М. К. Жакупов пмпи м.ғ. к., доцент



жүктеу 0.69 Mb.

бет1/8
Дата11.09.2017
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 



Павлодар мемлекеттік педагогикалық интитуты 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

Елеуов А.К., Жангазин А.Ш. 

 

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Павлодар 



2013  

 

УДК 351.861 



ББК  68.69 я7 

Е 45 


 

 

 



 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 

Ғылыми кеңесі ұсынған 

 

 



 

Пікір жазғандар: 

 

Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы полковник  А.Қ. Садықов 



М. К. Жакупов – ПМПИ м.ғ.к., доцент 

 

 



Е  45    Елеуов  А.К.,  Жангазин  А.Ш.  Азаматтық  қорғаныс  және  төтенше  жағдайлар:  Оқу 

құралы. – Павлодар, 2013. – 67 б. 

 

 

 

 

Оқу  құралында  жоғарғы  оқу  орындарында  студенттерге  азаматтық  қорғаныс  және 

төтенше жағдайлар заң, ұғымы, түрлері, т

өтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою

  

туралы айтылады 



Оқу құралы БӘД пәні мұғалімдері мен студенттерге арналған.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Елеуов А.К., Жангазин А.Ш., 2013 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2013  


 



КІРІСПЕ 



 

Қазақстан  Республикасындағы  төтенше  жағдайлардың  алдын  алу  мен 

жою мемлекеттік жүйесінің он жылдан астам қызмет істеуі кезеңінде елімізде 

түбегейлі  әлеуметтік-саяси  өзгерістер  болды.  Экономикалық  дамудың 

нарықтық  үлгісіне  көшу,  мемлекеттік  басқару  жүйесінің  терең  реформасы, 

халықаралық терроризм тарапынан жаңа қауіптер мен төнген қатерлердің пайда 

болуы  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудегі  төтенше  жағдайлар  мен 

азаматтық қорғаныс жүйесінің рөлі мен орнын жан-жақты қайта қарауды қажет 

етеді.  Апаттарға  қарсы  тұрудың  ұзақ  мерзімді  перспективаға  арналған  жаңа 

идеологиясын  құру  және  іске  асыру,  азаматтық  қорғаныстың  мүлдем  өзгеше 

тұжырымдамасын  жасау,  мемлекеттік  материалдық  резерв  жүйесін  уақыттың 

өскен талабына сәйкес тендіру қажеттілігі туындады.  

Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы қызметті одан 

әрі дамыту, мемлекеттік материалдық резервтің жұмыс істеуі, осы салалардағы 

мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру.   

Климаттың  өзгеруі,  табиғат  апаттарына  ұшырауға  бейім  өңірлерді 

шаруашылық  тұрғыдан  игеру,  урбанизациялану,  өндірістік  технологиялардың 

күрделенуі  әлем  халқын  төтенше  жағдайларға  тап  болу  қауіп-қатерінің  өсуіне 

әкеп  соғуда.  Мысалы,  соңғы  40  жыл  ішінде  табиғи  апаттардан  келген  зиян               

9  есеге,  ал  олардың  болу  жиілігі  5  есеге  өсті.  1960  жылдан  бастап  табиғат 

апаттарынан  болған  экономикалық  зиянның өсу  қарқыны өнеркәсіптік өндіріс 

көлемінің өсу қарқынынан озып кетті.      

2005  жылы  22  қаңтарда  Апаттардың  қаупін  азайту  жөніндегі                         

ІІ 


дүниежүзілік 

конференция 

қабылдаған 

Хиог 


декларациясында                     

(Кобе  қаласы,  Жапония)  апаттармен  күресуге  үкіметтер,  азаматтық  қоғам, 

халықаралық  ұйымдар,  ғылыми  қоғамдастықтар,  қаржы  институттары,  жеке 

сектор  мен  еріктілердің  қатысуы  қажет  екендігі  атап  өтілген.  Апаттардың 

алдын алу мәдениетін барлық деңгейде – әрбір нақты адамнан әлемдік қоғамға 

дейін  көтеру  қажет.  Қауіп-қатер  деңгейін  төмендету  проблемасына  ұлттық 

саясатта басымдық сипат беру қажет.   

“Қырғи қабақ соғысы” аяқталысымен термоядролық қаруды кең көлемде 

қолдана отырып жүргізілетін әлемдік шиеленістің қаупі (болу мүмкіндігі) күрт 

азайды.  Сонымен  қатар,  әлемде  адамдардың  террорлық  әрекеттерден  жаппай 

зардап шегу оқиғалары жиілеп кетті. Әлемнің әр жеріндегі экстремистік топтар 

ядролық,  химиялық  және  бактериологиялық  қарудың  даяр  үлгісін  не  болмаса 

оларды  дайындау  технологиясын  иелену  үшін  барынша  күш  салып,  әрекет 

етуде. Осыған орай, бірнеше рет бейбіт халыққа түйнеме, улы заттар мен «лас» 

радиоактивті бомбаларды қолдану әрекеттері жасалды.          

Қазақстан  Республикасы  өзінің  географиялық  және  саяси  жағдайына 

байланысты  жоғарыда  аталған  әлемдік  үрдістерден  оқшау  жатыр  деп  айта 

алмаймыз.  Республикада  жыл  сайын  төтенше  жағдайлардан  келетін  тікелей 

зиян  (аса  ауқымды  табиғи  апаттар  болмағанның  өзінде)  3,5-тен  4,5  миллиард 

теңге  сомасы  мөлшерінде  есептеліп  отыр.  Сараптамалық  бағалау  бойынша 

жанама зиян мұндай жағдайда 15-20 миллиард теңге, ал адамдардың қаза болуы 


 

мен зардап шеккендерді емдеу – 3 миллиардқа жуық теңге  сомасы мөлшерінде 



бағаланып  отыр.  Бұл  зияндардың  жалпы  сомасы  жыл  сайын    25  миллиард 

теңгені құрайды.  

Еліміздің  Азаматтық  қорғаныс  жүйесін  жетілдіру.  Азаматтық  қорғаныс 

жүйесін  Қазақстан  Республикасының  егемендік  мәртебесіне,  оның  әскери 

доктринасына, жаңа әлеуметтік-саяси өзгерістерге сәйкестендіру қажет. 

Осыған  байланысты  азаматтық  қорғаныс  жүйесінің  қазіргі  үлгісінен  бас 

тарту  қажет  және  оның  жұмыс  істеуін  стратегиялық  ұтқырлық,  ақылға 

қонымды  жеткілікті  күштер  мен  құралдар  және  жан-жақтылық  принциптеріне 

сүйене отырып, ауыстыру қажет. 

Стратегиялық  ұтқырлық  принципін  қолдану  қандайда  бір  геосаяси 

жағдайда  халық  арасында  едәуір  шығынға,  сондай-ақ  тыныс-тіршілік  пен 

қорғаныс  қабілеттілігі  үшін  аса  маңызды  объектілердің  қатардан  шығуына 

әкелетін  осы  заманғы  зақымдау  құралдарының  қолданылуы  ең  ықтимал 

еліміздің  дәл  осы  өңірлеріне  және  дәл  осы  объектілеріне  азаматтық  қорғаныс 

күштері мен құралдарын жеткізуді көздейді. 

Ақылға  қонымды  жеткілікті  күштер  мен  құралдар  принципін  қолдану 

азаматтық  қорғаныс  құралдары  қорының  (жеке  қорғану  құралдарының, 

инженерлік  құралдардың,  қорғаныш  құрылыстарының)  едәуір  шектелген 

көлемін,  сондай-ақ  азаматтық  қорғаныстың  ең  аз  қажетті  күштерін  әзірлікте 

ұстауды  білдіреді.  Сонымен  бірге,  осы  заманғы  зақымдау  құралдарының  аса 

дәл  жеткізу  құралдарының  пайда  болуына  байланысты  жауынгерлік 

бөлімдердің қуаттылығы едәуір төмендеп кеткен. 

Жан-жақтылық  принципі  табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше 

жағдайлардың,  террорлық  әрекеттердің  зардаптарын  алдын  алу  және  оларды 

жою  үшін  азаматтық  қорғаныс  күштері  мен  құралдарын  бейбіт  және  соғыс 

уақытында  қолдану  мүмкіндігін,  сондай-ақ  еліміздің  аумақтары  мен 

объектілеріне 

қолданылатын 

осы 

заманғы 


зақымдау 

құралдарының 

зардаптарын жою үшін төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мемлекеттік 

жүйесінің  күштері  мен  құралдарын  бейбіт  және  соғыс  уақытында  қолдану 

мүмкіндігін көздейді. 

Жоғарыда баяндалғандардың барлығы азаматтық қорғаныс іс-шараларын 

дайындауға  және  іске  асыруға  кететін  қаржы  мен  материалдық  шығындарды 

барынша азайтуға мүмкіндік береді. 

Қазіргі заманғы жағдайда әкімдердің бейбіт, сондай-ақ соғыс уақытында 

да аумақтық бөліністердегі азаматтық қорғаныс бастықтары ретіндегі рөлі мен 

өкілеттіктері бірден көтерілуі қажет. 

Әкім  азаматтық  қорғаныс  міндеттерін  орындау  кезінде  Министрлікпен 

келісе отырып, жоғарыда аталған аудандық және облыстық төтенше жағдайлар 

жүйелерін  дайын  басқару  инфрақұрылымдары  ретінде  пайдалануға  мүмкіндігі 

болады. 

Жергілікті  атқарушы  органдар  ведомстволық  бағынысты  аумақтағы 

азаматтық  қорғанысқа  тікелей  басшылықты  жүзеге  асырады,  халықтың  және 

ұйымдардың  азаматтық  қорғаныс  іс-шараларын  орындауын  ұйымдастырады, 

хабар  тарату  құралдарын,  басқару  пункттерін,  жергілікті  азаматтық  қорғаныс 


 

күштері мен құралдарын ұдайы әзір күйінде ұстап тұрады, азаматтық қорғаныс 



мүлкінің,  жеке  және  ұжымдық  қорғаныс  құралдары  қорының  жиналуын  және 

сақталуын  ұйымдастырады,  зақымданудың  осы  заманғы  құралдарын 

қолданудан  болған  зияндар  мен  шығындарды  төмендетуге  бағытталған  алдын 

алу  іс-шараларының  орындалуын  жүзеге  асырады,  азаматтық  қорғаныс  іс-

шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етеді. 

Азаматтық 

қорғаныс 

саласындағы 

республикалық 

мемлекеттік 

органдардың өкілеттіктері азаматтық қорғаныстың өңірлік және республикалық 

іс-шараларын  жоспарлауды  ұйымдастыруға,  айрықша  кезеңде  жергілікті  және 

орталық  атқарушы  органдардың  іс-қимылдарын  үйлестіруге,  азаматтық 

қорғаныс  әскери  бөлімдерін  басқаруға,  азаматтық  қорғаныстың  күштері  мен 

құралдарының  стратегиялық  ұтқырлығын  қамтамасыз  етуге  бағытталады. 

Сонымен  бірге,  Министрліктің  өңірлік  орталықтары  еліміздің  азаматтық 

қорғаныс  жүйесінің  дайын  өңірлік  басқару  инфрақұрылымдары  болып 

табылады.  

Бейбіт  уақытта  азаматтық  қорғаныстың  әскери  бөлімдері  мен 

бөлімшелері  төтенше  жағдайлардың  зардаптарын  жою  үшін  пайдаланылатын 

болады.  Айрықша  кезеңде,  олар  стратегиялық  ұтқырлық  шеңберінде  қарсы 

жақтың осы заманғы зақымдау құралдарының қолдануы ең ықтимал аймақтар 

мен объектілерге көшірілетін болады. 

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық 

ынтымақтастық.  Қазақстан  Республикасы  халықты  авариялардан,  апаттардан 

және  табиғат  апаттарынан  қорғау  саласында  жан-жақты  халықаралық 

байланысты жүзеге асырады. Олардың бастылары  Біріккен Ұлттар Ұйымының, 

Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығының  Төтенше  жағдайлар  жөніндегі 

мемлекетаралық  кеңесінің,  Шанхай  ынтымақтастық  ұйымының,  НАТО-ның 

«Бейбітшілік  жолындағы  әріптестік»  бағдарламасының,  Халықаралық 

азаматтық  қорғаныс  ұйымының,  Апаттарды  азайту  жөніндегі  азиялық 

орталықтың,  Атом  энергиясы  жөніндегі  халықаралық  агенттіктің  аясында 

жүзеге  асырылатын  іс-шаралар  болып  табылады.  Негізігі  элементі  Қазақстан 

Республикасының Төтенше жағдайлар Агенттігі түріндегі жаңа заман талабына 

сай   ТЖ  алдын  алу  және  жою  мемлекеттік  жүйе  құру,  оның  толық  құқықтық 

және  жариялық  негізде  қызмет  атқаруы,  республиканың  авариялық-құтқару 

күштерін  басқаруды  орталықтандыру,  ТЖ  келген  материалдық  зиян  мен  өлім 

саныныңазайуы; 

басқа 

да 


кеңестік 

мемлекеттермен 

салыстырғанда 

Қазақстандағы  ТЖ  және  АҚ  жүйесін  реформалауда  үлкен  жүйелілік  және 

ілгерілік (Сандық құрамы және материялдық-техникалық базасы жағынан ұқсас 

Ресей  Федерациясының  мемлекеттік  жүйесіне  және  Ресей  ТЖМ  жол  береді, 

Қазақстан осы салады бұрынғы КСРО басқа  мемлекеттеріне алдынғы орынды 

бермей келеді.).

 


 



1



 

 Т  А  Р  А  У    Қазіргі  заманда  Төтенше  жағдайлар  және  Азаматтық 

қорғаныс  ұйымының  атқаратың  негізгі  міндеттерімен,  ролі,  мемлекеттік 

жүйесі. 

 

1.1  Табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлардан 

халықты,  объектілерді  және  аумақтарды  қорғауды  қамтамасыз  етудегі 

мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті  органдарының рөлі. 

 

Министрлік  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасына 



сәйкес  табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  саласында 

орталық  және  жергілікті  атқарушы  органдардың  жұмысын  үйлестіреді, 

бағдарламалар  әзірлейді,  нормативтер,  стандарттар  мен  ережелер  бекітеді 

немесе  оларды  келіседі,  мемлекеттік  есеп  жүргізеді,  ғылыми  зерттеулерді, 

ілімдерді  насихаттауды,  халық  пен  мамандарды  оқытуды  ұйымдастырады, 

табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  саласындағы 

халықаралық  ынтымақтастықты  жүзеге  асырады,  өзінің  қарамағындағы 

ахуалды  және  болжауды  қадағалау,  бақылау  қызметтерінің,  сондай-ақ 

авариялық  құтқару  және  өртке  қарсы  қызметтер  мен  құрамалардың  қызметін 

қамтамасыз етеді. 

Сонымен  бірге,  Министрлік  төтенше  жағдайлардың  алдын  алу  және 

оларды  жою,  өңірлік  және  жаһандық  төтенше  жағдайларды  жою  бойынша  іс-

шараларға  азаматтық  қорғаныс  күштерінің  қатысуына  басшылық  жасайды, 

ұйымдардың  меншік  нысанына  және  ведомстволық  тиесілілігіне  қарамастан, 

олардың  материалдық-техникалық  ресурстарын  жұмылдырады,  мемлекеттік 

және  жұмылдыру  резервтерінің  құрамындағы  материалдық-техникалық 

қорларды,  азық-түлік,  медициналық  және  басқа  да  ресурстарды,  сондай-ақ 

төтенше  жағдайлардың  алдын  алу  және  оларды  жоюға  арналған  төтенше 

резервтен қаражатты пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне 

ұсыныстар енгізеді.  

Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын азаматтық 

қорғау  жөніндегі  іс-шараларды  жүргізу  процесінде  туындайтын  қоғамдық 

қатынастарды  реттейді  әрі  табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше 

жағдайлардың  алдын  алуға  және  олардың  салдарын  жоюға,  төтенше  жағдай 

аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт 

және  өнеркәсіптік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған,  сондай-ақ 

Қазақстан  Республикасы  азаматтық  қорғанысының  негізгі  міндеттерін, 

құрылуы  мен  жұмыс  iстеуінің  ұйымдастыру  қағидаттарын,  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  материалдық  резервін  қалыптастыруды, 

сақтауды 

және 

пайдалануды, 



авариялық-құтқару 

қызметтері 

мен 

құралымдарының  ұйымдастырылуы  мен  қызметін  айқындайды.  Азаматтық 



қорғаныс  республиканың  бүкiл  аумағында  аумақтық-өндiрiстiк  принцип 

бойынша  ұйымдастырылады.  Азаматтық  қорғаныс  шараларын  орындауды 

Қазақстан  Республикасының  орталық,  жергiлiктi  өкiлдi  және  атқарушы 

органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының 

Азаматтық  қорғаныс  ұйымдары,  басқару  органдары  мен  күштерi  және 


 

азаматтары  жүзеге  асырады.  Азаматтық  қорғаныс  бойынша  дайындық  осы 



заманғы  зақымдау  құралдарының  дамуы  және  аталған  аумақта,  салада  немесе 

ұйымда  барынша  ықтимал  төтенше  жағдайлар  ескерiле  отырып,  алдын  ала 

жүргiзiледi.  

Азаматтық  қорғаныс  шараларын  кешендi  түрде  және  саралап  жүргiзу 

мақсатында 

Қазақстан 

Республикасының 

Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен 

азаматтық  қорғаныс  бойынша  қалаларды  топтарға,  ал  ұйымдарды  санаттарға 

жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады.  

Азаматтық  қорғаныс  шараларын  ұйымдастыру  мен  жүзеге  асыруға 

Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және 

ұйымдардың басшылары жауапты болады.  

Орталық  және  жергiлiктi  атқарушы  органдар,  ұйымдар  Қазақстан 

Республикасының  Үкiметi  белгiлейтiн  тәртiппен  Азаматтық  қорғаныс 

шараларының  орындалуы  туралы  жыл  сайын  есеп  берiп  отырады.

 

Ғарыш кеңістігін пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді 



пайдалану  және  кәдеге  жарату  кезіндегі  қауіпсіздікті,  еңбекті  қорғау, 

экологиялық қауіпсіздік саласындағы автомобиль және темір жолдар бойынша 

қозғалыс қауіпсіздігін, ішкі су көлігі қозғалысының қауіпсіздігін, энергия және 

энергия үнемдеу объектілерінің қауіпсіздігін, су қорын пайдалану және қорғау, 

сумен  жабдықтау  және  су  бұру  саласындағы  әуе  көлігінің  ұшу  қауіпсіздігін 

құқықтық  реттеу  Қазақстан  Республикасының  арнайы  заңнамасымен  жүзеге 

асырылады.

 

Министрлік заңнама жүзінде жүктелген міндеттеріне сәйкес мемлекеттік 



материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясаттың, өрт және өнеркәсіптік 

қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалаудың қалыптасуын 

қамтамасыз ететін стратегиялық функцияларды жүзеге асырады.  

Сонымен  қатар,  Министрліктің  аумақтық  органдары  мен  жедел  күштері 

құрылымдарының  жетілмеуі  жоғарыда  аталған  стратегиялық,  әсіресе  өңірлік 

және жаһандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша 

ведомствоаралық  айқын  өзара  іс-қимыл  және  үйлестіру  жөніндегі 

ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешенінінің функциялары мен 

міндеттерін іске асыруды толықтай тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. 

Сонымен бірге,  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасына 

сәйкес тиісті аумақтағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға 

байланысты тікелей жауапкершілік жергілікті өкілді және атқарушы органдарға 

жүктелген. 

Жергілікті  атқарушы  органдардың  өкілеттігіне  жергілікті  ауқымдағы 

төтенше  жағдайлардың  алдын  алу  және  оларды  жою  жөніндегі  іс-шараларды 

ұйымдастыру,  көрсетілген  мақсаттарға  жергілікті  бюджеттің  орындалуын 

қамтамасыз  ету,  жергілікті  материалдық-техникалық  қорлар  мен  басқа  да 

ресурстарды құру және пайдалану, қажетті қауіпсіздік шаралары туралы халық 

пен ұйымдарды хабарландыру кіреді. 

Сонымен  бірге,  олар  төтенше  жағдайлар  салдарынан  зардап  шеккен 

халық  пен  жұмыскерлерді  өздерінің  құзыреті  шегінде  әлеуметтік  қорғауды, 

азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық ету 



 

объектілеріне келтірілген зиянның орнын толтыруды, медициналық қызметпен, 



төтенше  жағдайлар  аймағында  тұрып,  жұмыс  істегіні  үшін  өтемақылар  мен 

жеңілдіктер беруді, сондай-ақ төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған 

ортаны  сауықтыру  және  ұйымдар  мен  азаматтардың  шаруашылық  қызметін 

қалпына  келтіру  бойынша  іс-шараларды  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  етуі 

қажет. 

Алайда,  орталық  және  жергілікті  атқарушы  органдардың  функциялары 



мен  өкілеттіктерінің  ара-жігін  ажырату  реформасына  сәйкес  облыстардың, 

Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері жанында құрылған құрылымдық 

бөлімшелердің  қазіргі  уақытқа  дейін,  заңнамаға  сай  олардың  тікелей 

жауапкершілік  саласы  болып  табылатын    тиісті  аумақтардағы  төтенше 

жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді сапалы іске 

асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық, ақпараттық және әдіснамалық 

базасы жоқ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын 

алу  және  оларды  жоюға  жергілікті  атқарушы  органдардың  жыл  сайынғы 

резервтері жеткілікті көлемде құрылмай отыр. 

 

 



1.2  Төтенше  жағдайлардың  алдын  алу,  зардаптарын  жеңілдету  және 

оларды  жою,  азаматтық  қорғаныс,  терроризмге  қарсы  әрекет  жасау 

саласындағы негізгі мақсат пен міндеттер. 

  

Тұжырымдаманың  негізгі  мақсаты:  бейбіт  және  соғыс  уақыттарында 



өрттерден,  авариялардан,  апаттардан  және  табиғат  апаттарынан,  осы  заманғы 

зақымдану  құралдарынан  және  террорлық  әрекеттер  салдарларынан  еліміздің 

халқын,  объектілері  мен  аумағын  сенімді  қорғауды  қамтамасыз  етуді;  бейбіт 

және  соғыс  уақытының  қатерлері  мен  төнген  қауіптерге  тиісінше  ден  қоя 

алатын мемлекеттік және жедел резервтердің аумақтық бөлінген тиімді басқару 

жүйелерін,  күштері мен құралдарын құру және олардың дайындығын жоғары 

деңгейде  ұстауды  қамтитын  ұзақ  мерзімді  перспективаға  арналған  апаттарға 

қарсы әрекет жасаудың жаңа идеологиясын жасап шығару болып табылады. 

Жоғарыда  аталған    мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  мынадай  негізгі 

міндеттерді:  

-  дағдарыстарды  басқарудың  тиімді  тетіктерін,  оның  ішінде  төтенше 

жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін 

жетілдіру,  мемлекеттік  басқару  деңгейлері  арасындағы  жауапкершілік  пен 

өкілеттіктерді оңтайлы бөлу арқылы жасап шығару;  

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға Қазақстанның 

ұшырауға  бейім  аумақтарына  терең  талдау  жүргізу,  республиканың  әр  өңірі, 

елді  мекені  мен  объектісі  үшін  ықтимал  қауіптер  мен  қатерлерді  анықтау, 

олардың  халыққа,  материалдық  құндылықтарға  және  қоршаған  табиғи  ортаға 

қауіптілік деңгейін бағалау

-  қауіптер  мониторингісінің  барлығын  қамтитын,  автоматтандырылған 

жүйесін  құру,  авариялар,  апаттар  және  табиғат  апаттары  болжамдарын  дер 

кезінде хабарлау және олардың шынайылығын қамтамасыз ету; 



 

-  мемлекеттік  басқарудың,  аумақтардың,  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың 



барлық деңгейдегі іс-қимылдарын қамтитын төтенше жағдайлардың алдын алу 

және  оларды  жоюдың,  азаматтық  қорғаныс  іс-шаралары  жоспарлары  жүйесін 

әзірлеу; 

-  табиғи  сипаттағы  төтенше  жағдайлардың  туындау  салдарларын 

барынша болдырмау не болмаса жұмсарту

-  өндірістік  және  азаматтық  объектілерде  техникалық  және  өрт 

қауіпсіздігі деңгейін көтеру, табиғи өрттердің уақтылы алдын алу және оларды 

жоюды қамтамасыз ету; 

-  бейбіт  және  соғыс  уақытындағы  төтенше  жағдайларға,  террорлық 

әрекеттерге  ден  қою  күштері  мен  құралдарын  аумақтық  бөлу  жүйесін  құру, 

олардың  жеделдігін  және  стратегиялық  ұтқырлығын  арттыру,  өрт  сөндіру 

қызметіне  өрт  сөндіру-құтқару  қызметі  деген  мәртебе  беру,  құтқару 

қызметтерін азаматтарға барынша жақындату; 

-  азаматтық  қорғаныс  жүйесінің  әзірлігін  арттыру,  оны  еліміздің  жаңа 

геосаяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайына сәйкес келтіру;  

Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:  

- басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн ұйымдастыру, дамыту 

және оларды ұдайы әзiрлiкте ұстау;  

-  Азаматтық  қорғаныс  күштерiн  құру,  оларды  дайындау  және  төтенше 

жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстау;  

-  орталық  және  жергiлiктi  атқарушы  органдардың,  ұйымдардың 

қызметшiлерiн даярлау және халықты оқыту;  

-  радиациялық,  химиялық,  бактериологиялық  (биологиялық)  жағдайды 

қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау;  

-  Азаматтық  қорғаныстың  әскери  құрамаларын  жұмылдыруға  әзiрлiктi 

қамтамасыз ету;  

-  шаруашылық  жүргiзу  салалары  мен  объектiлерiнiң  жұмыс  iстеу 

тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу;  

-    қорғану  құрылыстарының  қажеттi  қорын, жеке қорғану  құралдарының 

және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкiнiң қорларын жинау және әзiрлiкте 

ұстау;  

-  халыққа,  орталық  және  жергiлiктi  атқарушы  органдарға  адамдардың 

өмiрi  мен  денсаулығына  төнген  қатер  және  орын  алып  отырған  жағдайда  iс-

қимыл жасау тәртiбi туралы хабарлау;  

-  iздеу-құтқару  жұмыстары  мен  басқа  да  шұғыл  жұмыстарды  жүргiзу, 

зардап  шеккен  халықтың  тiршiлiгiн  және  оларды  қауiптi  аймақтардан 

эвакуациялауды ұйымдастыру;  

-  азық-түлiктi,  су  көздерiн,  тамақ  шикiзаттарын,  жемшөптi,  мал  және 

өсiмдiктердi  радиоактивтiк,  химиялық,  бактериологиялық  (биологиялық) 

уланудан, мал және өсiмдiк iндеттерiнен қорғау.  

-  бейбіт  және  соғыс  уақытында  төтенше  жағдайлардағы  іс-қимылдардың 

тәртібі  мен  ережесіне,  төтенше  жағдайларда  өзін-өзі  қорғау  мен  өзара  көмек 

көрсетуге халықты оқытудың жаңа, тиімді жүйесін құру, осы саладағы әлемдік 

стандарттар мен даму перспективаларын ескере отырып, төтенше жағдайларды 



 

10 


басқару  органдары  мен  қызметтері  үшін  кадрларды  даярлауды  және  қайта 

даярлауды ұйымдастыру; 

-  өрт қауіпсіздігін  қамтамасыз етуде, табиғи және  техногендік  сипаттағы 

төтенше  жағдайлардың  алдын  алуда  және  оларды  жоюда,  еліміздің  азаматтық 

қорғаныс  іс-шараларын  орындауда  халықтың  кең  түрде  қатысуы  үшін 

жағдайлар қамтамасыз ету; 

-  мемлекеттік  және  жергілікті  атқарушы  органдарға  азаматтық  қорғауды 

қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды енгізуге; 

- оның объектілерінде болған авариялардың және өрттердің себептері мен 

мән-жайларын анықтау жөнінде жұмыстар жүргізуге; 

-  заңнамада  белгіленген  шекте  азаматтық  қорғауды  қамтамасыз  ету 

жөніндегі әлеуметтік және экономикалық ынталандыру шараларын белгілеуге; 

- азаматтық қорғау мәселелері жөнінде ақпарат алуға; 

- өз қаражаты есебінен қамсыздандырып отырған мемлекеттік емес өртке 

қарсы  қызметті  заңда  белгіленген  тәртіпте  құру,  қайта  құру  және  жоюға, 

сондай-ақ мұндай қызметті шарт негізінде қызметтестікке тартуға; 

-  өрт  және  өнеркәсіптік  қауіпсіздік  саласындағы  тәуекелдерді  бағалауды 

жүргізуге; 

-  белгіленген  тәртіпте  мемлекеттік  билік  және  басқару  органдарынан, 

кәсіпорындардан,  мекемелер  мен  ұйымдардан  төтенше  жағдайлар  көздері  мен 

оларды жою шаралары туралы ақпарат алуға құқылы. 

қазіргі  заманғы  қатерлер  мен  төнген  қауіптерге  бейбіт  және  соғыс 



уақытында  құрамы,  саны  және  орналасуы  бойынша  (төтенше  жағдайлардан 

зардап  шеккен  аудандарға  жедел  жеткізу  мақсатында)  оңтайлығы  жағынан 

сәйкес  келетін  мемлекеттік  материалдық  резерв  құру,  резервтердің  броннан 

шығару рәсімін оңайлату; 

-  осы  заманғы  және  перспективалық  технологиялар  негізінде  төтенше 

жағдайлар  және  азаматтық  қорғаныс  саласындағы  байланыс,  хабар  тарату, 

ақпарат  және  автоматтандырылған  басқару  жүйесін  жаңғырту,  онымен 

мемлекеттік  басқарудың  барлық  деңгейін  қамту,  оларды  бірыңғай  басқару 

жүйесіне біріктіру; 

-

 



нормативтік  құқықтық  базаны  жетілдіру,  оны  өзгеріп  жатқан 

әлеуметтік-саяси  және  экономикалық  жағдайларға,  қазіргі  заманғы  қатерлер 

мен  төнген  қауіптерге  сәйкес  келтіру,  төтенше  жағдайлар  саласындағы,  оның 

ішінде  төтенше  жағдайлардан  сақтандыруды  тиімді  қолдану  есебінен 

экономикалық реттеу тетіктерін нығайту, аварияларды, апаттарды және табиғат 

апаттарын  жоюға  қатысып  зардап  шеккен  адамдардың,  оның  ішінде  кәсіби 

құтқарушылардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету

-

 



Министрлікке  ведомстволық  бағынысты  ұйымдардың  ғылыми-

практикалық  әлеуетін  пайдалана  отырып,  төтенше  жағдайлар  және  азаматтық 

қорғаныс  саласында  мамандандырылған  ғылыми-зерттеу  және  тәжірибелік-

конструкторлық  ұйымдар  құру,  осы  саладағы  жаңа  жетістіктер  мен 

технологияларды  енгізу  проблемаларын  шешудің  ғылыми  негізділігін 

қамтамасыз ету; 



 

11 


-

 

төтенше  жағдайлар  туындаған  кезде  апаттық  медицинаның  ден  қою 



жеделдігін және оның жұмыс істеу тиімділігін арттыру

-

 



ірі  ауқымды  төтенше  жағдайлар  туындаған  жағдайда  әлемнің  басқа 

мемлекеттері,  халықаралық  және  үкіметтік  емес  ұйымдар  тарапынан 

Қазақстанға  кең  көлемде  ізгілік  көмек  көрсетуге,  республикаға  авариялардың, 

апаттардың және табиғат апаттарының алдын алу мен оларды жою, азаматтық 

қорғаныс  және  терроризммен  күресу  саласындағы  ең  бір  жаңа  ілімдер  мен 

технологиялардың  келуіне  кепілдік  беретін  халықаралық  ынтымақтастық 

деңгейін қамтамасыз ету қажет. 

 



  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал