Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



жүктеу 5.5 Mb.

бет13/43
Дата08.01.2017
өлшемі5.5 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43

 

 

Тілтаным теориясы туралы тұжырымдар  



(Қ.Жұбановтың тіл теориясына қатысты пайымдаулары) 

 

XIX және XX ғасырларда тіл туралы ғылымның бір саласы «Жалпы тіл 



білімі»  деп  аталды,  қазіргі  кезде  оның  орнына  «Тіл  теориясы»  деген  атау 

қолданылуда. Бұл термин «Жалпы тіл білімі» оқулықтарында да аталады. Тіл 

теориясы  оқулықтарында  бұрын-соңды  қозғалған  мәселелердің  шешімі 

шығарылып, жаңа идеялар ұсынылуда. Сонымен қатар теориялық мәселелер 

(идеялар  мен  ұстанымдар  жүйесі),  ғылыми  таным  әдіснамасы  мен  әдіс, 

тәсілдер  қамтылады.  «Тіл  теориясының»  (әлеуметтік  лингвистика, 

психолингвистика)  мамандық  шифры  –  10.02.19.  Мұнда  әлеуметтік 

лингвистика, психолингвистика т.с.с. тіл білімінің жаңа салалары қамтылады. 

Ал  «Тіл  білімі  теориясы»  курсы  –  әлемнің  жоғары  оқу  орындарында 

лингвистикалық пәндер зерттеулерін теориялық қорытындылайтын пән. 

Тіл теориясы саласында «пайымдау» сөзі мен «парадигма» термині өз 

орынын  тапқан.  «Пайымдау»  деген  –  белгілі  бір  нәрсенің  мән-жайының 

байыбына  бару.  Демек,  «Қ.Жұбанов  пайымдаулары»  деген  –  ғалымның 

лингвистикалық  ой-пікірлері.  Ал  «парадигма»  –  ғылымға  американдық 

ғалым  Томас  Кун  (1977)  енгізген  ұғым.  Оның  түсіндіруінде  парадигма  – 

белгілі  уақыт  ішінде  өзекті  мәселелерді  күн  тәртібіне  қою  мен  шешудің 

моделін беретін, жалпы мойындалған ғылыми жетістіктер жиынтығы (70, 5). 

Лингвистикалық  ізденіс  стратегиясы  даму  барысында  оның  пәнін 

нақтылаудың  өзіндік  мәні  бар.  Бір  жағынан,  бұрындары  дәстүрлі  түрде, 

әсіресе  Ф.  де  Соссюр,  И.А.Бодуэн  де  Куртенэ  еңбектерінен  кейін, 

лингвистика  пәні  тіл  болып  алаңсыз  анықталушы  еді,  кейін,  ХХ  ғасырдың 

соңына қарай, ол (тіл) ғылыми танымның өзге нысандарымен, атап айтқанда, 



сөйленім,  қарым-қатынас,  іс-әрекет,  психика,  мәдениет,  этноспен 

қатынаста  қарастырыла  бастады.  Бұлардың  әрқайсысының  тілге  қатынасы 

өзінше.  Біреулері  тілмен  генетикалық  байланыста  болса  (сөйленім,  қарым-

қатынас),  енді  бірсыпырасы  шектестік  жағдайдағы  байланыста  болды.  Ол  – 

ол  ма,  әрқайсысы  іштей  тармақталады,  кейде  қарама-қарсылық  жағдайда 


139 

 

байланысқан.  Әлбетте,  мұндай  қарама-қарсылық  жинала  келе,  ғылымда 



түбегейлі  өзгерістерге  әкеледі.  Мұндай  өзгерістерді  Т.Кун  ғылымда 

таңғаларлық (феноменологиялық) ауысуға әкелетін «ғылыми  төңкерістер»  – 

парадигмалар 

деп 


атады. 

Олар 


идеялар 

тасқынын 

жүйелеп, 

металингвистикалық  тұрақтылық  пен  өзгерістерді  болжауға  мүмкіндік 

туғызады.  Өкінішке  орай,  парадигманың  орнына  қазіргі  кезде  ғылымда 

«бағыт»,  «теория»,  «тұжырымдама»  сияқты  терминдерді  біліп,  білмей 

қолдану байқалып қалады. 

Парадигма  –  тіл  теориясының  өзекті  арнасы.  Парадигма  болудың  екі 

шарты  бар:  біріншіден,  ол  гуманитарлық  білім  саласына  таралуы  тиіс. 

Мысалы, құрылымдық парадигманы алсақ, ол алғашқыда биологияда, содан 

соң тарих, лингвистика, әдебиеттану т.б. ғылым түрлеріне тарады. Екіншіден, 

парадигма  деген  –  өзекті  мәселелерді  алға  тарту  мен  оны  шешудің  моделін 

ұсынатын  ғылыми  нұсқаулар  жиынтығы.  Осы  ретте  парадигма  деген  атқа 

гуманитарлық 

ғылымдарда 

кең 


тараған 

қолданымдық 

тұрғы 

(функционалдық  тұрғыдан  қарастыру)  ие  болар  еді.  Айта  кетуге  болады, 

проф.  Қ.Жұбанов  өзінің  «Дәрістерінде»  «функциональная  семантика 

(Атқаратын  қызметіне  қарап  затқа  ат  тағылады)»  деген  мәселеге  тоқталған 

(71, 96). Бұл қазіргі тіл теориясында қарастырылады. 

Жұбановтану  ғылымы  –  кең  ауқымды  тақырып,  ал  Қ.Жұбанов 

пайымдаулары  –  ғылымның  зерттелетін  бір  қыры.  Бұл  ғылымның  нысаны 

лингвистикалық,  педагогикалық,  әдебиеттану  т.с.с.  сипатты  болып  келеді. 

Жұбановтану  ғылымы  –  көпқырлы  ғылым,  оның  лингвистикалық  нысаны, 

қысқа қайырғанда, тіл теориясы, адамның қарым-қатынас құралы, тіл жүйесі 

және оның сөйленімдік жүзеге асуы. 

Проф.  Қ.Жұбанов  зерттеулерінің  қазақ  тіліне  арналғаны  рас,  бірақ  ол 

қазақ  тілі  негізінде  тіл  теориясына  барлау  жасаған.  Бұған  ғалымның 

зерттеулері  дәлел  болады.  Ол  –  ол  ма,  ғалым  өзінің  «Қазақ  тілінің  ғылыми 

курсы жөнінде лекциялар» атты еңбегін «...қазақ тілі, оған жақын тілдерді, 

жалпы  тіл  ғылымы  жүйесін  тексерген  жұмыстардың  жалпылаңқырап 

алынған, популяр (жария) түрде тізілген ...қорытындысы...» (71, 73) ретінде 

сипаттайды.  Көріп  отырғанымыздай,  Қ.Жұбанов  мұраларын  тіл  білімі 

салалары  бойынша  бағалау  керек.  Ғалымның  мұрасын  әлемдік  лингвистика 

даму үрдісімен байланыста қарастырсақ, ол әр қырынан жақұтша жалтырап 

көрінетіні анық.  

Тіл  теориясы  –  әлем  үшін  қажет,  мәні  зор  аса  күрделі  ғылым,  ХХІ 

ғасыр  лингвистерінің  Қ.Жұбановша  сайрайтын  реттері  байқалады.  Мысалы, 

қазіргі  орыс  тіл  білімпаздары  санатындағы  В.А.Маслованың  2008  жылы 

жарық  көрген  ЖОО  студенттеріне  арналған  оқу  құралы  атауы  – 

«Современные  направления  в  лингвистике».  Демек,  тіл  білімінің  басты 

бағыты  –  тілдің  жалпы  мәселелері:  «В  центре  внимания  современных 

направлений  в  лингвистике  –  общие  вопросы  языка»  (72,  3)  дейді  ол.  Ал 

атақты психолингвист Р.М.Фрумкинаның пайымдауынша: «Быть лингвистом 

– ... значит размышлять на общие темы» (72, 3). 



140 

 

Қазақ  тілі  еліміздегі  магистранттар  мен  докторанттардың  оқу  тілі 



болғанмен,  бұл  тілде  жаңа  сипатты  тіл  теориясы  бойынша  оларға  арналған 

оқулық әлі жоқ. Қысқасы, Қ.Жұбановтың тіл теориясы бойынша бастаулары 

көпшілік тарапынан жалғасын тапқан жоқ. 

Ғылым  –  әлеуметтік  институт.  Тіл  болмысы  жөнінде  объективті, 

жүйелі  ұйымдасқан,  негізделген  білім  жасауға  бағытталған  танымдық 

қызметтің ерекше және бірегей түрі – тілтаным. Ал тілтанымның ұйытқысы – 



лингвистикалық  әдіснама,  әдіс,  амал-тәсілдер,  ұстанымдар.  Проф. 

Қ.Жұбанов осы мәселеге ерекше мән берген: «Ғылым да – адам санасының 



жемісі,  адам  тәжірибесінің  қорытындысы,  –  дейді.  –  Бұл  уақытқа  шейін 

көрнекі орын ұстап келген тіл ғылымы үнді-европа тілдерін зерттеген, сол 

зерттеу  ісінде  белгілі  «әдіс  тудырған»  ғылым.  Бұл  кезге  шейін  басқа 

тілдерді  зерттеушілер  де  осы  үнді-европа  тіл  ғылымының  басшылығымен, 

осының  әдісімен  зерттегендіктен,  бұлардың  әдісін  де  үнді-европашыл  әдіс 

деп  атаймыз»  (71,  45-46),  –  деген  еді.  Ғалым  өзіне  дейін  арнайы  сөз 

болмаған  осы  бір  мәселелерге  көпшілік  назарын  аударған.  Ол  «Төреқұлұлы 



Нәзір  «Жат  сөздер  туралы»  кітапшасында  тұтынған  методологиясымен 

өзінен  бұрынғылардан  ұзап  кете  алмады»,  –  деп  атап  көрсетті.  Сондай-ақ 

үнді-еуропа тіл білімінің негізін салушы Франц Боппқа әділ баға бере келіп, 

«үнді-еуропа  тіл  ілімі  жүз  жыл  бойы  дыбыстарды  ғана  тексерді,  онда  да 

дұрыс қорытынды шығара алмады», – деді. 

ХХІ  ғасырдың  Тіл  біліміне  кіріспесінде  «халық  тілі»  термині 

қолданылады:  «язык  (народности  и  нации)  –  совокупность  диалектов, 

языковые  различия  между  которыми»  могут  определяться  как  собственно 

лингвистическими,  так  и  социальными  факторами».  Міне,  бұл  да 

Қ.Жұбановша сөйлеу. 

Тілдің  даму  заңдылықтары  мен  тілдік  өзгерістерге  әсер  ететін  ішкі, 

сыртқы  себептер  мен  себепкерлер  болатынын  ғалым  дұрыс  пайымдайды. 

Осы  ретте  ол  қоғам  мен  тілдің  өзара  байланысу,  бір-біріне  тәуелді  болу 

заңдылықтарын әдістемелік (методология) қағида ретінде басшылыққа алған, 

әртүрлі әдістер қолдана отырып, материалдар жинайды, оларды сұрыптайды, 

топтайды, солардың негізінде теориялық тұжырым жасайды. 

Ғалымның жалпы тіл білімі теориясын дамытарлық тұжырымдары тіл, 



сөз, 

сөйлеу, 

сөз 

бен 


ой, 

сөйлем 

туралы 


ғылыми-теориялық 

пайымдауларынан көрініс береді. 

Қ.Жұбановтың  пайымдауынша:  «Сөз  деген  –  зат  біткеннің  бәрінің 

аты емес, әр елдің өзінің білген затының, білген құбылысының ғана аты». 

Кез  келген  тілге  тән  әмбебап  белгі  –  сөз,  көріп  отырмыз,  сөздің  атаулық 

қызметінен туындаған. 

Арнаулы  әдебиетте  сөзге  мынадай  анықтама  беріледі:  «Слово  – 

основная  структурно-семантическая  единица  языка,  служащая  для 

именования предметов и их свойства, явлений, отношений действительности, 

обладающая совокупностью семантических, фонетических и грамматических 

признаков,  специфичных  для  каждого  языка»  (73,  464).  Осы  анықтамаға 



141 

 

Қ.Жұбановтың  «сөзге»  берген  анықтамасын  «Алайда»  сөзін  қосып  ілестіре 



берсе, өте орынды болар еді. 

Қазіргі  жалпы  тіл  білімі  оқулықтары  мен  бағдарламаларында  тіл 



қызметі,  сөз  қызметі,  сөйлем  қызметі  деген  мәселелер  арнайы  қозғала 

бермейді.  Ал  профессор  Қ.Жұбанов  бұл  жайларды  әдейі  әлеуметтік-

лингвистикалық  тұрғыдан  сөз  еткен.  Ол:  «Тіл  адамдар  арасында,  ол  – 

адамның өз ойын жеткізу, сөйлесу құралы», – дейді. Ғалым тілдің атқаратын 

қызметін  бұдан  басқаша  да  баян  еткен.  Қ.Жұбанов  арнайы  сөз  еткен  (өзі 

қойған)  тақырып  –  «Сөз  өзгешілігі  мен  сөз  қызметі».  Ғалымның 

тұжырымы:  «Тіл  элементі  атау  қызметін  өтесе,  сөз  болғаны;  егер  хабар 



беру  қызметін  өтесе,  сөйлем  болғаны.  Бұл  келтірілген  екі  түрлі  өзгеше 

қасиет  барлық  сөздерге  де  тән,  өйткені  олар  әрі  номинативтік,  әрі 

коммуникациялық  қызмет  атқарады.  Сөздің  бір  басында  екі  функция 

(қызмет)  болады:  бірінші  –  хабар  беру  қызметі,  коммуникация  функциясы; 

екінші – таңбалау қызметі, норматив функция не сигнификация» (71, 99). 

«Сөз хабарласу үшін керек, егер осы керекке жарамаса, ол – сөз емес», 

–  дейді.  Сөйлеу  хабарласқанда,  әр  нәрсенің  аттарын  (номинативтерді) 

құрап,  хабар  беріледі.  Осылайша  номинативтерден  құралмай  жасалған 

хабар жоқ. Ат болмаса сөз де болмайды» (71, 99) 

Профессор  Қ.Жұбановша:  «Әр  сөз  –  өз  алдына  жеке  ұғым 



(представление)».  Ол  «...  сөз  дегеніміз  –  заттың  (құбылыстың)  аты  + 

байланысу  құралы.  Сөз  заттың  атын  ғана  емес,  басқа  нәрсе  мен 

құбылыстарға  қандай  қатынасы  барлығын  қоса  білдіретін  сілтеулер;  сөз 

жалаң ұғым емес, күрделі ұғым. Сілтеу амалы мен сөздің басқаларға қарым-

қатынастары тіл-тілде түрліше болуы мүмкін» (71, 107), – дейді. Сонымен 

қатар ғалым сөз бен ойдың сәйкес келмейтін реттерін (ақылсыз адамды «осы 

кісі  ақылды!»  деу),  үндемей  сөйлеу  тәсілі  де  болатынын  (сталиндік 

конституция  жөнінде  шет  мемлекеттерінің  үндемей  қалуы  –  сынаудың  бір 

түрі) байқатқан. 

Ғалым  сөз  қызметіне  байланысты  былай  дейді:  «Тілдің  өзіндік 



өзгешелігі – затқа ат қою, ол аттарды бір-бірінен айыру. Мысалы: жылқы 

– түйе емес, қой – сиыр емес, сиыр – жылқы емес. Атаулардың мағынасын 

осылайша айыруды – сигнификация дейміз. Әр нәрсенің өзін жеке көрсету, 

даралап айту  қасиетіне  ие  болған  сөз зат,  сипат,  құбылыс  аттары  болып 

қалыптасқан.  Бұл  аталғандар  –  тілдің  негізгі  өзгешеліктері.  Тілдегі  осы 

айтылған ат қою мүмкіншілігін номинация дейміз. Тілдің бұдан басқа тағы 

бір  негізгі  қызметі  –  хабар  беру.  Оның  бұл  өзгешелігін  коммуникация 

дейміз» (71, 99). 

Проф.  Қ.Жұбанов  «Атты  неге  қоямыз?»  деген  сұрақ  береді  де,  өз 

сұрағына өзі «Оны заттардың өздері жоқ жерде сөз қылу үшін қоямыз», – 

деп жауап қатады және әрі қарай «нәрсенің, сипаттың бәрі түгел қасымызда 



болса,  онда  сөзді  шығын  қылмай-ақ  ымдап  өте  шығар  едік,  сонымен  де 

бірталай хабар берер едік», – деп сөзін аяқтайды. Бұдан әрі «...тілде заттың 

ұғымы бар, мәні (сущность) жоқ» (71, 100)  деген тұжырым жасайды. 

142 

 

Неге  атау  әр  түрлі  болып  келеді?  Бұған  Қ.Жұбанов  «Қазақ  тілінің 

жоғарғы  курсы»  («Дәрістері»)  бойынша  арнайы  берілген  «Функциональная 

семантика»  (Атқаратын  қызметіне  қарап  затқа  ат  тағылады)»  деген 

тақырыпта былай жауап берген: «Құбылыс көп және олар әр түрлі; бір халық 

оның, бір заттың бір сипатын біліп, екінші жағын білмейді; мұның үстіне 

біреуін көп, екіншісін аз біледі. Содан келіп атауда түрлілік, көптік туады». 

Ғалымның «Зат пен құбылысқа тағылатын аттардың қалай пайда болуы мен 

олардың  мағыналарының  өршуі»  жөніндегі  пайымдауларында  әлем  тілдері 

семантикасына ортақ қасиеттер де сипатталады. 

«Сөйлеу  дегеніміз  –  белгілі  бір  заттың,  істің  сыйпаттың  аттарын 

белгілі тәртіппен тізіп, бірімен-бірін байланыстырып барып, солар арқылы 

хабар беру», – деген тұжырымы әбден дұрыс дегіміз келеді. 

Қ.Жұбанов,  сонымен  қатар,  лексика,  семасиология,  синтагматика, 



грамматика  т.с.с.  бірсыпыра  лингвистикалық  ұғымдарға  дұрыс  түсінік 

берген. 


Ғалымның  шығармашылық  еңбектерінен  біз  байқаған  басты 

ерекшеліксол – ғалым ана тілі мәселесін сөз ету үшін әдетте тіл-тілге тән 

әмбебап заңдылықтар қандай – соны алдымен сөз етеді де, содан кейін оны 

қазақ  тілі  материалымен  ұштастырады.  Мысалы,  ғалым  «Буын  жігін  қалай 

табуға болады?» деген еңбек жазғанда алдымен «1. Буын жүйесінің маңызы» 

деген  мәселені  қытай,  араб,  еврей  тілдерін  тілге  тиек  ете  отырып,  уақыт 

факторымен  байланыста  алып  баяндайды.  Содан  кейін  «2.  Біздегі  буын 

түрлері», одан әрі «3.Буын жігі қайткенде оңай табылады?» деген тақырыпта 

ой толғап, кеңес береді. 

Жалпы  алғанда,  ғалым  адам  мен  тілдің,  адам  мен  лингвистиканың 

байланысу тетігін көре білді. Мәселен, адамның өз тіліне әсер ете алатынын 

дұрыс  түсіндіреді:  «Человек,  как  активное  животное,  могущее 



воздействовать на свою жизнь, может активно воздействовать и на свой 

язык,  но  для  этого  требуется  не  только  одна  письменность,  а  целый  ряд 

социально-экономических условий ...», – дейді ғалым. Бұл айтып отырғаны – 

тіл дамытуға әсер ететін әлеуметтік факторлар. 

Ғалымның  семиотикалық  тұрғыдан,  тілді  таңба  ретінде  сипаттау 

жөнінде  де  өз  пікірі  болмаса:  «Сонау  Аристотельден  бастап,  көпке  аян 



болған, осы күнге дейін буржуазия ғалымдары қайталап айтып келе жатқан 

қисын  бойынша  тіл  дегеніміз  шартты  таңба  ғана  болып  табылады.  Олай 

болса,  біз  айтып  отырған  табиғи  тілден  басқа  хабарласу  амалдарының 

бәрін де тіл ретінде тануымыз керек болмай ма?!» – деген сауал қоймас еді. 

Демек, Қ.Жұбановша, тілді таңба ретінде сипаттауды нақтыламақ керек. 

Күллі  тіл  атаулының  даму  тарихында  ортақ  белгілер  болуы  да 

заңдылық,  бұл  –  жалпы  тіл  білімі  құзырындағы  мәселе.  Проф.  Қ.Жұбанов 

пайымдауында,  тіл  тарихын  білу  жалаң  мақсат  емес,  тілді  меңгеру  мен 

өзгерту үшін керек: «Тілдің тарихын білу деген сөз – оның өніп-өскен жолын 



білу  деген.  Әлбетте,  тіліміздің  сонау  ұзақ  жолда  қандай  өзгерістерге 

ұшырағанын  білу  керек.  Бұрынғыны  білу  жай  әшейін  мақсат  емес,  тілді 

143 

 

меңгерудің  амалы»,  –  дейді  ғалым.  Қ.Жұбановтың  ойынша:  «Біз  тілді 



меңгеріп  болғанымыз  жоқ,  толық  меңгерсек  қана  оны  дұрыс  бағытта 

өзгерте  аламыз».  Демек,  мемлекеттік  тілдің,  әсіресе  оның  ішкі  құрылысын 

(мысалы,  термин  қоры  мен  жүйесін)  тиісті  дәрежеде  дамыта  алмай  келе 

жатқанымыздың  бір  белгісі,  әлеуметтік  қажеттілікке  сай,  толық  меңгере 

алмағанымыз. Қазақ тілі жүйесін ғылыми тұрғыда толық меңгере алмауымыз 

жоғары  оқу  орындарының  қазақ  тілін  оқыту  ісін  жетілдіруді  қажет  ететінін 

аңдатады. 

Ғалымның  «Қазақ  тілі  ғылымын  бір  адам  ғана  жасай  алмайды,  бір 

мезгілде  ғана  ол  жасалмайды.  Бұл  –  көп  күш,  көп  қол,  көп  уақыт  керек 

қылады...»  деген  пікірінен  жеке  тіл  ғылымы  жөніндегі  тұжырымның  жалпы 

тіл біліміне енгізуге болатыны туындағанын байқау қиын болмаса керек. 



Тіл  мен  жас  ерекшелігі  байланысы  –  әлеуметтік  лингвистиканың 

мәселесі. Тіл мен жас мәселесі қазақ тіл білімінде өзара байланыста арнайы 

зерттелмеген, қаралмаған, бірақ бұл тақырыпты алғашқы меңзегендердің бірі 

–  Құдайберген  Жұбанов.  Ғалым  «Қазақ  тілінің  ғылыми  курсы  жөнінен 

лекцияларында» («Қазақ тілінің фонетикасы» кесегінде) тіл мен ұлт, тіл мен 

ұлтшылдық,  тіл  мен  жастар  мәселелері  байланысын  қозғайды.  Қ.Жұбанов 

сияқты,  қазіргі  тіл  теориясы  да  адам  мен  тілдің  жас  ерекшелігін  өзара 

байланысты қарастырады. 

Баршаға  белгілі  швейцар  лингвисі  Фердинанд  де  Соссюрдің  (1857-

1913)  «Жалпы  лингвистика  курсы»  атты  еңбегі  ғалым  дүниеден  озғаннан 

кейін  1913  жылы  жарық  көрді.  Әлемдік  лингвистика  бойынша  алғанда, 

тұңғыш рет осы еңбекте тіл мәнбірлерін талдау жүйелі тұрғыда жүзеге асты. 

Замандастары мұны түсіне алмай, сынаумен болды. Өйткені олар жаңалықты 

түсінбей,  замандасының  лингвистикалық  идеялары  тұрғысынан  бағалады. 

Құдайберген Жұбанов Соссюрді жақсы түсінді, оның атына әділ сын пікір де 

айтқан.  

Ф. де Соссюрше «тіл – әлеуметтік мәнбір» (француз тілінен аударылған 

орысшасы:  «язык  есть  факт  социальный).  Алайда  «Курстың»  соңғы 

қорытынды сөйлемі: «лингвистиканың бірден-бір және ақиқат нысаны іштей 

өзінше  және  өзі  үшін  қарастырылатын  тіл»  («...основной  мыслью  этого 

курса:  единственным  и  истинным  объектом  лингвистики  является  язык, 

расматриваемый в самом себе и для себя»), – деп аяқталады. 

Профессор Қ.Жұбанов «тіл білімінде әлеуметтік бағыт ұстаған әйгілі 

Женева  мектебі  деген  көрнекті  мектептің  адамы.  Ф.  де  Соссюр  – 

«синхроническое  языкознание»  деген  бағыттың  негізін  салған  ғалым. 

Аталған  бағыт  тілдің  бір  дәуірдегі  қалпын  ғана  қарайды.  Осы  идеяға 

берілген  ғалым  әр  заманда  тіл  жүйесі  әр  басқа  болады  деген  жаңсақ 

көзқараста болды. Оның қателігі тілді еш уақыт өзгермейтін қатып қалған 

зат деген түсініктен туған», – дейді.  

Бұдан әрі проф. Қ.Жұбанов өз еңбектерінде «синхроника», диахроника 

мәселелеріне  тоқталады.  Ғалым  сөзінің  дұрыстығы  сол  –  қазіргі  тілтаным 

оқулықтарында  тілдің  тарихи  дамуының  белгілі  бір  кезеңдеріндегі  қалпы 



144 

 

(синхрония) да, тіл жүйесінің тарихи дамуын тілді оның уақыт шеңберіндегі 



даму үрдісінде (диахрония) қарастырған. 

ХХ  ғасырдың  80-жылдарынан  бастап  Соссюр  ізімен  өз  бетінше 

зерттеуді 

ұсынғандарға, 

тіл 

болмысының 



сыртқы 

жағдайымен 

шектелушілерге 

әлеуметтік 

лингвистика 

тұрғысынан, 

сондай-ақ 

американдық  структурализмге  тіл  әлеуметтік  құбылыс  ретінде  сипатталып 

теориялық  тойтарыс  берілді,  тілді  «өзінше  және  өзі  үшін»  зерттеуге 

болмайтыны  дәлелденді.  Сондай-ақ  тіл  –  таңба  жүйесі,  ал  таңба  жүйесі  тек 

қана өзгереді, дами да алмайды, жетіле де алмайды деген «тұжырымдама» да 

құрықталды.  Осы  ретте  тілді  халықпен,  шындық  өмірмен  байланыстыра 

зерттеген, 

тілдің 


әлеуметтік 

табиғатын 

аша 

білген 


Кеңес 

социолингвистерінің еңбегін атап көрсету керек (74). 

ХХ  ғасыр  лингвистикасының  парадигмалары  Ф.  де  Соссюрден  бастау 

алған  тілді  құрылымдық  бірліктерден  (элементтерден)  тұратын  таңбалық 

жүйе ретінде қарастыратын, яғни пәні «тіл» болып есептелген құрылымдық 

лингвистика  (структуральная  лигвистика)  ілімінен  бастау  алғанымен,  осы 

ғасырдың  жартысында  тіл  лингвистикасы  зерттеулері  орнын  сөйленім 

лингвистикасы (лингвистика речи) зерттеулері басты. 

Қазіргі тіл туралы ғылым сөйленім лингвистиканың жалпы және ортақ 

пәнін  анықтау  жолында  ізденісте.  Ізденіс  үстінде  «Адам  қатынасының 

мақсаты қандай, тілді не үшін қолданады?» деген сұрақ қойылуда. 

Проф.  Қ.Жұбанов  бұл  сұраққа  сол  кездің  өзінде  дәл  қазіргі 

психолингвисше,  социолингвисше  жауап  берген  болатын:  «Тіл  –  бір  адам 

үшін керек емес, тіл жеке адам үшін жасалған нәрсе». Тіл деген не? дегенде 

алдымен осыны ескеру керек», – дейді ол.  

«Бір  тілмен  сөйлесу  үшін  адамдар  бір-бірімен  аралас  болуы  керек, 



істес болуы керек», – деген еді ғалым. 

«Біздің  бірөңкей  қазақша  сөйлеуіміз  неліктен?»  деген  сұрақ  қойып, 

оған  «ол  атамыз  бір  болғандықтан  емес.  Ата-тегі  түрліше  болса  да,  бір 

тілде сөйлейтіндер аз емес...», – дей келе, «...тіл бірлігі неден?» деген сұрақ 

қойып, оған «Адам – қоғамның үйіншігі емес, ұжым. Мұны ескеру қажет», – 

деп тағы да социолигвисше жауап береді. 

Қазақстанның тілдік даму стратегиясын жүзеге асыру тетіктерін жасау 

барысында,  атап  айтқанда,  қазақ-орыс-ағылшын  үштілділігін  дамыту,  жаңа 

әліпбиге  көшу  қайшылықсыз  болуы  үшін  Қ.Жұбановтың  лингвистикалық 

пайымдаулары ескерілуі тиіс. 

Қазақ  ғалымы  үндіеуропа  тілдері  ғана  емес,  басқа  тілдер  жанұясына 

жататын  ондаған  тілдер  материалдарын,  тіл  тарихымен  байланысты 

материалдарды  молынан  пайдаланып,  жаңа  пайымдаулар  ұсынды. 

Сондықтан  да  жаңа  мыңжылдықтың  салыстырмалы-тарихи  тіл  білімі 

Қ.Жұбанов зерттеулерімен үндес. Проф. Қ.Жұбанов идеялары ықпал етпеген 

бұрын-соңды  қазақ  тілі  білімпаздары  болмаса  керек.  Ал  тіл  теориясы 

бойынша оған оның тұстастары да, кейінгі буын тілшілер де қарыздар десек, 

еш артық айтқандық болмайды. Қазақ «сын түзелмей, мін түзелмейді» дейді. 


145 

 

Қ.Жұбанов  идеяларымен  қаруланған  бүгінгі  ұрпақ  әлемдік  тіл  теориясына 



қазақ тілі материалдары негізінде өз үлесін қосары анық. 

Бір  айта  кететін  нәрсе  –  Қ.Жұбанов  еңбектері  үнемі  «Қазақ  тілі 

жөніндегі  зерттеулер»  деген  атпен  жариялануда.  Бұл  –  дұрыс  емес. 

Ғалымның  өзі  айтпай  ма:  «...  Мұндағы  жазылғандар  ...  қазақ  тілі,  оған 



жақын  тілдерді,  жалпы  тіл  ғылымы  жүйесін  тексерген  жұмыстардың... 

қорытындысы еді». Ендеше, Қ.Жұбановтың келесі еңбектер жинағы «Қазақ 

тілі  және  жалпы  тіл  ғылымы  жөніндегі  зерттеулер»  деп  аталуы  тиіс. 

Ғалымның 

келесі 


жинағында 

қолжазбалары 

мен 

қолтаңбалары 



(автографтары)  толық  қамтылуы  тиіс,  соның  негізінде  «Қ.Жұбанов  тілі 

сөздігі» жарияланса әбден дұрыс болар еді. 

ХІХ  ғасырдың  басынан  (1816)  жаңа  бағытта  даму  бағытын  анықтаған 

әлемдік тіл білімі өткен ғасырда жаңаша қарқын алды, ал ХХІ ғасырда білім 

үлгісі (парадигмасы) ауысуы барысында жан-жақты дамуда.  

Баршаға  аян,  ХХ  ғасырда  ұлттық  тіл  білімінің  ғылыми  негізін  салған 

Құдайберген  Қуанұлы  Жұбанов  отандық  жалпы  тіл  білімінің  көзін  ашты 

және  оның  пайымдаулары  ХХІ  ғасыр  тілтанымына  тамырын  жайды. 

Ғалымның  салыстырмалы-тарихи  лингвистикалық  пайымдаулары  тарихи 

ұстанымға  негізделген  лингвистикалық  компоративизм  парадигмасына, 

керек  десеңіз,  қалыптасу  үстіндегі  жүйелі-құрылымдық  парадигмаға  дөп 

келеді.  Ғұлама  еңбектері  қазақ  тілі,  түркі  тілдері  мен  шетел  тілдері 

материалдарына  негізделген  пайымдауларға  мол  қаныққан,  оның 

біртұтастық  пен  жүйеліліккеқұрылған  еңбектері  –  осы  тұжырымымыздың 

кепілі. Сонымен қатар Қ.Жұбановтың пайымдаулары мен атауға байланысты 

тұжырымдары  бүгінгі  әлем  тіл  білімінде  белгі  бере  бастаған  когнитивтік 

парадигмаға  ұласады.  (Айта  кетелік,  бұған  ғалымның  «Тіл  дыбыстарының 

табиғатын  қалай  танып  келдік,  қалай  тануға  тиіспіз?»,  «Тіл  дыбыстарын 

бұлай танып келуіміздің себептері» деген дәрістері толық дәлел бола алады). 

Қорыта 


айтқанда, 

Қ. Жұбановтың 

теориялық 

пайымдаулары 



лингвистикалық  ілімдер  тарихына  енгізіліп,  қазіргі  тіл  теориясы  елегінен 

өткізілуі  тиіс.  Ғалымның  пайымдаулары  ХХІ  ғасырда  жарық  көрген 

зерттеулер  мен  оқулық  тұжырымдарымен  салыстырылса,  сөз  сарасының 

шынайылық деңгейі айқын анықталады. 

 

 



1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал