Ұлытау төрінде Елбасының айтқан ұлағатты да тағлымы мол тарихты зерделеген, қазақтың патриоттық сезімін оятатын, зерделі сұхбатында «тарихтың куәгері – Ұлытау»



жүктеу 437.71 Kb.

бет1/5
Дата12.09.2017
өлшемі437.71 Kb.
  1   2   3   4   5

Ұлытау төрінде Елбасының айтқан 

ұлағатты да тағлымы мол тарихты 

зерделеген, қазақтың патриоттық сезімін 

оятатын, зерделі сұхбатында  «тарихтың 

куәгері – Ұлытау» деп қадап айтқан еді. Шын 

мәнісінде, көпшілік  Ұлытаудың Жошы хан билеген 

тұсындағы  үздік-үздік оқиғаларын   болмаса,  оған 

дейінгі қазақтың ата-бабаларының тарихына қатысты 

жерлерін біртұтастықта біле бермейді. Ал осы мәселе 

бойынша қалам тартушылар осы күнге дейін Алтын 

Орда тұсындағы   Жошы хан билігі кезінен әрі тереңге 

қарай бара алмай жүргені шындық. Сондықтан осы бір 

олқылықтың орнын толықтыруда өз үлесін қосады деген 

ниетпен төменде Күлтегін сыйлығының иегері, түрколог-

тарихшы,  профессор С.Сыздықовтың Елбасы, Қазақстан 

Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Ұлытауға сапарындағы ой толғанысына 

орай «Ұлытау – Мәңгілік  Елдің мәңгі мекені» атты мақаласын беріп отырмыз.   

Ғұн дәуірі. Ұлытаудың тарихы  қазақ тарихының ежелгі дәуірімен бірге басталатыны және әр тарихи 

кезеңдерде жалғасып,  сабақтасып отыратындығы Елбасының   Ұлытауға барған сапарында: «...бұл 

жер  ғұндардың да, көк түріктердің де, Алтын Орданың да орталығы болған жер» деген сөздерімен 

толық үндеседі.  Орталық Қазақстан, яғни Сарыарқаны қола дәуірден бастап зерттеген аяулы 

ғалым Ә. Марғұлан ол жердің материалдық мәдениетін археологиялық тұрғыда, ал рухани 

мәдениетін ауыз екі жыр-аңыздары арқылы зерделеп, бүгінгі және келешек ұрпаққа өзінің  

тамаша еңбектерін қалдырып кеткені белгілі. Ол Ұлытау ауданындағы Арғанаты 

тауының Мық, Домбауыл, Айыршоқы қыраттарындағы    тас мүсіндерді зерттеп 

жүріп, ішінде қазақтар «қос алып», «қос батыр» деп атайтын алып  

мүсіндерге ерекше көңіл аударады. Олардың ежелгі заманның алыбын, 

батырын кескіндейтінін, сол қолындағы ұзын тік семсердің 

ғұндар заманына жататынын айтқан. Сонымен қатар, 

Ұлытау өңіріндегі ғұндар қорғандарының да 

көптігін тілге тиек еткені белгілі. 

(Жалғасы  6-бетте)

№ 19 (176),  

қазан, 2014 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

ҰЛЫТАУ – МӘҢГІЛІК  

ЕЛДІҢ МӘҢГІ МЕКЕНІ

(Жалғасы 5-бетте)

Біз ЕҰУ студенттеріміз!



Студент  атану  – әр адамның өміріндегі маңызды оқиға екендігі белгілі. Білімнің жаңа шыңына қадам басып, биік белестерге қол созатын, нағыз 

қызықты сәттерді бастан өткеретін шақ осы – студенттік ғұмыр. Ал  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті болу – талай 

талапкердің арманы.  Өйткені университетіміз Қазақстанның білім беруде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз (БСҚТҚА) агенттігінің зерттеу 

қорытындылары бойынша екі жыл қатарынан 1-орынды иеленген, Халықаралық QS World University Rankings агенттігінің 2013/2014 рейтингісінде 17 

000 жоғары оқу орнының арасында бір жылда 369 орыннан 66 сатыға жоғары көтеріліп 303-сатыға орнығып, ТМД елдерінің бес үздік университетінің 

қатарына енген. Елбасының ықпалымен 1996 жылы іргетасы қаланған білім шаңырағы бүгінде егемен еліміздің жас астанасымен бірге жасасып келеді. 

2003 жылдың 9-сәуірінде университеттің оқу-зертханалық ғимаратының ашылу сәтінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Элиталық университет болу үшін 

Еуразиялық университет барлық қажетті талаптарға жауап береді. Л.Н.Гумилев атындағы университет ең жоғары сапалы кәсіби маман даярлайтынына 

үміттенемін     және сенемін», – деген болатын. Президентіміздің осы сөзін басшылыққа алған оқу ордасының ұжымы қазір жүйелі жұмыс жасап, 

көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Бір ғана мысал, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қызметтегі табысы мен оқу орнында 

инновациялық зерттеулерді дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін Ел Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына ие болуы үлкен мәртебе. 

2014 жылы 14 

қазан күні Л.Н.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық 

университетінде ҚР еңбек 

сіңірген 

қайраткері, 

ха   -

лықаралық және респуб-

ликалық байқаулардың 

же  ңімпазы, Мемлекеттік «Да -

рын» жастар сыйлы 

ғының 

иегері Гүлнұр ОРАЗЫМ-

БЕТОВАНЫҢ 

«СА ҒЫ-

НЫШ» атты концерті өтті.

Тыңдарман қауымға 

«Қорқыт» әнімен танылған 

Гүлнұрдың «Арманым-ай», 

«Туған өлке», «Әлі есімде», 

«Таңғы тілек», «Жас келін», 

«Сағыныш», «Сағым 

жылдар», «Анаға тілек», 

«Дедім ай-ау», «Толғау», 

«Алматым» (трио), «Романс», 

«Атамекен», «Саған 

арнадым», «Асыл жарым», 

«Сенім», «Достарым», «Әке», 

«Мереке» (дуэт) секілді әндері 

көпшілік көңілінде.

Концертті ҚР еңбек 

сіңірген қайраткері, профессор, 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті жанындағы 

«Кәусар» мәдени-танымдық 

бірлестігінің жетекшісі Кен-

жеғали Мыржықбай жүргізіп, 

«Сағыныштың» ажарын аша 

түсті.


Гүлнұр Оразымбетованың 

әншілігі түркі тілдес тың-

САҒЫНЫШ

дармандар тарапынан жо-



ғары бағаланып, үлкен 

қызығушылыққа ие болды. Бұл 

туралы Түркі академиясының 

ұйымдастыруымен Астанадағы 

Бейбітшілік және келісім 

сарайында өткен Еуразия 

ұлттық университетінің рек-

торы Ерлан Сыдықовтың 

әлемдік руханият тарихында 

орны бар қазақ тұлғасы туралы 

түркі тіліндегі тұңғыш жарық 

көрген «Шәкәрім» атты 

еңбегінің тұсаукесер рәсіміне 

келген меймандар айтты.



Баспасөз қызметі

2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 19 (176), 

қазан, 2014 жыл

АҚПАРАТ АЙДЫНЫ

Пәкістан Ислам Республикасының 

Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті 

елшісімен  кездесті

Жазушымен жүздесу

Пәкістан Ислам Респуб 

ликасының Қазақстандағы Төтенше және 

Өкілетті елшісі Шаукат Али Мукадам Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінде болып, аталмыш оқу орнының ректоры Ерлан 

Сыдықовпен кездесті.

Елші қызмет атқарған жыл ішінде ЕҰУ-ге тұңғыш келуі екен және ол сапар 

барысында «Білім тарихы» мұражайын аралап көріп, ерекше толқығанын 

жасырмады. Сонымен қатар құрметті елші Астананың қысқа мерзімде қарқынды 

дамып келе жатқанын да алға тартты.

ЕҰУ ректоры  Пәкістанның Қазақстандағы елшісімен  ынты мақтастық 

жөнінде әңгімелесті.

- Қазақстан Орталық Азиядағы ең алдыңғы қатарлы ел. Біз алдағы уақытта 

да осы елмен білім, мәдениет және экономика салаларында қарым-қатынасты 

жалғастыруды қалаймыз, – деді Шаукат Али Мукадам ректормен кездесу үстінде. 

Елшінің бұл тілегін құптаған Ерлан Сыдықов: «Екі елдің жас адамдары достасқан 

кезде алдағы дамудың жолы көрінеді» деп түйін жасады.

ЕҰУ мен Пәкістан университеттері екі ел арасында арнайы бағдарламаға 

сай студенттер мен оқытушылар алмасып, Пәкістанның белгілі ғалымдары 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәрістер өткізетін 

болады.


ЕҰУ ректоры  Пәкістанның Қазақстандағы елшісімен  ынтымақтастық 

жөнінде әңгімелесті.

- Біз Пәкістан студенттерін бүкіл оқу маусымы бойынша қабылдауға 

дайынбыз және жетекші ғалымдардың университет қабырғасында дәріс 

өткізулеріне қуаныштымыз, – деп атап өтті ректор.

Өз кезегінде сөз алған Шаукат Али Мукадам мырза ЕҰУ студенттерін 

Исламабадтағы қазіргі заман тілдер университетіндегі тіл курстарын оқуға 

шақырды.


ЕҰУ ректоры  Пәкістанның Қазақстандағы елшісімен  ынтымақтастық 

жөнінде әңгімелесті

Екі жақты келісім бойынша Пәкістан ғалымдарының Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетіне жақын арада келуін ұйымдастыру шаралары да 

сөз болды.

Жақында Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінде 

М. Жұмабаев атындағы Әдеби 

бірлестіктің ұйымдастыруымен 

жазушы-драматург, «Ақ Жайық» 

журналының директоры – бас 

редакторы Рақымжан Отарбаевпен 

кездесу өтті.

Кездесуде жазушы еңбегі мен 

шығармашылығы жайында кең 

көлемде сөз етілді. Студенттер 

мен магистранттардың, өзге де 

қонақтардың сұрақтарына қаламгер 

жан- жақты жауап берсе, әдеби кештің 

нәрін келтірген Бақытжан Дүйсенғазы, 

Айзада Қазыбекова, Зағипа Иманғазы, 

Тәуірбек Бозекенов сынды өнер 

иелері әсем әнмен әуелетіп, күмбірлете 

күй төгіп, дүйім жұртты бір серпілтіп 

тастады. Жазушы кітаптарының 

көрмесі ұйымдастырылып, кездесу 

соңында автор қолтаңба берді.

Кеш барысында жазушының 

бұрыннан жарық көрген «Шер», 

Университетімізде журналистика және 

саясаттану факультеті мен Aynaline.kz 

жастар порталының ұйымдастыруымен 

жас журналист Абай Асанкелдіұлының 

«90-минут синдромы» атты кітабының 

тұсаукесері өтті. 

Тұсаукесерге белгілі профессор Намазалы 

Омашев, журналистика және саясаттану 

факультетінің деканы Қайрат Сақ, «Рауан» 

баспа үйі» ЖШС-ның бас директоры Ғабит 

Мүсіреп және автордың әріптестері мен 

студенттер қатысты. Жиынды факультет 

«90-минут синдромының» тұсауы кесілді

деканы Қайрат Сақ жүргізіп отырды. 

Профессор Намазалы Омашев кітап 

тақырыбының ерекшелігіне тоқталды. 

Сонымен қатар жас журналистің жазудағы 

өзіндік стилі қалыптасқандығын, танымал 

тұлғалармен жасаған сәтті сұхбаттарын айта 

келе авторға шығармашылық табыс тіледі. 

Тұсаукесер соңында Абай Отар студенттер 

тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 

Айта кетейік «90-минут синдромы» кітабы 

«Нұр-Астана» апталығының кітапханасы» 

сериясы аясында жарық көрген. 

Үш бөлімнен тұратын жинаққа сұхбаттар, 

спорт әлемінің үздіктері туралы танымдық 

дүниелер, алуан түрлі тағдырлар жайында 

мақалалар топтастырылыпты. «Алаш рухын 

асқақтатқандар», «90-минут синдромы», 

«69 – қазақтың салмағы!» «Баркер – 

алаштың кубогі» сараптамаларында қазақ 

спортының жетістіктері мен кемшіліктері 

жан-жақты талданады. Ал «Абай бол, балам!», 

«Тектұрмастағы тіршілік», «Қызғалдақ 

ғұмыр», «Батыр Баянның» бүгінгі 

бейнесі» шығармаларында өмірдегі өзекті 

тақырыптарды қаузаған. 

Абай Асанкелдіұлы блогер ретінде және 

әлеуметтік желілерде «Абайус Отариус» деген 

атпен танымал. Талабы таудай жігіт жуырда 

ғана «Болашақ» бағдарламасымен Лондонға 

оқуға аттанды. 

Абай СЕЙФУЛЛАҰЛЫ 

XI Еуразиялық ғылыми форум аясында 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінде Қазақстанның еңбек 

сіңірген қайраткері, қытайтанушы-

ғалым, филология ғылымының докторы, 

профессор, белгілі ақын, аудармашы 

Дүкен Мәсімханұлының 50 жасқа толу 

мерейтойына орай «Қазақстандағы 

қытайтану ғылымы: тарихы, бүгіні мен 

болашағы» атты халықаралық ғылыми-

тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференцияға ҚР Парламент Мәжілісінің 

депутаттары, Астана қаласында тұратын зиялы 

«Қазақстандағы қытайтану ғылымы: 

тарихы, бүгіні мен болашағы»

кафедрасының ғылым докторы, доцент 

Абдулах Малкош, әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университеті, халықаралық 

қатынастар факультетінің профессоры, тарих 

ғылымдарының докторы Н. Мұхаметханұлы 

«Қазақ және қытай халықтары қарым-

қатынасының тарихы», «Қазақстандағы 

қытайтанудың тарихы мен даму беталысы», 

«Жаңа кезеңдегі Қазақстан мен ҚХР қарым-

қатынасы», «Қытай тілі мен әдебиетін зерттеу 

мен оқытудың өзекті мәселелері», «Қытай 

тарихы мен мәдениетінің өзекті мәселелері» 

секілді тақырыптарда баяндама жасады. 

Конференция барысында университет 

ректоры Ерлан Бәтташұлы ҚХР ШҰАР 

Педагогикалық зерттеулер институтының 

жетекші ғылыми қызметкері, профессор, 

ҚХР мемлекеттік сыйлығының иегері Сұлтан 

Жанболатов пен ҚХР Шыңжаң гуманитарлық 

ғылым академиясының аға зерттеушісі, 

профессор, ҚХР Мемлекеттік сыйлығының 

иегері Жақып Мырзаханға Л.Н.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университетінің 

құрметті профессоры атағын табыс етті.

Пленарлық жиналыс басталғанға дейін 

кітап көрмесін аралаған конференцияға 

қатысушылар іс-шара соңында 

«Тарихшылардың ұлттық конгресі 

кітапханасы» сериясы бойынша «Фолиант» 

баспасынан жарық көрген профессор Д. 

Мәсімханұлының «Қытай туралы қырық сөз» 

атты зерттеу кітабының тұсаукесер рәсіміне 

куә болды. 

қауым өкілдері, Ресей, Қытай елдерінен белгілі 

қытайтанушы ғылымдар мен студент-жастар 

қатысты. 

Конференция жұмысын Л.Н.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университетінің 

ректоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА 

корреспондент мүшесі Ерлан Сыдықов 

жүргізіп отырды. Қазақстан Республикасы 

Президентінің кеңесшісі Мұхтар Құл-Мұхамед 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, 

Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш 

Сұлтанов ҚР Парламент Мәжілісі жанындағы 

Халықаралық қатынастар жөніндегі комитет 

төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, Астана 

қалалық Тілдерді дамыту департаментінің 

басшысы Ербол Ерденбек Астана қаласының 

әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың құттықтау 

хатын жеткізді. Сондай-ақ Халықаралық Түркі 

академиясының жетекші ғылыми қызметкері, 

ф.ғ.д.,профессор Әділ Ахметов, ақын, ҚР 

мемлекеттік сыйлығының иегері Несіпбек 

Айтұлы, ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше 

және өкілетті елшісі міндетін атқарушы 

Сунь Вэйдун, Минар Синан көркем өнер 

университеті, әдебиет факультеті, тарих 

«Жұлдыздар құлаған жер», 

«Жайық жыры», «Қараша қаздар 

қайтқанда», «Дауысыңды естідім», 

«Отверженный мир» атты прозалық 

жинақтары және таңдамалы 

шығармаларын сүйіп оқыған 

оқырманның аталмыш кездесуге 

 

ризашылықтары байқалып тұрды.



Жазушының жекелеген 

шығармалары түрік, араб, ағылшын, 

тілдерінде басылған. «Бейбарыс 

сұлтан», «Бас», «Нашақор жайлы 

новелла», «Нұржауған-ғұмыр» т.б. 

пьесалары республикалық және шетел 

театрларында сахналанған. 

Әдеби-танымдық кешті М. 

Жұмабаев атындағы Әдеби 

бірлестіктің жетекшісі, профессор 

Рақымжан Тұрысбек жүргізді.

Әсем Ережеқызы


3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 19 (176), 

қазан, 2014 жыл

14  октября  в  ЕНУ  им. 

Л.Н.  Гумилева  состоялась 

встреча  президента  АО 

«Центр 

международных 

программ»  Гани  Ныгыме-

това  с  преподавателями 

и  студентами  факультета 

Журналистики и политоло-

гии. 

Встреча  посвящена  разъ-

яснению  Правил  приема  до-

кументов на международную 

стипендию  «Болашақ»  для 

представителей  СМИ  и  по-

вышению  квалификации  по 

программе  стажировок  для 

преподавателей,  а  также 

презентации  информацион-

но-аналитического  журнала 

«Болашақ».

  Поделиться  своей  исто-

рией  успеха  со  студентами 

также  пришли  стипендиаты 

программы  «Болашак»:  из-

вестный 

журналист, 

медиа 

директор  Общенациональ-



ного  движения  «Қазақстан 

2050» –


 

Канат Ауесбай, веду-

щая новостей национального 

Состоялась встреча с президентом 

 АО «Центр международных программ»

канала  «Казахстан»  –  Гуль-

наз  Алимгерей  и  кандидат 

филологических наук, доцент 

кафедры Печати и издатель-

ского  дела  –Айтмухамбет 

Есдаулетов.  

В  целом,  встреча  прошла 

в 

теплой, 


дружеской 

атмосфере. 

Будущие 

работники 

масс-медиа 

задавали 

интересующие 

вопросы  о 

требованиях 

конкурса  на  присуждение 

международной  стипендии

 

«Болашақ». 



Пожелав 

студентам 

хорошей 

учебы, 


Гани 

Ныгыметов 

добавил, 

что 


«Новая 

категория 

«работники 

редакций 

СМИ»  создаст    работникам 

информационной  индустрии  

необходимые  условия,  для 

развития    мастерства  и 

повышения  их  роли  в  жизни 

общества».



Еуразия ұлттық университетінде «ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ ЖӘНЕ 

ЕУРАЗИЯ КЕҢІСТІГІ: ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢ» атты ХІ 

Еуразиялық ғылыми форум өтті.

Форум жұмысына танымал ғалымдар, атақты мемлекеттік және саяси 

қайраткерлер, қоғамдық ұйымдар, білім беру, ғылыми-зерттеу, мәдени 

орталықтары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.

Еуразиялық ғылыми форумды ұйымдастыру комитетінің мәлімдеуінше, 

жаһанда болып жатқан қауіп-қатерлерді ескере келе, қатысушылар 

баяндамаларының көбінде зерттеу әдістеріне, ғылыми объективтілік әдісіне және 

ғалымдардың этикасына баса назар аударды. Еуразия аймағының ғалымдары 

қауымдастығы Қазақстан мен Еуразия халықтарының мемлекеті мен мәдениетінің 

ерте кезеңдегі тарихын жаңғырту және олардың мәдени-өрекениеттік кеңістіктегі 

орнын айқындау, сондай-ақ қазіргі этносаяси, геополитикалық, әлеуметтік-

мәдени ахуалды саралау мақсатында өздерінің сараптамалық еңбектерін және 

қолданыстық зерттеулерін ұсынды.

Қатысушылардың баяндамаларында Еуразия халықтарының ғасырлық 

бірегейлігі, қатынастары мен бірігу идеялары тереңінен пайымдалды. Еуразия 

кеңістігіндегі интеграциялық үдерістерді тереңінен түсінуге мүмкіндік беретін 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық 

бастамалары мен қызметі Еуразиялық экономикалық одақты, Кедендік одақты, 

БЭК құру туралы келісімдердің қабылдануына мүмкіндік туғызады.

Еліміздегі Еуразиялық рухтағы толеранттылық, этносаралық келісім, 

қоғамдық бірлік дәстүрлеріне әлемнің көптеген елдерінің ғылыми, қоғамдық-

саяси қызығушылықтары күннен күнге артуда. Бұл Қазақ хандығы тарихын, 

басқа мемлекеттік құрылулардың Еуразиялық кеңістік тарихына әсерін толық 

масштабты, объективті және жан-жақты түйсіну мақсатының өзектілігін 

арттырады.

«Қазақ мемлекеттілігі және Алаш» атты екінші секциясының жұмысы 

университет жанындағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының 

директоры, профессор Тұрсын Жұртбай Құдакелдіұлының шығармашылығына 

арналды. Онда профессор Т. Жұртбайдың өмірі мен шығармашылығына 

арналған баяндамалар, ғалымның қазақ мемлекеттілігі, алаш қозғалысы, ұлт 

зиялыларын ақтауда атқарған үлкен еңбегі туралы сөз болды. Сондай-ақ сөз 

сөйлеген зерттеуші ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мемлекеттілік, елдік, еркіндік, 

тәуелсіздік мәселелері туралы ғылыми ойларын ортаға салды.

«ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ ЖӘНЕ ЕУРАЗИЯ 

КЕҢІСТІГІ: ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢ»

Әдістемелік семинар

«Жоғары оқу орыңдарында шетел тілдерін оқытудағы инновациялар» 

атты әдістемелік семинар филология факультетінің шетел тілдері 

кафедрасының ұйымдастыруымен өтті.

Филология факультетінің Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі 

Жаннат Елемесқызы «Шетел тілдерін жоғары оқу орындарында оқытудағы 

инновациялар» атты әдістемелік семинарды ұйымдастырудың мақсаттары мен 

күтілетін нәтижелерін айқындады. 

Семинар жұмысы басталар уақытында «Macmillan» баспасының Астана 

қаласындағы өкілеттілігінің тарапынан көрме ұйымдастырылды. Жиналған 

семинар қатысушылары – шет тілдері, шетел филологиясы және шет тілдерінің 

теориясы мен практикасы кафедраларының оқытушылары – шынайы 

қызығушылық көрсетті.

Америка Құрама Штаттарының Луизвилл университетінің профессоры 

Джейсон Гейноуз «Аn open classroom» тәсілдерінің шет тілін оқытудағы тиімді 

жақтарымен таныстырып, талқылауға салды. 

Семинарда білім алушыларға қойылатын талаптар мен олардың нәтижелерін 

бағалаудағы озық тәжірибелердің сараптамасы жасалып, қолдану жолдары 

талқыланды.  Аға оқытушы А.Ғ. Хамитова көрнекі түрде осы мәселені жан-жақты 

ашты.  

Екінші шет тілін, мысалы неміс тілін, оқытудағы қиындықтарды шешуде 



ағылшын тілінің көмегіне жүгіну педагогика ғылымдарының кандидаты 

Н.А.Устелимованың баяндамасында ұсынылды. Қарастырып отырған әдістің 

пәнаралық байланыстарын нығайтуда, көп тілді тұлғаны тәрбиелеуге қосатын 

үлесі де алға тартылды. Оқылған тілдің аясындағы біліктер мен дағдыларды екінші 

шет тілін оқуда тиімді қолданудың жолдары мен нәтижелері тұжырымдалды. 

«Macmillan» баспасының жергілікті өкілі Баймолдаева Ж.Т. ағылшын тілін 

оқытудағы жаңа технологияларды заманауи техниканың жетістіктерін қолдана 

отырып қалай жүзеге асыру мүмкін екендігін баяндады. Өздік жұмыс аясында, 

практикалық сабақтар барысында, әр білім алушының   өзінің қызығушылығын 

сақтай отырып, оның тілдің бір деңгейінен келесі деңгейіне өтуін жүзеге асыру 

мәселелері қарастырылды.

Филология факультеті тарапынан сертификаттар таратылды. Cеминар 

ұйымдастырушылары п.ғ.к. Түсіпова Г.Қ. мен п.ғ.к. Қасымбекова Н.С. тәжірибе 

көрсетіп жүргендей, семинар жұмыстарында талқыланған жаңашыл идеалар мен 

әдістемелік ұсыныстар практикалық сабақтарда көрінісін тауып, оқытуда жақсы 

нәтижелерге әкелетініне сенімді. 



ТҮСІПОВА Г.Қ. 

4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 19 (176), 

қазан, 2014 жыл

“Тілдердің  үштұғырлылығы”

Ел тәуелсіздігінің маңызды нашаны 

– мемлекеттік тіл. Ол – тәуелсіз 

ұлттың мәдениеті мен салт-санасының, 

рухани болмысының тірегі. Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ 

тілі болғандықтан оның мәртебесі биік. 

Елімізде мемлекеттік тілді дамытумен 

бірге «Үштұғырлы тіл» саясаты қолға 

алынған.«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны 

мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2006 

жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы 

ассамблеясының XII Құрылтайында жария 

етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа 

Қазақстан” атты халыққа Жолдауында 

“Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени 

жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды 

ұсынды. Ол өз сөзінде:“Қазақстанды бүкіл 

әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын 

жоғары білімді мемлекет ретінде тануы 

керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, 

орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас 

тілі және ағылшын тілі – жаһандық 

экономиканы ойдағыдай түсіну тілі”- 

деген еді. Дәлірек айтқанда, үштұғырлы 

тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі 

түсінікті формуламен көрсетуге болады: 

мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін 

қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

 Міне осы  мақсатта, яғни студенттердің 

мемлекеттік тілге деген  қызығушылығын 

арттыру және қазақ тілінде сөйлеу 

мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту 

мақсатында шетел тілдері кафедрасында 

«Қазақ тілінде сөйлейміз!» атты іс-шара 

өткізілді. Бұл іс-шараға техникалық-физика 

факультетінен Техникалық физика-12 

тобының және ақпараттық жүйелер 

факультетінің  Ақпараттық жүйелер-12 

тобының орыс бөлімдерінің студенттері 

қатысты. Қазылар алқасында шетел тілдері 

кафедрасының оқытушылары болды. 

Іс-шара елдің әнұранынан басталды, 

сосын студенттер Қазақстан елінің 

рәміздері және елдегі тілдік саясат жайында 

мағлұмат берді. Студенттер А.Құнанбаев 

өлеңдерінен ең үздік шумақ,   қазақ  тілінде 

ең үздік ән, қазақ елінің салт-дәстүрі туралы 

сұрақ жауап, мақал-мәтел және көрініс 

сайыстарына қатысты. Сайыс арасында 

үш тілде ән айтып көзге түскен студенттер  

Ақпараттық жүйелер-12 тобынан 

Тауржан Ақтілек,  Өтениязов Марат

Байболов Диас өнерлерімен танылды. 

Іс-шараға студенттер қызығушылықпен 

атсалысып, шет тілімен бірге мемлекеттік 

тілді жақсы деңгейде білетіндерін 

көрсетті. Соңында  әділ қазылар алқасы 

екі топтың қатысушыларына алғыстарын 

білдіріп, сыйлықтармен марапаттады.

Сонымен бірге кафедра 

оқытушылырының арасында мемлекеттік 

тілді қаншалықты білетіні мақсатында 

сауалнама өткізілді. Сауалнама 

қорытындысы бойынша, кафедра 

оқытушылары мемлекеттік тілді  толық 

меңгерген, оқу үрдісінде көңіл бөлінетіні 

байқалды.




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал