Ұлттық тәрбие: адамгершілік және рухани болмыс Г.Ә.Әбдімәулен



жүктеу 59.54 Kb.

Дата09.04.2017
өлшемі59.54 Kb.

Ұлттық  тәрбие: адамгершілік және  

рухани болмыс  

 

Г.Ә.Әбдімәулен, 

аға оқытушы 

Қазақстан, Астана  

 

Қазіргі  уақытта  жас  ұрпаққа  рухани  тәлім  тәрбие  беру  заман  талабы.  Жаһандану 

уақытында  тәрбие  беру,  ұлттық  және  рухани  негізде  үйлестіре  жүргізуді  қажет  етеді. 

Адам  тәрбиелеу,  ӛзіні  туған  ұлы  мен  қызын  тәрбиелеу  –  азаматтың  ең  бірінші  аса 

маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық қызметі.  

Егемен  ел  болып,  еңсесін  тіктеп,  етек  жеңін  жиіп,  елдігін  ерекшелей  түскен  қазақ 

елінің  айрандай  ұйыған  айбынды  ел  болып  кӛпке  танылуы,  ең  алдымен  бүгінгі   ӛскелең 

ұрпаққа тікелей байланысты. Ендеше еліміздің болашағы жастар болғандықтан,  олардың 

рухани  тәрбиесіне  аса  мән  беруімізді  қажет  ететіні  сӛзсіз.  Руханилық  жеке  тұлғаның 

негізгі  сапалық  кӛрсеткші.  Руханилықтың  негізінде  адамның  мінез-құлқы  қалыптасады, 

ар-ұят,  ӛзін-ӛзі  бағалау  және  адамгершілік  сапалары  дамиды.  Мұның  ӛзі  мейірімділікке, 

ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен ӛзін-ӛзі ұстау 

дағдыларының  нормалары,  ұйымдағы  қарым-қатынас  мәдениетінің  тұрақтылығын 

қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен 

іс  әрекетін  анықтайды.  Адамгершіліктің  негізі  мінез-құлық  нормалары  мен  ережелерінен 

тұрады.  Олар  адамдардың  іс-қылықтарынан,  мінез-құлықтарынан  кӛрінеді,  моральдық 

ӛзара  қарым-қатынастарды  басқарады.  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  қоғам  игілігі  үшін 

адам  еңбек  етуі,  ӛзара  кӛмектесуі,  сондай-ақ  қоғамға  тән  адамгершіліктің  ӛзге  де 

формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен ӛзара қарым-қатынастың бӛлінбес 

элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтарына 

жатады  [1].    Ыбырай  Алтынсарин  бабамыздың  «Адамгершілікке  тәрбиелеу  құралы  – 

еңбек 


пен 

ата-ана 


үлгісі»  

-  дегендей,  келешек  азаматтың  дұрыс  жол  таңдауы  үшін,  ӛздігінен  саналы  әрекет  жасау 

үшін  тал  бесіктегі  тәрбиенің  орны  ерекше  екендігін  айта  кеткен  абзал.  Атақты  педагог 

Сухомлинский;  «Бала  кезде  үш  жастан  он  екі  жасқа  дейінгі  аралықта  әр  адам  ӛзінің 

рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады деп кӛрсеткен. Демек, рухани 

тәрбиенің  азығы  ағаштың  кӛшет  кезінен  бастау  алуы.  Білім-ғылым  болмағанда  ӛскелең 

ұрпақты діннің құдіретімен тәрбиелеп, үндеу тастаған. Бұл дегеніміз қазақ халқының бала 

тәрбиесіне  деген  кӛзқарасының  қырағылығы.  Балалар  адам  ӛмірінің  қуанышы,  ӛмірдің 

мәні. 

Егеменді  еліміздің  болашақ  ұрпақтарының  сана-сезімін,  ұлттық  психологиясын 



сонау  ерте  заманнан  келе  жатқан  ата-бабалар  салт-дәстүрімен,  халықтық  мұраларымен 

сабақтастыра  тәрбиелеу  –  қазіргі  күннің  ӛзекті  мәселелеріне  айналып  отыр.  Себебі  ең 

берекелі, ең парасатты тәжірибе – халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы «зергерлік» 

ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, тәлім-тәрбиелік ойлар. 

Ұлттық  ойындарымыз  халықтық  мұраларды  болашақ  мамандарға  дене  тәрбиесін  беруде 

пайдалану  дене  мүмкіндіктерін  тәрбиелеп  қана  қоймай,  ақыл-ой  жұмыс  қабілетін 

қалыптастырып,  рухани-адамгершілік  сезімдері  арқылы  шығармашылық  күш-жігерін 

толық мәнінде кӛрсетуге әсер етеді. 

Еліміздің  қоғамдық-экономикалық  ӛміріндегі  елеулі  ӛзгерістерге  байланысты 

саяси,  экономикалық,  әлеуметтік-мәдени,  рухани  жағдайлар  жастарды  тәрбиелеу 

мәселесін дұрыс бағытта ойластыруды талап етуде. 

Бүгінгі  таңда  халықымыздың  тарихи  мұраларын  оқып-білу,  қастерлеп,  бүгініміз 

бен  келешегіміздің  нәрлі  қайнарына  айналдыру  ӛмір  қажеттілігінен  туындап  отырған 

әрқайсысымыздың  азаматтық,  перзенттік  парызымыз.  Сондықтан  ата-баба  дәстүрімен 



тәрбиелеу,  халық  педагогикасымен  болашақ  мамандарымызды  сусындату  жоғары  оқу 

орындары оқу-тәрбие үрдісінің негізгі міндеттерінің бірі.   

Оқу  бағдарламалар  тәрбиенің  адамгершілік,  зерделілік,  тәндік,  еңбектік  және  ӛзге 

де  аспектілерін  ескереді.  Осыған  байланысты  білім  беру  бағдарламасына  енетін  әдебиет, 

тарих,  қоғамтану  т.б.  пәндер  сияқты  гуманитарлық  пәндер  бірінші  орында  тұрады  [2]. 

Оларды  зерделеу  және  меңгеру  -  рухани,  патриоттық,  имандылық  пен  азаматтылықтың 

кӛзі  ретінде,  зұлымдық  пен  рақымсыздыққа  қарсы  әрекет  ретінде  қарастырылады. 

Мәселен,  Жапонияда  да  тәрбиелік  оқудың  тӛрт  негізі  басымдылығын  анықтады:  1) 

рухани тәрбиелеу; 2) әлеуметтік бейімделу; 3) ӛзінің және басқа халықтардың салт-дәстүрі 

мен  мәдениетіне  құрметтеу  сезімін  қалыптастыру;  4)  азаматтық  қасиетті  қалыптастыру. 



Ресейдің  білім  беру  мектептерінің  бағдарламалары  тәрбиелеуде  берік  адамгершілік 

қағидаларды және жалпыға бірдей қабылданған рухани құндылықтар негізінде азаматтық 

жауапкершілікті қалыптастыру, отандық және әлемдік мәдениеттің рухани байлығын, ӛзге 

ұлттардың  ӛкілдерімен  бірге  тұру  дағдыларын  алу  сияқты  басты  бағыттарын  кӛздейді. 



АҚШ  мектептерінде  оқытушы  оқу  тоқсанында  1  сыныптан  бастап  әр  оқушыға 

адамгершілік 

тақырыбына 

жеке 


әңгіме-кеңеске 

5-6 


минут 

бӛледі. 


1958  жылдан  бастап  Жапонияда  мектепте  адамгершілік  курсы  енгізілген,  бағдарлама 

курсының  мақсаты  -  әлемдік  және  халықтық  қоғамдастық  мүшесін  тәрбиелеу.  Білім 

орындарында  ерекше  «адамгершілік  сағаты»  тәжірибесі  қолданылады.  Сабақ  уақытында 

және  ӛзге  іс-шараларда  түрлі  дидактикалық  материалдар  және  әңгімелер  оқыту, 

поэтикалық туындамалар, мазмұндамалар жазу, видео және аудио басылымдарын кӛрсету, 

әңгіме-дүкен,  балалар  сауық  кешін  ӛткізу  сияқты  ӛзге  де  жұмыстар  қолданылады. 

Дін  -  оқушының  адамгершілік  тәрбиесінде  ерекше  орын  алады.  Діни  тәрбие  мәселелері 

жеке  және  жалпы  қоғамдық  білім  беру  мекемелердің,  зайырлы  оқытудың  пайда  болуы 

және шіркеулерден мектептердің бӛлінуі сияқты проблемалармен тығыз байланысты. Егер 

Жапония  мен  Ресейде  жеке  мектептерді  зайырлы  тұлғалар  мен  компаниялармен  құрса, 

Батыста  кӛбінесе  осындай  мектептер  түрлі  шіркеулердің  конгрегацияланған  құрамына 

жатады. 


Мысалы,  Францияда,  мектептерде  адамгершілік-рухани  қалыптасу  және  сезімдік 

тәрбиелік  жағдай  жасау,  кӛркем-эстетикалық  мәдениет  қалыптастыру,  мәдени  іс 

тәжірибесін  жинау  сияқты  3  басты  мақсаттарды  айқындайтын  «тәрбие  ӛнер  арқылы» 

тұжырымдама 

жүзеге 

асырылады. 



Литваның  оқу  жоспарында  негізгі  пәндер  құрмына  адамгершілік  білім  беру  жӛніндегі 

курстар енгізілген. 

Мысалы, Финляндияда, оқу жоспарына адамгершілік қарым-қатынас және рухани 

дамыту,  мәдени  ӛзгешелік,  жалпы  байланыс,  азаматтық  этика  атты  3  бӛлімнен  тұратын 

«Этика» пәні енгізілген. 

Австралияның  халықтық  курикуллума  құрылымында  «Құндылықтар»  бӛліміне 

ӛзін-ӛзі  мақұлдау,  және  ӛзіндік  қадір-қасиетін  сезіну  (ӛзін-ӛзі  сыйлау),  сыйлау,  басқа 

қамқорлық  кӛрсету  және  құқықтарын  қорғау  сияқты  ойлар  егізілген.  Молдава 

Республикасында «Табиғаттану» пәнінің негізгі мақсаттарының бірі «табиғатты тану мен 

түсіну,  оқушының  әлемдегі  орнын  айқындау  және  сапалы  деңгейдегі  «Мен»  сӛзіне 

ортаның әсері» болып табылады. Куррикулум адамгершілік-рухани тәрбие бойынша жеке 

адамға этикалық мінез-құлығына бағыт береді. 

Ата-бабаларымыз    ұлан   байтақ    елін,    байлыққа    толы    жерін    ғасырлар   бойы  

қорғап,   халқының    бостандығы   мен   тәуелсіздігі   үшін   ел   қамын   ойлаған   

батырларын,   халқының   сӛзін   сӛйлеп,   ел   қамын   жеген    білімпаз   шешендері    мен  

билерін   мақтан    еткен.    Шежіреге    толы   Отанымызды    қорғау,    шешен    де   ӛткір 

тілімізді,   дәстүрімізді  сақтау,  оны  зерттеп,   білу- азаматтық  парыз.  Әр  ұлттың  ӛзіне  

тән  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  ұрпақтан – ұрпаққа   жалғасын  тауып  келген  ұлттық  

психологиялық   ерекшеліктің  болғаны.  Сондықтан  барлық   халықтың   мақсаты  ӛзінің  

ұрпағына   тәрбие  беруде  күнделікті  айналысатын   шаруашылығын,   шұғылданатын   



кәсібін   ұлттық   психологиялық    арнада   ұйымдастырып   және   рухани-адамгершілік  

тәрбиесімен  ұштастыра   білген. 

Әрбір әдепті ұрпақ халық дәстүрін, ата кәсібін, халық мұрасын жоғары бағалайды. 

Ата  кәсіп  –  атадан  балаға  ауысып  келе  жатқан  тіршілік  мұрасы,  мұрагер  жалғастыратын 

дарынды  әрекет  болса,  халық  дәстүрі  имандылыққа,  қайырымдылыққа,  мейірімділікке 

тәрбиелейді.  Қазақ  халқының  әдет-ғұрып,  салттары  мен  дәстүрлері  ӛзінше  бір  ғажайып 

әлем. 

Халықтық  тәрбиенің  қайнар  кӛзі:  ұлттық  дәстүрлер,  әдет-ғұрыптар,  ауыз 



әдебиетінің туындылары, ӛнер түрлері, ұлттық ойындар, отбасы тәрбиесі, тағы басқалары. 

Ойын - тіршіліктің нышаны, еңбекке бейімделудің белгісі, дене шынықтыру мен сергудің 

құралы.  Кез  келген  қазақ  халқының  ұлттық  ойындарының  тәрбиелік  мақсаттары  бар. 

Мысалы:  “Асық”  ойыны  бағдарлыққа,  дәлдікке,  мергендікке,  ептілікке  үйретсе,  доппен 

ойын  бүкіл  дененің  тұтас  қимылдап,  шынығуына  себепші  болады.  Ойнаудың  түрлерін: 

«қауымдасып  ойнау,  одақтасып  ойнау,  жеке  ойнау»  деп,  мазмұнына  қарай  оларды 

«тұрмыстық  ойындар,  шынығу  ойындары,  кәсіптік  ойындар»,  ал  жас  ерекшеліктеріне 

байланысты «спорттық ойындар» деп бӛледі. 

 Ойын  –  халықты  рухани  әдептілікке,  әділеттілікке  баулитын  тәрбиелік  құралы. 

Сондықтан әрбір ойынның мәнін-мазмұнын түсініп, ойын кезінде қызбалыққа, дӛрекілікке 

салынбай,  әр  ойынның  тәртібіне  әдеппен,  қызыға  қарап,  мәдениетті  түрде  ойнау 

қажеттігіне кӛңіл бӛлініп отырған.  

Халқымыздың  ӛткен  заманда  жасаған  ӛнегелі  тәжірибесінің  бізге  қалдырған  ой-

парасаттық мұрасы мол. Бүгінгі ұрпақ бұрынғылардың ақыл-кеңесіне құлақ асса, адаспай, 

абыржымай,  жаңылмай, жаза баспай арман-тілегіне неғұрлым тезірек  жетуге жол  табады 

екен.  Әр  замандағы  ақылмандар  айтып  кеткен  даналық  сӛздер  тірліктің  барша  саласына 

қатысты, халықтың тәлімі қарастырмайтын бірде-бір мәселе жоқ. Ӛйткені тәрбие - ӛмірдің 

ӛзекті  мәселесі.  Олар  ӛмір  сүру  үшін  ғана  жазбаған,  керісінше,  жазу  үшін  ӛмір  сүрген. 

Ӛмір  сүруді  - ӛмірдің ӛзінен үйрену керек деп ескерген,  ӛнегелі ғибраттарын, кітаптарды 

ауызша сӛзбен қалдырған. 

Адагершілік   тәрбиесі  –  белгілі   бір   мақсатқа    негізделген   кӛзқарасты,   сенімді,   

парасатты,    мінез-құлық   дағдылары    мен   әдеттерді   қалыптастырудағы     және  

адамгершілік   сезімді,   ұлттық    сананы,    қарым-қатынасты   дамытуда,    жалпы  

адамзаттық,   құндылықтарды    тиімді   пайдалануға    бағытталған    жалпы   адамзаттық   

тәрбиенің  құрамдас   бір  бӛлігі. 

 Адамгершілік   дегеніміз-қоғамның,   ӛмірдің   объективтік    заңдылықтарына  

сәйкес   адамдар   арасындағы    қарым-қатынасты    реттеуге   негіз   болып   табылатын  

талапқа   сай   белгілі   бір   гуманистік   принциптерді    білдіретін    жалпы   адамзаттық   

ұғым.   Адамгершілік   қоғамдық   сананың   басты   белгілері    болғандықтан,   адамның  

мінез-құлқы.  Іс-әрекеті,  қарым-қатынас,  кӛзқарастары  арқылы   сипатталады,  әдептілік,  

меиірімділік,   қайырымдылық,   инабаттылық,   қарапайымдылық   т.б.   Адамгершілік  - 

әлеуметтіліктің   биік  шыңы,   адам   ұрпағының    негізін   қалаушы,   халық   мәдениеті   

басқалардан    айырмашылығы  –  адамның   рухани   байлығы    мәңгілік.    Әлеуметтік   

ортаға   әсер   ететін    белгілердің   бірі  -  адамдардың   бір-біріне,   қоршаған    табиғатқа  

қарым-қатынасы.  

Адамгершілік  

тәрбиесі   

мәселесі  

негізінен   

ұлттық   

психологиялық   

ерекшеліктерге    сүйене    отырып,   тәрбие    берудің    әдістемелік    жолдарын  

қарастырады: 

 -  Ұлттық   дәстүрлер   арқылы    оқу-тәрбие    үрдісінде    адамның    бойында    

рухани  мәдениетті   қалыптастыру. 

 -   Ұлттық    дәстүрлер    арқылы    адамның   психологиялық    ерекшеліктерін   

зерттеп,  дамыту. 

 -   Салт-дәстүр   негізінде,   ұлттық   психологиялық    ерекшіліктерді    ескере  

отырып,   рухани-адамгершілік   құндылықтарын   тәрбиелеу.  


Асылында,  жаман  адам  болмайды,  бойындағы  нәпсісі  рухынан  үстем 

болғандықтан,  барлық  ақылы,  білімі,  қайрат  -жігері  мен  ӛнері  нәпсінің  құлына 

айналғандықтан, жақсы іс-әрекеттер мен кӛркем амалдардың табылуы қиын.  Түсіну үшін 

мынадай салыстыру келтіруге болады: Күн – адамның рухы болса, сәулесі - оның ақылы. 

Рухани бай адам ең алдымен әділ, мейірімді және қанағатшыл болады [3].  

Қазір  адамдардың  барлығының  да  кӛздері  ашық,  ғылыми-  техникалық   дамудың 

шарықтап  тұрған  кезеңі  –  компьютер  дәуірінде  ӛмір  сүріп  жатыр.  Бірақ  бір  нәрсе 

жетіспейді. Бүкіл адамзат соны іздеумен әлек. Ол – рух қажеттілігі, рухани азық.  

    Рухани  азықты  тауып,  дәмін  татып  мейірін  қандырған  адам  ғана  бұл  дүниенің 

қызыл-жасылы мен баянсыз бақыттарына жүрек байламай, алаңсыз толық қанағат кейпіне 

келіп, ӛмірден ӛзінің нақты орнын табады. Сонда ғана ол ӛзінің адам деген атына заты сай 

кӛзі ашық, кӛкірегі ояу кемел дәрежесіне жетеді.  

Әрбір  халықтың  рухани  азығының  қайнар  бұлағы  -  оның  халықтық  педагогикасы 

мен ұлттық салт-дәстүрлері болып табылады. Тән азығы мен жан азығының тепе-теңдігін 

сақтап,  әсіресе,  жан  азығына  басым  кӛңіл  бӛлген  халқымыз  ӛміртануды  діттеп,  оның 

пәлсапалық  заңдылықтарын  терең  ұғынған.  Жан  азығынан  мақұрым  қалған  адамның 

адамдық  қасиеті  жойылып,  оның  хайуанға  айналатынын  ертеден  ұғынған  халқымыз  жан 

азығын ең әуелі нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруді  бастайды, одан  соң 

жас  балдырған  жеке  сӛздерді  ұғына  бастағанда-ақ,  оған  жақсы  мен  жаманды  ажыратып 

түсіндіреді. 

  Әдептілік,  имандылық,  мейірімділік,  қайырымдылық,  ізеттілік,  қонақжайлылық 

құндылықтары  қалыптасқан  халқымыздың  осы  асыл  да  абыройлы  қасиеттерін  жас 

ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын 

сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен 

қатар,  ӛзінің  бойына  адамдық  құндылықтарды  терең  сіңірген,  рухани  жаны  таза  адам 

болуы  шарт.  Ол  рухани-адамгершілік  тағылымдарды  ӛркениетті  ӛмірмен  байланыстыра 

отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жӛн. Сонда ғана ӛзінің міндетін 

айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.  

    Білім  ӛзінің  шынайы  міндетіне  жауап  беруі  үшін  балаларда  жас  кезінен  бастап, 

ең  маңызды  адамдық  саналарды  –  адамгершілікті:  сүюді,  аяушылықты,  тӛзімділікті, 

имандылықты,  әдептілікті,  мейірбандықты,  шыншылдықты  және  басқа  асыл  қасиеттерді 

дамыту керек.  

 

Әдебиеттер тізімі 

 

1. Қабдиева С. Ұрпақ тәрбиесіндегі адамгершілік мәселелері.  //Бастауыш мектеп,  №2, 



2005. 

2.  Сламбекова  Т.Оқушыларды  адамгершілікке  тәрбиелеу  -  басты  мақсат.  Бастауыш 

мектеп, №2, 2004. 

3.  Философиялық  сӛздік../Ред.кол  Р.Н.Нұрғалиев,  Ғ.Ғ.Ақмамбетов,  Ж.М.Әбдильдин 

және т.б.-Алматы:Қазақ университеті, 1996.  

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал