Ұлттық әдебиетті көтеру үшін мемлекеттік деңгейде қаламақы қорын құру керек пе? Миллиондаған қаржы құйылған мешіт



жүктеу 0.65 Mb.

бет1/6
Дата25.01.2017
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

Жалғасы 2-бетте 

ТАБИҒИ АПА

Т

«Қазгидромет» кәсіпорны гидрометеорологтерінің 



болжамына қарағанда, наурыздың 3-5-і күндері 

Оңтүстік Қазақстан облысында күшті жаңбыр жауып, 

жаңбыр мен еріген қар суынан өңірдің аласа тау ла-

рындағы өзендер арнасынан асуы мүмкін. Су дең-

гейінің көтерілуінен сел жүріп, тасқын болады. Алдағы 

үш тәулікте Сырдарияның Қызылорда облысының оң-

түс тік тұсында және Жамбыл, Алматы облыс тарының 

аласа таулы аймақтарындағы өзендердің мұзы ери 

бастайды. Соның әсерінен су деңгейі көтерілуі 

ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген 

өзендерінде де су деңгейінің тербелуі байқалады. 

Дүйсенбіге дейінгі аралықта оңтүстіктегі Шардара 

суқоймасына секундына 1450 текше метрге жететін 

ағын құйылады деген болжам жасалып отыр. Бұл 

күндері еліміздің оңтүстігінде ғана емес, батысында да 

циклон әсерінен жауын-шашын болып, жел күшейеді. 

Батыс облыстарда жел екпіні секундына 22 м/с-ке, 

оңтүстікте 25 м/с-ке жетеді.



Болатбек МҰХТАРОВ

Мамандар оңтүстікте 

сел қаупі күшейгенін 

ескертеді

ОЙ-КӨКПАР



Ұлттық әдебиетті көтеру үшін мемлекеттік деңгейде қаламақы қорын құру керек пе?

Миллиондаған қаржы құйылған мешіт 

құрылысы қашан бітеді?!

Дәл қазір құрылыс қарқын алуға тиіс 

бол ғанымен, әзірше мешіт басында мүл-

гіген тыныштық. Себеп тек біреу: Мешіт 

құрылысына бөлінген қаражат қоры 

таусылған. Қабырғасы қаланып, күмбезіне 

жеттік-ау деген тұста, қолда бар тиын-

тебен тақырланып, құрылыс басындағылар 

қолын жайып қайырымды жандардан 

көмек сұрауға мәжбүр болды. 

Әрине, қайыры бар құдайы істен кім 

бас тартсын?! Мұсылмандық жолға сеніп, 

ислам дінін ұстанған бірталай жұрт қал-

тасын қағып, соңғы тиынына дейін мешіттің 

кірпішін қалауға көмек болсын деген 

ниетпен қаржы аударды. Бірқатар мем-

лекеттік мекемелер мен ұйымдар ақылдаса 

келе, жұрттан қалмауды жөн санап, бір 

күндік жалақыларын мешіт үйінің арнайы 

есепшотына аударды. 

Иә, көп түкірсе көл демей ме. Халықтың 

жаппай араласуымен, тіпті жалғыз ақмо-

лалық ағайын емес, Қазақстанның бір та лай 

қалалары, сондай-ақ алыс-жақын ше тел дегі 

мұ сылмандар  да  үн  қосып,  ша  малары  кел-

ген ше  тиын-тебенмен  қар жы  лай  қол  ұшын 

бер ді. Сөйтіп, банкте ашыл  ған мешіт құ ры-

лысының есепшотына жал  пы сомасы 256 

миллион 422713 теңге қаржы жиналды. 

Мұның ішінде астаналықтардың үлесі 

қо мақты. Көкшетаудағы іргелі мешіттің 

еңсесі биік болсын деген олар жомарттық 

қылып 61 миллион 210 мың теңге қаражат 

құйыпты. Степногорск қаласындағы іргелі 

зауыт тар мен өндіріс орындары да қайыр-

лы істен бас тартпай, 67 миллион 162 

мың теңгені қайырымды іске арнапты. 

Көкшетаулық иманды жұрт та қалыс 

қалмай, 55 миллион 743 мың теңге бөлсе, 

қостанайлық «Титан» жылу-энергетикалық 

ком паниясы» 7 миллион теңге ақшаны 

мешіт есепшотына салған екен. 

Осылайша тиыннан құралып тау бол-

ған мешіт құрылысының қоры жар ты сына 

жеткенде жұқарып, үш жылдың жүзі болса 

да «баяғы жартас, сол жартас» күйінде әлі 

тұр. Бастапқы бетте бірден қар қын алып

күн-түн демей құрыш білегін сыбанып, 

аянбай тер төккен құры 

лысшылардың 

еселі еңбегімен көңіл қуантқан мешіт үйі 

бүгінгі күнге дейін аяқталмауы ақ мо ла-

лықтарды, шынымен де, алаңдатып отыр. 

Күмбездері күнмен шағылысып, Көк ше-

тау 

дың көркіне көрік қосып, сән-сал-



танатын арттыратын іргелі құрылыс қазір 

осындай күйде.



Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев шет мемлекеттердің елі-

мізде тіркелген дипломатиялық 

мис сия басшыларымен кездесті. 

Бұл жолғы жүздесудің жөні бөлек 

екендігін Мемлекет басшысы ерекше 

атап өтті. Биыл егемен еліміздің 

дипломатиялық байланыстарына 

20 жыл толып отыр. Осыған орай 

Президент елшілерге өз алғысын 

білдіріп, қазіргі қарым-қатынасты 

ары қарай нығайту мақсатында 

отан дық экономика дамуының бас-

ты бағыттары жайында айтып бер ді. 

Сондай-ақ Қазақстандағы де мо-

кра тияны сынға алып жатқан кейбір 

халықаралық ұйымдардың қызметіне 

қатысты өз «бұйымтайын» да жеткізді. 

МӘСЕЛЕ


Жалғасы 5-бетте 

ДАЙЫН ӨНІМНІҢ

КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

«Әлемдік дағдарысқа қарамастан, ел эко но-

микасы өсіп келеді», – дейді Н.Назарбаев. Қазақ-

станның ішкі жалпы өнімі 7,5 пайызға өсті. Тәуелсіз 

20 жылда оның адам басына шаққандағы көлемі 

16 есеге артып, 11 мың доллардан асты. Бастапқыда 

бұл көрсеткіш 700 доллар болған. «Ал ин дус трия-

лық-инновациялық бағытқа көшкен екі жылдың 

ішінде Қазақстанда 400-ге жуық жаңа өндіріс 

ошақ тары салынып, 90 мың жаңа жұмыс орны 

ашыл ды. Бүгінде 60 кәсіпорын 2 млрд доллардың 

өнімін шығарып үлгерді. Әлем бойынша қалып тас-

қан жағдайға қарамастан, бізде жұмыссыздық 

деңгейі төмендеп келеді», – деп атап көрсетті 

Президент. Өндіріске инновациялық тех но ло гия-

ларды кеңінен енгізу жұмысы да тыс қалған жоқ. 

Осы уақытқа дейін оған кеткен шығын 220 млрд 

тең 


гені құрады. Елбасының айтуынша, өңдеу 

саласында еңбек өнімділігі 20 пайызға өсті. Біз 

үшін бұл – аса қуантарлық жағдай. Себебі мемлекет 

осы мәселеге негізгі басымдық беріп отыр. 

«Аграрлық секторда ауқымды жұмыстар атқарылып 

жатыр. Мұнда да мемлекет ауыл шаруашылығына 

барынша қолдау жасап келеді. Қазіргі кезде 

Қазақстан сапалы азық-түлік өнімі мен шикізаттың 

үштен екі бөлігін өзі қамтамасыз етеді. Алдағы 

жылдары біз барлық тауар түрлері бойынша 100 

пайыздық межеге дейін жететін боламыз», – дейді 

Н.Назар 


баев. Былтыр еліміздің сыртқы сауда 

айналымы 126 млрд долларды құрады. Экспорт 

88 млрд, оның ішінде 21 млрд АҚШ доллары 

Қазақстанның өзі нен шыққан шикізаттық емес 

өнімге тиесілі.

Арман АСҚАР

Алматы


 

-2.. -4


о

-6..  -10

о

 

-4..-8



о

-11..-12


о

Астана


ИƏ

АҢДАТПА

ЭКОНОМИКА АЙНАСЫ

дедім-ай, ау!

ЖОҚ

– Біріншіден, күні бүгінге дейін ақын-

жазушыларымыздың жазған еңбектеріне 

қаламақы төленбей келуі дұрыс емес. Бұл 

– жеке адамның конституциялық құқығын 

бұзу болып табылады. Мәселен, шахтер 

көмір қазып, құрылысшы үй салды ма, со-

ның еңбегі біреуге қажет пе, ендеше, оның 

еңбекақысын төлеу қажет. Жалпы, адам-

зат тың өмірінен әдебиетті алып тастасаң, 

онда ештеңе қалмайды. «Көркем әдебиет 

жас баланы мемлекет қайраткері етіп 

тәрбиелейді» деген сөз бар. Олай болса, 

әдебиеттің маңызын осыдан-ақ біле бе-

руге болады. Ал енді қор құру дегенге кел-

сек, біз алғаш Тәуелсіздік алып жатқан 

жыл дары мұнайдың бір баррелі небары 9 

доллар тұратын, ал қазір одан қаншама 

есе қымбат, 100 доллардан асады. Әде-

биет ке осы қаржының жүзден, мыңнан 

бір бөлшегін бөлсе де жетер еді. 

– Ұлттық әдебиетті дамытудың жалғыз 

жолы ретінде мемлекеттік қаламақы қо рын 

құру қажет дегенге мен мүлде ке ліс пеймін. 

Неге? Біріншіден, аталған қорға ақша қай-

дан құйылады? Мемлекет тара пы нан, яғни 

Мәдениет және ақпарат ми нистр лігінен бе, 

әлде Еңбек және халықты әлеу меттік қам-

сыз дандыру министрлігі тарапынан ба, бол-

маса іскер адамдардың қалтасынан түсетін 

ақша ма? Бүгінгі күні дүниежүзінде қар жы-

лық дағдарыс келе жат қанда, еліміз әлеу-

меттік көптеген іс-ша раларды жүзеге асыра 

ал май жатқанда, көптеген ауылдарымыз 

қа ңырап, босап, ел ді мекен ретінде азып-

то зып, жоғалып бара жатқанда, көптеген 

зей неткерлер мен мүгедектер, аз қамтылған 

әлеу меттік топ тар өздеріне тиесілі зей нет-

ақысын дұрыс мөлшерде ала алмай отырған 

кез  де, солардан жырып біздер, яғни қа лам-

гер  лер, қаламақы сұраймыз ба?  

Бесеудің күресі 

немен аяқталады?

Тараздық етіктерге 

сұраныс мол

Уақыттың 

жүрек лүпілін 

тыңдатқан кеш



-бетте

-бетте

-бетте

2

3



4

АЙТӨБЕЛ-ДАТ!

Барлығымыз 

шындыққа қызмет етіп, 

ақиқатты, әділдікті 

айта білуіміз керек

147,93

195,95

23,49

12980,3

1235,93

1743,00

5,04

1,32

1726,95

125,36

ДОЛЛАР


ЕВРО

РУБЛЬ


ЮАНЬ

EUR/USD


DJIA

KASE


RTSI

BRENT


GOLD

(ICE)

(NYMEX)

с

с



с

с

Салидат ҚАЙЫРБЕКОВА,



ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Біз бірнәрсе жасасақ, «Қазақ-

стан да тұңғыш рет», «Әлем бойынша 

Қазақ станда алғаш рет» деп жатамыз. 

Өйткені... мемлекеттік саясат сон-

дай.


Кеше Алматыдағы қалалық 

паллиативті көмек орталығын 

аралаған кезде қалжыңдап 

айтқаны.

А с т а н а   у а қ ы т ы м е н   1 8 . 0 0   б о й ы н ш а

Қазақстан қарым-қатынастың 

ашық әрі әділ болғанын қалайды

Сәбит ДОСАНОВ, 

жазушы, М.Шолохов 

атындағы халықаралық 

сыйлықтың иегері:

Дидар АМАНТАЙ,

жазушы, Мемлекеттік «Дарын» 

жастар сыйлығының иегері: 

-бетте

3

Оқырман азайып, көрерменнің көбейіп кеткені жайлы мәселе 



баспасөзде аз көтеріліп жатқан жоқ. Бәлкім, осыған «оның 

несі айып, өмір заңы ғой» дейтіндер табылар. Бірақ мәселе 

бұл жерде елдің рухының жағдайы, ол қоғамнан өзіне 

азық таба алып жатыр ма, болмаса қоғам рухани 

шөліркеп, рухани аштыққа ұшырап жүр ме, осында емес 

пе? Бәлкім, азды-көпті көрген киносы мен сериалына 

мәз болып, одан артықты қажет етпейтін жандар үшін 

бұл сұрақ күлкілі де шығар... Алайда өресі биік 

жанның ұлттық әдебиетті іздемеуі, соған 

шөліркемеуі мүмкін емес. Ендеше, соқыр 

болмасақ, дәл қазіргі оның қоғамдағы 

жағдайының аса мәз еместігін көруге тиіспіз. 

Көрдік, білдік, олай болса ұлттық әдебиетті 

көтеру үшін не істей аламыз? Бәлкім, 

қаламақы қорын құру қажет шығар?

бетте

6

Наурыздың 3-5-і күндері Оңтүстік 



Қазақстан облысында тағы да су тасқыны 

болуы мүмкін. «Қазгидромет» кәсіпорны мен 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қауіптен 

сақ болуды ескертеді. 

№38 (720) 

3 наурыз, сенбі

2012 жыл


Исраил САПАРБАЙ:

Бұл сауал көк ше-

тау лықтардың  көкейін 

толғандырып жүргелі қашан. 

Өйткені бірнеше жылдың жүзі 

болса да ақмолалық мұсыл-

мандар үшін ақ түйенің қарны 

жарылар емес. Түбі тесік қорға 

қанша қаражат құйып, тіпті 

жұрттан жылу жинап, шетелдік 

инвесторларға дейін алақан 

жайсақ та, Алланың жердегі 

үйін аяқтар түріміз жоқ... 

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


№38 (720) 

3.03.2012 жыл, 

сенбі             



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

САЯСИ БЮРО

 

Ең бақытты елдер



Аман Төлеев Ресей президенттігіне 

үш рет үміткер болған

АҚОРДА

БҮКПЕСІЗ ӘҢГІМЕ



Мен Парламентке 

айғайлау үшін емес, айғай 

тудырмау үшін бардым

– Өзіңізді танитын 

жұрт ер мінезді, тік мінезді 

адам екеніңізді ерек ше-

ле й ді.  Адам гершіліктің  де 

азуы мен айбаты бо луы 

керек дейді ғой. Мәжілісте 

қаза 

қы мүддемізге қа-

жет ті мәселелер сөз болып 

жатқанда, шешілмей жат-

қанда сол мінезіңізді  пай-

далана аласыз ба?

– Мінезі жоқ еркек – 

еркек емес. Әрбір мем ле ке-

тіміздің мүддесіне қатысты 

кез келген іске еңбек сіңіруге 

дайынмын. Алай да Пар ла-

мент дегеніміз – орынсыз 

ай 


қай шығаратын орын 

емес. Бұл іске мінезден гөрі 

ізденіс керек. Заң туралы 

пікір айту үшін, оны қабыл-

дауға атса лысу үшін оның 

ас та рын,  себебін,  салдарын 

барынша зерт теу керек. Дау-

рық па бос айқайға салып, 

мәселенің сыртқы жағын 

ғана айнал шықтап жүр ген-

нен ешқандай пайда жоқ 

деп ой лай мын. Өзімнің жеке 

өмірімдегі  ұста  нымымды 

былайша жеткізер едім:



Кешір бізді бабалар,

Мынау бізге тастап кеткен мекенің.

Қайтсем соның қадіріне жетемін.

Ұқтыруға аяғам жоқ барымды. 

Жан арымның садағасы етемін.

Кешір бізді бабалар, 

Көріп болдық көресіні көретін.

Ұрпақ барда болашаққа сенетін, 

Бабалардың аманатын арқалап, 

Мен қазақпын қазақ үшін өлетін.

– Енді ғана депутат болып жатырсыз 

ғой. Кейін жұрт депутат болып жүріп 

бай лық жинап алыпты деп айтпау үшін 

мүлкіңіз жайлы мәліметті қазір жария-

лауға дайынсыз ба?

– Бұрындары талай кәсіптің басында 

отыр дым. Сауда орталықтарының басында 

отырған кезімде дәулетке де ие болдым. 

Бірақ қазір материалдық байлықтан гөрі 

ру хани байлықты көп іздеп кеттім. Сол кез-

ден қалған бір дөңгелек жөндеу ше бер-

ханам болып еді. Бірақ соның өзінің құ жат-

тарын жасап аяқтай алмай қалдым. 

Соғыста алған жарақаттарыма байланысты 

екінші топтағы мүгедектерге берілетін ақ-

шам, зейнетақым бар. Сол ақша менің жол 

қара 

жатыма, қажетіме жетеді. Байлық 



кешіп жүрген жоқпын. Кейде таксимен, 

кейде қоғамдық көліктермен жүремін. Ха-

лық қа жақын болғанды жақсы кө ремін.

– Ауған соғысында жүргенде қа сы-

ңызда отырған жақын досы ңыздың 

аяғын снаряд жұлып кеткенін өле ңі-

ңізден оқып едік. Сол досыңыз аяғын 

бер ген соғыстың саяси мәні дұрыс деп 

ойлайсыз ба, қазіргі көзқарасыңыз 

қандай? 

– Бір кездері бұл соғысты «интер на цио-

налдық көмек көрсету» деп атады. Қазір 

сол саяси қадам өзге мемлекеттің ішкі ісіне 

араласу, қол сұғушылық болғанын білеміз. 

Десек те, сол кездері Отанға адал болуға 

ант беріп, соғысқа аттанған жас жігіттерге 

ешкім кінә таға алмайтыны анық деп ой-

лаймын. Соғыстың әділеттісі болмайды. 

Сон 


дықтан болар, соғыс ардагерлері 

бейбіт күннің қадірін өзгелерден гөрі жақ-

сырақ біледі. Бірде Мұртаза Бұлұтай деген 

бауырымыз маған «Әй, Бақытбек батырым, 

Ауғанда жүріп қанша мұсылманды өл тір-

дің» дейді. Мен оған «Көп жолдастарымды 

жоғалттым» деп жауап беріп едім. Сол 

сияқты саясат жасаған соғыста діни сенім, 

нәсіл деген түсініктер маңызды болған 

жоқ.


 – Кеңес өкіметімен бейбітшілік ке-

лісім орнатуға түрткі болған ауған дық 

қолбасшы Ахмад Шах Масуд туралы 

көзқарасыңыз қандай?

– Қараша айында ғана Ауғанстанға ба-

рып едім. «Қазақфильм» киностудиясы 

менің образым негізінде «Мен көрген со-

ғыс» деп аталатын фильм түсіріп жатыр. 

Сол сапарда Ахмад Шах Масудтың басына 

арнайы барып құран оқытып қайттым. Ол 

– өз елінің адал ұлы, көсемі, перзенті, 

Отанын оттан қорғаған қамқоршысы. Қа-

рап отырсаңыз, қара басына олжа болатын 

дүние жинамай, бойындағы ақылы мен 

қайратын ұлтына арнаған қаһарман адам 

деп есептеймін. Жалғыз мен емес, оны бү-

кіл ауған халқы, тіпті онымен қарсы со ғыс-

қан жоғары шенді кеңес генералдары да 

құрметтеген. 



– Ақындардан кімге еліктейсіз 

немесе пір тұтасыз?

– Еліктеу дегеніміз – әрине, жақсы 

қасиет. Бірақ еліктегеннен сол адамға ұқсап 

кетпейсің ғой. Сондықтан құрметтеймін 

дегенім дұрыс шығар. Абайды, Мұқа ға ли-

ды, Қасымдарды құрметтейміз. Қазақта 

құрметке лайық ақын көп. Ал өзім жайлы 

айтар болсам, өзімді кереметтей бір ақын 

немесе қаламгер деп санамаймын. Атақ 

үшін, әйгілі болу үшін емес, айтарымды 

сыртқа шығару үшін жазамын.

– Бірнеше кітабыңыз жарыққа 

шығып үлгерді. Шығармашылықтағы 

ендігі жоспарыңыз қандай?

– «Үш қырлы жебе» деп аталатын кіта-

бымды дайындап қойдым. Онда қазақтың 

«Қара майоры» атанып кеткен батырымыз 

– Борис Керімбаев туралы, «Батыр Кока» 

Бай ғали Қоқымбаев және Әлімжан Ерния-

зов сынды өз кезеңінің батырлары жөнінде 

айтылады. Одан бөлек, «Бұл майдан Ау-

ған нан да ауыр екен» деген тақырыпта 

жинағандарым бар. Бірақ ол қаржы 

мәселесіне келіп тіреледі. 

– Нағыз батырға лайық дене 

бітіміңізді сақтап тұру үшін спорттық 

жаттығуларды тұрақты жасап тұру 

қажет екені белгілі. Спортқа қанша 

уақыт жұмсайсыз?

– Жас кезімнен бастап спорттың 

көптеген түрлерімен айналыстым. Өте көп 

десем де болады. Шахматтан басқаның 

барлығын көрдім. Бірақ қазір спорттың 

түр-түрін түгендеп жүрген жоқпын. Арнайы 

спорт алаңдарына да бара бермеймін. 

Асқар Шахиев атындағы таэквондо спорт 

клубымыз бар. Сол жерде жастарға қолдау 

көрсету үшін, олардың Бауыржан айтқан 

жауынгерлік рухын шыңдау үшін барып 

тұрамын. Ал жеке өзіме келсем, өзімнің 

б ұ р ы н н а н   қ а л ы п та с ы п   қ а л ғ а н 

жаттығуларым бар, соларды тұрақты жасап 

тұрамын. 

Мен өзі әрі батыр, әрі ақын,

Жел сөзге үйде отырған бәрі батыр.

Қасқырдың көзі қызу, жүрегі май,

«Мен» деген жігіттерді бермен шақыр! 

– деп әзілдейтінім бар.



Сәкен КӨКЕНОВ

КӨРШІ


Бұл аламанда В.Путиннің жеңіске же-

те 


тінін көпшілік айтып жүр. «Біртұтас 

Ресей» партиясының үміткеріне бұл лауа-

зым таңсық емес. 2000-2008 жылдары 

билікте болған қазіргі Премьер-министр 

– Ресейдің бүгінгі бет-бейнесін қалып тас-

тыр ған адам. «Ол Борис Ельциннің тұсын-

дағы олқылықтардың орнын толтырды» 

деп есептейді орыс жұрты. Сарапшылар 

В.Путинді Ресейдің империялық ам би ция-

сын қайта оятқан деп таниды. Ол билікке 

кел гелі бері бір елдің ұстанымына ғана 

емес, әлемнің саяси картасында да өзге-

ріс тер болды. Қайта құру жылдарындағы 

батыс пен арадағы жылымық жоғалып, 

бейне бір «қырғи-қабақ соғысының» оты 

қайта тұтанғандай. Әлемді лаңкестікпен 

кү реске шақырған кіші Дж. Буштың қи ты-

ғына тиіп, кейбір шешіміне қарсы шыққан 

да осы Владимир Путин еді. «Батыстың 

ы ғына жы ғылдың» деп Украинаны газсыз 

қал дыр ғанын жалпақ жұрт жақсы біледі. 

Батыс шыл Михаил Саакашвили келгелі 

Гүржістан мен Ресей арасынан «қара 

мысық» өтті. Тіпті гүржілермен соғыстың 

нәтижесінде ТМД бойынша Ресейдің өзі 

ғана мойындайтын екі мемлекет пайда 

болды. Балтық жағалауы елдерімен қаты-

на сы да белгілі. НАТО-ның шығысқа қарай 

ши рақ қимылынан кейін Ұжымдық қауіп-

сіз дік шарты ұйымын құрған да осы Вла-

ди мир Путин болатын. Енді саяси нау қа н-

ның көрігін қыздырып жүрген фавориттен 

өзге үміткерлер жайлы да сөз етсек. 

ҮМІТКЕРЛЕР ЖАЙЛЫ

ҮЗІК АҚПАРАТ

Нән елдің ең жоғарғы лауазымына 

дәмелі бес үміткер бар. Бірақ бес саусақ 

бір дей емес. Бойлары ғана емес, саяси 

тәжі рибелері  де  әртүрлі.

АЛДЫМЕН ЭНЕРГЕТИКАНЫ 

ДАМЫТАМЫЗ

Мемлекет басшысы елшілерге отандық 

экономиканы дамытудың негізгі бағыттары 

мен жобалары жайында айтып беруді жөн 

көрді. «Біз, ең алдымен, өндіріске қажетті 

энергетика саласын барынша дамытуды 

көздейміз. Балқаш жылу электр стансысын 

салуды бастап, Мойнақ су электр стан сы-

сының құрылысын аяқтаймыз. Олар 

салынып жатқан өнеркәсіптерді электр 

энергиясымен қамтамасыз етпек», – деген 

Пре зидент Қазақстанның бейбіт мақ сат-

тағы ядролық энергетиканы дамытуға 

мүдделі екендігін де жеткізді. Қазақстанның 

екінші жағынан газ-химия және мұнай 

өңдеу нысандарын көбейтуге де мүдделі. 

Ал «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік 

дәлізі, сондай-ақ «Бейнеу-Жезқазған» 

және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолдары 

іске қосылғаннан кейін, еліміздің транзиттік 

әлеуетін күшейте түспек. «Осы және басқа 

да жобалар шетелдік инвесторлар үшін 

тиімді болмақ. Сондықтан мен барлық 

мемлекеттерді Қазақстанмен ынты мақ тас-

тық қа шақырамын. Біз барлық схемалар 

бойынша жұмыс істеуге әзірміз. Шетелдік 

бизнес, үкімет пен зейнетақы қорлары бұл 

жұмысқа мемлекеттік-жекеменшік әріп-

тестік негізінде қатыса алады», – деп атап 

көрсетті Елбасы. Әлеуметтік саланы жан-

дандыру жұмысы да отандық эко но ми-

каның тұрақты дамуына кепіл болады. 

«Ішкі саясаттың негізгі бағыты да сол. 

Сондықтан жұмыспен қамту, тұрғын үй 

шаруашылығын дамыту, білім беру мен 

денсаулық сақтау саласындағы біздің жос-

пар 

ларымызға да шетелдік әріптестер 



қатысады деп сенемін. Қазіргі кезде Пар-

ламент осы саладағы барлық нысандарды 

қар жыландыру мәселесін қарап шықты. 

Мен де оның бәрін қарадым. Биыл көк-

темге қарай біз ол жұмысты бастаймыз. 

Дипломатиялық миссиялардың бас шы ла-




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал