Ұлы отан соғысы жəне қазақстан қ. М. Саманбеков



жүктеу 47.2 Kb.

Дата12.02.2017
өлшемі47.2 Kb.

206

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАН

Қ.М. САМАНБЕКОВ,

Мемлекет тарихы институты,

кіші ғылыми қызметкер

Астана қ., Қазақстан

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев 1999 жылы 

20 қаңтарда сөйлеген сөзінде: «Даңқты өткенімізден күш ала отырып, 

жаңа ғасырға нық қадам басамыз», – деген еді [8, 3]. Ұлы Отан со ғы сы 

мен ондағы қазақ батырларының ерлік істері – сол даңқты өт ке ні міз-

дің маңызды беттері, жас ұрпақты ұлтжандылық сезімге тəр бие леу де гі 

алып күш. Отан үшін өмірін құрбан еткен тағдырларды естен шы ғар-

мау – патриоттық тəрбиенің басты тақырыптарының бірі. Се бе бі, аға-

ның ісі қашанда ініге өнеге болмақ.

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтары, соның ішінде қазақ хал-

қы  үшін  өшпес  із,  жазылмас  жара  қалдырды.  Қазақстан  тарихында, 

түп теп келгенде, əлем халықтары тарихында бұл соғыстың алар орны 

ерекше. Себебі соғыстағы жеңіс талай адамдар өмірін сарп етті. Же-

ңіс құны – идея мақсатында тəлкекке салынған миллиондар тағ ды ры 

болды.  Кеңес  азаматы  Жеңіс  үшін  ең  жоғары  баға – өз  жанын  пида 

етті. Белгілі тарихшы, профессор М.Х. Асылбековтың сөзімен айт сақ: 

«Осынау  даңқты  Жеңісіміздің  құны  аса  жоғары  болды.  Отан  қор ғау 

үшін  қару  астына  шақырылғандардың (1,2 млн.)  жартысынан  аста-

мы отбасыларына оралмай кетті. Бұлардың жартысынан астамы – 350 

мыңы қазақтар еді (аударған – Қ.М.)» [6, 71]. 

«Талай адамдарын құрбан етіп, Кеңес Одағы ақыры Берлинге жет-

ті»,  адам  өмірін  аямай,  қаланы  алды.  Яғни  Берлинді  төрт  ел  қоршап 

тұ рып, «адамдарымыз қырылады» деп қалаға ешқайсысы кіргісі кел-

мей тұрған шақта тек Кеңес Одағы ғана адамдарын аямады. Енді, міне, 

Ұлы Отан соғысындағы жеңіс таңы үлкен адам шығынының ар қа сын-

да ғана атты. Себебі, одан басқа амал болмады. Сталин бұны жақ сы тү-



207

сін ді əрі қолда бар мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысты. Сталин үшін 

ойланбастан өз өмірін қиюға дайын миллиондаған жауынгерлер қа жет 

болды.  Мұндай  «соғыс  күшін»  Сталин 30-жылдары  «қолдан  жасап 

шы ғар ған»  болатын. 1932–1933 жылдардағы  ашаршылық, 1937–1938 

жыл дар да ғы жаппай қуғын-сүргін кеңес халқын əбден қор қы тып үр-

кіт ті. 1941 жылы тамызда жəне 1942 жылы шілдеде Сталин №270 жəне 

№227 заңдар жариялайды. Ол бойынша соғыс тұт қын да ры мен қаш-

қын дар отбасыларына қарсы қуғын-сүргін жүргізу жəне майдан ше бін-

де бұйрықсыз шегінгені үшін тергеусіз ату жазасын қол да ну қа рас ты-

рыл ған еді [1, 164]. Жалпы, тұтқындарды өз азаматы ре тін де танудан 

бас тартқан əлемдегі жалғыз мемлекет КСРО болды.

Екінші  бір  мəселе – аштық.  Ресейлік  зерттеуші  Б.Соколовтың  пі-

кі рі не сүйенсек, халық бұқарасын осынау қанқұйлы соғысқа итерме-

леген себептердің бірі – нақ сол аштық алдындағы қорқыныш сезімі. 

Автор өзінің «Красный колосс. Почему победила Красная армия?» де-

ген зерттеу еңбегінде мынандай тоқтамға келеді: «Барлық азық-түлік 

қа таң мөлшермен берілетін болғандықтан, əскери қызметтен жалтару 

аш тық қа апарып соғуы əбден мүмкін еді (аударған – Қ.М.)» [1, 164]. 

Сөз  астарында  бір  шындықтың  бары  анық.  Себебі,  ХХ  ғасырдың 

20–30-жылдарындағы кеңестік биліктің жүргізген солақай саясаты, қа-

зақ даласын «сойып» өткен ашаршылық «ажалы» халықты əбден ти-

тық тат қан еді. Енді, міне, есін жинап, еңсесі көтеріле бастаған елді со-

ғыс тауқыметі тағы қалжыратты...

Қазақстан Кеңес Одағының соғыс арсеналына айналды. Елдегі бар-

лық өндіріс орындары соғыс мұқтаждықтары үшін қызмет етті. Жау-

дан азат етілген аудандарға көмек Қорғаныс қорының қоймаларын тол-

тырды. Айта кетелік, «Барлығы майдан үшін! Барлығы Жеңіс үшін!» 

деген  ұрандар 20-жылдардағы  «Еділ  бойы  ашыққандарына  кө мек!» 

деген жалаң ұрандарды еске салады. Сондықтан адамдардың əс кер қа-

та ры на баруынан басқа амалы қалмағаны сияқтанады. 

Екіншіден, 30-жылдардағы  «кеңестік  биліктің  қылмыстық  əре кет-

те рі мыңдаған балаларды жетім қалдырды» [7, 102]. Жетімдік – Ұлы 


208

Отан соғысын қарастырған кезде назар аударатын факторлардың бірі 

деп есептейміз. Себебі, соғыстың басталған шағы нəубет жыл да ры  ның 

естен кете қоймаған кезі еді. Сондағы адамдардың осыған қа ра мас тан 

қо лы на қару алуының себебі неде? Себеп – «социализм идеясында». 

Ха лық асқақ идея жолында тар жол, тайғақ кешуге даяр болды. Міне, 

жо ғар ғы билік осыны жете түсініп, пайдаланып бақты.

Қалай  болған  күнде  де,  Кеңес  Одағының  құрамындағы  бодан  ха-

лық тар соғысқа баруға мəжбүр болғаны анық. 

Дегенмен, осы орайда соғысқа қатысқан əр азаматтың жеке ба сы-

ның мəселесін де ескерген жөн. Себебі, олар ортақ Отаны үшін өз де рін 

құрбандыққа шалды, жеке бастың қамынан ел мүддесін жоғары қой-

ды. Мысалы, атақты америкалық əскери тарихшылардың бірі Роберт 

Леки  өз  естеліктерінде  былай  деп  жазып  қалдырған: «Өзін  құрбан 

ету – соғыс пен бейбітшілік мəселесі арасындағы бітпес таластың жау-

абы» [2]. Ұлы мұрат жолында жанын қию арқылы олар ұрпағына – баға 

жетпес  мұра,  еліне  мəңгілік  даңқ  сыйлап  кетті. 30-жыл  тау қы ме ті не 

ұшы ра ған боздақтар соғыс басталған кезде өздерін басып-жа ныш та ған 

ке ңес билігін қорғау жолында қолдарына қару алып, жан беріп қыр ғи-

дай қорғағанын басқаша түсіндіру де мүмкін емес.

Əлгіндегі 32-нің  ашаршылығы  кезеңінде  азық  табу  үшін  бақшаға 

тү сіп,  күзетшінің  қолынан  қаза  тапқан  анасының  бейнесі  əлі  есінен 

кете қой ма ған Əлияның майданға өзі сұранып баруының себебі де осы-

дан болары анық. [7, 101]. Ал Р.Қошқарбаевтың ерлігі ше? Қасындағы 

жа уын гер  Г.Полатов  екеуi  қарсы  алдынан  оқ  жауып  тұрғанына  қа ра-

мас тан, Берлиннiң көшесiнде немiстiң Парламентi отыратын Рейх стаг-

қа  қарай 200 метр  жерге  түнгi  сағат 04-тен  күндiзгi 12-ге  дейiн  жер 

бауырлап  жүру  мақсатының  түбі  қазақтың  атын  асқақтатуы  бол ған-

ға ұқсайды. Соғыс лебі жетімдіктің, жалған жаланың қасіретін əб ден 

тарт қан  генерал,  Кеңес  Одағының  Батыры  Сабыр  Рақымов  үшін  де 

Отан алдында өзін əбден ақтаудың негізгі бір сылтау болған сияқ ты. 

Ал батыр қыз Мəншүк Мəметова болса, əкесінің ардақты атын жала-

дан аршып алу мақсатымен майданға өз еркімен сұранған (əкесі – Ах-


209

мет Мəметов 1937 жылы Алаш Орда қайраткерлерінің бірі ретінде ату 

жазасына кесілген еді) [7, 251]. 

ХХ ғасырда қазақ халқы екі дүрбелеңді бастан кешті. Олардың ал-

ғаш қы сы 30-жылғы  алапат  ашаршылық  болса,  екіншісі – Ұлы  Отан 

со ғы сы. 1932–1933 жылдары  қазақ 2 млн. 300 мың  азаматынан  айы-

рылды. Шығыны аздай аман қалғанын соғысқа əкетті. Ең ауыр деген 

ыс тық нүктелерге жөнелтті.

Соңғы  деректерге  қарап  отырсақ,  қазақтарды  «соғыстың  ең  ауыр 

деген  ұрыстарында  жаппай  пайдалану  тəжірибесі  жүргізілген».  Мы-

салы, Қазақстанда майданға халықтың 25 пайызы жасақталғаны бел гі-

лі. Ал бұл бүкіл Одақ көлемінде жүргізілген жұмылдырудан қа ра ған да 

əлдеқайда жоғары болған еді [3].

Екіншіден, көптеген қазақстандықтар ұрыстың қайнаған ортасына 

тасталды. Орталық Азиядан жасақталған əскери құрамаларды ең жой-

қын, қиын жерлерге жіберген. Мəселен, Калинин шайқасында қа зақ-

тың 12 мың азаматын ең жойқын жерге жiберген. Ол туралы Калинин 

май да ны ның  қолбасшысы  генерал  А.Еременко 1965 жылы  Мəс кеу де 

Же ңіс тің 20 жылдығына орай өткен үлкен жиында былай деп ақи қат ты 

айт қан  болатын: «Иə,  бiз  шынында  қазақтың  екi  ұлттық  бригадасын 

ең қиын жерге, яғни фашистердiң аузына тастадық. Бiз кiнəлiмiз» [4]. 

Мəс кеу түбіндегі шайқаста қан кешті ерлік көрсеткен 316-шы ат қыш-

тар дивизиясының құрамы да негізінен қазақ пен қырғыз ұлт та ры нан 

жа сақ тал ған, ал орыстар тек 20–25 пайызын құраған [5, 226].

Жалпы, Кеңес Одағы бойынша 27 млн. адам қаза болса, оның ішін-

де орыстар 6 пайыз, украиндар – 8 пайыз, белорустар – 10 пайыз, ал 

қа зақ тар – 13 пайызы... [5, 228].

Тыл  жұмысындағы  қазақ  азаматының  халі  де  майдан  шебіндегі 

қан дас бауырласының жағдайынан кем түспеген. Ресей Федерациясы 

Мем ле кет тік  Мұрағат  қорларын  мұқият  зерттеп  шыққан  профессор 

М.Х. Асылбеков қазақ еңбекшілеріне артылған еңбек мін дет кер лі гі нің 

аса ауырлығын атап өтеді. «Қазақстан мен республиканың өзге тыл ау-

дан да рын да ғы еңбекке жарамды колхоз жұмысшыларының ара қа ты на-


210

сын ескеретін болсақ, үлкен алшақтықты байқауға болады: көр сет кіш 

1-дің 16 қатынасына тең, яғни бір колхозшының орташа ең бек жүк те-

ме сі ел (яғни КСРО) бойынша орташа жүктемеден əл де қай да жо ға ры 

бол ған ды ғын көрсетеді (аударған – Қ.М.)», – деп жазады автор өз зерт-

теу мақаласында [6, 66]. 

Жалпы,  соғыс  қазаққа  өте  ауыр  тиді.  Майдан  даласында  жарты 

миллионнан астам азаматымыз шейіт болды. Соғыстан оралған талай 

қан дас та ры мыз дың  лагерьлер  қыспағына  іліккендері  қаншама.  Соң-

ғы жылдардағы құпия белгілері шешілген мұрағат деректері – осы ған 

айғақ.

Дегенмен  шығынымызды  ғана  есептемей,  шыққан  биігімізді  неге 



айт пас қа. Себебі соғыстың алғанынан бергені де болды емес пе?

Біріншіден,  Қазақстанның  экономикалық,  мəдени,  ғылыми  əлеуе-

ті  біршама  өсті.  Мысалы, 1941–1945 жылдары  республикада 460 за-

уыт-фабрикалар,  кеніштер  мен  шахталар  жəне  т.б.  өндіріс  орындары 

салынды. 1944 жылы ондаған жаңа мектептер, екі жоғары дə ре же лі оқу 

орны ашылды. Бұл кез қазақ халқы мəдениетінің, өнерінің одан əрі өс-

кен жылдары болды [5, 197].

Екіншіден, Ұлы Отан соғысы əбден ез болған қазақтың еңсесін кө-

те ріп,  атын  ақтады.  Сол  майдан  қазақ  халқының  рухын  аспандатты. 

Қа  зақ  стан ның 500-ден астам ұл-қыздары Кеңес Одағының Батыры де-

ген асқақ даңқа ие болды. Ұшқыштар Н.Əбдіров пен Т.Би гел ди нов тың 

аттары əлемге танылды. Б.Момышұлы туралы сол со ғыс тың басында-

ақ  кітап  жазылды.  Əлия  мен  Мəншүгіміз  тек  қазақ  қана  емес,  бүкіл 

шы ғыс əйелдерінің атын бұрын-соңды болмаған биікке кө те ріп таста-

ды. Ақыры қазақ ұланы Р.Қошқарбаев Рейхстагқа алғаш болып ту тік-

кен дер дің қатарынан көрінді.

Сөйтіп, 30-жылғы қасіреттен еңсесі көтерілместей етіп басып-жан-

шыл ған, «сен  ұлт  емес,  тобырсың»  дегендердің  ырқына  ептеп  көне 

бас та ған халықты бір серпілтіп, алаш жұртының атын əлемге паш етті.

Қорытындылай  келсек, 1418 күнге  созылған  соғыс  қазақ  басына 

төн ген  сұрапыл  заман  уақыты  болды.  Соғыс  салдарынан  жергілікті 


ха лық тың табиғи өсімі көптеген жылдар бойына тоқтап, ол өз же рін-

де ұлттық азшылыққа айналды. Құру қаупі алдында тұрды. Дегенмен, 

мұн дай қауіпті сезе де, біле де тұра, жауға қарсы айқаста тайсалмады, 

қа сық қаны қалғанша шайқасты. Қазақтың тірі болуы үшін арпалысты. 

Сол себепті, ағаларға тағзым ету – інілердің қарызы.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

1.  Соколов Б. Красный колосс. Почему победила Красная армия? М.: Яуза, 

Эскмо, 2007. 352 с. (Великая Отечественная. Неизвестная война).

2.  Леки Р. Каска вместо подушки (электронды ресурс) // http//militeria.lib.ru/

memo/usa/leckie_r/

3.  Аяган Б.. Это был подвиг всей страны // Казахстанская правда. (№13) 9 мая 

2012 года.

4.  Тiлеу  Көлбаев.  Қазақтың 12 мың  азаматын  ең  жойқын  жерге  жiберген 

(электронды  ресурс) // http://www.oksh.kz/arhive/Muragat/2011/68-69/

Kolbaeb.htm

5.  Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында. (Тарихи-құжаттық зерт-

теу). Алматы: «Өнер», 2010. 640 б.

6.  Асылбеков  М.Х.  Великая  Отечественная  война  Советского  Союза 1941–

1945 гг. и Казахстан / Кеңес Одағының Батыры гвардия генерал-майоры 

Сабыр  Рақымовтың 110-жылдығына  арналған  Халықаралық  ғылыми-

практикалық конференцияның материалдары. Шымкент, 2012. 112 б.

7. 1932–1933 жылдардағы ашаршылық ақиқаты – Правда о голоде 1932–1933 

годов / Аяған Б.Ғ., Қыдыралина Ж.Ү., Ауанасова Ə.М., Қашқымбаев А.Н., 

Анафинова М.Л., Ілиясова К.М., Б.Ғ. Аяғанның редакциясымен. Алматы: 

ТОО «Литера-М», 2012. 336 б. + 16 б. жапсырма. қазақша, орысша.

8.  Аманжолов К., Тасболатов А. Қазақстанның əскери тарихы: Оқу құралы. 

Өңделіп,  толықтырылып  екінші  басылуы.  Алматы:  Білім, 2008. 320 б., 



суретті.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал