Литература: Программа воспитания и обучения детей младшего дошкольного возраста «Зерек бала»



жүктеу 78.43 Kb.

Дата15.03.2017
өлшемі78.43 Kb.
түріЛитература

Дәстүрлі емес сабақтар 

227 


детей  положительные  эмоции,  которые  повышают  эффективность  работы, 

направленной  на  формирование   экологических  представлений  о  домашних 

животных. 

 

 



 

Литература: 

1.

 



Программа  воспитания  и  обучения  детей  младшего  дошкольного  возраста  «Зерек  бала» 

(от 3 до 5 лет). – Астана, 2009. – 100 с. 

2.

 

Методика  экологического воспитания дошкольников  /Учеб.  пособие  для  студ. сред.  пед. 



учеб. заведений. — 2-е изд., испр. — М.: Издательский центр «Академия», 2001. 

3.

 



Государственный  общеобязательный  стандарт  образования  Республики  Казахстан 

«Дошкольное  воспитание  и  обучение»:  Утвержден  приказом  МОН  РК  28.  10.2008  г. 

№628. - Астана, 2009. - 29 с. 

4.

 



Зотова Е.И. Знакомим дошкольников с миром животных / Е.И. Зотова.- М.: Просвещение, 

1998.- 159 с.  

5.

 

Малибаева  Н.К.  Экологическое  воспитание  дошкольников  средствами  фольклора: 



Автореферат диссертации. – Атырау, 2007. – 32 с. 

6.

 



Горькова  Л.Г.,  Кочергина  А.В.,  Обухова  Л.А.  Сценарии  занятий  по  экологическому 

воспитанию  дошкольников:  средняя,  старшая,  подготовительная  группы.    –  М.:  ВАКО, 

2005 г. – 87 c. 

 

 

 

ӘӨЖ.371.214.2 

 

ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚТАР 

 

Хамза А.А., Зкрина Е.М. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 



 

Дәстүрлі  емес  сабақтар  интеграциялық  сабақ  пән  аралық  байланысты 

жетілдіру  мақсатына  байланысты  пайда  болған.  Мұндай  сабақтарда  бір 

тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың 

негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең 

білім  беру,  ойлау  қабілетін  дамыту.  Оқу  материалдарын  бағдарламаларға  сай 

пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік 

білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі 

ұқсас  оқу  материалдарын  біріктіріп,  яғни  пән  аралық  байланыс  принципін 

қолданып,  интегралдық  жоспар  жасайды.  Ондағы  материалдарды  дер  кезінде 

сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады. 

Оқушымен  жеке  жұмыс.  Әр  оқушыға  тапсырма  беріледі,  оны  басқа 

оқушылардың  көмегінсіз  өзі  орындауға  тиісті.  Тапсырмалардың  түрлері:  ана 

тілінен орыс және шетел тілдерінен жаттығулар жазу, есептер шығару, кабинетте 

тәжірибе жасау, тірі табиғат бұрышында, оқу-тәжірибе учаскесіндегі жұмыс, тау 

тастарын,  минералдарды  зерттеу,  т.б.  Тапсырмалар  әрбір  оқушының  жеке 

ерекшеліктеріне сай беріледі, үлгерімдері  төмендер білімдеріндегі  кемшіліктерді 

жоюға,  жақсы  оқитын  оқушылар  білімдерін  тереңдетуге  мүмкіндік  алады. 

Мұғалім  әрбір  баланың  жұмысын,  әсіресе  сабаққа  ынтасы  төмен  балаларды 

бақылайды,  керек  болса  көмек,  ақыл-кеңес,  жетекші  сұрақ,  қосымша  жаттығу 



Хамза А.А., Зкрина Е.М. 

228 


береді. Егер барлық оқушылар тапсырманы орындай алмаса, онда жеке жұмысты 

тоқтатып,  бүкіл  сыныпқа  тапсырманы  қайта  түсіндіреді.  Баспадан  шыққан 

тапсырмалар, жұмыс дәптерлері өте пайдалы. 

Бағдарламалық оқыту – жеке жұмысты ұйымдастырудың өте жақсы  түрі. Ол 

оқушының  бағдарламадағы  материалды  меңгеруіне  керекті  жұмыстарды  жақсы 

жоспарлап, оқу іс-әрекетін тексереді. Оқушы  өз жұмысының дұрыс-бұрыстығын 

сол  сәтте  тексереді.  Әр  оқушы  өз  мүмкіндігіне  сай  жұмыс  істейді.Алғашқыда 

оқушы  үлгіге,  нұсқауға  қарап  жұмыс  істейді,  оқу  іскерліктеріне  үйренген  соң 

оқушы  мұғалімнің  көмегінсіз  жұмыс  істейді.  Мысалы,  жоғары  сыныптарда  әр 

оқушы  тапсырма  алып,  оны  орындау  жоспарын  жасайды,  материал,  құрал, 

аспаптар  іріктеп,  жүйелі  іс-әрекет  жасайды,  жұмыстың  нәтижелерін  белгілеп 

отырады.  Жеке  жұмыстарды  оқушы  оқу  материалын  өз  бетімен  оқи  алатын 

болғанда ғана алады. 

Әрбір  оқу  пәні  бойынша  бір  оқу  тоқсаны,  жарты  жыл  аяқталғанша  жұмыс 

істейтін  топ  құруға  болады.  Кейде  бірнеше  сабақтарда  ғана  топ  жұмыс  істейді. 

Оқу пәндерінен кеңес берушілер тағайындалып, олар оқушылардың жұмыстарын 

тексереді  және  бағалайды.  Мұғалім  кеңесшінің  жұмысына  басшылық  етеді. 

Кеңесші  өз  тобының  мүшелерінің  теориялық  материалды  меңгеруіне,  іскерлік, 

дағдыларын  шыңдауына  көмектеседі,  топ  мүшелеріне  жұмысты  бөліп  береді, 

жұмысты  бақылайды,  тапсырмалардың  дұрыс  орындалуын  тексереді,  жазба 

жұмыстарына  сын-пікір  жазады.  Тапсырма  бірдей  де,  әр  түрлі  де  беріледі. 

Жұмыстың  нәтижесін  сабақ  соңында  тексеру  керек.  Топқа  бірігу  тәжірибелік 

жұмыстар,  зертханалық  жұмыстар  істегенде,  шет  тілі  сабақтарында  ауыз  екі 

сөйлеуге дағдыланғанда, дене тәрбиесінде жаттығу арқылы дағдыланғанда, еңбек 

сабақтарында жобалау-техникалық жұмыс істегенде, мектеп жанындағы алаңдағы 

жұмыста, мәтінді, тарихи құжаттардың көшірмесін оқығанда пайдалы.  

Сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеңдері:  

-  бөлімдерді  тақырыптарға  бөлу,  әр  тақырыпқа  бөлінетін  сағат  санын 

белгілеу

- бағдарлама, әдістемелік құрал, мектеп оқулығы және қосымша  әдебиеттерді  

оқып, әр сабақтың алдына білімдік, тәрбиелік, дамыту мәдениеттерін қою; 

-тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді 

анықтау; 

-негізгі материалды, дәлірек айтсақ сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек 

мәліметтерді анықтау; 

- сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерін белгілеу; 

- тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы мәліметтермен байланысын 

ашу;  


-сабақтың  барлық  кезеңінде  мұғалім  мен  оқушылар  атқаратын  жұмыстарды, 

әсіресе  жаңа  білімдер  мен  іскерліктерді  меңгеру  кезеңдегі  жұмыстарды 

жоспарлау. 

Сабақтың  тиімділігіне  бір-бірімен  тығыз  байланысты  екі  жағдай  әсеретеді: 

мұқият  дайындалу  және  шеберлікпен  өткізу.  Дұрыс  жоспарланбаған, 

оқушылардың  оқу  мүмкіндігімен  санаспайтын  сабақтың  сапасы  болмайды. 

Сабаққа  дайындалу  –  нәтижеге  жеткізетін  шаралар  жүйесін  жасау,  оқу-тәрбие 

процесін  дұрыс  ұйымдастыру.  Мұғалімнің  сабаққа  әзірлігінің  үш  кезеңі  бар: 

диагностикалық,  болжау,  жобалау  (жоспарлау).  Мұғалім  мәліметтердегі 

фактілерді,  оқыту  әдістемесін  жақсы  білуі  тиіс.  Сабаққа  дайындық  кезінде 

мұғалім  оқу  материалын  сыныптың  мүмкіндігіне  "икемдейді",  жақсы  нәтиже 


Дәстүрлі емес сабақтар 

229 


беретін  танымдық  еңбек  және  ұжымдық  жұмыстарды  жоспарлайды.  Сабақты 

өткізудің  жақсы  үлгісін  жасау  үшін  модельдеу  әдісі  қолданылып,  оқу  сағаттары 

есептеледі. Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикалаудан басталады. 

Диагностика  арқылы  сабақты  өткізуге  керекті  барлық  жағдайлар  анықталады. 

Мұғалім  балалардың  мүмкідіктерін,  іс-әрекетінің  және  мінез-құлқының 

себептерін,  сұраныстарын,  қызығушылықтарын,  қабілетін,  оқушыдан  талап 

етілетін  білім,  іскерлік,  дағдылардың  деңгейін,  оның  ерекшелігін,  тәжірибеге 

пайдалылығын  анықтайды.  Жобалау  -  Бұл  сабақтың  қалай  өтетіні  туралы 

жорамалдар.  Болашақ  сабақтың  алуан  түріне  баға  беріп,  ішінен  жақсысы 

таңдалады.  Қазіргі  жобалау  технологиясы  сабақтың  тиімділігін  мына  тәсілмен 

шығарады.  Сабақ  мақсатына  сай  қалыптастырылатын  білім,  іскерлік  100%  деп 

алынады. Бұл көрсеткішті зиянды жағдайлар төмендетеді. Мұғалім ең алдымен өз 

пәнінің  оқу  жоспары  бағдарламасымен  танысып,  әр  жылға  күнтізбелік  жұмыс 

жоспарын  жасайды,  әр  сабақтың  тақырыптық  жоспарын,  конспектісін 

дайындайды.  Онда  ол  пәнаралық  байланысты,  әр  сабақтың  мақсат-міндеттерін, 

өздік  жұмыстардың  көлемін,  оқыту  әдістерін,  көрнекі,  техникалық  құралдарды 

анықтайды.  Негізгісі  –  жаңа  тақырыптың  мазмұны.  Мұғалімнің  оқыту  әрекеті 

саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын нақты білуі керек. 

Жоспарлау  -  сабаққа  әзірліктің  соңғы  кезеңі.  Оның  нәтижесі  сабақ  жоспары. 

Сабақ жоспарының үлгісі: 

- сабақтың өтетін уақыты, тақырыптық жоспардағы нөмірі

- сабақтың тақырыбы, сабақ өтетін сынып

- оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттері

- сабақтың құрылымы, оның кезеңдері және әр кезеңге кететін уақытты бөлу; 

- оқу материалының мазмұны; 

- әрбір сабақтың бөлігіндегі жұмыстың әдістері және тәсілдері

- сабақ өткізуге керекті оқу жабдықтары

- үйге тапсырма. 

Сонымен сабаққа әзірленгенде мұғалім оқу бағдарламасын тағы да қарап, оқу 

материалын оқиды, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеп, оқушыларға тапсырма 

беріп,  оқыту  құралдарын  (кесте,  сызба,  модель,  үлестірілетін  материалды) 

іріктейді  және  қарайды,  әдіс  және  тәсілдерін  таңдап,  сабақтың  типін  және 

құрылымын  анықтап,  барлығын  оқу  жоспарына  жазады.  Экскурсия  кезінде  оқу 

табиғатта,  мұражайда,  өндірісте  өтіп,  оқушылар  алуан  түрлі  объектілерді  және 

болмыс  құбылыстарын  бақылайды  және  зерттейді,  өмірдегі  құбылыстарды 

тікелей  қабылдайды.  Экскурсия  әсемдікті  түсінуге,  танымға  қуануға,  қоғамға 

пайдалы болуға ұмтылуға көмектеседі. Әрбір экскурсия тақырыппен байланысты. 

Экскурсия  арқылы  бала  әртүрлі  курстарда  оқылып  жатқан  құбылыс,  зандардың 

байланысын көреді, оларды қолдануға үйренеді. Оқу экскурсияларын мазмұнына 

қарай тақырыптық және кешенді (шолу) деп бөледі. Тақырыптық экскурсияларға 

барғанда  оқу  пәндерінің  бір  немесе  бірнеше  байланысты  тақырыптар 

оқылады.Оқылатын  бөлімдегі  орнына  қарай  кіріспе,  негізгі,  қорытынды 

экскурсиялар  өткізіледі.  Кіріспе  экскурсия  оқушыларды  және  оқу  курстарымен, 

бөлімдерімен  таныстырады.  Қорытынды  экскурсиялар  бөлімді  қорытындылау 

және жүйелеу үшін, оның нақты процестермен және құбылыстармен байланысын 

анықтау  үшін  өткізіледі.  Жүретін  жерлердің  бағдарын  жасап,  қосымша 

көрнекіліктер  және  керекті  жабдықтарды  (өлшейтін  құралдарды,  блокнот, 

қарындаштарды, гербарийлерге арналған папкаларды, фотоаппаратты, компасты) 

әзірлейді,  оқушыламен  әңгімелеседі,  қауіпсіздік  ережелерін,  өзін-өзі  ұстау 


Хамза А.А., Зкрина Е.М. 

230 


жөнінде айтады , экскурсия өтетін жерге қысқаша сипаттама беріп, қалай, қайда 

қарау  керек  екенін,  нені  бақылау,  жазып  алу,  суретке  түсіру  керектігін  айтып, 

қалай  жүру  керектігін  түсіндіреді.  Әрбір  оқушының  міндетін  айтып,  керек 

жағдайда  топқа  бөледі,  топ  басшыларын  тағайындайды,  жауапты  оқушыларды 

бөліп, мәліметтерді талдап қорыту туралы нұсқаулар береді. 

Үйірмеге оқушылар ерікті түрде қатысады, оған қатарлас сынып оқушыларын 

да,  әр  жастағы  оқушыларды  да  қабылдауға  болады.  Үйірмеге  басшылық  ететін 

пән  мұғалімі.  Үйірмеде  оқушылар  курстың  қызықты  тақырыптарын  тереңдетіп 

оқып,  атақты  ғалым,  жазушылардың,  басқада  қайраткерлердің  өмірі  және 

қызметімен,  ғылым  және  техниканық  жаңа  жетістіктерімен  танысып, 

ғалымдардың  мерейтойларына,  ғылыми  жаңалықтарға  арналған  кештер  өткізеді, 

техникалық  модельдер  жасап,  биологиядан  тәжірибе  жұмыстарын  жүргізеді, 

зерттеушілермен кездесулер ұйымдастырады. 

Үйірме  жұмысының  негізінде  ғылыми  қоғамдар  ұйымдастырылады,  олар 

үйірмелердің жұмыстарын үйлестіріп, көпшілікке арналған іс-шаралар, байқаулар 

және олимпиадалар өткізеді. 

Сабақты талдаудың мақсаты:  

- Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылардың сапасын бақылау.  

- Мұғалімге нұсқаулар беру.  

- Педагогикалық шеберлікке жетуге көмектесу.  

- Мұғалімнің жетістігі мен кемшіліктерінің себептерін анықтау, кемшіліктерді 

жоюға көмектесу. 

- Мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу.  

Сабақты өткізу деңгейлері:  

-  Жақсы:  Мұғалімнің  сабақ  мақсатына  сай  оқушылармен  кері  байланысы 

болып, қиыншылықтарды жеңуі.  

- Өте жақсы: Мұғалімнің оқушыларды мәселені шешуге қатыстыруы және сол 

арқылы тақырыпты меңгертуі.  

-  Орташа:  Оқушылардың  білімін  және  іскерліктерін  анықтауы  және 

тақырыпты сабақ мақсатына сәйкес ашуы.  

-  Төменгі:  Оқушылардан  өткен  тақырыпты  сұрау.  Жаңа  материалды 

жоспармен  түсіндіру.  Оқушылардың  танымдық  іс-әрекеті  аз,  белсенділіктері 

төмен. 

Оқушлардың білім, іскерлік дағдыларын бақылау қойылатын ең бірінші талап 



оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту 

процесінде  ең  көп  сүйенетін  әдісі  қандай,  оның  тиімділігі  неде?  Тыңдаушылар 

соны біліп, сезуі керек.  

Шығармашылық  сабақ  оқушылардың  шығармашылық  жұмыс  істеуіне  баса 

назар  аударылады.  Бұл  сабаққа  өте  жақсы  оқитын  оқушыларды  таңдап  алып, 

топтарға  бөлуге  болады.  Мысалы,  10  минут  ішінде  1-2  топтың  оқушылары  сол 

тақырып  бойынша  кроссворд  құрса,  3-4  топтың  оқушылары  олардың  жауабын 

айтады.  Бір  тақырыпқа  қысқа  шығарма,  сценарий,  көркем  немесе  мультфильм 

құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды. 

Компьютерлік сабақ дисплей, ЭВМ, т.б машиналар арқылы өткізіледі. Сабақ 

құрылымы: 

- үйге берілген тапсырманы тексеру 10 минут;  

1. Жаңа сабақ

2. Бекіту; 

3. Үйге тапсырма. 

5. Сабақтағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. 



Дәстүрлі емес сабақтар 

231 


Мұғалім  оқушымен  жекелей,  топтап,  сыныппен  жұмыс  істейді.  Жаппай 

жұмысты ұйымдастырғанда барлық оқушылар мұғалімнің басшылығымен жұмыс 

істейді.  Топта  3-6  оқушы  бірге  жұмыстанады.Мұғалім  әрбір  баланың  жұмысын, 

әсіресе  сабаққа  ынтасы  төмен  балаларды  бақылайды,  керек  болса  көмек,  ақыл-

кеңес,  жетекші  сұрақ,  қосымша  жаттығу  береді.  Егер  барлық  оқушылар 

тапсырманы  орындай  алмаса,  онда  жеке  жұмысты  тоқтатып,  бүкіл  сыныпқа 

тапсырманы қайта түсіндіреді.Топтағы оқушылардың саны жұмыстың мазмұнына 

және сағатына байланысты 2-6 оқушыдан болады, одан артық оқушы болмағаны 

жақсы. 

Кезендері: 



-  топтық  тапсырманы  орындауға  оқушыларды  әзірлеу,  оқу  міндеттерін  қою, 

мұғалімнің топқа қысқаша нұсқау беруі; 

-  топта  оқу  міндеттерін  орындау  жоспарын  талқылау  және  жоспарын  жасау, 

міндеттерді орындау тәсілдерін анықтау, міндеттерді бөлу; 

- оқу тапсырмаларын орындау үшін жұмыстану; 

-  мұғалімнің  бақылауы  мен  топтың  және  жеке  оқушылардің  жұмыстарын 

түзету; 

- оқушылардың бір-бірінің оқу жұмыстарын тексеруі; 

-  мұғалімге  нәтижелерді  айту,  оның  басшылығымен  пікір  таласын  өткізу, 

толықтыру және түзету, мұғалімнің қосымша беруі, қорытындылар жасау

- топтың, сыныптың жұмысына баға беру

- үлгерімі әр түрлі оқушыларды бір топқа біріктіруге болады. 

Әрбір  оқу  пәні  бойынша  бір  оқу  тоқсаны,  жарты  жыл  аяқталғанша  жұмыс 

істейтін  топ  құруға  болады.  Кейде  бірнеше  сабақтарда  ғана  топ  жұмыс  істейді. 

Оқу пәндерінен кеңес берушілер тағайындалып, олар оқушылардың жұмыстарын 

тексереді  және  бағалайды.  Мұғалім  кеңесшінің  жұмысына  басшылық  етеді. 

Кеңесші  өз  тобының  мүшелерінің  теориялық  материалды  меңгеруіне,  іскерлік, 

дағдыларын  шыңдауына  көмектеседі,  топ  мүшелеріне  жұмысты  бөліп  береді, 

жұмысты  бақылайды,  тапсырмалардың  дұрыс  орындалуын  тексереді,  жазба 

жұмыстарына сын-пікір жазады. Мұғалім кеңесшіге әдістемелік нұсңау береді. 

Тапсырма бірдей де, әр түрлі де беріледі. Жұмыстың нәтижесін сабақ соңында 

тексеру  керек.  Топқа  бірігу  тәжірибелік  жұмыстар,  зертханалық  жұмыстар 

істегенде,  шет  тілі  сабақтарында  ауыз  екі  сөйлеуге  дағдыланғанда,  дене 

тәрбиесінде  жаттығу  арқылы  дағдыланғанда,  еңбек  сабақтарында  жобалау-

техникалық  жұмыс  істегенде,  мектеп  жанындағы  алаңдағы  жұмыста,  мәтінді, 

тарихи құжаттардың көшірмесін оқығанда пайдалы. 

Оқушыларға өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру: 

-  сабаққа  керекті  дидактикалық  құралдарды,  атап  айтсақ,  кино  және 

диафильмдерді,  суреттерді,  плакаттарды,  карточкаларды,  сызбаларды,  көмекші 

әдебиеттерді және басқаларды іріктеу

- техникалық оқыту құралдарын тексеру

-  мұғалім  тақтаға  жазатындарын,  салатын  суреттерін  жоспарлайды, 

оқушыларға өзінің жұмысына ұқсас жұмыстар орындатады; 

- сабақта орындалатын өздік жұмыстардың көлемін және түрін анықтау; 

-  білім,  іскерлік,  дағдыларды  бекіту  түрлерін  және  тәсілдерін,  білімдерді 

талдап қорыту, жүйелеу жолдарын белгілеу; 

-  білім,  іскерлік  және  дағдылары  тексерілетін  оқушылардың  тізімін  жасау. 

Білімді тексеру түрлері мен әдістерін анықтап, іскерлікті тексеруді жоспарлау

-    үй  тапсырмасының  мазмұнын,  көлемін,  формасын  белгілеу,  оны  орындау 

әдістемесін табу; 

-   сабақтың қорытындысын шығару әдіс-тәсілдерін білу; 


Хрупина К.С. 

232 


-   тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысты жүргізуді жоспарлау; 

-   сабақтың барысын талапқа сай жоспарлау. 

Сабақтың  тиімділігіне  бір-бірімен  тығыз  байланысты  екі  жағдай  әсер  етеді: 

мұқият  дайындалу  және  шеберлікпен  өткізу.  Дұрыс  жоспарланбаған, 

оқушылардың  оқу  мүмкіндігімен  санаспайтын  сабақтың  сапасы  болмайды. 

Сабаққа  дайындалу  –  нәтижеге  жеткізетін  шаралар  жүйесін  жасау,  оқу-тәрбие 

процесін дұрыс ұйымдастыру. 

Мұғалімнің  сабаққа  әзірлігінің  үш  кезеңі  бар:  диагностикалық,  болжау, 

жобалау  (жоспарлау).  Мұғалім  мәліметтердегі  фактілерді,  оқыту  әдістемесін 

жақсы білуі  тиіс. Сабаққа дайындық кезінде мұғалім оқу материалын сыныптың 

мүмкіндігіне "икемдейді", жақсы нәтиже беретін танымдық еңбек және ұжымдық 

жұмыстарды  жоспарлайды.  Сабақты  өткізудің  жақсы  үлгісін  жасау  үшін 

модельдеу  әдісі  қолданылып,  оқу  сағаттары  есептеледі.  Алгоритм  бойынша 

сабаққа  дайындалу  диагностикалаудан  басталады.  Диагностика  арқылы  сабақты 

өткізуге  керекті  барлық  жағдайлар  анықталады.  Мұғалім  балалардың 

мүмкідіктерін,  іс-әрекетінің  және  мінез-құлқының  себептерін,  сұраныстарын, 

қызығушылықтарын,  қабілетін,  оқушыдан  талап  етілетін  білім,  іскерлік, 

дағдылардың деңгейін, оның ерекшелігін, тәжірибеге пайдалылығын анықтайды. 

Тірек  білімдерді  қайталауға,  жаңа  материалды  меңгеруге,  оны  бекітуге  және 

жүйелеуге,  білім,  іскерліктерді  тексеруге  және  түзетуге  кететін  уақытты  мұқият 

талдайды. 

 

 

 

Әдебиет: 

1.

 



Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы, 2000. -321б. 

2.

 



Усманов Ә.Ә., Сарсенбаева М.Б. Педагогика дәрістер жинағы.- Алматы, 2005. 

3.

 



Мұхамбетова С.Қ. Педагогика.- Ақтөбе,2002. 

 

 

 



УДК 372. 881. 161 

 

РАЗВИТИЕ СВЯЗНОЙ РЕЧИ МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ 

НА МАТЕРИАЛЕ СКАЗОК 

 

Хрупина К.С. 

(СКГУ им. М.Козыбаева) 

 

 

 

Речь  –  важнейший  инструмент  общения,  компонент  и  носитель  культуры 

народа. Именно она позволяет достичь истинных успехов в учении и в общении.  

 В  соответствии  с  содержанием  программы  по  русскому  языку  для  начальной 

школы  учащиеся  младших  классов  должны  получить  представление  о  культуре 

речевого  поведения,  о  видах  речи  и  ее  значении  в  жизни  человека,  овладеть 

умениями  построения  связного  текста  в  различных  стилях;  у  них  должно 

развиваться  чувство  уместности  высказывания,  формироваться  навыки  речевого 

этикета [1]. 

Развитие  связной  речи  является  центральной  задачей  речевого  воспитания 

детей.  Это  обусловлено,  прежде  всего,  ее  социальной  значимостью  и  ролью  в 

формировании  личности.  Именно  в  связной  речи  реализуется  основная, 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал