Ұлтымыздың жақсы қа­ сиеті, әдемі үлгісі бар. Ол – қарттарын қадір тұтып, үлкеннің алдын кесіп өтпей



жүктеу 373.1 Kb.

бет1/4
Дата31.01.2017
өлшемі373.1 Kb.
  1   2   3   4

Ұлтымыздың  жақсы  қа­

сиеті,  әдемі  үлгісі  бар.  Ол 

–  қарттарын  қадір  тұтып, 

үлкеннің  алдын  кесіп  өтпей, 

өнегесін  кейінгі  ұрпаққа  жет­

кізіп  отыру.  Сол  дәстүр  сақ­

талып жалғасын тауып келеді. 

Көненің  көзі  –  ел  ағасы,  сөз 

сөйлесе  шешен,  ел  бастаса  көсем, 

топқа  салсаң  жүйрік,  айтар  ойы 

терең, шоқтығы биік дара тұлғалар, 

өз ақыл-парасатымен өмірдің төріне 

озған ағалар сиреп барады. Баяғы за-

мандардан келе жатқан аңыздар мен 

дана  сөздердің  жаңғырығы,  кешегі 

өткен  ел  ағалары  халқымыздың 

небір  жақсылары  мен  жайсаңдары 

жайлы ыстық ықыласты айтып оты-

ратын үлкендер жоқтың қасы. 

Бүгінгі  және  келер  ұрпақ  үшін 

өз  артыңда  айтар  сөзің  қалу  үшін 

де  өмірден  көргенің  де,  көңілге 

түйгенің де, жақсылармен жанасып 

жүргенің  де,  ел  үшін  бел  шешіп, 

адал  еңбек  еткенің  де,  халық  үшін 

маңдайыңды  сылып  тастап  тер 

төккенің  де  керек  болар.  Өмірдің 

бәрі  сұрақ  пен  жауаптан  тірліктің 

бәрі  обал  мен  сауаптан  тұрады. 

Жақсылық жасау арқылы жолыңды 

ашасың, асудан да асасың.

Бұл  дүниеде  адамдар  бір-біріне 

жанашырлық,  мейірімділікпен  қа-

рап,  тілектестік  білдіріп  жатқан 

сыйластығына  жететін  ештеңе 

жоқ.  Жақсы  адамдар  бір-біріне 

көңіл  нұрын  шашып,  сана-сәулесін 

төгіп,  жан  жылуымен  бөлісіп,  қол 

ұшын  беріп  тілекші  де,  тірекші  де, 

ақылшы да болып өмір сүреді. Адам 

тағдырының қожасы адал жүрек, ал-

дына қойған еңселі мақсатынан тай-

мау,  ел  қамын  жеке  бас  пайдасы-

нан қашанда жоғары ұстау, дарабоз 

тұлғаларға  ғана  тән  қасиеттер.  Ан-

тына  адал,  сертіне  берік  адамдарға 

дұшпаны да құрмет көрсеткен.

Міне,  біз  осындай  өмірлік 

ұстанымы мықты ағаларды іздеуіміз 

керек.  Задында  қарапайым  жан-

дар  болады.  Мұндай  азаматтардың 

жанына  әлбетте  адамдар  үйірсек 

келеді.  Мейлі,  ол  қандай  да  бір 

биік  белестерде  жүрсе  де,  туабітті 

қарапайымдылығы олардың болмы-

сын бекзаттыққа жеткізеді. Осындай 

жанына шуағын шашып жүретін аб-

зал жандардың қатарында Садуақас 

Өтеулиев те бар.

Шапқан  аттай,  ұшқан 

құстай  өтіп  бара  жатқан 

уақыт, өмір-ай десеңші!

 

№97

(885) 

Сейсенбі,

6 желтоқсан

2016 жыл

А уд а н д ы қ   қ о ғ а м д ы қ- с а я с и   г а з е т

Тамыры – терең, тарихы – кенен 

Байланыс телефондары: 8 (724-38) 23-8-04, 21-6-94

www.qazaly.kz

@qazaly.kz

E-mail: kazaly@bk.ru

 

Жемісті 25 жыл

 

Ниет

БАСПАСӨЗ – 2017

«Қазалы» газетіне 

жазылуға асығыңыздар

Өздеріңіз әр санын әр дайым асыға күтіп отыратын «Қазалы» 

газетіне 2017 жылға жазылу жалғасуда.

Жазылу «Қазалы» газе тінің редакциясында жүр гізіледі.

Бағасы  жеке  адамдар  үшін  6  айға  –  2000  теңге,  1  жылға  – 

4000 теңге (индекс 65032).

Мекеме,  кәсіпорындар  мен  басқа  да  ұжымдар  үшін  6  айға  – 

3000 теңге, 1 жылға – 6000 теңге (индекс 15032).

Біздің есепшотымыз:

«Сыр Медиа» ЖШС

СТН 331 000 011 645 

БСН 100 740 005 115

ҚҚС бойынша тіркеу

есебіне қою 17.08.2012 жыл

сериясы 33001 №0003930

ИИК KZ349260701180488005

АО «Казкоммерцбанк» 

БИК KZOKZKX

«ҚАЗАЛЫ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ.

 Ел есіндегі есімдер

Ата-баба  мұрасын  жаңғырып,  халық  ру-

хын  күшейтіп,  ел  мен  жерді  ұлықтау  идея-

сына  қызмет  ететін  ономастика  саласының 

маңызы  зор.  Тәуелсіздікке  қол  жеткізгелі 

ономастикаға ерекше ден қойылып, әкімшілік-

аумақтық бірліктерді реттеу, елді мекендерді 

қайта  атау  және  тарихи-географиялық  атау-

ларды  қалпына  келтіру  жұмыстары  жандан-

ды.  Бұл  тарихи  үрдіс,  саяси  мазмұнды  істен 

Қазалы  ауданы  да  шет  қалған  жоқ.  Мұрағат 

құжаттарға  зер  салсақ,  тәуелсіздік  алғанға 

дейінгі  көше  атауларының  шешімдерінде 

қазақ  тіліндегі  атаулар  санының  аздығын 

аңғарасың. 

Ал,  Тәуелсіздік  алған  25  жыл  ішінде 

ауданымыздағы  атаулар  жаңа  мазмұнда 

қалыптасып,  олар  ұлт  тарихының  құрамдас 

бөлігіне айналды. 

Атап айтар болсақ, бұрынғы Жаңа Қазалы 

поселкесі  Әйтеке  би  кенті  аталса,  аудан 

орталығының  басты,  орталық  көшелері  Ле-

нин, Калинин атаулары Әйтеке би, Жанқожа 

батыр  атына  алмасқан.  Кеңес  дәуірінің  сая-

саты негізінде аталған Карл Маркс, Энгельс, 

КПС-тің ХХІІ съезі, Қызыл Ту, Қазақстанның 

40  жылдығы  атындағы  ауылдар  Бекарыстан 

би,  Қожабақы,  Ақтан  батыр,  Жалаңтөс  ба-

тыр,  Жанқожа  батыр  атауларымен  алмасты. 

Бұл күнде аудандағы барлық көше, ауыл, ме-

кеме аттары ұлт мақтаныштарының есімдерін 

дәріптеудің бірден-бір құралына айналған. Бір 

ғана  мысал,  «Жетес  би»  ауылдық  емханасы. 

Құлаққа жағымды, көңілге сіңімді атау.

Көшелерге атау беруде көбіне қоғамның әр 

саласын дамытып, елін-жерін қорғау жолында 

еңбегі сіңген отаншылдық, елжандылық рухқа 

тірек тұлғалар есімдерін ескеру жайы негізге 

алынады. 

Алысқа  бармай-ақ,  ауданда  соңғы  екі 

жылдың  өзінде  бұл  мәселеге  ерекше  ден 

қойылғандығын байқаймыз.

Өткен  2015  жылы  аудандық  ономасти-

калық жұмысшы топтың 4 отырысы өткізіліп, 

онда  7  нысан,  15  көшеге  атау  беру  туралы 

ұсыныстар  қаралған.  Нәтижесімен  қажетті 

құжаттары  тиісті  заңнамалық  актілерге 

сәйкес  ресімделіп,  облыстық  ономастикалық 

комиссияға  ұсыныстар  жолданып,  облыстық 

комиссияның  оң  қорытындысымен  11  көше 

аты жаңадан қалыптасты. Олардың қата рында 

Әйтеке  би  кентіндегі  Ұлы  Отан  соғысының 

ардагерлері:  Сыдық  Байкөбеков,  Ибайдул-

ла  Жақыпов,  Қожантай  Досмамбетов,  Плис 

Нұрпейісов,  Қалибек  Бекетов,  Ақтан  ба-

тыр  ауылындағы  Жұмағали  Өтепбергенов, 

Басықара  ауылындағы  Түрікпен  Мұсабаев, 

Ағжап 


Өтемұратов, 

Қадырбай 

Есе-

нов,  Байқожа  стансасындағы  Жалғасбек 



Байділдаев.  Қазіргі  таңда  бұл  көшелердің 

тиісті шешімдері шығарылды. 

2016  жылы  аудандық  ономастикалық 

жұмысшы  топ  өткізген  жиындар  1  аллея 

және 27 көшеге атау беру туралы ұсыныстар 

қаралды.  Нәтижесімен  Әйтеке  би  кентінен 

4  көшеге  Қани  Медетбаев,  Рахманберді  Са-

бырбаев,  Ағжап  Өтемұратов,  Мәдина  Ера-

лиева  аты  берілсе,  Бозкөл  ауылынан  Ай-

дай  Жұбатырова  және  Байқожа  стансасынан 

Жалғасбек  Байділдаев  көшелері  деген  атау 

берілді.  Ал,  Әзімжан  Әліпбаев,  Жақас  Ше-

рипов,  Нұртаза  Есбосынов,  Дәуітбай  Айда-

ров,  Жетербай  Ақбаев  есімдерін  көше  аты-

на  беру  туралы  облыстық  ономастикалық 

комиссияның  оң  қорытындысы  беріліп, 

Әйтеке би кенті әкімінің шешімі шығарылып, 

аудандық  Әділет  басқармасына  тіркеуге 

берілді. 

Сонымен  қатар,    Әйтеке  би  кентінен          

Махамбет  Әуезов,  Серікбай  Сұлтамұратов, 

Қанағат Ерниязов, Ағайынды Талқанбаевтарға; 

Ақжона ауылдық округінен Киікбай Әймішев, 

Қожамберлі Байжановқа, Оңдалы Кітабалиев, 

Ібайдулла  Қалниязов,  Махамбетжан  Жеткер-

баев  атына  көше  беру  ұсынысы  Қызылорда 

облыстық ономастикалық комиссиясына жол-

данды. 


Бүгінгі  таңда  көше  атауларының  жазула-

ры ретке келтіріліп, атаулар жазылған аншлаг-

тар  облыстық  тілдерді  дамыту  басқармасы 

келісімімен қадалады.

Елбасы «Бұл – аса байыптылықты, терең 

зерттеуді қажетсінетін іс. Бағзы бабаларымыз 

атауға  аса  талғампаздықпен  қарап,  өңірдің 

сыры  мен  сымбатына,  табиғи  ерекшелігіне 

баса зер салған. Мәселен, Көкшетау, Ұлытау, 

Үшқоңыр, Қарауылтөбе, Мыңтөбе, Аңырақай, 

Есіл,  Ертіс,  Еділ,  Жайық…  Осы  құлағыңа 

ән  боп  құйылар  атауларды  Абылай,  Жошы, 

Құнанбай, Исатай, Махамбет, Мөңке деп неге 

өзгертпеген?  Немесе,  Англияда-Шекспирдің, 

Америкада-Хемингуэйдің,  Францияда-Баль-

зактың атында елді мекен бар ма? Жоқ. Демек, 

ендігі жерде ат жарыстырып, ата салыстырып 

жататындарға қатаң тыйым салуға тиіспіз», – 

дегені бар. 

Өткенімізді  екшілеп,  болашақ  ұрпақ  жа-

дына ұлық тұлғаларымыздың өнегелі өмірін, 

қастерлі  ұғымдарымызды  дарытып,  ел  мен 

жерді  сүюді  қалыптастыру  мақсатында 

атқарылған  мұндай  істер  мерейіңді  өсіріп, 

көңіліңді  тасытады.  Себебі,  өзгенің  «қаң-

сығын»  «таңсық»  көргеннен  гөрі  ұлттық 

ұғымға сай атаудан ұтарымыз көп.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА.

ҰЛТТЫҚ ҰҒЫМҒА САЙ АТАУДАН ҰТАРЫМЫЗ КӨП

Қазақтың  әйгілі  ақыны,  теңдессіз 

сөз  зергері  Қадыр  Мырза  Әлінің 

«Сияқты  сол  шөгіп  жатқан  жүкті 

нар,  Төмпешікке  шыққан  шөпке 

шық  тұнар,  Бірақ,  бірақ  бұл  адамға 

дауа  жоқ,  Ескерткіш  боп  тұрып  ке-

тер  мықтылар!»  деген  өлең  жолда-

ры  бар  еді.  Елдің  шексіз  құрметіне 

бөленген  тұғырлы  тұлғалар  ешқашан 

елеусіз  қалмайды.  Айлардың  алма-

сып, жылдардың жалғасып жатқанына 

қарамастан олардың бейнесі биіктеген 

үстіне  биіктей  түседі.  Ақыры,  Қадыр 

ақын  айтқандай,  еңселі  ескерткішке 

айналып,  тұғырға  қонады.  Бұл  – 

жалпыхалықтың  ыстық  ықыластың 

көрінісі.

Биыл  Қазалы  халқы  тағы  да 

ұлыларын  ұлықтап,  аяулыларын 

ардақтады.  Жиылған  елдің  рухы  бір 

көтерілді.  Жалпы,  өткенді  еске  алып, 

тұлғаларды  дәріптеу  Қазалының 

дәстүрінде  бұрыннан  бар.  Осы 

аймақтың перзенті ретінде әр жылдар-

да  соның  біразына  куә  болдық.  Осы-

дан  ширек  ғасырдай  уақыт  бұрын 

Арал  мен  Қазалының  шектескен 

тұсында  батыр  бабамыз  Жанқожа 

Нұрмұхамедұлына  арнап  ас  берілді. 

Бұл тойға жұрт ойдан-қырдан ағылып 

келді.  Қазалы  халқы  Жанқожаның 

тұлғасын  ұлттық  идея  деңгейінде 

әспеттеп,  оның  ерлік  шежіресін 

бүкіл елдің жадына жаттатты. Қазіргі 

Жанқожа  кесенесі  –  аталған  кезеңнің 

ескерткіші.  Шығыс  жастарының 

көшбасшысы  Ғани  Мұратбаевтың 

туғанына  тоқсан  жыл  толуына 

арналған  шаралар  да  сол  тұста  өтті. 

Ол  кезде  біз  республикалық  жастар 

басылымының  қызметкері  едік.  Осы 

мерейлі  тойлардың  басы-қасында 

бастан-аяқ болып, бұқаралық ақпарат 

құралдары  арқылы  насихаттау  ісіне 

атсалыстық.

Содан  бері  Қазалыда  өткен 

шараларға  қатысып  тұрғаным  осы. 

Бұл жолы елге есімі кеңінен танымал 

бірнеше  тұлғаны  ұлықтау  мақсаты 

алға  қойылыпты.  «Тәуелсіздік  тағы-

лымдары  және  Мәңгілік  ел  мұраты» 

атты  ғылыми-тәжірибелік  конфе-

ренция  байрақты  батыр,  қаһар ман 

қолбасшы 

Жалаңтөс 

баһадүрге, 

адалдық  пен  сұлулықтың  символы 

Бегім анаға, азаттықты аңсаған Асан-

дар көтерілісінің құрбандарына арнал-

ды.  Осыған  орай  аудан  орталығында 

ақындар  айтысы  өтті.  Талантты  ұл-

қыздарға  Ғани  Мұратбаев  атындағы 

жастар сыйлығы тапсырылды. 

Өз  басым  қазан  айының  30-

ында  өткен  шараларға  қатыстым. 

Бұл  күні  мереке  қарсаңында  ар-

найы  кеңейтілген  Қашақбай  Пірімов 

атындағы  көшеде  Бегім  анаға  және 

Асандар 


көтерілісіне 

арналған 

ескерткіштер,  Жалаңтөс  баһадүр 

кесенесі  ашылды.  Аймақ  басшы-

сы  Қырымбек  Көшербаевпен  бірге 

Асандар  көтерілісі  ескерткішінің 

шымылдығын 

ашуға, 


Жалаңтөс 

баһадүр  кесенесінің  лентасын  қиюға 

мүмкіндік  берілді.  Бұл  рәсімдер 

қазыналы  Қазалының  тарихындағы 

ұмытылмас сәттер екені анық. 

Кешенді  шаралардың  қорытын-

дысы  ретінде  биіктігі  жиырма  бес 

метр  Тәуелсіздік  монументі  ашыл-

ды.  Еркіндік  пен  азаттықтың  симво-

лы енді Қазалы жеріне де көрік беріп 

тұратын болды. 

Мұндай  шаралар  елдің  рухын 

көтеріп,  жастар  тәрбиесіне  оң  ықпал 

етеді.  Ширек  ғасырлық  шежіреміздің 

әр  сәті  бүгінгі  буынның  жүрегінде 

жатталуға тиіс. Осы тұрғыдан алғанда 

облыс  әкімі  Қырымбек  Көшербаев 

пен  Қазалы  ауданының  әкімі  Нажма-

дин  Шамұратовтың  руханият  сала-

сында атқарған тағылымды істері жас 

ұрпаққа үлгі болады деп ойлаймын. 

Қазалының  еңселі  ескерткіш-

терінің тұғыры берік болсын! Тұғыр-

лы тұлғалардың рухы аспандай берсін! 



Бауыржан ОМАРОВ,

Қазақстан Республикасы 

Президенті Баспасөз 

хатшысының орынбасары

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 

филология ғылымдарының докторы

профессор.

Тұғыры берік 

тұлғалар

Егемендік алғанына 25 жыл толған қазақ елі жыл 

өткен  сайын  қарыштап  дамып  келеді.  Сан  саланы 

қамти  отырып,  саяси  салмақты  шешім  қабылдауды 

үрдіске  айналдырған  Елбасымыз,  әсіресе,  барлық 

өңірлерде  білім  ордалары  мен  денсаулық  сақтау 

орындарының  жаңартылуын  ерекеш  назарға  алды. 

Осы орайда, өмірімізге енген «100 аурухана, 100 мек-

теп»  бағадарламасы  аясында  біздің  ауданымызда  да 

ауқымды істер атқарылды. Шалғай ауылдардың өзінде 

емхана,  дәрігерлік  амбулаториялар  ашылып,  халыққа 

қызмет көрсетуде. 

Заманауи  үлгідегі  жаңа  технологиялармен  жаб-

дықталған  сондай  ғимараттардың  бірі  –  Бекарыс-

тан  би  ауылдық  емханасы.  Онда  жоғары  білімді 

дәрігер мен орта білімді мейірбикелер жұмыс істейді. 

Он  микроучастікке  бөлінген  ауылда  он  мейіркеш 

күнделікті үйлерді аралап, тұрғындардың денсаулығын 

бақылайды.  2008  жылы  емханаға  1240,0  мың  теңгеге 

медициналық  құрал-жабдықтар  алынған.  Жедел 

жәрдем машинасы да бар. 

Ауыл  халқын  биылғы  жылы  тағы  бір  қуанышты 

хабар  елең  еткізді.  Бұған  дейін  тісі  ауырып,  маза-

сы  қашқан  жұрт  аудан  орталығына  сабылып,  дертіне 

шипа іздейтін. Дарияның арғы бетінде тұратын халық 

үшін  бұдан  асқан  азап  жоқ-тын.  Енді  міне,  бұрынғы 

қиындық  артта  қалды.  Тіс  емдеуге,  жұлуға,  салуға 

қажетті барлық аппараттар бір кабинеттің ішінде тұр. 

Кабинетте  жиырма  жылға  жуық  уақыт  медицина  са-

ласында  қызмет  етіп  келе  жатқан  тіс  дәрігері  Арал-

бай  Мамбетжан  мен  мейіркеш  Жеңіскүл  Жібекәлиева 

жұмыс істейді. 

Білікті дәрігер, өз ісінің шебері Аралбай Аяғанұлы 

ауылдағы  он  жылдық  мектепті  бітірген  соң,  совхоз-

да  жұмысшы  болды.  Ауыл  шаруашылығында  жүрген 

бозбалаға  әскерге  шақыру  келіп,  Отан  алдындағы  бо-

рышын  өтеуге  аттанды.  Туған  елге  оралғаннан  кейін 

Қызылорда  мемлекеттік  медицина  училищесіне  оқуға 

қабылданып,  тіс  дәрігері  мамандығын  алып  шықты. 

Міне,  содан  бері  тіс  дәрігері  атанып,  тұрғындардың 

ықыласына бөленіп келеді. 

Ауыл  халқының  денсаулығын  жақсартуға  қосқан 

үлесі  мен  еңбегі  ескеріліп,  аудан,  облыс  әкімдерінің 

алғыс хаты, облыстық «Нұр Отан»  партиясының және 

облыстық  денсаулық  сақтау  басқармасының  құрмет 

грамотасымен  мараптталды.  Облыстық  денсаулық 

сақтау басқармасы кәсіподағының «Светя другим сга-

раю  сам»,  «Сауап»,  Жанқожа  батырдың  240  мерей-

тойы, «Сыр медицинасы үздігі» медальдарын кеудесіне 

тақты. 


«Бар  күш-жігерімді  тұрғындардың  тілегі  жолын-

да жұмсай беремін» деген дәрігер бізді тіс кабинетінің 

жұмысымен таныстырып, балалар мен жүкті әйелдерге, 

мүгедек  жандарға,  алтын,  күміс  алқа  иегерлеріне 

қызметтің тегін көрсетілетіндігін айтты. 

Бір  ғана  Бекарыстан  би  ауылы  емес,  Майдакөл, 

Түктібаев,  Қотанкөл,  Жалпақ  елді  мекендерінің 

халқына  да  қызмет  көрсететін  емхана  ұжымына 

сәттілік тіледік. 

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.

Тұрғындар алғысын алған тіс дәрігері

Халықаралық  мүгедектер  күніне  орай  аудан  әкімі  Нажмадин 

Шамұратов мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті. Басқосуда ау-

дан басшысы мүгедектердің түйіткілді мәселелері, бұл санаттағы 

жандардың құқықтарын қорғауға қатысты жайттар басты назарда 

екенін жеткізді.

Тағдырдың тауқыметін көрген азаматтар да өз ойларын ортаға 

салып,  әрдайым  көмек  қолын  созып  жүрген  аудан  басшылығына 

ризашылықтарын  айтты.  Сондай-ақ,  жиын  барысында  «Невада-

Семей» қоғамдық бірлестігінің аудандағы  өкілі Өмірбек Күлімбетов 

және Айдар Алиев, Омар Қапаш, Әбдіжәлел Сәли секілді азаматтар 

аудан әкімінің Алғыс хатын иеленді.

Шара  соңында  облыстық  «Бәріміз  де  бірдейміз,  кемсітуді 

білмейміз»  атты  байқауда  бірінші  орын  иеленген  Серікбол 

Шайықов өзінің репертуарынан әндер орындады. Сонымен қатар, 

түрлі байқаулардың жеңімпазы Мадияр Жеткербай «Отан ана» әнін 

нақышына келтіре шырқады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.

Бәріміз де бірдейміз – кемсітуді білмейміз

ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ ҰЛЫЛЫҚ, ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП


№97 (885) Сейсенбі, 6 желтоқсан 2016 жыл.

Жігерлі,  өзіндік  ойы  бар,  ұмтылысы  мен  жаңалықты  ашуға 

деген  талпынысы  жоғары  балаларды  біріктіретін  «Жас  Ұлан» 

бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына биыл – 5 жыл.

Бүгінгі қайнап жатқан қоғамда өзіндік орны бар жасұландықтар 

болашақтың кілтін өз қолдарына алып, нық қадам басуда. Бес жыл 

ішінде  «Жас  ұлан»  көзінде  оты  бар,  өнерлі,  дарынды,  ақылды, 

ұшқыр,  алғыр  балалардың  рухани  ордасына  айналды.  Осы  ұйым  

биыл қаңтар айынан бастап ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Ота-

ныма 25 игі іс» акциясы аясында көптеген жұмыс атқарды.

Биыл  «Жас  ұлан»  ұйымы  үшін  табысты  жыл.  Қазан  айын-

да өткізілген «Жас ұлан» ұйымы тәлімгерлерінің шығармашылық 

қабілетінің  шыңдалуына  мүмкіндік  жасау  мақсатында  «Тамыры 

терең  тәлімгерлік»  атты  III  облыстық  конференциясында  «Жас 

ұлан» ұйымының Қазалы аудандық атқарушы хатшысы Сарқыт Ма-

тай білім басқармасының арнайы сыйлығымен бірге алғыс хатын 

иемденді. Сондай-ақ, облыстық «Жас ұлан» ұйымының жұмысын 

жандандыру, аудандық “Аққауырсын” клубының жұмыстарын да-

мыту,  ұландардың  шығармашылық  қабілеттері  мен  балалардың 

бойындағы ақындық, шешендік өнерге деген қызығушылықтарын 

арттыру  мақсатында  Бауыржан  Момышұлының  «Ұшқан  ұя» 

шығармасы  бойынша  «Бала  би»  шешендік  өнер  сайысының  бес 

бағыттағы аудандық кезеңі өткізілді. 

Шешендік өнер сайысының аудандық кезеңдегі қорытындысы 

бойынша ерекше дараланған №25 мектеп жасұландары Тоқтарбек 

Аманкелді,  Нұрәділ  Қожахмет  және  №225  мектеп  оқушысы 

Көркем  Дінбергенге  «Бала  би»  байқауының  облыстық  кезеңіне 

жолдама берілген болатын. Облыстық кезеңде ауданымыздың на-

мысын қорғаған олар жүлделі 2 орынға ие болды. Сонымен қатар, 

облыстық  білім  басқармасының  ұйымдастыруымен  «Отбасы  – 

тәрбие  бастауы»  тақырыбында  білім  беру  ұйымдарының  тәрбие 

мамандарына  арналған  облыстық  форумы  өткізіліп,  оған  арнайы 

облыстық тәлімгерлер жинағына аудандардан тәлімгерлердің баян-

дамалары іріктелді. Осыған біздің ауданымыздағы тағылымы мол 

тәлімгерлерімізде өз үлестерін қосты. Атап айтар болсақ, Қожабақы 

ауылындағы  №25  мектепің  тәлімгері  Назгүл  Нұрымбетова  мен 

Қазалы  қаласындағы  М.Горький  атындағы  №16  мектеп-лицейдің 

тәлімгері  Айгүл  Бүршікованың  баяндамалары  облыстық  жинаққа 

ұсынылды. 

Қазалы  аудандық  оқушылар  үйінде  «Жас  Ұлан»  ұйымының 

аудандық  Ұланбасын  сайлау  мақсатында  «Үздік  Ұланбасы» 

байқауы  өткізіліп,  Қ.Сәтбаев  атындағы  №216  мектептің  9  сынып 

ұланы Берекет Алмас жеңімпаз атанды.

Біздің  ұйымның  мақтанышына  айналған  М.Горький  атын-

дағы  №16  мектеп-лицейдің  тәлімгері  Айгүл  Бүршікова  облыс-

та  өткізілген  “Жаңашыл  жетекші  –  2016”  атты  тәлімгерлердің 

байқауында  “Мен  және  менің  ұйымым”,  “Талантты  тәлімгердің 

тәрбиеге  қосқан  үлесі”,  “Шығармашылық  шыңы”,  “Тәлімгер 

тәжірибесі”, тағы басқа тапсырмаларын орындап, жүлделі 3 орын-

ды иеленді.

Міне,  осындай  “Жас  ұлан”  ұйымында  бала  шағынан  біте 

қайнасып,  бүгінде  туған  жердің  мақтанышына  айналып  жүрген 

өрендерді тәрбиелеген тәлімгерлерге алғысымыз шексіз. Осы жет-

кен жетістіктеріңіз бен жақсылықтарыңыз өскелең ұрпаққа үлгі бо-

лып, Мәңгілік елдің асыл мұраттарын іске асыратын ұландарыңыз 

көп болсын!



Сарқыт МАТАЙ,

аудандық оқушылар үйінің педагог-психологы,

«Жас ұлан» ұйымының аудандық атқарушы хатшысы.

Тәуелсіздік ұландары

Тәуелсіздігіміздің  25  жылдық  мерей-

тойына  орай,  аудан  көлемінде  көптеген 

мәдени,  көпшілік  іс-шаралар  өткізілуде. 

Соның  бірі  –  Бекарыстан  би  ауылдық 

мәдениет  үйінде  болған  жерлесіміз, 

Қазақстан  Республикасының  еңбек  сіңірген 

әртісі,  жезтаңдай  әнші,  қазақ  халқының 

Ақбаяны  атанған  Мәдина  Ералиеваны  еске 

алуға  арналған  «Сағым  жылдар»  атты  ән 

кеші. 

Майдакөл  ауылдық  клубы  қызметкер-



лерімен  бірлесе  отырып  өткізілген  кеш-

те  Мәдина  шырқаған  әсем  әуендерді  Бек-

арыстан  би  ауылдық  мәдениет  үйінің 

өнер паздары  Бектұрған  Жібекәлі,  Ернұр 

Серғазы,  Амина  Сабырбай,  Сандуғаш  Ай-

дулла,  Мерей  Бөгенбай,  Наурызбек  Қазиев, 

Қасым Балымбетов, Бауыржан Ізмағанбетов, 

Шархан  Тілеуназаров  сондай-ақ,  Майдакөл 

ауылдық  клубының  өнерпаздары  Шакет 

Жанәділов, Бағдәулет Мақсұтқалиев әуелете 

шырқады. 

Сазы  сырлы,  үні  сиқырлы  Мәдина 

Ералиеваның бірге оқыған құрбысы Бейбіт-

күл Қалниязова мен ауылдық әйелдер кеңе сі-

нің төрайымы Құралай Бекжанова естеліктер 

айтқанда жиналған көрермен әншімен бетпе-

бет жүздескендей әсер алды.

Көңілдерді жадыратып, рухани демалыс 

сыйлаған  кештен  ауыл  тұрғындары  ерекше 

көңіл-күймен тарқасты.




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал