Ұлы отан соғысындағы жамбылдық жауынгерлер ерліктері н. С. Бахторазов



жүктеу 87.03 Kb.

Дата01.02.2017
өлшемі87.03 Kb.

87

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛДЫҚ

ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕРЛІКТЕРІ

Н.С. БАХТОРАЗОВ,

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ студенті

Тараз қ., Қазақстан

Ұлы Жеңістің 68 жылдығын тиісінше атап өттік. Бұл соғыс бұ рын-

ғы Кеңес Одағы халықтарының басынан кешкен оқиғалардың ең ауы-

ры болғандығы белгілі. Жан алып, жан беріскен соғыстың төрт жылы 

бұрынғы КСРО-ның көпұлтты халқының басына түскен ең ауыр за уал 

болғаны анық.

Жамбылдықтар  өз  Отанын  қорғау  жолындағы  ұлы  іске  ат са лыс-

қа нын  мақтанышпен  еске  алады.  Осы  соғыста  əскери  жəне  ең бек те-

гі ерліктерімен көзге түскен ұл-қыздарын үнемі ұлықтай бермек. Өз-

де рі нің  интернационалдық  борышына  адал  жамбылдықтар  көп ұлт ты 

Отанын  қорғау  барысында  Брест,  Ленинград,  Киев,  Минскі,  Одесса, 

Севастополь, Мəскеу, Тула, Новороссийскі, Керчь сияқты батыр-қа ла-

лар да ерлікпен шайқасты. Олар неміс фашистерін Бухарест пен Бел-

град, Будапешт пен Варшава, Вена мен Прага қалаларында тал қан да-

ды. Көптеген жамбылдық жауынгерлер «Будапешті азат еткені үшін», 

«Белградты  азат  еткені  үшін», «Венаны  азат  еткені  үшін», «Ке нигс-

берг ті азат еткені үшін» медальдарымен марапатталды.

Қазақ КСР-інде жасақталған көптеген əскери құрамалардың даңқ ты 

есімдерін Ұлы шайқастар жылнамасына қашап жазды. 316-шы (Пан-

филов  атындағы 8-ші  гвардиялық), 238-ші (30-шы  гвардиялық)  жəне 

312-ші атқыштар дивизияларының даңқы Мəскеу түбіндегі шай қас та, 

29-шы (72-ші  гвардиялық)  дивизия  Сталинградты  қор ғау да ғы,  Курск 

иі нін де гі  Днепрден  өтудегі  шайқастарда, 310-шы  ат қыш тар  жəне 

314-ші дивизиялар Ленинград түбіндегі шайқаста даңққа бөленді. 

Жамбыл облысынан майданға аттанған ер азаматтар – қазақтар, өз-

бек тер, орыстар, қырғыздар жəне басқа да ұлттың өкілдері Еуропа ха-



88

лық та ры на  жеңіске  деген  үкілі  үмітпен  азаттық  қуанышын  сый ла ған 

еді. Осы орайда Чехославакиядан бір топ гимназистердің Жам был да ғы 

пионерлер сарайының үйірме мүшелеріне жазған хаты қы зы ғу шы лық 

тудырады. Онда: «Біздің жерде мəңгібақилық мекенін тапқан сіз дер дің 

солдаттар  бар.  Олар  біздің  қалаларымыз  бен  де рев ня ла ры мыз ға  бос-

тан дық əкелді. Сондықтан да біз чехтар мен словактардың жас жет кін-

шік те рі, бізге бостандық əперген азаматтарды есте сақтап, қа сиет теу ге 

ант береміз». 

Біздің еліміздегі халықтардың ажырамас достығымен олардың Ота-

нына шын берілгендігінің белгісі ретінде; қазақ Ағаділ Су хан баев тың 

поляк жерінде Александр Матросовтың өшпес ерлігін қай та ла ған ды-

ғын; орыс Андрей Сорокиннің Венгрия жерінде өзінің соңғы ер лі гін 

жа са ғанын;  өзбек  Ергеш  Досмұхамедовтың  Литва  жеріндегі  ер лі гін; 

атақ ты  мерген  Ыбрайым  Сүлейменовті,  сонымен  бірге  ер лік пен  қаза 

тап  қан басқа да батырларды айтуымызға болады. Жалпы, осы де рек-

тер ді  іздестіру  барысында  Ұлы  Отан  соғысына  қатысты  мұ ра ғат  құ-

жат та ры ның  басым  бөлігі  Жамбыл  облысының  мемлекеттік  мұ ра ға-

тын да ғы 282 (Жамбыл облыстық партия комитеті) жəне 399-қор лар да 

(Жамбыл облысының атқару комитеті) жинақталғанын айта кету керек. 

Сонымен бірге мұрағатта Ұлы Отан соғысына қа ты су шы лар дың өмір-

баян дық анықтамасы да сақтаулы. Ұлы Отан соғысы тарихына қа тыс-

ты материалдар Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі де пар та-

мен ті нің, Тараз қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқарманың мə лі-

мет те рі мен де толықтырылып келеді. 

Жоғарыда аталған қорларда Ұлы Отан соғысы басталғаннан ке йін, 

өңірдегі барлық жұмыстардың соғыс талабына сай жүргізіліп, ха лық 

арасында жаппай саяси жұмысты үдете түсу ісіне үлкен мəн бе ріл ген-

ді гі көрінеді. Осылай, Қазақстан К(б)П ОК-нің 1941 жылдың 4 қа за-

нын да ҚК(б)П Жамбыл облыстық комитетіне жіберілген хатында Ота-

ны мыз ға қауіп төнген тұста халықты неміс-фашист бас қын шы ла ры на 

қар сы  жұмыла  бас  көтеруге  шақырғандығы  туралы  мə лі мет те рі  мен 

бас қа да іс-шаралар тізбесі беріледі [1]. 


89

Осы  жəне  де  басқа  да  тапсырмаларды  орындау  барысы  мен  тыл-

да ғы  жұмыстарды  ұйымдастыру  мəселелері  тұрғысындағы  құ жат тар 

399-қорда жинақталған. Осы қорда Жамбыл облыстық Кеңесі ат қа ру 

ко ми те ті нің 1944 жылдың 21 қаңтардағы  Кеңес  Одағының  Батыры 

Ибрагим  Сүлейменовті  мəңгі  есте  сақтау  үшін  Жамбыл  ауда ны ның 

«Төрт күл»  колхозына,  Жамбыл  қаласындағы  Билікөл  кө ше сі не  жəне 

ба тыр дың өмірге келген Сарысу ауданындағы «Комсомольский» ауыл-

дық  кеңесі  мен  «Қызыл  күншығыс»  колхоздарына  И.Сү лей ме нов тің 

атын беру туралы қаулысы да бар [2]. 

Ұлы Отан соғысына байланысты келесі құжаттар топтамасын газет 

материалдары құрайды. «Жауды ақырына дейін талқандаймыз», «Егін 

жинауда  жұмыс  соғыс  қарқынымен  істеле  берсін», «Мемлекеттік  со-

ғыс зайемы – халық мүддесі», «Қызыл армияға киім берушілер күн са-

нап көбеюде», т.б. тақырыптарындағы мақалаларда Ұлы Отан со ғы сы 

кезіндегі облысымыздағы өмірі объективті айшықталған [3]. 

Екінші  дүниежүзілік  соғыс  əлемге  қазақ  халқының  атымен  бірге 

оның ержүрек, батыр, батыл, қаһарман ұлдары бар екенін танытты. Ке-

ңес жауынгерлерінің қайтпас, қайсар ерліктерін бүкіл əлемге та ныт қан 

Брест  қамалын  қорғау  сəтінен  бастап  қазақ  сарбаздары  өз де рі нің  ер-

лік те рін  Ұлы  Отан  соғысының  тарихында  алтын  əріппен  жазды.  Қа-

зір Брест қамалын қорғауда 60-қа жуық жамбылдық жа уын гер бол ға-

ны  белгілі.  Олардың  арасында  Жуалы  ауданының  Ба қа лы  ауы лы ның 

түлегі Мəнтай Əбдірайымов та бар. Ол Брестті қор ғап, қор шау ды бұ-

зып шығып, Москваға дейін шегініп келіп, 1941 жыл дың 6 жел тоқ са-

нын да кеңес əскерлерінің жауға қарсы шабуылына қа тыс ты. 1942 жыл-

дың ақпан айында Отан үшін опат болды [4]. 

Жамбылдық жауынгерлер отандастарымен бірге Сталинградты, Ле-

нинградты,  Москваны,  Кавказды  қорғауға  қатысты.  Майданның  бар-

лық шебінде ерлік көрсетіп, жауды ұясында – Берлинде тал қан да ды. 

Олар дың арасынан Бауыржан Момышұлындай қолбасшы шық ты. Оны 

ерлігі мен соғысу тактикасы даңққа бөленді. Москваны қор ғау да, Бал-

тық жағалауындағы ұрыстарда ол батальон командирінен дивизия ко-


90

ман ди рі не дейінгі майдан жолынан өтті. Кезінде оның ерлік жолын, со-

ғыс ты жүргізудің шеберлігін танығысы келмегендер ұлтжандылығын 

алға тартып, əскери шенін көтермеді, «Батыр» атағын бермеді. Алайда 

елі міз дің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей арала-

суымен əділдік салтанат құрды. Қазақтың қас батыры, біртуар азаматы 

Бауыржан Момышұлына «Кеңес Одағының Батыры» деген атақ мар-

құм ға кеш те болса берілді. Осындай атақты Ұлы Отан соғысы жылда-

ры көрсеткен ерлігі үшін тағы да 22 жамбылдық алды. 

Соғыс  жылдарында  бір  емес,  бірнеше  ерліктері  үшін  Даңқ  ор де-

ні нің І, ІІ, ІІІ дəрежесімен наградталған 6 жамбылдық батыр атанды. 

Олар дың  қатарына  Жамбыл  ауданының  түлегі  Алақан  Жапарбековті 

де қо су ға болады. Ол майданда ІІІ дəрежелі Даңқ орденімен бірге екі 

ІІ  дə  ре же лі  Даңқ  орденін  алған.  Бұл  орденді  беру  ережесі  бойынша 

оның бір дəрежесі екі рет берілмеуі керек. Алайда құжат тол ты ру шы-

лар дың кем ші лі гі нен майдангер Алақанға екі ІІ дəрежелі Даңқ ор де ні 

бе ріл ген.  ІІ  дəрежелі  Даңқ  орденінің  бірін  І  дəрежелі  Даңқ  ор де ні не 

айыр бас тау ға болатын еді [5].

Ежелден  ер  деген  атымыз  шыққан  халықтың  батыр  ұландарының 

ер лі гі  мəңгі  өшпейтіндігі,  олардың  ерлігі  елге – мұра,  ұрпаққа  ұран 

екен ді гі  ақиқат!  Сондықтан  да 2009 жылдың  қараша  айында  бір  топ 

жам  был  дық  жастар  бабалары  шайқасқан  Москва,  Калинин  облыста-

рында болып, олар туралы тарихи жəдігерлер жинады. 1941 жылы 16 

қа ра ша да Волоколамскіде еліміздің Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қа зақ-

стан облыстары мен Қырғызстан тұрғындарынан жасақталған 316-ат-

қыш тар дивизиясының 28 батыры 251-ші биіктікте жау танкілерімен 

жəне жаяу əскерлерімен жан беріп, жан алысқан шайқаста ерліктің өш-

пес өнегесін көрсетті. 

Сол  батырлардың  есімін  тағы  да  атап  шықсақ,  олар:  Клочков  Ва-

силий,  Шепетков  Иван,  Крючков  Абрам,  Добробабин  Иван,  Митин 

Гавриил, Косаев Əлікбай (Əлмембай), Петренко Григорий, Нарсутбай 

Есболатов, Калейников Дмитрий, Натаров Иван, Шемякин Григорий, 

Дутов  Петр,  Митченко  Николай,  Шопақов  Дуйшенқұл,  Конкин  Гри-


91

горий, Шадрин Иван, Москаленко Николай, Емцов Петр, Қо жа бер ге-

нов  Əлиасқар,  Тимофеев  Дмитрий,  Трофимов  Николай,  Бондаренко 

Яков, Васильев Ларион, Белашев Николай, Безродный Григорий, Сең-

гір баев  Мұсабек,  Максимов  Николай,  Ананьев  Николай...  Міне,  осы 

азаматтар  Москваны  қорғауда  Кеңес  жауынгерлерін  даңққа  бө ле ді. 

Армия генералы К.К. Рокоссовский басқаратын 16-шы армияның құ-

ра мын да ғы 316-атқыштар дивизиясының 1075-полкіне қарсы Волоко-

ламск тас жолының бойында фашистердің 80 танкісі, 2 полкқа жуық 

əс ке рі, 6 миномет  жəне 4 артиллерия  батареясы,  автоматшылар  мен 

мотоциклистердің құрамы шоғырланған еді. 16 қараша күні фашистер 

пан фи лов шы лар дың бекіністерін аспаннан ұзақ уақыт бомбалады. Одан 

ке йін жаяу əскері мен танкісін жіберді. Алғаш фашистердің 20 тан кі-

сі мен жаяу əскері 28 Кеңес жауынгеріне қарай лап қойды. Осы жерде 

саяси жетекші Василий Клочков бар даусымен: «20 танкі бізге еш те ңе 

емес, əрқайсысымызға бір-бірден де келмейді екен. Қи ра та мыз», – дей-

ді. Көп ұзамай, 15 танкі майдан даласында өртеніп жатты. 5 танкі кейін 

қаш ты. Артынша фашистердің тағы 30 танкісі алға ұмтылған. Тап осы 

жерде саяси жетекші В.Клочков: «Россия кең байтақ, бірақ шегінерлік 

жер жоқ! Артымызда Москва!» деген жалынды сөзін айтады. Тағы да 

қиян-кескі  шайқас  басталады.  Кеңес  жауынгерлерінің  оқ-дəрісі  тау-

сылды. Осы жерде Қордай ауданының түлегі Николай Белошов соңғы 

бронь қиратушысымен фашистердің 1 танкісін отқа орайды. 

Сол жылдары «28 батырдың бəрі майдан даласында ерлікпен қаза 

тапты» деп жазылды. Шын мəнінде, Шемякин мен Васильев ауыр жа-

ра қат  алып,  госпитальға  түскен  еді.  Ал  Щадрин  мен  Тимофеев  ауыр 

жараланып,  есінен  танып  жатқанда,  тұтқынға  алынған.  Кейін  бел гі лі 

болғандай, Иван Добробабин де тұтқында болған. Сонымен бір ге Қо-

жа бер ге нов тің де тағдырында ақтаңдақтардың болғаны белгілі болды. 

1942 жылы 21 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесі Пре зи диу мы ның Жар-

лы ғы мен əскери журналист Ю.А. Кривицкийдің ма қа ла сын да аттары 

атал ған 28 панфиловшының барлығына Кеңес Одағының Батыры ата-

ғы  берілді.  Алайда  олардың  біразы  кеуделеріне  «Алтын  Жұл дыз ды» 


92

таға алмады. Олар көптеген қиындықтар мен əділетсіздікті көрді. Со-

ғыс  аяқталғаннан  кейін  ғана  Шадрин  мен  Тимофеевке  «Алтын  Жұл-

дыз»  медалі  мен  Ленин  ордені  тапсырылғанынан  хабардар  бол дық. 

Осы оқиғаның өткеніне жетпіс жылдан аса уақыт өтсе де, ба тыр лар-

дың айналасында əңгіме көп. Алайда олардың ерліктерін тарих бе ті-

нен өшіріп тастау мүмкін емес. Мүмкін қателіктер болған шығар. Бі-

рақ ерліктің болғанын ешкім жоққа шығармайды. Тап осы Дубосеково 

стан ция сы ның маңында қазақстандықтардың ұлы ерлігі əлемді шарла-

ды. Осы жерде Бауыржандай қолбасшы шайқасқанын ел білді. 

Аталарымыз бен бабаларымыз шайқасқан, Тверь облысының Моло-

дой Труд елді мекенінде 80 пайызы опат болған, Алматы мен Ақ тө бе-

де жасақталған 100 жəне 101-дербес ұлттық бригадаларының ер лік тің 

өнегесін  паш  еткен  жерлері – біздер  үшін  қасиетті  де  қадірлі.  Деле-

гация мүшелері Волоколамск елді мекенінде болып, қазақтың бір туар 

ұлы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы мен интернационалист-

генерал, қолбасшы Иван Панфиловтың ескерткіштеріне гүл шоқ та рын 

қой ған болатын. 

Волоколамск... Бұл елді мекеннің аты əлемге ең алдымен орыс жа-

зушысы  Александр  Бектің  «Арпалыс»  кітабындағы  Бауыржан  Мо-

мыш ұлы  басқарған  батальонның  қоршауды  бұзып  шығуы  арқылы 

та ныл ға ны  анық.  Бауыржан  Момышұлы  өзінің  «Москва  үшін  шай-

қас» кітабында былай дейді: «Қаланың шыға беріс іргесіне жа қын дай 

бергенімізде жаңбыр баяулап, сылбыр себелей бастады... Біз қала ше ті-

не шықтық, ойпаңмен қырға көтеріле бергенімізде, алыстан мұ нар ла на 

орман жиегі көрінді. Біз қаладан өттік, мен бұрылып кейін қа ра дым: 

со ңы мыз да ғы ойпаңда жаңа ғана оның орталық көшесімен өт кен, ой-

ран басталып, ойран күткен түзу көшесі, əп-əдемі соғылған, қаз-қа тар 

ті гіл ген шатырдай ықшамды үйлі Россияның көп қаласының бірі.

Иə, көп қаланың бірі. Ол қалаға соғыс лебі жетіп, «ертең үйіңді өр-

теп, күліңді көкке ұшырып, таудан тозаң, көлден тамшы қалдырмай бү-

лік салып, басыңа қиямет-қайым орнатамын...» деген жалмауыз қарт – 

соғыстың ызғарлы үні іргесіне жақындаған сайын тітіркеніп, үрей ле не 


93

қауіптеніп, көшесінде болашақта қан төгілерін сезіп, соғыс без ге гі мен 

қалшылдап тұрған мұңды қаланың бірі. Ол қаланың аты Волоколамск. 

Тап осы қалада 68 жыл бұрын қараша айында Бауыржан Мо мыш ұлы-

ның даңқты батальоны шабуылдап бара жатқан жау шебін тал қан дап, 

бұғауды  бұзып,  қоршауды  қиратып,  бостандыққа  шығып,  ди ви зия ға 

қосылған.  Волоколамскіден  Калугаға  дейін  созылған  Можайск  май-

дан  шебінде  Батыс  майданының  құрамында  Бауыржан  Мо мыш ұлы-

ның  батальоны  жаумен  қасарыса  шайқасып,  бір  адым  да  ше гін беу ге 

ант  беріп,  кеудесімен  Отанын  қорғауда  ерліктің  өшпес  өнегесін  көр-

сет ке ні  жөнінде  талай  дуалы  ауыз  жазушы-ақындар  шығармаларына 

ар қау еткен. Баукеңнің кітабында жиі айтылатын батальонның қор ға-

ныс  ше бі не  айналған  Руза  өзенінің  бойындағы  Осташово  деревнясы 

да бұл күн де аты болғанымен, қаңырап бос қалған. Волоколамскіден 

«қар ға адым» жерде тұрған Дубосеково елді мекеніндегі 28 батырдың 

жау  тан кі ле рі мен  бетпе-бет  келіп,  қасық  қандарын  қиып,  өмір ле рін 

бү гін гі ба қыт ты күнге айырбастап, жау тажалын кеудесімен тоқ тат қа-

нын  бү кіл  əлем  естіді.  Жау  ерліктің  қамалын  бұза  алмады.  Орыстың 

ұлы жазушылары мен журналистері Константин Симонов, Илья Эрен-

бург, Алексей Кривицкий, Александр Бек, т.б. қазақстандықтар – қа зақ 

солдаттары туралы таңдай қағып, ерліктің осындай биік шыңы бо ла-

тын ды ғын жүрек тербей жазғанын білеміз. Иə, жылдар өтер, заман да 

өз ге рер. Бірақ Отан үшін отқа түскендер ешқашан да ұмы тыл май ды. 

Бау кең нің өзі айтқандай, олар отқа күймейді. Қайта биік бей не ле рі ер-

лік тің алауындай асқақтай береді [6]. 

Соғыс жылдары батырлық пен ерлік көрсеткен əйелдер де аз болма-

ды. Олар Отанымыздың тəуелсіздігі мен азаттығын тек тыл да ғы ерен 

еңбектерімен  ғана  емес,  Ұлы  Отан  соғысы  майдандарында  қо лы на 

қару алып қорғаған еді. 1943 жылдың ақпанына дейінгі кезеңде Жам-

был облысынан шыққан 270 қыз-келіншектер Қызыл Армия қа та рын-

да  соғысып  жатты [7, 66]. Əрине,  Отан  үшін  от  кешкен  ер ле рі міз дің 

тағдыры əртүрлі болды. Əрқайсысы Отан алдындағы əскери парызын 

өзінше өтеген еді. Бірі соқпақтарымен соғыстың соңына де йін жетсе, 


94

екіншілері өз Отанының бақыты үшін өмірлерін қиды. Осы Ұлы жолда 

оларды өлмес ерен ерліктері біріктірген болатын. 

Əрине, мұның бəрі белгілі. Дегенмен, алапат соғыста «əттеген-ай» 

дейтін тұстардың да аз болмағандығы анық. Соның бірі – Ржев дө ңе сін 

азат  ету  үшін  болған  шайқас.  Кеңестік  əскери  тарихнамада  Ржев  тү-

бін де болған «Марс» операциясы туралы нақты деректер берілмеген. 

Тіп ті  осы  ұрысқа  тікелей  басшылық  еткен  маршал  Г.Н.  Жуковтың 

өзі  ме муар ларында  бұл  шайқасқа  көп  тоқтала  қоймайды.  Бұл  жерде 

«жақсысын асырып, жаманын жасырып» күн кешкен кеңестік сая сат-

тың салқыны атақты қолбасшыға да тиесілі болғандығына қа мы ға сың. 

Себебі, «шығасыға иесі басшы» дегендей, Жуковтың Ржев шай қа сын-

да жеңіске жету үшін миллиондаған тағдырларды тəрк еткені қа зір гі 

кезде белгілі болып отыр. 

Нақтылап айтсақ, Ржев бағытындағы 60 мыңдық неміс армиясына 

1  миллион 30 мың  адамдық  əскерді  қарсы  қою,  əлбетте,  біріншіден, 

əс ке ри дайындықтың нашарлығын көрсетсе, екіншіден, сол əскер құ-

ра мын да ғы адамдардың тағдырына деген немкеттілікті білдірсе керек. 

Əрине, біз Ржев түбіндегі шайқастың стратегиялық ма ңыз ды лы ғын тү-

сі не міз. Себебі, Жоғарғы Бас командованияның ставкасы Г.Н. Жуков, 

А.М. Василевский жəне Н.Н. Воронов басқарған Орталық, Дон жəне 

Сталинград майдандарында қарсы шабуылға шығып, дұшпан шеп те-

рін бұза отырып, оларды толық талқандауды тапсырған болатын. Осы 

ар қы лы 1942–1943 жылдардың қыс айларында Қызыл Армияға жауды 

Мəс кеу ден 600–700 шақырым қашықтыққа қуып тастау міндеті бел гі-

лен ген еді. 

Бұл міндетті толық жүзеге асыра алған Дон жəне Сталинград май-

дандарында Гитлердің 22 дивизиясы қоршауға алынып, 320 мың əс ке-

рі талқандалып, тұтқындалса, Орталық майдандағы жағдай барынша 

шиеленіскен еді. Себебі, Ржевтен кетсе, Мəскеуге жақындай алмайты-

нын  түсінген  фашистер  өздерінің  соңғы  мүмкіндіктерін  пайдаланып 

қалу  үшін  барын  салатындығы  əу  бастан  белгілі  болатын.  Оның  үс-

ті не,  Ржев  қаласының  Мəскеуден  небары 200 шақырым  қа шық тық та 


95

орналасқандығын  еске  алсақ, «Марс»  операциясының  сон ша лық ты 

қиын болғандығын түсінуге болатын секілді. Бүгінгі күн тұр ғы сы нан 

тү сін бей ті ні міз  құрбандыққа  шалынғандардың  қатарында  қа зақ стан-

дық тар дың, соның ішінде қазақтардың үлес салмағының көптігі. Де-

генмен  уақыт  бəріне  төреші.  Қазіргі  кезде  осы  ұрыста  шейіт  болған 

əруақ тар дың аты-жөндері қайта аталып, осы аталарымыз туралы ақ па-

рат тар көптеп берілуде. 

Мұндай иманды істі бастауға Ресейдің «қызыл ізшілерімен» хабар-

ласып,  Қазақстанда  жасақталған 100-ші  жəне 101-ші  ұлттық  ат қыш-

тар  бригадаларының  тағдыры  туралы  білуге  мұрындық  болған  Жам-

был  облысы  əкімдігінің  Ішкі  саясат  басқармасының  Тверь  облысына 

делегациялар жіберіп, аталарымыздың ерлігін айшықтай түсуге үл кен 

кө мек көрсетіп отырғандығын ризашылықпен айтып кеткеніміз дұ рыс 

қой деп ойлаймыз.

Осындай ұнамды істі ақтөбелік азаматтардың да атқарып, Ржев те гі 

мемориалдық  кешенді  абаттандырып, «қызыл  ізшілердің»  жұ мыс та-

рын жалғастыруға 1 млн. доллар ақша бөліп отырғандығын ықы лас пен 

атап  өтуге  болады.  Осы  бағыттағы  жұмыстарды  атқарудан  Ржев те гі 

мұражай қызметкерлерінің де тыс қалмағандығы белгілі. 

Əйтсе де, соғыста опат болған 10 мың адамның мəліметтері жинал-

ды,  бұқаралық  ақпарат  құралдары  жазғандай  мұражайдан  бірде-бір 

қазақтың  фотосуреті  болмағандығы  көңілге  қаяу  түсірді.  Дегенмен, 

орыс-қазақ қатынастарының одақтастық негізде өрбіп отырған ке з ін де 

мұндай  түйткілдердің  тез  шешілетініне  сенімділікпен  қараған  дұ рыс 

сияқты.  Бұған  біздің  облыс  делегациясының  кезекті  сапарында  анық 

көздері  жетіпті.  Сонымен, əу  дегенде  ауған  соғысының  батыры  «Ха-

лық қаһарманы» Б.Ертаев пен бір топ ауған соғысының ар да гер ле рін 

Мəс кеу де қала мэрінің орынбасары қабылдады. 

Орыс  ағайындар  бір  тудың  (кеңестік)  астында  бірігіп,  неміс  фа-

шис те рін талқандауда ерлік көрсетіп, өмірін қиған ерлерімізді мəң гі-

лік есте сақтау тұрғысында атқарылар істерге аянбай атсалысатынын 

мəлім етті. Осындай ықыласты кездесулер Б.Момышұлы мен Ə.Мол-


96

да ғұ ло ва атындағы мектептерде болған кездесулерде де жал ға сын та-

уып отырған. Осы басқосуларда ресейліктердің Ұлы Отан соғысында 

өз жерлерін фашист басқыншыларынан азат етуге қатысқан қазақ ба-

уыр ларын ешқашан ұмытпайтындарын байқай отырып, делегация құ-

ра мын да ғы лар дың көңілі марқайғандығы анық. 

«Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» демекші, сапар барысын-

да  делегация  мүшелері  болған  жерлерге  немістердің  де  келіп-кетіп 

жүр ге нін  естідік.  Мейлі,  олар  да  ата-бабаларын  жоқтап  жүрген  шы-

ғар. Ақы мақ саясаттың аңғал құрбаны болған орындаушы – əс кер лер-

дің күнəсін қайта ақтармай-ақ қояйық. Тек, осылай бас қын шы лар дың 

балалары бабаларына құрмет көрсетіп жатқанда біз не істеуміз керек. 

Осы тұрғыда ой қорытсақ, біріншіден, осы бағыттағы жұмысты жү йе-

лі түр де жалғастырғанымыз абзал. Ол үшін нақты іс-шаралар тіз бе гі 

бел гі ле ніп,  оның  орындалуы  тұрақты  жұмыс  тобының  ба қы ла уын да 

бол ға ны жөн. Күнделікті хабарласу мен делегациялар алмасу мə се ле-

сін де осы топтың шешкендігі дұрыс болар еді. Бұл іс-шаралардың тек 

мемлекет тарапынан көмек болғанда ғана өз шешімін табары тү сі нік ті 

болса керек.

Екіншіден,  соғыста  қайтыс  болған  боздақтарымызды  орыстар  та-

уып береді екен деп, күтіп отырудың еш қисыны жоқ. Сондықтан да 

осы саланы (Ұ.О.С. тарихын) зерделеп жүрген ғалымдар мен із де ну ші-

лер дің, өлкетанушылардың арасынан біліктілерін таңдап, олар дың осы 

істі кешенді зерттеуге тезірек көшуі дұрыс. 

Үшіншіден, осы бағыттағы атқарылған жұмыстар аз емес. Тек со-

ларды  ұқсата  түсу  жолындағы  іс-шараларымыз,  меніңше,  жоқтың 

қасы. Мəселен, «Марс» операциясына қатысып, ерлікпен қаза тапқан 

ер ле рі міз туралы өмірбаяндық анықтамалық жазып шығуға болмас па 

еді? Немесе қазірге дейін белгілі болған тұлғаларды, олардың туып-өс-

кен  елді  мекендерінде  ұлықтап,  соғыста  шейіт  болған  боздақтардың 

əруа ғын разы ету керек емес пе? Ол үшін əрбір мұражай мен ауылдық 

округтерде əскери даңқ бұрыштары ашылып, онда ерлеріміздің өмір-

бая ны, орден жəне медаль кітапшаларының көшірмелері мен майдан-


нан жазылған хаттары қойылса дұрыс болар еді. Мұндай игілікті іс тен 

Қор ға ныс істері жөніндегі департаменттер мен түрлі деңгейдегі га зет-

тер дің, сонымен қатар бүгінгі күні арамызда жүрген соғыс жəне ең бек 

ар да гер ле рі нің де тыс қалмайтындығы белгілі. 

Жалпы,  өткен  соғыстың  бізге  үлкен  сабақ  болғаны  анық.  Ендігі 

жер де гі міндет, біздің аға буынымыз жеткен осындай жетістіктерді ба-

ға лай білуімізде болса керек.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

1. ЖОММ. 282-қор, 1-тізбе, 336-іс, 22-бума, 7-п.

2. ЖОММ. 399-қор, 2-тізбе, 4 іс, 14-бума, 161-п.

3. ЖОММ. 282-қор, 1-тізбе, 548-іс, 36-бума, 89-п.

4. ЖОММ. 282-қор, 1-тізбе, 339-іс, 22-бума, 18-п.

5. ЖОММ. 282-қор, 1-тізбе, 453-іс, 29-бума, 4-п.

6. Рысдəулет М. Мəңгілік ерлік. «Дала» ЖШС 2012 ж. 44-п. 

7. ЖОММ. 282-қор, 1-тізбе, 656-іс, 43-бума, 66-п.






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал