Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



жүктеу 5.5 Mb.

бет34/43
Дата08.01.2017
өлшемі5.5 Mb.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43

Ғалымдар ағасы 

 

Кешеуілдеп өссе де бірден күрт көтерілген ғылым саласында халықтың 

қақ  ортасынан  шыққан  аса  талантты  адамдарымыз  аз  болған  жоқ.  Баланың 

булығып өсіп бір жыл ішінде-ақ ер жеткен бойшаңдар тобына қосыла кететін 

бақытты шағы сияқты. Отызыншы жылдардың бас кезінде ҚазПИ-де тарих, 

тілтану,  әдебиеттану,  педагогика,  экономика  кафедраларын  қолға  алған  жас 

профессорлар  лекция  оқуға  кірісті.  Бұлар  бұрын  басы  құралған 

кафедралардың оқыту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жаңа сатыға көтере 

бастады.  Бұл  жаңа  дәуірдегі  жаңа  мазмұнды  ұлттық  ғылымның  ілгерілей 

беруіндегі  сүйсінерлік  көрініс  еді.  Осы  жас  ғалымдардың  ішіндегі  аса 

таланттыларының  бірі  дерлік  көзгеерекше  түскені  Құдайберген  Жұбанов 

болатын. Ол аз өмір сүрген бірақ аз өмірінің ішінде терең білімдік, талапты 

ғалымдық,  сүйікті  ұстаздық,  ірі  мәдени  қайраткерлік  сапында  үлкен  із, 

жарқын бейне қалдырып кеткен жан. 

Ол  –  тіл  ұстазы.  Тілтану  ғылымының  мұхиты  дерлік  Ленинградтағы 

Шығыс институты мен бұрынғы академик Марр атындағы «Тіл мен ой» (Тіл 

және  ойлау)  академиясының  игі  төрінде  білім  құшақтаған  адам.  Жас 

шағының ең ажарлы кезін тек қана білім алуға, ол алған білімін еліне аямай 

сарп етуге арнаған адам. 

Тіл тағдыры халық тағдырымен байланысты. Ендеше, оны ұғыну үшін 

жалпы  теориялық  жайларды  бес  саусағындай  білумен  қатар  халықтың 

тарихын,  оның  тарихи  көшіндегі  өтетін  өткелдері  мен  кешетін  тайғағы  мол 

азапты  жолын:  шарықтауын,  құлдырауын,  қайта  өрлеу  талабын  тасқа  таңба 

басқандай  көз  алдыңа  келтірмеске  бола  ма!  Ол  үшін  ой  көркемдігін 

бейнелеген  тіл  құралдарымен,  тілін  өркендеткен  ой  өрісімен,  яки  көркем 

сөзімен,  көркем  өнерімен,  көркем  үнімен,  бұлардың  әріден  келе  жатқан 

мұралық түрлерімен жете таныс болу бірінші шарт сияқты шындықтар. Осы 

шарттарға  Құдайберген  Жұбанов  төрт  жағы  түгел  сай  келген  ұстаз-ды.  Бұл 

жөнінде  өзімен  қатарлас  өмір  сүрген,  өз  саласында  айқын  із  салған  тарих 


362 

 

ғалымы проф. Санжар Асфендияров, әдебиеттің қос алыбы Сәкен Сейфуллин 



мен Мұхтар Әуезов барабарлы ұстаз еді деуге болар еді. 

Құдайберген Жұбановтың ғылымдағы құлашының кеңдігі мен ойының 

тереңдігін  оның  қазақ  тілі  грамматикасы  мен  фонетикасын  зерттеуді  қолға 

алғанынан  шамалайсыз,  «Из  истории  порядка  слов  в  казахском 

предложении» мен «Заметки о вспомогательных и сложных глаголах» деген 

еңбектерінен  байқайсыз:  «Терминология,  орфография,  тіл  сабағын  берудің 

әдістері»  дейтін  жұмыстарынан  болжайсыз.  Ал  «Абай  –  қазақ  әдебиетінің 

классигі»  және  «Қазақ  музыкасында  күй  жанрының  пайда  болуы  жайлы» 

дейтін ғылыми очерктерінде тіл тарихымен ұштастырып көркем әдебиет пен 

көркемөнер тарихын қамтыған тереңдікті көресіз. 

Құдайберген  Жұбановтың  лекцияларындағы  ой  өрістілігі,  материал 

байлығы, ғылыми жүйелілігі тыңдаушы шәкірттеріне тарих дүниесінің бұдан 

бұрын  тас  жабық  жатқан  есігін  шалқасынан  салғандай  әсер  ететін.  Түркі 

тілдерінің  түп-тамырын  зерттеуге  арнаған  дәрістерінде  орхон-енисей 

жазуларының  сыр-сипаты  жоғарыда  айтқанымызды  дәлелдейді.  Өйткені, 

Орхон бойын жайлаған тайпаның құлпытастарға жазып кеткен жазуы: түркі 

елдерінің қағанаты (хандығы) тарихы, міне  – осы  деп тұрғандай. Онда: бір 

елдің  салты,  ғұрпы,  жауласуы,  жеңуі,  жеңілісі,  аңшылық  саяхаты,  тағы 

басқасы  әміршінің  құдіреттілігін  паш  ету  арқылы  хикаяланған  ғой.  Бұл 

дәстүр 


– 

ертеден 


келе 

жатқан 


көне 

Мысыр 


патшаларының 

(перғауындарының)  тірі  кезінде  де,  өлгеннен  кейін  де  ұлылығын  дәріптей 

беру  салты  сияқты.  Сонымен  бірге  бұл    –  сол  кезде  өмір  сүрген  тайпаның 

мәдениеті  де  ер  жетіп  қалғанының  айғағы.  Өйткені,  жазу-сызу,  оны  тасқа 

түсіру  (таңбалау,  қашау,  әдемілеу)  өнері  көркемдік  өнерге  ең  кемі  тастан 

таспа  тілерлік  шеберлікке  байланысты...  Жеке  баяндамалары  мен 

мақалаларында Құдайберген Жұбановтың қазақ тілі тарихын зерттеуді терең 

және  жан-жақты  жүргізгенін    көреміз;  бір  тектес  тілдердің  тарихымен, 

тарихи  мұраларды  талдау  әдісімен  әлеуметтік  құбылыстардың  өзгеру 

жолымен тығыз байланыстырғанын байқаймыз. Осының бәрі тіл тануды тар 

шеңберден  шығарып  ғылыми  кең  арнаға  салудың  басы  сияқты  көрінеді. 

Сөйтіп, жалпы тілтану ғылымының теориялық мәселелері, қазақ тілі тарихын 

зерттеу  ісі,  тіл  құралын  дайындау  жұмысы  және  де  толып  жатқан  ғылыми-

мәдени  істер  жас  профессордың  батыл  түрде  қолға  алған  игі  бастамалары 

болатын. 

Жас  демекші...  Орта  жастан  әрі  өрлеп,  өмірдің  биік  қырқасына 

көтерілген жандарға отыздың о жақ, бұл жағындағылар бала тәрізді көрінеді. 

Алоқу  жасындағы  балғын  жігіттер  мен  бала  қыздарға  отызға  келгендер  де 

сақа ... тіпті көрі адамдай... Бұл табиғи да нәрсе. 

Ленинградтан  келген  біздің  ғалым  ұстазымыз  Құдайберген  Жұбанов 

отыз екінші жылы өмір биігінің талай белдерінен асқан, ақыл-ой кәмелетінің 

бар  тұтқасын  бір  өзі  ұстаған  қияпатты,  байсалды,  жасы  да  толысқан,  аса 

үлкен адам сияқты еді. Сонда ажарлы дөңгелек жүзді, ақылы сыймай тұрған 

сұлу көзді қалың қара бурыл шашты, тіп-тік мүсін денелі, орта бойлы, келісті 



363 

 

қара  торы  профессор.  Отыздың  үшеуіне  жаңа  ғана  иек  сүйеген,  қазіргі  біз 



тұрған  биіктен  бұл  «өте  жас».  Алайда,  тап  осындай  жаста  білім  шыңына 

шығып  үлгерген,  ірі  ғылыми  атаққа  ие  болған,  қоғам  өмірінің  барлық 

саласында да үздік өрлеген даңқты адамдар сол кезде де аз емес-ті. 

Кейбір  ғылым  мен  мәдениет  қайраткерлерінің  талантты  еңбектерімен 

қатар  жеке  басының  ерекше  қасиеттері  болады.  Бұл  қасиеттер  алдымен 

өзгеге  аямай  көрсеткен  ақылгөй  ағалық,  ұстаздық  сияқты  адамгершілік 

жомарттығынан көрінеді. Осының басты белгісі: сол кезде Сәкен Сейфуллин, 

Құдайберген  Жұбанов  жөне  Мухтар  Әуезовтердің  соңынан  шұбырған 

жастардан, қаумалай отырысып ұлағатты әңгіме тыңдаушы оқушылардан көз 

жерге түспейді дерлік еді. 

Біз  бұл  шағын  сөзімізде  тілтану  ғылымында  көрнекті  із  қалдырған 

ғалым,  кафедра  басқарған  коммунист,  профессор  Құдайберген  Жұбановтың 

аса  құнды  еңбектеріне  ғылыми  шолу  жасау,  талдап  беру  міндетін  алға 

қоймадық. Тек оның ерекше бейнесін көз алдына келтіруге тырыстық. 

 

(«Қазақ әдебиеті», 1969 жылғы 20 декабрь, №51)  

 

Ә. Ермеков 

Абзал жанды аяулы аға 

 

 

«Ақырын жүріп, аңдап бас! 

еңбегің кетпес далаға» 

Абай 

 

1933  жылы  ҚазПИ-дің  стационарына  оқуға  түстім.  Дәл  сол  кезде  оқу 



ісін басқарып отырған осы күнгі профессор Серғали Толыбеков екен. Менің 

сырттан  оқуға  қабылданғаным  туралы  анықтамамды  көрген  соң,  арыз  және 

өмірбаян  жаздырып  көріп,  менің  сауатымды  ұнатты:  мен  2-курсқа 

қабылдауды өтіндім.  Бірақ  қазақ  тілі  мен  орыс  тілінен  емтихан  тапсыратын 

болдым. Дес бергенде, жолдаманы профессор Жұбановқа жазып берді. 

Құдайберген орта бойлы, кең маңдайлы, бойы түзу, көз жанары нұрлы, 

қара  торының  көріктісі  екен.  Ал  бұндай  түгел  біткен  қою  шашты  менің 

бірінші  рет  көруім,  бірақ  жап-жас  жігіт  бола  тұра,  шашының  ағының 

басымдығы мені таңдандырды. 

Мені  ертіп  алып,  жай  іздеді.  Екеуміз  ҚазПИ-дің  клубына  жайластық: 

онда үлкен тақта бар екен. Тақта толғанша жаздырды. «Біз елден шыққанда 

екеу  едік»  деп  басталатын  жолдан  айта  бастады.  Жазып  тұрып  білдірмеген 

болып,  қарап  қалып  едім:  профессордың  не  алдында  кітап  жоқ,  не  қолында 

қағаз жоқ, айтымдық шығарманың ұзақ жолдарын жатқа оқып отыр екен! Бұл 

ересен  әсер  етті  маған.  Сөйлемді  толық  талдатты.  Бірнеше  жерде  түзеп, 

түсіндіріп отырды. 

Енді жай әңгімеге көштік. 


364 

 

Профессор  менің  қайдан  келгенімді,  нендей  қызмет  еткенімді  сұрады. 



Әсіресе,  мұғалім  болып  жүріп  келгеніме  риза  болды.  Ақыры  қазақ 

филологиясын  (филология  деген  сөзді  ұқпадым,  оны  Құдайберген  аға  тез 

аңғарып қалған екен: дереу түсіндіріп жіберді) шынайы ұнатып келдің бе? — 

деген сұраққа тірелгенде, мен құптап жауап қайтардым. Өстіп, ҚазПИ-дің 2-

курсына оқуға түстім-ау! 

2-курста  30-ға  жуық  оқушы  болдық.  Ақыры, 1936  жылы, 8  адам  қазақ 

тілі мен әдебиет факультетін бітіріп шықтық. 

Профессор Құдайберген Жұбанов жалпы тіл білімін және қазақ тілінің 

ғылыми  курсын  оқыды.  Екеуі  де  көлемді,  деректері  бай  дәрістер 

болғандықтан,  лектордың  да  жан-жақты  білімдар  және  кең  тынысты, 

дарынды  ғұлама  болмағы  шарт.  Біздің  Құдайберген  аға  дәл  осындай  ғалым 

еді:  жалпы  тіл  білімінен  лекцияны  оқып  тұрғанда,  профессордың  қолында 

қағаз  болмайды,  бор  болады.  Ол  қиын  сөздердің,  әсіресе,  біздерге  түсінігі 

ауыр  лингвистикалық  терминдерді  тақтаға  жазып,  ешбір  қынжылмастан 

түсіндіріп отырды. 

Азиялық  және  европалық  тілдерді  сипаттауға  келгенде,  олардың 

мамандарының  туындыларына  маркстік-лениндік  тұрғыдан  сындық  баға 

беруде  аса  зеректігі  ақаусыз  еді.  Тіпті,  Маррдың  «Төрт  элементтік  анализ» 

және  «Таптық  тіл»  деген  тезистерінің  ғылыми-тарихи  сынды  көтермейтін 

көзқарас екенін профессор Қ.Жұбанов өзінің лекцияларында ашық айтқан да 

еді. 

Қазақ  тілінің  ғылыми  курсын  профессор  Қ.Жұбанов  марксистік-



лениндік  ілім  қағидаларына  қол  артып,  тарихи  деректерге  дәйектеп,  шын 

мәнісінде ғылыми дәрежеге жеткізе оқыды. Әсте кәнігі лингвист-ғалым болу 

үшін көп тіл білетін маман өрелі бола береді ғой. Біздің Құдайберген аға дәл 

осы  іспетті  ғалым  еді.  Европалықтан  орыс  тілін  және  күллі  түркі  жүйелі 

тілдерді  жақсы  білуші  еді.  Ол  аталған  курстардан  лекция  окыған  шақта, 

қажетті  жерлерінде  осы  тілдерден  мысалдар  келтіріп,  түсіндіріп  отыратын. 

Тағы  бір  дәлел:  сол  кезде  біздерге  неміс  тілінен  сабақ  берген  В.И.Попова 

өзінің  сабақтарында,  сөз  орайында  неміс  тілін  жақсы  біледі  деп  проф. 

Санжар  Асфендияров  пен  профессор  Құдайберген  Жұбановты  атай  беруші 

еді. 


Көне  түркі  жазуларының  араб  харпімен  жазылған  нұсқаларының 

сөздерін  түсінбейміз,  бірақ  харіптері  таныс,  ал  орхоншаның  сөзін  де, 

харіптерін  де  білмейміз.  Осының  өзін  профессор  Құдайберген  Жұбанов 

өзіміздің  күнделікті  жазып  жүрген  кәнігі  жазуымыздай  жазады  да  оқиды, 

оқиды  да  түсіндіреді.  Оның  осы  қабілетінің  өзі  біздің  көз  алдымызда 

ғалымның сәлиқасын арттыра түседі. 

Орхон  жазуын  профессор  Санжар  Асфендияров  та  жақсы  білетін.  Ол 

кісі біздерге қазақ тарихының курсын оқыған еді. Қажетті жерлерде орхонша 

деректерден  сол  қалпында  мысалдар  келтіріп,  түсіндіре  беретін.  Бірде 

Санжар  аға  сөз  орайында,  әсіресе,  қазақ  тілі  мен  әдебиетінен,  тарихтан 

маманданып  жүргендер  үшін  орхон  жазуының  маңыздылығын  айта  келіп, 


365 

 

профессор  Жұбановты  атап,  оған  көне  түркі  жазуларын  үйрету  үшін 



факультативтік  сабақтар  ұйымдастыруды  ұсынғанын  айтты:  бұдан  бұрын 

Құдайбергеннің  өзі  де  осы  жайды  ескерткен  болатын.  Ақыры  сол  курсты 

біздің профессорымыз ұйымдастырды. Қалапжазылғандарының ішінде тарих 

факультеті  студенттерінен  Молдаш  Сәрсенбин,    Садуақас  Мәлкәждаров 

болған.    Оқыдық.    Біздің  мұғаліміміз      ешбір  жалықпайды,      кешікпейді,   

әуелі   аптада екі рет жиналып жүрдік. Орхоншаның түпнұсқасында «аяғы» 

сорайған  қиқа-шиқа  таңбалар  біздің  профессордың  қолынан  мүсінді  болып 

шыға  келеді:  Құдайберген  аға  керемет  сұлу  жазатын.  Оның  қолымен 

жазылған   харіптер   жібекке    тізген   лағыл моншақтай    төгіліп тұратын. 

Ал оның суреткерлігі профессионал-суретшіден бірдекем емес еді: жалпы тіл 

білімінен,  мәселен,  жазу  тарихын    сөйлеп  тұрып,  торғайдың,  қаптесердің, 

қару-жарақтың  суретін  тақта  бетіне  бормен  мінсіз  түсіретін.  Сонда  жаңағы 

нәрселердің  суреттерін  ол  қынап-мінеп  жатпайды,    бір-ақ  тартады.  

Профессордың        бұл  өнерінің  де  өз  шәкірттеріне  игі  әсері  болып  еді. 

Мәселен, Ошан Сатыбалдин, Абдол   Медетов   ұстазымыздың   ықпалымен   

сурет өнеріне   әбден  жетіліп  алып еді. 

Біздің    сол  кездегі    ұстаздарымыз    жастарға    өнердің    әр    түрінен 

мағлұмат      беруге      өздері      тікелей    араласып,  қадағалап    жүруші    еді. 

Мәселен, лингвистикалық   үйірмеге   өзі   басшылық етумен қатар, біздерді, 

әсіресе  қазақ  жігіттерін     (біз оқыған  лекте  қыз бала болған  да  емес  еді)  би 

үйрететін   үйірмеге   де өзі бақылап, міндетті түрде қатыстырып жүрді. Би 

үйрететін  үйірме      сабақтары      үнемі      кешке  болады,  проф.  Қ.  Жұбанов 

куратор  ретінде  үздіксіз  бақылайды.  Ал  ректорымыз      профессор  Санжар 

Асфендияров  кейбір      сабақтарға  басталуынан  ақырына  дейін  қатысып 

жүрген шақтары болған-ды.  

Отызыншы  жылдарда  аппаратта  қызмет  істейтін  орыс  жолдастар 

ерекше  ынталы  жігермен  қазақ  тілін  оқитын.  Мен  3-курста  оқып  жүрген 

кезімде  Құдайберген  ағаның  ұсынысымен  Өлкелік  милиция  басқармасында 

істейтін орыстарға қазақ тілінен сабақ бердім. Менің    орыстарға қазақ тілін 

үйретуде  тәжірибем  жоқтығын    ҚазПИ-дің    сол  кездегі        мол  тәжірибелі 

білгір  оқытушылары  Телжан  Шонановқа  (оқулықтың        авторы),  Файзулла 

Ғалымжановқа өзі әдейілеп тапсырып еді; олар да жақсы   көмектесіп жүрді. 

Сол мекемедегі менің бір сабағыма келіп профессор  Қ.Жұбанов өзі қатысты. 

Кейін менінорысша сөйлеп  түсіндіргеніме   сындық ескертпелері  көп болды.  

Сол кезде ҚазПИ-дің жанындағы   жұмысшы   факультетінде (рабфак) 

қазақ тілін оқытып жүрген Абдол Медетов сабағына да бірнеше рет қатысып, 

ақыл-кеңес бергенін білеміз.  Қыруар жұмыспен жүрсе де, өз шәкірттері үшін 

уақыт  тауып,  назарынан  сырт  қалдырмай,  онды  мұғалім  болуына  көмегін 

тигізгеніне дән риза едік, әлі де сол ниеттеміз. 

Ол  кезде  ҚазПИ-дің  барлық  мамандықтарындағы  орыс  бөлімдерінде 

қазақ  тілі  күшті  жүретін,  окытушылары  да  жоғарыда  аталған  Телжан 

Шонанов,  Файзулла  Ғалымжанов  іспетті  үздік  адамдар  еді.  Солардың  өзін 

кафедра  бастығы  профессорүздіксіз  бақылап  жүреді  екен.  Біздер  мұны 


366 

 

әрекеті  арқылы  білдік.  Ол  кісі  біздерді,  қазақ  студенттерін  орыс 



группаларына бөліп, кешқұрым жатақханаларда, институт аудиторияларында 

қазақ  тілінен  қосымша  сабақтар  өткізуге  бұйырған-ды.  Бұның  екі  жақты 

пайдасы  бар  деп  түсіндірген:  әрі  орыс  жолдастарына  қазақ  тілін  білуге 

көмектесесің, әрі өзің орыс тілін үйренесің дейтін. Біз солай істедік те. 

Біздің  профессорымыздың  өз  шәкірттеріне  ілтипаты  соншалық 

болатын, ол тіпті жатақханаға орналастыруда да үнемі араласып, өзі қуратор 

болған курсында оқитын біздерге «Пролетар», 3-тегі жатақхананың ең жақсы 

бөлмесін  әперген,  біздер  ҚазПИ-дің  толық  курсын  бітіріп  шыққанша  сол 

бөлмеде тұрдық. 

Конспекті  жүргізу  стилін,  жазуымыздың  сыртқы  сиқын,  харіптің 

эквиваленттік  мөлшерін  толтыра  жазғанды,  көрікті  жазғанды  ұнатушы  еді. 

Абдол  Медетов,  Әли  Есмамбетов,  Әлішер  Тоқмағамбетов,  Әди  Шәріпов 

көрікті жазатын-ды. 

Ол кезде ҚазПИ-дің барлық факультеттерінің қазақ бөлімдерінде қазақ 

тілінің  практикалық  курсы  талапқа  сай  биік  дәрежеде  өтілетін.  Әр  оқу 

жылында  бірнеше  рет  бүкіл  институт  бойынша      бақылау    диктанттары   

жүргізілетін, бұны   Санжар аға өзі    бақылап, аралап    көріп жүретін. Ана    

тілін        ардақтаудың  нәтижесі  болса  керек,  физматта  оқитын  Мұратбаев, 

Қойшығұлов,  Серғазин,  Құрманбаев      дейтін      балалар  қазақ  тілі 

факультетінде оқитындардан диктант жазуда қалыспаушы еді. 

Диктанттарға  алынған  текстер  емленің  небір  ұрымтал  ережелерін 

қамтып  отырушы  еді.  Материалды  осылайша  сұрыптаудың  өзін  де  проф. 

Қ.Жұбанов  басқарады  екен.  Мен  бұны  кейін  ҚазПИ-дің  даярлық  курсында 

қазақ  тілінен  сабақ  беріп  жүргенде  білдім.  Құдайберген  менің  диктантқа 

арнап  алған  материалдарымды  талай  көріп,  емлелік  ережелерді  айқын 

қамтитын сөйлемдерді мысал үшін айтып беріп жүруші еді. 

Профессор  Қ.Жұбанов  біздің  курстарға  орыс  тілінің  сабақтарына  да 

ауық-ауық  қатысып  отыратын.  Бұл  пәнді  біздер  3-курстың  аяғына  дейін 

оқығанбыз. Өстіп, орыс тілін толық қанағаттанарлық шамада біліп алып едік. 

Бірде ҚазПИ-дің озаттарының жиылысында мен орысша сөйледім. Бұл 

жиылысты  проф.  Асфендияров  өзі  басқарды.  Профессор  Жұбанов  ақырына 

дейін  қатысып  отырған.  Өзінің  кезектегі  сабағында  менің  орысшадан 

жіберген қателерімді айтып берді, біздер ризалықпен сол сөздердің дұрысын 

жазып алдық. 

Біздің ғалым ағамыздың кішіпейілдігі керемет болатын: дәрістің ұзына 

бойына  қолынан  бор  түспейді,  сөйлеп  тұрып  жазып  тұрады,  тақтаны  үнемі 

өзі  сүртеді,  кезекшіні  тақтаның  маңына  жолатпайды,  одан  ең  әуелі  талап 

етілетіні – жұмсақ бор, құрғақ шүберек. 

Темекіні жиі шегетін. Қалдығын қағаз құтышаға жиып (қолы өте икем, 

бұндай  бұйымды  қағаздан  қаусырмалап,  өзі  лезде  жасап  алатын),  дәріс 

біткесін өзі алып кетуші еді. 

Ішімдік  ішпейді  екен.  Ал  қасқалдақтың  қанындай  қою  шай  мен 

қымызға барын сала ма дедім. Мен бұл халді былайша білдім: 1935 жылдың 


367 

 

жазында  УМС-ка  тиісті  бір  материал  беріп  жібермек  болып,  мені  таудағы 



қосына ертіп барды. Бұнда Би-аға (Бейімбетті ол кісі осылайша атаушы еді) 

екеуі көрші тұрады екен. Сыртында «Старка» деген жарнамасы бар шишаны 

Би-ағаның алдына қоя салды да, өзі қымызды нұсқады; мен дереу құя бердім; 

Құдайберген аға сапар кесеге толтыра тартып жіберді. 

–Бұл  –  Ілияс  ағаларың  мақтайтын  Сарыкүйіктің  отына  жайылған 

биенің  саумалынан  жасалған  тау  қымызы;  баптаған  –  албандар;  сендер  мас 

болғанша ішіңдер! – деді Бейімбет. Расында, Құдайберген аға екеуміз әбден 

қыздық.  Біраздан  кейін  мен  шай  қайнаттым,  даярладым.  Құдайберген  аға 

шайды  өзі  құйды.  Бас  жазылғанша  деп,  ұзақ  ішті.  Мен  профессор  берген 

пакетті алып, кешқұрым Алматыға қайтып кеттім. 

Шыңдағы  шынардай  балғын  тартып,  жас  қуатқа  ене  берген  шағында 

үзілген  шағын  ғұмырында  қалдырған  ғылыми  мұрасы  –  өз  алдына  қыруар 

дәулет. Өшпегендері жарық көрді. Бұл жөнінде қысқаша пікір айтқанбыз. 

Ғалымның  өзгеде  жоқ,  өзіне  ғана  тән  қасиеті  –  асқақтамайтын, 

арындамайтын және мен-мені жоқ еңбеккерлігінде еді. 

Ауыл  мектептеріндегі  мұғалімдік  шақтарын  есептемегенде,  ғылымға 

шындап  араласқан  сегіз-тоғыз  жылдық  ғұмырында  қалдырған  қыруар 

мұрасына  үңілсек,  қазақ  тіл  білімінде  профессор  Жұбанов  араласпаған 

мәселе  қалмаған  екен:  тіліміздің  алфавитін  қалыптастыру,  емлесін  жүйеге 

келтіру  бағдарламасын  жасау,  грамматикалық  окулықтарын  жазу, 

әдістемелік  қолданбаларын,  ғылыми  курсын  негіздеу,  тарихын  зерттеу 

іспетті ұшан-теңіз істерді атқарған екен. 

Қазақ  тілінің  орта  мектепке  арналған  болашақ  бағдарламасы  мен 

оқулығының  схемасын  1935  жылы  біздерге,  өзінің  студенттеріне  сараптап 

айтып  берді.  Сол  үлгісінде  1936  жылы  жарық  көрді.  Мен  сол  кезде 

Түркіменстандағы  Қазақ  педтехникумында  мұғалім  әрі  директордың  оқу 

бөлімі  жөніндегі  орынбасары  едім.  Сол  жақтан  бірнеше  күнге  сабақ  тастап 

суыт  келіп,  өзімнің  қадірмен  ұстазымның  оқулығынан  200  данасын  алып 

қайтып едім. Осы оқулықтың бірнеше данасын Қазпедтехникумға келген бір 

сапарында  ТССР  Оқу  халық  комиссары  Дәулет  Мамедов  алып,  түрікмен, 

өзбек педтехникумдарына үлгі үшін көрсетпек болып кетіп еді. 

Абайдың  ұлылығы  неде?  –  деген  мәселені  де  үзілді-кесілді  біржола 

шешіп  берген  де  Құдайберген  еді.  Бақсақ,  «...  ол  кездетаза  халық  тілімен 

жазып тұрып, ол жазғанын классик әдебиет үлгісімен шығарған» (Жұбанов) 

екен. Өстіп, «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» деген атқа ие болған. Бұндай 

бағаны отызыншы жылдарда М.Әуезовтің өзі де бере алған емес еді. 

 

(«Оңтүстік Қазақстан», 1969 жылғы 10 декабрь) 

 

Ғ.Орманов 

Профессор 

 


368 

 

Бәрі бір күнгідей болған жоқ.  Қазір ойласаң, оның өзі бір күлкі сияқты. 



Солай болып еді дегенге, тіпті, кісі сенбейтіндей. Бірақ солай болған... 

Ол  жиырма  екінші  жылдар  еді.  Темір  уезінің  9-шы  ауылында  бір 

мектеп  ашылды.  Мұның  өзін  пәлендей  мектеп  еді  деуге  де  келмейді:  сауат 

ашу орны сияқты бірдеме еді. 

Осы  мектептегі  мұғалімдердің  біреуі  –  көзі  күлімдеген  қара  бала. 

Сығырайған  жер  тамның  «бөлмесінде»  қара  қожалақ  балаларды  оқытып 

жүреді... Оған бәрі қызық, үміт сәулесі ілгері алып ұшады. 

Бірақ оның өрге ұмтылған осы талабын орағытып, алысқа жібермейтін 

бір  нәрсе  –  оның  қаулаған  жігерін  жетелеп,  қиырға  жол  сілтерлік  құнарлы 

білімі  жоқ  еді.  Оның  сондағы  білім  өрісінің  жеткен  жері  –  Орынбордағы 

«Хусайния» медресесінің бір жылдық даярлық бөлімі мен орыстың бастауыш 

мектебінің  сегіз  айлық  оқуы.  Соны  талабына  талшық  қылып  тырбанып 

жүрген кезі ғой бұл

*



Ол  ептеп  (мәнісіне  түсінбесе  де)  орыс  кітаптарын  оқиды.  Оңай-оспақ 

қазақ  кітаптары  қолынан  түспейді.  Солардан  алған  нәріне  қарап  ғылымның 

мөлдіреген  тұнығы  көзіне  елестейді.  Қазір  соның  бір  тамшысына  ғана  ерні 

тиіп тұрған сияқты. 

Мұғалім  бала  көп  нәрсені  қиялдайды.  Бірақ  білім  өрісінің  қысқалығы 

өрелеп, бүгежектетіп жіберер емес. Осыны ол кейде ұзақ түнде ойлай-ойлай 

жатып, ақырында келіп ойын бір ғана қорытындыға тиянақтайтын еді: 

 – Оқу керек! 

 

*

 



*  * 

1928  жылдың  аяғында  Ленинградтағы  Күншығыс  институтына  бір 

қазақ жігіті тосынан келіп, барлық программаларынан экзамен беріп шықты. 

Экзаменді жақсы берді, институтты бітіргендердің правосын алды. Институт 

басқарушылары  бұл  жас  жігіттің  ғылыми  талантына  қарап,  институтқа 

аспирант етіп қалдырды...  

Қазақта тұңғыш аспирант болған жігіт осы еді.  

Естеріңізде  шығар,  анау  жиырмасыншы  жылдары  Темір  уезінің  9-шы 

аулындағы  мұғалім  бала  осы  болатын.  Енді  бұл  ғылымның  тұрғысына 

шыққан, ойы  қиырға  құлаштап,  білімнің  тұнығына  жүзген  кісі  болып отыр-

ау. Санасы бар адам күн санап дамитын заман ғой. 

Біз  енді  бұл  жерде  кейінге  көз  саламыз.  Әлгі  мұғалім  болып  жүрген 

кезінде бұл жігіттің күні-түні шөлдейтіні ғылым екенін біз ескерткенбіз. Бұл 

жігіт  сол  ниетін  орындады.  Қаулаған  талабының  арнасын  ағытты.  Оның 

құралы ғылым еді, соған келіп араласты. Ол «кішкене» қызметін істей жүріп, 

Мәскеудегі  университетке  әзірленді.  Тынбай  сырттан  оқыды.  Сонда  оның 

ойлағаны:  Октябрь  революциясы  бізге  ғой  ғылым  есігін  ашып  беріп  отыр. 

Енді оны оқи алмау – өзімізге ар! – Оқимын! – деді. 

Оқыды! 

                                                           



*

Мақала  авторы  жаңылысып  отыр.  Ел  ішінде  Қ.Жұбанов  1919  жылға  дейін  ғана  болған,  ал  1922  жылы  ол 

толық орта білім алып, Темір қаласындағы уездік оқу бөлімінде т.б. мекемелерде қызмет атқарып жүрген. 


369 

 

Ғылымға жүзген сайын әлі білмейтінің көп екенін аңғарасың. Бұл жігіт 



институт аспирантурасын бітіргенде, өзіне білім әлі олқы көрінді. Ол өзінің 

алдындағы  сонау  ғылым  шыңдарына  шыққан  академик,  профессорларды 

көрді  ғой.  Осыны  аңғарған  ол  «әлі  оқу  керек»  деген  қорытындыға 

тиянақтайды.  Енді  ол  келіп  бүкіл  союздық  ғылым  академиясының 

аспирантурасына  түсті.  Мұны  ол  1932  жылы  бітіргенде  тіл  ғылымның 

профессоры болып шықты. Сонда ол сонау 1920 жылға дейінгі өмірін шолып 

тұрып:  –  Айналасы  он  жылдың  ішінде  осы  дәрежеге  жеткізген  «Оқы,  оқы 

және оқы!» – деген ұлы ұстазымыз Лениннің данышпан өсиетін орындаудың 

нәтижесі ғой! – деп тиянақтайды. 

 

* * * 



Ол қазір сол жинаған білімдерін социализм игілігіне ірікпей жұмсауда. 

Социализм  заманының  ғылым  ордасында  халқымыздың  қаулаған  жас 

өспірімдерін тәрбиелеуде, оқытып үйретуде. Үйреткенде баяғы әліппе емес, 

жоғары  ғылым  ғой,  тіл  ғылымының  жалпы  теориясы  мен  қазақ  тілінің 

ғылыми ережелері ғой. 

Бұл  осы  Қазақ  педагогика  институтына  келгелі  жүз  шамалы  жастарға 

жоғары  білім  берді.  Олар  әлденеше  жүздеген  жастарды оқытады  ғой.  Оның 

бірсыпырасы аспирантураны бітіріп, «ғылым кандидаты» дәрежесіне жеткелі 

отыр-ау әлі! 

Астанамыздың орта, жоғары дәрежелі мектептерінің отыз оқытушысы 

осыннан  үйреніп,  енді  біраз  уақытта  тіл  ғылымы  жөнінде  жоғары  дәрежелі 

білім иесі боламыз деп қуанып отырған жоқ па? Талай институттарымыздың 

тіл кафедрасында қаншама жастарымыз ұйып, осы жігіттің ғылыми сабағын 

тындап  отырғанын  көресің.  Ол  –  оқу  істері  комиссариатының  термин 

комиссиясының  председателі.  Жаңа  әліп  комитетінің  оқымысты  секретары. 

Ғылым  академиясы  филиалының  тіл  ғылымы  секторының  бастығы.  Ол 

қазақтың  әдебиет  тілі  мен  басқа  ғылымдар  жөніндегі  терминдерін  жасасты. 

Орта  мектептердің  грамматикасы  мен  жоғары  мектептердің  қазақ  тілі 

Ғылыми  грамматикасын  жасап  беріп  отыр.  Мұғалімдерге  орта  мектеп 

грамматикасының  жайын  түсіндіретін  бір  кітап,  «Емле,  термин  мәселелері» 

деген бір кітап жазып жатыр. Қазақ тілі жайын зерттеу деген тақырыпта орыс 

тілінде  он  кітапша  жазып,  алды  баспадан  шықты.  «Қазақ  тілі  мәселелері» 

деген ғылыми (академиялық) сөздігі жасалып жатыр. Бұл жұмыс 1942 жылы 

бітеді. Соны бұл да басқарады. 

Мұның қаулаған талабын жетелейтін ғылым іздегенде, істемек қызметі 

осы еді. 

Қазақстанда емле, термин мәселелері реттелмеген ұлттар бар: мәселен 

ұйғыр, дүнген делік... 

Ұйғыр  халқының  республикалық  мәдениет  съезі  емле,  термин 

мәселелерін  қарағанда  осы  профессордың  аянбай  ат  салысқанын  көрдік. 

Талай  ғылымитүйіндерді  шешіп  берді.  Ұйғыр  халқы  қандай  риза  болды 

десейші. 



370 

 

Биыл  ол  ұйғыр  халқының  толық  тіл  грамматикасын  жазып  береді. 



Дүнген  халқының  тіл  маманын  әзірлеуге  ат  салысып  жүр.  Осыны  көргенде 

халықтар арасындағы достық, туысқандықтың мейлінше бекігенін түйгендей 

боласың. 

 Ленинизм  ғылымы  ешбір  ұлтты,  ешбір  тілді  алаламайды.  Ол  бәріне 

бірдей ғылым. Ол ғылыммен тәрбиеленген кісі де барлық ұлттқа бірдей кісі, 

барлық тілге де өз ана тіліндей қарайтын кісі болатынын терең ұғынасың. 

 

* * * 


Оған мұғалімдеріміз де көп көз тігіп, көмек күтеді. Сондықтан да оның 

алдынан  мұғалімдердің  хаты  үзілмейді.  Кейбіреулер,  тіпті,  келіп  те 

жолығады.  Осының  бәріне  ауызекі  де,  хат  арқылы  да  жауап  қайтарып,  жөн 

көрсетіп  үлгереді.  Соның  ішінде  мына  сияқты  тамаша  әңгімелердің  де 

тақырыбы кездесіп қалады. 

Ол  бір  күні  кафедрадағы  жұмысын  бітіріп,  оқу  бөліміне  келгенде, 

столда жатқан хатқа көзі түсті. Алып қарады, алыстан екен. Ашып оқығанда 

бұл өз өмірін аралап шыққандай болады: оның баяғы монтиған кезінде өзін 

оқытқан бір оқытушы есіне түсті. Сонда бұл: «Осы мұғалімнен өтер білімді 

кісі жоқ шығар!», – деп ойлайтын еді. Тегінде, балалар солай ойлайды... Бірақ 

өзің есіп, білімің ұлғайған кезде ғана барып, оның жайын түсінесің. 

Мына хат жазып, ақыл сұрап отырған да сол сияқты осы профессорды 

бір кезде оқытқан Абдолла Беркінов деген жолдас екен. 

Бұл  оған  толық  түсінік  беріп  хат  жазды  да,  аяғына  қол  қойды: 

«Профессор Құдайберген Жұбанов», – деп. 

 

(«Социалистік Қазақстан», 1937 жылы, 21 март) 



 

 

 

М.Балақаев 

 


1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал