Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерей тойына орай аудандық кітапханада



жүктеу 371.29 Kb.

бет1/4
Дата07.09.2017
өлшемі371.29 Kb.
  1   2   3   4

14 cәуір 2015 жыл

8

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Ұлы  Жеңістің  70  жылдық  мерей-

тойына  орай  аудандық  кітапханада 

арнаулы әдебиеттер ұсынылып, түрлі 

шаралар  ұйымдастырылуда.  Соның 

бірі  –  «Ұрпақтар  ұмытпайтын  Ұлы 

Жеңіс»  атты  тақырыптық  кеш.  Оған 

соғыс  жылдары  қабырғасы  қатпай 

жатып, еңбекке араласқан Қадес аға 

Қарағойшин  және  М-С.Бабажанов 

атындағы  орта  мектеп  мұғалімі 

Қырмызы  Қойбағарова  бастаған  бір 

топ шәкірт қатысты.

Кеш  барысында  Орда  аудандық 

әскери 


комиссариаты 

арқылы 


майданға 4613 адам аттанып, 3028-нің 

оралмағаны, 1408-нің ұрыс даласын-

да қаза тауып, 206-ның жарақатынан 

көз жұмғаны, 4-нің жау қолына түсіп, 

тұтқында  дүние  салғаны,  шайқасқа 

түскен 


ордалықтардың 

2963-і 


қатардағы  жауынгер  мен  кіші    ко-

мандир,  ал,    653-і  офицер  болғаны 

баяндалды.  Слайд  арқылы  май-

дангер  ағалардың  фото-суреттері 

көрсетілсе, Айгерім Ахонова өз атасы 

туралы  сыр  шертіп,  «Мәншүк  әпке» 

өлеңін нақышына келтіре оқып берді. 

Тыл  ардагері  Қадес  аға  Қарағойшин 

ауылдастарының 

сол 


сұрапыл 

жылдардағы  ерен  еңбегі  турасында 

сөз  қозғаса,  кітапханашылар  Сәуле 

Жакенова  196-шы  Қызыл  Тулы  Гат-

чинск  атқыштар  дивизиясы  жайында 

хабарлама жасап, Қалампыр Әбуова 

«Ұрпаққа  ұран  болған  Ұлы  Жеңіс» 

атты  кітап  көрмесімен  таныстырды. 

Оқушылар  Әнуар  Шәкенов,  Алтын-

бек  Кендебайұлы,  Айнұр  Өтегенова, 

Естөре  Рахметоллин  өлең  оқып,  ән 

шырқап, кештің сәнін келтірді.

* * *

Аудандық  кітапхана  мен  мектеп-



тен  тыс  тәрбие  орталығы  бірігіп, 

Кеңес Одағының Батырлары Мәншүк 

Мәметова мен Әлия Молдағұлованың 

және  Халық  қаһарманы  Хиуаз 

Доспанованың  ерлігін,  олар  туралы 

әдебиеттерді насихаттау  мақсатында 

«Ерлік  –  елге  мұра,  ұрпаққа  ұран» 

атты  ауызша  журнал  өткізілді.  Оған 

оқушыларымен бірге «Арай» туристік-

сауықтыру  лагері  меңгерушісі  До-

сжан  Кенжебаев,  тәрбиешісі  Айсара 

Тәжібаева да қатысты. Оқырмандарды 

кітаппен  қамту  бөлімінің  меңгерушісі 

Айсұлу  Темірешева  кіріспе  сөз 

сөйлеп, кітапханашы Арайлым Ділма-

нова, оқырмандар Айдана Қарашева, 

Жанарбек 

Құспанов 

Мәншүктің 

өмірбаяны мен ерлігін слайд арқылы 

көпшілік назарына ұсынды. Басқосуда 

«Жас  дарын»  үйірмесінің  жетек-

шісі  Ұлжан  Қадыралиева    мен  жас 

оқырмандар  Динара  Рахметқалиева, 

Әсемгүл  Мүслимеден    қазақтың 

қайсар  қыздарының  өмірі  мен  ерлігі 

туралы  баяндаса,  шәкірттер  Диана  

Жексен  «Өмір  өрнектері»  атты  өлең 

оқып, Әсем Ерболатова «Әлия» әнін  

шырқады, Аида Хасенова мен Динара 

Дүйсекешева «Катюша» биін биледі. 

Кеш соңында оқырмандарды кітап-

пен  қамту  бөлімінің  кітапханашысы 

А.Ділманова  аталмыш  тақырыпта 

кітап көрмесін жасақтап, «Көркем су-

рет»    үйірмесінің  жетекшісі  Бақтияр 

Талипов шараны бейнетаспаға түсірді. 

Оқырман  Ақсүйрек  Қошаева,  оқушы 

Айтоты Қадерова Мәншүк пен анасы 

Әминаның  образдарын    сомдап,  Ди-

нара  Ғұмарова,  Сұлтанбек  Насике-

нов  ақын  Ақұштап  Бақтыгерееваның 

«Мәншүк», «Мәншүк әпке» өлеңдерін 

мәнерлеп оқып берді.



А.ХАСАНҚЫЗЫ.

Отты жылдардың ойраны 

ұмытылмайды

Жүйріктен жүйрік 

озар жарысқанда...

Халқымыздың 

мәдени 

мұрасын,  соның  ішінде  ұлттық 



салт-дәстүрлерін, 

ғасырлар 

бойы  қалыптасқан  әдет-ғұрпын 

насихаттап, осы құндылықтарға 

негізделген  отбасы  мәртебесін 

көтеру 


мақсатында 

Орал 


қаласындағы Дина Нұрпейісова 

атындағы №1 балалар саз мек-

тебінде  облыста  алғаш  рет 

«Өнерлі  қыз,  өнегелі  жеңге» 

сайысы 

оздырылды. 



Оған 

аудандық кезеңнің 11 жеңімпазы 

мен  Орал  қаласының  үздіктері 

(барлығы  26  адам)  қатысты. 

Біздің  ауданымыздың  намысын 

қорғаған  Назгүл  Пахманова 

(Б.Жәнекешев  атындағы  орта 

мектептің  11  сынып    оқушысы) 

мен  оның  жеңгесі  Индира  Әшенова  байқаудың  4  бөлімнен  де  сүрінбей  өтті. 

Таныстырудың  өзінде-ақ  өздерінің  алғырлық,  білімділіктерімен  көзге  іліккен 

Назгүл мен Индира қарсыластарынан оза шауып, жеңістің шыңына көтерілді. 

Қазіргі  ақпараттық  заманда  да  қайынсіңлі  мен  жеңге  арасында  шынайы 

татулық, сырлы сырластық болатындығын паш етті. Қазақы қарым-қатынастың 

ерекшелігін ұтымды көрсете білген сайыскерлерімізге өзара сыйластықтарың 

ұзағынан болып, өнерлерің өрге жүзе берсін дейміз.

* * *


Тағы  бір  қуанышты 

жайт, 


жуырда 

Аты-


рау  қаласында  өткен 

республикалық 

пән 

олимпиадасына 



орыс 

мектептеріндегі 

қазақ 

тілі  пәнінен  қатысқан 



жәңгірхандық 

11-сы-


нып  оқушысы  Дамир 

Оразгелдиев  (жетекшісі 

Б.Сабырова) 

жүлделі 


ІІ  орынды  жеңіп  алып, 

арнайы  Диплом  мен 

сертификатқа ие болды.

Бөкейліктердің  білім-

дарлығын  республика-

лық  дәрежеде  дәлелдей 

білген шәкіртіміздің қашанда мерейі үстем бола бергей!

Е.ИМАНБАЕВ,

аудандық білім беру бөлімінің басшысы.

Әли  Мұрадым  –  М.Мәметова 

атындағы  орта  мектептің  7-сынып 

оқушысы.  Тұлғасы  нағыз  спортшы-

ны көзге елестететін осынау сүйкімді 

жеткіншектің  волейболға  ынтасы 

алабөтен.  Дене  шынықтыру  пәнінің 

мұғалімі  Мұзафар  Таңатовтың  ай-

туынша,  оның  қимыл-қозғалысы  да 

ерекше көрінеді.

Ерекшелігі  сол,  2000-2002  жылғы 

жасөспірімдер  арасында  Қазталов 

ауданында    волейболдан  өткен  

жарыста  облыстық  балалар  және 

жасөспірімдер спорт мектебінің бап-

кері  Равиль  Жалелов  топ  баланың 

ішінен  оның  ойынына  айрықша 

сүйсініп,  облыстық  құрамаға  аттай 

қалап  алыпты.  –  Әлиді  таңдау  се-

бебім  біріншіден  басқа  ойыншылар-

дан  бойының  ұзындығымен  көзге 

түсті.  Екіншіден  оның  волейбол-

дан  болашағы  жарқын  екені  бір-

ден  байқалды,-дейді  Р.Жалелов. 

Жақында 

сол 


Әли 

облыстық 

құрамамен 

Семей 


қаласында 

оздырылған республикалық жарысқа 

қатысып  келген.  Шілде  айында  ол 

тағы  да  республикалық  жарысқа 

аттанбақ. 

–  Кішкене  кезінен  доп  қуып  өсті 

ғой.  Алғашында  домбыра  үйірмесіне 

берген  едік.  Оған  ынтасы  бола 

қоймады.  Ал,  спорт  десе,  ішер  асын 

жерге  қояды.  Облыстық  құрамаға 

алынады  дегенде,  толқығаным  рас. 

Қанша  дегенмен  12  жаста,  әлі  кіш-

кентай ғой. Ал, ол болса, «барамын» 

деп кесіп айтты. Жалпы, ұлымыздың 

спортты  сүюіне  бапкері  Мұзафар 

Қабденұлының  ықпалы  зор  болды,  -

дейді анасы Нұргүл Ғайсина. 

–Әлидің  өзіндік  әдіс-тәсілі  бар. 

Әрі  жақсы  шабуылшы.  Өзінен 

үлкендермен  ойнап,    нәтижеге 

жету  оның  қатарындағы  балаларға 

оңай  соқпасы  анық.  Ең  бастысы, 

талапты  жеткіншектің  волейболға 

қызығушылығы 

басым,-дейді 

Нұргүлдің  сөзін  іліп  әкеткен  бапкері 

М.Таңатов. 

Алар  асуларың  биік  болсын,  Әли 

дейміз біз де.

Г.ТАСБОЛАТҚЫЗЫ. 

Волейболшы Әли 



облыстық құрамаға алынды

Мектеп мерейін 

тасытқан шәкірттер

Газетіміздің  өткен  са-

нында жас экологтардың 

аудандық  байқауы  «ЭК-

СПО  –  2015»  өткендігі 

жөнінде хабарлаған бола-

тынбыз.  Осы  байқаудың 

облыстық 

кезеңіне 

жолданған 

шәкірттер 

мектеп  мерейін  тасы-

тып,  табысты  оралды. 

Атап  айтсақ,  зерттеу 

жұмыстары 

бойынша 


Жұлдыз  Тілекқызы  (же-

текшісі 


Б.Лұқпанова, 

М.Мәметова ат. орта мек-

теп), Жансая Қиланбекова 

( ж ет. А . М е ң д і ғ а л и е в , 

Ш.Жексенбаев), 

Ерна-


зар  Қанапияновтар  (жет.

Н.Есеева,  М.Мәметова) 

жетекшілерімен 

бірге 


«Алғыс  хатпен»  марапатталса,  екі  жұмысын  ұсынған  Темірлан  Кенжеғалиев 

(жет. А.Қитанов, М.Бегалиева) зерттеу жұмысы бойынша ІІІ орыннан көрінсе, 

көрме жұмысы бойынша (жет. Д.Темірғалиев)  «Алғыс  хат» иеленді.

Байқауға  барар  жолда  аяқастынан  техникалық  ақауларға  тап  болдық. 

М-С.Бабажанов  атындағы  орта  мектеп  мұғалімі,  жетекші  Қырмызы 

Қойбағарованың  жауапкершілігі  арқасында  аталмыш  қиыншылықтар  дер 

кезінде  шешілді.  Осындай  мақтауға  лайық  әрекеті  үшін  ұстазға  білім  бөлімі 

әдіскерлері атынан алғысымды білдіргім келеді.

* * *

5-6  сыныптықтар  арасында  қабілетті  балаларды  анықтау,  мемлекеттік  тіл 



мен шет тілі, Қазақстан тарихы, математика пәндеріне деген қызығушылығын 

арттыру мақсатында Орал қаласында өткен V облыстық «Достық – 2015» пән 

олимпиадасына  ауданымыздың  4  мектебінің  оқушылары  қатысты.  Аталмыш 

сайыста Б.Жәнекешев атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Нұрайлым 

Күзембаева жүлделі ІІ орынға ие болды.

Назгүл ТІЛЕПОВА,

аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Суретте: Темірлан Кенжеғалиев.

Классикалық  пауэрлифтинг  және  штанганы  жатып 

сығымдап  көтеруден  ерлер  мен  әйелдер  арасында  об-

лыс кубогі үшін оздырылған чемпионатта аудан намысын 

ханордалықтар  қорғады.  Орал  қаласында  өткен  осынау 

айтулы  жарысқа  әріптесім  Рахым  Қожағалиевтің  үкілеп 

алып  барған  қос  шәкірті  бөкейліктердің  мәртебесін  тағы 

да бір асқақтатты.

Таратып айтсақ, мектебіміздің 8 сынып оқушысы Нұршат 

Батырғалиева  классикалық  пауэрлифтингтен  52  келі 

салмақ дәрежесінде 107,5 нәтиже көрсетіп, қола медальға, 

штанганы жатып сығымдап көтеруден (65) күміс медальға 

қол жеткізді. Ал, 11 сынып оқушысы Зарина Шынболатова 

классикалық пауэрлифтингтен де (57 келі салмақта 140), 

штанганы  жатып  сығымдап  көтеруден  де  (105)  жоғары 

нәтиже көрсетіп, екеуінен де жеңімпаз атанып, қос алтын-

ды мойнына тақты. Шәкірттердің жаттықтырушысы Рахым 

Берегенұлы  да  осында  бағын  сынап,  105  келі  салмақта 

штанганы жатып сығымдап көтеруден 462-ні бағындырып, 

күміс  медаль  иегері  атанды.  Осылайша,  жалпы  есеп-

те  спортшыларымыз  чемпионат  жүлдегерлері  сапына 

қосылды.


Жас  штангашылар  мен  оларды  баптап  жүрген 

әріптесімізге  тілегіміз:  осындай  байрақты  бәсекеде 

бөкейліктердің мәртебесін биіктете беріңіздер!

Н.ЕЛЕУОВ, 

Жәңгір хан атындағы орта мектептің 

дене шынықтыру пәні нұсқаушысы.

Байрақты бәсекедегі бөкейліктер жеңісі



Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады

Апталық  басылым



№17 (6946)    14 сәуір    2015 жыл

Бөкей  ордасы   аудандық  қоғамдық-саяси  газеті

Орда жұлдызы

+12


+7

Сәрсенбі, 15.04.2015

+10

+7

Бейсенбі, 16.04.2015



+19

+8

Жұма, 17.04.2015



+14

+8

Сенбі, 18.04.2015



+12

+3

Жексенбі, 19.04.2015



+17

+5

+14



+4

Дүйсенбі, 20.04.2015 Сейсенбі, 21.04.2015

Тұрғындар жиыны

Аудандық 

Мәдениет 

үйінде 


оздырылған 

Сайқын 


ауылы 

тұрғындарының 

жалпы 

жиы-


нына  ұсынылған  күн  тәртібінде 

«Аудандық 

мемлекеттік 

кірістер 

басқармасының  2015  жылдың  1-

ші  тоқсанында  атқарған  жұмысы 

және  салық  саласының  басқа  да 

мәселелері  туралы»  басқарма  бас-

шысы  С.Жадыраевтің,  «Тұрғындарға 

медициналық  көмек  көрсету  және 

туындаған  кемшіліктерді  шешу  жол-

дары туралы» аудандық аурухананың 

аурудың  алдын  алу  және  науқасқа 

әлеуметтік-психологиялық 

көмек 

көрсету  кабинетінің  жоғары  са-



натты 

дәрігері 

А.Хайырованың, 

«Құқық 


бұзушылықтың 

алдын 


алу  мәселелері  туралы»  Сайқын 

ауылдық  округі  учаскелік  полиция 

испекторы  Д.Байбековтің,  «Шекара 

мәселелері  туралы»  «Орда»  шекара 

заставасының  Бөкей  ордасы  учас-

келік  шекарашысы  А.Әбдішевтің, 

«Экологиялық-санитарлық 

айлық 


және  санитарлық  нормаларының 

сақталуы 

туралы» 

аудандық 

тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау 

басқармасының  жетекші  маманы 

Е.Жұмағалиевтің 

хабарламалары 

тыңдалды.

Аудандық  мемлекеттік  кірістер 

басқармасы  басшысының  хабарла-

масында  ағымдағы  жылдың  бірінші 

тоқсанына  47446  мың  теңгеге  бел-

гіленген  кіріс  жоспары  65491  мың 

теңге  құрап,  жоспар  138  пайызға 

орындалғаны,  мүлікті  жария  ету, 

салық  саласына  енгізілген  басқа  да 

жаңалық, өзгерістер сөз болды. Дәрі-

гер  А.Хайырова  бұрыннан  көрсеті-

ліп  жүрген  көптеген  медициналық 

көмек  түрлері  «Денсаулық  сақтау 

саласындағы  көрсетілетін  мемлекет-

тік  қызметтер  стандарттарын  бекіту 

туралы»  ҚР  Үкіметінің  2014  жылғы 

20  наурыздағы  №253  қаулысымен 

медициналық-санитариялық алғашқы 

көмек 

көрсететін 



медициналық 

ұйымдарда 

анықтама, 

еңбекке 


уақытша жарамсыздық парағын және 

еңбекке  уақытша  жарамсыздық  ту-

ралы  анықтама  беру,  стационарлық 

науқастың  медициналық  картасына 

көшірме  беру  сияқты  медицина  са-

ласында мемлекеттік қызмет көрсету 

стандарттар  тізімі  жаңадан  қосымша 

төрт  түрмен  толыққанынан  хабар-

дар  етті.  Сонымен  қатар  ол  барша 

ауыл  тұрғындарын  скринингтік  және 

флюрографиялық  тексеруден  тегіс-

тей өтуге шақырды. 

Қалған 

хабарлама 



жасаушы-

лар  да  қызмет  саласы  бойынша 

есептік  мерзім  ішінде  атқарылған 

жұмыстарынан 

мағлұмат 

берді. 


Жиынға  қатысушылар  тарапынан 

сөйлеген Чарльз Қойшыбаев, Жанар 

Темірешева, Жігер Омаров ауылдың 

экологиялық қолайсыздық жағдайына 

алаңдаушылық  білдірсе,  ардагер 

Әбухан Исалиев шекара бекетінен өту 

мәселесін  қозғап,  шекарашылардың 

адресіне  сын  айтты.  Оларға  аудан 

әкімінің  орынбасары  Р.Зұлқашев  пен 

ауыл әкімі Б.Насимоллин түсінік бер-

ді.

*      *      *



Осындай  кездесу  аудан  әкімі 

Н.Рахымжанов  пен  орынбасары 

Р.Зұлқашевтің  қатысымен  Хан  Орда-

сы  ауылында  да  оздырылды.  Ауыл 

тұрғындары,  жергілікті  кәсіпкерлер 

және  шаруа  қожалықтарының  ба-

сын  қосқан  бұл  жиында  аудандық 

мемлекеттік  кірістер  басқармасының 

салық  төлеушілермен  жұмыс  және 

өндіру бөлімінің басшысы М.Таңатов 

қызмет саласы бойынша атқарылған 

жұмыстары,  соның  ішінде,  көлік 

салығы,  тұрғын  үйлерді  заңдастыру, 

кәсіпкер  ретінде  тіркелу,  мүлікті  жа-

рия  ету  жөнінде  хабарлама  жасап, 

қойылған сұрақтарға жауап берді.



А.ЖҮНІСОВ.  

Кезектен тыс сессия



Кеше, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында депутат Н.Тәжімұратовтың 

төрағалығымен аудандық мәслихаттың ХХІІ сессиясы кезектен тыс оз-

дырылды.  Оған  депутаттармен  қатар  аудан  әкімі  Н.С.Рахымжанов  пен 

оның  орынбасарлары,  мекеме,  бөлім  басшылары,  қоғамдық  ұйым  же-

текшілері қатысты.

Күн  тәртібіндегі  «Аудандық  мәслихаттың  2014  жылғы  23  желтоқсандағы 

№20-2 «Бөкей Ордасы ауданының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті ту-

ралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық эко-

номика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Темірбаев хабарлама жасады. Бұл 

мәселемен  өз  отырыстарында  танысып,  талқылап  алған  депутаттар  атынан 

«Нұр  Отан»  партиясы  аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары 

Т.Арыстанбеков сөйлеп, ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларға түгелдей 

келісетіндіктерін білдірді.

Өз кезегінде аудан әкімі Н.Рахымжанов белсенді қызметтері үшін мәслихат 

депутаттарына алғысын жеткізіп, алда істелер ауқымды жұмыстарды баянда-

ды. Сессия төрағасы Н.Тәжімұратов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Таңатов 

өз ойларын ортаға салды. 

Сессияда тиісті шешімдер қабылданды.

Қар кетіп, жер қарайғанымен ауа райының биылғы нышаны көктемнен гөрі 

күзге  ұқсайды.  «Нарықтық  экономикаға  көшудің  өтпелі  кезеңінде  қысқарған 

көп штаттық қызметтің бірі сияқты ару көктем де қысқарып кетпеді ме екен?» 

деп ойлайсың. Әйтпесе, осы кезеңде жер-ана бусанып, жылғалармен қар суы 

сылдырлап ағып, жас балалар қағаздан қайық жасап, соны суға жіберіп, ере-

сектері құрғақтау төмпешікте асық ойнап жүрмес пе еді?! Басыңнан өткен сол 

балдәуренді немереңнің қылығынан көргің келеді...

–Қоғам өзгерді, соған сай тұрмыс-тіршілік те өзгерді,-дейді ауданның ауыл 

шаруашылығын  басқарып  отырған  Хайроллин  Сүйінбек  ініміз.  –  Оны  мал 

өсірушілер өмірінен де айқын аңғарамыз. Жақында аудан әкімінің орынбасары 

Рүстем  Зұлқашев,  аудандық  аумақтық  инспекция  басшысы  Бауыржан  Ора-

зов үшеуміз «Агробизнес – 2020» бағдарламасын насихаттап, малшы ауыл-

дарды  аралағанымызда  көп  жайларды  көзбен  көріп,  риза  болдық.  Мысалы, 

өздеріңіз жақсы білетін, Орда ауданы қайта құрылған тұста ауаткомде шофер, 

Сайқын  тұтынушылар  кооперациясында  автодүкенші,  ауданымызда  қыша 

майын алғаш өндірген, кейін Ордаға қоныс аударған орманшы, ал, бұл күнде 

фермер  атанған  Амангелді  Қадешевті  алайық.  Оның  шаруа  қожалығында 

төрт  түліктің  бәрі  өсіріледі.  Шөп  шабу  машиналарын  тракторынан  бастап, 

«КТП»  тырнауыш,  рулонды  пресс  бәрі-бәрін  жалға  алған.  Қорапты  5  кісілік 

«УАЗ»  автокөліктері  өз  алдына.  Ірі  қара  тұқымын  асылдандыруды  мақсат 

тұтып, қазақтың ақ бас тұқымды бірнеше бұқасын сатып алыпты. «Агробизнес 

– 2020» бағдарламасында қаралған жеңілдіктерді де пайдаланып отыр. Нарын 

құмының  қалың  ортасындағы  оның  қыстағына  кеңес  дәуірінде  электр  желісі 

тартылмаған екен. Әбес былтыр тиісті орындармен келісіп, күн батареялары-

нан қуат алатын кешенді қондырғы орнатып алған. Соған тоңазытқыш қосып 

қойып, жер серігі антеннасы арқылы теледидар хабарларын тамашалап отыр. 

Құм өңірінде бұрын-соңды мұндай болып па еді?! 

Әңгімесін Орда ауылдық округінен Бисенге бұрған Сүйінбек Жексенбайұлы 

Жетібай  елді  мекенінің  іргесіндегі  «Сатыбалды»  қыстағындағы  Момыновтар 

әулетінің еңбекқорлығын да ерекше дәріптеді. Ағалы-інілілер әке-шешесімен 

бірігіп,  шаруа  қожалығын  құрып,  оған  аталары  Ораздың  есімін  беріпті.  Же-

текшілігіне  Момынов  Ермек  Мәлікұлын  тағайындапты.  Шаруаларының  өрге 

басқандығы заманауи үлгіде жөндеуден өткен баспаналарынан-ақ байқалып 

тұрған көрінеді. Мал тұқымын асылдандыруға бағыт ұстанып, қазақтың ақ бас 

сиыры бұқаларын 2-3 жыл турасында Жаңақаладан сатып алған олар былтыр 

26  ақ  бас  тұқымды  қашарды  Ақжайықтан  әкеліпті.  Бұл  күнде  асыл  тұқымды 

малдар төл бере бастапты. 

Міне, бәрі «Агробизнес – 2020» бағдарламасының жемісі. Мал өсірушілер 

сан  салалы  жоспарларын  жүзеге  асыруға  белсене  атсалысса,  дәулетті  де 

сәулетті тұрмысқа жетері хақ,-деп аяқтады әңгімесін сала басшысы. 



Әңгімені жазып алған Д.ӘЛИЕВ.

Суретте: ордалық Амагелді Қадешев  С.Хайроллинді 

күн батареясымен таныстыруда.

Ауыл – алтын бесік

Малды ауылдың 

мамыражай тірлігі

Келісіп пішкен тон 

келте болмайды

Қазақ  ұрпағының  бойына  асыл 

қасиеттерді  сәби  кезінен  сіңіріп, 

тәрбиелеп  өсірген.  Үлкендер  тарапы-

нан  алғыс  алып,  замандастарынан 

мақтау  естіп,  кішілерге  қамқор  болып 

өскен жан көмек қолын созуға әркез әзір 

тұрады.  Сондай  ауылдастарымыздың 

бірі – Ербол Нұптығалиев. Бала кезінен 

әкесінен  қалмай,  қасына  еріп  жүріп, 

машинаның қыр-сырын меңгеріп, бер-

тін келе өзі айдап, өзі жөндеп алатын 

болды.  Бұл  күнде  ол  көліктің  ақауын 

дыбысынан айырады. 

Ербол  орта  мектептен  соң  Орал 

қаласындағы 12-ші кәсіптік училищені 

аяқтап, ауылға көлік жүргізушісі болып 

оралды. Жұмысына аса тиянақты, қақ-

соқпен  ісі  жоқ  жасты  сол  кездегі  мек-

теп  директоры  Ш.Зұлқашева  бірден 

жұмысқа  қабылдайды.  Міне,  содан 

бері ол осында. 

...Шырт  ұйқыда  жатқан  мені  ұялы 

телефонымның даусы оятты. Қарасам, 

Орда  ауылындағы  әріптесім  Ажар 

екен. Көрші ауылға концерттік іссапар-

мен  кеткен  көліктері  Бисенге  қырық 

шақырым  қалғанда  тұрып  қалыпты. 

Жанармайы  таусылған.  Олар  жақын 

жер  деп  маған  хабарласыпты.  Сағат 

түнгі  үш  жарым.  Қақаған  қаңтар  айы. 

Автобустың  ішіндегі  21  адамның  дені 

оқушылар  дегесін,  жалма-жан  кім-

дерден  көмек  сұрауды  ойлай  бас-

тадым.  Есіме  бірден  Ербол  түсті. 

Жағдайды  естісімен  ол  да  сөзге  кел-

местен «дайын тұрыңыз» деді. Сөйтіп, 

не  керек  жанармай  құйып  алып, 

жолға  шықтық.  Сөйтіп,  оқушыларды 

Ерболдың  машинасына  отырғызып, 

үйге алып келдік. 

Ербол  Нұптығали  елден  қанша  алғыс 

алса  да,  қарапайымдылығынан  танған 

емес.  Оның  азаматтығы  –  ең  алдымен 

ата-ана тәрбиесінің жемісі. Қарашаңырақ-

ты  шайқалтпай  ұстап,  анасы  Майраны 

да  жұбайы  Айнұр  екеуі  мәпелеп,  бағып-

қағып отыр. Арсен, Жанатбек, Батыр атты 

ұлдары да өсіп келеді.

«Елдің ертеңі ерінен танылар» деген 

халық  даналығы  осындай  жандарға 

арналса  керек.  Қайырымды,  қамқор 

ұрпағымыз көбейе берсін!



Екатерина МӨКЕШЕВА, 

ауылдық Мәдениет 

үйінің директоры. 

Бисен ауылы.

Жаныңда жүр жақсы адам

Түн ортасындағы көмек



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал