М. А. Бакирова, Г. А. Таракова, А. Н. ҚОжахметова, З. Ж. Батагоева



жүктеу 61.33 Kb.

Дата13.09.2017
өлшемі61.33 Kb.

 

 

УДК 613.22-057.874 



 

М.А. БАКИРОВА, Г.А. ТАРАКОВА, А.Н. ҚОЖАХМЕТОВА, З.Ж. БАТАГОЕВА  

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, 

Нутрициология кафедрасы 

 

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  ТАМАҚТАНУ ЖАҒДАЙЫН ГИГИЕНАЛЫҚ БАҒАЛАУ 



 

Аталған  мақалада  жалпы  білім  беретін  мектеп  оқушыларының  тамақтану  жағдайын  бағалау  бойынша  дүниежүзілік 

мемлекеттерде жүргізілген  зерттеу  нәтижелері және  Қазақстан  Республикасында жалпы  білім  беретін  мектеп  оқушыларының 

тамақтану жағдайы келтірілген. 

Түйінді  сөздер: балалар мен жасөспірімдер денсаулығы, белоктық– энергетикалық жеткіліксіздік,  аурушылдық, зиянды әдеттер, 

үйлесімді тамақтану. 

 

Өзектілігі. Балалар мен жасөспірімдер қоғамның репродуктивті, интеллектуалды, экономикалық, әлеуметтік, политикалық және 

мәдениеттік қоры болып есептеледі, яғни мектеп оқушыларының денсаулығының әлеуметтік маңыздылығын атап айтамыз.  

Республикамыздың әр 5-ші тұрғыны – мектеп оқушысы, балалық шағының көп уақытын қазіргі заман талабына сай мектептерде 

өткізеді. Мектеп жасы – өмірлік кезеңдерінің маңыздылығын анықтайтын салауатты өмір салтын қалыптастырату мүмкіндігі мол 

уақыт болып есептеледі. Психоәлеуметтік және биомедициналық көрсеткіштер сияқты мектеп оқушыларының денсаулығы үшін 

үйлесімді тамақтанудың маңызы жоғары.  

Қазіргі заманда қазақстанда балалар мен жасөспірімдер денсаулығы қоғамның үлкен алаңдаушылығын туғызады, себебі мектеп 

оқушылары  арасында  мектепте  оқу  жылдарында  көру  қабілетінің  бұзылуы,  ас  қорыту  және  зәр-жыныс  жүйесінің  патологиясы, 

жүйкелік-психикалық бұзылыстар, зиянды әдеттер: алкогольді тұтыну, темекі тарту көбейіп барады. Ол физикалық белсенділіктің 

төмендігі және тиімді үйлесімді тамақтанудың жоқтығына әкеледі.  

Балалардың физиологиялық және психикалық даму деңгейінің өсуіне, бұлшық ет және ақыл  –ой  жүктемелерінің, басқа да жеке 

ерекшеліктерінінің  артуына сай, балалықтың түрлі кезеңінде тағамдық және энергетикалық қажеттіліктер біртіндеп өзгереді.  Әр 

жасқа өзінің ерекше  тамақтану формуласы тән. Ол зат алмасу ерекшеліктерінің, биохимиялық жетілу, ағазаның өсуі мен  жетілуі 

бойынша  тағамға  бейімделу  есебінен  анықталады.  Балалардың  қоректік  заттектер  мен  энергияға  қажеттілігінің  ересектерден 

едәуір айырмашылығы бар. 



Мақсаты:  

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының  тамақтану жағдайын бағалау арқылы мектеп оқушыларының тамақтану жағдайын 

жақсартуға бағытталған ұсыныстар беру. 

Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер іске асырылды: 

1)  Мектеп оқушыларының нақты тамақтануын сауалнама арқылы анықтау; 

2)  Энергия шығынын  зерттеу; 

3)Тәуліктік энергия шығынымен тағамның қуаттылығының  адекваттылығын анықтау.;.  

Зерттеу әдістері 

Жұмыс  барысында  зерттеудің  энергия  шығындары  мен  жеке  тамақтануын  зерттеу  үшін  арнайы  сауалнама,  портативті 

жоғарыселективті аппарат “ActiGraph” (АҚШ) (Әр түрлі физикалық белсенділіктің түрлерінде энергия шығынын тіркеуді жүзеге 

асырады),  «24  hours  recall  method»  респонденттің  қабылдаған  1  тәуліктік  ас  мәзірі,  азық-түліктерді  тұтыну  жиілігі  әдістері 

қолданылады. 

Дүние жүзілік  оқушылардың  тамақтану  мәселелері  және  жағдайын  бағалау  бойынша  Миннесот  университетінің (АҚШ)  зерттеуі 

бойынша  185  елдің  ішінде  144  елінде  мектеп  оқушыларының  тамақтануы  жоғары  деңгейде  ұйымдастырылған.  Оқушылардың 

тамақтануы  ДДҰ  демеуімен  ұлттық  (жергілікті)  бағдарламалармен  немесе  үкіметтік  емес  ұйымдармен  қаржыландырылып 

отырады. Қалған 41 елде  (зерттелген елдердің жалпы санының 22%) оқушылардың тамақтану бағдарламасы жоқ.  Бұл елдердің 

ішіне  мықты  әлеуметтік  қорғаны  бар  жоғары  дамыған  мемлекеттердің  (Австрия,  Бельгия,  Германия,  Канада,  Люксембург, 

Швейцария)  және  дамушы  елдердің  (Қырғыз  Республикасы,  Туркменстан,  Армения)  болуын  атап  өткен  жөн.  Еуропада  елдің 

жартысынан көбінде оқушылардың түскі аспен қамтылған. [15] 

АҚШ    -да  мектеп оқушыларының  тамақтануы  келесі  бағдарламалармен  жүзеге  асады:  Ұлттық  мектеп оқушыларының  түскі  асы 

бағдарламасы  -  National  School  Lunch  Program,  Мектеп  оқушыларының  таңғы  асы  бағдарламасы  -  School  Breakfast  Program, 

Балаларға арналған арнайы сүт өнімдері бағдарламасы  - Special Milk Program for Children,  Балалар мен ересектердің тамақтануы 

бойынша қызмет бағдарламасы  - Child and Adult Care Food Program, Тамақтану бойынша жаздық қызмет бағдарламасы - Summer 

Food  Service  Program.  Қазіргі  уақытта  мектеп  оқушыларының  жартысынан  көбі  «Мектеп  түскі  асы»  Федералдық  бағдарламасы 

шеңберінде  тегін  түскі  аспен  қамтамасыз  етілген.  Әр  10-шы  мектеп  оқушысы  «Мектеп  түскі  асы»  Федералдық  бағдарламасы 

шеңберінде тегін түскі ас қабылдайды, ал сүт мектеп оқушыларының тамақтануында басты компонент болып табылады. Осы екі 

бағдарлама Американың 99 800 мемлекеттік және жеке (коммерциялық емес) мектептерінде жүзеге асырылып келеді. Әр 5 жыл 

сайын  мектеп  оқушыларының  тамақтануы  аудитке  ілінеді,  тағам  құрамы  және  тағам  рационында  белок,  май,  көмірсу  ара-

қатынасы, қуаттылығы тексеріледі. Соңғы ұсыныстарға сәйкес америкалық мектеп оқушыларының тағамы белок, А, С витамині, 

кальцийге қажеттілігінің 1/3 бөлігін қамтамасыз ету керек.  

АҚШ  тегін тамақтану бойынша аталған төрт бағдарламаға жылына 12 миллиард  доллар бөлінеді. [16] 

Англияда алғаш рет мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру мәселелері  19 ғасырда қолға алынды. Осы кезде мектеп 

оқушыларының сабақ үлгерімінің жақсы болуы дұрыс тамақтану болып табылатыны байқалған. 1906 жылы дүние жүзі бойынша 

алғашқы рет британдықтар мектеп оқушыларының толық тегін тамақтануын қамтамасыз ететін мемлекеттік қаулы қабылдады. 

1939 жылы жағдайы нашар отбасы балалары тегін тамақпен қамтамасыз етіліп отырған. 1951 жылы мектеп оқушыларының 49 %, 

ал 84 % тегін сүт берілген. Мектеп оқушыларының рационына таңғы асқа - дәнді дақылдар, жұмыртқа, нан, май; түскі асқа – ет, 

картоп,  көкөністер  және  пудингтер;  бесін  асқа-  нан,  май,  джем,  бәліш,  бауыр;  жатар  алдында-сүт  кірді.1980  жылы  мектеп 

оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру жеке кәсіпкерлер қолына өтті. Нәтижесінде мектептерде буфеттік өнімдер (шоколад, 

гамбургер, газдалған сусындар т.б.) сатыла бастады. 20 жылдан кейін жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары эпидемиясына, семіздік 

және ұлттық денсаулық мәселелеріне әкеліп соқты. 1997 жылы жасөспірімдердің тамақтану рационының нәтижесі бойынша 1980 

жылмен  салыстырғанда  қантты  тұтыну  30  %  өскен.  Балалардың  2/3  бөлігі  ақ  нан,  чипсы,  тәтті  өнімдер,  газдалған  сусындарды 

тұрақты  тұтынатын  болған.  2000  жылы  мектеп  оқушыларының  44  %  тегін  түскі  аспен  қамтылды.  Соңғы  3-4  жылда  Англияда 

мектеп оқушыларның тамақтануы қолға алынды. [14] 

2011 жылы Арменияда ДДСҰ және Тағамтану Институты көмегімен «Тұрақты мектеп оқушыларының тамақтануы дамуы» жобасы 

іске  асырылды,  нағыз  осал  және  қолайсыз  аймақтарындағы  50000  бастауыш  мектеп  оқушыларының  үйлесімді  тамақтануын 

қамтамасыз  ету  қарастырылған.    Армения  Республикасының  мемлекеттік  білім  мекемелері  мектептерде  тамақтануды 

ұйымдастыру міндет емес. Мекемелердің негізгі міндеттеріне тамақтануға қажетті жағдай жасау болып табылады. Жобаны жүзеге 

асыру үшін әр мектепте қызмет ететін ата-аналар комитеті жұмылдырылу қажет. Ата-аналар комитеті Дүние жүзілік азық-түлік 


 

 

бағдарламасы ДДҰ жеткізілетін азық-түліктерді толықтыру үшін және балалардың тамақтануын әр түрлілігі үшін жеміс-жидектер 



және көкөністермен қамтамасыз етіп отыру керек.  Осы жобаны іске асырудың қиындығы Арменияның мемлекеттік бюджетінің 

жеткіліксіздігі және мектеп инфрақұрылысының ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға  дайын еместігі, мектептерде 

тамақтануды  ұымдастыратын  мамандардың  жетіспеушілігі  себеп  болды.  Арменияда  ыстық  тамақпен  қамтамасыз  етуді 

ұйымдастыру мақсатында мектептердің 50%-да ас әзірлейтін бөлімдері қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі анықталып, 

30 % -да ас әзірлейтін бөлім мүлдем болмаған [7-9].  

Қазақстан Республикасының әр 5-ші тұрғыны – мектеп оқушысы болып табылады, балалық шағының көп уақытын қазіргі заман 

талабына  сай  мектептерде  өткізеді.  Мектеп  жасы  –  өмірлік  кезеңдерінің  маңыздылығын  анықтайтын  салауатты  өмір  салтын 

қалыптастырату мүмкіндігі мол уақыт болып есептеледі.   

Балалар  тамақтануында  жоғары  зат  алмасуы,  белоктар,  майлар,  көмірсулар,  дәрумендер,  микроэлементтер  және  басқа 

алмастырылмайтын факторларға жоғары қажеттілік ескерілуі керек. Белоктық– энергетикалық жеткіліксіздік, темір тапшылықты 

анемия,  А  дәруменінің  жеткіліксіздігі  секілді  тағамдық  жетіспеушіліктер  балалардың  бойында  өмірінің  бірінші  күнінен  бастап 

кездесуі  мүмкін.  Бұл  жағдай  ұрықтың  жатыр  ішілік  дамуының  кешеуілдеуімен,  туғандағы  салмақтың  аз  болуымен,  ана  сүтінің 

жеткіліксіздігімен байланысты. Осыдан әрі тағамдық жетіспеушіліктер баланың тиімсіз тамақтануынан да дамиды. 

Мектепті  бітірер  кезде  мектеп  оқушыларының  1/3  созылмалы  аурулары  болады.  Соның  нәтижесінде  ересектік  өмірге  қадам 

басқан  оқушыларының  біраз  бөлігінде  жоғары  әлеуметтік  белсенділігінде  шектеулер  болады.  Бұл  жағдай  балалар  мен 

жасөспірімдер тамақтануы үшін, соның ішінде мектеп оқушыларының тамақтануы үшін  үйлесімді тамақтануды ұйымдастыруға 

ерекше мән беруді талап етеді.  

Соңғы  жылдары  мемлекетімізде  жалпы  білім  беретін  мектеп  оқушыларының    тамақтану  жағдайына аса  көңіл  беру  керек.  Бірақ 

тағамдық статусқа мектеп оқушыларының тамақтануын, мектеп бағдарламасын меңгеру, балалардың «мектептік» ауруларымен 

ауру  деңгейін  бағалау  бойынша  арнайы  зерттеулердің  болмауына  байланысты  осы  күнге  дейін  өткізілген  шаралардың  нақты 

экономикалық және әлеуметтік маңыздылығы туралы сұраққа жауап табылмады. [2] 

2011-2015  жж.  «Саламатты  Қазақстан»  атты  Мемлекеттік  денсаулықты  сақтау  бағдарламасын  жүзеге  асыратын  шаралардың 

жоспарына  сәйкес  мектеп  оқушыларын  үйлесімді  тамақтанумен  қамтамасыз  етуге  көп  көңіл  бөледі.  Өкінішке  орай,  мектеп 

оқушыларын  үйлесімді  тамақтануы  мәселелері  күтілген  шешімін  таппай  отыр.  Көптеген  мектептерде  кішігірім  қалалар  мен 

ауылдық  елді  мекендерде  тағамдық  блоктардың  мүлдем  болмауы,  қойылған  талаптарға  сәйкес  келмейді.  Ауылдық  елді 

мекендердің мектеп оқушыларының үйлесімді толық құнды тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдай жасалмаған. [3] 

Білім  жүйесінде  мемлекеттік  саясаттың  басты  артықшылығы  сапалы  ыстық  тағам  арқылы  өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың 

денсаулығын нығайту. Қазақстанда соңғы он жылда бастауыш мектеп оқушыларының ыстық тағаммен қамтамасыз ету бойынша 

нақты  жұмыстар  қалалық  және  ауылдық  елді  мекендердің  жергілікті  маслихатымен  бөлінген  бюджеттік  қаржы  есебімен 

жүргізіліп келеді.  

Қазақстанда  Денсаулық  сақтау  министрлігі  мен  Қазақ  Тағамтану  Академиясымен  республикамызда  алғашқы  рет  мектеп 

оқушыларының  тамақтануы  бойынша  әдістемелік  нұсқау  және  «Мектеп  оқушыларының  тамақтануы»  атты  кітап  шығарылды. 

Мектеп  оқушыларының  тамақтануын  ұйымдастыру  мәселелері  2010-2012  жж.  Аймақтардың  дамуы  стратегиялық  жоспарлары 

жобасына енгізілді.   Мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру қалалық және ауылдық елді мекендерде айырмашылығы 

көп. Елімізде бастауыш мектеп оқушыларының тек 73% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.   

2011/2012 оқу жылы 5910 жалпы білім беретін мектептердің  1 млн 806 мың 795 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.   

Дұрыс тамақтануды ұйымдастырудың негізгі ұстанымдарының басты жеті бағдары:    

1. Баланың энергия шығынына сәйкес келетін рационның адекватты энергетикалық құндылығы. 

2.

 

Рационды алмастырылатын және алмастырылмайтын тағамдық факторлар бойынша теңестіру.   



3. Рационның барынша әр түрлі болуы.  

4. Оңтайлы тамақтану тәртібі. 

5. Азық-түліктерді адекватты технологиялық және кулинарлық өңдеу.  

6. Балалардың жеке бас ерекшеліктерін есепке алу. 

7. Тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ас әзірлейтін бөлім жағдайына санитарлық талаптарға сәйкес келуі. [12]. 

Тамақтану  жағдайын  бағалау  негізінде  мектеп  оқушыларының  нутрициологиялық  статусы  мен  денсаулық  жағдайы  бойынша 

келесі қорытынды шығаруға болады:   

Дүниежүзілік  елдерде  жүргізілген  зерттеулер  нәтижелері  келтірілді.  АҚШ    мектеп  оқушыларының  тамақтануы  бірнеше 

бағдарламалармен жүзеге асырылған, жоғары деңгейде жүргізілген.  

Елімізде бастауыш мектеп оқушыларының тек 73 % тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.  Болашақта осы көрсеткішті 100 % 

жеткізу жоспарланып отыр.  

    

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1

 



Шарманов Т.Ш., Айджанов М.М., Шарман А.  и другие  Методические рекомендации  «Нормы физиологических потребностей в 

энергии и пищевых веществах для различных групп населения РК». – Астана. – 2012 (приказ ГСЭН МЗ РК за №127 от 22.05.12). – 

с.54. 

2

 



2.Шарманов  Т.Ж.,  Айджанов  М.М.,  Сыздыкова  А.М.  Методические  рекомендации  «Использование  пчелиного  меда  в  питании 

школьников». – Алматы. – 2012. – с.42.  

3

 

Государственная программа развития здравоохранения  Республики Казахстан «Саламатты Қазақстан» на 2011 – 2015 годы  



4

 

Березина,  В.В.  Организация  качественного  питания  школьников  -один  из  основных  факторов  сохранения  подрастающего 



поколения /В.В. Березина // Воспитание школьников. 2006. - № 8. - С. 9-12. 

5

 



Волкова,  Л.Ю.  Гигиеническое  обоснование  оптимизации  питания  школьников  г.  Москвы:  автореф.  дис.  .  канд.  мед.  наук: 

14.00.07 / Л.Ю. Волкова. -М., 2005. -23 с. 

6

 

Горелова, Ж.Ю. О состоянии фактического питания школьников / Ж.Ю. Горелова // Вопр. детской диетологии. 2003.  - № 3. - С. 



60-63. 

7

 



Ключников, С.О. «Побочные реакции» у детей на витаминно-мине-ральные комплексы / С.О. Ключников // Вопр. современной 

педиатрии. — 2007.-№4. -С. 34-38. 

8

 

Кучма,  В.Р.  Международный  опыт  организации  школьного  питания  /  В.Р.  Кучма,  Ж.Ю.  Горелова  //  Вопр.  современной 



педиатрии. — 2008. — № 2. -С. 14-21. 

9

 



Лоскучерявая,  Т.Д.  Проблемы  питания  в  подростковом  возрасте  /  Т.Д.  Лоскучерявая,  Т.Ю.  Кришталь,  Л.А.  Чернова  //  Вопр. 

детской диетологии. 2006. - № 4. - С. 30-31. 

10

 

Методические  рекомендации  по  оценке  количества  потребляемой  пищи  методом  24-часового  (суточного)  воспроизведения 



питания / А.Н. Мар-тинчик, А.К. Батурин, А.И. Феоктистова и др. М., 1996. - 20 с. 

11

 



Могильный, М.П. Сборник рецептур блюд и кулинарных изделий для питания школьников / М.П. Могильный. М., 2005. - С. 7-36. 

12

 



Санитарно-эпидемиологические  требования  к  организации  питания  обучающихся  в  общеобразовательных  учреждениях, 

учреждениях начального и среднего профессионального образования. М., 2008. - 43 с. 



 

 

13



 

Шевченко,  И.Ю.  Распространенность,  причины  и  профилактики  алиментарно-зависимых  болезней  у  школьников  /  И.Ю. 

Шевченко // Питание и здоровье: материалы IX Всерос. конгресса диетологов и нутрициологов. — М., 2007.-С. 97. 

14

 



A micronutrient fortified beverage enhances the nutritional status of children in England / S.A. Abrams, A. Mushi, D.C. Hilman et al. // J. 

Nutr. -2003.-Vol. 133.-P. 1834-1840. 

15

 

Butte, N.F. Evaluation of the feasibility of internationalgrowth standards for school-aged children and adolescents / N.F. Butte, C. Garza, 



M. de Onis //J.Nutr.-2007.-Vol. 137.-P. 153-157. 

16

 



Children in South Asia have higher body mass adjusted blood pressure levels than white children in the United States / Т.Н. Jafar, M. 

Islam, N. Poul-ter et al. // Circulation. - 2005. - Vol. 111. - P. 1291-1297. 

 

 

 



 

 

М.А. БАКИРОВА, Г.А. ТАРАКОВА, А.Н. ҚОЖАХМЕТОВА, З.Ж. БАТАГОЕВА 

ГИГИЕНИЧЕСКАЯ ОЦЕНКА СОСТОЯНИЯ ПИТАНИЯ УЧАЩИХСЯ В ШКОЛАХ  

 

Резюме: В статье проводится обзор проблемы школьного питания в мире и Республике Казахстан, состояния школьного питания. 

Рассматриваются программы по организации и рационализации питания детей школьного возраста с целью улучшения пищевого 

статуса, повышение работоспособности и снижения риска заболеваний. 

Ключевые  слова:  здоровье  детей  и  подростков,  белково-энергетическая  недостаточность,  заболеваемость,    вредные  привычки,  

рациональная питания. 

 

 

 



 

 

M.A. BAKIROVA, G.A. TARAKOVA, A.N. KOZHAHMETOVA, Z.J. BATAGOEVA 

HYGIENICAL EVALUTION OF NUTRITION OF SCHOOL CHILDREN  

 

Resume: The paper the review of problem of school feed is conducted in the world and Republic of Kazakhstan, states of school feed. The 

programs are examined on organization and rationalization of feed of children of school age with the purpose of improvement of food status, 

increase of capacity and decline of risk of diseases. 



Keywords: child and adolescent health, protein-energy malnutrition, morbidity, pernicious habits, rational nutrition.  




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал