М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018


Сурет 59. Сүтқоректілердің терісінің құрылыс



жүктеу 9.83 Mb.
бет77/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Сурет 59. Сүтқоректілердің терісінің құрылыс

1 –эпидермистің мүйізді қабаты; 2 – эпидермистің мальпиги қабаты; 3 – тері (кутис); 4 – түк бағаны; 5 – түк жуашығы; 6 – түк қапшығы; 7 – бірыңғай салалы еттер; 8 – тер безі; 9 – май безі.


Сою жоспарға сай жүргізіледі (сою жоспары ұсынылады)
Ас қорыту жүйесі: ауыз қуысы еріндермен жиектелген, оған бірнеше сілекей бездерінің жолдары ашылады. Ауыз қуысында күрделі жіктелген тістер (күрек, шошақ және азу тістер) және қозғалмалы етті тіл орналасқан (сурет 60).



Сурет 60. Сүтқоректілердің ас қорыту жүйесі

1 – құлақмаңы сілекей безі; 2 – өңеш; 3 – қарын; 4 – он екі елі ішек; 5 – бауыр; 6 – ұйқы безі; 7 – аш ішек; 8 – тоқ ішек; 9 – тік ішек; 10 - анальдық тесік; 10 – соқыр ішек.

Жұтқыншақтан ұзын өңеш шығады. Қарын жануарлардың көпшілігінде біркамералы.

Күйіс қайтаратындарда - төрткамералы қарын (месқарын немесе тазқарын, жұмыршақ пен қатпаршақ, ұлтабар). Ішек аш, тоқ және тік ішектерге жіктелген. Аш ішектің тоқ ішекке ауысар жерінде соқыр ішек орналасқан.

Соқыр ішек анальдық тесікпен ашылады. Соқыр ішек өсімдік қоректі жануарларда айқын байқалады. Егеуқұйрықтарда бауыр алты бөлікті, өт қабы болмайды.

Тоқ ішектің денеге көлденең өрлеу бөлімі және төмен түсетін төменгі тарамы болады. Соңғы бөлімінде тоқ ішек тік ішекке ауысады, тік ішек анальдық тесікпен аяқталады.

Тыныс алу жүйесі: ауа сыртқы танау тесіктері арқылы иіс сезу қуысына, әрі қарай жұтқыншақ пен көмекейге өтеді. Көмекейде дыбыстық байламдар орналасқан.

Көмекей кеңірдекке ауысады. Кеңірдек (шеміршекті сақиналары бар ұзын түтік) екі ауа тамырларына тарамдалады.

Өкпелерде ауа тамырлары көптеген тарамдарға бөлініп альвеолдармен аяқталады.

Сүтқоректілердің көкірек қуысы құрсақ қуысынан етті мүше – диафрагмамен (көкетпен) бөлінген.



Қан айналу жүйесі: жүрек жүрек маңындағы қалтада орналасқан. Жүрек төрт камералы. Қан айналымның кіші шеңбері оң қарыншадан шығатын өкпе артериясынан басталып оң және сол тарамдарға бөлініп өкпелерге бағыт алады (сурет 61).


жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет