорығын басқарған орыс әскер басылары «Федор Крубский 

және  Иван  Салтын-Травин»  болды.  Кейбір  тарихшылар  мен  дипломаттар, 

империялық  ойлаудың  ерікті  және  еріксіз  эпигондары  Ресей  отарлық, 

империялық держава болмауын талап етті. 

Онда  қандай?  Шекаралары  Тынық  мұхитына  және  оның  кейбір 

аралдарына жеткен маңызды мемлекеті неден құрылды? 

Тарихи  ғылымның  докторы  В.  Галузо  былай  деп  жазған:  «Көршілес, 

әлсіз 


халықтардың 

қосылуы 


арқылы 

бірыңғай 

орталандырылған 

мемлекетінде  орыс  жерлерінің  бірігуі  Мәскеу  патшалығы  аумағының 

ұлғайтуына  айнала  басталған  кезеңінен  бастап,  Басыбайлы  Ресей  отарлық 

саясатын  іске  асырды.  XVIғ.  екінші  жартысында  Поволжье  және  Сібірді 

жаулап  алу,  XVII-XVIIIғғ.  Қазақстан  және  Кавказ  көп  бөлігінің  қосылуы, 

ресей  әскери-феодалдық  имперализмнің  пайда  болуы  ресей  әскери-

феодалдық  отарлық  саясаттың  соңғы  кезеңі  болды.  Бұл  алғашқы  қорлану 

кезеңін тартып алу уақыты болды. Мәскеу патшалығы, Ресей империясының 

басыбайлық  қатары  осындай  «империализмнің»  әлеуметтік  базасы  болып 

саналды». /Қазақстан Қазан концепциясында. Алма-Аты. 1968 ж. 3-4/. 

1914 жылы Ресейде 33,2 млн. тұрғындарымен 17,4 млн. км көлемі бар 

отары болды. В.И.Ленин ресей отарлар санына Сібір, Кавказ, Бұхара, Хиваны 

қосты..../В.И.Ленин шығ.тол.жин. Т.26.  314 б. ,Т. 27. 377 б./. Бұл аумақтарды 

Ресей басыбайлық уақыттарында жаулап алды. 

Сібірді  «қосқан»  патшалықтың  соққы  беруші  қатарлардың  алғашқы 

бастаушыларының бірі Ермак болды. «Ертістің жөнсіз жағасындағы» аңызға 

айналған дәл сол адам. 

1581  жылы  шілденің  соңында  поляк  королі  Стефан  Баторий  Могилев 

қаласының  коменданты  Стравинскийдің  атынан  хат  алды.  Осы  жолдауда 

комендант орыс әскерлерімен қорғаныс соғыстарын жүргізгені туралы және 



Могилевті  жаулап  алған   орыс  әскерлерінің  бірнеше  тектерді  келтіре  кетті. 

Комендантқа есімдерін айтқан тұтқындардың ішінде «Ермак Ттимофеевич – 

казак атаманы» да болды. 

Ермактың  есімі  айтылған  алғашқы  белгілі  куәландырылған  құжат  – 

поляк  королі  Стравинскийдің  жолдауы.  Құжат  өте  маңызды,  өйткені 

Ермактың  1581  жылы  Ливонский  соғысына  қатысқаны  туралы  хатта 

жазылмаса, оның Сібірге жорық жасағаны туралы күнін анықтау қиын болар 

еді. 


Бұл  адам  кім  болды  деген  сұрақ  туындайды?  Төрт  ғасыр  бойы 

болжамдар,  аңыздар  бойынша...Ермак.  Рас,  есімі  оғаш,  сирек,  үйреншікті 

емес пе?  Бұрынғы уақытта бұл есім сирек кездесті. Дальдің сөздігі бойынша 

Ермак есімі – бұл "шаруалардың қол диірмендеріндегі  - шағын тас" дегенді 

білдіреді. Зерттеушілер Ермак өмірбаянын әр түрлі атайды: Ермек, Жармақ, 

Тоқмақ,  Тоқпақ,  Ермолай,  Ерміл,  Герман,  Василий,  Тимофей,  Еромей, 

Еремей. Көбі атаманның есімі Ермолай болды, ал қысқа түрде Ермак. 

Ермактың бейнесі сақталмаған. Жорықтардан кейін жүз жыл өткен соң 

ғана  икондар  мен  суреттерде  атаманның  алғашқы  бейнелері  пайда  болды. 

Олар  жасақшылардың  алғашқы  сипаттаулары  бойынша  құрастырылған. 

Сонымен  қатар  атаманның  туған  жылы,  туған  орны  және  сібір  жорығына 

дейінгі өмірбаяны туралы мәліметтер даулы және қарама-қайшы. Яғни 1582 

жылы  экспедициясының  басында  ол  шамамен  40-45  жаста  болды.  Ермак 

шамамен 1540 жылы туды. Ермактың туған жері туралы бірнеше мәліметтер 

бар.  Оралдар  Ермак  Чусовой  қаласында   туды  деп  санайды.  Ол  «Двина 

Боркасынан»  деген пікір  таралған.  Қазір  бұл  Архангель  облысы,  Краснобор 

ауданының  Игнатьевское  ауылы.  ХІХ  ғ.  ортасында  ғана  Орал  өңірінің 

маңында  және  Орал  өңірінен  кейінгі  жерлерде  30-дан  аса  елді  мекендері 

Ермак, Ермаков, Ермаковка аттарына ие болды. 

Тарихшылар  арасында оның  шығу  тегі  туралы  бірыңғай ой-пікір жоқ. 

Орыс,  татар,  литва,  неміс  жасақтарының  саяси  жетекшісі  «белгісіз 

тұқымның»  адамы  болғанын  атақты  орыс  тарихшысы  Н.Карамзин  атап 

көрсетеді.  Есипов  шежіресі  Ермактың  шыққан  тегі  туралы  жаңа  нұсқасын 

көрсетеді:  «Ермак  өзінің  туған  орны  туралы  мәліметті  жазды.  Оның 

атасы   суздалдік,  посад  адамы  болды,  жоқшылықта  өмір  сүрді,  кедейліктен 

Володимерге кетті, оның аты Афонасей Григорьевич, баласынң аты Аленин 

болды   және  Родион  мен  Тимофейдің  екі  баласын  тәрбиеледі,  жүк  тасумен 

күн  көрді  және  қарақшыларда  көлік  тасу  жұмысын  істеді,  Мурмск 

орманында  ұсталып,  түрмеге  түсті,  сол  жерден   әйелі  мен  балаларын  алып, 

Юрьевец  Поволский  деген  жерге  қашты,  кейін  қаза  тапты,  ал  балалары 

Родион  мен  Тимофей  қиыншылықтан  Строганов  вотчинасының  Чусовой 

көліне  қоныс  аударды;   Родионның  екі  баласы  болды:  Дмитрий  және  Лука, 

Тимофейдің балалары: Таврило және Фрол да Василей. Василей мықты және 


тіл  шебері,  қатал  адам  болған,  Кама  мен  Еділ  көлдері  бойынша  шағын 

кемемен  Строгановтарда  жұмыс  істеді,  сол  жұмыста  күшті  жинап,  шағын 

жасақты  құрды,  содан  кейін  жұмыстан  кетіп,  қарақшылыққа  кетті,  сол 

уақыттан  бастап  атаман  Ермак  есіміне  ие  болды,  жол  артельдің  тағаны,  ал 

вожск  бойынша  "шаруалардың  қол  диірмендеріндегі  -  шағын  тас"  дегенді 

білдіреді /Сібір жазбалары. С. 305-306/ 

Есипов  жазбаларында  Ермак  есімді  Тимофей  баласына  казактар 

«Тоқмақ»  деп  атап  кеткен  /Сібір  жазбалары.  С.  275/.   Дальдің  сөздігі 

бойынша  «тоқмақтау»  -  «ұру,  соққылау,  талқандау»  мағынасын 

береді.Атаманның  жалған  атында  оның  алпауыт  физикалық  күші 

түсіндірілді. Ленинградтық тарихшы Р.Скрынников айтқан нұсқасы ақиқатқа 

жақын, бірақ дәлірек айтатын болсақ, Ермакка «Тоқмақ» жалған атын оның 

қатыгездігі  үшін  берілді,  бұл  осы  мән  мәтінінде  зорлау  синонимі   болып 

табылады.  Ермак  қуылған  жеке  тұлға  болып,  ауыр  қылмысы  үшін  туған 

жерлерінен қашқан, түркі ұрпағынан шыққан адам бола алар еді. Ол туралы 

«тоқмақ»,  «жармақ»  сөздерінің  этнонимдері  куәландырады,  олар  түркі 

ұрпағынан   шыға  алуы  мүмкін,  «Жармақ»  -  шағай  сөзі  «қақ  жару»  дегенді 

білдіреді. 

Мұсылман 

аңыздарында 

негізделген, 

Ремизов 


жазбаларында 

Сарғайшық  болысын  жаулап  алғаннан  кейін  Елічай  бек  Ермакка  өз  қызын 

бермек  болды.  Сонымен  қатар  Шайқаста  қаза  тапқан  бес  жасақтарын 

ноғайлар былай жоқтады:   «яным, яным, били казак, били казак»... ремидов 

қаза  тапқан  атаманды  мұсылман  дәстүрлері  бойынша  және  мұсылман 

зиратында  жерлегені  туралы  фактілерді  келтіреді.  Сендірерлік  дәлел:  дін 

тұту  бойынша  мұсылман  Елічай  бек  діндес  адамға  өз  қызын  берер  ме  еді; 

ноғайлар   қаза  тапқан  мұсылман  емес  жауынгерлерді  мұсылман  дәстүрлері 

бойынша жоқтар ма еді. 

Бұл  бойынша  Н.Карамзин  былай  ойлайды:   «Өзінің  жалғыз  есімімен 

қорқынышты  сендірген  жұмбақ,  қараңғы  тұлға  тұқымсыз  және  ұрпақсыз 

адам  болған.  Ешбір  халық  ол  үшін  өзіне  қайсыбір  өнегелі  жауапкершілікті 

жүкте  алмады».  Манаш  Қозыбаев  бұл  көзқарасты  айрықша  дұрыс  деп 

санайды. 

ХІІ  ғ.  жазбаларында  Ермак  пен  оның  жасақтарын  ұрлықшылар  мен 

қарақшылар  деп  санайды.  Петербург  академиясының  мүшесі  Г.  Миллер 

жазған  болатын:  «Ермак  Сібірде  өз  адамдары  жасаған  тонаушылық  пен 

қарақшылықты  күнә  ретінде  санамаған».  Бірақ  сарай  маңы  патшалары  сол 

ретте қарсы сөз айтты: «Бұл іс туралы абайлап жазу керек және қарақшылық 

арқылы  Сібірді  жаулап  алғаны  туралы  талқылауын  Ермакка  жүктемеу». 

/Библиографиялық  жазулар.  Спб.,1861г.  Т.3.  С.  515/.  Бірақ  тарихшы  бұл 

сендірушілікке  көнбеді:  «өз  бейненді  жеңілдету...  мүмкін  емес».  «Сібірді 

жаулап алушы» еңбегінің авторы П.Небольсин Ермак пен оның жасақтарын 


«ұры  тобы»  деп  айтуға  қорыққан  жоқ./  С.М.  Соловьев.  Ежелгі  уақыттардан 

Ресей тарихы. Т.5-6. М., 1989 г. с. 694-726/. 

1917 ж. Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы жылдары тарихшылардың 

зерттеулеріне сүйеніп, кеңес ғалымдары Ермак жорықтарының бсқыншылық 

сипатын  дәлелде  және  өзін  жақсы  жағынан  көрсетпек  болған  қарақшы 

атаманға қарсы шықты. ҮКЭ бірінші басылымында тарихи кеңес мектебінің 

басшысы  академигі  М.Нечкина  арнайы  мақаланы  жазды,  сол  мақалада 

патшалықтың отаршылдық саясатын, басында қарақшы Ермак тұрған Сібірді 

жаулап алудың  басқыншылық, тонаушылық сипатын әшкерледі.   

1636 жылы 16 ақпанда Ресей патриархы патшаның көзінше Ермак және 

оның  жасақшылардың  құрметіне  құран  оқыды:  қарақшыны  әулиелер 

қатарына қосып, ол «зардап шекті және дін тәртібін ұстаушы патшаға қызмет 

еткенін»  айта  отырып,  Сібірдің  бірінші  архиепископы  Киприянның  өтініші 

ресми  түрде  бекітілді  /Сібір  жазбалары.  С.164-168,  236-238/.  Тоболь 

дияктығы Савва Есипов архиепископ нұсқауы бойынша «Сібір туралы және 

Сібірді  жаулап  алғаны  туралы»  шежірелерді  жасап  шығарды,  сол  шежіреде 

арнайы нұсқау бойынша Ермактың жорықтарына мақтау мен құрмет берілді, 

сол  уақыттан  бастап  Ермактың  ғұмыры  басталды  –  тарихтың  өрескел 

бұрмалануы басталды. Тонаушылар мен қарақшылар фактілері бұдан былай 

анда-санда  ескертілді.  Аты  аңызға  айналған  атаман  ерлігі  туралы, 

мемлекеттік  білімпаздығы  туралы,  сонымен  бірге  өнегелі  қылықтары 

туралы  үлкен кітапхана пайда. 

Кеңес  тарихшыА.А.  Введенский  Ермакты  ұлы  қолбасшы  ретінде 

санаған.  В.Г.  Мирзоев  Ермактың  жорығы  Сібірдің  ерікті  түрде  қосылудың 

басы болғаны туралы өз оқырмандарын сендіруге тырысты. Ермактің Сібірге 

жасаған  жорығы  –  бұл  халық  қозғалысының  жалғасы  екені  жөнінде  П. 

Скрынников  өз  пікірін  айтқан  болатын.  Мұнда  ерікті  адамдар  бірінші  орыс 

қоныс аударушылары болып  табылды,  Сібірдің  тарихи  тағдырларына үлкен 

әсерді тигізді. 

Ермак  жаулап  алынған  халықтарды   христиандық  дінге,  Ресей  тағына 

үлкен  салықты  төлеуге  мәжбүрледі.  Бұл  туралы  құжаттамалық  дереккөздер 

дәлелдейді.  Осылай  С.Резинов  жешірелеріне  сәйкес  Ермак  «барлық 

Назымдық  болыстарын  тұтқынға  алу  және  дінге  ауыстыру,  жасақты 

түгелімен жинай алды. Бірінші Аремзямск болысына келіп,  күреспен мықты 

қаланы  алды,  көптеген  ең  жақсы  мергендерін  аяқтарынан  асып  қойды  да, 

атып  тастады,  жасақтардың  қанға  боялған  қылышын  алып,  үстелдің  үстіне 

қойды да, барлық жылдар бойында патшаға қызмет ету үшін қылышты сүюге 

бұйрық  берді».  Осындай  күйінішті  жағдай  ежелгі  Сібір  ордасын,  оның 

халқын  да  кешті.  Іскер  қаласын  жаулап  алғаннан  кейін,  Кучум  хан  ордасы 

казак  топтарымен  тоналды.  Жаулап  алынған  аумақтардың  тоналған  көлемі 

туралы  келесі  факт  куәландырады:  1595  жылы  Сібірден  шығарылып, 


Еуропаға  20760  сусар,40360  бұлыңғыр  терісі,  120  қара  түлкілердің  терісі, 

3000 құндыз, 337235 тиін тересі. Ғалымдар түйіндері тарихи дереккөздердің 

мәліметтерін,  көбінесе  сібірлік  шежірелеріне  сүйенді,  онда  Ермактың 

жорықтары  келесі  тәсілмен  сипатталады:  «Ұлы  қуанышқа  орай  оңбаған 

бұсырмандардың  жеңу  құрметіне;  алтын  мен  күміс  және  көптеген  құңдыз, 

сусар, түлік терілерін алып, өзара бөліп алды»./ С.В.Бахрушин «ХVI-ХVIIғғ. 

Сібірді отарлау тарихы бойынша очерктер  27 б.»/. 

Орыс  мемлекеттің  дамуы,  Сібір  халықтары  үшін  Ермак  жорықтары 

нәтижелерінің  позитивтік  мағынасы  тариханамада  толық  талданды,  бірақ 

күшпен  ұжымдастырудың  теріс  нәтижелері,  дәстүрлік  өмір  салтының 

бұзылуы, отаршылдықтың жыртқыш шаруашылығы, христиандыққа күшпен 

ауысу, ұлттық мәдениеттің құлауы және т.б. басқа жоспарға кетеді, процесті 

білдірудің  барлық  қиындығы  мен  трагедиялығы  тереңдетілген,  объективті 

зерттеуі міндетті болып табылады. 

Сібірді  отарлау  және  игеру  дәуірі  қандай  болғаны  туралы  көптеген 

тарихи  дереккөздер  дәлелдейді.  Ермактың  қызметін  әр  түрлі  жарықтандыру 

қағидаттары фольклорлық сюжеттерде көрінісін тапты. 

Сібірдің   қосылуына  сәйкес  «сібірді  жаулап  алу»,  «Сібірді  отарлау» 

«Сібірді  билеп  алу»  ретінде   сипатталынған   Ермак  жорығының  жаулап  алу 

оккупациясы  мен  сипатын  айқындайтын  М.  Карамзин,  Г.Ф.  Миллер,  Г.К. 

Катанаев,  П.Н.  Буцинский  еңбектерінде  салынған  концепциясы  20-шы 

жылдарда шыққан басылымдарда сақталған. Ал ХХ ғ.  40-70 жж. Апогейдің 

жеке  адамға  табыну  кезңінде,  волюнтаризм,  тұрып  қалу  кезеңінде,  «жаулап 

алу» түсінігі «игеру», «ерікті түрде қосылу», «отарлау» терминімен алмасты./ 

А.П. Окладников «Сібірдің ашылуы». М., 1979 ж./ 

Ресей  империясы  сыртқы  политикасының  апологетикасы  басталды. 

Ұлт-азаттық  қозғалыстарды  зерттеген,  ұлттық  аймақтарынан  шыққан 

көптеген  тарихшылар  ұлтшылдықта  кінәланды  да  жазаға  тартылды. 

Ф.Энгельстің  «Патшалық  Ресейдің  сыртқы  саясаты»  мақаласының 

басылымына  И.В.Сталин  рецензиясы  төңкеріс  алдындағы  тарихнама   ұлы 

державиелік  империялық  сызбалардың  пайда  болу  импульсын  берді,  ол 

самодержавиенің  экспансионистік  отаршылдық  сыртқы  саясаты  туралы 

автормен келіспеушілігін көрсетті. Біздің халқымыздың отандық тарихының 

бұрмалану  дерек  көздері  осында,  соның  ішінде  Ермактің  Сібірді  алғашқы 

жаулап алу тарихы да осында жатыр. 

Біздің  Отанымыздың  төңкерісін  жаңғырту  жылдарында  тарихымызда 

сырт  жақтан  қарау  үшін,  шындық,  тек  қана  шындықты  жазуға  мүмкіндік 

алдық, бірақ бір шектен екінші шеке ауыса береміз. Осы жорыққа қарағанда 

біз  өз  тарихымызға  құрметпен  қарауымыз  керек»  деп  санайтын  тарих 

ғылымының докторы, профессор В. Старцевтің көзқарасын қолдаймыз. 



Строганов  рөліне  құрмет  көрсетейік.  Бірақ  олар  державалық  азаттық 

атқарушылары  болғанын  ұмытпау  керек.  Л.  Толстой   «Ермак»  мақаласында 

былай  жазған:  «Успен  қаласына  Ермак  атаманымен  600  казактар, 

Строгановқа  келді.  Строганов  оларды  жақын  арадағы  татарларға  жіберді. 

Казактар  оларды  ұрып  соқты.  Содан  кейін  істейтін  іс  болмағасын,  казактар 

округ  бойынша  жүріп,   тонаушылықпен  айналысты.Строганов  Ермакқа 

былай  айтқан  болатын:  «Кучуммен  соғысу  үшін  Орал  барыңыз,  оның 

жерлерін  тартып  алыңыз.  Патша  сізді  сол  үшін  марапаттайды».  Яғни 

Строганов әрекеттері алдын ала келісіліп отырды.   

Экспедицияға  қатысушыларда  жақсы  қару-жарақтар  болғанын  және 

Кучумды талқылау үшін ешқандай ерекше ерлік керек емес екенін зерттеуші 

Караганов атап айтқан болатын. 

Жаулап  алынған  халықтарға  ғана  емес,  сонымен  қатар  өзінің 

жасақшыларына  деген  қатынасы  бойынша  қайырымсыз  атаман  болған,  ол 

жасақшыларын  қорқытып,  жиырмасын  өлім  жазасына  тартты.  Жасақшылар 

өзендерді  жаулап  алған  халықтардың  өліктерімен  толтырған  «әулиенің» 

бейнесі  осындай  болды,  дегенмен  басқа  зерттеушілердің  масаттануы 

сақталып отырды. 

Өмір 

жолын 


тонаушылықтан 

бастаған 

атаман 

мемлекеттік 



жазалаушысына  айналды.  Ермак  жасағы  Епанчи  жаулап  алғанда,  түп-

тұқылын  қоймай  тонады  да,  қиратты.  Бұл  Н.Карамзин  сөзімен  расталады: 

«Қазіргі Туринск қаласының орнында Епанчи князінің қалашығы болды, ол 

көптеген  татарларды  басқара  отырып,  батыл  келімсектерге  тап  болып, 

қашқан  болатын.  Ермак  барлық  қаланы  қиратуға  бұйрық  берді».  Мұндай 

айуандықты гуманизм деп санауға бола ма? 

Оның  өліміне  байланысты  көптеген  аңыздар  бар.  Ермак  Вогай  көліне 

оралғанда,  Орта  Азиядан  шыққан  бай  сауда  керуені  туралы  біліп  алғаны 

жөнінде  шежірелерде  айтылған.  Атаман  керуенді  мүмкін  болатын 

шапқындардан  қорғауына  шешім  қабылдады,  деп  автор  айтқан  болатын. 

Кучумнан керуенді қорғау сылтауы ретінде өзі тонаушылыққа дайындалғаны 

туралы болжауға болады.  1585 жылы 5 тамыздың 6 тамызға қараған түнінде 

Кучум  жасақшыларға  шабуыл  жасады  да,  оның  тас-талқанын  шығарды. 

Жарақат алған Ермак Ертіс өзенінде батып, қазақ тапты. 

Тамыз  айында  Абалақ  өңірінен  12  км.  жерінде  Ермактың  мәйіті 

табылды. Бекім-Бектің баласы Яныш балық аулап отырып, су бетінде қалқып 

тұрған  аяқты  көрді.  Мұсылмандар  атаман  құрметіне  жерлеу  тойын 

ұйымдастырды  деп  Миллер  жазған.  /  Г.Ф.  Миллер.  Сібір  тарихы.  С. 

264/.  Витаен айтуы бойынша Ермактың мәйіті табылған жоқ. Басқа нұсқалар 

бойынша ол Бегіштің мұсылмандық зиратында жерленген. 



«Сәтбек  батыр»  эпосында  жазылған  осындай  да  аңыз  бар.  Ермак 

Сатбек  әйелін,  оның  екі  баласын  және  9  малайын  өлтірген  қылмыскер 

ретінде осы  кітапта  сипатталады.  Кекшіл  есіктің  артына жасырынып, үйден 

шыққан Ермак серіктестіктерін балтамен өлтірген. Сәтбек атаманның қолын 

шауып  алды.  Бірақ  Ермак  бір  қолмен  Сәтбекті  домалаңнан  асырды.  Сол 

уақытта  Бәтеш  қызы  Ермакқа  үлкен  қара  итті  шаптырды.  Қарапайым 

адамдарды  өлтірген  эпостың  ой  өзекті  жетекші  –  қанды  жазалаушы  ит 

өлімінен қазақ тапты. / Г.Ф. Миллер.Сібір тарихы. С. 264/. 

Басқа да көптеген аңыздар бар. Бірақ мәні көркем сюжетінде емес, ал 

ақиқат  шындығында.  Ермак  желікпелі  өмір  сүрді.  Тонаушылық  пен 

зорлаушылық  оның  мәні  болды.  Өз  өмірінің  соңында  ол  бірнеше  халықтың 

трагедиясын  тартқан  жасағын  жасады.  Патша  тарапынан  қолдау  тапқан 

атаман от пен қылыш  арқылы сібір халқын жеке дара биледі. Ермакқа таңдау 

жайдан  жай  түскен  жоқ.Тонаушылық  пен  қарақшылықты  кәсіпке 

айналдырған  русыз  және  тайпасыз  адам,  отарлық  еуразиялық  державасы 

болуға  тырысқан  империяның  қалауы  бойынша  жазалаушы,  атқарушысы 

бола алар еді. 

Қайта  құрылыс  пен  жариялы  халықтар  тағдыры  туралы  тарихи 

шындықты  қайта  ойлау  және  жөнге  келтіру  үшін  жағдайларды  жасады. 

Ғалымдар 

өткенге 

директивалық 

көзқарастарды 

анықтайтын 

концепциялардың жалған стереотиптерден кетуге мүмкіндік алды. Енді қазір 

өткенге  зорлық  жасалғанның  ақиқаты,  нақты  бейнесі  көрінеді.  Өткен 

заманымызда әр түрлі жағдайлар болды: тайпалар мен халықтар одақтарымен 

қатар  – қарсылық, өзара  соғыстар,  жаңа  жерлерді жаулап  алу.  Әрине  нақты 

жағдайларда  бөлек  халықтар  Ресейге  өз  еріктерімен  қосылды,  бірақ  бір 

уақытта  аймақтардың  отарлауы  жүрді.  «Ресейдің  Сібірге  қосылу»  процесі 

езулі  халыққа  алуандас,  бір  қатарлы  емес,  қарама-қайшы   үлкен   қайғы 

болды.  Бірақ  біздің  тарихи  ғылымымыз  бүгінгі  күнінде  де  тек  бір  өзіндік 

тілектері  бойынша  Сібір,  Орал,  Қазақстан,  Орта  Азия  Ресей  құрамына  еш 

мәселесіз кіргенін айтып отыр. Шындықты айту уақыты келді. 

Отарлық  сяси  патшалығы,  орыс  халқы,  ілгеріңді  халық  қоғамы 

арасында  саралауын  өткізе  отыра,  орыс  империясына  халық  аймақтарының 

қосылуына   тарихшылар  бүгінгі  күні  толық,  өзара  байланысты  тәсілінің 

идеясында  өз  концепцияларын  құруға  міндетті.  Тарихтың  логикасы,  жаңа 

тарихи ойлаудың логикасы осындай. 

Мәкен Е.З., Ибраев С.И. (М.К.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Бузукашвили М.И. Ермак, М., 1989. 



2.  История Сибири с древнейших веков до наших дней, т.2, Л., 1968. 

3.  Р.Г.Скрынников. Сибирская экспедиция Ермака, Нов-к., 1986. 

4.  г. Казахстанская правда, №172, 1990. 

5.  г. Казахстанская правда, №173, 1990. 

6.  г. Казахстанская правда, №174, 1990. 

7.  Большая советская энциклопедия под ред. Прохорова, М., 1972. 

8.  Бакрушин С.В. Очерки по истории колонизации Сибири в XVI-XVII в., Т. 

3, 1955. 



9.  Козыбаев М.К. История и современность, Алматы, «Гылым», 1991.  

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал