Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



жүктеу 5.5 Mb.

бет17/43
Дата08.01.2017
өлшемі5.5 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43

ы/і  таңбасын  салып,  екі  буындыда  түбірдегі  қысаңды  түсіріп  жазуды 

ұсынады: біл – блек, қыр – қрау, ыс – стау

1936  жылы  мәдениет  құрылысы  қызметкерлері  съезінде  қазақ  әліпбиі 

мен  емлесін  жақсарту  жөнінде  Қ.Жұбанов  ұсынған  пікірлерді  былайша 

топтастыруға болады: 1) халықаралық және орыс тілінен енген терминдерді 

орысша  жазылуына  жақындатып  таңбалау;  2)  қосар  ьj,  іj,  уvдеген  төрт 

таңбаның орнына  жалаң  і,  vәріптерін жазу;  3)  ь,  j  (осы  күнгі  ы,  і) әріптерін 

жазуды біраз тежеу; 4) кіріккен сөздерді қосып жазу. 

Бүгінгі  қазақ  орфографиясындағы  бір  қиындық  екінші  буындағы  ә 

әрпінің  жазылуы  болса,  Қ.Жұбанов  оны:  «Көп  буынды  түбірдің  соңғы 



буынындағы  дауысты  дыбыстың  а-ә  екені  дүдамал  болса,  немесе  дүдамал 

болмай-ақ,  анық  ә  дыбысы  болса  да,  қосымша  жуан  түбірге 

жалғанғандағыдай жуан айтылады да, а мен еқ мен к, ғ мен г бір келетін 

қосымшаларда  а,  қ,  ғ  жазылады.  Оңайлық  үшін  ондай  түбірдің  соңғы 

буынына  да  ә  жазылмай,  а  жазылады:  кітапқа  (кітәпке  емес)»,  –  деп 

шешкен.  Сөйтіп,  А.Байтұрсынұлы  жазуда  лингвалды  үндесім  құбылысын 

таңбалау  арқылы  және ұяң дауыссыздарға  артықшылық  беру  арқылы  тілдің 

ерекшелігін  айқындаса,  Қ.Жұбанов  тілдің  қысаң  емес,  ашық  сипатын, 

жіңішке  емес,  жуан  сипатын  таңбалауды  дұрыс  көрді.  Бұл  қағида  қазақ 

жазуының  бүгінгі  проблемасына  қатысты.  ҚТОС-тың  (Қазақ  тілінің 

орфографиялық  сөздігі)  1964 жылғы  басылымы  бұл  қатарды  Қ.Жұбановтың 

пікіріне  сүйеніп,  күшала,  дүдамал,  ділда,  күнә,  кінә  сияқты  сөздерді  а-мен 

таңбалады. Кейін жазу практикасымен ОС (Орфографиялық сөздік) арасында 

қайшылық туған соң, алдыңғысы ескеріліп, ҚТОС-тың кейінгі басылымдары 



ә-мен  қалыптандыра  бастады.  2001  жылғы  сөздік  тек  барыс  жалғауын  ғана 

жуан вариантта, басқа қосымшаларды жіңішке формада жалғауды ұсынды.  

Ал  ғалымның  кірме  сөздердің  емлесі  жайлы  айтқан  пікірлері  арнайы 

сөз қылуды қажет етеді. Өйткені бүгінгі таңда жаңа латын графикасына көшу 



177 

 

қарсаңында  немесе  орыс  графикасынан  (кирилл  қарпінен)  бас  тартудың 



себебін  іздеу  барысында,  жоғарыда  ескерткендей,  Қ.Жұбановтың  қазақ 

тілінің  даму  бағыттарына  тигізген  ықпалы  көрінеді.  Ғалым  «шеттілдік 



сөздерді  орыс  тіліндегі  орфографиясымен  қоса  қабылдауды  ұсынды,  бұл 

ұсыныс қолдау тауып, қазірде біз екі түрлі алфавит, екі түрлі орфография 

пайдаланамыз:  қазақ  тілінің  төл  сөздерін  таңбалайтын  және  шеттілдік 

сөздерді жазу орфографиясы. Жазылған сөз ішінде ц, щ, ъ, ь, ч таңбалары 

кірме  сөз  екеніне  маркер  болып  тұрады.  Директор  деп  жазып,  [директр] 

деп оқысақ, ол орыс орфоэпиялық нормасында қабылдап отырмыз» дегенді 

білдіреді.  «Перспектива  развития казахского  языка,  тенденция  обогащения 



его терминами и словами, обозначающими технику и действия современной 

культуры,  из  иностранных  языков  не  дадут  возможности  так  просто  их 

игнорировать  …  следует  ввести  f,  h,  x.  Federatsija  →  Federatsijalav, 

klassifikatsija → klassifikatsijalav», – деп жазады автор. Оның үстіне, ћ, х, ф-п 

дыбыстары  бір  фонеманың  варианттары  екенін  айтады.  Осы  орайда 

терминдерді  қазақ  тілінің  дыбыстық  заңдылығына  бағындырып  жазғаннан 

гөрі,  түбірін  цитаталық,  қосымшасын  фонетикалық  принциппен  жазғанды 

ұсыну  Қ.Жұбанов  тарапынан  шыққанын  айта  кеткеніміз  жөн.  Бұл  кірме 

сөздер  қазақ  тіліне  сай  орфограммалаудың  қиындығынан,  жазудағы  ала-

құлалыққа тосқауыл қоюды ойластырған ниетінен шықты дейміз. 

Профессор  Құдайберген  Жұбановтың    жазу,  орфография  жөніндегі 

теориялық  зерттеулерін  бағдарға  ала  отырып,  әлі  де  басы  ашылмаған 

мәселелерді  сөз  етуге  болады.  Солардың  бірі  –  қазақ  орфографиясының 

принципі.  Бұл  жөнінде  де  Қ.Жұбановтың  зерттеулері,  айтқан  ойлары, 

сөйлеген сөздері мен ұсыныс пікірлері қазіргі жазу нормаларының жай-күйін 

бағдарлауға,  емле  принциптерінің  кейбір  уәждерін  қайта  қарауға  ой-түрткі 

болады.  Кезінде  профессор  Қ.Жұбанов  «емле  негізіне  қожа  сол  тілдің 



жаратылыс  заңы  болуға  керек.  Тіліміздің  жаратылысына  қарасақ,  емле 

дыбыс  негізді(фонетикалық  принцип  негізді  –  Н.Уәлиев)болуға  керек»,  – 

деген  болатын.  Ал  соңғы  онжылдықтардағы  оқулықтар  мен  зерттеулергс 

назар  аударсақ,  қазіргі  кездің  өзінде  қазақ  орфографиясындағы  жетекші 

принцип  жөнді  айкындалмаған  деуге  болады.  Мысалы,  кей  оқулықтарда: 

«Қазақ орфографиясының негізгі принципі – морфологиялық принцип күллі 

түркі тілдері үшін қолайлы принцип болып саналады. Бұлай дейтініміз түркі 

тілдерінің  табиғаты,  атап  айтқанда,  ондағы  сөздердің  морфологиялық 

құрылысы және олардың түбір тұлғасының сақталу ерекшелігі  – осылардың 

бәрі  жазуда  морфологиялық  принципті  басты  принцип  етіп  алуды  қалайды. 

Түркі  тілдері,  соның  ішінде  қазақ  тілі  үшін  морфологиялық  принцип  ең 

жанасымды,  ең  қолайлы  деуіміз  де  осыдан»десе,  кейбір  зерттеулерде  қазақ 

орфографиясы  фонетика-морфологиялық  принципке  негізделген  деп 

тұжырымдалады. 

Міне,  осы  аталған  үш  бағытты  қазіргі  жазу  нормасы  тұрғысынан 

қысқаша салыстыра қарауға  тура келеді. Алдымен морфологиялық принцип 

жайында.  «...Сөздерге  сөз  тудырушы  аффикстер  мен  сөз  түрлендіруші 



178 

 

аффикстер жалғанғанда, екі сөз бірігіп немесе өзара тіркесіп айтылғанда, 



сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  айтылуы  өзгеріп,  әр  түрлі  дыбыстық 

өзгерістерге  ұшырайды.  Морфологиялық  принцип  дыбысталудағы  бұл 

ерекшеліктерді  ескермей,  сөз  құрамындағы  сыңарлардың жеке  тұрғандағы 

қалпын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалыбасшы (башшы емес), 

ұшсын  (ұшшын  емес),  сәнқой  (сәңқой  емес),  көрінбеді  (көрімбеді  емес), 

Қазанқап  (Қазаңғап  емес),  әркім  (әргім  смес),  көзқарас  (көзғарас  емес), 

Сарыарқа (Сарарқа емес)». 

Демек,  морфологиялық  принцип  бойынша  сөздің  морфемдік 

құрылымы  сақталып  жазылуға  тиіс.  Бірақ  қазіргі  жазу  тәжірибеміздің 

орныққан нормалары осы талапқа толық жауап бере ала ма? Мына топтағы 

сөздердің жазылуына назар аударсақ, бұлардың морфемдік құрамы өзгеріссіз 

жазылған  деуге  болмайды:  ақ  –  ағар  (ақар  емес),  көк  –  көгер  (көкер  емес), 



жақ – жағын (жақын емес), тақ – тағын (тақын емес), бақ –  бағыл (бақыл 

емес),  ойын  –  ойна  (ойына  емес),  орын  –  орна  (орына  емес),  сарын  –  сарна 

(сарына  емес),  сары  –  сарғай  (сарығай  емес),  қозы  –  қоздау  (қозылау  емес), 

халық  –  халқы  (халығы  емес),  мүлік  –  мүлкі  (мүлігі  емес),  әріп  –  әрпі  (әрібі 

емес), қап – қабы (қапы емес), сап – сабы (сапы емес), көп – көбі (көпі емес). 

Сондай-ақ  морфологиялық  принцип  бойынша  қосымшалардың  бір  ғана 

варианты, мысалы: -лар алынуы керек те, қалғандары (-дар, -дер, -тар, -тер

оның жай ғана дыбыстық өзгерістері ретінде жазуда еленбеуге тиіс. 

Міне,  бұл  тәрізді  сөздердің  жазылуын  морфологиялық  принцип 

бойынша  түсіндіруге  болмайды  және  қазақ  орфографиясындағы  жетекші 

принцип  морфологиялық  деген  тұжырымға  шүбәмен  қарауға  тура  келеді. 

Морфемдік  құрамы  дыбыстық  өзгеріске  түскен  күйде,  яғни  фонетикалық 

принциппен  жазылатын  сөздердің  саны  түбірі  сақталып  жазылатын 

сөздерден  аз  емес.  Осыңдай  себепке  байланысты  болу  керек,  соңғы  кездегі 

зерттеулерде  қазақ  орфографиясы  фонетика-морфологиялық  принципке 

негізделген деген пікір орын ала бастады. 

Профессор  Қ.Жұбанов  қазақ  жазуы  фонетикалық  принципті  ұстануы 

керек деген үзілді-кесілді пікірде болды. Ғалымның сондағы сүйенген негізі 

мен  ғылыми  дәлелдері  қандай?  Ғалым  мұрасын  оқи  отырып,  осы  сұрауға 

жауап  іздесек,  экстралингвистикалық  және  таза  лингвистикалық  екі  түрлі 

жайтты  аңғарамыз.  Біріншісі  –  Қ.Жұбанов  –  тіл  практикасында 

демократияшыл  көзқарасты  дәйекті  ұстанушы  әрі  орнықтырушы  ғалым. 

Ғалымның 

бұқарашыл 

платформасы 

жазу, 

терминология, 



емле, 

орфографиялық  принциптер  туралы  ойлары  мен  зерттеулерінен  айқын 

танылады. 

«Тілдің  әліппесінен  бастап,  жоғарғы  сатысына  жеткенше  төңкеріс 

(революция  –    Н.Уәлиев)  практикасының,  ілім  техниканың  не  бір  игілігін 

сөзбен  айтып,  ашып  бере  аларлық  дәрежеге  жеткізудің  өзі  де  –  емле  мен 

терминологиядан аулақ болмақ емес. Мәдениетті таңдап, жасап шығарушы 

тап  та,  оны  керек  қылушы  тап  та  –  еңбекші  тап  болған  соң,  емле  мен 

терминологияның  қызметі  –  сол  қалың  еңбекшінің  қолын  мәдениетке 


179 

 

жеткізу  болады  да,  ондай  кезде  емле  мен  терминология  мәні  әсіресе  зор 



болады (...) Сонымен, емлені қайта тексергенде, ең алдымен оны қалың елге, 

еңбекші бұқараға түсінікті, жеңіл қылып шығару жағын ескерукерек», – дей 

келіп: «Қазір біз туыс жүйелі (морфологиялық) емлені қабылдасақ, бізде де 



ағылшындардікі және басқа елдердікі сияқты дәстүрлі жазу болады», – деп 

қорытады.  Шындығында,  морфологиялық  принцип бойынша  көп  вариантты 

қосымшалардың  бір  ғана  нұсқасы  таңбалануы  керек  те,  қалғандары 

еленбеуге  тиіс.  Бұл  бағыт,  әрине,  жазба  тілдегі  шарттылықты  көбейтеді. 

«Көптік  жалғауының  қазақша  төрт  түрі  бар.  Біз  оның  бәрін  тастап, 

жалғыз «-лер»-ді ұстап қала алмаймыз. Мұнан оқыту жұмысы қиындайды. 

Сауаттану жұмысы тезірек жүру үшін жазу да сөз естілуіне жақын болу 

керек».  Оппоненттерімен  пікір  таласында  ғалымның  мұндай  қарапайым 

мысалға  жүгінуінің  себебі  жоқ  емес.  Морфологиялық  принцип  бойынша 

қосымшалардың  қалыптасқан  варианттарын  бөле-жарып,  бірер  нұсқасына 

артықшылық  беру  тілдің  ғасырлар  бойына  қалыптасқан  шын  қалпынан  қол 

үзу болар еді. 

Емле 


ережелері 

мен 


принциптерін 

белгілеуде 

ғалым 

тек 


экстралингвистикалық,  әлеуметтік  факторларға  сүйеніп  қоймай,  таза 

лингвистикалық дәлелдерге иек артып отырды. «Жалғауды туыс жүйесімен 



жазу  үшін  оның  тарихын,  бұрын  қалай  жазылып  жүргенін,  қысқасы, 

алғашқы нұсқасын білу керек. Жалғаудың қай түрі тұңғыш, қай түрі кенже 

екенін бұл күнгі тіл білімі танып біле алмайды. Мәселен, -дар көнерек пе, я -

лар  ескірек  пе,  болмаса  -тар  кәрі  ме,  оны  дәлелдеу  мүмкін  емес».  Тіпті 

реконструкциялау  әдісімен  бұл  формалардың  архетипін  тапқанның  өзінде, 

қазіргі  жазу  практикасында  оның  соншалықты  үлкен  мәнге  ие  бола  қоюы 

неғайбыл. 

Сонымен, Қ.Жұбановтың айтуынша, қазақ тілінің дыбыс жүйесіне сай 

келетін  бірден-бір  принцип  –  фонетикалық  принцип.  Ал  олай  болса, 

фонетикалық  принципке  қарама-қарсы  қойылып,  яғни  «морфологиялық 

принцип» деген айдармен таңбаланып жүрген басшы (башшы), түнгі (түңгі), 



көзсіз  (көзсүз)  деген  сөздердің  саны  едәуір  және  өз  жүйесі  бар.  Сондықтан 

оларды  «Ереже  ескертусіз  болмайды»  деген  рубрикаға  жатқызу  тіл 

шындығына  сай  келмейді.  Тегінде,  бұл  топтағы  сөздердің  жазылуын 

фонетикалық  принципке  қарама-қарсы  қоюымыздың  өзі  дұрыс  па?  Әрине, 

фонетикалық принципті «қалай естілсе, солай жазылады» деп түсінсек, онда 

басшы, түнгі, бізсіз деген сөздер морфологиялық принципке негізделген деп, 

фонетикалық  принципке  қарама-қарсы  қоюға  болар  еді.  Бұл  жерде 

фонетикалық  принциптің  өзін  анықтап  алу  қажет  тәрізді.  Қ.Жұбанов: 

«Жазуда  сөз  естілуіне  жақын  болуы  керек»  дейді,  яғни  бұл  ұғым  «қалай 

естілсе,  солай  жазылады»  деген  формуламен  бірдей  емес.  «Фонетикалық 

принцип,  дәлірек  айтқанда,  фонематикалық  принцип,  әрине,  «қалай  естілсе, 

солай  жаз»  дегенді  білдірмейді.  Шындығында,  фонетикалық  принципті 

«қалай естілсе, солай жазылады» деп білу бұл принцип туралы түсінігімізді 

шатастырып, жазу тәжірибесінде оны дұрыс қолдануға кедергі болады. Егер 


180 

 

«сөз  қалай  естілсе,  солай  жазылады»  деген  қағидаға  сүйенсек,  түн  деген 



сөзді  (түн),  тын  деген  сөзді  (тын)  түрінде  жазып,  н  дыбысының  жуан-

жіңішкелік  қасиетін  жеке  таңбалар  едік.  Немесе  сауда  сөзі  (сауда),  ал 



саудагер  сөзі  (сәудегер)  түрінде  жазылар  еді.  Бірақ  бұлай  жазу  – 

фонетикалық принциптің емес, фонетикалық транскрипцияның міндеті. 

Әрине жазу мен транскрипция – әуелден екеуі екі басқа нәрсе. Дыбыс 

жазуы  дыбысталған  сөздің  айна-қатесіз  көшірмесі  емес.  Сондықтан  дыбыс 

жазуында  фонологиялық  жүктемесі  жоқ,  фонетикалық  қоршауға  тәуелді 

небір дыбыс құбылыстары ескерілмейді.  

Жазу  теориясына  қатысты  бұл  мәселеге  Қ.Жұбанов  дер  кезінде  назар 

аударған  болатын.  Дыбыстық  қоршауға  тәуелді  кезкелген  дыбыстық 

құбылысты  жазуда  таңбалай  беру,  Қ.Жұбанов  айтқандай,  ультрафонетик 

бағытқа бой ұру болар еді. 

Бірақ  мәселенің  қиындығы  мынада:  фонологиялық  жүктемесі  жоқ 

немесе 


ультра-фонетик 

(Қ.Жұбановтың 

термині) 

құбылыстарын 

фонологиялық мәні бар дыбыс құбылыстарынан қалай ажыратамыз? Фонема 

теориясы  бойынша  бір  фонеманың  бірнеше  реңкі  болуы  ықтимал,  яғни 

фонетикалық қоршау қанша болса, фонеманың реңкі де сонша болады. Бірақ 

солардың ішінде фонетикалық қоршауға неғұрлым тәуелсізі – негізгі реңк, ал 

фонетикалық  ортаға  барынша  тәуелділері  –  қосымша  реңк.  Фонологиялық 

жазудың  ерекшелігі  бойынша,  фонемалардың  негізгі  реңкі  таңбаланады  да, 

фонетикалық  ортаға  барынша  тәуелді  реңктері  ескерілмейді.  Мысалы, 

жұмұсшұ  деп  жазбай,  жұмысшы  деп  жазу  себебімізді  осы  тұрғыдан 

түсіндіруге болады. С/Ш алмасуы фонетикалық ортаға тәуелді, яғни с мен ш 

іргелес  келген  барлық  жағдайда  с  фонемасы  ш  реңкіне  көшеді.  Бұл 

іргелестікке  с-ның  басқа  альтернациясы  болмайды.  Осы  типтес  өзгерістерді 

шартты  түрде  жалпы  фонетикалық  алмасу  деп  атауға  болады.  Бұл  топтағы 

дыбыс  алмасулардың  өздеріне  тән  белгілері  бар.  Жалпы  фонетикалық 

алмасулардың морфемдерге қатысы жоқ. Мейлі ол үстеу жасайтын қосымша 

мен  қалау  рай  тұлғасы  болсын  немесе  шартты  райдың  жұрнағы  болсын, 

сондай-ақ  «жоқтықты»  білдіретін  аффикс  болсын,  бәрібір,  талғампаздық 

болмайды. Фонема реңктері талғаусыз өзгере береді:  құсша (құшша), ысшы 

(ышшы), безсе (бессе). Мұндай қасиет жоқ, мысалы, қ-ғ, к-г, п-б өзгерістері 

белгілі  бір  морфемалардың  аясында  болады:  тұрақ  –    тұрағы,  бұлақ  – 



бұлағы,  қазақ  –    қазағы,  бірақ  қазақты  (сын  есім),  қырық  –  қырығы  (сын 

есім),  бірақ  қырқы  зат  есім  (этнографизм),  бірақ  дарақы  (сын  есім);  тақ  – 



тағыл, бірақ тақыл (зат есім), бақ – бағыл, бірақ бақыл (зат есім), қап – қабы, 

бірақ қапы, бірақ қапы қалусап – сабы, бірақ еңбек сапында т.б. Белгілі бір 

морфемалардың  аясында  болатын  мұндай  өзгерістерді  алдыңғы  типтегі 

алмасулардан  бөлектеп,  морфологиялық  алмасулар  деп  атауға  болады. 

Әрине,  морфологиялық  алмасулар  да  –  фонетикалық  алмасу,  бірақ  бұл 

алмасулар белгілі бір морфемдердің жүйесінде ғана көрінеді. Мысалы, көптік 

жалғауының  дауыстылар  мен  у,й  сонорларынан  соң  л  (-лар,  -лер)  вариант 

түрінде болуы осы морфемге қатысты: қала-лар, тау-лар; тайлар



181 

 

Тап осы жүйе -лық, -лік аффикстерінде де қайталанады: қалалық, тау-



лық,  тай-лық.  Бірақ  өзге  морфемада,  мысалы,  септік  жалғауында,бұл  жүйе 

басқаша сипат алады: қала-да, тау-да, тай-да

Жалпы  фонетикалық  алмасудың  морфологиялық  алмасудан  тағы  бір 

айырмашылығы  бар.  Егер  орфоэпиялық  нормадан  әдейі  ауытқи  отырып, 

артикуляциялау  жақтан  әнтек  нық  айтуға  тырыссақ,  қосымша  реңктегі 

фонема  өзінің  негізгі  реңкіне  көшуге  мүмкіндік  алады:  (башшы)  –  басшы

(кешегелді) – кеше келді т.б. Мектеп мұғалімдері оқыту үдерісінде, дикторлар 

радиодан ән мәтінін үйреткенде мұндай мүмкіндікті нормадан әдейі ауытқи 

отырып,  ара-тұра  пайдаланып  отырады.  Тіпті  сөз  мағынасын  айқынырақ 

ажырату үшін кей мәнмәтіндек-ні әнтек нық айтып, фонеманы негізгі реңкте 

дыбыстауға тырысамыз (сексеулдүң күлү) –  сексеуілдің күлі, салыстырыңыз: 

(сексеуілдің гүлү) – сексеуілдің гүлі

Ал  морфонологиялық  алмасулар  орфоэпиялық  нормадан  бұлайша 

ауытқуға  ырық  бермейді.  Мысалы:  ақ  –  ағар  сөзін  «ақар»  түрінде 

дыбыстаудың мәні жоқ. 

Дыбыстардың  жалпы  фонетикалық  алмасуы  мен  морфонологиялық 

алмасуы бір сөздің шенінде де кездесе береді. Мысалы,  к фонемасының сөз 

қолданыста  бірнеше  реңкі  болуы  ықтимал:  1)  (қырық)  дегендегі  қ  негізгі 

реңк;  2)  (қырығы)  дегендегі  ғ  –  фонетикалық  қоршауға  біршама  тәуелсіз 

реңк,  морфонологиялық  алмасу;  3)  (отызғырық)  отыз-қырық  дегендегі  ғ  –  

фонетикалық қоршауға тәуелді реңк. Жалпы фонетикалық алмасу, 4) (қырқы

(этнографизм), қырық-қырығы-кырқы – тарихи алмасу. 

Осы  салыстырудан  байқайтынымыз:  қазіргі  жазу  нормасында  жалпы 

фонетикалық  алмасуларға  қатысты  дыбыстық  өзгерістер  жазуда  арнайы 

таңбаланбайды  да,  керісінше,  морфонологиялық  алмасулар  жазуда  жүйелі 

түрде  бейнеленіп  отырады.  Осы  тұрғыдан  болу  керек  дейтін  тезисін  жалпы 

фонетикалық  алмасудың  жазу-сызуда  еленбеу  ерекшелігімен,  сондай-ақ, 

морфонологиялық 

алмасулардың 

арнайы 


таңбаланатын 

сипатымен 

ұштастыра қарауға болады. 

Қ.Жұбанов  –  қазақ  тіл  білімінде  сөздердің  бірге  және  бөлек 

таңбалануына байланысты да алғаш пікір айтқан ғалым.  Ол  орфографияны 

бір  жүйеге  салу  керектігін  айта  отырып,  күрделі  сөздің  табиғатын  сөз 

тіркесінен  ажыратуда  жалғыз  семантикалық  тұтастық  белгісі  жеткіліксіз 

дейді.  Ғалым    «...  неше  сөзден  құралған  болса  да,  кіріккен  сөздер  бір-ақ 



нәрсені  атайтын,  бір-ақ  сөздің  орнына  жүретін  болу  керек».  Сондай-ақ 

ғалым біріккен сөз болу үшін ішіндегі жеке сөздердің әрқайсысы сөйлемде өз 

алдына бір-бір мүше болмай, бәрі жиналып барып сөйлемнің жалғыз мүшесі 

болу  керек  екендігін  айтады.  Сонымен,  автор  сөздердің  бір  екпінге 

бағынатын  белгісі  және  сөздердің  әрқайсысы  сөйлемде  жеке-жеке  мүше 

болмай, бәрі қосылып сөйлемнің бір ғана мүшесі болу керек деп қорытады.   

Ғалымның  осы  айтқан  пікірі  1938  жылы  ескеріліп,  ресми  органдардың 

қаулысы  бойынша  «Қазақ  тілінің  емле  ережелері»  жарияланады.  Біріккен 

сөздерге  байланысты  мынадай  ереже  қабылданады:  «2.  Екі  түбірден 


182 

 

қосылып, бір мәнді мағына шығарған, осы күнге дейін тұлғаларын жоғалтып 



жібермеген  біріккен  сөздер  де  өз  тұлғаларын  сақтап,  морфологиялық 

принципке  сүйеніп,  қосылып  жазылады.  Мұндай  сөздердің  жалғаулары  да 

фонетикалық  принципке  сүйеніп,  дыбыс  жүйесі  жолымен  қосылып 

жазылады. 

Мысалы: 

Ат+басар=Атбасар, 

Еркін+бек=Еркінбек, 

Жиен+ғали=Жиенғали,  Ақ+сай=Ақсай  түрінде  тұрпаттары  бұзылып 

жазылмайды.  Негізгі  тұрпаттары  сақталып  жазылады»  (80,  48).  Ережеден 

кейін  біріккен  сөздердің  жазылуы,  жаңа  сөз  жасау  формалары  күшейіп, 

теміржол,  өнеркәсіп,  оқтүстік,  солтүстік,  шекара,  бүкілсоюз,  кәсіподақ, 

таңертең, денсаулық тәрізді сөздер бірге жазыла бастады. 

1938 


жылы 

қабылдаған 

емледегі 

бұл 


өзгерістер 

қазақ 


орфографиясының кемелденуінің, дамуының алғашқы сатыларының бірі еді. 

Мерзімді  басылымдарда,  оқулықтарда  күрделі  сөздер  1938  жылға  дейін 

құрылымдық  принципке  негізделсе,  1938  жылдан  бастап  функционалдық 

принциппен  жазыла  бастады.  Мысалы,  Biz  metalcьlardь,  kөmjrcjlerdj, 



temirςolcьlardь  elektr  caracьlьqьnda  jsteitjnderdj  […]  («Лениншіл  жас»,  1938 

ж. №219. 2-б.). 

Профессор  Н.Уәлиұлы  Қ.Жұбановтың  сөздердің  бірге  және  бөлек 

таңбалануына  байланысты  айтқан  тұжырымдамаларын  бірнеше  деңгейге 

қатысы   бар  екенін  ашып,  қазіргі  теория бойынша  былайша  дәлелдейді: бір 

екпінге  бағынатыны  –  суперсегменттік  деңгей  (1);  сыртқы  формасының 

өзгеру/өзгермеуі–  сегменттік  деңгей  (2);  бәрінің/біреуінің  мағынасының 

өзгеруі  –  коннотативтік  деңгей  (3);  бір  нәрсенің  аты  болуы  –  денотативтік 

деңгей (4); бір мағына беруі – сигнификативтік деңгей (5); сөйлемде бір мүше 

болып  жұмсалуы  –  синтаксистік  деңгей  (6);  бір  сөздің  орнына  жұмсалуы  – 

лексемалық деңгей (81, 1-5).  

Қ.Жұбанов,  әрине,  емле  ережелерін  дәл  осылайша  бүгінгі  тіл 

біліміндегі  терминдермен  атамаса  да,  оларды  осылайша  «жіліктеп»  жіктеп 

бермесе де,  негізгі ұстанған  принциптері  бүгінгі  күнгі  тұжырымдамалармен 

дәл келіп жатыр.  

Иә,  таңба,  таңбаландыру  –  тіл  дамытудың  әлеуметтік  линвистикалық 

факторы  және  ол  тіл  дамытумен  тежеудің  пәрменді  жолы.  Бұл  ретте  проф. 

Қ.Жұбановтың екі пікірін айрықша атаған жөн. 

1.  Қ.Жұбановша,  сөйлеушілерінің  басын  біріктіретін  –  жазу,  бірақ  ол 

үшін жазу бұқаралық сипат алуы тиіс. Ол былай дейді: «До тех пор пока 



масса не взяла в руки власть, она (письменность) не могла быть массовой, а 

[...]  являлась  принадлежностью  верхушек.  Поэтому  она  не  и  не  могла 



распространяться и объединить языки массВ дальнейшем можно будет в 

связи  с  тем,  что  письменность  будет  массовая,  объединить  в  одну 

письменность  и  язык,  но  одной  письменностью  объединить  языки  нельзя

Человек, как активное животное, могущее воздействовать на свою жизнь, 

может активно воздействовать и на свой язык, но для этого требуется не 

только  одна  письменность,  а  целый  ряд  социально-экономических  условий, 

которые могут объединять не только тюркские языки, но в дальнейшем все 

183 

 

языки  мира,  но  пока  об  этом  нечего  думать.  Если  мы  вступим  на  путь 



этимологического письма, у нас получится такое же явление, какое имеется 

в английской письменности и в ряде других письменностей». 

...Мы  не  можем  надеяться  на  то,  что  с  переходом  на 



морфологический  принцип  правописания  возможно  будет  унифицировать 

письменность, а главное  – языки. Я тоже сторонник унификации, но здесь 

нужны особенно осторожные меры

Казахское -лар имеет четыре начертания, мы не можем отказаться 

от  них  и  перейти  к    ﻟﺭ(лр).  Это  затруднит  обучение  первоначальной 

грамматике,  а  в  дальнейшем  также  саму  грамотность.  Чтобы  не  писать 

безграмотно, начертание должно быть приближено к произношению. Иначе 

требуется зазубривание всех графических форм, как было у русских с «ять» 

у русских». 

2.  Қ.Жұбановша,  орфография  мәселесін  тілші  шешкен  емес,  өмірдің 




1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал