М. К. Қойгелдиев т.ғ. д., профессор ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі



жүктеу 72.01 Kb.

Дата14.02.2017
өлшемі72.01 Kb.

 

М.К. Қойгелдиев 



т.ғ.д., профессор 

ҚР  ҰҒА корреспондент мүшесі 

 

Қазақ тарихшыларын құдалау саясаты 

 

 

Кез-келген  тарихи  мәселенің  әрине  тарихи  контекспен  байланыста 



қаралғаны  жөн.  Осы  тұрғыдан  алғанда  өткен  ғасырдың  40-50-ші  жылдары 

жүргізілген  қазақ  тарихшыларын  репрессиялау  саясаты  қалай,  неден 

басталды, деген сияқты сұрауларға жауап іздеуден бастаған жөн.  

 

Әрине,  Кеңестер  мемлекетінде  ешқандай  жұмыс  партияның  Орталық 



Комитетінің,    оның  Бас  хатшысының  нұсқауынсыз    басталған  емес.  Біз 

қарастырып  отырған  ғылыми  тақырыптың  тарихы  да  осы  жолдан  өткен. 

Өздеріңізге  мәлім  1941  жылы  жазда  неміс  әскері  Кеңестер  Одағына  басып 

кірді.  7  қараша  күні  Октябрь  революциясының  24  жылдығына  арналған 

салтанатты  жиналыста  И.Сталин  Совет  халқына  арнап  сөз  сөйледі.  Ол 

«Сіздерді  бұл  соғыста  біздің  ұлы  бабаларымыздың  қаһарман  бейнесі 

қанаттандырсын»  деген  үндеу  тастап,  сонан  соң

 

  революцияға  дейінгі  орыс 



тарихының  белгілі  тұлғалары  –  Александр  Невский,  Дмитрий  Донской, 

Кузьма  Минин,  Дмитрий  Пожарский,  Александр  Суворов  және  Михаил 

Кутузовтың отан қорғау ісіндегі еңбегін бөліп атады.  

 

Бұл  тізімде  келтірілген  тарихи    тұлғалардың,  әрине,  Ресейдегі 



революциялық  қозғалыстарға  қатысы  мүлдем  жоқ-тың,  ал  бірақ  олардың 

дерлік  бәрінің  бірдей  Ресей  мемлекеттігі    мен  оның  тәуелсіздігі  үшін 

күрескендігі  хақ  болатын.  Сталин  тастаған  бұл  үндеу  өз  ретінде  аталған 

тарихи  тұлғалардың  патриоттық  қызметін  кең  түрде  насихат-тақырыбына 

айналдырып  кинофильмдер  түсіруге,  оқу  материалдарын  даярлауға,  үгіт 

насихат плакаттарын шығаруға, баспа беттерінде мақалалар жариялауға негіз 

болған еді. Шамамен осы мезгілде жаңадан Суворов, Невский және Кутузов 

атындағы әскери марапаттар белгіленді.  

 

И.Сталин  сөзінен  соң  орталық  баспа  беттерінде  жиі  көтеріле  бастаған 



бұл тақырып, әрине, көп ұзамай Қазақстанға да келіп жеткен еді. Ол жөнінде 

тарихшы Бекежан Сүлейменов 1954 жылы 19 наурызда сол кездегі Қазақстан 

Коммунистік  партиясы  Орталық  Комитетінің  хатшысы  П.К.  Понамаренкоға 

жолдаған хатында мынадай фактіні келтірді: «1941 жылы күзде ҚКП ОК-ның 

үгіт және насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Балагурова мені ОК-не 

шақырып  «Отанымыздың  ерлік  жолы»  деген  сериялық  басылым  үшін 

тақырыптар  тізім  даярлауды.  Әңгіме барысында  ол  И.В.  Сталиннің  жасаған 

баяндамасына  байланысты  ҚКП  ОК  хатшылары  Ж.Шаяхметов  пен 

Г.Бұзұрбаев  үгіт  насихат  бөліміне  Қазақстан  өткен  тарихындағы  қаһарман 

тұлғаларды,  мәселен,  Кенесары  және Наурызбайдың  Қасымовтардың  «ерлік 

істерін»  кеңінен  насихаттау  жөнінде  тапсырма  бергендіктерін  айтты.  Соған 

байланысты  тақырыптар  тізімін  жасағанда  Кенесары  және  Наурызбай 

Қасымовтардың  ұмыт  қалмауын  тапсырды»  (ҚР  ҰҚК  Алматы  қаласы 


 

бойынша  департааментінің  мұрағаты  (бұдан  былай  ҚР  ҰҚК  АҚДМ)  авт.)  



№04082, 3 томдық, 3т., 184п.). 

 

Б. Сүлейменов бұл берілген тапсырманы  орындай, тақырыптар тізімін 



ОК-не тапсырғанын, бірақ «бұл тізімнің ҚКП ОК үгіт және насихат бөлімінде 

ешқандай да талқылауға қойылмастан, сол күйінде ескерусіз және нәтижесіз 

қалғандығын айтады. 

 

Дегенмен,  партияның  орталық  органның  совет  халықтарының  өткен 



өміріндегі  қаһарман  тұлғаларды  қоғамға  үлгі  ретінде  ұғынып,  кеңінен 

насихаттау  жөніндегі  тапсырысы  «История  Казахской  ССР»  сияқты 

М.Әбдіқалықов пен А.Панкратованың редакциялығымен жарық көрген іргелі 

еңбек түрінде көрініс тапқан еді.  Соғыс кезінде мұндай көлемді де мазмұнды 

еңбектің жарық көруі ғылыми өмірде үлкен маңызы бар оқиға еді. Мәскеулік 

және алматылық ғалымдардың қатысуымен қысқа мерзімде даяр болған бұл 

еңбекті  жазуға  жиырмадан  астам  автор  тартылған  болатын.  Бұл  еңбекті 

даярлау  ісінде  1941  жылдың  соңына  қарай  Алматыға  келген  мәскеулік 

ғалымдардың    ролі  жоғары  еді.  Олардың  белсенді  еңбегінсіз  бүл  кітапты 

шығару  мүмкін  емес-тін.  «История  Казахской  ССР»  кітабын  жазу  ісін 

ұйымдастырушылардың  бірі  М.  Әбдіқалықовтың  естелігінен;  «Егер  Анна 

Михайловнаның (акад. Панкратова А.М. – авт.) қайрат-жігері болмаса біз бұл 

еңбекті көре алмаған болар едік...  

Міне сондықтан да Анна Михайловна ОК  (мен үгіт және насихат істері 

бойынша  хатшы  едім)  ресейлік  және  қазақстандық  ғалымдарының  күшімен 

осы  еңбекті  даярлау  жөнінде  ұсыныс  айтқанда,  біз  оны  қуана  қарсы  алдық. 

1988  жылғы  «Вопросы  истории»  журналының  №11  санында  А.М. 

Панкратованың хаттары жарық көрді. Оларды журналға даярлаған Мәскеулік 

автор  Юрий  Федорович  Иванов:  «Панкратова  бұл  кітаптың  жазылуына  көп 

еңбек  сіңірді.  Ол  Қазақстан  КП(б)  ОК-не  хат  жазып,  онда  «История 

Казахской    ССР»  кітабын  даярлауға  қажет  ұстанымдарды  баяндап,  сол 

арқылы    кітаптың  ғылыми  және  идеялық  мазмұнына  қатысты 

жауапкершілікті  өз  мойнына  алды»,  -  деп  жазады.  (с.54).  Бұл  пікірмен 

келісуге  болады.  Өйткені  А.М.  Панкрованың  кітапқа  байланысты  бұдан 

кейінгі  әрекеттері  оған  дәлел  бола  алады.  («Аргументы  и  факты»  1997,  8 

февраль). 

 

Жазушы  Медеу  Сарсеке  «Ермухан  Бекмаханов»  атты  деректі 



ғұмырнамасында  М.Әбдіқалықовтан  алған  сұхбатынан  үзінді  келтіріп, 

кітапты  даярлау  идеясының  Е.Бекмахановтан  шыққандығын  жеткізеді.  

(Сәрсеке  М.Ермұхан  Бекмахаанов.  Астана,  2010,  102-105  б.б.). 

М.Әбдіқалықовтың  пікірін  акад.  Н.М.  Дружининнің  көрсетуі  толықтыра 

түседі.  Мәскеулік  ғалым  өз  естелігінде:  «...мы  энергично  поддержали 

намерение молодых казахских историков подготовить коллективный труд по 

истории  Казахстана»,  -  деген  ойды  айтады.  (Сонда,  64б.).    Ал  өздеріне 

жасалған  жағдай  жөнінде  акад.  Николай  Михайлович  Дружинин    «Вскоре 

вместе  с  другими  учеными  мы  были  прикреплены  к  правительственной 

столовой, а в городской библиотеке был создан научный зал, где можно было 



 

удобно и продуктивно заниматься» - деп (Дружинин Н.М.  Воспоминания и 



мысли  историка.  М.,  1967,  с.63)  жазды.    Ал  жазылмақ  кітаптың  мазмұнына 

байланысты «...следовало освещать героическое прошлое не только русского, 

но  и  казахского  народа,  среди  которого  мы  жили  и  с  которыми  дружно 

работали...  Необычайно  трогала  старстная  любовь  казахов  к  своей  родине, 

интерес  к ее историческому прошлому, так же как настойчивая борьба за ее 

будущее». (там же, с.64-65).  

 

Еңбекті  жазу,  әрине,  оның  жоспары  мен  ұстанымдарын,  сондай-ақ 



кімнің  қандай  бөліктерді  жазатындығын  анықтаудан  басталатындығы 

түсінікті.  Жұмыстың    жоспары  мен  ұстанымын  анықтау  сәтінде  авторлар 

арасында  пікір  алшақтығы  орын  алған  сияқты.  Бұл  тақырыпқа  байланысты  

Е.  Бекмаханов  1952  жылы  7  қыркүйекте  берген  көрсетуінде:  1942  жылдың 

орта тұсында Қазақстан КП ОК «История Казахской ССР» кітабын даярлауға  

байланысты жиналыс өткізіліп, оған  Әуезов, Мұқанов, Исмаилов  және басқа 

көрнекті ұлт зиялалары өкілдігімен бірге өзінің де қатынасқанын  айта келіп 

кітапта  «Қазақстандағы    ұлт-азаттық  қозғалыстар  тарихын  көрсету  туралы 

мәселе  қойылғанда  Әуезов  сөз  алды.  Ол  Кенесары  Қасымов  қозғалысын 

ашып  көрсету  қажеттігін,  өйткені,  Кенесарысыз  Қазақстан  тарихы  жөнінде 

баяндаудың өзі дұрыс еместігін айтты. Кенесары жөнінде арнайы тарау жазу 

жөнінде  шешім  қабылданды.    Бұл  тарауды  осы  кеңестердің    отырысына 

қатысып  жүрген  жалғыз  тарихшы-қазақ  ретінде  маған  жазуды  тапсырды»  - 

деп көрсетеді. (ҚР ҰҚК АҚДМ, №291 Бекмаханов Ермуханды айыптау ісі,    

2 томдық, 1т., 51п.) 

 

Бұл М.Әуезовтың Кенесары Қасымов көтерілісі тақырыбын партияның 



Орталық  Комитеті  алдында  екінші  мәрте  қорғап  сөйлеуі  еді.  Бұдан  бұрын, 

яғни 1934 жылы мамырда Қазақ Өлкелік партия комитеті жазушының «Хан 

Кене»  драмасын  талқылауын  өткізіп,  қойылымды  театр  сахнасына  қайта 

шығармау  жөнінде шешім қабылдаған болатын.  (Қараңыз «Қазақ  әдебиеті», 

2010ж.,) 

 

Шындық  сондай,  бұл  жолы  М.Әуезовтың  ұсынысы  өтті.  Көлемді 



еңбектің он төртінші тарауда (217-241 б.б.) Кенесары Қасымов бастаған қазақ 

халқының ұлт азаттық қозғалысы тарихына арналды.  

Осы  ретте  ХІХ  ғасырдағы  (1837-1846)  Кенесары  Қасымұлы  бастаған 

қазақ  азаттық  қозғалысы  тақырыбының  ХХ  ғасырдағы  кеңестік  билік 

тұсында  ұлттық  қоғамдық  ойдағы  даулы  тақырыпқа  айналғандығын,  оны 

тудырған  ресми  идеология  екендігін  еске  алу  артық  емес.  Бұл  тақырып, 

белгілі  дәрежеде,  қазақ  қоғамдық  ойындағы  (әдебиеті  мен  тарихы) 

температуралық  қысымды  көрсететін  барометр  міндетін  атқарды.  Алаш 

қозғалысының  жеңілісінен  кейінгі  қоғамдық  ойдағы  бас  көтерудің  көрінісі 

болған «Хан Кенеге» 1928 жылы коммунистік идеологияның «күрзісі» тиді. 

Күрзіні көтерген С.Сейфуллин, Ғ. Мүсірепов ж.б. болды.  

1943  жылы  жарық  көрген  аты  шулы  «История  Казахской  ССР» 

кітабына  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  қозғалыс  тарихы  М.Әуезовтың 

тікелей  талап  етуімен  дербес  тарау  болып  енгізілді.  Артын  ала,  яғни  1947 



 

жылы  осы  тақырыпты  арқау  еткен  Е.Бекмахановтың  монографиялық  еңбегі 



жарық  көрді.  (Бекмаханов  Е.  Казахстан  в  20-40  годы  ХІХ  века.  Под  общей 

редакцией доктора исторических наук, проф. М.П. Вяткина. Алма-Ата, 1947.) 

Коммунистік партия мұндай еркіндікті көтере алған жоқ. Е.Бекмаханов 1952 

жылы  абақтыға  жабылып,  ұзақ  мерзімге  сотталды.  Бұл  жолы  партияның 

«күрзісі» міндетін атқарған Шойынбаев, Х.Айдарова ж.б. болды. Өткен заман  

мен  оның  тұлғаларына  оң  көзбен  қарап,  атбасын  бұру  қазаққа  пайдасыз  іс 

деп танылды. 

1968  жылы  І.  Есенберлиннің  «Қаһары»  жарық  көрді.  Кене  хан 

тақырыбын  сөз еткен қазақ романы. Оқырман кітапты іштей түсініп, жылы 

қабылдады. Елдің тойып ас ішіп, ойлы кітап іздей бастаған кезі. Партиялық 

биліктің  де  сірескен  сталиндік  жүйені  сол  күйінде  ұстап  тұру  мүмкін 

еместігін мойындауға мәжбүр болған мезгілі. Соған сәйкес империяның ұлт 

саясатында    да  жылымықтың  лебі  байқалатын.  Сондықтан  да  болу  керек 

І.Есенберлин 

сотқа 

тартылған 



жоқ. 

Дегенмен 

жазушының 

шығармашылығына деген салқын ұстамдылықтың болғандығы хақ. Бұл кезде 

де Кене хан тақырыбында еркінсуге жол жоқ екендігін ескерткен сыншылар 

табылды. (Ғ.Мүсірепов. ж.б.) Бірақ жаңа сот процесін бастап кетуге де кеш-

тін.  

 

Осы  ретте  мынадай  бір  жағдайға  көңіл  аударған  артық  емес.  1943 



жылы  жарық  көрген    «История  Казахской  ССР  с  древнейших  времен  до 

наших  дней»  кітабы  сол  мезгіл  контексінде  алғанда  қазақ  тарихының 

отарлық  кезеңіне  байланысты  методологиялық  ұстанымы  жоғары  авторлар 

ұжымының  ішкі  жылуына  бөленген,  ұстамды  еңбек  болатын.  Кітаптың 

Сталиндік  сыйлыққа  ұсынылуы  жайдан-жай  емес-тін.  Еңбекте,  мәселен, 

революциялық өзгерістерге дейінгі қазақ тарихы екі ірі бөлімнен «Қазақстан 

халықтары  тәуелсіздік  кезеңінде»  және  «Қазақстан-отар»  тұрды,  ал  соңғы 

үшінші  кезеңі  «Социалистік  Қазақстан»  аталынды.  Бұл  қазақ  тарихын 

кезеңдеу ісіндегі жаңа да батыл қадам болатын.  

Кітапта  патшалық  биліктің  Қазақстанды  отарлау    және  қазақ  қоғамын 

орыстандыру  саясаты  тиянықты  талдауға  алынып,  бұл  әрекетке  жауап 

реакция ретінде қазақ халқының  мемлекеттік тәуелсіздігі  үшін күресіне, осы 

мақсатта  түрлі  аймақтар  мен  кезендерге  жүргізілген    азаматтық 

қозғалыстарға жеке тараулар арналды. Тарихи тұлғалардың қызметін мүмкін 

болғанша  тереңде  толығырақ  көрсету  арқылы  қазақ  ұлтының  тұлғалық 

сипаты  сомдалды.    Отарлану  жағдайындағы  ұлттың  рухани  өмірі  көркем 

ойдағы «Зар заман» ағымы арқылы көрініс тапты. 

 

Кітаптың  осындай  ұстанымда  жазылуына  ықпал  болған  факторлар, 



біріншіден,  Қазақстан  мен  қазақ  халқының  неміс  басқыншыларына  қарсы 

күресте үлес салмағының арта түсуі, екіншіден, кітапты жазуға ғылыми және 

кәсіби  деңгейі  жоғары  академик  А.М.  Панкратова  бастаған  Ресейлік 

ғалымдардың  қатынасуы,  және  үшіншіден,    М.Әуезов  және  Е.Исмаилов  

сияқты  ұлт  тарихы  мен  мәдениетінің  күрделі  мәселелеріне  қалыптасқан 


 

кемел  көзқарастағы  ғалымдар  мен  Е.Бекмаханов  сияқты  енді  ғана  ғылым 



жолына түскен алғыр да албырт талант иелерінің күш біріктіруі еді. 

Сондай-ақ, бұл ұжымдық еңбектің соғыстың алғашқы кезеңінде жазылып, 

республика  халқының  күш-жігерін  жеңіс  үшін  күреске  жұмылдыру  және 

оның патриоттық рухын көтеру сияқты міндеттерді көздегені, әрине, даусыз 

шындық. 

Соғыстың  жаңа  басталған  сәтінде  абдырған  Орталық  билік  одақ 

құрамындағы  ұлттардың  патриоттық  сезіміне  қозғау  салу  мақсатында 

олардың  өз  өткен  тарихындағы  қаһарман  тұлғаларын  еске  алып,  құрмет 

көрсетуіне ықылас танытып, тіптен ұлттық республика басшыларына арнайы 

тапсырмалар да берілді. Бірақ бұл соғыстың бастапқы кезеңіне тән көңіл-күйі 

еді,  ал  соғыстың  екінші  жартысында  неміс  басқыншыларын  жеңу  мүмкін 

екендігіне  көзі  жете  бастаған.  Орталық  билік  бұрынғы  ұлыдержавалық 

ұстанымына жеңіл түрде қайтадан түсе бастайды. 

Кеңестік  биліктің  тарихында  мұндай  жағдай  бұрын  да  болған.  Мәселен, 

1918  жылы  азамат  соғысы  басталып  ауыр  саяси  жағдайға  тап  болған  жаңа 

билік ұлт аймақтарында өзіне одақтас күштер іздеп, олармен ымыраға келуге 

даяр екендігін байқатқан. Ал азамат соғысының соңына қарай, оны жеңіспен 

аяқтауға  бет  алғанда  әлгінде  ғана  өзара  ымыраға  келіскен  саяси 

одақтастарына  қарсы  түрлі  репрессиялық  шараларға  жол  бере  бастайды. 

Кеңестік  билік  орнағаннан  кейінгі  мезгілдегі  Алаш  қозғалысының  тағдыры 

міне осы тұжырымның негізді екендігіне дәлел бола алады. 

Бұл арада уақыттың тапшылығына байланысты «История Казахской ССР» 

кітабының  төңірегінде  қалыптасқан  жағдайға  қысқаша  ғана  тоқталуға  тура 

келеді.  Кітап  шыға  салысымен  сол  1943  жылы  Сталиндік  сыйлыққа 

ұсынылды. Барлық «қызықты» мәселе осы арадан басталды. 

Сталин атындағы Сыйлық бойынша Комитетке пікір жазған А.И. Яковлев 

ұсынысты  қолдағандай  сыңай  танытқанымен,  кітаптың  методологиялық 

ұстанымына  байланысты  бірнеше  ауыр  сын  айтты.  Мәселен,  кітапта  Ресей 

патшалығының  отарлық  саясаты  мен  оның  қоқандық  және  хиуалық 

басқыншылықтан айырмашылығы анық көрсетілмеген, сондай-ақ Яковлевтің 

Ресейдің  империялық  территориясының  кеңеюі  бұл  қорғаныстық  мақсатта 

жүргізілген,  «прогресшіл»  сипаттағы  әрекет.  Ол  қазақтардың  орыс 

отаршылдығына  қарсылығын,  соншалықты  маңызды  нәрсе  еместігін  бөле 

айтып, кітапта жағымды көзқарас Ресей империялық мемлекетіне ғана емес, 

тіптен орыс халқының өзіне де жоқ деген қорытындыға келеді. 

А.И.  Яковлевтің  пікірі,  әрине,  «История  Казахской  ССР»  авторларының 

намысына  тиді.  А.М.Панкратова  мен  оның  әріптестері  Сталин  сыйлығы 

бойынша  Комитетке, ал А.М. Панкратованың өзі кітапты қорғап ВКП(б) ОК 

хатшыларына бір емес, бірнеше мәрте хат жазуға мәжбүр болды. 

А.М.Панкратованың  сол  кездегі  ВКП(б)  ОК  үгіт  және  насихат  бөлімінің 

басшысы  Александровпен  өзара  күресі  жөнінде  америкалық  зерттеуші  Д.Л. 

Бранденбергердің  еңбегінде  (Национал-большевизм.  Сталинская  массовая 



 

культура и формирование русского национального самосознания(1931-1956). 



СПб., 2009. Т II, глава 7) біршама баяндалған. 

Мен  бұл арада қысқа болса да А.М. Панкратованың 1944 жылы мамырда 

Сталин,  Жданов,  Маленков  және  Щербаковқа  арнап  жазған  хаты    бойынша 

осы жылдың мамыр-шілде айларында (бес отырыстан тұрған) ВКП(б) ОК-де 

болып 

өткен 


тарихшылардың 

кеңесіне 

тоқталмақпын. 

Кеңестің 

стенограммасы  «ВИ»  журналына  1996  жылғы  №  2-7  және  9  сандарында 

жарияланған. 

Тарихшылар  кеңесінің  материалдарымен  таныса  отырып  қандай 

тұжырымдар  жасауға  болады?  Бұл  ретте  кеңестің  жұмысына  қатынасқан 

ғалымдардың  пікірінің  өзара  қайшы  екі  ұстанымға  бөлініп  кеткендігін 

байқау,  әрине,  қиынға  түспейді.  Бұл  екі  топтың  өзара  күресін  ОК-тың  үгіт 

және 

насихат 


бөлімі 

(Александров) 

«буржуазиялық-монархиялық» 

ұстанымдағы  Милюков  мектебі  (Ефимов,  Яковлев,  Тарле)  мен 

«социологиялық»  ұстанымдағы  Покровский  мектебі  арапсындағы  есебінде 

бағалады.  (Покровский:  1917  жылдан  кейінгі  шындықты  адам  бұрынғыға 

қарсы  қою).  Агитпроп  сондай-ақ  бұл  екі  мектепті  де  марксизмнен  алыс 

жатқан  ағым  ретінде  қарастырды.  Сондықтан  да  болса  керек  болып  өткен 

кеңес нәтижесінде қорытынды құжат қабылданбай қалды.  

Біз  үшін  бұл  арада  маңызды  нәрсе  «История  Казахской  ССР»  (1943) 

кітабы  авторлар  ұжымының  жетекшісі  А.М.Панкратованың  дисскусия 

барысында  іс  жүзінде  жеңіліс  тапқаны  емес,  тіптен  кітаптың  айналымынан 

алынып  тасталғаны  да  емес.  Бұл  арада  маңызды  нәрсе  ОК,  яғни 

идеологиялық орталық  арқылы  қазақ  тарихын(тек  қазақ  тарихын  ғана  емес) 

зерттеуге негіз боларлық методологиялық құрал ретінде марксистік аталған, 

ал  шын  мәнінде  ұлы  державалық  көзқарастың  жоғарыдан  телінуі  еді.  Ендгі 

уақытта  қазақ  сияқты  халықтардың  тарихын  жазу  ісінде  методологиялық 

негізге  сол  елдің  жүріп  өткен  жолы,  өзіндік  түрлі  ерекшеліктері  емес, 

жазылатын  еңбектің  империядағы  титулдық  ұлттың  мүддесіне  сәйкестігі 

немесе сәйкес еместігі алынды. 



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал