Құлыяс Табыл. Таңдамалы. Үш томдық / Т. Құлыяс. – Астана: Фолиант, 2015. ӘОж 821. 512. 122 Кбж 84 (5Қаз)



жүктеу 2.92 Mb.

бет1/24
Дата09.09.2017
өлшемі2.92 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Құлыяс Табыл.

Таңдамалы. Үш томдық / Т. Құлыяс. – 

Астана: 

Фолиант, 2015. 



ӘОЖ 821.512.122

КБЖ  84 (5Қаз)

       Қ  72

ISBN 978-601-302-274-1 (Т.1)

ISBN 978-601-302-273-4

Қ 72

ӘОЖ 821.512.122

КБЖ  84 (5Қаз)

© Құлыяс Т., 2015

© «Фолиант» баспасы, 2015

Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Б. Қыдырбекұлы 

атындағы сыйлықтың иегері, Ойыл ауданының Құрметті аза-

маты, сатирик, жазушы, архив зерттеушісі Құлыяс Табыл 

Бекқазыұлының бұл кітабына аштық, қуғын-сүргіннің 

ауыр оқиғалары дерек, дәйекпен еніп отыр. Бағасын қалың 

оқырман берсе, одан артық қуаныш болар ма? 

ISBN 978-601-302-273-4



Т.1. Деректі хикаяттар. – 416 бет.

ISBN 978-601-302-274-1



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 

«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 

бағдарламасы бойынша жарық көрді

3

САМҒАЙ ҰШҚАН ҚАРШЫҒА...

Бар әлем табиғатқа зер салып, көңілін оятады. 

Жақсылық бар жарылқайтын, жамандық бар долданып 

айпап-жайпап, бәрін жалмап жұтатындай алқынатын. 

Ұзақбай жұмысқа келе жатқанында да, үйіне қайтқанында 

да Алатаудың қарлы шыңына қарап, үмітінің болжамын 

жасайтындай еді. Сайтаннан басқа да үміт бар, сенім бар. 

Елдің өсіп-өрлеуі таудай биік болса дейді. Салыстырмалы 

түрде ойлайды. Ондайда жарқын жүзіне қуаныш үйіріле-

ді. Өзін сырттай қарағанда бақытты сезініп, жаңа заман-

ның қайырын көрсем дейді. Әзірге тамағы тоқ, көйлегі көк, 

орынтағы да ешкімнен кем емес. Ырғыз өңірінде алғаш 

кеңестік жұмысқа араласып, елдің дуалы аузына іліккенде 

бір қария: «Самғап ұшқан қырандарсыңдар ғой, бірақ 

қыранның да қанаты талады, қара дауыл қақпақыл ғып 

ойнайды, нендей күйге түсіреді, бәрі белгісіз. Сілікпе сү-

рең... Айлакер бар, айылын жимайтын қаскөй бар. Ешкім 

төтеп бере алмайтындай болады. Жалтарсаң жалп еткізеді. 

Сүйіндірген тірлік күйіндіреді, пенденің арасындағы қара 

дауыл – бақталастық болмай тұрмас, соған сақ бол», – деп 

алдау-арбауды көп көргенін мысалдап еді. Ұзақбай алға 

ұмтылғанда тәуекеліне сүйенгенін айтқан.

– Тәуекелдің тиянағы – ақыл, болжамы берік бол-

са, – деп қария алысты шолып ой айтқан еді. Базарлы 

деп жүрген мезгілге көңілі толмады ма, ертеңіне сенбеді 

ме, сол қарияның көкейіндегі күмәнді Ұзақбай енді-енді 

аңғарғандай еді. Директива дейді, өл-тіріл, оны орында 

дейді, сын мен өзара сын дейді, коммунистер кемшілікке 

төзбейді дейді. Айырып жігін ашса, рухы жүдесе қалай 

сын айтады? Дискуссия дейді, айтыс-таласта билігі мықты 

жеңіске жетіп жатса, жөн істі айттың не, айтпадың не, 


4

сөзің шығын. Зұлымдық дендесе қоғам арадай таланбай 

тұрмас. Жалғыз Ұзақбай емес, қазақ интеллигенциясы, 

қоғам қайраткерлері мұндай ойға беріліп ашық айтып 

алысып бақты. Не тапты? 1931 жылдың 13 ақпандағы 

республикалық жиында Голощекин баяндама жасап: 

«182 аудан астық дайындау жоспарын орындамады, ет да-

йындау майданында 700 000 тонна жоспары ақсап тұр, 

әр облыста 7-8 мың бас мал сойылады, тым аз, байлардың 

малын тездетіп жинап алмай жатырмыз. Мұндай кем-

шіліктер мен қателіктерді кешіруге болмайды, бұл қыл-

мыс!» – деп сайраған. Елдің іргесіне тақалып құру дең-

гейіне жеткенімен шаруасы жоқтығын байқатқан. Соны 

түсінгендер, ауыл-елді көзімен көріп жүргендер:

– Халықта мал қалған жоқ, байлар тәркіленіп бітті. 

Жұтаған жұртты барып көріңіз?

– Орта шаруаларда мал бар емес пе?

– Олар да тазартылды. Кедейлердің күнкөрісі қиын-

дады.

– Тауық асырасын! – деп Голощекин айқайға баспай ма?



– Тауықты сауа алмайды ғой. Сиырдың сүтімен жүрек 

жалғап отырғандар аштыққа ұрынуы мүмкін.

– Құлымбетовтың жоспарлауы қате, елде аша тұяқ 

қалмады деуі шындық емес, жала, қара күйе! – деп Голо-

щекин тағы да шүйіліп өтті.

– Мен Ақтөбе, Ақмола облыстарында басшылық жұ-

мыстарда болдым, ауылдардың жай-күйін жақсы біле-

мін. Одан кейін республиканың басқа өңірлерін де жиі 

аралап жүрмін, есеп-қисап жұмыстарын саралап, бағыт-

бағдардың шындығын жасыруға большевиктік арым жет-

пейді. 1920 жылдан лениндік партияның мүшесімін, Голо-

щекин жолдас, – деп Құлымбетов аштық қаупін айтып еді. 

Төзгісіз жағдайларды жұртқа білдіріп еді.

– Отанды азық-түлікпен қамтамасыз ету – қасиетті 

міндетіміз, жоспарды орындамағандар, оған кедергі кел-

тіргендер баспен жауап береді. Бастарың екеу емес шы-

ғар, – деп Голощекин әміріме ешкім төзбес дегенді бай-

қатып қойды. «Есептен малын, астығын жасырғандар 

үкіметке қастандық ойлаушы, қылмыскер, ондайлар аты-

лады... Бұл – Ұзақбай Құлымбетовке ескерту!»



5

Бүлік басталғанын осыдан-ақ аңғаруға болады. Қазақ 

елін уысымда ұстаймын деп елірген Голощекиннің бүрке-

мелі ойынының астарында зұлымдық қылаң бергенін бұ-

рын да байқап жүрсе де, Ұзақбай Құлымбетов ҚазАССР 

Жоспарлау комиссиясының председателі, оған қоса Сауда 

халкомы қызметін де атқарып жүргеніндегі іскерлігімен 

санаспайды. Қирап бүлінгенді қалпына келтірудің ама-

лын таппаса Голощекин кінәні басқаға аудара салады, 

бүлікші деуіне дәлел табады. Ұзақбай күндегісін күнде 

үйіне қажып оралады. «Капитализмнің тұрақтауы күннен-

күнге шіріп, баянсыз болып барады», – деп Сталин айтты. 

Мына Голощекиндер социализмді баянды етіп көркейте 

ала ма? Жақсылық таба алмай, игі істің маңына бара алмай 

халықты сенделте ме? Жұрт ертеңін ойлаудан жаңылды, 

ризығынан қағылды, үнемсіз... босқын. Тірліктің берекесі 

шайқалды, қара қазан қақ айырылып жатыр. Қазан 

маңында қылжия кетіп жан тапсырған адам. Өлік, ады-

ра қалған мекендер. Әп-сәтте жұрттың жиған-тергені 

құрыды. Байлық сарқылды. Одақтан көмек жоқ. Алдау 

бар. «Бұған жауапты кім?» деген күдікті ойын ешкімге 

тіс жарып айтпайды. Қазақ елін қай бағытқа сүйрейді? 

Шаруашылықты, мемлекетті басқарудағы беталысы тү-

сініксіз, күн сайын құлдырау. «Барды балама, жоқты са-

нама дегендей халықтың мойнына түскен салмақ ауыр», – 

деп дастархан үстіндегі бір үзім нанға май жағып жеп ойға 

шомды. Мемлекетке деп жинап алған мал етін пойызбен 

тасып үлгере алмай, борсып-шірігесін Қарағанды өңірінде 

тау-тау ғып үйіп, өртеп жатқанын айтқанда Голощекин 

«жалған, өтірік мәлімет» деп бажылдады. Бұл дүрмектің 

алды-артында, астарында саясаттың жылылығы емес, 

жамандығы жатқанын аңғарып, кемшілігін дөп басып 

айтушыларға еріседі. Халық жағдайын алдын ала ойлап 

байыптау қайда?

– Әйіш, ас батпай отыр, – деп Ұзақбай жарына қарады. 

Дүркін-дүркін күрсініп алады. Дүдәмал, екіұшты ойлар 

жанын мазалайды.

– Неге қабағың түсіңкі? – деді Әйіш.

– Голощекин елдің малын тағы жинатып жатыр. Мал 

біткесін халық аштыққа ұрынады. Қазаққа жайсыз тие-

тін түрі бар.


6

– Қазақты жек көре ме?

– Түсініп болмайсың.

– Бас қосқан отырыстарда: «Қазақтың бауырсағының 

дәмі тіл үйіреді», – деп сайрайтын еді, неге жаны ашымай-

ды?! – деген Әйіш.

– Мынау – құрт-ірімшік, елдің асы, алып отыр дегенде 

жүзі жылығандай болып: «Дәмі тәтті екен, қалай істей-

ді?» – деді. Сүттен ондаған түрлі тағам дайындалады дедік:

– Вот тебе казахский шикалад! – деп мәз болды.

– Ал мынау тағамды жент дейді, түрлі азық қоспасы, 

қазақ еттің өзінен алпыс түрлі тағам дайындайды.

– Жақсы, сүзбе, сүр еті!.. Қазақтар шебер, аштан 

өлмейді, мықтылық деді. Әйіш оның сөзіне иланып 

қалды. «Қазақ малсыз да өлмейді» деген Голощекиннің 

қаскөй ойын Әйіш естіп, екіжүзділік болады екен-ау деп 

толғанды. Ұзақбай замандастарының билікте жүргендері 

қанша қарсылық білдірсе де, Голощекин милицияларға 

тапсырыс беріп, халықтың малын, жиған-терген азығын 

тартып алып, қырғын аштыққа ұшыратты. Осы кезде ел 

азаматтары күндіз-түні жол жүріп, аштыққа ұрынған ба-

лаларды жинап үйлеріне әкеліп, ішіндіріп, киіндіріп бала-

лар үйіне тапсырып жатты.

Әйіш киімдері алау-жалау, аш-арық талай баланы 

тамаққа тойындырып, киіндіріп, аналық мейірін көрсетіп 

бағып қақты. Мемлекеттік қордан азық-түлік алып, оны 

мігірсіз пісіріп ашты тойындыру оңай болған жоқ, ауру-

сырқауы және бар.

– Атың кім?

– Бегімбет.

– Жақсы жігіт боласың. Үкімет бағады, оқытады.

– Сенің есімің кім?

– Айжарық.

– Тірлік жолың жарық болғай!

– Әумин! Апа, оқысам деймін. Оқымағасын әке-шешем 

өліп қалды.

– Оқып мықты азамат боласың.

– Әкең есіміңді қалай атады?

– Құндызбай.


7

– Е-е, мен Жұлдызбаймын! – деді сойдақ тісті қара бала 

мұрнын бір тартып. – Апа, мына көйлек маған құйып 

қойғандай екен. Сізге рахмет, өскесін еңбегіңді ақтаймын.

– Еліңе адал қызмет етсең, жақсылықпен жарылқа-

насың.


– Ешкімнің ала жібін аттамаймын, адал боламын деп 

әкем өліп қалды ғой.

– Сенің болашағың бөлек, – деп Әйіш ойға батып, жетім 

қалып әр жерде қаңғыған балаларды болашақта қазақ 

елінің жұлдыздарындай көретін еді. Ақмола облысында 

шаруашылық басқарған Ахметхан Ниязбаев елу жетім ба-

ланы өзі бағып, өсіріп әрбірін үй етіп шығарды. Олардың 

бәрі де орыс, украин, қазақ, татар балалары еді, құжат 

аларда олар Ниязбаев деп атанды (қазірде үш жүзге жуық 

Ниязбаевтар Державин, Есіл аудандарында қызмет етеді).

Әйіш ел басына қайғының қара бұлты төніп, халық 

аштан қырылып жатқанда жетім балаларды бағып оты-

рып: «Голощекиннің саясаты немене өзі? Қазақ топы-

рағын басып, қазақ дастарханынан ас ішіп, киеден қо-

рықпай қырғынға ұшыратуы түсініксіз. Мұны И. Сталин 

білмейтін шығар... «Малды, егінді үкіметке жина, түк 

қалдырма, қарсылық көрсеткендерді атып таста!» деп 

аласұруы неліктен?! Бұл сұмдықты Мәскеу білмейді, ә?» – 

деп алдағы күннен үміт үзетін еді. Балалар үйлеріндегі 

ірімшік, құрт, май, сүзбеге дейін милициялар мылтықпен 

қорқытып тартып әкеткенін айтады. Елге алдымен азық 

керек, социализмнің алды-артына ой жіберу үшін қарын 

тоқ болуы керек. Үкімет ертең жарылқайды деп алдап-

сулау немесе мылтық төсеп, жиған-тергенін тартып алып 

жатса, әр бұтаның түбінде жұрт қырылса, социализмді кім 

алқалап, қолдай қояды?! «Самғай ұшатын қырандай ұрпақ 

бақытты болар ма екенсіңдер?» деген оймен қиналатын 

Әйіш ерінің туған жері Ырғыз халқының да аштықтан 

өліп, әлдісі босып кетіп жатқанын естіді. Жан күйзелісі 

қатты болса да, ағайын-туысының қайғысын естіп езілсе де 

Ұзақбай білдірмеуге тырысып жүрді... Әйіш қазан-қазан 

көже асып жетім балаларды тойындырып, сауап алғанына 

қуанып, шаршағанын ұмытатын еді. Анасының «обал бо-

лады, ұят болады, жаман болады» деген сөзін таратып миы-



8

на құйғанын ұмытар ма? Ұлт басына төнген нәубет, ауыр 

салмақты үкімет мүшелерінің түсінетіні аз, түсінбейтіні 

өзімшіл, Мәскеудің айтқаны заң дейтіні көп шығар. Тар 

кезеңнің ауыртпалығын қайткенде де жеңуді ойлаған ана-

лардың мол мейірі қайталанбайтындай ма екен? Ұзақбай 

күн көсем Сталиннің «Отар елдерде революциялық кризис 

асқынды» деген сөзін еске алып, «Қазақстандағы кризис-

ті қалай атайды?» деп толғанса да есеп-қисабына көңілі 

көншитін түрі жоқ. Голощекиннің астыртын әрекеті 

байқалып тұрса да үкімет басшылығындағылар дәрменсіз.

Жә, уақыт өтіп жатты. Қынадай қырылған халықтың 

төгілген қанының үстіне социализм баспалап шығып, сая-

сатын қан жоса әрекетке байқатпай бұрған сықылды бол-

ды. 1920 жылдан басталған «тазалау» үдеп, атарын атып, 

түрмені толтыруға бағытталды. Осы кезде өлер жеріне 

дейін күліп баратын айтқыштар:

Айналайын, үкімет,

Бергеніне шүкір ет.

Байлығыңды тартып ап,

Бетіңе бір түкіреді.

Айналайын, үкімет,

Жақсылығы жарылқап,

Тегін тамақ ішсін деп,

Түрмелерге үкітет, –

деп жырлап жүрді. Өйткені, 1932 жылы 7 тамызда ОАК-

нің қарарына Сталин қол қойып, кедей шаруаларды 

ұрлықтан тазалауға бағыттады. Оны «Позорные столбы», 

«показательные процессы» деп атап 50 мың адамды ұрлық 

жасады деп түрмеге қамаса, 2 мың адамды атып таста-

ды. Егін шаруасындағылар екі сабақ бидайдың дәнін үгіп 

алып, аш балаларын құтқарғысы келсе түрмеге жапты. 

Мұны егіншілер «бес сабақ бидайдың дәні – түрменің әні» 

деп келекелеп кеткен көрінеді. Қазақ даласында жүздеген 

мың балалардың аштыққа ұрынып қаңғып кетуіне себеп 

болған, Сталин қол қойған «Ұят баған» аталған қаулының 

қырсығынан талай адам тұзаққа түсіп, тіпті тоғыз жасқа 

толған балаларға дейін бір уыс бидайды қырманнан алға-



9

ны үшін Қарағанды түрмесінде отырған. Мұндай қасірет 

қоғам қайраткерлерін қанша ойландырса да, Сталиннің 

айтқаны заң еді. Одан кейін 1933 жылы 8 мамырда Мо-

лотов пен Сталиннің қол қойған «Барлық партия, кеңес 

қызметкерлерімен ОГПУ-дың барлық мекемелеріне, сот 

және прокуратураға» деген қаулыда елді мекендерде 

таптық шиеленіс болуы әбден мүмкін, сондықтан бай-құ-

лақтардың тұқымын тазартып, түрмелер мен лагерь-

лерде  Одақ бойынша 400 мыңдай қылмыскер ұсталып, 

үш, бес жылға үкім кесілгендер жазасын өтесін. Ал 

шындығында, түрмелерде 800 мың тұтқын, оның 30 па-

йызы контрреволюциялық қылмыскер делінгендер екен. 

Мұндай бет қаратпас сүргін қоғам қайраткерлерінің 

қай-қайсысын да ойландырып, жан сақтау амалы сар-

қылғандай сезінген де болуы... халықты тентірету тегін 

еместігін түсінді. Қорқыныш, үрей әр минут сайын пәлеге 

ұшыратып жатты.

1938 жылы Ұзақбай Құлымбетов «халық жауы» деп 

атылды. Қойын дәптеріндегі: «Жай-күйін біліп едім 

Ырғыздың, жоқшылық ойымды бұрғызды. Қалай жанын 

сақтар екенбіз, өсіп келе жатқан ұл-қыздың?! Жүрегімде 

ел азабы, мұңы бар. Шерлі, қайғы жазылмайтын түрі бар. 

Саясат құйыны, дауылы, шындығын түсініп, ұғып ал! Біз 

о дүниеде бақытты болармыз, келер ұрпақ, өмірдерегіміз-

ді біліп ал!» – деген ойтолғауы кім-кімді де бейжай қал-

дырмайды. Өз қолымен құрысқан Кеңес үкіметі, ста-

линдік заң жау деп тұрса, оққа байласа не шара?! Газеттер 

де: «Үкіметімізді құлатпақ болған жегі құрттар, азғын 

топтар атылды!» деп жар салып жатты. Бұл айтақтау талай 

ұлт ұлыларының қара шаңырағын ойрандап тынды. Оны-

мен қоймай жанұясын, ұрпағын қаңғыту, әйелін түрмеде 

телмірту, зұлымдықтың не түрін ойлап тауып қорлау 

қанша ғасырлар өтсе де ұмытылмас, ешкім кешірмес. 

«Жауыздың балы ұртында, уы мұртында», – деуші еді бір 

ағамыз Сталиннің сүгіретіне көз қиығын тастап. Ұзақбай 

атылғаннан кейін Әйіштің де, оның ұрпағының да, жақын-

жуық туыс-туғанының да көрмеген қорлығы жоқ... Көз 

жастарын көл етумен өлімші болып тірісі өмір сүрді, өлісі 

социализмнің жендеттерін қарғап кетті... Арамзалардан, 



10

қанқұйлылардан тұқым қалды ма екен, Ібіліске өлім жоқ 

деген бар, кім біледі?.. Тарихымыздың әр бетін ақтарған 

сайын қан жұққан құжаттар көз алдыңа келеді.

 

* * *


Зұлмат жылдарда еңселі халық езілді, еңіреп жүріп 

ажалынан бұрын өлді. Даналар мен ұлттық тұлғалар 

арманына жете алмады, көбінен тұқым да қалған жоқ. 

Елім деп еміренгендердің, ойлылардың, ақылдылардың 

шаңырағына қайғы бұлты үйіріліп, бүлік салынды, 

зұлымдыққа бөгет болған жоқ. Тарих ғылымдарының 

докторы, профессор, генерал-майор В.Ф. Некрасов «Ком-

сомольская правда» газетіндегі мақаласында 1921-1951 

жылдарда 3 777 380 адам сотталса, оның ішінде 642 980 

адам атылып, түрмелерде 2 369 220 адам отырғанын жаза-

ды. Сонда арада өткен алпыс жылдай мезгілде халықтың 

үш буынға жуығы алмасса, жазаланғандар мен өлгендерді 

үшке көбейт, әрбірінен үш ұрпақ қалды дегенде тағы үшке 

көбейтсең, қанша адамнан айырылдық, қаншама ұлылар 

мен даналар жанбай жатып сөнді, халықтың көшін бас-

тайтын ақыл иелерінен айырылдық, қаншама жастар 

қыршынынан қиылды. Сталиндік қанды қырғынды жыл-

дардың шаңға көмілген шындық тарихы шығып болды 

деп айту ертерек те шығар. Өйткені, түрмелер мен ла-

герьлердегі сотталғандардың нақты есебін дәлелдейтін 

кейбір құжаттарда қылмыскер санын азайтып көрсету де 

болмады деп ешкім айтпас. Қылмыс құпиясын әшкере-

леу – ұрпақ міндеті. Бұл адамдардың сақтануын, сер-

гектігін, еркіндігін, тәуелсіздігін құрметтеудің қажетіне 

жарайды... «Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, сар-

ғайдым ғой, сар даламды сағындым... Қарар болсаң тере-

зеден темірлі, көздеп тұрып күзетшілер атады», – деген 

ұлы ақын Мағжанның жазықсыз жүрегі қақ айырылып, 

ажалынан бұрын зұлым саясаттың құрмалы болды. Ха-

лықтың зар-мұңы әлі талай ғасырлар бойы ұмытылмақ 

емес... Кәне, Кеңес үкіметін, сталиндік саясатты ақтап 

алып көр!.. Үрейлі халықты басқару тиімді және оңай... 

Мемлекетті біреулер соғысу арқылы басқарады, кейбірі 


11

халқын аштан қырып басқарады, біреу табындырып 

басқарады, қайткенде де халықтың ақыл-есін кемітіп, на-

дан, есалаң, көлеңкесінен қорқатын үргелекті басқару ең 

оңай тәсіл болар. Езілген қорқақта ес қалмайды... оның 

ұрпағы да милау, су ми боп жағыну мен табынудан басқаны 

білмей өседі... Түрлі зобалаңнан тірі қалған ұрпағына 

«Сталиннің «жақсылығы» осы болды-ау...» деп кейбір са-

насызды көрсең теріс айналып кете барасың...

 

ЖЫЛДАР КЕТТІ ЖЫРАҚҚА,



ҰМЫТЫЛМАС ТАРИХЫМЫЗ БІРАҚ ТА

– Құр сөзді оттай бермей жақсылықпен жарылқайтын 

ісіңді көрсет?! – деп Арыстан бір туысына ақыл айтты ма 

екен? Жетпістен асқан қартқа дүрқара маңдайын тыржи-

тып, сойдақ тісін ақситып күлгісі келді ме:

– Басым толған идея... Оның бәрі орындалады... Табыну-

шы мен табындырушының заманы емес қой, идея орында-

лады...


– Мықты қалталы бар қозғалысыңды бағып тұратын, 

тірегіне береммен жағып тұратын, саған жол бере қойса!.. 

Түйіні біледі, тірлік жолы қатал. Ақыл айту бар, тәлім 

алу бар, озық ой бар, тозық ой бар. Ақылдың күйреуі бар, 

кейде алға қарай сүйреуі бар. Місе тұтатын іс бар, аққұла 

еңбек болатын күш бар. Қоғамдық әр түрлі бұғау бар, оған 

ақылмен ғана шыдау бар. Тарихымызда қанды қасап бұғау 

болған, үрейлі күшпен сынау болған. Әлсіздердің көз жасы 

құрғамай ағыл-тегіл жылау болған. Өзіне сенетін адамға 

өткеннің де, бүгінгі өмірдің де айырмашылығы жоқтай 

көрінеді. Табиғатта азу да болады, адам өмірінде де мәнсіз, 

бапсыз өзгерістер, атап айтуға тұрмайтын кездейсоқтық-

тар болар. Оны түсінетін ақыл да табылар. Кейде біреуді 

асыра бағалаудың өкініші барлығын өзі де, өзге де қа-

пелімде түсіне қоймас. Ал жағымпаздың да үстемдікті па-

налайтын бекінісі бар. Әр нәрседе, әр пендеде өзіне лайық 

атты үйлесім бар, тіпті біреулер айтатын қандауырдай 

қалжыңның да пайдасы бар, жалмауыздардың да қай за-

манда болсын жұрттан озған айласы бар. Ұғым қозғалыста 


12

пенде әр уақытта түрлі-түрлі оқиғаға кезігеді. Өмір жолы 

ауыр ма, жеңіл ме, басына түскенде ғана сезінеді, – деп 

Арыстанның айтқанын қаңбақтай тиянақ таппаған інісі 

түсінер ме? Сосын Арыстан жай жымия күліп:

– Компьютер, телевизор дегенің ақыл тұрған ыдысты 

сындырып түбіңе жетер. Сонда қайтер екенсің?! Сонда өгей 

оймен өкінгеніңді сезіп, тынысың тарылар, бәлем! – деді 

де орнынан тұрып, жеке кітапханасында қандай шығарма 

оқылмай қалды дегендей кітаптарды ақтара бастады... 

Ауыр ойы – жастар тарихын түгендей алар ма дегені.

ТАРИХТАН БІР ҮЗІК СЫР

Егемендік, еркіндік байсал тауып, тәуелсіздіктің орай-

лы болуы тарихымызды пайымдауға жол ашты. Ойсызға 

да сабақ болуы тиіс өткен өмірдің ащы-тұщысын дәл 

елестете аламыз ба? Міне, осынау сұраққа жауап іздеу – 

тірінің парызы, аруақ алдындағы қарызы. Сондықтан, 

ғасырлардың қойнауынан тірлік төркінін іздеуді ой-

лап, барыс-келісіміз жарасқан, бір кездегі Қазақ елінің 

алғашқы астанасы болған Орынбордан өткен тарихтың 

баршасына зейін қойып, біраз оқиғаның басын ашып, көп 

жайды түсінуге болады. Елікпей-желікпей шындыққа көз 

жеткізесің. Басараздықты да, өштікті де, қастықты да, 

қулық-сұмдықты да, үстемдіктің езгісін, отарлық дүлей 

күштің екпінін аңғаратын түрлі құжаттар архивтерде 

сақталған. Бас көтертпей баспалаған басқыншылықтың 

құйтырқы қимылының шындығына да көз жеткізгендей 

боласың. «Түйесі жоғалмағанның бәрі есті» дегендей, 

езіліп-жаншылып, үстемдіктің төзгісіз қорлығын көрсе 

де, жоғын жоқтауды, қақын қайтаруды талап ету, небір 

зұлымдықтан қорғауды қара халық билеушіден күтеді. 

«Сыр бойындағы Карпиннің 120 түйесін Бұқара байы 

ұрлаттырып алады... Әскери комиссариат іздеу салады» 

(ф.6. оп.10). Бұл қолымызға түскен бірінші папкідегі 

оқиға еді. Ел арасы ашылып, барымтаның басынуы, 

әлсізді әлдінің тонап-талап алуына, зорлық-зомбылыққа 

әскерилер басалқы ақыл айтып бітістірумен тынса ғой. 



13

Жоқ, қарудың күшіне жүгініп, талай адамның өмірі 

қиылып тынады. «Казактан жолдасың болса, жаныңда ай-

балта жүрсін» деп сақтандырған қатыгез кезең еді.

Әбілқайыр 1732 жылы (ф.6. оп.7.) Орынборға келіп, 

Ресеймен одақ боламыз деп сөз байласқасын заң жүзін-

де халқының өмірі, байлығы, тірлігі, құқы қорғалуын 

екіжақты шешуді мақсат еткен. Армияның заң жүзіндегі 

бағыт-бағдары екі елдің мүддесіне сай болуын заңдасты-

ру шаруасы екен. ІІ Екатеринаның Орынбордағы басшы 

Ренсдаржуға жазған хатында: «Қырғыз-қайсақтармен тіл 

табыс, кінәсына қарай жазалауды түсіністікпен жүргіз!» – 

дегені де бар екен. Үстемдік оны ескере бере ме?

Айта кетелік, Ресейдің архив мекемелері 94 853 ме-

кемелермен байланыс жасайды, оның 19 911 мекемесі 

мемлекеттік емес, жыл сайын 632 945 іс қағазы, түрлі 

құжаттар сақтауға өткізіледі. Ал архивтерде 5 миллион 

іс тұрақты сақталады. Қызметкерлері ұлан-байтақ жерді 

мекендеген халықтардың тағдырын баяндайтын дерек-

терге мән беріп, көздің қарашығындай сақтауға бастығып 

алған. Отар елдерді басқару, олардың шаруасына арала-

су қақындағы белгілі бір құжаттарда, яғни Орынбордың 

генерал-майоры Бахметовтың төмендегіше рапортында: 

«1798 жылы Кіші жүз ханы Айшуақтың жиналысқа 

келуін, оның аман-есен жүріп-тұруын бақылау қам-

тамасыз етілді. Сол сықылды 31 октябрьде өтетін сұл-

тандардың басқосу жиналысына қатысатындардың өмі-

рі қауіпсіз болуына түрлі шаралар қолданылды (ф.6. 

оп.13. 71 іс)...» делінген. Әрине, отарлық үстемдік егесу, 

таласусыз-ақ билік жұмысында бәсеңдік танытпаса да, 

түрлі бейбастақтықтан сақтануы хақ. Бейқам көңілдің 

де, бейпіл сөздің де сұрауы болатынын аңғарудың тетігі де 

белгілі. Мысалы, жоғарыдағы түйені ұрлап барымталауды 

заңдылықпен шешуде отарлық үстемдік екі елдің немесе 

рулардың тартысынан да өз пайдасын шығарады. Езіп-

жаншу тәсілін пайдаланды. Ал түрлі шаруаны басқаруға 

да өздеріне жағымды адамдарды ғана тағайындады. 

Оны «Тургайская газетаны» оқып отырып байқағандай 

боласың. Газеттің 58-санында губерния секретарьлары 

Бубенов пен Тұяқовтың қол қоюымен орман шаруашылы-



14

ғын басқаруға Исақовты тағайындаса, «Красный крест» 

мекемесін басқаруға Ардашевті бекітеді. Газетте Ресей мен 

Қазақ елінің сауда қатынасы хақында да көптеген дерек-

тер орын алған. Ежелден қоңсы қонған көрші елдің өсіп-

өркендеуі, ықылым тірлігі сауда байланысына қатысты 

болса, оған газет белсенділік танытады. Жөнсіз билеп-

төстеуден гөрі емін-еркін сауда қатынасының жөні бөлек 

десек, газеттің 1895 жылғы 62-санындағы мақалаларда 

25 августтен бастап 25 сентябрьге дейін Темір қаласында 

жәрмеңке басталып, қала табысына 1 миллион рубль 

кіріс кіргені айтылса, оған Орск, Орынбор қалаларынан 

жәрмеңкеге адамдардың көптеп келуі, оларға 125 сау-

да нүктесі қызмет еткенін тілге тиек етеді. Бұл әрбір ұлт 

адамдарының көрші елдік қарым-қатынасының дәнекері 

деп түйіндейді. Газет дерегінде айтылғандай, барлық жер-

де статистикалық комитеттер құрылып, негізгі мақсаты 

белгіленіп экономикалық және әлеуметтік, мәдени жағ-

дайларға байланысты жергілікті жерлерде есеп жүргізіле 

бастайды. Бұл қазақтың тұрмыс-тіршілігін, салт-сана-

сын, өнерін, қолөнер шеберлерінің еңбегін басқа ұлттарға 

насихаттауға мүмкіндік берген. Осы мақсатта Торғай 

облысында да комитет құрылып, оны вице-губнернатор 

В.В. Бельгардтың өзі басқарып, ерекше істер жөніндегі 

аға чиновник Дербісәлі Беркімбаев және Мырзағұл Шы-

манов, С. Асауов, С. Нұрмағамбетовтер қазақ халқының 

тірлігін жан-жақты көрсетуді қолға алып, 1896 жылы 

Нижний Новгородта өтетін өндіріс көрмесіне қазақ 

жерінде өсіп-өнетін 72 түрлі жануарлардың тірідей кө-

нектелген терілерін, одан жасалатын түрлі өнімдерді 

көрмеге жеткізеді. Сөйтіп, қазақ халқының қолөнері, 

зергерлік түрлі бұйымдары, мәдени саладағы толып 

жатқан жетістіктері, спорт, ат бәйгесі, күрес сықылды 

үлкен шеберліктері бүкіл ресейліктердің марапа-

тына ие болады (Торғай облыстық статистикалық есеп, 

1896 ж. – Оренбург, 1898. – 7-19-б.). Содан-ақ, Дербісәлі 

Беркімбаев Торғай облыстық статистикалық комитетінің 

мүшесі болып тағайындалыпты. Торғай облысына қа-

тысты қандай дерек, құжаттарды қарасаңыз, біразында 

Дербісәлінің заманында тарихи тұлға екеніне шәк кел-


15

тірмейсіз. Патшалық Ресей әкімшілігі оны ұлтын қорғай 

білетін ақылды, шешімді, айлалы, аз сөйлеп, өзінің 

құнды пікірін жүзеге асыра білетін, халықтың рухани 

қазынасын өзгелерге бағалата алатын биіктен көрсетеді. 

Ол 1896 жылы ІІ Николайға императорлық тәж кигізу рес-

ми салтанатына, сондай-ақ бұрынғы император ІІ Алек-

сандрге арналған ескерткішті ашу салтанатына қатысқан 

екен. Мұны біреулер құлдық ұрушы деп бағалауы да 

мүмкін, екінші маңызды мағынасы қазақ ұлтын басқа 

халықтармен тең дәрежеде сыйлау десе де артық болмас 

еді. Елінің басшысын сыйласа, халқына көрсеткен құрметі 

емес пе! Мәселен, «Тургайская газетінің» 1896 жылғы 4 

мамыр күнгі 74-санында Торғай губерниясынан Дербісәлі 

Беркімбаев пен Сейіт Нұрмұхамбетов императордың құр-

метті қабылдауында болғаны, ағайын-туыстарымен бірге 

театрға барып, Петров сарайында қонағасы берілгені, 

сол кездесулерде Дербісәлі императорға күмістен құйып 

жасалған түйе скульптурасын сыйлағаны жазылған. 

Кездесуде қазақтың зергерлік өнерінің әлемде жоқ үл-

гісі барлығын айтқан. Император бұған аса ықылас 

танытқанын мақаладан оқуға болады.

Тағы бір мысал, 1896 жылы қазақ делегациясының 

құрамында 12 адам болса, соның бір-екеуі – Торғай об-

лысы әскери губернаторы жанындағы ерекше тапсыр-

маларды атқарушы аға чиновник Дербісәлі Беркімбаев, 

Торғай уезі Тосын болыстығының болыстық басқарушысы 

Дәуренбек Бірімжанов екен (Тургайская иллюстриро-



ванная газета. №27, 29 маусым, 1896 ж.). 1876 жылы 

«Ресей империясының құрметті дворяны» деген атағын 

алған Дербіләлі Беркімбаев Географиялық қоғамның 

Орынборлық бөлімшесіне және Орынбор Мұрағаттық 

Алқасына толық мүше болып сайланыпты (Труды Орен-

бургской Ученой Архивной Комиссии. Выпуск 1. – Орен-

бург, 1896. – С.7). Айта кетелік, «құрметті дворяны» 

деудің мағынасы «Патша сарайының сенімдісі» дегенге 

саяды. Демек, Дербісәлі заманында қазақ ұлтының жоғын 

жоқтаушылардың, өзге ұлттарға жақсылығын танытып 

насихаттаушыларының бірі болып, халқымыздың терең 

тамырлы тарихын, асыл қасиеттерін, ұлылығын өзге 



16

ұлттармен тең танытуды қажет деп тауып, болашаққа бол-

жам жасап, таптық қайшылықтан сақтандырушылардың 

қатарында аталады. Қазақ жаратылыстағы шын болмы-

сынан кеммін деп айта алмайтынын үстемдікке жеткізе 

білген. Отарлық озбыр, басқыншылық саясаты бойын-

ша «бөліп ал да билей бер, әлсізді нанша илей бер» деген 

қаскөй пиғылын сабырға шақырып, көрші хақы татулық 

екенін Ресей патшалығына айта білген оны ақыл иесі 

деп тануға әбден болады. Оған мұрағаттарда сақталған 

құжаттар мен деректер айқын дәлел.

* * *


Бәрібір күшті күштілігін танытпай тұрмайды. Қазақта 

«Көп қорқытады, терең батырады» деген сөз қалған. 

Бағыну борышым деп түсінетін босаң бар, ашаңға айдаса, 

қуаңға қашатындай ақылы кем басшыға ерген ауыл-аймақ 

бар. Бөгденің сойылын соғып, өз туысын бөтенсінетін 

ақылсыз бар. Дігір салған дүлей күшке қарсы тұра алмай, 

дыраусығанның ашса алақанында, жұмса жұдырығында 

кететіндік – қоғамның дімкастігі. Ойлыда мақсат бар – 

жеткізе алмайды, ақылын көпке өткізе алмайды, көңілі 

талпынады – дәрменсіз, діттегенге жету жолы тар. Үстемдік 

иесі жөнсіз діңкілдесе әлсіз жым болады. Отарлық езгінің 

есалаң ететінін тарихтан діңкең құрып түсінесің. 1889 

жылы Ахмет Кенесариннің қанын сорғалатып, отаршыл 

Ресей саясатын әшкерелеп жазған «Сұлтан Кенесары 

және Сыздық» шығармасы Ташкент қаласынан басылып 

шығып, жұртқа тараған екен. Оған қарап егесіп еркіндігін 

ала алар ма? Езілу мен езушіні түсінсе де дүлей күш бет-

тете қояр ма? Дегенмен, езушіні сәл де болса жібітетін кез 

туатыны сықылды болатыны тағы бар.

«Дала уәлаяты газетінің» 1891 жылғы санындағы 

18-құжатта Торғайда қыз балаларды оқытатын мектеп 

ашылып, онда біраз жастар білім алғаны туралы жазылған. 

Ал 1859 жылы Оралда Шалмұрат Құлыбеков орыс-қазақ 

мектебін ашады. Мектепті ұстауға 300 рубль күміс есебімен 

қаржы бөлінген. Мектепті ашуға, қажетті оқу құралдарын 

жабдықтаудың жай-жапсарына көмектесуге Ыбырай 



17

2-0203


Алтынсарин Орынбордан арнайы өкіл етіп жіберіледі 

(ф.6. оп.10). Ыбырайдың талап етуімен осындай мек-

теп Ақтөбе, Орск қалаларында да сол жылдары шаңырақ 

көтеріп, қазақ жастарына білім бере бастайды. Әрине, 

мұндай жебеу жайдан-жай емес, ұлт ойшылдарының 

орынды талаптары, ұсыныс-пікірлері екені даусыз еді. 

Әйтпесе, езуші оңайлықпен жәрдем беріп көркейте 

қояйын дейді дейсің бе? Қанша ғасыр өтсе де халқына 

сіңірген еңбегі тарих бетінен еш ұмытылмайтын адамдар 

болады. Қазақ даласында Ыбырай жаққан шырақтың 

куәсіндей болып, 1841-1869 жылдарда қаншама мектеп-

тер ашылып, көптеген жастар білім алды. Бір ғана Орск 

уезінде 1913 жылы 62 мектепте 90 мұғалім дәріс оқыса, 

16 оқу орны қазақ, орыс жастарын ғылымға баулыған. 

1887 жылы 3015 адам сауатты болса, 1897 жылы мектеп-

тен білім алғандар саны 14 016 екен, 1910 жылы 21 803 

адам білімді маман атанған. Бұл – Орынбор губерниясы 

халқының 20-44 пайызына тең. Ал Орскіде Ыбырай ашқан 

мектептерді бітіріп білім алғандар саны, яғни халқының 

сауаттылығы 26-24 пайызға жеткен. Орск халқының саны 

1861 жылы 1800 адам болса, 1917 жылы 18 230 адамға 

көбейген. Заманының ойшылы В.И. Даль 1801-1872 жыл-

дары Орск, Орынбор қалаларын мекен етіп, сол жерде 

жұмыс істеген. Орскіні айтқанда Әбілқайыр хан еске түсе-

ді. Қазақ елі мен Ресейге ортақ әскери бекініс салуды қол-

ға алған Әбілқайыр болды. Өлкелік музейде сарматтар-

дың қару-жарағы, түрлі бұйымдар, мамонт сүйегі, тас 

дәуіріндегі адам бейнесі, домбыра, ыдыс-аяқ, қола айна, 

Әбілқайыр хан бейнесі, толып жатқан жиһаз-мүлік, 

қазақ ұлтына қатысты жәдігерлер жетерлік. Әбілқайыр-

дың ұрпақтары, немере-шөберелері де осы өңірді ме-

кен еткен. Нұралы ханның әйелі Орын – Сырым ба-

тырдың қарындасы, Жалтыр сұлтанның шешесі екенін 

айғақтайтын дерек Орынбор мұрағатының қорында 

сақтаулы (ф.5. оп.1, 59 іс, 192-б.). Сол Орын туыс-ту-

ғандығын пайдаланып, Сырым мен Есім Нұралыны 

татуластыруға әрекет еткен. Бірақ, Сырым алған беттен 

қайтпай, ақырында сарбаздар Есім ханды өлтіріп тынған. 

Жазушы, зерттеуші, орыс ғалымы Левшиннің жазбасын-


18

да айтылғандай, Нұралы ханның 16 әйелінен 40 ұл, 35 

қызы болған екен. Солардан тараған ұрпақ әлі күнге Орск 

өңірін мекендеп отыр.

* * *

Отарлық езгі жетесінде ақылы барды да, жетесінде 



саңылау жоқты да жеміріп, мысын құртпайынша тынбаған. 

Мына бір папкідегі деректе тама Жабалов, Кенізбаев және 

Үкібаевтар малына атақонысы жайылымдық жерін бер-

мей, барымташыдан зәбір көріп отырғанын генерал-гу-

бернатордан өтінген. 1864 жылғы 21 қазан күнгі №6129 

шағым қағазы бойынша дұрыс шешім қабылдау керек 

деп шешкен екен (ф.6. оп.6). Осы папкіде 1862 жылы 

Түркістан мен Бұқарадағы казак әскери құрамының 

бестен бірі қысқарып, қаржылық қиындықтың шеті 

көрінгенін байқатады. Дегенмен, Орынбор облысы бо-

йынша 43 пұт алтын өндіріліп, жекешеден 84 пұт ал-

тын жиналғанын, сонымен қатар Қаратау, Донск кен 

орындарының жұмыстарын баяндайтын деректер бар. 

Бірақ осынша байлықтың жол-жөнекей кедергілерге ұшы-

рағаны да айтылады. Езуші күйзеле бастаса езілушінің 

іргеге тақалып, шыр жұқпайтын арып-ашуға тап бола-

ры тағы да белгілі. Оған дәлел ретінде Орынбор, Орск 

қалаларының инженерлік құрылысын ұстауға жылына 

16 932 рубль, қазыналық үйді ұстауға 4434 рубль қара-

лып, жаңадан құрылыс салуға мүмкіндік жоқтығы құжат-

қа жазылған екен. Ал 368-папкіде Жиембет тана Байтемі-

ров Жайық жағасындағы атақонысын қайтарып алудың 

дауы шешілмей отырғанын әкімшіліктен сұрапты. Мұн-

дай жер дауы кейбір құжаттарда кездесіп қалады. Бұдан 

Ресей патшалығының басты мақсаты – қазақтардың ме-

кендеген жерінен аластатуға, күшпен тартып алуға ба-

ғытталған әрекетіне наразылық байқалады. Сондай-ақ

ІІ Екатерина патшалық құрған кезеңде Кіші жүздің ноғай 

тобы Волга, Астрахань хандығын құрып, 1552 жылы 

Ресейдің қол астына кіргендігі туралы дерек бар (ф.6. 

оп.6.). Ал сенат заңдарының толық жинағының 574-бетін-

де 14 682 қалмақтың Ресейдің қарауындағы халық есебіне 



19

кіргені жазылған. Осы заң құрастырмасының толық 

жинағының 257-бетінде: «...Қалмақтар Ақтөбе аймағын 

игерумен айналыссын. Екіншіден, қалмақ полкі, полк 

командирі, шені барлар, Астрахань және Оралдағы 

казактардың әскери армиясы, оның басқарушысы ге-

нерал-фельдмаршал Графа Паскевич-Эриванскийге ба-

ғынатын болсын», – деген жолдар бар. Мүның өзінен қа-

зақтың кең-байтақ жерін отарлауды әскери күшпен де 

иліктіріп алудың жөн-жосығы, айқын бағыты көрініп тұр. 

Отарлаудың жоспарлы бағыты 1863 жылы Орынбордан 

бастау алып, Созақ, Түркістанмен сауда қарым-қатынасын 

жөн-жобалап, Түркістанға 5 рота, оның екеуі казактар-

дан жасақталған, 16 артиллерия жіберілген. Ал Хиуа 

хандығы мен Бұқара қалаларында да сауда қатынасын 

себеп қылып, казактар қару-жарағымен келіп орнала-

са бастаған. Бұл деректер де отарлау саясаты өз қанатын 

кеңге жайғанын дәлелдейді (ф. 6. оп.6). Оны азсынсаңыз, 

мынаған назар аударыңыз: 1756 жылғы патша жарлығы 

бойынша қазақтарға Жайық бойында қыстауға ты-

йым салынғаны турасында «ХV-ХVIII ғғ. қазақ-орыс 

қатынасы» атты папкінің 337-бетінде тайға таңба бас-

қандай жазылған. Осы папкідегі Орынбор губернаторы 

И. Неплюевтің хатындағы: «...Сұлтан Барақты Орынборға 

шақырып байлардың қатарын көбейтуге, оған сенім гра-

мотасын тапсырып, бағалы сыйлық беріп, үлкен үміт ар-

тамын», – деген жазба пікірге сүйенсек, Әбілқайыр ханды 

өлтіртуге Неплюевтің қатысы бары аңғарылып тұрғандай. 

Сол құпия қимылды Әбілқайыр сезді ме, Орск бекінісінен 

кейін Орынборға соқпай, Неплюевпен кездеспей кетке-

нін де жазған. «На обратном пути встретились с Бараком, 

дрались немало... у Барака люди было больше, но Абуль-

хайыр хан остался убит до смерти» (Казахско-русское 

отношение в ХVI-ХVIII веках. – с.398). Орыс-қалмақ 

қатынасына қатысты жазба деректің 147-бетінде Әбіл-

қайыр ханның 1747-1748 жылдары ұлы Ералымен Торғай 

өңірінде қыстайтынын айта кетейік. Торғай аймағы ханға 

жайлы болғанға ұқсайды. Балаларын баулып Торғайды 

мекендеуге үйреткен сыңайлы. Сол арқылы үш жүздің 

татулығын қалыптастырғысы келді ме, әйтеуір ханның бір 


20

жүйелі ойы болған-ау дейсің. П.С. Преображенскаяның 

жазбасына сенсек, Қаратау өңірін жайлаған арғындар 

«ақтабан шұбырынды» тұсында Торғай өңірінен қолайлы 

қоныс тапқан.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал