Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



жүктеу 5.5 Mb.

бет29/43
Дата08.01.2017
өлшемі5.5 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43

Жұбановтану жалғастығы 

(«Жұбановтану» зертханасының қызметі жайында) 

 

Профессор  Қ.Қ.Жұбановтың  ғылымда  қалдырған  мол  мұрасы  ғалым 



ақталғаннан  кейін  ғалымның  тілге,  әдебиетке,  мәдениетке,  өнерге  қатысты 

еңбектері  әртүрлі  қырынан  қызу  зерттеле  бастады.  Дегенмен  қазақ  тіл 

білімінің негізін салуға жанқиярлық еңбек етіп, басқа да ғылым салаларында 

алғашқылардың  бірі  болып  ғылыми  мақалалар  жазған,  қоғам  тіршілігіне 

белсене  араласа  отырып,  тамаша  публицистикалық  шығармалар  тудырған 

Қ.Жұбановтың мұрасын жүйелі зерттеуді жолға қойып, әрі қарай да зерделеу 

ісін  жалғастыратын  орталық,  ұйым  қажет  болды.  Осындай  мекеме  – 

«Жұбановтану» 

зертханасын 

құру 


идеясы 

1990 


жылы 

Ақтөбе 


пединститутына  Құдайберген  Қуанұлы  Жұбановтың  (1899-1938)  есімі 

берілгеннен кейін көтерілген еді.  

Осындай  игілікті  істі  бастауға  1991  жылы  Ақтөбе  пединститутының 

ректоры,  профессор  Мұхтар  Ғалиұлы  Арынов  бастама  болып,  Құдайберген 

Жұбановтың ғылыми мұраларын зерттеу және идеяларын тарату мақсатында 

ғылыми-зерттеу  зертханасын  ашу  үшін  осы  оқу  орнына  Қ.Жұбановтың 

баласы,  түрколог-ғалым,  сол  уақытта  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 

ғылым  академиясының  Тіл  білімі  институтында  аға  ғылыми  қызметкер 

болып  қызмет  атқарып  жүрген  Есет  Құдайбергенұлы  Жұбанов  (1928-2007) 

жұмысқа шақырылады. 

Қазақ  тіл  білімінде  өзіндік  орны  бар,  филология  ғылымдарының 

докторы,  профессор  Е.Қ.Жұбанов  алғашқыда  жаңадан  құрылған  Қазақ  тіл 

білімі кафедрасын, ал 1992 жылы іргесі қаланып, қазіргі уақытта да жоғарыда 

аталған  университетте  қызмет  етіп  келе  жатқан  ғылыми  бөлімше  –

«Жұбановтану» зертханасын өмірінің соңына дейін басқарды. 

Тәжірибелі  жетекші,  беделді  ғалым  Е.Қ.Жұбанов  сезімтал  педагогке 

тән шеберлікпен жоғары оқу орнында ғылыми жұмыстар жүргізу мәдениетін 


304 

 

қалыптастырды,  ал  сол  уақыттары  филология  факультетінде  ғылыми 



кадрлардың  жетіспеуі  мәселесі  шешімін  таппаған  және  қазақ  тілі  бойынша 

ғылыми  дәрежесі  бар  оқытушылар  жоқтың  қасы  болатын.  Біліктілігі  мен 

ұйымдастырушылық  қабілетінің  арқасында  Есет  Жұбанов  ғылыми  жетекші, 

ғылыми  кеңесші,  ұйымдастырушы-ғалым,  автор,  бірлескен  автор  және 

«Жұбановтану» 

тақырыбына 

қатысты 

ғылыми 


және 

қоғамдық-

публицистикалық  жарияланымдардың  ғылыми  кеңесшісі  ретінде  бірнеше 

ғылыми  ұрпақ  буынын  дайындап,  ғылыми  орта  қалыптастырды,  әрі 

факультет пен университеттің ғылыми деңгейін көтерді. 

Проф. Қ.Жұбановтың ғылыми мұраларын таратуды, идеяларын әрі қарай 

дамытуды көздеген ғылыми зертхана алдына: 

 



 жалпы  білім  берудің  мемлекеттік  стандартына  сәйкес  көпсатылы 

(дипломалды, дипломнан кейінгі, кәсіби) мамандар даярлау

 

 ғылыми зерттеулерге жаңа тиімді әдіс-тәсілдер дайындау, енгізу және 



апробация жасау; 

 



 ғылыми 

конференциялар, 

ғылыми-әдістемелік 

семинарлар 

ұйымдастыру  және  студенттер  мен  профессорлық-оқытушылық  құрамға 

кеңестер беру сияқты мақсаттар қойды. 

«Жұбановтану»  зертханасының  негізгі  қызметі  ғылыми-зерттеулерге 

арналғандықтан: 

 

 тілдің жаңашыл теорияларының жекелеген проблемаларын; 



 

 лингвомәдениеттанымдық  зерттеу  мәселелерін  (тілді  және  мәдениетті 



қарастырудағы  семиотикалық  модель,  лингвомәдениеттанымдық  құзырет 

т.б.); 


 

 түркология  және  қазақ  тіл  білімінің  мәселелерін  (этногенез  және 



лингвогенез проблемалары, қазақ тілінің тарихи лексикологиясы); 

 



 орыс тілі және типологиялық тіл білімі мәселелерін

 



 роман-герман тілдері теориясы мәселелерін (индоевропеистика); 

 



 тілдік  жағдаяттың  аймақтық  мәселелерін  (лингвистикалық  зерттеулер 

жарияланымы,  аймақтық  микро  және  макротопонимдерге  этимологиялық 

экскурс); 

 



 Қ.Жұбановтың 

лингвистикалық, 

мәдениеттанымдық, 

әдебиеттанушылық,  қоғамдық-тарихи  ғылыми  мұраларын  қарастыруға 

белсене кірісті. 

Аталған  іс-әрекетті  қолға  алған  күннен  бастап,  зертхана  Қ.Жұбанов 

атындағы АПИ-ның Ғылыми кеңесінің шешімімен жоғары оқу орны ректоры 

мен  Ғылыми  кеңеске  тікелей  есеп  беріп,  күнделікті  ғылыми  зерттеу 

жұмыстарын ғылыми істер жөніндегі проректордың жетекшілігімен жүргізіп 

келеді.  

Ғалым  мұраларын  зерттеудің  тек  оның  тұлғасын  дәріптеу  үшін  ғана 

емес, айтқан ойларының осы уақытта да өзекті екенін танытуда маңызы зор 

екендігін  терең  түйсінген  «Жұбановтану»  зертханасы  негізгі  қызметтерін 

үнемі  жоғары  сапада  атқарып  қана  қоймай,  жас  ұрпақты  ғылымға  баулу 

жұмыстарын  да  жетілдіруді  мақсат  етті.  Осы  орайда  ғылыми  зертхана 


305 

 

Қ.Жұбанов атындағы АқМУ студенттерінің курстық, дипломдық жұмыстары 



мен жобаларына, оқытушылардың және ғылыми қызметкерлердің магистрлік 

зерттеулеріне көпбейінді мамандандырылған құрылымдық бөлім ретінде зор 

ықпал  жасап  отырады.  Ғылыми  зерттеу  тақырыптарымен  филологиялық, 

қоғамдық және әлеуметтік пән мамандары ғана емес, сонымен бірге жоғары 

оқу  орнының  әртүрлі  кафедраларының  мүшелері  де  айналысты.  Күндізгі 

және  сырттай  аспирантура  ашылған  соң  аспиранттар  мен  ізденушілер  саны 

көбейіп, зертхана жұмысы кең қарқын алды. 

АПИ  студенттері  мен  түлектері  (кейінгі  Қ.Жұбанов  атындағы  АқМУ) 

ғалымның  ғылыми  мұралары  негізінде рефераттық  және  курстық  жұмыстар 

жазылып,  Жұбановтану  бойынша  қазақ  филологиясы,  сонымен  қатар 

ағылшын  филологиясы,  педагогика  және  психология  мамандықтары 

студенттерінің  ондаған  дипломдық  жұмыстар  қорғауы  осы  ұйымның 

Қ.Жұбанов  мұрасын  зерттеуге  қосқан  үлесі  болумен  қатар,  ғалым  аруағы 

алдындағы парызын адал өтеп келе жатқандығының белгісіндей.  

Осы  зертхананың  бастамасымен  1991-1992  оқу  жылынан  бастап 

филология  мамандығы  студенттері  «Жұбановтану»  арнаулы  курсын  оқи 

бастауы ғалым мұрасын зерттеуде басқа да оқу орындарына үлгі болады деп 

ойлаймыз.  Аталмыш  курстың  1998-1999,  1999-2000  оқу  жылдарында 

«Қ.Қ.Жұбановтың рухани мұрасы» атауымен филология факультетінің орыс 

бөлімдерінде оқытылуы да зертхана ұжымының өлшеусіз еңбегінің нәтижесі 

деп бағалауымыз керек.   

Проф.  Е.Қ.Жұбанов  «Жұбановтану»  зертханасын  басшылық  жасаған 

кезеңде  Қ.Жұбановтың  ғылыми  мұрасының  тілдік,  публицистикалық, 

психологиялық  қырларынан  зерттелуіне  қажымай  еңбек  етті.  Сөзіміздің 

дәлелі ретінде Е.Қ.Жұбановтың жетекшілігіне қорғалған диссертациялардың 

тізімін келтіре кетуді жөн көрдік:  

1.  Тектіғұл  Ж.О.  Қ.Жұбанов  және  қазақ  тілі  тарихи  грамматикасының 

проблемалары.  –10.02.06.  –  түркі  тілдері  (Алматы,  1994,  кандидаттық 

диссертация),  Қазақ  тіліндегі  түркі  негізді  есім  қосымшалардың  тарихи 

дамуы. –10.02.06. – түркі тілдері (Алматы, 2003, докторлық диссертация). 

2.  Миров  М.О.  Профессор  Құдайберген  Жұбановтың  ұлттық  ғылым 

тілін  жасаудағы  рөлі.  –10.02.02.  –  қазақ  тілі  (Алматы,  1999,  кандидаттық 

диссертация). 

3. Садуақас Н.Ә. Профессор Қ.Жұбанов және қазақ тілінің фонетикасы. 

–10.02.02. – қазақ тілі (Алматы, 1999, кандидаттық диссертация). 

4. Жұбанова А.Е. Фразеосочетания в казахской устно-поэтической речи.  

10.02.02.  –  қазақ  тілі.  (Алматы,  1992,  кандидаттық  диссертация,  ғылыми 

жетекшісі  –  ф.ғ.д.,  профессор  М.Серғалиев,  кеңесшісі  –  ф.ғ.д.,  профессор 

Е.Қ.Жұбанов). 

5.  Жұбанова  А.А.  Общелингвистическая  концепция  К.Жубанова.  

10.02.20.  –  салыстырмалы-тарихи,  типологиялық  және  салғастырмалы  тіл 

білімі (Алматы, 1999,  кандидаттық диссертация, ғылыми жетекшісі – ф.ғ.д., 

профессор Э.Д.Сүлейменова, кеңесшісі – ф.ғ.д., профессор Е.Қ.Жұбанов). 


306 

 

6.  Доспағанбетова  М.К.  Лексикографиялық  деректердегі  космонимдер 



(түркі  тілдері  бойынша).  –10.02.20  –  салыстырмалы-тарихи,  типологиялық 

және салғастырмалы тіл білімі (Алматы, 2006,  кандидаттық диссертация). 

7.  Сұлтан  Ж.И.  Тілтанымдағы  антропологиялық  парадигманың 

Қ.Жұбанов  мұраларындағы  көрінісі.  –10.02.02.  –  қазақ  тілі  (Алматы,  2007, 

кандидаттық диссертация). 

8.  Жазықова  М.Қ.  Құдайберген  Жұбановтың  әдістемелік  мұрасы.  –

13.00.02.  –  оқыту  және  тәрбиелеу  теориясы  мен  әдістемесі  (бастауыш,  орта 

және  жоғары  білім  жүйесіндегі  қазақ  тілі)  (педагогика).  (Алматы,  2008, 

кандидаттық 

диссертация, 

ғылыми 

жетекшісі 



–ф.ғ.д., 

профессор 

Е.Қ.Жұбанов және ф.,ғ.,д., профессор Ф.Ш.Оразбаева). 

9. Оралбай Ә.Ә. Құдайберген Жұбановтың публицистикасы. –10.01.10. – 

журналистика (Алматы, 2007, кандидаттық диссертация, ғылыми жетекшісі –

ф.ғ.д.,  профессор  Н.О.Омашев  және  кеңесшісі  –ф.ғ.д.,  профессор 

Е.Қ.Жұбанов). 

10. 


Қарабалина 

А.Ә. 


Қ.Жұбановтың 

жалпылингвистикалық 

тұжырымдамаларындағы  психологиялық  ой-пікірлері.  –19.00.01.  –  жалпы 

психология,  жеке  адам  психологиясы,  психология  тарихы,  этнопсихология 

(Атырау,  2007,    (ғылыми  жетекшісі  –п.ғ.д.,  профессор  С.М.Жақыпов  және 

кеңесшісі –ф.ғ.д., профессор Е.Қ.Жұбанов). 

Осы  орайда  Ж.О.Тектіғұл  докторлық  диссертациясының  негізінде 

«Тарихи грамматика танымдары» атты монография жариялағанын атап өтуге 

тиіспіз. 

Жұбановтануды 

жалғастыруда 

жарқын 


жақтарымен, 

елеулі 


еңбектерімен  көзге  түскен  ғылыми  зертхананың  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрлігі талаптарына сәйкес «Жұбанов тағлымы» атты алты халықаралық 

ғылыми-теориялық  конференцияның  өткізілуіне  атсалысуы  абыройлы  іс 

болды.  Осы  конференциялардың  мазмұны  мен  маңызына  аз-кем  тоқталып 

өту артық болмас. 

 

1991жылдың  қазан  айында  өткізілген  конференцияға  республиканың 

барлық  облыстарынан  дерлік  ғылым  және  ағарту  ісінің  қайраткерлері 

қатысса,  1994жылдың  қазан  айында  өткізілген  конференцияға  Ақтөбе 

қаласының  ЖОО  мен  ОАОО-нан  және  облыс  орта  мектептерінен  өкілдер 

шақырылды.  Бұл  конференция  Қ.Жұбановтың  туғанына  95  жыл  толу 

қарсаңына  арналғандықтан,  форумға  облыс  және  қала  әкімдіктерінің 

басшылары қатысты. ҚР жоғары оқу орындары мен Ғылым академиясының 

белгілі  ғалымдарының  баяндамаларында  ғалым  мұрасы  жаңаша  қырынан 

ашыла  түсті.  Ал  1996жылдыңқазан  айында  Ақтөбе  пединститутының 

Қ.Жұбанов  атындағы  университет  болып  қайта  құрылуына  байланысты, 

«Жұбанов  тағлымына»  Ресей  қалаларынан  (Оренбург,  Орск  т.б.),  Алматы, 

Қызылорда,  Атырау  және  Ақтөбеден  ғалымдар  арнайы  шақырылып, 

Қ.Жұбановтың қазақ ғылымындағы орны тағы бір рет асқақтата баяндалды. 

«Жұбановтану»  зертханасының  күш-жігерінің  арқасында  бұл  үш 

форумның  материалдары  1997-1998  жылдары  Ақтөбе  университетінен  екі 



307 

 

жинақ  болып  басылып  шықса,  Қ.Жұбановтың  100  жылдығына  (1999) 



арналған халықаралық конференция материалдарының 3-жинағы 2004 жылы 

жарық көрді. Бұл жинақтың кейбір мақалалары «АУ Хабаршысы» беттерінде 

де жарияланды (№1, 2, 1998-1999 жж.). 

 

«Жұбанов 



тағлымы» 

дәстүрлі 

конференциясының 

төртінші 

сессиясы1999жылы  өтті.  Ақтөбе  қаласында  басталған  көлемді  форум 

ғалымның туған жері Мұғалжар ауданының орталығы – Қандағаш қаласында 

жалғасын  тауып,  оған  Алматы,  Астана,  Қызылорда,  Орал,  Қарағанды, 

Атырау  және  Ақтөбе  қалаларынан  келген  белгілі  қонақтар  ғалым  аруағына 

тағы  бір  рет  тағзым  жасады.  Қандағашта  форум  өтіп  жатқан  уақытта, 

Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  мемлекеттік  университетінде  ғалымның  100 

жылдық  мерейтойына  арналған  конференция  қазақ  тілі,  жалпы  филология, 

педагогика және әдістеме секциялары бойынша жүргізілді. 

 

Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  мемлекеттік  университетінде  2002 



жылдың  4-5  қазанында  өткен  «Жұбанов  тағлымы»  республикалық 

конференциясының бесінші сессиясында: 

 

-  «Жұбанов  тағлымы»  республикалық  конференциясына  алтыншы 



жиыннанбастап халықаралық дәрежеге беру керек деп танылды

 

-  қазіргі  «Жұбановтану»  зертханасы  негізінде  ғылыми-зерттеу 



орталығын құру қажеттілігі көрсетілді.  

Осы  ғылыми  жиыннан  кейін  халықаралық  мәртебе  алған  «Жұбанов 

тағылымы»  ғылыми  конференциясының  алтыншы  сессиясы  2004  жылдың 

18-20  қарашасы  аралығында  өтті.  Аталған  сессия  жұмыстарына  Қазақстан 

және  Ресейден  (Оренбург,  Уфа  қалалары)  ғалымдар  қатысуы  аталған 

конференцияның  мәртебесін  айғақтап  тұрды.  Конференция  материалдары 

жеке жинақ ретінде 2004 жылы жарияланды. 

 

2009 жылдың 4-6 желтоқсаны аралығында өткен «Жұбанов тағылымы» 



халықаралық  ғылыми  конференциясының  кезекті  жетінші  сессиясына  да 

Ақтөбе,  Алматы,  Астана  қалаларынан  және  шетелдерден  (Қырғызстан, 

Түркия)  ғалымдар  шақырылды.  Конференцияда  қозғалған  ғылыми  өзекті 

мәселелер  тек  секция  отырысында  ғана  емес,  қорытынды  дөңгелек  үстел 

жиынында  да  қызу  талқыланды.  Конференция  материалдары  екі  томдық 

жинақ ретінде басылып шықты. 

2013  жылғы  4-5  наурызда  өткен  кезекті  «Жұбанов  тағылымы  –  VІІІ: 

Қазақстан  түркі  өркениеті  мен  тарихы  тоғысында»  атты  халықаралық 

ғылыми 

конференция 



«Қ.Қ.Жұбановтың 

жалпылингвистикалық 

концепциясындағы  уақыт  пен  кеңістік  категориясы  (Қазіргі  Қазақстан 

қоғамының  тілдік  саясаты.  Мемлекеттік  тіл:  мәселелері,  міндеттері  мен 

шынайылығы.  Тілдердің  үш  тұғырлығы  –  Қазақстанның  алдыңғы  қатарлы 

әлемдік  қауымдастыққа  интеграциялануының  маңызды  шарты.  Түркі-ғұн 

тілдері,  тарихы  мен  дамуы.  Қазіргі  қазақ  тіл  білімінің    заманауи  бағыттары 

мен  мәселелері)»,  «Әдеби  шығармалардың  жеке  ұлттардың  қалыптасуына 

дейінгі  ауызекі-поэтикалық  дәстүрінен  ұлттық  әдебиет  пен  мәдениетаралық 

модельдеріне  дейін  (Әдебиеттанудың  өзекті  мәселелері:  міндеттері  мен 



308 

 

зерттеу  әдістері)»,  «Түркі  философиясы  мен  тарихы,  мәдениеті:  өткені  мен 



бүгіні  (Түркі-ғұндардың  этносаралық  байланыстары,  таралу  аймағы  мен 

мәдени  қатынасы.  Баба  қазақ,  қазақ  мемлекеті:  өткені  мен  бүгіні. 

Қ.Қ.Жұбановтың  өмір  сүрген  кезеңі,  ұстаздары  мен  замандастары  (Алаш-

Орда))»,  «Педагогика,  психология  және  оқыту  технологиясының  өзекті 

мәселелері  Қ.Қ.Жұбановтың  дидактикалық  көзқарастары  мен  бүгінгі    заман 

талаптары  тұрғысынан»,  «Жұбановтану  –  түркі  өркениетіндегі  қазақтың 

мәдени  және  тілдік  әлем  бейнесін  зерттеудің  ғылыми-аналитикалық  жолы 

(Ғалымның  ғылыми  мұрасы  –  адамзаттың  тарихы  мен  дүниеге  көзқарасын, 

табиғатын танудағы ақпараттық ресурс, құнды білім көзі)» атты ауқымы кең 

бағыттарды қамтыды.  

«Жұбановтану»  зертханасының  ұжымы  республикамыздың  басқа  да 

қалалары  мен  өңірлерінде  проф.  Қ.Жұбановқа,  зертхананың  алғашқы 

басшысы проф. Е.Жұбановқа байланысты өткізіліп жатқан іс-шаралардан тыс 

қалған  емес.  Мысалы,  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтында 

Е.Жұбановтың  80  жылдығына  арналып  2011  жылдың  наурыз  айында 

өткізілген  «Эпос  тілін  зерттеудің  өзекті  мәселелері»  атты  халықаралық 

дөңгелек  үстелді  ұйымдастыруда  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  мемлекеттік 

университеті 

тарих-филология 

факультетінің 

профессор-оқытушылар 

құрамы ерекше белсенділік танытты.  

«Жұбановтану»  зертханасы  аталған  ғылыми-ұйымдастырушылық 

жұмыстармен  қатар  тұрақты  түрде  ғылыми  семинар  ұйымдастырады.  Бұл 

семинар филология, гуманитарлық және қоғамдық мамандықтар ғалымдары 

мен 


тілші-оқытушылардың 

бірлескен 

ғылыми 

шығармашылығын 



насихаттауды  мақсат  етеді.  Семинарда  талқыланатын  және  тыңдалатын 

мәселелердің 

тақырыптары 

зертхана 

жүргізетін 

ғылыми-теориялық 

жұмыстар (монография, диссертация, проблемалық мақалалар т.б.) негізінде 

айқындалады.  

Сонымен  қатар  «Жұбановтану»  зертханасы  Ақтөбе  қаласының  және 

облыстың  орта  мектептері  мұғалімдеріне  университеттің  профессор-

оқытушылар  құрамымен  бірге  Жұбановтану  мәселелері,  сондай-ақ 

фольклористика,  салғастырмалы  тіл  білімі  (ф.ғ.к.  А.Е.Жұбанова)  салалары, 

тілді  оқыту  әдістемесі  (п.ғ.к.,  доцент  М.К.Жазықова,  п.,ғ.,к.,  доцент 

Р.Б.Куспаева)  мәселелері  бойынша  ғылыми-әдістемелік  көмек  көрсетіп 

отырады.  

«Жұбановтану»  зертханасы    Қ.Жұбановтың  ғылыми  мұрасына  қатысты 

қорғалған диссертациялары негізінде Жұбановтану бойынша элективті және 

арнаулы  курстар  ұйымдастырған.  Қазіргі  уақытта  тарих-филология 

факультетінде    оқылатын  «Қ.Жұбановтың  когнитивтік  зерттеулері» 

(Ж.И.Сұлтан)  және  «Қ.Жұбанов  –  фольклор  және  әдебиет  зерттеушісі» 

(Ә.Ж.Ұлықпанова), 

жаратылыстану 

факультетінде 

жүргізілетін 

«Жұбановтанудың 

психологиялық-педагогикалық 

аспектісі» 

(А.А.Қарабалина)  атты  арнаулы  курстар  республикамыздағы  бірден-бір 

бастама болып табылады. 


309 

 

Сонымен  қатар  2012-2013  оқу  жылында  университеттің  барлық 



факультеттерінде 

Жұбановтану 

зертханасының 

қазіргі 


жетекшісі 

А.Е.Жұбанованың 

ұйымдастыруымен 

университеттің 

барлық 

факультеттерінде «Жұбановтану: тарих және тұлға» атты элективті курс пен 



филология 

және 


гуманитарлық 

мамандықтарға 

«Қ.Жұбановтың 

лингводидактикалық  көзқарастары»  атты  арнаулы  курс  енгізілді  және 

аталмыш арнаулы курстар бойынша әдістемелік  оқулықтар дайындалған.  

«Жұбановтану»  зертханасы  жоғарыда  аталған  қызметтермен  қатар 

ғылыми-баспа  ісін  де  жолға  қойды.  Осындай  іс-шараның  нәтижесінде 

зертхананың  қолдауымен  және  тапсырысымен  төмендегідей  ғылыми  және 

ғылыми-танымдық басылымдар жарық көрді: 

 



Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: «Ғылым», 1999; 

 



Кенжебаев  К.К.,  Оралбай  А.  Құдайберген  Жұбанов.  –Алматы,  2000 

(көлемі 15 б.т.); 

 

Хасанов  Б.Х.  Жұбановтану  (орыс  тілінде,  көлемі  7,5  б.т.).  –Ақтөбе: 



Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің баспа бөлімі

 



Хасанов  Б.Х.  Жұбановтану.  Тiл  репрессиясы.  –Ақтөбе:  Қ.Жұбанов 

атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті (көлемі 5 б.т.); 

 

Жұбанова  М.Қ.    Құдайберген  Жұбанов  ұлттық  дидактика 



проблемалары хақында. –Алматы, 2011 (көлемі 7,5 б.т.); 

 



Тектіғұл  Ж.О.  Профессор  Қ.Жұбановтың  тарихи  лингвистикалық 

концепциялары (арнаулы пән оқу бағдарламасы). –Ақтөбе, 1999; 

 

Тайжанұлы А., Ахан Б. Құдайберген Жұбанов дүниетанымы. –Ақтөбе, 



1999. – 100 бет; 

 



Миров М.О. Қ.Жұбанов публицистикасы (көсемсөзі): оқыту аспектілері 

(көмекші оқу құралы). –Алматы, 2002. –86 бет; 

 

Жұбанов  Е.Қ.  Халық  әдебиеті  тілін  оқытудың  лингвостилистикалық 



аспектілері  (оқу  құралы).  –Ақтөбе:  Қ.Жұбанов  атындағы    АқМУ,  2003.  –96 

бет;  


 

Садуақас  Н.Ә.  Профессор  Қ.Жұбановтың  қазақ  тілі  фонетикасы 

саласындағы  еңбектерін  оқыту  (әдістемелік  оқу  құралы).  –Ақтөбе: 

Қ.Жұбанов атындағы АқМУ, 2001. –70 бет; 

 

Тектіғұл Ж.О. Қазақ тіліндегі түркі негізді аффикстердің эволюциясы. 



Ғылыми монография. –Алматы: Ғылым, 2002. – 303 бет; 

 



Садуақас  Н.Ә.  Қ.Жұбанов  және  қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесі.  –Ақтөбе, 

2004. –169 бет; 

 

Оралбай А.Ә. Құдайберген Жұбанов – публицист. –Ақтөбе, Тоғанай-Т, 



2006. –207 бет; 

 



Садуақас Н.Ә. Қ.Жұбанов және қазіргі қазақ тілі фонетикасы. –Ақтөбе, 

2007; 


 

Қарабалина  А.А.  Қ.Жұбановтың  психолингвистикалық  мұрасы.  – 

Ақтөбе, 2009. –122 бет; 


310 

 



 

Жұбанов  Е.  Толғауы  тоқсан  қызыл  тіл...(лингво-мәдениет  танымының 

көкжиектері.  Зерттеулер  мен  зерделеулер).  –Ақтөбе:  Қ.Жұбанов  атындағы 

мемлекеттік университет. – 2010. – 316 бет. 

«Жұбановтану»  зертханасы  өз  қызметін  әлемдік  деңгейге  шығару 

мақсатында  отандық  және  шетелдік  ғылыми,  мәдени  ұйымдармен  қарым-

қатынасын  күшейтіп  келеді.  Мысалы,  Ақтөбе  облысы,  Ембі  қаласындағы 

ағайынды  Жұбановтар  мұражайы,  ҚР  БҒМ  ҒК  А.Байтұрсынұлы  атындағы 

Тіл  білімі  институты,    Қазақстан  және  Ресей  жоғары  оқу  орындары,  атап 

айтқанда,  К.Аммосов  атындағы  Солтүстік-Шығыс  Федералды  Университет 

(Ресей,  Якутск  қаласы),  «Манас»  Қырғыз-түрік  университеті  (Қырғызстан, 

Бішкек  қаласы)  сияқты  ғылыми-педагогикалық  мекемелермен,  сонымен 

қатар Венгрия, Түркия елдерінің ғалымдарымен байланыс орнатып, ғылыми 

әріптестік аймағын кеңейтуде. 

 

«Елімнің мақтанышы – Даналарым» 



(Ағайынды Жұбановтардың мемориалдықмұражайының қызметі 

жайында) 

 

           Мұғалжар  ауданы    Ембі  қаласындағы    алғашқы  мұражай  1983  жылы 



ақпан  айында    «Мемориальный  музей  Ахмета  Жубанова»  деген  атпен 

ашылды.    Мұражайдың  ашылуына  сол  кездегі  Мұғалжар  аудандық  партия 

комитетінің  І  хатшысы  Қуандық  Зейнешұлы  Әлішев  көп  еңбек  сіңірді. 

Қ.Әлішев  Алматыға  барып,  Ахмет  Жұбановтың  қызы  Ғазиза  Жұбановадан  

академиктің  домбырасын,  дирижерлік  фрагін  және  фото  суреттерін  т.б. 

жәдігерлерді    әкелді.    Мұражайдың  ашылу  салтанатына    аудандық  атқару 

комитетінің  төрағасы  (председателі)  Александр  Ананьев,  Қуандық  Әлішев,  

Алматы  мемлекеттік  консерваториясының  доценті  Тмат  Мерғалиев,  Алма 

Темірбековалар келіп, мұражайға алғашқы экспонаттарды табыс етті.   

Ахмет  Жұбановтың  80  жылдығына  орай  Алматы  қаласынан 

академиктің  немерелері  –  Шолпан  Болатқызы,  Қайрат  Магавин,  өнер 

қайраткерлері – Ғазиза Жұбанова, Шамғон Қажығалиев, Қаршыға Ахмедяров 

және  Құрманғазы  атындағы  оркестр  келіп,  туған  ауылы  Орқаш, 

Жаңатұрмыста  болып,  дарынды  музыканттың  ескерткішіне  тағзым  етіп, 

халықпен  кездесіп,  мерекелік  концерт  қойды.  Осы  мерекеге  орай  облыстық 

тарихи-өлкетану  мұражайының  қызметкері  Роза  Балдыгарина    мұражайда 

Ахмет  Жұбановтың  өмірдеректеріне  және  шығармашылығына  байланысты 

жылжымалы  көрме  жасақтап,  дәріс  оқыды.    Дарынды  өнер  иесінің  туған 

жерінде  мұражайдың  ашылғанына  қуанып  және  оны  көруге  асыға  келген  

композитордың    қарындасы  Қазақ  КСР  Халық  шаруашылық  көрмесінің  бас 

директоры 

Қызғалдақ 

Құдайбергенқызы 

Жұбанова, 

жиені 

Әліби 


Әзербайжанұлы,    ҚазКСР-іне  еңбегі  сіңген  халық  әртісі,  кинорежиссер 

Әзербайжан  Мамбетов,  Социалистік  Еңбек  Ері,  КСРО  халық  әртісі, 

Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты,  академик,  Құрманғазы  атындағы 


311 

 

консерваторияның профессоры  Бибігүл  Ахметқызы  Төлегенова,  композитор 



Марат Омаровтар т.б.  мұражайда болып экспозициямен танысты.  

 

1999  жылы  академиктің  ағасы  –  қазақ  тіл  білімінің  тұңғыш 



профессоры,  лингвист,  ағартушы  ғалым  Құдайберген  Қуанұлы  Жұбановтың 

100  жылдық  мерейтойына  орай    мұражайдың  аты  «Ағайынды 

Жұбановтардың мемориалдық мұражайы» деп өзгертілді.  

2004  жылдың  16  тамызында  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясында 

мұражай  жұмыстарын  жинақтау,  жандандыру  барысында  облыс  әкімінің  

№226  қаулысы  бойынша  Мұғалжар  ауданы  Ағайынды  Жұбановтардың 

мемориалдық мұражайы мемлекеттік мекемесіне 6 штат бірлік берілді.  Бұған 

дейін  бір  қызметкер  жұмыс  атқарып  келген  болатын.    Осы  игі  істен  бастап 

мұражай    қала  тұрғындары  мен  мектеп  оқушыларына    Құдайберген  және 

Ахмет Жұбановтардың өмір жолдарын және олардың өшпес асыл мұраларын 

таныстыру  жұмыстары  жан-жақты  жүргізіле  бастады,  мұрайжайдың  қорын 

толықтыру мақсатында  елді мекендерді  аралап,  жәдігерлер жинақтау қолға 

алынды.  

2006  жылы  ұлттық мәдениетіне  және  Ембі халқы үшін тамаша жыл 

болды.  Себебі  Ахмет  Жұбановтың  100  жылдық  мерейтойы  ЮНЕСКО 

көлемінде  тойланатыны  жарияланды.  Осы  үлкен  шараға  орай    мұражайдың 

жаңа  ғимаратының  құрылысы  бой  көтерді.  Академиктің  100  жылдық 

мерейтойы  туған  ауылында,  ауданда,  Ақтөбе,  Алматы,  Астана  қалаларында 

және  өнер  орталығы  –  Парижде  тойланды.  Ембі  қалалық  мәдениет  үйінің 

алдына    Қазақстан  суретшілер  одағының  мүшесі,  мүсінші  Ж.Кенбайдың 

Ахмет  Жұбановқа  арнаған  «ескерткіш-бюсті»  орнатылды.  Мерекеге  өнер 

және  мәдениет  майталмандары,  академиктің  ұрапақтары,  бауырлары 

қатысып,  өзі  негізін  қалаған  Құрманғазы  атындағы  ұлт  аспаптар  оркестрі 

концерт  берді.  Осы  мерейтойға  орай  «Ахмет  Жұбанов-100»  кітапшасы, 

ағайынды  Жұбановтардың  өмір  жолдарына  арналған  альбом,  буклеттер, 

шақыру  билеттері,  маркалар,  А.Жұбановтың  бейнесі  тоқылған  кілемше,  

«Композитор  Ахмет  Жұбановтың  100  жылдығына  арналған  Халықаралық 

экслибрис  пен  графика  көрмесі»  атты    каталогі,  «Ахмет  Жұбанов», 

«Музыкалық  алғашқы  адым»  т.б.    кітаптар    мұражай  қорына  жинақталса,  

академиктің  қызы  Ажар  Ахметқызы  Жұбанова  мұражайға  мерейтой  иесіне 

арналған  деректі  фильмнің  кассетасын,  композиторға  арнайы  шығарылған 

монеталар  мен  100  жылдық  мерейтойға  арналып  шығарылған  афишаларды  

сыйға тартты. 

2009  жылдың  сәуір  айына  жаңа  мұражай  ғимаратының  ашылу 

салтанатына  ғалым  Құдайберген  Жұбановтың  немересі  –  филология 

ғылымының кандидаты  Ардақ Есетқызы  Жұбанова, Құдайберген  Жұбанов  

университетінің  доценті  Мұхтар  Миров,  облыстық  тарихи  өлкетану 

мұражайының  директоры  Еркін  Құрманбеков,  аудан  әкімі  Серік  Шанғұтов, 

аудандық  мәдениет  бөлімінің басшылары, Жұбановтардың  туыстары,    көзін 

көрген қариялар, мәдениет қызметкерлері, қала және  Орқаш елді мекенінің 

тұрғындары қатысып, оларға Жұбановтардың ата-бабаларының алтын бесігі 


312 

 

болған  Ақжардың  көрінісін  беретін  залға,  ғалым  Құдайберген  Жұбановқа 



арналған  «Қайталанбас  тұлға»,  Ахмет  Жұбановқа  арналған  «Ғасырлар 

пернесін  шерткен»,  Ғазиза  Жұбановаға  арналған  «Жыр  жазған  жүрегімен» 

атты  экспозицияларға  экскурсия  жүргізілді.  Сонымен  қатар  мұражай 

жұмыстарын 

жандандыру 

бағытында 

облыстық 

тарихи-өлкетану 

мұражайының  ұйымдастыруымен  «Музейлердің  даму  жолындағы  өзекті 

мәселелері» атты облыстық  көшпелі  семинар  өткізілді. Семинарға барлық 

мұражай  басшылары  мен    ғылыми  қызметкерлер  қатысты.  Семинарда 

мұражайдың  даму  жолындағы  бірқатар  мәселер  қаралып,  баяндамалар 

тыңдалды.  

Осы жылы ғалым Құдайберген Жұбановтың 110 жылдығына орай  «Тіл 

білімінің  тарланы»  атты  мектепаралық  жас  әуесқой  ақындар  байқауы 

өткізілді. Байқауда жас ақындар ғалым аталарына арнаған жүрек жарды жыр 

шумақтарын  оқыды.  Сонымен  қатар  Жұбановтардың  ұрпағы  Қызғалдақ 

Құдайбергенқызы  және  Ардақ  Есетқызы  жаңа  мұражайға  келіп,   

экспозициясы  жасақталған  залдармен  танысып,  мұражайға  «Әкем  –  жарық 

жұлдызым»,  1936 жылы шыққан «Қазақ тілінің грамматикасы», «Әулет және 

заман  белестері»,  профессор  Құдайберген  Жұбановтың  110  жылдығына 

арналған  халықаралық  ғылыми-теориялық  конференция  материалдары 

жинақталған    «Қазақ  тілінің  өзекті  мәселелері»  атты  кітаптарын,  Мүслима 

Жұбанованың  «Құдайберген  Жұбанов  ұлттық  дидактика  проблеммалары 

хақында» атты еңбектерін сыйлады. 

Ғалым,  публицист,  ұлт  жанашыры  Құдайберген  Жұбановты  және 

кәсіби композиторлар – Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованы әр қырынан 

таныту мақсатында «Тұғырлы тұлға», «Тіл білімінің жанашыры», «Лингвист 

Құдайберген Жұбанов», «Қайталанбас  тұлға», «Тіл кемеңгері», «Тіл алыбы – 

Құдайберген»,  «Асылдың  көзі»,    «Елімнің  мақтанышы  –  Жұбановтар», 

«Академик  өнерді  зерделеген»,  «Композитор  Ахмет  Жұбанов»,  «Саз  өнерін 

терең  меңгерген»,  «Ерлікпен  өткен  ғұмыр»,  «Жыр  жазған  жүрегімен», 

«Музыка  менің  әлемім»    атты      тақырыптарда    дәріс  сабақтары,  дөңгелек 

үстелдер, кездесу кештері  өткізіліп келеді.  

Өнерде  сара  жол  салып  кеткен  Жұбановтардың  өнерін  жалғастырып 

келе жатқан жерлестері үшін жасақталған «Өнерлі өлкем – Мұғалжар» атты 

залда  ақын  Әубәкір  Кердерінің  жырын  жырлаған  жыршы  Шоқай,  Қазанғап 

күйлерін  насихаттаушы  күйші  әрі  композитор  Жаңаберген  Албетов,  цирк 

әлемінің  илюзианисті  Сұлтанғали  Шүкіров,  әнші,  композитор    Бейбіт 

Оралұлы,  Қанат және Света Айтбаевтар өнерлерін паш етті. Аталмыш залда  

40  жылдай  тарихы  бар  ұлттық  аспаптар  оркестрінің,  «Қарлығаш»  қыздар 

вокал  тобының  және  бүгінгі    Мұғалжар  өңірінің    өнерлі  азаматтардың 

шығармашылығына  байланысты жәдігерлер экспозицияға қойылған. 

2013  жылды  наурыз  айында  Ембі  жұртшылығы  үлкен  қуанышқа 

кенелді.  Себебі  асылдың  көзі,  тұлпардың  тұяғы  ғалым  Құдайберген 

Жұбановтың  кенже  баласы  –  филология  ғылымының    докторы,  профессор 

Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов және Ташкент қаласынан келген профессор 


313 

 

М.Джусупов,  Уфа  қаларынан  келген  профессор  З.Сиразитдинов,  Алматы 



қаласынан  келген  профессор  Б.Хасанов,  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе 

университетінің  тіл  ғалымдары  –  А.Жұбанова,  М.Миров,  Н.Сәдуақас  және 

суретші  Е.Исмайловтар  келіп,    мұражайдың  тарихымен,  бүгінгі  тынысымен 

танысты.  

Асқар  Құдайбергенұлы  өзінің  жүрекжарды  естеліктерін  айтып, 

мұражайға «Қазақ тіл білімі: қолданбалы лингвистикасы» және «Қазіргі қазақ 

тіл  білімі:  Қолданбалы  лингвистиканың  өзекті  мәселелері»  атты  еңбектерін 

сыйлады.  

Жұбановтарды насихаттаудағы  игі істерді тек қана  ауыл, аудан, облыс  

көлемінде  ғана  емес,  өзге  де  аймақтарда  жалғастыруды  жөн  көріп,  2012 

жылдың  сәуір  айында  ОҚО  «Саяси-қуғын  сүргін    музейінде»  және 

Қызылорда  облысының  Шиелі  ауданындағы  «Нартай  Бекежановтың  өнер» 

мұражайларына  «Елімнің  мақтанышы  –  Даналарым»  атты  тақырыпта  дәріс 

сабақтары  жүргізіліп,  озық  ойлы  әріптестермен  тәжірибе  алмасып, 

мұражайға  қорына  тың  материалдар  әкелінді.  Қазіргі  таңда  мұражай  қоры 

толықтырылып  келеді.  Негізі  мұражай  экспозициясына  Жұбановтардың 

отбасылық  және  әріптестері,  замандастары,  шәкірттерімен  түскен  суреттер 

топтамасы, өз кездерінде киген, тұтынған заттары, жазған еңбектері қоюлы. 

Осындай   тарихы бар мұражайдың бүгінгі күнге дейін тірлігін қорыта 

келе  айтарымыз:  Мұражай  –  халық  қазынасы.    Халықтың,  оның  ішінде  жас 

ұрпақтың    рухани  баюына,  өз  тарихына  деген  қызығушылығын  арттырып, 

болашаққа  мол  мұра  қалдырып  кеткен,    дарынды  перзенттерінің  еңбектерін 

жинақтап, көпшілікке насихаттау жұмыстарын жүргізе отырып, әлі де аянбай 

еңбек  ете  береміз.  Ағайынды  Жұбановтар  атындағы  мемориалдық 

мұражайдың  өскелең  ұрпақты адамгершілік қасиеттерге, өз елінің тарихын 

білуге, елжандылыққа тәрбиелеуде   алар орыны  ерекше.   

 

 

 

 



 



1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал