Ұлы отан соғысыңДАҒы жеңістің 60 жылдығына арналған кеш



жүктеу 19.54 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі19.54 Kb.

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫҢДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 

60 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ 

Ұлы жеңіс, 

Қуанышың қанша мың, 

Сен ортақсың бақытына баршаның. 

Ағалардың арманысың аңсаған, 

Ауыр сәтте сындырмаған ар сағын. 

...Ана еңіреп жалғызынан айырылғ-

ан, 

Жар еңіреп қанатынан қайырылған. 

Қайыспайтын қара жер де қайысты, 

Соғыс, соғыс, сенің салған қайғыңнан. 

Өлгендер бар атқан оқтан құлаған, 

Келгендер бар сызат түспей дін аман. 

Қарттар да бар қаймықпаған күнәдан, 

Арулар бар тойлап тұрып жылаған. 

Көнген, көнген барлығына бұл Адам! 

Ұлы жеңіс, 

Қымбатсың ғой бәрінен, 

Саған қарап бой түзеймін әлі мен, 

Иілмеген еңсесісің елімнің, 

Қорықпаған жауған оқтың бәрінен. 

Ұлы Жеңіске- 60 жыл! 60 жыл 

бойы мамыржай өмір кешіп жатыр-

мыз. Алайда, соғыс аяқталған жоқ. 

Оның жаңғырығы кешегі сұрапыл 

күндерді басынан өткерген аталары-

мыз бен әжелеріміздің санасында 

жалғасуда. Ұлы Жеңістің тағлымы 

осында. Сондықтан да бұл Жеңісті 

атап өту кейінгі ұрпаққа парыз. 

Ұлы Отан соғысының 60 жылды-

ғын тойлау осыдан 3 жыл бұрын, 

яғни 2002 жылы ТМД елдері басшы-

лары кеңесінде кеңінен әңгіме бо-

лып, арнайы шешім қабылдаған бо-

латын. Содан бері дайындық жұмы-

стары бір сәт те тынған жоқ. 2004 

жылдың қазанында Қазақстан Рес-

публикасының Үкіметі Ұлы Жеңістің 

60 жылдық мерейтойына дайындық 

және оны өткізу  ж ұ м ы с т а р ы н 

жүргізу үшін мемлекттік комиссия 

құрды. Қарашаның басында Үкімет 

осы комиссияның 60 жылдықты атап 

өтуге орай жасаған іс-шараларының 

жоспарын бекітті. Жоспарда Ұлы 

Отан соғысы ардагерлері мен тыл 

еңбеккерлерін материалдық және 

әлеуметтік тұрғыдан қолдау, оларды 

мерейтойлық медальдармен және 

басқада мемлекеттік марапаттармен 

наградтау, медициналық қызмет 

жэне дәрі-дәрмектермен қамтама-

сыз етуді жақсарту тағы да басқа 

мәселелері қарастырылған. Міне, 

осы іс-шара аясында қаламызда Ұлы 

Отан соғысы ардагерлері мен тыл 

еңбеккерлерін қолдау, оларға қамқ-

орлық көрсету бағытында нақтылы 

шаралар жүргізілуде. Бүгінгі біздің 

а р д а г е р л е р м е н кездесу соның 

дәлелі. 


9- мамыр Ұлы Жеңіс күні. Дүни-

ежүзі тарихындағы сұрапыл соғысқа, 

алапат айқасқа нүкте қойылған күн. 

Біздің еліміз адамзат баласы басынан 

өткізбеген зұлматты өткерді. Соғыс 

арифметикасы қаралы арифметика. 

Әрбір секунд сайын бір адам, әрбір 

минут сайын он адам оққа ұшып жат-

ты. Ал соғыс 1418 күнге созылды. 

Жеңіс елімізге оңай келген жоқ. 

Ұлы Жеңіс бабаларымыздың биік 

патриотизм сезімі мен рух мықтылы-

ғымен келді. 

Ардагер... бұл сөзде адалдықты та-

залықты, мықтылықты көрсететін 

қасиет бар. Өйткені ардагердің рухы 

күшті. Сол рухпен жауды жеңці. Ар-

дагер Ұлы Отан соғысының қайғы-

қасіретін, қантөгісін көріп, ауыртпа-

лығын көтерген, куәгер. Бостандығы-

мызды сақтап қалып, жер жүзіне 

бейбітшілікті, халықтарға - бауырла-

стықты, балаларға- ашық аспан сый-

лаған майдангерлер. 

Біздің бүгінгі мерекелік кезде-

суіміздің қадірлі қонақтары: 

Ұлы Отан соғысының ардагері 

Бекмағамбетов Сағынтай Бекұлы, 

Архангельский Николай Михайло-

вич, Павленко Федор Николаевич. 

Кездесуде ардагерлер отты жыл-

дардағы қиян кескі ұрыстарды, 

ауыртпалықтарды еске түсіріп, 

өздерінің басынан кешкен уақиғала-

ры туралы әңгімеледі. Қызықты да 

тартымды өткен кешке Қарағанды 

қаласының коледждерінің студен-

тері мен «Мұрағер» мектебінің 

оқушылары қатысты. С. Сейфулин 

атындағы театр актерлерінің Ұлы 

Отан соғысы жылдарындағы өлең-

дерді нақышына келтіріп орындауы 

қонақтарды қызықтырды. 

Бүкіл ғаламды фашистік жаудан 

құтқарған ардагерлер - Сіздер аман 

болыңыздар, бауырларыңыз бүтін, 

көңілдеріңіз хош, денсаулықтарыңыз 

мықты болуын тілейміз. Аспан ашық 

ел тыныш, мереке құтты болсын ата-

лар! 


Воропаева Татьяна 

Телпекбаева Сандуғаш 

Взгляд на событие.-2005.-2 ақпан.-19 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал