Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



жүктеу 5.5 Mb.

бет42/43
Дата08.01.2017
өлшемі5.5 Mb.
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43

Бәрі де бүгінгідей сезіледі 

 

Бәрі  де  ойда,  бәрі  де  бүгінгідей,  бәрі  де  есте,  бәрі  де  жанарымда, 



жаныма  ұялаған,  бәрі  де  өз  белгісін,  өз  таңбасын,  өз  мөрін,  өз  шиырын 

жұдырықтай жүректе қалдырыпты. 

Сталиндік  репрессия  кезенінің  мұңлы  қасірет,  зарлы  күйігін 

тартқандардың өмірін толық айтып бере алмасақ та, өзіміз білген, көрген, өз 

ауыздарынан  естігендерімізді  кейінгі ұрпақтарға  жеткізу  парыз деп  білемін. 

Сондай  бір  жағдай  –  естен  шықпайтын  Құдайберген  Қуанұлы  Жұбановтың 

бейнесі. 

Әдемі пішіні, сүйкімді кескіні, биязы мінезі, майдай сөзі жұртты өзіне 

оңай  табындырып,  икемдей  ұйытып  жіберетін.  Оның  сөзді  жанама  күйінде 

бастап,  тікелей  жаныңды  жани  сөйлейтін  тәсіліне  қайран  калатынбыз.  Бір 

сөзіне  бір  сөзін  қабыстыра  үйлестіріп,  тереңдете  түйіндей  шертетін 


438 

 

шешендігімен Құдайберген өзгелерді өзіне баурап алатын-ды. Оның аузынан 



тізіліп  шыққан  ана  тіліміздің  маржандарын  «Еңбекші  қазақ»  (қазіргі 

«Социалистік  Қазақстан»)  газетінің  беттерінен  1933-35  жылдары  жібермей 

оқып,  қанығатынбыз.  Өзін  күнде  көріп  жүрсек  те,  тағы,  тағы  көре  беруге 

ынтықтыратын аяулы ұстазымыз еді. 

Пешенімізге екі түрлі жағдай жазылыпты, мен он сегіз жыл көрмегенді 

көріп,  1956  жылы  оралдым,  ал  қайран  ұстазымыздан  1937  жыл  көз  жазып, 

содан қайтып көре алмадым. 

Қ.  Жұбановпен  әуелгі  жүздесуім  1931  жылы  болды.  Осы  жылы  Абай 

атындағы  педагогика  институтына  түскем.  Бір  ретте  анау-мынау 

қағаздарымды реттеп, деканатқа кірейін дей бергенімде, алдымнан бір жылы 

жүзді  аға  кездесе  кетті.  Имене  сәлем  бергенімше  өзі  асты-үстіме  түсіп,  кім 

екенімді,  қайдан,  неге  келгенімді  сұрап,  шаруамды  тез-ақ  бітіріп  жіберді. 

Сөйтсем, бұл кісі Құдайберген Жұбанов екен. 

Біз,  жастар,  Құдекеңнің  алдына  барғанда  еркін  кіріп,  көңілденіп 

шығатынбыз.  Менің  де  алдымды  кес-кестеген  кедергілер  қырқа  асырмай, 

қысқа  жіп  күрмеуге  келмей  жүрген  кезім  болатын.  Шешелерім  бастаған  48 

жанды  соңымнан  шұбатып  қайда  бас  сұғып  паналауды  білмей,  шарадай 

басым шақшадай болып жүрген кезім. Сонау 1926 жыл мен 1930 жылға дейін 

медресе  мен  Семей  педтехникумынан  алған  біліміммен  жан  бағып  тоқтап 

қалғым тағы келмей, жастық жігер, оқуға деген ынта 21 жасымда Алматыға 

айдап  келген.  Бағын  жанып,  жолың  болайын  десе  қиын  емес  екен,  тағдыр 

мені  осында  Құдайберген  ағамен  кездестірді.  Ол  кісінің:  «Білім  –  ырыс, 

бойыңа оны сіңіре алсаң, ойын – қыдыр, оны арнасымен тоқи алсаң, көкірек 

–  алтын  бесік,  оны  тербете  алсаң,  ұзын  жолын  қысқарып,  қысқа  қолын 

ұзарады» деген ақылын айтсаңызшы! 

1933  жылы  жаз  айы  еді.  Халық  ағарту  комиссариаты  шақырды  деген 

сон екпемді қолыма алып жүгіріп отырып қазіргі Ленин проспектісіндегі 12 

қабат  үйдің  орнында  бұрын  Т.Жүргенов  салғызған  екі  қабат  үйге  келсем, 

алдымнан бір ағамыз – Әміржан Сытдықов шығып: 

 

–Бүгін  сен  бастық  болатын  болдың,  қазір  Темірбек  Жүргеновке  ертіп 



барам.  Отыр  алдыңдағы  орындыққа.  Сені  Құдайберген  ағаң  мақтапты. 

Онымен қашаннан таныс ең, бұрыннан білуші ме ең?— деп жатыр. 

 

–Білемін.  1931  жылы  танысып  едім.  Одан  кейін  сабақта  да,  көшеде 



кездессе  де,  ағамның  өзі  сөзге  шақырып,  үйір  етуші  еді.  Сол  ағаның 

арқасында бар ынтамды салып, жақсы оқып жүрмін, – дедім. 

 

–Міне,  адам  танығыш,  тамаша  педагог-ұстаз,  ғұлама  адам  ол,  орыс, 



парсы, араб, қырғыз, өзбек, татар, башқұрт т.т. тілдерді білетін ғалым. Оның 

білмейтін  тілі,  әдебиеті  кемде-кем,  –  деп  Әмір  ағай  да  қосыла  мақтай 

жөнелді. 

Шіркіндердің  бір-біріне  деген  адал  ықыласы,  бір-біріне  берер 

қалтқысыз бағасы жай сөздерінің арасында да аңқып, сезіліп, қуантатын еді. 

Сондай бір кездесулердің бірінде Құдайберген аға да: 

 

–Әміржан Сытдықов ағаңмен таныс па ең? – деп сұрады. 



439 

 

 



–Иә, – дедім мен. 

 

–Ендеше,  ол  кісіден  қол  үзбе.  Әміржан  ағаларың  өте  білгір  ғалым, 



педагог.  Ол  –  математик,  физик,  химик,  биолог,  ол  –  тілші,  психолог, 

тарихшы,  музыкант,  ол  – орыс,  қазақ, түрік, араб, парсы, ағылшын  тілдерін 

білетін ғұлама, бес аспап ғалым, – деп шұбыртып ала жөнелді. 

Нақ  бір-бірімен  келісіп  алғандай,  олардың  әрқайсысына  деген 

адамшылық сипаттамалары қайран қалдыратын-ды. 

Сөйтіп,  Әмір  ағай  мені  Темірбек  Жүргеновтің  алдына  алып  барды. 

Төмен қарай бұрқыраған қалың шашын жимай басын көтерген Жүргенов: 

 

–Ал,  Әміржан  аға,  әміріңізді  айтыңыз,  орындайық.  Мына  жігітімізді 



Құдайберген Жұбанов табыс етіп, мақтауын жеткізген. Қолынан келері бар, 

адам  болайын  деп  тұрған  бала  деген...  –Әне  өзі  де  келіп  үлгерді 

Құдайбергеннің, – деді. 

 

–Өзім келсем, Темірбек, Әміржан, осы балаға жәрдем беріп, тәрбиелеп 



адам етіп шығарайық! Өзі де өзегін созып соған ұмтылып, тырбанып жүрген 

тіршілігі  бар  бала.  Сүйеніші  жоқ,  соңынан  ерген  қырық  сегіз  жаны  бар. 

Шұбатып асырап, шұбатып бағып жүр. Сөйте жүріп, оқып, әрі жұмыс істейді. 

Бізге иек артпағанда, кіміңе асылады. Сідет артайын деп тұрған бала емес, өз 

бетімен өлейін деп тұрған бала – деді. 

Сөйтіп  ардақты  үш  ағаның  көмегімен  мен  алты  айлық  кітапхана 

курсының бастығы етіп тағайындалдым. Халық ағарту ісінің сол кездегі үш 

діңгегі бірлесе шұғыл кірісіп, тынымсыз қолға алып тындырып жатқан тығыз 

жұмыстарына  қарамай,  бір  мен  емес,  жұрттың  қамын  ертеңге  қаратпай 

осылай шешу олардың күнделікті әдеті еді. 

Бұл  Қазақстанның  мәдени-ағарту  ісін  өркендету,  кадрлар  дайындау, 

қазақ тілі, әдебиеті, тарихын оқытатын мектептер, техникумдар, институттар 

т.б.  ашу,  қысқа  мерзімді  курстердің  программалары  мен  оқу  құралдарын 

жасау,  қазақтың  театрын  құру  жаппай  қолға  алынған  кез.  Олардың  күнде 

бастары  қосылатын  орын  –  Халық  ағарту  комиссариатының  комиссары 

Темірбек  Жүргеновтің  алды.  Мұнда  бұлармен  бірге  Санжар  Асфендияров, 

Жұмат  Шанин,  Мұхтар  Әуезов,  Әбдірахман  Қыдырбаев,  Сәкен  Сейфуллин, 

Бейімбет  Майлин,  Ілияс  Жансүгіров,  Сәбит  Мұқанов,  Ғабит  Мүсірепов, 

Телжан  Шонанов,  Әлжанов,  Телжанов,  Ғ.Тоғжанов,  Тұрмағамбет  Ізтілеуов, 

Уақас  Алманов,  Сәрсен  Аманжолов,  Жұмақан  Күдерин  т.т.  бас  қосып,  кеш 

тарап жататын. Әрқайсысы өз міндетіне жауапты қарап, жедел орындап, тез 

бітіріп, іске асыратын. 

Әр  ай  сайын  «Еңбекші  қазақ»  газетінің  беттерінен  Қ.Жұбанов, 

С.Аманжоловтың  қазақ  тілі  оқулықтарының  тақырыпқа  жіктелген,  екшенді, 

ғылыми  мазмұнды  жүйелерін  жасаған  оқулықтарын,  С.Сейфуллин  жасаған 

әдебиет тарихын, Әміржан Сытдықов жасаған программаларды, М.Әуезовтің 

«Айман-Шолпанын»,  Бейімбет  Майлиннің  «Жалбырын»  т.б.  құныға  да 

қызыға оқитынбыз. 

Бұл,  1932-1933  жылдар  аралығындағы  тым  тығыз  таяң  шақ  еді. 

М.Әуезов, Ә.Ермеков жаңа жарыққа шығып, Латиф Хамиди, Ахмет Жұбанов 



440 

 

пен  Евгений  Брусиловский  консерватория  бітіріп  келіп,  енді  ғана  жұмысқа 



орналасып жатқан мезгіл. Ол кездегі ең бір қиындық қазақтың халық музыка 

аспаптарының  таптырмауы  болды.  Жамбыл  бастаған  ақындар  айтысы 

домбырасыз  басталып,  Сауда  көшесіндегі  (қазіргі  М.Горький  көшесі) 

мешітте аякталған, Ахмет Жұбановтың мандолині көзіне түскен Құдекең: 

–Мына мандолиннің мойнын ұзарта салса, домбыра болып шықпай ма, 

Темірбек?  Кейін  халықтың  бітеу  ағаштан  ойып  жасайтын  өз  домбырасын 

жасатармыз.  Қазіргі  қажетімізді  өтейтін  қам  ойластырайық.  Артынып-

тартынып жатуды жағдай көтермейді, – деді. 

Құдайберген  Қуанұлының  бұл  пікіріне  бас  изеген  жұрт  дұрыс  айтады 

десіп, осылай етуді құп көріп жатты. 

Міне  осы  бір  фактілердің  өзі  Құдайберген  Қуанұлының  қазақтың  тіл 

білімі дамуының ғана емес, қазақтын мәдениеті дамуының да басында тұрып, 

қамқорлық жасаған жан-жақты адам екенін көрсетіп тұрған жоқ па! 

Бүгінгі,  тоқсаны  толықсып  қайта  туып,  адамдық  аты  ақталып,  90 

жылдық тойы өткізілгелі отырған Құдайберген Қуанұлы Жұбановтай ғұлама 

ғалым,  ірі  қоғам  қайраткері,  көрнекті  күрескер  коммунистің  есіміне  бас 

иемін. 

 

 



Н.Дияров 

 

Ғалымның туған жерінде 



 

Жолсыз жазаның тақсіретін тартып, азапты сәтті бастан кешкен кезінде 

де  ертеңіне  елегзи  қарап,  үлкен  үміт  еткен  аяулы  жандардың  бірі 

Құдайберген  Жұбановтың  облыс  орталығында  басталған  тоқсан  жылдық 

торқалы тойы оның туған жері Орқаш өңірінде жалғасты. 

Бұл  күні  Мұғаджар  маңы  бір  сеуіп  өткен  жаңбырдан  кейін  ерекше 

түрге еніп, көктемгі көктің иісі жұпар шашып тұрған-ды. Ақтөбеден осында 

бет  алған  қонақтар  мінген  автомашина  легі  ауылға  жақындағанда-ақ 

алдарынан мойындарына алқызыл галстук байлаған пионерлер тобы жүгіріп 

шықты.  Олардың  құшағын  толтырған  қызыл-сары  дала  гүлі  лезде 

қонақтардың қолына ауысты. Орқаштықтар Жұбановтар әулеті мен олардың 

серіктерін  осылай  қарсы  алды.  Осы  сәттегі  риясыз  көңіл-күй,  жан 

тебірентерлік шуақты көрініс бұдан былай да қадам басқан сайын кездесумен 

болды. 


«Орқаш»  совхозының  Мәдениет  үйі  дәл  бүгінгідей  болып  адамдарға 

лық  толып  көрмеген  шығар,  сірә!  Еңкейген  кәріден  еңбектеген  жас  балаға 

дейін осында. Ақ жаулықты әжелер кимешегінің құлақ тұсын молырақ ашып, 

кіреуке тартқан жанарларымен сахна төріне ілінген Құдайберген атамыздың 

суретіне сүзіле қарайды. Жастар жағы есіміне ғана қанық жерлес ғалымның 

тойында ол туралы жаңа лебіз, тың дерек естуге құмар. 



441 

 

Көрнекті  ғалымның  тоқсан  жылдығына  арналған  кешті  аудандық 



партия  комитетінің  бірінші  секретары  Б.Әйтпембетов  ашып,  қонақтарға  сәт 

сапар  тілегеннен  кейін-ақ,  зал  іші  сілтідей  тынды.  Мінбеге  көтерілген  әр 

шешеннің  лебізі  орқаштықтар  үшін  сонау  қилы  заманда  қыршын  кеткен 

жерлестерінің жан сәлеміндей қабылданып жатты. 

Қазақ  ССР  Ғылым  академиясы  Тіл  білімі  институтының  директоры 

академик Ә.Қайдаров әңгімені туған тілдің қадір-қасиеті мен құдіреті туралы 

ой-толғамынан бастады. Осының өзі қысқа да болса мағыналы ғұмырын тіл 

ғылымының негізін салуға арнаған Құдайберген Жұбановтың кейінгі ұрпаққа 

қалдырған  аманатындай  естілді.  «Ғалымның  туған  топырағында  басталған 

той  Қазақстанның  басқа  да  облыстарында  жалғасады,  –  деді  Ә.Қайдаров.  –

Өйткені,  Құдайберген  күллі  қазақ  халқының ұлына  айналды.  Оның  есімі  ел 

есінде мәңгі-бақи сақталады». 

Бұл  күні  естеліктер  аз  айтылған  жоқ.  Оның  ішінде  жалпы 

жұртшылыққа  бұрыннан  таныс  та,  беймәлім  де  деректер  аз  емес  еді. 

Ғалымның өкшелес інілерінің бірі ретінде, оны көзі көріп, әңгімелеріне құлақ 

түрген  Жұрын  станциясының  қарт  тұрғыны  Төреахмет  Әбдіров  тебірене 

сөйледі.  Қ.Жұбановты  өзіне  ұстаз  санайтын  Сағын  Амандықов:  «Мен  ол 

кісінің  тәрбиесінде  болдым.  Құдайберген  біз  үшін  мақтаныш  тұтарлық  кісі 

еді.  Ол  аз  өмірінде  ғылымға  үлкен  үлес  қосты.  Қазіргі  кезде  ана  тілінің 

тағдырына  жауапсыздықпен  қарайтындарды  көргенде  көңілге  қаяу  түседі, 

ғалымның осыған байланысты ой-пікірлерін еске аламын», – деді. 

Химия  ғылымдарының  докторы,  академик  Болат  Ахметұлы  Жұбанов 

есімін  ақтөбеліктер  бұрыннан  да  жақсы  біледі.  Ол  жиналғандар  алдында 

ғалымның  өзі  көріп-білген  қасиеттеріне  баса  тоқталды.  Әсіресе,  оның  інісі 

Ахметке  көп  қамқорлық  жасағанын,  тыным  таппайтын  еңбекқорлығын 

мақтан тұта баяндады. 

Осындай  жанында  кейде  ой  қозғайтын  орынды  проблемалардың  да 

ортаға  ұсынылатыны  бар.  Орқаштағы  орта  мектептің  оқытушысы  Қангерей 

Сарқұлов  Алматыдан  келген  ғалымдарға  Қ.Жұбановтың  жарық  көрген 

кітаптарының  өзінің  туған  ауылында мүлдем  табылмайтынын, алдағы  кезде 

осы жағына қамқорлық жасауын өтінді. Сол сияқты Ахмет Жұбановтық да әр 

жылдарда шыққан кітаптарын табу қиындығы айтылды. Шынында да, қазақ 

халқына қос арыс берген ауыл тұрғындарының бұл базынасы ескерерлік еді. 

Тағы  бір  проблеманы  Ырғыз  тарихи-өлкетану  музейінің  директоры 

Б.Мырзабаев қозғады. Ол ескерткіштер мен естеліктердің жиналар орталығы 

ретінде облыс өңірінде Қ.Жұбановқа арнап музей ашу қажеттігіне тоқталды. 

Бұл пікірді жиналғандар ырзалықпен қолдағанын атап айтуымыз керек. 

Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  корреспондент-мүшесі,  Тіл  білімі 

институтының тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі Р.Сыздықованың «Уақыт 

ақтаған азамат» атты мақаласы таяуда ғана облыстық газетте жарияланғаны 

көпшілік  есінде.  Сонда  «Қ.Жұбановтың  «сегіз  қырының  біреуі  –  оның 

суретшілік  пен  ою-өрнек  өнеріне  икемділігі.  Сурет  салу  жөнінде  ол  тіпті 

маман  суретшілерден  консультация  алып  жүргенін  інісі  Ахмет  те  жазады» 


442 

 

делінген. Әке бойындағы осы қабілетті өз бойына дарытқан Құдайбергеннің 



ұлы  Ақырап  –  СССР  Суретшілер  одағының  мүшесі,  Алматы  көркемсурет 

училищесінің  директоры.  Жұртшылық  алдында  сөз  сөйлеген  А.Жұбанов 

әкесінің білгірлігі мен зеректігіне байланысты естігендері мен көңілге түйген 

ойларын айтып берді. 

Жиын  соңында  Құдайбергеннің  кенже  ұлы  Асқар  Жұбановтың  Қазақ 

ССР  Ғылым  академиясы  атынан  әкесінің  портретін  «Орқаш»  совхозы 

еңбеккерлеріне сыйға тартуы жан тебірентерлік көрініс болды. 

Ғалымды  еске  алу  құрметіне  арналған  рәсімі  мұнымен  де  аяқталған 

жоқ.  Құдайберген  атамыз  қадірлеп  өткен  қазақ  өнері  бүкіл  ауыл 

жұртшылығын баурап алды. 

Шалқарлық  термеші  Асқар  Әминов  өзінің  жұрт  ұйытар  қоңыр  да 

мұңды дауысымен қапыда қиянатқа ұшыраған азаматтың қапастан шырқаған 

әнін орындағанда көзіне жас алып көңілі босамаған жан қалмады. 

Ортаға  айтыскер  ақындар  шықты.  Олар  –қызылордалық  Бекұзақ 

Тәңірбергенов,  Бибігүл  Жаппасбаева,  Оңталап  Нұрмұханов  және  ақтөбелік 

Өтепберген Әбдіразақов, Мұханбет Еңсепов, Жолдыбай Айтқұлов. 

Әңгіме  бастауын  Құдайберген  атамыздың  жазықсыз  жапа  шегіп,  енді 

кеш те болса есімінің ел ортасына оралғандығынан өрбіткен ақындар бүгінгі 

күннің тақырыбын жырларына арқау етті. Олар қайта құру әкелген жаңалық 

пен  жариялылықты  дәріптеді,  көлеңкедей  сүйретіліп  қалмай  келе  жатқан 

кемшіліктерді  өткір  тілмен  түйреді.  Айтыс  арасында  халық  алдына  шығып 

тұрған  термешілер  де  көрермендер  ықыласына  бөленді.  Шалқарлық  мектеп 

оқушысы Рысжан Отарбаева, ырғыздық Қоянбай Тобағабылов, мұғаджарлық 

Аманғали  Әбдіраманов,  ойылдық  Аманкелді  Жәкешов  ауылдың  кәрі-

жасының құлақ құрышын қандырды. 

Уақыт түн ортасынан ауғанына қарамастан, Орқаш өңірін тербеген ән-

жыр  әуені  бір  сәтке  де  толастамады.  Сол  сәттің  бәрінде  де  ине  шаншарлық 

орын  болған  жоқ.  Мәдениет  үйінің  залы  ішіндегі  көрермен  қауым 

тапжылмастан  отырып,  қол  шапалақтаумен  болды.  Ғалым  атамыз  кезінде 

арман  етіп,  бірақ  өзі  көре  алмай  кеткен  жақсы  күннің  жарқын  да  сәулетті 

шағын оның ұрпақтары бүгінгі салтанатты сәтте айқын сезінгендей болды. 

Салтанатты  жиын  соңында  «Орқаш»  совхозының  директоры 

А.Ермағамбетова  «Жұбановтар  көктемі»  аясында  ұйымдастырылған 

айтыстың  жүлдегерлері  атанған  Б.Тәңірбергенов  пен  Б.Жаппасбаеваға 

бағалы сыйлықтар тапсырды. 

Адам  баласының  тірлікте  алғы  күнге  үміт  етумен  ғұмыр  кешетіні  рас 

қой.  Сонау  отыз  жетінші  жылғы  жаппай  жазалаудың  жазықсыз  құрбаны 

болып өмірден баз кешер сәтте де: 

«Тәңірім өміріме саулық берсе, Жақсылық күн барына етпеймін шек», 

–  деп  көкіректегі  ой-арманын  қағазға  түсірген  Құдайберген  Жұбановтың 

жылдармен  өлшенбейтін  мәңгілік  ғұмыры  сан  мыңдаған  кейінгі  ұрпақ 

көкейінде  жалғасады.  Соның  бір  дәлелін  Орқаш  өңіріндегі  рәсім  де 

көрсеткендей еді... 


443 

 

СӨЗ СОҢЫ 

 

Қазақ  филологиясының  тұңғыш  профессоры  Құдайберген  Қуанұлы 



Жұбанов  ұлттық  тіл  білімінің  қаз  тұрып,  ірге  тебуіне  мұрындық  болды. 

Құдай  берген  дарыны  мен  алған  білімін  сарқа  пайдаланып  үлгермесе  де, 

болашаққа елеулі еңбектер мен өрелі ой-тұжырымдарын мұра етіп қалдырды. 

Проф.  Қ.Жұбановтың  ғылыми  мұралары  –  оқыған  сайын  жаңа  қырынан 

таныла  түсетін  өміршең  дүниелер  және  оларды  тереңдей  таныған  сайын 

қазіргі тіл білімінің деңгейіне сай келетін ой-түйіндерге қанығамыз. Әмбебап 

ғалымның, 

парасатты 

ойшылдың 

оқыту 


ісіне 

байланысты 

лингводидактикалық  және  әдістемелік  тұжырымдары  да  қазіргі  білім  беру 

бағытының бастауы деуге әбден лайық. 

Асқан  ғалымдығымен,  инемен  құдық  қазғандай  һәм  «ақырын  жүріп, 

анық  басқан»  тәлімгерлігімен  қатар  (қазақ  тілінен  ғана  емес,  орта  мектепте 

математика,  физика,  химия,  педагогика,  психология,  логика  пәндерінен  де 

сабақ  берген)  Алла  нәсіп  еткен  журналистік,  ақындық,  суретшілік  қабілеті, 

музыка  зерттеушісі,  психолог,  әлеуметтанушы,  білікті  ұйымдастырушы, 

полиглот  болғаны,  қайраткерлігі  Қ.Жұбанов  тұлғасын  асқақтата  танытады. 

Қ.Жұбанов  туралы  естеліктерден  ғалымның  сымбатты,  сұлу  болғанын, 

жүрегінің  кіршіксіз  тазалығы  үйлескен,  сабырлы  да  байсалды,  ұлық  бола 

тұра, кішіктікті танытатын қарапайым, әрқашан адалдық жолын ұстанғанжан 

болғандығын, абзал жанның азаматтық тұлғасын байқаймыз. Айтпағымыз да 

осы болатын. 

Алайда...  Тілінің  табиғатын  таныта  жүріп,  ұлтының  тірлігіне  уайым 

қылған  қайраткер  ғұмырының  қысқа  болғаны  қынжылтады  қазағымды. 

Астана қаласында өткен ғалымның 100 жылдық мерейтойында сөз  сөйлеген 

көркем  әдебиетіміздің  көрнекті  тұлғасы,  қоғам  қайраткері  Ә.Кекілбайұлы: 

«...Оның бойында бір басына жетерлік ондаған адамды айрықша көзге түсіре 

алатындай  ерекше  іс-қабілет  пен  таланты  бар,  әрі  тілші,  әрі  әдебиетші,  әрі 

өнертанушы, әрі тарихшы, әрі жазушы, әрі суретші, әрі шебер, әрі әдіскер

әрі  педагог,  әрі  ұйымдастырушы,  әрі  суреткер,  әрі  сазгер.  Бұл  жайсаңды 

ерте  жоғалтқаннан  біздің  ұлтымыздың  ұтылған  ұпайын  санап  шығудың  өзі 

мүмкін  емес»,  –  деп  (157)  Құдайберген  Қуанұлының  бар  болмысы  мен 

қабілет-қасиетін жайып салады. 

Қ.Жұбановтың  тіл  ғылымына  қатысты  бізге  жеткен  еңбектері 

бойынша  он  шақты  ғылыми  диссертация  мен  жүзден  астам  мақала 

жарияланып,  ғалымның  ой-тұжырымдары  бүгінгі  ғылым  тұрғысынан 

зерделеніп  жатыр,  ғалымның  мерейтойларына  арналған  конференцияларда 

баяндалуда.  «Жұбановтану»  атты  теңіздің  тереңдігіне  бойлау  ісі  әлі  де 

жалғаса  бермек.  Алайда  ...  бізге  жетпеген,  атаулары  ғана  белгілі  еңбектері 

туралы өкінішпен ой қозғауға тура келеді... 

Проф.  Қ.Жұбановтың  30-жылдарда  жазғандарынан  жеке  кітап,  кітапша 

болып  шыққандары,  сол  кездегі  «Ауыл  мұғалімі»,  «Политехникалық 

мектеп»,  «Әдебиет  майданы»  сияқты  журналдарда  басылғандары, 


444 

 

жинақтарға 



енгізілген 

мақалалары, 

Терминком 

бюллетеньдерінде 

жарияланған  материалдары  мүмкіндігінше  жиналып  алынды,  газет 

беттерінде  жарық  көрген  мақалаларының  да  біршамасы  табылды. 

Қ.Жұбановтың өзінің айтуы бойынша және кітапша мұқабаларындағы баспа 

жарнамаларында  көрсетілуіне  қарап,  ғалымның  төмендегідей  еңбектері 

болғанын,  тек  олардың  басылуға  дайын  тұрған  жерінен  (баспалар  мен 

редакцияларда) жоғалып кеткенін өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер 

өкінішпен айтады.  

Академик 

Р.Сыздықтың 

материалдары 

бойынша, 

профессор 

Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген жалпы атпен он сериялы 

еңбек дайындаған. Соның екі сериясы ғана баспадан шығып үлгерген, қалған 

8  сериясы  баспаға  тапсырылғанымен,  «халық  жауының»  еңбегі  ретінде 

жойылып  жіберілген.  Бұл  жайында  К.Кенжебаев  пен  Ә.Оралбай:  «Ол 

(Құдайберген Жұбанов) академиялық ғылымның сөздің шын мағынасындағы 

ұйымдастырушысы  ретінде  көрінді.  Бұл  ретте  ғалымның  тек  алғашқы  екі 

бөлігі жарыққа шығып үлгерген («Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі 

тарихынан»,  «Көмекші,  күрделі  етістіктер  жөніндегі  ескертпелер»)  он 

тақырыпты  қамтитын  «Қазақ  тілі  жөніндегі  зерттеулер»  сериясы  –  өзі 

басқарған  академиялық  Тіл-әдебиет  секторының  сүбелі  өнімі  екендігін 

айтқан  жөн.  Егер  осыған  Ісмет  Кеңесбаевтың  редакторлығымен  шығуға 

тиісті «Научная грамматика казахского языка. Том І. Фонетика» атты көлемі 

30  баспа  табақ  деп  жоспарланған  кітаптың  қолжазбасын  қосатын  болсақ, 

ғалым  мұрасы  қомақтана  түсері  еді.  Амал  не,  қолжазба  баспаның 

портфелінен ұрланған», – деген дерек келтіре отырып, «Қазақ тілі жөніндегі 

зерттеулер»  атты  он  тақырыпты  қамтитын  сериялы  еңбектің  екінші  бөлігі 

ғана  баспа  бетін  көрді  де  1937  жылы  баспадан  шығуға  тиісті  сегіз 

тақырыптың бізге тек аттары ғана келіп жетті, ал қолжазбаның қағаз бетіне 

түскен текстері редактордың қолында кетті ме, жоқ басқаша күйге ұшырады 

ма,  –  әйтеуір  ғайып  болды.  Мұның  өзі  қазақ  тіл  білімі  үшін  орны  толмас 

өкініш екендігі даусыз», – деп налиды авторлар. 

Ғалымдар зерттеулерінен бізге Қ.Жұбановтың қаламынан туып, әртүрлі 

жағдайларда,  әртүрлі  жерлерде  жоғалып  кеткен  еңбектерінің  аттары  ғана 

белгілі: 

1. Смысл бессмысленных слов [Доклад]. 

2. Скотоводческие междометия казахов [Доклад]. 

3. Ғылыми грамматиканың материалдары, 1 т. Фонетика. 30 б.т. 

4. Ғылыми грамматиканың материалдары, 2 т. Морфология. 

5. Қазақ тілінің грамматикасы. II бөлім, 6-классқа арналған, 140 б. 

6.  О  частях  речи  в  казахском  языке  [Исследования  по  казахскому 

языку. Вып. 3]. 

7. Двойные слова синонимического типа [Исследования по казахскому 

языку. Вып. 4]. 

8.  Возникновение  фонематического  различия  глухих  и  звонких 

[Исследования по казахскому языку. Вып. 5]. 


445 

 

9.  «Подражательные»  слова  как  особые  формы  словообразования 



[Исследования по казахскому языку. вып. 6]. 

10. Скотоводческие междометия казахов [Исследования по казахскому 

языку. Вып. 7]. 

11.  К  природе  и  генезису  залоговых  форм  в  казахском  языке 

[Исследования по казахскому языку. Вып. 8]. 

12.Структура  местоимений  в  казахском  языке  [Исследования  по 

казахскому языку. Вып. 9]. 

13.  Элементы  кинетической  сигнализации  в  женской  речи  казахов 

[Исследования по казахскому языку. Вып. 10]. 

14.  Вопросы  казахского  языкознания.  Сборник.  Под  ред.  проф. 

Х.Жубанова. Книга 1 (3). 

15.  Еще  раз  о  глаголе  «де»  //  Вопросы  казахского  языкознания. 

Сборник.  

16. Причины выпадения беглых гласных в казахском языке // Вопросы 

казахского языкознания: Сборник.  

17. Қазақ тілінің академиялық сөздігі. 1-бөлім [А-Азу]. Академический 

словарь  казахского  языка.  Вып.  1  /  Под.  ред.  акад.  А.Самойловича  и  проф. 

Х.Жубанова. Объяснения слов на каз. и рус. языках.  (Еңбектердің  атаулары 

қай тілде жазылғанына байланысты сол қалпында берілді).  

Енді  осы  еңбектердің  кейбірінің  белгілі  тарихына  тоқталайық. 

«Мағынасыз  сөздердің  мағыналары»  атты  тұңғыш  мақаласы  (о  баста 

баяндама  мәтіні)  екі  рет  жоғалған.  Алғашқы  рет  1930  жылы  басуға 

жіберілген  жерінен  «Қазақстанды  зерттеу  қоғамының»  қағаздарының 

арасына  түсіп  кетіп  жоғалады.  Кейін  автор  оны  «Қазақтардың    малға  

айтатын  одағайлары»  деген  атпен    қайта  жазып,    екінші  рет  баспаға 

ұсынғанда, 1937-1938 жылдары тағы жоғалып кетеді...  

Тағы  бір  назар  аударуға  лайық  мәселе  –  «Академиялық  сөздікке» 

қатысты. КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл-әдебиет секторын 

басқара  жүріп,  Қ.Жұбанов  академик  А.Н.Самойловичпен  бірлесіп,  қазақ 

тілінің  бес  томдық  «Академиялық  сөздігін»  шығару  ісін  қолға  алғаны 

анықталып отыр. Сөздікті құрастырушылар әр сөздің анықтамасын орысша-

қазақша екі тілде бермекші болған. 1936-1937 жылдары бұл сөздіктің I бөлімі 

«А – азу» деген сөзге дейін жасалып, баспаға дайындалған. Өкінішке қарай, 

айтулы екі түркологтың екеуі де қуғын-сүргіннің құрбаны болып кетті де сол 

кезде  әзірленіп  біткен  бірінші  томның  қолжазбасы  мен  қалған  томдардың 

материалдары,  яғни  картотекасы  із-түссіз  жоғалады,  дәлірек  айтқанда, 

«ұстағанның  қолында,  тістегеннің  аузында»  кетеді.  Әйтсе  де  1-томның 

машинкаға басылған түптемесі әр жерден «қылаң беріп» қалады. Демек, біз 

ғалым мұрасына әлде де жабыла іздеу сала беруіміз керек (4). 

Құдайберген  Қуанұлының  1925  жылы  «Сегіз  бен  Мақпал»  пьеса 

жазып,  Ақтөбе  қаласындағы  кеңес-партия  мектебінің,  педтехникумнің 

оқушыларының  күшімен,  өзінің  режиссерлығымен  сахнаға  қойғандығын 

жоғарыда  айтқанбыз.  Сондай-ақ  1932  жылы  Шалқар  мен  Таразы  қыздың 


446 

 

айтысын  жазып  алған.  Алайда  олардың  мәтіндерінің  де  тағдыры  белгісіз. 



Бұлардан  өзге  тезистері,  әртүрлі  жазбалары,  хаттары  болмауы  мүмкін  емес. 

Оларды  іздеп  тауып,  жұршылыққа  ұсыну  кейінгі  зерттеуші  буынның 

алдындағы азаматтық міндет, ғалымдық борыш деп білеміз! 

Жүсіп Баласағұни: «Білік деген – бір қазық, бәрі соған оралар», – десе, 

тіл білімінің алтын қазығының бірі – Құдайберген Қуанұлы іспетті! Оған әлі 

неше ғасырдың ұрпақтары оралатынын бір Алланың өзі ғана біледі! 

 

 

 



 

 

 



 

 

 




1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал