М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018



жүктеу 9.83 Mb.
бет3/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Кіріспе. Хордалылар типі (Chordata)
Хордалылар типіне жататын жануарлардың энтодермадан пайда болған серпімді, бунақталмаған арқа желісі – хорда түріндегі өстік қаңқасы болады. Жоғары сатыдағы хордалыларда омыртқа бағанын түзетін омыртқалармен алмасады.

Өстік қаңқаның үстінде эктодермадан пайда болған жүйке түтікшесі орналасады. Жоғары сатыдағы хордалыларда ол омыртқаның астымен немесе ішімен өтіп жұлынды құрайды. Жүйке түтікшесінің алдыңғы бөлімі миды түзеді.

Ас қорыту жүйесі өзінің алдыңғы бөлімі арқылы сыртқы ортамен екі қатар тесіктер арқылы қатынасып желбезек қуыстарын түзеді. Төменгі сатыдағы сулық омыртқалыларда ол өмір бойы сақталады, ал жоғары сатыдағы хордалыларда ұрықтық даму кезеңінде ғана қызмет атқарады.

Хордалылар үшін гаструла қабырғасын тесу арқылы пайда болған екінші ауыздылық тән.

Барлық хордалылар — тек екінші дене қуысты (целомдық) жануарлар.

Хордалылар — денесі екі жақты симметриялы жануарлар.

Ішкі мүшелердің метамерлі орналасуы төменгі хордалыларда анық байқалады. Дененің сыртқы сегменттері болмайды.

Хордалылардың систематикасы:




жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет