М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018



жүктеу 9.83 Mb.
бет18/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Жұмысқа түсініктеме:

Дене пішіні ұзарған, торпеда тәрізді, басында ұзарған тұмсық-рострум, екі бүйірінде ірі көздері, жұп танау тесігі, 5 жұп желбезек саңылаулары орналасқан.



Ауыз бастың төменгі жағында көлденең саңылау түрінде болады (сурет 11).



Сурет 11. Шеміршекті балықтардың сыртқы құрылысы

1 – рострум, 2 – ауыз тесігі; 3 – көз; 4 – танау тесігі; 5 – бүріккіш; 6 – желбезек тесіктері, 7 – арқа жүзбе қанаттары; 8 – құйрық жүзбе қанаты; 9 – көкірек жүзбе қанаты; 10 – құрсақ жүзбе қанаты, 11 – бүйір сызығы; 12 – клоака.


Көздің артында жұп кішігірім тесіктер - бүріккіштер (рудименттік желбезек қуыстары) орналасқан.

Тұлға бөлімі соңғы желбезек қуысынан басталады, клоака тесігімен аяқталады. Жұп көкірек және құрсақ жүзбе қанаттары горизонталь бағытта орналасқан. Арқа жағында екі арқа жүзбе қанаттары болады. Құйрық қанаты гетероцеркальды.

Акуланың терісі тесікшелері бар көптеген плакоидты қабыршақтармен жабылған. Бас, тұлға, құйрық бүйірлерінде сулық омыртқаларға тән мүше – бүйір сызығы орналасқан.

Жұп жүзбе қанаттарының бұлшық еттерінен басқа еттер ет сегменттерінен тұрады.



Ас қорыту жүйесінде: ауыз қозғалмалы шеміршекті жақтармен қаруланған, тіл нашар дамыған, қарын көлемді, әрі созылмалы, ішек аш, тоқ және тік ішектерге жіктелген (сурет 12).

Тоқ ішекте иірімді қатпарлар болады. Тік ішек клоакаға ашылады. Тік ішектің ортаңғы бөлігінен тұз алмасу мүшесі – саусақ тәрізді өсінді – ректальды без шығады.



Тыныс алу жүйесі желбезектер түрінде (желбезек күлтелері, желбезек доғалары және желбезек аралық перделер). Акулаларда тыныс алу ауыздың жұтыну қозғалысы кезіндегі судың жұтқыншақ арқылы желбезектерге өтіп, оларды шайғаннан соң сыртқы желбезек тесіктері арқылы шығу нәтижесінде жүреді.




жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет