Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



жүктеу 5.5 Mb.

бет16/43
Дата08.01.2017
өлшемі5.5 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43

Әліпби деп алаңдап, емле деп елеңдеген 

(Қ.Жұбановтың графика, орфография саласындағы еңбектері жайында) 

 

ХХ ғасырдың басында Қазақ жазуының қалыптасу, даму жолдарының 

көшбасында тілдің жаңа жүйесінің бағыт-бағдарын айқындайтын екі мектеп 

тұрды. 


Оның 

бірі 


– 

А.Байтұрсынұлы, 

Е.Омаров, 

Т.Шонанұлы, 

Қ.Кемеңгерұлы, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамбетұлы ұстанымдары үйлескен 

сингармониялық  жазу  мектебі,  екіншісі  –  Қ.Жұбанов  бастаған  қазақ  жазуы 

дамуының  жаңа  кезеңі  өкілдерінің  (С.Аманжолов,  М.Балақаев,  Ғ.Мұсабаев, 

Н.Сауранбаев) мектебі болды.  

Проф.  Қ.Жұбановтың  «Оқымыстылар  тіл  дыбыстарын,  сөз 

тұрпаттарын,  сөйлем  құрылысын  бір-біріне  қоспай,  аулақ  ұстайды. 

Өйткені  бұлардың  өзара  қатынасын  зерттесе,  бұлардың  өзі  де  мәңгілікті 

категория  болмай,  бір-біріне  өтіп,  ауысып  отырғанын  көрер  еді,  тілдің 

әрбір категориясының да өткіншілігін сипаттаған болар еді», – (8, 45) деген 

сөзі  құрылымдық  тіл  білімі  зерттеулерінен  кешенді  тіл  білімі  зерттеу 

әдістеріне  ауысып отырған  бүгінгі  қазақ  тіл  білімінің жайына  келеді.  Соған 

қарап,  тіл  білімінде  фонетика,  морфология,  лексикология,  синтаксис 

салаларының екшелініп зерттелінуін, өз зерттеу пәні мен әдістерін, нысанын 

ерте  анықтауын,  орфография,  жазу  тарихы  сияқты  кеш  дамыған  аралық 

ғылым саласына жете көңіл бөлінбеген себебін парықтауға болады. Өйткені 

жазу  тарихы  ең  арғысы  тарих  пен  ұлт,  этнос,  дін  тарихымен,  бергісі 

каллиграфиямен  байланысты  болса,  орфография  фонетика,  морфология, 

семасиология,  синтаксис  салаларындағы  зерттеу  нәтижелеріне  сүйенеді. 

Ғалым құрылымдық тіл білімінің әр саласына қалам тартқанда оны міндетті 

түрде жазу мен практиканың  қажеттілігіне байланыстырып отырады.  

Қазіргі  қазақ  графикасы  мен  әліпбиіндегі  әріп-дыбыс  қатынасы,  емле 

принциптері,  кірме  сөздердің  орфографиясы,  кірме  сөздерге  қосымша 

жалғану  қағидалары  алдыңғы  мектептен  өзгеше  бағыт  алды  десек,  ол 

негізінен Қ.Жұбанов көзқарастарының өміршеңдігі мен ұсынған пікірлерінің 

қолдау табуына байланысты.  


170 

 

1922  жылы  Бакуде  іргесі  қаланған  Жаңа  түркі  (латын)  алфавиті 



комитеті  1924  жылы  КСРО  Орталық  Атқару  Комитеті  жанындағы 

Бүкілодақтық  жаңа  әліп  (алфавит)  кіндік  комитеті  (ВЦКНА)  болып  қайта 

құрылды. Академик Ахмет Жұбанов ағасы жайындағы өз естелігінде «Жаңа 

әліп кіндік комитетінің 1925 жылы Мәскеуде өткен мәжілісіне Құдайберген 

де қатысты», – деп жазады. 

1926 жылы Бакуде өткен Бүкілодақтық түркологиялық бірінші съездің 

шешімдерін іс жүзіне асыру кешеуілдеңкіреп барып, отызыншы жылдардың 

қарсаңында  Қазақстанда  да  сәтті  аяқталды.  Қазақ  жаңа  әліп  кіндік 

комитетінің 1928-1929 жылдары республика астанасы Қызылорда қаласында 

болып  өткен  Ғылыми-орфографиялық  конференцияларына  Құдайберген 

Жұбанов  алғашында  Ақтөбе  губерниясы  мұғалімдері  атынан,  екінші  жолы 

Ленинградтағы Шығыс тілдері институтының өкілі ретінде қатысқан. 

Проф.  Қ.Жұбановтың  «Жаңа  әліпті  алу  мәселесі  туралы»  деген 

тақырыптағы  баяндамасы  «Еңбекші  қазақ»  газетінің  1928  жылғы  291-

нөмірінде жарияланды. Ал 1928 жылдың 9-12 желтоқсаны аралығында өткен 

Қазақстан жаңа әліппешілерінің өлкелік тұңғыш конференциясында сөйлеген 

сөзі 1930 жылы кітапша болып басылып шықты. 

Қазақ  әліпбиі  мен  орфографиясы  мәселелеріне  бел  шеше  кіріскен 

Қ.Жұбанов  осы  бағытта  өнімді  еңбек  етті.Ғалым  «Қазақ  алфавитін 

реформалау  жобасына»  деген  еңбегінде  қазақ  әліпбиінің  кемшіліктерін  тап 

басып  көрсетіп,  оны  жоюдың  жолдарын  ұсынып,  тіпті  қазақ  тілінде  шетел 

сөздерін  енгізудің  қажетті  шарттарын  да  белгілесе,  «Қазақ  тілінің  емлесін 

өзгерту жайлы» атты еңбегінде қазақ тілінің емлесін өзгертуге қойылатын ең 

бірінші  және  басты  талап  –  оны  барынша  қалың  көпшілікке  ұғынықты, 

меңгеруге  жеңіл  ету  деп  көрсетеді.  Алйада  орфографияны  жеңіл  жасаймыз 

деп,  жадағайлатып  жіберілгенін,  соның  нәтижесінде  бір  сөзді  бірнеше 

нұсқада жазуға жол берілгенін сынады. Әсіресе орыс тілінен енген және орыс 

тілі  арқылы  енген  интернационалдық  терминдерді  жазу  барысындағы 

әркелкілікті  көрсетеді.  Мысалы,  pәnetijke,  revolutsija,  qijmija  тәрізді 

терминдердің  жазылуындағы  ала-құлалықты  талдай  келе,  бұлардың 

себептерін іздестіріп, оларды болдырмау тетігін қарастырады. 

1934  жылы  27  қарашада  өткен  Мемлекеттік  термин  комиссиясы  мен 

Халық ағарту комиссариатының бағдарлама-методика секторының бірлескен 

мәжілісінде  термин  жасау  және  бекіту,  оларды  жазудың  емлесін  белгілеуге 

байланысты  оқулықтар  мен  термин  сөздіктерін  баспадан  шығару  жайы 

туралы  Қ.Жұбановтың  хабарламасы  тыңдалады.  Баяндамашы  Қ.Жұбанов 

қазақ  тіліндегі  сөздік  құрамындағы  сөздердің  шығу  тегіне  қарамастан, 

оларды  жазудың  бірізді  емлесін  ұсынған.  Құжаттың  түпнұсқа  тілімен 

айтқанда  былай  делінген:  «Единая  орфография,  по  мнению  докладчика, 

должна  в  полной  мере  обеспечить  рациональное  разрешение  вопроса 

орфографии и создать устойчивость ее. 

Такое решение вопроса, по мнению докладчика, должно и может быть в 

результате  определения  места  написания  узких  не  лабиальных  гласных 


171 

 

звуков.  Эти  звуки,  оставаясь  в  природе,  в  произношении  однако,  на 



основании  анализа  существующей  орфографии,  совершенно  безболезненно 

могли  бы  быть  исключены  из  написания  в  закрытых  слогах  многосложных 

слов.  Принимая  это  правило,  мы  получаем  возможность  писать  и 

иноязычные  международные  слова  (пример)  без  излишнего  искажения  его 

доподлинной формы [ЦГА КазССР, Фонд – 8І, оп. – 3, дело – 679, лл. 1-200]. 

Профессор  Қ.Жұбанов  жасаған  емле  ережесінің  ішінде  мынадай  бір 

жайтқа назар аудара кетуге болады: «Қазақ тілінің дыбыстары әруақытта 

өзінің буын ішіндегі фонетикалық қоршауына сай бірде жуан, бірде жіңішке 

болып естіледі. Бұл заңға көнбейтін үш калька дыбыс бар: е, к, г. Олар үнемі 

жіңішке естіледі. Тіліміздің бұл заңдылығы 1912 жылдан бастап 30 жылға 

дейін,  яғни  18  жыл  бойы  қолданылып  келген  араб  графикалы  емлемізде 

ескеріліп  келген  еді.  Бірақ  латын  әліппесін  қабылдағанда  Бүкілодақтық 

жаңа  әліп  кіндік  комитетінің  ғылыми  кеңесі  біздің  ырқымыздан  тыс  бұл 

емлені қабылдамай тастады. Қазақ сөздерінің не бірөңкей жуан, не бірөңкей 

жіңішке  болып  келетіндігі  ешкімнің  ойлап  тапқан  нәрсесі  емес,  тіліміздің 

табиғи  заңы  болатын.  ...Енді  біз  осы  заңдылықты  негізге  алып  жазу 

емлемізге  жіңішкерткіштік  белгі  енгізсек,  онда  әліппеміздегі  әріптердің 

санын қазіргідей 29 емес, 24 таңба етіп қысқартуға болар еді. Бірақ бұндай 

жазу жүйесіне қазірде екі түрлі себеппен қарсы болуы мүмкін: 1)бұл жүйені 

қазақ  жазуы  бұрын  басынан  кешіргендіктен,  ескі  ережеге  қайта  айналып 

соғу деп санаса; 2) жазуда дәйекші таңбасын қолданудың тұңғыш авторы – 

қазақ  еңбекшілерінің  «тап  жауы»  А.Байтұрсынов  болған  деген  желеуге 

сүйену.  Бірақ  болуы  мүмкін  осы  екі  түрлі  наразылықтың  екеуі  де  ескі 

қисынға қайта келу ретінде негізсіз деп білемін», – дейді ғалым. 

Келтірілген  сілтемеден  аңғаратынымыздай, араб әліпбиіне  негізделген 

қазақ  жазуындағы  дәйекшінің  артықшылығын  Қ.Жұбанов  өте  жоғары 

бағалаған.  Ғалым  араб  қарпінің  табиғатына  тән  кейбір  ерекшелігі  болмаса, 

бұл  жазудың  еш  кемшілігі  байқалмағанын,  сондықтан  одан  бас  тартып, 

латынға  көшу  мәселесі  жоғары  жақтың  қысымы  екендігін  ескертеді. 

А.Байтұрсынұлының    өзі  де,    егер  араб  қарпінен  латын  жазуының  артық 

екендігіне анық көз жететін болса, онда латын графикасына деген қарсы ой 

болмайтындығын  білдірген  еді.  Қ.Жұбанов  жазу  мәселесіндегі  теориялық 

зерттеулерінде  орфография  мен  орфоэпия  мәселесінің ара  жігін  ашып,  жазу 

емлесін  жасау  барысында,  әсіресе,  түбір  мен  қосымша  арасындағы 

дыбыстардың  айтылуы  мен  жазылуына  сингармонизм  заңдылығы 

тұрғысынан жете көңіл бөлген.Осы орайда «Репрессированная тюркология» 

атты  еңбектегі:  «...Жубанов  стремился  сохранить  в  казахской  латинице 

принципы,  применявшиеся  Байтурсуновым  в  реформированном  арабском 

письме», – деген мәлімет жоғарыдағы айтылғандардың негізділігін айқындай 

түседі (14, 202-207). 

Осы  жерде  ғалымның  А.Байтұрсынұлының  ғылыми  мұрасын 

насихаттауға  қолдау  көрсеткендігі  туралы  жайында  Есет  Жұбановтың 

мақаласындағы мына деректерді көрсете кетуді жөн санадық: «Тергеушінің: 



172 

 

–Ұлтшылдық  мақсатымен  істеген  қылмысты  істеріңді  ата!  –  деген  әмірінен 



де  Жұбанов  қаймықпайды.  1937  жылғы  19  желтоқсандағы  тергеуде  де  ол 

ұлттың  қамын  жеген  ойларын  жалғастырады:  «В  апреле  1936  г.  мне  стало 



известно, что студент 3-курса литфака пединститута ... пропагандировал 

в 

общежитии 

байтурсыновскую 

грамматику 

и 

идеализировал 

Байтурсынова. Когда студенты начали его прорабатывать на собраниях, я 

взял его под свою защиту, мотивируя тем, что он отличник учебы и что ему 

должны прощаться его «случайные грехи». ... Тағы бір студент туралы айта 

келіп, былай дейді: «...я ему дал пробное задание сделать доклад на зачетной 



конференции студентов о грамматике Байтурсынова. Этим я хотел заодно 

и  популяризировать  Байтурсынова  среди  студентов»  (79,  80-86).  Бұл 

келтірілген  дерек  ғалымның  А.Байтұрсынұлының  қазақ  тіл  біліміндегі 

ерекше  орнын  құрмет  тұтуымен  қатар  оның  азаматтық  қасиетінің 

жоғарылығын да айғақтай түседі.  

Қ.Жұбанов  басқа  тілден  енген  сөздерді  дұрыс  жазу  үшін  олардың 

дыбысталу қалпын бұзбау қажеттігін, яғни әліпбиге сол тілдің дыбысын дәл 

жеткізе  алатын  таңба  болуы  қажет  екендігін  айтып,  халықаралық  мәні  бар 

сөздерді дұрыс таңбалау мақсатында қазақ әліпбиіне ф, х , һ әріптерін енгізу 

туралы ұсыныс жасайды. Алайда бұл жолы Қ.Жұбанов ұсынған «ф» және «х» 

әріптері әліпбиге енгізілмей қалады. Бұл жөнінде құжатта «Воздержаться от 

принятия  букв  «ф»  и  «х»  впредь  до  окончательного  вынесения  поэтому 

вопросу 


решений 

соответствующих 

компетентных 

органов 


и 

общественности. Вопрос об этих буквах поставить на широкую дискуссию», 

– делінген. 

Сонымен  қатар  ғалымның  «у»  дыбысының  қосарлы  таңбасы 

жайындағы  пікірі  де  жұртшылықты  ойландырғаны  мәлім.  Бірақ,  өкінішке 

қарай,  ғалымның  бұл  әріптер  жөніндегі  ұсынысы  дер  кезінде  қолдау  таба 

алғамады.  Тек,  бірнеше  жылдардан  кейін  ғана  тіл  мен  жазудың  даму 

сатысының өзі бұл пікірдің дұрыстығын дәлелдеп шықты. Сөйтіп бұл әріптер 

қазір  қазақ  әліпбиінің  толық  мүшесі  ретінде  қатар  түзіп,  термин 

қалыптастыру ісінде қалтқысыз қызмет етіп келеді.  

Проф.  Қ.Жұбановтың  қазақ  емлесі  мен  әліпбиіне  қатысты  тағы  бір 

маңызды  еңбегі  ғалымның  «Мемлекеттік  терминком  Бюллетенінің»  1-

нөмірінде  жарияланған  «Қазақ  тілінің  емлесі  мен  әліппесіне  кіргізілетін 

өзгерістердің  жобасы»  болып  табылады.  Бұл  өзгерістер  өзінің  өміршеңдігін 

танытып,  1957  жылы  қабылданған  Ережеде  осы  жобадағы  қағидалар 

басшылыққа алынды. 

Қ.Жұбанов емле жасау жөнінде өз ойларын: «Қазақтың әдеби тілінде 

ұстап-тұтынылатын  сөздердің  бәрі  де  дұрыс  жазылып,  әрқайсының  өзіне 

меншікті  тұрақты  таңбасы  болуы  керек  те,  сол  тұрақты  түрден  айнып, 

басқаша  жазылған  жазудың  бәрі  де  қате  делінетін  болуы  керек.  Бірақ  ол 

үшін мына сөз «таза қазақша», мынаның «тегі жат» деп,  сөз-сөздің тегін 

қосып  жатудың  қажеті  жоқ:  тегі  қайдан  шықса  да  бәрі  бір,  қазақ  тіліне 

кірген сөздің бәрі де қазақтың өз сөзі делінуі керек», – деп тұжырымдайды. 


173 

 

Ол ереже жасауда негізгі есте болар жай – «емле жеңіл болу үшін ереженің 



санын  да,  ережеге  көнбейтін  одағай  қалыптардың  санын  да  құр  тек  «аз 

ету»  шарт  емес,  қайта  тілде  бар,  емлеге  керекті  қалыптардың  бәрінің 

түгел тексеріліп, ереже болып қорытылып шығуы шарт», – дейді.  

Қ.Жұбанов  қазақ  әліпбиі  мәселелерін  талдау  барысында  жалпы  тіл 

білімі деңгейіндегі ғылыми ізденістерге, белгілі ғалымдар еңбектеріне, басқа 

тілдің кейбір эксперименталды зерттеу деректеріне арқа сүйей отырып, басқа 

тілдердің  де  тарихын  зерделеп,    салыстырып,  салғастырып  пікір  айтады: 

«Қырғыз тіліндегі секілді ұзындық-қысқалық қазақ дыбыстарында жоқ». ... 

«Наши алтайские языки в древности, вероятно, не дифференцировались по 

признаку звонкости и глухости звуков, как уйгурской письменности, где  п и 

б,  а  также  к  и  г  обозначаются  одной  и  той  же  буквой.  Это  все  нам 

показывает,  что  в  сознании  тогдашних  тюрков,  которые  писали  на  этом 

алфавите, эти буквы не отличались так друг от друга.  …Сейчас чувашский 

язык,    например,  не  знает  различие  глухих  и  звонких.  Глухие  звуки  в 

открытом  слоге  превращаются  в  звонкие,  а  в  закрытом  –  глухие.  ...Наша 

письменность, можно сказать, имеет значительно древнюю историю. Еще 

в VІ-VІІ веках тюрки имели письменность». Ғалымның  бұл пікірлерінің тек 

фонетикалық  жағынан  ғана  емес,  фонологиялық,  салғастырмалы, 

салыстырмалы-тарихи тұрғыдан да құндылығын аңғарамыз. 

Тіл  заңдылығын  терең  түсіне  білген  Қ.Жұбанов:  «Білек,  тыраш, 



ыстаған  (мес)  сияқты  қазақ  сөздері,  осылай,  басқы  ашық  буында  келте 

дауысты  ы,  і-лермен  жазыла  тұрып,  пленум,  трактор,стахановшы 

сияқты  сөздер  ы,  і-лерсіз  жазылатын  болса,  жеңіл  соғар  ма  еді?»,  –  деп, 

дыбыстарының  тіркесу  заңдылығы  тіліміздің  табиғатына  сай  емес  орыс 

тіліндегі сөздерді көрсетіп, оларды жазудың тиімді жолын іздестіреді. 

1933  жылдан  бастап  латын  жазулы  емлені  өзгертуге  байланысты 

ұсыныстар  басталғанда,  алғашқы  жоба  Қ.Жұбанов  авторлығына  тиесілі 

болды.    Ғалым  ұсынған  әліпбиде  24  әріп,  бір  дәйекші  бар.  Әліпбидегі 

графема  мен  фонеманың  қатынасы  мына  тұрғыда:  а<а>-<а’>,  b<б>-<б’>, 

с<ш>-<ш’>,  k<к>,  q-<қ>,    l  <л>-<л’>,  r<р>-<р’>,  s-,  m  <м’>-<м>, 

d<д>-<д’>,  n<н>-<н’>,  t<т>-  <т’>,  е-,  ң<ң>-  <ң’>,  u-<у>-, 

g<г>-<ғ>,  х<х>-<х’>,  у<ұ>-<ү>,  һ<һ>-<һ’>,  о<ө>-<о>,  z<з>-<з’>,  і<ыj>-<іj>, 

ь<і>-<ы>, р<п>-< п’>.                 

Қ.Жұбанов  «f,  h,  х  әріптері  кірме  сөздерде  ғана  емес,  Оңтүстік 



Қазақстан  қазақтарының  тілінде  бар  дыбыс  және  келешекте  тілдің 

термин  (1934)  сөздермен  баю  мүмкіншілігін  ескерсек,  бұл  әріптерден  бас 

тарта  алмаймыз және  өзге  түркі халықтарының  әліпбиімен  бірдейлестіру 

үшін бұл үш әріпті әліпбиге енгізу керек», – дей отырып (Жұбанов Қ. Қазақ 

тілі  жөніндегі  зерттеулер.  –Алматы:  Ғылым,  1999.  –510-б.),pravda,  avarie, 



vьmpel, fabrik, fakt сөздерін b, p әріптерімен таңбалаудың қиындығын көреді. 

Ал  giremәpon,    Meknijke,  Qarkop,  sabet  сөздерініңәртүрлі  орфограммаланып 

кететінін байқады.  


174 

 

1936  жылы  «һ  әрпі  әліпбиде  болғанмен,  қазақ  сөздерінде  ұшырап 



жарымайды, тек одағайларда кездеседі», – деп, әліпби құрамынан ө, ә, j (й) 

таңбаларын  шығарып,  һ  әрпін  <ғ>  фонемасына  беруді  ұсынады.  Ал  j-ді  і 

дауысты  дыбыс  әрпімен,  v-ны  u-мен  беруге  болады  дейді.  Сөздің 

жіңішкелігіне  дәйекшеден  басқа  і,  к,  g  әріптері  де  қарақшы  (маркер)  бола 

алатынын  көрсетеді.  Сонда  Қ.Жұбановтың  әліпби құрамынан  алып  тастауға 

болады  деген  таңбалары  мыналар  болды:  ө,  ә,  j,  ғ,  v.    Және  ұу,  үу,  ый,  ій 

қосар  таңбаларының  орнына  бір  таңба  алуды,  дәйекше  қызметін 

пайдалануды  ұсынады.  Сөз  болып  отырған  қазақ  латын  графикасының 

кемшілігі  деп,  «сызылған»  ө,  «құйрықты»  ç,  ŋ,  «аударылған»  е  (ә), 

«созылған» g (q), «белі сызылған» z таңбаларын атайды. Сөйтіп, «... вместо 



прежних 13 букв по значению и 17 букв по числу знаков оставляются 7 букв, 

7  знаков»,  –  дейді.  «Сыз,  сіздегенде  ы,  і  әріптері  сөз  дыбысталуының  ғана 

жуандығы  мен  жіңішкелігін  көрсету  үшін  тұрған  жоқ,  ол  бүтін  буынның 

жуан-жіңішкелігін  көрсетуге  қойылған  қарақшы».«Жазуда  буын  сайын  бір 

дыбыстың жуан-жіңішкелігін айырып таңбалағанда, әр буынның дауысты 

дыбысының ғана жуан жіңішкелігін айырып таңбалаймыз. Әрқайсысына екі 

әріп  алып  әурелемей-ақ,  буын-буынның  ғана  жуандығын  я  жіңішкелігін 

айыртқандай бірақ белгі қоятын болсақ, әрпіміздің санын бүгіндегімізден де 

азайтып 26-ға түсіруге болар еді», – деді (1-кесте).  

Ал кірме сөздерді жазғанда орыс тіліндегі түбірін сақтап, қосымшаны 

қазақ  тілінде  жалғауды,  сондай-ақ  туынды  кірме  сөздердің  жұрнағын  қазақ 

тілінде беруге болатынын ескертті (федератировать – федерациялау). 

 

1 кесте – Қ.Жұбановтың латын жазуына енгізген өзгерісі 



 

1929 жылғы латын 

жазуы 

Қ.Жұбановтың 



ұсынысы 

1929 жылғы латын 

жазуы 

Қ.Жұбановтың 



ұсынысы 

a <а> 


a<а><ә> 

o <о> 


о <о><ө> 

ә <ә> 


ө <ө> 


b <б> 


b<б> 

p <п> 


р <п> 

c <ш> 


c <ш> 

r <р> 


r<р> 

ç<ғ> 


ç<ғ> 

s <с> 


s <с> 

d <д> 


d<д> 

t<т> 


t <т> 

e <е> 


e <е> 

u <ұ> 


y <ұ><ү> 

g <г> 


g <г> 

y <ү> 


– 

– 

f <ф> 



z<з> 

z <з> 


i <і> 

i <й><и> 

v <в> 

v <в> 


h <һ> 

– 

j <й> 



i <і> 

k<к> 


к <к> 

ь <ы> 


ь<ы> 

l<л> 


L <л> 

č <ж> 


č <ж> 

m <м> 


m <м> 

Uv 


n <н> 


n <н> 

Yv 




<н> 

ŋ<н> 


Ьj 

q <қ> 



q <қ> 

Iy 


 


175 

 

Сонда  бұрынғы  13  таңба  7  таңбаға  дейін  қысқарған:  а  -  <а>,  <ә>;  о  - 



<о>, <ө>; у - , <уv>; ь - <ы>,<і>, i - , <ыj>; е - u  - <ұ>, <ү>. 

Жобадағы  өзгеріс  –  қазіргі  қазақ  графикасының  басты  проблемасы  – 

қосар әріп (ұу, үу, ый, ій) таңбаларының дара таңбаға ауыстырылуы болды. 

Қ.Жұбановтың көзі тірісінде қабылданбаған жоба 1956 жылы М.Балақаевтың 

ұсынуымен,  ірі  ғалымдардың  құп  көрмегеніне  қарамастан,  жүзеге  асқаны 

белгілі.  

Қ.Жұбанов  құлаққа  шалынғанның  бәрі  таңбаға  ие  болмайтынын 

парықтап,  бір  таңбамен  мағына  ажырататын  екі  фонеманы  да  беруге 

болатынын білген. Қ.Жұбановтың айтуынша, дауыссыз дыбыстар жеке бөліп 

айтуға  келмейді.  Б  әрпі  не  бы,  не  ыб,  р  әрпін  не  ыр,  не  ры  деп  айтамыз. 

Қазақ  тілін  әлі  дыбысшыл  кезеңге  түгел  жетіп  болмаған,  буыншыл 

қасиеттерін түгелімен жойып бітірмеген тіл деп табады ғалым. 

Сонымен  қатар,  Қ.Жұбановтың  «буын  жігін  айыртуды  есепке  алма. 



Қандай  жазуда  да  буын  жігін  таптыру  методикасын  шығартып  алуға 

болады» деген сөзі буын – ауызша тілдің бірлігі, тасымал жазба тілдің бірлігі 

екенін аңғарғанын білеміз. Оны буынның кірігуіне келтірген мысалдарынан 

байқауға болады: атене, ағеке, жақсат

Ғалымның 1929 жылғы әліпби мен емле ережелеріне айтқан сыны қазақ 

жазуы  тарихының  бір  этюдін  құрайтындықтан,  автор  еңбегіне  сілтеме 

жасауды  жөн  көреміз.  Мысалы,  Қ.Жұбанов  орфография  ережелері  «термин 



сөздерді  ғана  емес,  төл  сөздердің  де  дұрыс  жазылуына  кедергі  келтіріп 

келді. ...Әсіресе асра, ру, көбрек, қойны, аулы, шаруа сөздерінің бірде ы-мен, 

бірде  ы-сыз    жазылуына  өзі  жол  берді»,  –деді.  Сондай-ақ  мына  сөздердің 

бірнеше  нұсқада  жазылуына  мүмкіндік  жасады  дейді:  ғана    /  ғәне  /  гәне, 



ішкім / ешкім, шіймай / шыймай / шызбай, кервіш /керпіш /кірпіш,  бійбастақ 

/  бейбастақ  /  бійбастақ / бейбастақ, жәнтік /  жәндік,   шынара /  шінара / 

шін-ара / ішін-ара / ішінара. Сол сияқты күрделі біріккен сөздерді жазылуы 

да  әртүрлі  болды  дейді  ғалым:  жар-ғанат  /  жар  қанат,  қол-ғабыс  /  қол 



қабыс,  жарымес  /  жәрмес,  ійін  ағаш  /  ійінәғаш,  жаздыгүні  /жаздыкүні  / 

жаздыкүн / жаздыкүн, жазғы тұр / жазғытұрым /жазытұр / жазытұрым, 

баражатыр / баратыр / барат

1929  жылғы  емледе  «тек  кірме  сөздердің  жазылуында  ала-құлалық 



бар,  ал  төл  сөздердің  емлесі  мінсіз  деген  пікірлердің  дұрыс  еместігін  осы 

мысалдардан  да  көруге  болады»  дейді  ғалым.  Емле  ережесінің  аз  болуы 

емленің  мінсіздігін  емес,  кемшілігін  көрсетеді.  Ал  кірме  сөздердің  емлесі 

туралы  қазақша  жазушылар  «шет  тілдерден  кіретін  сөздердің  емлесі  қазақ 

тілінің фонетикасы мен морфологиясының осы күнгі заңдарынша болу керек 

деп, бір әуре болады. Аса бір керек жерлерде ғана болмаса, жаңа сөздердің 

түбірін  бұзбай  жазу  керек»  деп  екі  әуре  болады»,  –  дейді  Қ.Жұбанов. 

Сондай-ақ  гөрі/кері  шылауының  гөрі  нұсқасын  кодификациялау  керек. 

Өйткені «ол үнемі шығыс жалғауынан кейін қолданылады»деді ғалым. 

1935 жылы барма, келгесн, барғансн деп бірге жазуды ұсынады да, енді 

бір  мақаласында  қосымша  ма,  ме-ні  бірге,  шылау  ма,  ме-ні  бөлек  жазуды 


176 

 

ескертеді. Сондай-ақ да, де-нің қосымша болғанда сөз түбірімен бірге, шылау 



болғанда  бөлек  жазылатынын  айырады.  Ал  мен,  бен  сөздерін  шылау, 

қосымша  екенін  айыру  қиындығынан  бөлек  жазуды  жөн  деп  табады.  Қос 

сөздерді дефиспен, тек аппақ, көкпеңбек сөздерін бірге, ал қолма-қол сияқты 

қосар сөздердің алдыңғы екі сыңарын бірге жазуды ұсынады. Сөйтіп, бүгінгі 

емле  кодификациясының  түпнегізі  Қ.Жұбанов  тұжырымдамаларынан 

шыққанын көреміз. 

Бүгінгі 

емлеміздегі 

түбірдің 

морфологиялық, 

қосымшаның 

фонетикалық  принциппен  жазылуы  тағы  да  проф.  Қ.Жұбановтың  кесімді 

ұсынысынан шыққанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Ғалым Е.Омаровтың 

кейінгі  қазақ  емлесі  үшін  ұсынған  қосымшалардың  ортақ  формасын  жазып, 

түркі  халықтарының  жазуларын  унификациялап  аламыз  деген  пікіріне 

абайлап қарау керектігін ескерткен. 

Сондай-ақ  қысаң,  езулік  ы,  і  дыбыс  таңбалары  туралы  «Жанғазыға 

хатында»  (1936)  автор  орыс  тілінен  енген  сөздердегі  ы,  і-лерді  қысқарту 

жағын көп ойластырады. Сондай-ақ қазақ тілінің бір буынды төл сөздерінде 



1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал