М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018


Қазақстан балықтарының отрядын анықтауға арналған қысқаша кесте



жүктеу 9.83 Mb.
бет37/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Қазақстан балықтарының отрядын анықтауға арналған қысқаша кесте

1(2) Құйрық қанаттың жоғарғы қалағы төменгісінен едәуір үлкен. Денені бойлай пішінді ромба тәрізді, беті қырлы сүйекті қалқандардың 5 тізбегі жатады.................................……Бекіретәрізділер отряды (Acipenseriformes)

2(1) Құйрықтық қанаттың қалақтары тең. Денесі қабыршақтармен қапталған, не жалаң

3 (13) Құрсақ жүзбе қанаттары бар. Арқа және аналь жүзбе қанаттары құйрық қанатымен бірікпеген. Денесі жылантәрізді емес.

4 (14) Құрсақ қанаты көкірек қанатынан көп артта, немесе болмайды. Арқа қанаты біреу, онда қатты сәулелер жоқ.

5(6) Құрсақтың орта сызығын бойлай қырлы қабыршақтардың қатары қатты, жүзді қыр түзеді. Бүйір сызық жоқ.........Майшабақтар отряды (Clupeiformes)

6(7) Арқасында арқа қанатының артында жұмсақ, сәулелері жоқ май қанаты бар ........……………………...... Албырттәрізділер отряды (Salmoniformes)

7(8) Арқа қанаты қатты артқа жылжыған және аналь қанатының үстінде орналасқан. Май қанаты жоқ………Шортантәрізділер отряды (Esociformes)

8(7) Арқа қанаты толығымен немесе көп бөлігі аналь қанатының алдында жатыр.

9 (12) Бүйір сызығы жоқ.

10 (11) Басы жоғары жағынан қабыршақпен қапталмаған ....................................................Тұқытістілер отряды (Cyprinodontiformes)

11(10) Денесі қабыршақпен қапталған. Жақтарында тістері болмайды..............…..................... Тұқытәрізділер отряды (Cypriniformes)

12 (11) Денесі жалаң. Жақтарында тістері бар …………….Жайынтәрізділер отряды (Siluroiformes)

13 (14) Құрсақ жүзбе қанаттары жоқ. Арқа және аналь жүзбе қанаттары құйрық қанатымен біріккен. Денесі жылан тәрізді. …...Жылантәрізділер отряды (Anguilliformes)

14(4) Құрсақ қанаты көкірек қанатының алдында немесе астында орналасқан. Арқа жүзбе қанаттары екеу немесе одан да көп.

15(16) Иегінде бір мұрт бар ............Трескатәрізділер отряды (Gadiformes)

16(17)Құрсақ қанаты үшкір тікен түрінде..…………………………Тікентәрізділер отряды (Gasterosteiformes)

17 (16) Құрсақ қанаты көкірек қанатының тұсында, не одан сәл кейін орналасқан. Арқа қанаттарының біріншісі қатты тікенді сәулелерден тұрады, артында жұмсақ сәулелермен ұстайды. …………................Алабұғатәрізділер отряды (Perciformes)



жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет