Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



жүктеу 5.5 Mb.

бет31/43
Дата08.01.2017
өлшемі5.5 Mb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43

Жұбанов  Ақырап  Құдайбергенұлы  07.11.1927  жылы  Ақтөбе 

қаласында туған. 2007 жылы 18 ақпанда дүниеден өтті. 

1949  жылы  Н.В.Гоголь  атындағы  Алматы  көркемсурет  училищесін 

бітірген.  1958  жылы  В.И.Мухина  атындағы  ВХПУ-ді  Ленинград  қаласында 

оқып  бітірген.  1959  жылдан  Қазақстан  суретшілер  одағының  және  КСРО 

суретшілер  одағының  мүшесі,  «Мәдениетке  еңбегі  сіңген  қайраткер», 

«Қазақстан Республикасы Суретшілер академиясының академигі». 

Ақырап Құдайбергенұлы еңбек жолын Алматы қаласындағы №12 қазақ 

орта мектебінде сызу пәнінен сабақ беруден бастайды (1947-1948). Одан соң 

Cолтүстік  Қазақстан  облысы  Петропавл  қаласындағы  педагогикалық 

училищеде  көркемөнер  пәнінің  оқытушысы  (1949-1952).  ҚазКСР  Ғылым 

академиясы  Тіл  және  әдебиет  институтының  өнертану  секторында  кіші 

ғылыми  қызметкер  (1958-1959),  Қазақстан  Суретшілер  Одағында  референт 

(1959-1960),  Қазақстан  КСР  Жергілікті  өнеркәсібі  министрлігінде  бас 

суретші  (1960-1962),  ҚазКСР  Ғылым  академиясының  М.Әуезов  атындағы 

әдебиет  және  өнер  институтында  кіші  ғылыми  қызметкер  (1962-1963), 

Алматы  көркемөнер  училищесінің  директоры  (1963-1982),  Алматы 

қаласының  бас  суретшісі  (1982-1984),  Алматы  көркемсурет  училищесінің 

директоры (1984-1992).  

Ақырап  Жұбановтың  тікелей  ұйымдастыруымен  Ақтөбе,  Шымкент 

қалаларында көркем училищелері ашылады. Қазақстанда училище ғана емес, 

көркемөнер  институтының  ашылуын  армандай  жүріп,  өз  ұсыныс-тілектерін 

жоғары  оқу  орны  министрлігіне,  басқа  да  тиісті  орындарға  жеткізу 

нәтижесінде тұңғыш рет театр көркемөнер институты өмірге келеді. Ол ұлғая 

келіп,  қазір  Т.Жүргенов  атындағы  Қазақ  ұлттық  академиялық  өнер 

академиясы  аталып  отыр.  Ақырап  Құдайбергенұлының  негізгі  еңбектері: 

«И.Е.Репин  –  орыстың  ұлы  суретшісі»  (1955),  «Телжанов  шығармашылығы 

туралы»  (1960),  «К.Тыныбеков  туралы  естелік»  (1983),  «Алматы  геология 

мұражайы  қойылымдары  мен  безендіру  жұмыстарының  жобасы»  (1968), 

«Жайлау туралы ән», «С.С.Мәмбеев шығармашылығы туралы» (1960). 



Жұбанов  Есет  Құдайбергенұлы  22.11.1929  жылы  Ақтөбе  қаласында 

туған. 2007 жылы 4 сәуірде дүниеден өтті. 

Тіл  білімі  маманы,  филология  ғылымдарының  докторы  (1997), 

профессор  (1996).  Ақтөбедегі  Н.Байғанин  атындағы  педагогикалық 

институттың  дайындау  бөлімін  (1946),  Абай  атындағы  педагогикалық 

институтты 

(1951) 

бітірген. 



1951-1955 

Петропавл 

педагогикалық 

училищесінің  мұғалімі,  мұғалімдер  жетілдіру  институтының  қазақ  тілі 

кабинетінің  меңгерушісі,  Солтүстік  Қазақстан  облысы  оқу  бөлімінің 


326 

 

нұсқаушысы,  «Қазақстан  мұғалімі»  газетінің  қызметкері  (1955-1957),  ҚР 



ҰҒА-ның  Тіл  және  әдебиет  институтының  кіші  ғылыми  қызметкері  (1957-

1959),  1959-1961  жылы  осы  институттың  аспиранты,  1962-1991  жылы 

аталмыш  институттың  кіші,  аға  ғылыми  қызметкері.  1991  жылдан  өмірінің 

соңына дейін Ақтөбе педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасында 

доцент, «Жұбановтану» зертханасының меңгерушісі. 

Проф.  Е.Қ.Жұбановтың  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу  эпосының  тілі 

жөнінде»  деген  тақырыпта  кандидаттық  (1967),  «Халық  әдебиеті  тілін 

зерттеудің  лингвостилистикалық  аспектілері»  атты  докторлық  (1997) 

диссертациялары қазақ әдеби тілі саласындағы көрнекті еңбектер қатарынан 

саналады. Сонымен қатар ғалым өз әкесі Қ.Жұбанов еңбектерінің таңдамалы 

бір  томдығын    (1966  ж.),  академик  Ахмет  Жұбановтың  «Ән-күй    сапары» 

атты  көлемді  еңбегін,  «Абай»  энциклопедиясын,  сондай-ақ  ондаған 

академиялық  жинақтар  мен  кітаптар  шығаруға  тікелей  қатысты.  Алғашқы 

монографиялары  «Эпос  тілінің  өрнектері»  және  «Қазақ  тілінің  тарихи 

кездері» (ұжымдық) 1978, 1989 жылдары жарық көрсе, «Қозы Көрпеш-Баян 

сұлу  эпосының  текстологиясы»  (1994),  «Қазақтың  ауызекі  көркем  тілі» 

(1996)  атты  монографиялары  –  қазақ  тіл  біліміндегі  соны  да  маңызды 

еңбектер  екені  даусыз.  Сонымен  қатар  Есет  Құдайбергенұлы  он  томдық 

«Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінің»  бесінші,  алтыншы  томдарын  жасауға 

атсалысып, жалпы көлемі 8 баспа табақ жұмыс жазды. 

Профессор  Е.Қ.Жұбанов  өз  болмысы,  терең  білім,  зор  адамгершілігі, 

ұстаздық  пен  ғалымдық  жолдың  тізгінін  тең  ұстау  барысында  көптеген 

мемлекеттік  атақ-дәреже,  жоғары  атақтар  мен  марапатқа  ие  болған  азамат. 

Ол  2005  жылы  Мемлекеттік  тіл  саясатын  жүргізудегі  үлгілі  еңбегі  үшін 

марапатталып, Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хаты мен автокөлікке ие болса, 

педагогикалық  қызметтегі  табыстары  үшін  «Қазақстан  Республикасының 

білім  озаты»,  Ы.Алтынсарин  атындағы  медаль  иегері,  «Қазақстан 

Республикасының  білім  беру  ісінің  құрметті  қызметкері»,  «Қазақстан 

конституциясына  10  жыл»  мерекелік  медалімен  марапатталып,  2003  жылы 

«Ақтөбе  облысының  құрметі  азаматы»,  2004  жылы  «Ақтөбе  қаласының 

құрметті азаматы» деген атақтарға ие болды. 

Жұбанова  Қызғалдақ  Құдайбергенқызы  1933  жылы  26  ақпанда 

Алматы  қаласында  дүниеге  келді.  Ақтөбе  облысында  бастауыш  мектепті 

аяқтап,  1946  жылы  Алматыдағы  №12  қыздар  орта  мектебінде  оқып  бітірді. 

1952 жылы мектепті бітірген соң Қазақ ұлттық университетінің «Экономика» 

факультетіне  түсіп,  «Экономист»  деген  мамандық  алып  шығады.  Сол 

мамандығы бойынша статистика басқармасында жемісті де абыройлы қызмет 

атқарып  жүргенде,  1961  жылы  Алматыда  ашылған  Республикалық  халық 

шаруашылық жетістіктер көрмесі ашылады да, соған қызметке шақырылады. 

Ол  көп  жылдар  бойы  халық  шаруашылық  жетістіктер  көрмесінде  «Бас» 

павилон  директоры  қызметін  атқарады,  халқының  сенімді  перзенті  ретінде 

зор  беделге  ие  болып,  талай  құрмет  грамоталарымен,  дипломдармен, 

медальдармен  марапатталды,  абыройға  кенелді.  Еліміз  егемендік  алғаннан 



327 

 

кейін  ол  жерде  «Атакент»  іскерлік  орталығы  ашылды.  «Мен  онда 



акционермін» дейді Қызғалдақ Құдайбергенқызы. 

Әкесі  Құдайберген  Жұбанов  1957  жылы  ақталған  күннен  бастап,  өз 

анасынан,  апа-ағаларынан  бала  кезінен  әке  жағдайын  естіп,  өксіп  өскен, 

ғалымның  ортаншы  қызы  Қызғалдақ,  енді  ел  аузынан  жалынды  лебіздерді 

естіді,  зиялы  қауым,  атақты  жазушы,  ұлағатты  ғалымдардың  әкесі  туралы 

жазған 


мақалаларын 

оқыды. 


Талай 

мерейтойларға 

байланысты 

конференцияларда  жасалған  баяндамаларды  тыңдап,  газет-журналдардағы 

мақалаларды  тірнектеп  жинап,  әкесінің  еңбектерімен  танысты.  Ардақты  да 

қымбатты әкесі жайлы сағынышқа толы жырлар да жаза бастады. «Жұбанов 

Құдайберген  жүзге  толды»  атты  жүректен  шыққан  толғауында  өзінің  әкесі 

деген сәбилік сезімін, былайша көрсеткен-ді. 

 

«Бүгінгі елордамыз Астанада, 



Жанашырлар жиналды жас қалада. 

Жүзге толған Жұбанов құрметіне, 

Келелі кеңес ашты бас қалада. 

 

Отанының білімпаз қайраткері 



Халқының азаматы ардагері, 

«Елім, ұлтым, тілім» – деп, отқа түскен 

Жұбанов тым ертерек қыршын кеткен. 

 

Ісіңді армандаған алға апарар, 



Ел білді бар екенін жас ұрпақтар. 

«Тіл қолдану аясын кеңейту» – деп, 

Ғылыми тәжірібелі жиын арнар. 

 

«Мұқият бол деп, тіл мен терминдерге» 



Ғұлама айтып кеткен дәл сендерге. 

«Өз тілің ғылыми тіл шеңберінде

Әлемдік деңгейден көр әр кезінде». 

 

Егеменді елімнің тіл – тірегі,  



Жастары жалындаған – ең керегі. 

«Ұрпақтар жалғастығы» деп жатармыз, 

Әлі де бергенінен мол берері. 

 

Әкесінің  ұшан-теңіз  еңбектерін  жете  оқып,  мән-мазмұнына  терең  ден 



қоя  ұғып  түсінген  Қызғалдақ:  «Осындай  қазақтың  бақытына  біткен  ерекше 

талантты  жоқ  етуге  қалай  көздері  қиды  екен?»  деп  қиналады.  Өзінің  жан 

жүрек  балапандары,  немере-шөберелеріне  атасының  ғалымдық  жолын  үлгі 

етіп, мәпелеп, тәрбиелеп, үнемі үлгі етумен ғана тынбай, әке мұрасын жинау, 

насихаттау  жолында  да  айтарлықтай  тынымды  да  ұлағатты  істер  атқарудан 


328 

 

жалықпай еңбектенуде. Ол әкесінің туғанының 105 жылдығына арнап, «Әкем 



– жарық жұлдызым» атты көлемі 222 беттік сый кітапты 2005 жылы жарыққа 

шығарып, оның тұсаукесер тойын да өзі өткізді. 

Проф. 

Құдайберген 



Қуанұлы 

Жұбановтың 

өмірі 

мен 


шығармашылығын,  ғылыми  және  қайраткерлік  қызметін,  жалпы  азаматтық 

тұлғасын  танытуда  жан-тәнімен  еңбек  етіп,  бар  күш-жігерін  салып, 

ғалымның 

мерейтойларына 

арналған 

конференциялардың 

бәрінде 

баяндамалар  жасап,  барлық  іс-шаралардың  басы-қасында  келе  жатқан  – 

ғалымды  «халық  жауы»  ретінде  тұтқындаған  күні  туғанына  алты  күн  ғана 

болған  кенже  ұлы  Жұбанов  Асқар  Құдайбергенұлы.  Ол  1937  жылы  13 

қарашада  Алматы  қаласында  туған.  Математика  және  тіл  білімі  маманы, 

филология ғылымдарының докторы, профессор.  

А.Қ.Жұбанов  1960  жылы  Абай  атындағы  мемлекеттік  педагогика 

институтының  математика  факультетін  бітірген.  1960-1967  жылдары  Қазақ 

мемлекеттік 

ауылшаруашылық 

институтының 

жоғары 


математика 

кафедрасында  оқытушылық  қызмет  атқарған.  Әкесі  Құдайберген  Қуанұлы 

Жұбановтың ғылымдағы жолын жалғастыру мақсатымен А.Қ.Жұбанов 1967-

1970-жылдары  ҚазКСР  ҒА  Тіл  білімі  институтының  аспирантурасында 

оқиды.  Аспиранттық  және  докторанттық  кезеңдерінде  қазақ  тілін 

математикалық  әдістермен  зерттеу  мақсатында  Минскідегі  Лингвистикалық 

университеттің  ғылыми  мектебінен  өтті.  Осы  саланың  белгілі  ғалымдары, 

профессорлар  –  Р.Г.Пиотровский,  А.В.Зубов,  Қ.Б.Бектаевтардан  дәріс  алды. 

1973  жылы  филология  ғылымдарының  докторы  Қ.Б.Бектаевтың  ғылыми 

жетекшілігімен  және  академик  І.Кеңесбаевтың  ғылыми  кеңесшілігімен 

«Статистико-лингвистическое 

исследование 

казахского 

текста 


с 

применением  ЭВМ»  атты  кандидаттық  диссертация  қорғады.  Бұл  ғылыми 

жұмыс  қазақ  тіл  біліміндегі  статистикалық  лингвистика  саласына  арналған 

алғашқы  еңбектердің  қатарында  саналып,  жоғары  бағаланды.  Сөзіміздің 

дәлелі  ретінде  академик  І.Кеңесбаевтың  Құдайберген  Жұбановтың  жұбайы 

Раушан Жұбановаға жазған хатын келтіруді жөн көрдік: 

 

Аса құрметті Раушан жеңгеме. 



 

Ата  балаға  сыншы  ғой.  Асқарға  біз  сияқты  кісілер  де  ата.  Асқарға 

жүктелген жұмыс ауыр еді. Оны мызғымастан өткелден көтеріп шықты. Ол 

ғылым өткелі еді. Ата баласының ат меңіндей белгісі болады емес пе?! Осы 

жолы әкеге біткен қабілет балаға біткен дарындылықтан анық аңғарылды. 

Асқардың  сәтті  аяқталған  еңбегіне  шын  жүректен  шыққан 

қуанышымды білдіремін. Жұрағат, бала-шағамыздың, өзіңіздің бақыттан қол 

үзбеулеріңізге тілектеспін. Өмір бойы үйіңіздің түтіні сөнбесін. 

 

Ісмет 


15.06.73 

 


329 

 

P.S. Бір ғана өкінішім бар. Кеше кешкі ауық түшкіріп, сәл сырқаттанып 



қалдым. Ыстығым бар. Тойдың басы-қасында өзім болмақ уәдем бар еді. Бұл 

уәдеден шыға алмай қалдым. Ғафу сұраймын». Бұл хаттың кирилл қарпімен 

қатар  төте  жазумен  жазылған  нұсқасы  да  Асқар  Жұбановтың  мұрағатында 

сақтаулы. 

А.Қ.Жұбанов  2001  жылы  филология  ғылымдарының  докторы, 

математик  А.В.Зубовтың  ғылыми  кеңесшілігімен  «Основные  принципы 

формализации  содержания  казахского  текста»  атты  тақырыпта  докторлық 

диссертация  қорғады.  Ғалымның  зерттеулерінде  қолданбалы  лингвистика 

саласының әдіс-тәсілдері беріліп, жиілік сөздік мәселесі, олардың автоматты 

түрде жасалу жолдары көрсетілген. Қазақ мәтініндегі негізгі сөз таптарының 

мәтін  ішінде  үлестірілу  заңдылығының  ықтималды-статистикалық  моделін 

құру мәселесі зерттелген. Ғалымның докторлық диссертациясында қазақ тіл 

білімінің  өзекті  мәселелеріне  жататын  мәтін  және  оның  формалдық, 

мазмұндық  құрылымына  қатысты  құрастырушы  элементтер  арнайы 

қарастырылған.  

А.Қ.Жұбанов 1970-1976 жылдары А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі 

институтында  кіші,  1976-1986  жылдары  аға,  1986-1990  жылдары  жетекші 

ғылыми қызметкер, 2002 жылданбас ғылыми қызметкер, 1990 жылдан бастап 

«Қолданбалы  лингвистика»  бөлімінің  меңгерушісі  болып  қызмет  істейді. 

2004 жылы тіл білімі мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.  

А.Қ.Жұбанов  –  қазақ  тілін  зерттеуде  математикалық  статистика  мен 

ықтималдылықтар  теориясы  пәндерінің  әдістерін  (ғылыми  жетекші 

Қ.Бектаевпен  бірге)  және  қазақ  лексикография  саласына  компьютер 

мүмкіндіктерін  пайдалану  әдісін  тұңғыш  қолданған  және  оны  әрі  қарай 

дамытушы ғалым. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қазақ 

тілінің  қолданбалы  саласының  жаңа  бағытына  қатысты  тақырыптарға 

А.Жұбанов  ғылыми  жетекшілік  етіп  келеді. Ғалымның  алғашқы  зерттеулері 

ЭЕМ  (компьютер)  арқылы  М.Әуезовтің  шығармаларындағы  сөзформалар 

мен  сөздердің  жиілік  сөздіктерін  құрастыру  және  олардағы  тілдік 

бірліктердің  статистикалық  заңдылықтарын  анықтауға  қатысты  болса, 

соңғылары  –  «Мәдени  құндылықтар  ретіндегі  қазақ  тіліндегі  мәтіндер 

корпусы және сөздіктердің «Тіл – қазына» атты ұлттық компьютерлік қорын» 

құрастыру мәселелерін қамтиды. Мұндай зерттеу қазақ тіл білімінде бұрын-

соңды  болмағандықтан,  зерттеу  нәтижесі  компьютерлік  лингвистиканың 

теориялық және практикалық негізін қалыптастыруға бастама болды. 

«Тіл  мамандарының  ең  талантты  дегендерінің  ішінде  екінің  бірі  бара 

алмайтын  бұл  салаға  Асқардың  жаңадан  жол  салып,  бастау  көздердің  бірі 

болуында  екі-үш  фактордың  мәнін  атау  керек:  бірі  –  бұл  іске    математик 

маманның  кірісуі,  екіншісі  –  математиктің  тіл  білімі  сияқты  гуманитарлық 

ғылым  саласының  негізгі  қағидаларын,  тармақтарын,  теориялық  тұрғылары 

мен  практикалық  қажеттіктерін  бірден  жақсы  игеріп  (оқып),  танып  алған 

қабілет-дарыны,  үшіншіден,  қазақ  тіл  білімі  саласын  заман  талабына  сай 

дамытуға үлес қосу (дәлірек айтсақ, жол салу) сияқты ғылыми мақсат қоюы. 


330 

 

Ал  мұндай  мұрат-мақсатты  қоюға,  сірә,  әке  жолын  жалғастыру,  «Жұбанов» 



деген  ата  атын  жоғары  ұстау  сияқты  жазылмаған  адами  заңның  талабы  да 

болған болар», – дейді академик Р.Сыздық («Ана тілі», қарашаның 8-і, 2007). 

Профессор  А.Қ.Жұбанов  жоғары  оқу  орындарында:  әл-Фараби 

атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  Жалпы  тіл  білімі  кафедрасында,  Абай 

атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінің  Магистратура  және 

PhD  докторантура  институтында  қазақ  тілінің  математикалық  және 

компьютерлік лингвистика пәндері бойынша дәріс оқыды. 

Профессор А.Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімінің сөздік қор, лексикалық 

байлығын,  яғни  институттың  картотекалық  қорында  жиналған  бес  миллион 

сөз қолданыс байлығын компьютерлік қорға түсірді. 

Ғалымның жетекшілігімен, бөлім қызметкерлерінің бұл тамаша еңбегі 

2011  жылы  «Мәдени  мұра»  бағдарламасымен    жарық  көріп  отырған  15 

томдық  «Қазақ  тілінің  сөздігін»  жасауға  кеңінен  қолданылып,  көп  көмегін 

тигізді.  Бұл  қорға  «ақ  таңдақ»  кезінде  шығармалары  пайдаланылмаған, 

қажетті  сөздері  тиісті  дәрежеде  кортотекалық  қорға  түсірілмеген  арыстар: 

Шәкәрім  Құдайбердіұлы,  Сәкен  Сейфуллин,  Бейімбет  Майлин,  Ахмет 

Байтұрсынұлы,  Мағжан  Жұмабаев,  Міржақып  Дулатов,  Жүсіпбек 

Аймауытұлы  т.б.  жазушылар  шығармаларындағы  халық  тілінің  байлығы, 

жауһар сөздерді компьютерге жаңадан түсірді. 

Ғылыми-зерттеу  және  жоғарыда  аталған  пәндер  бойынша  сабақ  беру 

нәтижесінде  А.Жұбанов  –  6  монографияның  (3  жиілік  сөздіктің 

құрастырушыларының  бірі),  3  оқу  құралының,  сондай-ақ  150-ге  жуық 

ғылыми  мақаланың  авторы.  Ғалымның  ғылыми  жетекшілігімен  5 

кандидаттық және 7 магистрлік диссертация қорғалды.  

Профессор  А.Қ.Жұбановтың  негізгі  теориялық-танымдық  еңбектері: 

Куманша-қазақша  жиілік  сөздік.  –Алматы,  1978  (құраст.  бірі).  –217  б.; 

М.О.Әуезовтің  «Абай  жолы»  романының  жиілік  сөздігі.  –Алматы,  1979 

(құраст. бірі). –336 б.; Квантитативная структура казахского текста. –Алматы, 

1987.  –147  с.;  М.О.Әуезовтің  20  томдық  шығармалар  текстерінің  жиілік 

сөздіктері.  –Алматы-Түркістан,  1995  (құраст.  бірі).  –346  б.  Основные 

принципы формализации содержания казахского текста. –Алматы, 2002. –250 

с.;  Қолданбалы  лингвистика:  қазақ  тілінің  статистикасы.  Оқу  құралы.  –

Алматы,  Қазақ  университеті,  І-2004,  ІІ-2007.  –209  б.;  Қолданбалы 

лингвистика:  формалды  модельдер:  Оқу  құралы.  –Алматы:  Қазақ 

университеті,  І-2006,  ІІ-2007.  –280  б.;  Компьютерлік  лингвистикаға  кіріспе: 

Оқу  құралы.–Алматы:  Қазақ  университеті,  2007.  –204  б.;  Қолданбалы  тіл 

білімінің  мәселелері.  Вопросы  прикладного  языкознания.  –Алматы:  Арыс, 

2008.  –640  б.;  Қазақ  сөзінің  «Тіл  –  қазына»  деректер  базасы  және  оның 

теориялық  негіздері.  База  данных  «Тіл  –  қазына»  казахского  слова  и  ее 

теоретические  основы.  –Алматы:  Арыс,  2009.  –304  б.;  Қазақ  тіл  білімі: 

қолданбалы лингвистика. Казахское языкознание: прикладная лингвистика. –

Алматы:  «Кие»  лингвоелтану  инновациялық  орталығы,  2012.  –696  б. 

(қазақша, орысша). 


331 

 

Жан-жағына  саясын  төккен  зәулім  бәйтеректей  болған  профессор 



Құдайберген Жұбановтың шарапаты мен шексіз дарыны ұрпақтарына дарып, 

Жұбановтар  әулетінің  есімдері  бұл  күнде  қазақ  халқының  ғылымы  мен 

мәдениетінің төрінде шоқ жұлдыздай жарқырап тұр. 

 

 



 

 

 



ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ 

(Қ.Жұбанов туралы естеліктер) 

 

Жұбанова Раушан, 

Құдайберген Жұбановтың жары 

 

Кебенек киіп кетіп еді... 

 

Құдайберген  екеуміз  құрдас  едік.  1989  жылы  екеуміз  де  тоқсанға 



толамыз. «Тоқсан деген тор екен, алды мен арты бірдей ор екен!» – депті ғой 

бір  ақын.  Осы  сөздің  мағынасын  мен  енді  ғана  түсіндім.  Ойлап  отырсам, 

басымнан  не  өтіп,  не  кетпеді,  мен  не  көрмедім?  Қазақ  аулында  тудым. 

Революция болды, патша «қара бет болып», тақтан түсті деген хабар да жетті 

алыс  ауылға,  Совет  өкіметі  орнады,  онан  кейін  ақтар  босып,  ауыл-ауылды 

қырып кете жаздады. Қызылдар келді, көз алдымызда бұрынғы ауыл өзгеріп, 

жаңа түрге ене бастады. Құдайбергенге еріп үлкен қалаларда да тұрдым, қа-

зақ  халқының  алғашқы  оқыған  азаматтарының  талайымен  таныс,  дәмдес 

болдым. 

Я..,  несін  жасырайын,  өткен  күндердің  қиындығы  да  бар,  бақыты  да 

мол еді. Кейде сол бақытты күндерді, бұрынғы бірге жүрген қатар-құрбыны 

еске  алайын  десем,  тоқсан  жылдың  салмағын  арқалаған  сананың 

көмескіленіп, сағымдай бұлдырап, өткен күндердің басы мен аяғын ажырата 

алмай қоямын. Өкініштен басқа қолдан келер айла жоқ. Тоқсан деген алып өз 

дегеніне  көндірмей  қоя  ма?!  Өткеннің  ішінен  есімнен  кетпестей  болып, 

мәңгілікке  сақталып  қалғаны  Құдайбергенге  байланыстылары  ғана.  Оны  ең 

бірінші  көрген  күнімнен  бастап,  ең  соңғы  қоштасар  сәтке  дейінгі  (1937 

жылғы 19 ноябрь) бірде-бір оқиға ұмытылмай, өзіммен бірге кететін түрі бар. 

Сірә, оған тоқсанның да күші жетпей жатса керек! 

Құдайбергенді  мен  үнемі  көз  алдыма  он  алты  жасар  бала  қалпында 

көремін.  Мен  онымен  кездесіп,  тұңғыш  рет  танысқанымызда,  екеуміз  де  он 

алтыда  едік.  Сол  көрініс  көзімнен  де,  ойымнан  да  мәңгі  кетпестей  болып 

сақталып  қалыпты.  Өзімнің  тоқсан  жасқа  келгеніме  сенсем  де,  оны 

тоқсандағы  шал  қалпында  көзге  елестете  алмаймын.  Оған  тоқсан  жасты 

қалай  берейін,  үйден  алып  кеткенде  ол  38  жасқа  да  толған  жоқ  еді  ғой. 

Шашының  ерте  бурыл  тартқанына  қарап,  замандастары  «шал!»  дейтін.  Ал, 



332 

 

шынына келгенде, сүйегі іріленіп толысатын жасқа да жетпей, жіп-жіңішке, 



ықшам жігіт қалпында көз алдымнан ғайып болды. 

Жазғы  жайлауда  «ауыл  аралас,  қой  қоралас»  дегендей,  бір  ауыл  мен 

екінші  ауыл  жақын  қонып  қалады.  Қозы-лақ  жоғалып,  әлденеден  ауыл  мен 

ауыл  таласып,  тартысып  қалатын  күндер  де  болады,  дегенмен  жайлауға 

шығар кезді жастар асыға күтеді. Кино-театры жоқ қазақ жастарының ең бір 

жарқын, қызыққа толы кезеңі ғой бұл. 

Көкнұра-Бестау деген жерге біздің ауылдың көшіп келгеніне екі-үш-ақ 

күн  болған.  Шаңқай  түстің  кезінде  салт  ат  мінген  төрт  жолаушы  әкемнің 

ортаншы  інісі  Саймағамбеттің  үйіне  түсіп  жатты.  Кешікпей  сол  үйдегі 

жеңгем  келіп  мені  қонақтардың  шайын  құйып  беруге  шақырды.  Бардым. 

Келгендер Жұбан аулының жігіттері  екен, ішінде Жұбанның он алты жасар 

немересі Құдайберген бар. Жігіттер аулының қасына қонған біздің ауылдың 

үлкендеріне сәлем бере келіпті. Қонақтардың Құдайбергеннен басқалары 20-

25  жастағы  ересек  жігіттер  екен,  бірақ  бәрі  де  бойдақ  болса  керек,  маған 

сынай  да  сұқтана  қарайды.  Мен  де  сынап  отырмын.  Қақ  төрге  ұзын  бойлы 

арықша  келген  аққұба  жігіт  отырды,  аты  Ақынияз,  Жұбан  тұқымының 

жиендері болса керек, онан кейін дөңгелек жүзді Емберген деген зергер жігіт, 

дастарқанның  екі  жақ  шетін  ала  қара  торы  қызыл  шырайлы  көзі  жайнаған, 

Құдайбергендермен  қыз  алыспайтын  ағайыны  Төрәлі  мен  Құдайберген 

отырды.  Жұбан  аулының  жігіттері  басқа  жігіттердей  қызылды-жасылды 

киінбей, қара бұлдырап, болмаса, загрен бешпент-шалбар, қақпақты жаға ақ 

көйлек  киіп,  бастарына  қақырайтып  ақ  шыт  орамал  тартады  екен. 

Құдайберген олардан  да  гөрі  басқалау,  үстіне  медресе шәкіртінің костюмін, 

басына қара барқыт тақия киіпті. 

Мен  шай  құйғанда  кесенің  тәуірін,  шайдың  қызылын  үлкендеріне 

беріп,  Құдайбергенге  төмен  қол  кесемен  бердім,  ол  әуелі  менің  көзіме  бір 

қара домалақ  бала тәрізді  көрінді.  Кейін  байқап  қарасам,  ерекше  паңданып, 

кербезденіп  сөйлейтін  қасындағы  ересек  жігіттерге  қарағанда,  ол  ойшыл, 

ұстамды және үлкен қой көздері ерекше жылу шашып тұрады екен. 

Сол  кеште  Саймағамбет  ағай  мен  Бірәш  жеңгей  келген  қонақтардың 

құрметіне  ойын  өткізді.  Ән  салынды,  домбыра  тартылды,  «кім  түртті», 

«балтам  тап»  секілді  ойындар  ойналды.  Төрәлі  мен  Ақынияз  екеуі  де 

домбыраны  жақсы  тартады  екен,  таңның  қалай  атқанын  сезбей  қалдық. 

Аттанарда қонақтар біздің ауылдың жастарын шақырып кетті. 

Ауылдарына  кетіп  бара  жатқанда  жігіттердің  барлығы  да  мен  туралы 

әңгіме  қозғапты.  Құдайбергенді  жассынып,  оны  есепке  алмай,  ересек  үшеуі 

бірінен  бірі  жол  сұрапты.  Сонда  үндемей  келе  жатқан  Құдайберген 

ағаларына  қарап:  «Бұдан  былай  қарай  үшеуің  де  Раушанды  ауыздарыңа 

алушы болмаңдар, ол менікі болды!» депті күтпеген жерден. 

Шамасы  ол  осы  ойын  ағасы  Тәпенге  айтқан  болу  керек,  өйткені  біз 

Құдайбергеннің  аулына  келгенде,  Тәпеннің  жұбайы  Балбөпе  (ел  арасында 

«Сарыайғыр,  Сәкең»  атанған)  маған  ерекше  ықылас  білдірді.  Сәкең  ауыл 

жастарының  ұйтқысы  екен.  Өзі  әнші,  өзі  домбырашы,  өзі  сұлу,  сауықшыл 


333 

 

адам  (Сәкеңнің  Балбөпе  атын  кейінгі  жастар  тек  сельсоветтің  книгасынан 



ғана көретін). 

Екі  ауылдағы  кездесуден  кейін-ақ  Құдайберген  екеуміз  бір-бірімізбен 

түсініскендей болдық, көздегіні ғана емес, көңілдегіні де білетін ел-жұрт оны 

да сезіп қойды. Күндер өтіп жатты. 

Құдайберген  алыста  оқуда  не  қызметте  жүргенде  маған  хат  жазатын 

немесе  қатар-құрбы  арқылы  өлең  шығарып  сәлем  айтатын,  сол  өлеңдердің 

бір шумағы әлі күнге есімде жүр: 

 

Сәлем айт барғандарың Раушан қызға,     



Өзгені теңгермеймін ол шандозға! 

Өзгеден өзгелігі болғаны ғой, 

Болмаса сәлем айтты қай қырғызға? – деген. 

Өлеңдік қасиетін қайдан білейін, жас кезінде шығарғаны ғой, бірақ осы 

шумақ  мен  үшін  тым  қымбат.  Ол  шынында  мені  ешкімге  теңгермейтін  еді. 

Құдайбергеннің  «қырғыз»  деп  отырғаны  біздің  арғы  аталарымыз  елінен 

қашып  келіп,  қазақ  арасына  сіңіп  кеткен  қырғыз  болса  керек,  шешем 

жағалбайлы  руының  қызы,  бұрынғы  «Жаманқала»,  қазіргі  Орск  маңының 

тұрғындары, мен өзім де сол жақта тудым, Темір-Орқаш болысына менің бес 

жасымда келіппіз. 

Мені  бала  күнімде  Шалқар  жағындағы  Сағымбай  деген  байдың 

баласына  атастырған  екен.  Тіпті  біздің  үйге  қалыңмалын  да  беріп  қойса 

керек. Байлаулы екеніңе жүрек көне ме? Сағымбайдың баласы маған көрмей-

ақ әзірейіл болды да, есі-дертім Құдайбергенге ауды. 

Жұбан  балалары  елге  қадірі  бар  адамдар  болғанымен,  Сағымбайдың 

беріп қойған малын қайтарарлықтай бай да, сойыл соғар жігіттері мол күшті 

де емес. Құдайбергеннің бар сенері Совет өкіметі, ол сол кезде (1918 жылы) 

Темір-Орқаш  болысында  жаңа  ғана  орнаған  жас  Совет  өкіметінің  хатшысы 

екен.  Өзі  Совет  өкіметінің  мән-жайын  жақсы  түсіне  алатындай,  көзі  ашық 

оқыған жігіт. Бұл өкімет нығайып, күшіне енсе, қалыңмалға тыйым салынып, 

әйелге  бостандық  берілетініне  сенімі  мол,  мені  де  осыған  сендіретін.  Бірақ 

1919  жылы  Темір-Орқаш  болысына  өзі  Совет  председателі  болса  да,  істі 

бірден  қалыңмалдан  бастауға  шамасы  келмей  қалды.  Оның  алдында  жеке 

бастың  қамынан  да  гөрі  жоғары  мақсат  тұрды.  Алдымен  кедейлерге  мал 

беріп,  жер  беріп,  балаларын  оқуға  жіберіп,  үгіт-насихат  арқылы  көпшілікті 

Совет өкіметінің жағына шығарып алып, қалыңмал мәселесіне біртіндеп келу 

қажет  болды.  Сөйтіп  жүргенде  1919  жылы  ақтар  қайта  шабуыл  жасай 

бастады,  әсіресе  темір  жол  бойындағы  Қандыағаш,  Ембі,  Шалқар 

станцияларында  қатты  қырғын  болыпты  дегенді  естідік.  Кейбір  ауылдарды 

да ақтардың сойқаны мазалап кетіп тұрды. Осыған байланысты Жұрында да 

ақ  бандыларға қарсы  күресетін  қызыл штаб  және сол  штабқа  қарасты  татар 

полкі құрылды. Бұл полктің құрамында қазақ, өзбек, түрікпен, қырғыз, татар, 

башқұрттар бар еді. Құдайберген сол полк жауынгерлеріне тілмаш әрі саяси 

сабақ  жүргізуші  есебінде  штабқа  шақырылды.  Ақтардың  шабуылын  арқа 



334 

 

тұтып  ел  ішінің  байлары  да  күшейе  бастады.  Құдайбергеннің  елде  жоғын, 



ақтарға қарсы күрестен босай алмай жүргенін пайдаланып, Сағымбай менің 

үйіме  қысым  жасады.  «Қалыңдығымызды  берсе  қолынан,  бермесе  жолынан 

аламыз»,  –  деп  хабаршы  жіберді.  Мен  келісім  бермедім.  Ағаларым  сылтау 

айтып: «Уәдеміз уәде, біз айныған жоқпыз, той жасап ұзатамыз, әкесі қайтыс 

болып,  басы  қаралы,  көңілі  жаралы  отырған  баланың  жағдайын  неге 

түсінбейсіңдер?» – деп жауап беріпті. Дегенмен сөз салып мазалай бастады. 

Құдайбергеннен қалмаймыз деп өлең шығаратындары да аз болған жоқ. Бір 

жігіт өзінің байлығын, берген жерімнен мені  арашалап ала алатынын айтып 

мақтанып, Құдайбергенді кедей, қара деп өлең шығарып жіберіпті, соның да 

есімде тек бір шумағы қалыпты. Ол: 

 

Раушан жаңа көрдім ажарыңды 



Қор қылып жүр екенсің базарыңды. 

Жолыңа мал-жанымды салар едім

Қап-қара тастай салсаң Назарыңды, – 

 

депті. Назар деп отырғаны Құдайбергенді өз атымен атамай, руының атымен 



айтқаны  ғой.  Бұл  өлеңге  мен  де  жауап  бердім.  Оның  «қара»  деп  кемітіп 

отырған  адамы  мен  үшін  ерекше  қымбат  екенін  білдіріп,  көңілін 

аулақтаттым.  Сөйтіп  жүргенде  Құдайберген  тағы  да  бір  алыс  сапарға  кетті. 

Ол  жоқта  Сағымбай  аулы  мені  еріксіз  ұзатып  әкетті.  Ағаларым 

Құдайбергенге  хабар  беріпті.  Бірақ  Құдайбергеннің  өзі  келуге  мүмкіндігі 

болмай,  5-6  қызыл  әскер  қосып,  Мәкі  деген  жолдасын  жіберіпті. 

Сағымбайлар  болса,  Мәкіні  танып  қойып,  бұлардың  маған  келген  кісілер 

екенін  түсініп,  айлаға  көшті.  Әйел-еркегі,  бала-шағасы  түгел  жиналып, 

әскерлерді  маған  маңайлатар  емес.  Бір  жарымжан  баланы  ұстап  тұрып, 

«мына  баланы  өлтіріп  сендер  өлтірді  деп  бәле  саламыз»  дегені  қызыл 

әскерлерді  шошындырып  жіберді.  Мен  де  Мәкіге:  «бәледен  аулақ  кетіңдер, 

өзім еппен құтыламын» дедім. Құтқарушы жігіттер кетіп қалды, мені бір үйге 

қамап  қойды.  Түн  ортасы  ауа  бергенде  құлағыма  күзетшілерімнің  қорылы 

естілді.  Мен  тұсымдағы  керегенің  басынан  екі  уықты  шешіп  алып,  үйдің 

үзігін  көтеріп  қарасам,  көзге  түртсе  көрінбейтіндей,  қараңғы  екен.  Тәуекел 

деп,  тұсымда  жатқан  қойшының  үстінен  қарғып  кеттім.  Күні  бойы  қой 

соңында шаршап жүрген қойшы жігіт оянбай қала берді. Мен жерге жабысып 

еңбектеп  келем.  Ауыл  маңынан  ұзаған  соң  ғана  кебіс-мәсімді  шешіп  алып, 

жүгіріп  кеттім.  Жүгіріп  келе  жатып,  «бандылардың  қолына  түсіп  қаламын 

ба?» – деген қауіп келді ойыма, сөйтіп, жолдан шығып жүремін деп адасып 

кеттім, ауылға таң ата жетіп, Құдайбергенге хабар бердім. Құдайберген тағы 

да  Мәкі  бастаған  жігіттерін  жіберіпті.  Мен  соларға  еріп  Құдайбергеннің 

аулына келдім.

 

Бұл  1919  жыл  еді.  Жесір  дауы  қазақ  арасында  әлі  өз  күшін  жоя 



қоймаған.  Сағымбайлар  Кеңес  өкіметінің  заңына  көнбей,  шариғат  жолымен 

билердің  шешіміне  жүгінбек  болды,  оған  мойын  ұсынбасқа  бізде  де  амал 



335 

 

жоқ.  Сонда  Құдайберген  екеуміздің  сөзімізді  ұстайтын  би  есебінде  медресе 



«Ғалияны»  бітірген  Жиенғали  Тілепбергенов  болды.  Ол  өзі  Құдайбергеннің 

жолдасы,  кейін  қазақтың  белгілі  жазушысы,  драматургі  болған  адам. 

Жиенғали  біздің  басымыздан  өткен  жағдайды  пайдаланып,  «Сүйіскендер» 

атты пьеса да жазды. Жиенғали шариғатты да жақсы білгендігінің арқасында 

молдалардың  бұра  тартуына  мүмкіндік  бермей,  өз  сөзін  шариғатпен  де 

дәлелдеп отырды. 

Ақыры  билері  бар,  шариғат  иелері  бар  Құдайберген  Сағымбайдың 

малын  айыбымен  екі  есе  төлесін  деген  шешім  қабылдады.  Бүкіл  Назар  елі 

болып бірігіп, Сағымбайдың малын төлесе де, бай ауыл оған қанағаттанбады. 

Құдайбергенді  өлтіреміз  деп,  басына  бәйгі  жариялады.  Сондықтан  ауылдан 

кетіп  Жұрындағы  татар  полкында  қызыл  штабта  тұрдық.  Құдайбергеннің 

әкесі бізге он үш жасар Ахметті де ертіп жіберді. Онысы, бір жағынан, Ахмет 

бізге  серік  болсын  дегені  де,  екінші  жағынан,  өсіп  келе  жатқан  ұлының 

келешегін  ойлап,  Құдайбергенмен  бірге  болғанын  қалағаны-ау  деймін. 

Өйткені  өзі  сол  жылдары  ауылдастарына:  «Менің  ұлдарым  қызылдың 

солдаты.  Олардың  елге  қашан  оралатынын  мен  білмеймін.  Қонысыма 

қыздарым  ие  болып  қалуы  керек.  Қыздарымды  алысқа  ұзатпаймын»,  –  деп, 

Ағиба  деген  кенже  қызын  ауылдағы  кедей  етікші  жігітке  атастырыпты. 

Әкесінің  өсиеті  ме,  болмаса  басқа  іні-қарындастарынан  айырықша  жақсы 

көрді ме, әйтеуір, Құдайберген содан былай қарай Ахметті көзінен таса еткен 

жоқ. 

Төрт-төрт  жарым  ай  шамасында  біз  ауылға  оралдық,  бұл  кезде  Совет 



өкіметі  біздің  елге  толық  орнап  болған  еді.  Атамыз,  Құдайбергеннің  әкесі 

қайтыс  болып  кеткен  екен.  Сондықтан  Құдайберген  әрі  қарай  оқуын 

жалғастырамын деген ойына мүмкіншілік болмай қалды. Кеңес өкіметі, оны 

қандай  қызметке  жұмсаса,  соны  істеді.  Мектеп  мұғалімі,  аудандық  оқу 

бөлімінің  инспекторы  болды.  Губонода  методист-инспектор  болды  және 

Ақтөбедегі  техникумда  да  сабақ  берді.  Бұл  кезде  Ахмет  те  қысқа  мерзімді 

курс  бітіріп,  ауылда  мұғалім  болды.  Курсқа  оқуға  келгенде  біздің  үйде 

жатты.  1929  жылы  Құдайбергенді  Ленинградқа  аспирантураға  жіберді.  Бұл 

қыс ортасы болатын, Ленинградқа семьямызбен түгел көшеміз деп жүргенбіз, 

бірақ артынан Құдайберген ол ойын өзгертіп, бізді ауылға көшіріп, Ахметті 

өзімен  бірге  Ленинградқа  алып  кетті.  Сонда  ол  маған:  «Раушан,  сен 

Ленинградқа  бармай-ақ  қой.  Балалы  кісіге  пәтер  жағы  қалай  болатыны  да 

белгісіз.  Сенің  орныңа  Ахметті  ала  кетейін.  Өзің  білесің,  оның  әзірге 

бітіргені курс қана, ертең педтехникум бітіріп Мұхаммеди, Нұрша, Қамзалар 

ауылға  келгенде,  оған  ауылда  да  орын  болмайды»,  –  деді.  Мен  көндім. 

Ағалы-інілі  екеуі  Ленинградқа  кетті.  Сол  жылы  ол  Ахметті  Ленинградтың 

музыкалық училищесіне түсіріпті де, өзі Шығыс тілдері институтына түсіпті. 

Тек  1930  жылы  Құдайберген  Академияға  аспирантураға,  ал  Ахмет 

консерваторияға  түскен.  Елдегі  ағайын-туыс  арасында  Құдайбергеннің  бұл 

қылығын  теріс  түсініп  айыптаушылар  да  болды.  Қызмет  істеп  шешесін 

асырап отырған Ахметті қайдағы бір «жын-шайтанның оқуына бергені несі» 


336 

 

десті. Ауылдағы сиырын сатып, Ахметке музыкалық аспап алғанда, «бұзаулы 



сиырға арзан домбыра деген ғой», – деп күлгендер де болды. Бірақ онда бала 

кезінен  бастап  қасынан  екі  елі  қалдырмаған  інісі  Ахметтің  дарындылығын 

түсініп, соған жол ашқаннан басқа ниет болған жоқ еді. Құдайбергеннің бұл 

ниетін  Ахмет  те  біледі.  Ол  Құдайбергенді  ағасындай  ғана  емес,  әкесіндей 

құрметтейтін, оған арқа сүйейтін. Ахметтің тек оқушы кезі ғана емес, қызмет 

істеген  кездің  өзінде  де  Құдайберген  оған  жол  сілтеп,  ағалық  қамқорлығын 

үзген  емес.  Егер  ойынан  шықпаса,  шақырып  алып,  баладай  ұрсып  қоятын. 

Ахмет  ағасымен  ешуақытта  қарсыласып  көрген  жоқ,  шамасы  келгенше 

Құдайберген қойған талапты орындауға тырысатын, өзі де әрдайым ағасынан 

ақыл-кеңес сұрап тұратын. Бірде, біздің үйімізде қонақта отырып, көршіміз, 

ҚазПИ-дің  профессоры  Шәрәпи  Әлжанов:  «Құдайберген,  Ахмет  –  сендер 

бақыттысыңдар  ғой!  Біріңе-бірің  сүйеніп,  егіз  қозыдай  бір  жүресіңдер, 

екеуіңнің  екі  «майданды»  басқаруға  жеткен  себептерің  де  осы 

татулықтарыңнан  болар.  Мен  білсем,  сол  татулыққа  негіз  болып  отырған 

екеуіңнің  әйелдерің-ау  деймін.  Ақыш,  бұған  сен  не  айтасың?»  –  деп  өзінің 

әйеліне қарады. 

Шәрәпидің бұл сөзінің де жаны бар еді. Ахмет он алтыға толғанда оған 

Науатты  өзім  таңдап  әпергенмін,  содан  бері  келініміз  екеуміз  бір-біріміздің 

бетімізге жел болып тиген емеспіз. Балаларымызды да бір кісінің баласындай 

тату  өсірдік.  Ахмет  пен  Науаттың  екі  үлкені  –  Ғазиза  мен  Болат  біздің 

балалардың  айтқанын  айтып,  Құдайберген  екеумізді  «папа,  мама»,  ал 

өздерінің  әке-шешесін  «аға,  Нәуке»  дейтін.  Сонау  1919  жылы  бала  Ахметті 

Құдайберген  екеумізге  ертіп  қызылдардың  арасына  жібергенде-ақ  әкесі  екі 

баласына  осы  татулықты  уағыздап,  үлкеніне  кішің  аманат  дегендей  еді. 

Атамыз марқұмның сол өсиетін орындау екі семьяға да парыз болды. 

1932  жылдың  аяғына  таман  біз  Алматыға  көшіп  келдік.  Красин 

көшесіндегі  үш  бөлмелі  үйде  тұрамыз.  Үш  баламыз  және  қолымызда  менің 

шешем бар еді, 1933 жылы төртінші баламыз дүниеге келді. Сол 1933 жылы 

біздің үйге Ахметтің семьясы көшіп келді. Бұл кезде олар да үшінші балалы 

болды. Сөйтіп, үш бөлмелі үйде ағайынды екі семья – жеті бала, екі кемпір – 

барлығы  он  үш  жан  бір  қыс  бірге  қыстадық.  Не  өзіміз,  не  балаларымыз 

қағысып көрген жоқпыз. Бұдан артық татулық бола ма?... 

Ахметтің үйі 1934 жылы үй алып бөлек шығып кеткеннен кейін де біз 

сол үш бөлмелі үйімізде оңаша тұрып көрген жоқпыз. Обайдулла деген татар 

жолдасымыздың үй-іші үш баласымен бір қыс, Кенжеғали деген танысымыз 

әйелі және бір баласымен бір қыс қыстады. 

Құдайберген  сол  кезде  көпшілікке  атағы  белгілі  профессор,  лекцияға 

дайындалады,  ғылыммен  шұғылданады,  оқулық  жазады,  кітап  шығарады, 

соған  қарамай  өзіне  ерекше  жағдай  тілемейтін.  Кабинеті  бар  деген  аты 

болмаса,  сол  кабинетке  де  балалардың  біреуі  жатуға  тура  келетін.  Бірақ 

соның бірде-біреуі Құдайбергенге бөгет болған жоқ тәрізді. Бала-шаға шулап 

жатса  да,  ол  қағазын  жаза  беретін.  Сен  осы  у-шудың  ішінде  қалай  жұмыс 



337 

 

істейсің  дегенде:  «Мен  жұмыс  істеп  отырғанда  у-шуға  көңіл  аудармаймын, 



сондықтан естімеймін де», – дейтін еді. 

Кешке  жұмыстан  шаршап  келгенде,  шайды  жерге  отырып  ішкенді 

жақсы  көретін  әдеті  бар  еді.  Астына  көрпе  төсетіп,  шынтағының  астына 

жастық қойып, көлбеп жатып шай ішеді, оқиды, жазады, кесесі суып қалады. 

Оны  мен  қайта  ысытып  құямын,  сөйтіп,  ішуі  көп  болмаса  да,  дастарқан 

басында отыруы көп болатын еді. Мен оған: «Шаршап келсең, тезірек ішіп, 

жатып  дем  алсаңшы»,  –  десем,  ол:  «Маған  осыдан  артық  демалыс  керек 

емес», – дейтін. 

Жерде  жатқан  әкесінің  үстіне  балалары  үйме-жүйме  болып  өрмелеп 

жатқанда  да  балаларды  қуып,  ұрыспайтын,  кітабын  да  тастамайтын  еді. 

«Папаң шаршап келді, кетіңдер», – деп мен балаларды қуып жатсам, «тиме, 

тиме,  олардың  маған  зияны  жоқ»  деп,  кітабын  оқи  беретін.  Осы  сәттерді 

есіме алсам, бақыттың ең биік шыңы сол екенін білмедім ғой деп ойлаймын! 

Сол бақытты күндер мен сағаттардың қысқа болғанына өкінемін! Шай ішіп, 

балаларымен  ойнап  дем  алған  1-2  сағаттан  кейін  ол  столына  отырып,  қағаз 

жазуға  кірісетін.  Біз  жатып  қаламыз.  Кейде  таң  атып  қалғанда  қарасам,  ол 

қаламына сүйеніп қалғып отырады. Мен кейіп, еріксіз төсегіне жатқызамын, 

кейде ұйықтамаған қалпы ҚазПИ-ге лекцияға кететін кездері де бола беретін. 

Жұмыс істегенде күн демалыс-ау, мейрам-ау, басқа жұрт мейрамдап жатыр-

ау  деп  қарамайтын.  «Күноздырып,  шапата  тоздырып  неге  керек!»  –  дейтін 

сөзі бар еді. 

Үйімізден  қонақ  шықпайтын,  бірақ  солардың  ешқайсысын  арнап 

шақырып  көргеніміз  жоқ.  Келетіндер  өздері  іздейтін  жолдас  жора,  ағайын-

тума,  студенттер  немесе  ақын-жазушылар,  артистер,  әншілер,  музыканттар, 

композиторлар  еді.  Ең  жиі  келетін,  бізді  көрмесе  тұра  алмайтын  Жәкен 

Омарғазин  деген  жолдасымыз  еді.  Бірақ  ол  келді  екен  деп  Құдайберген 

жұмысын  қалдыра  қоймайтын.  Шайға,  тамаққа  келгені  болмаса,  қалған 

уақытта столына отырып жазуын жаза беретін. Кейде Жәкен: «Құдайберген, 

сенің осы мінезің жаман», – деп сол қолынан тартып тұрғызбақ болғанда, ол 

оң  қолымен  жазып  жатып,  «тұра  тұр,  кішкене  ғана  қалды»  дейтін  еді.  Ол 

кезде  Құдайбергеннен  басқаның  қолы  бос  па  білмеймін,  бір  үйден  шығып, 

екінші  үйге  қонаққа  баратын  да  кезіміз  болатын.  Сондайда  Құдайберген: 

«Менің  орныма  Раушанды  алып  кетіңдер»,  –  деп,  өзі  үйде  қалып,  қағаз 

жазатын.  Ол  тіпті,  демалысқа  шығу,  курортқа  бару  дегенді  де  білген  жоқ, 

жазғы  демалыс  кездерін  де  үнемі  жұмысқа  пайдаланатын.  Соған  қарамай, 

оның жұмысы үнемі басынан асып жататын. Маған ол басқа біреулер үшін де 

еңбек ететін сияқты көрінетін. Үй болған соң «аяқ-табақ қағыспай» тұра ма? 

Мен  кейде  оның  қағаздан  бас  алмай,  жұмысымен  болып,  семья  жайын 

ойламайтынына 

реніш 


білдіретінмін. 

Жасыратыны 

жоқ, 

оның 


қайырымдылығы,  басқаға  жәрдем  етуге  әзірлігі,  жеке  басының  мақсатынан 

жұмысын тым жоғары қоятыны, жақсы қасиеттер болса да, семья үшін үнемі 

жайлы  бола  бермейтін.  Сондықтан  ренжімейін  десем  де,  амалсыз  тура 

келетін.  Мұндайда  мен:  «Осы  жұмыс  істейтін  жалғыз  сен  бе?  Артық 



338 

 

еңбегіңмен  елден  артып  барасың  ба?  Жетпейтінді  жеткізем  деп  мен  әуре, 



жұмыс-жұмыс  деп  сен  әуре.  Пәленше-төленшелердің  үйі  кірсе  шыққысыз, 

әйелі үлде  мен  бүлдеге  оранып  отыр»,  –  деймін.  Сонда  ол  маған:  «Мен  тек 

семьяның  қамын  ойлап  еңбек  етіп  жүрген  жоқпын,  халықтың  қамын 

ойлаймын,  халқымның  алдында  орындайтын  азаматтық  борышым  бар!»  – 

деуші еді-ау.

 

Я... оның бұл қасиеттерін алып тастаса, ол Құдайберген  де болмас еді 



ғой. 

1930  жылдың  күзі.  Бала-шағамызбен  Ленинградқа  көшіп  бара 

жатырмыз. Жолда Сызрань деген станцияда екінші поезға ауысып, жайғасып 

жатырмыз. Поезд жүре бергенде, Құдайберген таныс емес бір жігітті купеге 

ертіп келді. Күн суық екеніне қарамай әлгі жігіт костюмшең және жалаңбас 

тұр. «Бұл кім?» – дегендей, мен Құдайбергенге қарадым. Ол маған түсіндіріп 

жатыр.Москвада оқитын суретші жігіт екен, поезда киімін, билетін алдырып 

алыпты.  Өзі  пысық  екен,  мұндайдан  бірдеңе  шығады.  Басқа  қазақтың 

балалары айдалада қалғанда арам өлер еді, бұл маған аға деп келіп, Москваға 

дейін  жеткізіп  салуды  өтініп  отыр.  Бұл  жерден  үлгермей  қалдық,  ендігі 

тоқтаған  жерден  билет  әперем»,  –  деді.  Сол  сол-ақ  екен,  жігіттің  басына 

шапке әперілді,қалтасынан ақша да табылатын болды. Станция сайын маған, 

балаларға не жейміз десек, соны әкелетін болды. Балалар ағалап, мен інілеп, 

оны  туысымыздай  жақсы  көріп  кеттік.  Бірақ  жігіттіңқалтасында  борап 

жүрген  Құдайбергеннің  өз  ақшасы  екенін  ол  бізге  айтқан  жоқ.  Сол  жігіт 

қазіргі  Қазақстанға  еңбегі  сіңген  суретші  Әубәкір  Смайылов  еді.  Содан 

былай  қарай  Ленинградтан  елге  қарай  өтсек  те,  елден  Ленинградқа  қарай 

өтсек  те,  біз  Әубәкірдің  жатақханасына  соқпай  өтпейтін  болдық.  Жалғыз 

Әубәкір  емес,  Құдайберген  кімнен  болса  да  қолындағы  барын  аямайтын, 

дүниенің  келер-кетерін  есептемейтін,  қолы  ашық,  көпшілікке  қамқор  адам 

еді.  Қашан  таусылып  қалғанша  қолда  барды  ортаға  салатын.  Және  мынау 

жақын,  мынау  жат  деп  бөле  тартпайтын.  Ленинградта  жүргенде  оның 

басынан  өткен  тағы  бір  оқиға  есіме  түскенде:  «Әй,  Құдайберген-ай!»  деп, 

еріксіз езу тартамын. 

Ағалы-інілі Төлеу мен Нәби деген екі балаға Құдайберген бұрын жетім 

балалар үйіне орналасуға көмектескен екен. Аспирантураға түскеннен кейін 

де  сол  екі  балаға  жол  сілтеп,  Ленинградтағы  институттарға  түсулеріне  де 

себепкер  болса  керек.  Бір  күні  Құдайбергеннің  алтын  қол  сағаты  бұзылып 

қалып,  оны  жөндетіп  келуге  Нәбиді  жұмсапты.  Құдайбергеннің  ұмытшақ 

екенін  жақсы  білетін  Нәби  сағаттың  ақысына  төленетін  ақшаны  стипендия 

алғасын  жөндетермін  деген  оймен  ұстап  қойыпты.  Шамасы  бір  стипендия 

емес,  бірнеше  стипендия  өткен  болуы  керек,  әйтеуір,  Құдайберген  арзан 

қалта  сағатын  сатып  алыпты.  Күндердің  бір  күні  алтын  сағатты  жөндетіп 

Нәби  келеді.  Құдайберген  оған:  «Менің  сағатым  сенде  жүр  екен  ғой,  мен 

жаңа  сағат  сатып  алдым,  енді  ол  сағат  сенікі  болсын»  депті.  Нәби:  «Аға, 

мына сағатыңыз алтын ғой!» – дегенде, «Алтыны не, темірі не, сағат уақытты 

білдіру үшін жасалған құрал ғой, сен ала бер, өзі бір бұзылғыш сағат еді», – 


339 

 

депті  Құдайберген.  Оның  бұл  мінезі  ана  сүтімен  дарыған  қасиет  еді. 



Құдайбергенді көпшілікке сүйкімді етіп көрсететін де осы мінезі болар. Біреу 

оның  білімін,  ақылын  бағаласа,  екінші  біреулер  ізгілігі,  әділдігі,  көмекке 

келуге  әзірлігі  үшін  жағалайтын.  Кішіпейілділігі  мен  мәдениеттілігін,  қыз 

мінезді сыпайылығын ұнататын. 

Марқұм  Мұхтар  Әуезов  жасы  үлкендігіне  қарамай,  Құдайбергенді 

қатты  сыйлайтын,  біліміне,  ақылына  жүгінетін.  Мұхаңды  Құдайберген  де 

жоғары  бағалаушы  еді.  Құдайбергенді  шәкірттері  де  қатты  сыйлайтын  еді. 

Шәкірттерін  ол  да  жақсы  көретін,  «менің  балаларым»  деуші  еді.  Ал 

«балалары» оның атын атап, құрбыдай сырласатын. 

Өзі  оқытқан  М.Балақаев,  М.Қаратаев,  Б.Шалабаев,  X.Есенжанов  т.б. 

ҚазПИ-ді  бітіргенде,  сол  курсты  түгел  үйге  қонаққа  шақырды.  Өз 

балаларымыз  оқу  бітіргендей  қатты  қуандық.  Құдайбергеннің  кейбір 

шәкірттері  үйімізде  ұзақ  жатып  алатын.  1937  жылы  Асқар  деген  ең  кенже 

баламның туғанына алты күн болғанда, оны «жау» деп ұстап кетті. Бұл кезде 

ол профессор еді, көп тіл білетін. Музейлер Құдайбергенге оқытып анықтату 

үшін  түрлі  ескі  заттарды  жіберетін.  Сол  мақсатпен  келген  үлкен  әдемі 

қылышты  Құдайбергенді  әкеткен  күні  «суық  қару»  деп,  қосып  алып  кетті. 

Төңірегінде  қытай жазуы бар жүрек тәрізді айнаны біздің үйдің заттарымен 

бірге әкетті. «Бұлар музейдің заты, жазуын анықтауға берген», – деген сөзге 

құлақ асқан жоқ. 

Костюмының  омырауындағы  КазЦИК  мүшесі  деген  значогін  столға 

лақтырып  тастай  салып,  шаң  тигізбейтін  партбилетін  қойнынан  суырып 

алғанда, менің жүрегімнің бір талшығы үзілгендей болды. «Бұл қалай?» деп 

ойладым ішімнен, – бала жасынан өмірмен арпалысып келеді. Кейбір оқыған 

одан ересектеу адамдардың өзі Совет өкіметін кейінірек барып түсінгенде, ол 

18-19  жасынан  бастап  Совет  өкіметіне  қызмет  істеп  келеді.  Басынан  алай-

түлей  заман  өткеніне  қарамай,  оқымысты  болып  та  үлгірді,  бар  мақсаты 

Совет  өкіметіне  қызмет  ету  болып  отырғанда,  ол  қалай  жау  болады?»  деп 

ойладым  ішімнен.  Қызметі  ғана  ма,  жанының  ізгілігін,  оның  жалпы  адам 

баласына  деген  достығын,  қамқорлығын  қайда  қояды?  Құдайберген  сияқты 

ізгі адам қалай жаулық жасамақ? 

Амал қанша, ізгілік пен зұлымдық, шындық пен күншілдік  қатар өмір 

сүретін дүниеде оның білімін, беделін, орнын қызғанғандар да болғаны ғой! 

Құдайберген ондайлардан сақтануды білмейтін, кісіге сенгіш, адамныңбәрін 

де өзіндей адал деп ойлайтын еді. 

1937  жыл  жалғыз  бізге  ғана  емес,  талайларға  бақытсыздық  әкелді.  Ол 

жылы біреу туралы газетке жамандап мақала жазылса болғаны, ертеңіне сол 

адам «жау» екен дегенді естиміз.  Сол жылы Құдайберген туралы да газетте 

осындай  екі  мақала  басылды.  Біреуін  жазған  бір  үйде  тұратын  көршіміз, 

екіншісін 

жазған 

ҚазПИ-ді 



бірінші 

болып 


бітірген 

әдебиетші, 

Құдайбергеннің сөзіне қарағанда, «болайын деп тұрған талантты жігіт». Осы 

соңғы мақаланы кешкі шайдың үстінде оқып отырып: «Апыр-ай, мынаған не 

болған,  табиғат  берген  дарын  мен  қара  ниет,  екі  жүзділік  қабыса  беретіні 


340 

 

ме?» деді. Менің байқауымша, ол осы түні өз тағдырынан гөрі «болайын деп 



тұрған  жігіттің»  екіжүзділігіне,  адамгершілік  арының  таза  еместігіне 

қиналғантәрізді болды. 

Құдайберген тәрізді ел қамын ойлаған ізгі адамға ел арасынан шыққан 

жалған  жандылардан  торығудан  ауыр  не  бар?  Адал  жанын  зәбірлеп  «жау» 

деп,  жала  жапқандар  оның  тырнағына  тұрмайтынына  қарамастан,  өмірден 

бар  керегін  ала  білді  кейін.  Бұған  мен  қалай  өкінбеймін?  Өкіндім!  Ардан 

безген қара жүректілерге қарғыс айттым. Дегенмен көптің ішінен жаман да, 

жақсы  да  шығады  ғой.  Сол  ауыр,  нәубет  жылдардың  өзінде  жаны  таза,  ізгі 

адамдардың  қолтықтан  демеп,  көмектескенін  көріп,  рақметімді  айттым. 

Ішімнен  қырық  жыл  қырғын  болып  жатса  да,  нағыз  адамның  азаматтық 

қасиеті  жоғалмайды  екен-ау  деп  қуандым.  Менің  бағыма  Құдайбергеннің 

көзін  көрген,  қызметтес,  шәкірттерінің  көпшілігі  осындай  жандар  болып 

шықты.  Құдайбергенді  «жау»  деп  қаралап  жатқанда,  сол  ізгі  адамдар  оның 

адал  коммунист,  нағыз  азамат  екеніне  сенімдерін  жоғалтпады.  Бұл  маған 

үлкен  медет,  қуат  болды.  Шиеттей  бала-шағамен  отырған  үйімізден 

шығарылып,  далада  қалғанымызда,  А.С.Пушкин  атындағы  кітапхананың 

директоры Мұхтар Жанғалин бізді кітапхананың үйіне кіргізді. Бұл сол кез – 

1937  жылы  екінің  бірі  бел  шешіп  кірісе  алмас  ерлік  іс  еді.  Тіпті 

Құдайбергеннің  алғашқы  тергеушісі  Мавлюдов  басынан  бақыт  құсы  ұшқан 

бізге  көп  қарасты.  Көпшілік  азаматтың  жарлары  күйеулерін  бір  көруге  зар 

болып  жүргенде,  ол  бізге  Құдайбергенді  апта  сайын  аз  уақытқа  болса  да 

кездестіріп  тұрды.  Тіпті  ҚазПИ  мен  Наркомпростан,  Академияның  Қазақ 

бөлімшесінен  алынбаған  Құдайбергеннің  бірнеше  жылдық  тиісті  демалыс 

айларының ақшасын төлеттіріп берді. Мұның бәрін мен жақсылыққа жорып, 

күйеуімнен  күдерімді  үзбедім,  арты  жақсылықпен  бітер  деп  сендім.  Бірақ 

шамамен  төрт  ай  өткенде  бұрынғы  Мавлюдов  отыратын  кабинеттің 

телефонын  басқа  адам  көтеретін  болды.  Жаңа  тергеушінің  даусы  қандай 

ызғарлы болса, ісі де сондай суық болды. Енді Құдайбергенді көруге де зар 

болдық.  Алматыда  тұрып  қалудың  ешбір  жөні  келмегендіктен,  елге  көштік. 

Арнаулы мамандығым болмаса да, колхозға кіріп еңбек етпекші болған мені 

«жаудың  семьясы»  деп  колхозға  алмады.  Бұл  жолы  да  мен  Құдайбергеннің 

көзін 


көрген 

азаматтардың  оны 

«халық 

жауы» 


деген 

жалаға 


сенбейтіндіктеріне  көзім  жетті.  Жұрын  аудандық  атқару  комитетінің 

председателі  Хамза  Қалниязов  арызымның  шетіне  «колхозға  алынсын»  деп 

бұрыштама қойып берді. 

Мен  білегімді  сыбанып  қара  жұмысқа  түстім.  Осының  арқасында 

балаларымыз  қатарынан  кейін  қалып,  аш-жалаңаш  болған  жоқ.  Біреуден 

кейін,  біреуден  ілгері  тірлік  кешіп,  әкесінің  түтінін  жалғастырып  әкетті. 

Алты  баламның  біреуі  ұзақ  науқастан  қайтыс  болды,  ал  қалған  бесеуінің 

үшеуі – ғылым кандидаты, екеуі басшы қызметкер, екеуі партия қатарында. 

Бұл жалғыз менің жеңісім, жемісім бе? Жоқ, әрине! Қараулыққа, қаскөйлікке 

қарсы  тұрған  адалдық,  азаматтықтың  жеңісі  деп  білемін  мен.  Рас, 

балаларымның  алдында  Құдайбергеннің  туған  інісі  Ахмет  болды.  Қолынан 


341 

 

келгенін  аямай,  шыр-пыр  болған  Ахметтің  өзіне  сол  жылдар  салмағы  оңай 



болды  ма?..  Ауылдық  Советтер  туу  туралы  куәлік  бермейтін  ертерек  кезде 

туған Ғазиза мен Болаттың Құдайбергеннің емес, өз баласы екенін дәлелдей 

алмай, жұмысынан, партия қатарынан қуылды емес пе?.. 

«Көп  түкірсе,  көл  болады»  дегендей  сол  бір  қасіретті  жылдары  өмір 

ағынына  қарсы  жүзуге,  қиындықтарға  шыдауға  көптің  көмегі  тиді.  Бүгін 

ағымнан жарылып, сол көпке алғыс, рақметімді айтқым келеді. Әрине, 1937 

жылдан бері  маған,  балаларыма  көлеңкесі  түсіп,  көмегі  тиген  азаматтардың 

бәрінің  атын  атап  шығу  мүмкін  де  емес.  Сондықтан  аты  аталмай  қалған 

кейбір асыл азаматтар 90-ға келген маған ренжімес деп ойлаймын. 

ЖенПИ-дің  ректоры  Т.Мырзабекова,  проректоры  А.Шамиева,  ҚазПИ-

дің  ректоры  С.Толыбеков,  Оқу-ағарту  министрі  Ә.Шәріпов,  осы 

министрліктің  мектеп  бөлімінің  меңгерушісі  Решетняк,  №  12  және  №  18 

мектептердің  директорлары  т.б.  әкесінен  қапыда  айырылып  қалған 

балаларыма көп жақсылықтар жасап, шарапаттарын тигізді. 

Бүгінде  өздері  талайларға  ұстаз  болған,  Құдайбергеннің  рухын  жылы 

жүректерінде  үнемі  сақтап,  әрдайым  жақсы  лебіздерін  білдіріп  келе  жатқан 

адал шәкірттері – М.Балақаев, А.ЬІсқақов, М.Қаратаев, марқұм X.Есенжанов 

т.б. дән ризамын. 

Құдайбергенді  көздері  көрмесе  де  артында  қалған  мұралары  арқылы 

танып, табысып, еңбектеріне тәнті боп жүрген бір шоғыр, бір топ ғалымдар 

бар.  Олар  үнемі  Құдайбергеннің  аруағын  сыйлап,  үлкен  жиналыс,  бас 

қосуларда атын атап, баяндамалар жасап, мақалалар бастырып жүр. Жекелеп 

аттарын атамай, олардың бәріне үлкен аналық рақметімді айтам. 

Қилы кезеңдерді бастан кешіріп, қиындығы мол ғұмыр кештік. Өзім де, 

балаларым  да  бақытсыз  болдық  деп  айта  алмаймын.  Не  көрсек  те,  көппен 

бірге  көрдік.  Бірақ  жүрекке  шемен  боп  қатқан  «Әттең!»  дегізетін  өкініш  те 

жоқ  емес.  Күнкөрістің,  бала-шағаның  қамымен  жүріп,  қиынды  «қиын», 

ауырды «ауыр» демегенімде, Құдайбергенді әлі бір көремін деген үмітім бар 

еді. Сол алданыш үміт күшіме күш, жігеріме жігер қосушы еді. Енді сол үміт 

те  үзіліп  отыр...  Бұдан  елу  жыл  бұрын  кебін  емес,  кебенек  киіп  кеткен  жан 

жолдасымды бір көруге зар болып күтумен жасым тоқсанға келді. Бұл өкініш 

емес пе?! 

 

(Өз аузынан жазып алған – қызы Мүслима Жұбанова) 

 

 



Ахмет Жұбанов

 



1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал