Сурет 61. Сүтқоректілердің қан айналу және тыныс алу жүйесі
1 – жүрек; 2 – қолқаның сол жақ доғасы; 3 – көкбауыр; 4 – көмей; 5 – кеңірдек; 6 –өкпелер; 7 – диафрагма.
Өкпелерден өкпе веналары сол жүрекшеге құйылады. Үлкен қан айналым шеңбері сол қарыншадан сол жақ қолқа доғасымен басталады. Қолқаның сол жақ доғасынан арқа қолқасы атсыз артериялар, ұйқы және бұғанаасты артериялар шығады., олар тарамдалып барлық мүшелерге барады.
Вена қаны қуыс веналарға жиналады, олар оң жүрекшеге құйылады. Бауырдың қақпа жүйесі тек бір тамырдан түзлген. Бүйректердің қақпа жүйесі болмайды. Зәр шығару жүйесі: метанефросты бүйректер бел бөлімінде орналасқан. Несепағарлар бүйректерден шығып қуыққа құйылады (сурет 62).
Поделитесь с Вашими друзьями: |