Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



жүктеу 5.5 Mb.

бет10/43
Дата08.01.2017
өлшемі5.5 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43

 

Сөз таптары мәселелері 

 

Қ.Жұбановтың  морфология  саласы  бойынша  жазған  ғылыми  ой-



тұжырымдарының  сүбелі  бөлігі  сөз  таптарына  арналған.  Профессор 

Қ.Жұбанов  қазақ  тіліндегі  сөздерді    таптастыру  принциптерін  айқындау 

ісімен  тікелей  айналыспаса  да,  грамматикаға  қатысты  түрлі  еңбектерінен, 

орта мектептерге арнап жазған оқулығы мен бағдарламасынан бұл мәселенің 

де  ғалым  назарынан  тыс  қалмағанын  көреміз.  «Жанғазыға  хатында»  ғалым 

сөз  таптастыру  принциптері  туралы  өз  пікірін  қысқаша  түрде  барынша 

нақты, тұжырымды жеткізеді. 

Профессор  Қ.Жұбанов  сөздерді  таптастыру  қағидатына  қатысты 

маңызды пікірлерді алғаш рет былайша қозғайды: «Біздің  тілімізде 3 түрлі 

өлшеуді  қабат  алып  отырған  дұрыс.  Үшеуінің  бірдей  сынына  толса,  сонда 

ғана бұл пәлендей сөз табы деуіміз керек. Ол үшеудің бірі – мағына, екіншісі 

–  морфология,  үшіншісі  –  синтаксис»  (8,  140),  –  деп,  бүгінгі  күні  қазақ  тіл 

білімінде  орныққан  сөз  таптастырудың  үш  принципін  атап  көрсетеді. 

Сонымен қатар ғалым «жақсы сөзі бір-ақ түрлі сөз табы бола алады да, бір 


101 

 

өзі  екі  бірдей  тапқа  жата  алмайды»,  –  дей  отырып,  бір  сөздің  бір  ғана  сөз 



табына қатысты болатынын да алғаш рет дәлелдеген. 

«Жалғыз мәнмен мәселе шешілмейді. Бұл – тіл, логика емес. Сөз табын 



ашу үшін әр тілдің өзінде әр мағына қалай формаланған? Осыны тиек қылу 

керек»,  –  деп,  профессор  Қ.Жұбанов  сөздерді  таптастырудың  семантикалық 

қағидатымен қатар морфологиялық принциптің маңызды екендігін дөп басып 

айта  білген.  Сөздерді  таптастырудағы  бұл  пікірлер  сонау  ХХ  ғасырдың 

отызыншы  жылдарындағы  тіл  біліндегі  тұңғыш  концепциялардың  ілгері 

басқандығы болатын. 

Ғалымның  сөз  таптарын  топтастырған  классификациясы  қазіргі  сөз 

таптарының  жіктемесінен  терминдік  жағынан  өзгешелеу.  Ғалым  алдымен 

сөздерді мүшелі және мүшесіз деп екі топқа жіктеп алады. Мүшелі деп атаған 

бөлікті  түбір  және  шылау  деп  бөліп,  одағайды  мүшесіз  деген  тармақта 

көрсетеді.  А.Ысқақовтың  жоғарғы  оқу  орындарына  арналған  «Қазіргі  қазақ 

тілі»  оқулығында  сөз  таптары:  атауыш  сөздер,  көмекші  сөздер  және 

одағайлар  болып  жіктелген.  Салыстырып  қарайтын  болсақ,  Қ.Жұбанов 

классификациясында  қолданылған  мүшелі  және  мүшесіз  деп  аталған 

терминдердің одағай сөздердің басқа сөз таптарынан ерекшеленуіне қатысты 

алынғаны  байқалады.  Ал  А.Ысқақов  сөз  таптарының  жіктемесінде  одағай 

деп  өз  атымен  ғана  атап,  оны  атауыш  сөздер  мен  көмекші  сөздерден  бөліп 

көрсетеді.  Одағай  сөздер  басқа  сөз  таптарынан  құрам-құрылысы  жағынан 

ерекшеленіп,  оқшау  сөздердің  қатарында  қарастырылады.  Осы  тұрғыдан 

алғанда  Қ.Жұбановтың  оны  «мүшесіз»  деп  атап,  жеке  топ  етіп  көрсетуінің 

үлкен  мәні  бар.  (Өйткені  басқа  сөз  таптары  топтастырылғанда  өз  атымен 

аталмайды ғой). 

Сонымен  қатар  Қ.Жұбанов  түбір  сөздерді  есім  және  етістік  деп 

жіктеп,  есім  сөздерге  зат  есім,  сын  есім,  сан  есіммен  қатар,  қазіргі 

терминдерімізден өзгеше, мезгіл-мекен есімдер және орынбасар деп аталатын 

сөз табын атаған. Ғалымның мезгіл-мекен есім деп отырғаны – қазіргі үстеу 

сөз  табы.  Қ.Жұбанов  үстеу  деген  терминді  қазіргі  жұрнақ  терминінің 

орнына  қолданған.  Ал  орынбасар  есім  деп  отырғаны  –  қазіргі  есімдік  сөз 

табы. Ғалым  бұл  сөздерге  ат  қоюда  да олардың басқа  есім  сөздердің орына 

қолданыла  алатын  тілдік  ерекшелігіне  сүйеніп,  оны  осы  терминнің  уәждік 

белгісі ретінде алып, орынбасар есімдер деп атаған. 

Бұл  айтылғандардан  Қ.Жұбанов  атап  көрсеткен  терминдер  қазіргі 

грамматикаларда  тап  солай  аталмағанмен,  ғалымның  тілдің  грамматикалық 

жүйесіне қатысты ойлары мен жасаған классификацияларының тілдің табиғи 

сипатымен сабақтасып жатқандығын көреміз. 

«Қ.Жұбанов  және  қазақ  тіл  біліміндегі  сөз  таптастыру  принциптері» 

атты  мақаласында  зерттеуші  С.Мұхтаров  ғалымның  сөз  таптарын  жіктеуге 

қатысты ойлары туралы тұжырымды пікір айтқан: «Ғалымның қазақ тіліндегі 

сөздерді  алдымен  түбір,  шылау,  одағай  деп  бір  деңгейде  үлкен  үш  топқа 

бөлуінен жалпы тіл білімі тарихындағы сонау Платон, Аристотель заманында 

Александрия грамматистері жалғастырған, одан Еуропаға тарап, түркологтар 


102 

 

қолданған,  кейін  қазақ  тілін  зерттеушілер  де  пайдаланған  дәстүрлі  сөз 



таптастырудың ықпалы көрінеді. Қ.Жұбановтың осы жіктеуін кейіннен қазақ 

тіліндегі  сөздерді  таптастыру  принциптерін  докторлық  диссертациясының 

бір бөлімінде арнайы қараған А.Ысқақов та атауыш сөздер, көмекші сөздер, 

одағай сөздер деп ішінара өзгеріспен қолданады.  

Профессор  Қ.Жұбановтың  қазақ  тіліндегі  сөздерді  таптастыруда 

бірінші  орынға  мағыналық  (семантикалық)  принципті  қоюы  да  бүгінгі  күні 

өзін  ақтап  отыр.  Жоғарыда  аталған  үш  принциптің  әр  тіл  үшін  шешушісі 

түрліше  болып  келетініне  сәйкес,  қазақ  тілі  үшін  семантикалық  принциптің 

маңызы  ерекше  екендігіне  бүгінгі  күні  тіл  білімінің  жеткен  жемісі 

тұрғысынан  қазір  көз  жеткізіп  отырмыз.  ...  Морфологияның  ең  өзекті 

мәселесі  болып  табылатын  тілдегі  сөздерді  таптастыру  принциптерін 

айқындау  секілді  күрделі  мәселеде  өзіндік  пікір  айтып,  соны  жол  салудың 

сол  кез  үшін  маңызы  өте  үлкен  болуымен  қатар,  өзіндік  қиындығы  да  бар 

болатын.  Осы  маңызды  міндетті  профессор  Қ.Жұбанов  өзінің  тума  талант 

дарыны мен терең білімі арқасында ойдағыдай атқарып шықты. Бүгінгі күні 

қазақ  тіл  біліміндегі  сөздерді  таптастырудың  орныққан  үш  принципі  – 

лексика-грамматикалық немесе семантикалық, морфологиялық, синтаксистік 

принциптері  кезінде  Қ.Жұбановтың  бұл  мәселенің  басын  ашып  беруінен 

тікелей бастау алады. Сондықтан ғалымды қазақ тіл білімінде сөз таптастыру 

принциптерін  айқындау  ісінде  ғылыми  негіз  салушы  деп  тануымыз  қажет» 

(45, 131-134). 

Проф.  Қ.Жұбанов  зат  есім  мен  сын  есімдердің  әлі  де  болса  толық 

дараланып  болмаған  сөздер  екендігін  жақсы  байқаған.  «Ескерту:  Сөз 



таптарының бір-бірінен енші алысып болғандары да, болмағандары да бар: 

ағаш,  темір  сияқтылар  –  зат  есім  болып,  жақсы,  ұзын  сияқтылар  –  тек 

сын  есім  болып,  шекараларын  түгел  ашып  болған  таптар.  Енді  бұлардай 

емес, зат есім мен сын есімге ортақ, шөре-шөре есімдер де (әрі зат есім, әрі 

сын  есім  болатын)  бар.  Мысалы,  бала,  жас,  жарық,  сұлу,  бай,  батыр, 

жарлы, кедей т.б. Бұлар – әрі зат есім, әрі сын есім. Сондықтан жақсырақ, 

ұзынырақ сияқты, баларақ, жап-жас, жап-жарық, байырақ, батырырақ, 

жарлырақ,  кедейірек  т.т.  бола  алады.  Таза  зат  есімге  бұл  мүмкін  емес: 

темірірек, ағашырақ болмайды».  

Сын есімдерге қатысты тың мәселелер ғалым назарынан тыс қалмаған. 

Профессор  Қ.Жұбанов  қазақ  тіліндегі  барлық  сын  есімдердің  белгілі  бір 

жағдайларда заттануға қабілетті екендігін, сонымен қатар сын есімдік те, зат 

есімдік  те  қызмет  атқара  алатын  кейбір  есімдердің  болатындығын  ақыл-

пайымына  сай  көрегендікпен  айтып  кеткен.  Сонымен  қатар  ғалымның  сын 

есімдердің  септеліп,  тәуелденуі  сияқты  ойларын  қазіргі  субстантивтену 

құбылысының алғашқы нышандары ретінде тануға болады.  

Сын есімнің шырайлары туралы да ғалым тың ойлар айтқан. Нақтырақ 

көрсетсек, Қ.Жұбанов шырайлардың мынадай түрлерін атайды:  

1) жай шырай



103 

 

2) араластырмалы шырай  (бірі тура күйде, бірі шығыс жалғаулы күйде 



болады); 

3) салыстырмалы шағын шырай (-рақ, -рек, -леу); 

4) жалаң шағын шырай (қызғылт, қаралтым, көтеріңкі, созылыңқы); 

5) таңдаулы шырай (өте қысқа, қып-қысқа, ұзын-ақ); 

6) орта шырай (бір қос, бірсыпыра, бірқатар, бір жөн, едәуір) (8, 382). 

 «Қ.Жұбанов 

А.Байтұрсынұлы, 

Т.Шонанов, 

Қ.Кемеңгерұлы 

еңбектеріндегі  шырай  түрлерін  жасалу  жолдарына  қарай  саралай  түскені 

байқалады.  Мәселен,  салыстырмалы  шырай  ретінде  танылып  келген  -рақ/-

рек  жұрнағының  қатысуымен  немесе  оның  жасырын  келуімен‚  шығыс 

септігінің қатысуы арқылы жасалған түрін (білімге кедей – білімге кедейірек‚ 



малға  бай  –  малға  байырақ)  Қ.Жұбанов  салыстырмалы  шағын  шырай‚ 

кесімді-араластырмалы 

шырай 

деп 


жеке-жеке 

топтарға 

бөледі. 

А.Байтұрсынұлы талғау шырайдың сын есімнің көп сөзімен тіркесуі арқылы 

жасала  алатынан  айтса,  Қ.Жұбанов  бір  қос,  бірсыпыра,  бірқатар,  бір  жөн, 

бір дәуір, едәуір сөздерінің қатысуымен жасалған шырайды орта шырай деп 

бөлек береді. 

Бүгінгі  таңда  салыстырмалы  шырай  көрсеткіштері  ретінде  танылып 

жүрген  -лау/-леужұрнағы  Н.Ильминский,  М.Терентьев,  П.Мелиоранский, 

Н.Созонтов,  А.Байтұрсынұлы,  Т.Шонанов,  Қ.Кемеңгерұлы  еңбектерінде 

шырай  қатарында  берілмеген.  Салыстырмалы  шырайдың  -рақ/-рек 

қосымшасымен  қатар  -лау/-леу  жұрнағы  арқылы  да  жасалынатынын  алғаш 

көрсеткен ғалым – Қ.Жұбанов. Ғалымның ойлары кейінгі грамматикалар мен 

оқулықтарда  сабақтастық  тапқан.  І.Кеңесбаев,  С.Аманжолов.  Ғ.Бегалиев, 

Н.Cауранбаев еңбектерінде де салыстырмалы шырай көрсеткіштері ретінде -



рақ/-рек жұрнақтарымен бірге -лау/-леу қосымшасы да беріледі. 

Қ.Жұбанов өзіне дейінгі еңбектерде сөз тудырушы қосымшалар ретінде 

танылып  жүрген  -ғыл‚  -ғылт(-ым),  -шыл‚  -ша  т.б.  жұрнақтары  мен  -ақ 

демеулігін де шырай көрсеткіштері ретінде келтіреді.  



-ақ  демеулігін  таңдаулы  шырай  көрсеткіші  деп  тануы  жағынан  да 

І.Кеңесбаев,  С.Аманжолов  еңбектері  мен  Қ.Жұбанов  тұжырымдары  өзара 

сабақтас. А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде бұл демеулік шырай 

көрсеткіштері  қатарында  берілмейді.  Бұл  орайда  ғалымдар  -ақ  демеулігінің  

үнемі  таңдаулы  шырай  мәнінде  қолданыла  алмайтынын,  кейде  шектеу  (өзі-

ақ, жалғыз-ақ) мәнінде де т.б. жұмсалатынын, кез келген сын есімге тіркесе 

алмайтынын  ескерген  болуы  керек.  Қ.Жұбанов  6  түрлі  шырайды  көрсетсе, 

С.Аманжолов,  І.Кеңесбаев,  Ғ.Бегалиев,  Н.Cауранбаев  3  түрлі  шырайды 

көрсетеді.  

С.Е.Малов  ұйғыр  жазбаларында,  Манихей  ескерткіштерінде  -рақ/-рек 

грамматикалық  көрсеткіші  кездесетінін  айтса,  М.Томанов  -рақ/-рек  және  -



лау/-леу  жұрнақтарының  бір  негізден  өрбігенін,  яғни  л>р,  у>қ  дыбыстық 

сәйкестігінің  нәтижесінде  негіз  екі  түрлі  жұрнаққа  жарылғанын  көрсетеді. 

Н.Ильминский де -лау/-леу жұрнағы қазақ тіліне ғана тән екендігін айтады. 

Бұл  пікірді  Ғ.Мұсабаев  та  қуаттайды.  Ендеше,  -лау/-леу  жұрнағы  о  баста  -



104 

 

рақ/-рек  жұрнағынан  тарағанымен,  кейіннен  екі  жұрнақтың  да  сақталып 

қалғанын көреміз. 

Осы  күнгі  грамматикаларда  шырай  түрлері  соңғы  кездері  үш  не  екі 

түрде ғана аталып жүр. Қазақ тіл білімінде салғастырмалы аспектіден «Сын 

дәрежесі категориясын» арнайы қарастырған Қ.Рысалды шырайдың түрлерін 

функционалды  тұрғыдан  бірнеше  мағыналық  топқа  жіктейді.  Сын 

дәрежесінің  салғастыру  немесе  салғастырусыз  жағдайында  айқындалуын 

басты  ұстаным  етіп  алып,  шырайдың  қазақ  тіліндегі  екі  субпарадигмасын 

береді. Олар: 

 

1) Шырай категориясының қазақ тіліндегі бір субпарадигмасы: 



 

Теңдік шырай – (сендей) күшті; 

 

Салыстырмалы шырай – (сенен) күшті; 



 

Асырмалы шырай – (олардың іштеріндегі) ең күштісі. 

 

2) Екінші субпарадигмасы: 



 

Жай шырай – кіші, үлкен

 

Бәсеңдік шырай – кішілеу, қызғылт, қартаң



 

Күшейтпелі шырай – өте, аса, тым, күшті (46, 80).  

Қазіргі тіл білімінің дамуы тіл бірліктерінің барлық деңгейді қамтитын 

кешенді  мағыналық  құрылымын  айқындауды  мақсат  етіп  отыр.  Осы 

тұрғыдан,  Қ.Жұбановтың  шырай  түрлерін  семантикалық  реңктеріне  қарай 

бөлшектеп, саралып, жіктеп көрсетуі бүгінгі лингвистикадағы жаңа ғылыми 

парадигманың сұраныстарына толық жауап берген болар еді.  

Бүгінгі  ғылыми  грамматикаларда  аталып  жүрген  сан  есім  түрлерінің 

барлығы дерлік Қ.Жұбанов еңбегінде де белгілі бір дәрежеде көрініс тапқан. 

Мәселен,  ғалым  топтау  сан  есімін  арнайы  көрсетпегенімен,  жеті  санына 

дейін -ау, -еу жұрнақтарының жалғана алатынын айтады. Болжалдық сан есім 

түрін  көрсетпегенмен,  реттік  сандардың  болжал  түрлері  деген  тармақта 

олардың жасалу жолдарын толығымен сипаттап шыққан.  

Қ.Жұбанов сан есім сөз табына қатысты реттік, есептік, жинақтау және 

бөлшектік  сан  есімдерді  атайды да, реттік  сан  есімдерді өз  ішінен  тең үлес 

түрі  (екі-екіден  т.б.);  болжал  түрі  (бес-он;  бестер,  он  шақты  т.с.с.)  деп 

жіктейді. 

Кейіннен  ғалым  еңбектерін  басшылыққа  ала  отырып,  І.Кеңесбаев, 

С.Аманжолов  сол  кезге  дейін  танылып  жүрген  төрт  түрлі  сан  есім  тобына 

(есептік,  реттік,  бөлшектік,  жинақтау)  топтау  және  болжалды  сан  есімдерін 

енгізіп,  сан  есімді  6-ға  бөледі.  Осы  кезден  бастап  сан  есімнің  6  түрлі 

мағыналық  тобы  танылып,  бұл  қазіргі  қазақ  тілінде  де  сабақтастық  тауып 

келеді.  Соның  нәтижесінде  «Современный  казахский  язык»  (1962),  «Қазақ 

тілінің  грамматикасы»  (1967),  А.Ысқақов  «Қазіргі  қазақ  тілі»  (1972)  т.б. 

еңбектер  мен  мектеп  оқулықтарында  болжалды  сан  есім  мен  топтау  сан 

есімдері сан есімнің мағыналық топтары ретінде қарастырылуда. 

Сондай-ақ зат есімнің  белгілі түрі, белгісіз түрі деген терминдерді де 

қолданған.  Белгісіз  түрінде  зат  есімдерге  бір  сөзінің  жалғанатынын  айтады.  

Қ.Жұбанов  көрсеткен  белгілілік,  белгісіздікке  қатысты  мәселе  бүгінгі  күні 



105 

 

функционалды-семантикалық 



белгілілік-белгісіздік 

категориясының 

зерттелуіне де бастама болды деп айта аламыз.  

А.Байтұрсынұлы, 

Қ.Кемеңгерұлы 

есімдіктерді 

жіктеуде 

белгілілік/белгісіздік  оппозициясын  негізге  алған,  яғни  жеке  адамды  немесе 

топты  көрсетсе  –  шектеу  (А.Байтұрсынұлы),  анықтау  есімдігі 

(Қ.Кемеңгерұлы),    нәрсенің  жоқтығын,  белгілі  еместігін  немесе  түгел 

еместігін  білдірсе  –  танықтық  (А.Байтұрсынұлы),  танықтау  есімдігі  деп 

атаған.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  бүгінгі  таңдағы  өздік  есімдігі,  жалпылау 

есімдігі  деп  танылып  жүрген  есімдіктердің  басын  қосып,  шектеу,  анықтау 

есімдігі 

деп 


атайды 

да, 


белгісіздік, 

болымсыздық 

есімдіктерін 

танықтық,танықтау  есімдігі  деп  атаған.  Кейінгі  зерттеушілер  анықтау, 

танықтау  есімдіктерін  ұсақ  бөлшектерге  жіктеуге  тырысқан.  Яғни 

А.Байтұрсынұлы,  Қ.Кемеңгерұлы  еңбектерінде  танықтау  есімдігі  нәрсенің 

жоқтығын  (ешкім,  ештеңе,  ешбір)‚  анық  белгілі  еместігін‚  (әлдекім,  әлдене) 

немесе  түгел  еместігін  (кейбір,  қайсыбір)  білдіретіні  сөз  болса,  Қ.Жұбанов, 

С.Аманжолов,  Ғ.Бегалиев,  Н.Сауранбаев  еңбектерінде  нәрсенің  жоқтығын 

білдіретін сөздер – болымсыздық есімдіктері, анық белгілі еместігін білдірсе, 

белгісіздік  есімдіктері,  түгел  еместігін  білдірсе,  алалау  есімдіктері  деп 

аталып,  танықтау  есімдігінің  мағыналық  ерекшеліктеріне  сәйкес  өз  ішінен 

одан әрі таратыла түскен. 

Қ.Жұбанов  сөз  таптары  топтамасында  түбір  тапқа  жоғарыдағы 

есімдерден кейін етістіктерді атаған. Етістік түбірін екіге бөледі: «таза түрі» 

(оқы,  жаз),  «келімсек  түрі»  (ойн-а,  сарға-й,  адам-сы).  Бұл  қазіргі 

грамматикаларда  негізгі  түбір  және  туынды  түбір  деген  терминдермен 

аталған.  Осы  тарауда  ғалым  етістіктің  болымды,  болымсыз  түрлері  туралы, 

сонымен қатар «етістіктің түп негізі мен болымсыздық түрлеуішінің арасына 

сыйыса  алатын  үстеулер  –  етіс  үстеулері  деп,  етістің  жеті  түрі  барын 

айтады. Оған қазіргі күні салт және сабақты етістік деп атап жүргендерді 

түпнегіздің етістері деп көрсетеді. Мысалы, салт етіс (жүр, ұйықта) – табыс 

септеулі  сөзді  жетектемейтіндер;  сабақты  етіс  (жаз,  ұр)  –  табыс  септеулі 

сөзді жетектейтіндер.  

А.Байтұрсынұлы  етістің  10  түрін  (өздік  (),  ырықсыз  (),  ортақ  (), 

салт, сабақты, беделді (-дыр), өзгелік (-ғыз), шығыс (-стыр), өсіңкі (-қыла), 

дүркінді  (-ңқыра)) көрсетсе,  Қ.Кемеңгерұлы 6  түрін  (өздік  (),  ырықсыз  (-



л),  ортақ  (),  салт,  сабақты  (-т,  -ыр,  -дыр,  -қыз),  беделді  (-т,  -ыр,  -дыр,  -

қыз),  Қ.Жұбанов  7  түрін(салт  (табыс  жалғаулы  сөзді  жіктемейтіндер), 

сабақты  (табыс  жалғаулы  сөзді  жіктемейтіндер),  өздік  (),  ырықсыз  (), 

ортақ (), өзгелік (-ғыз, -тыр, -ыт, -ар), өсіңкі -ңқыра) көрсетеді (47). 

А.Байтұрсынұлы  жіктеуіндегі  беделді  және  өзгелік  етістіҚ.Жұбанов 

жинақтап,  өзгелік  етіс  түрінде  беріп,  мұның  себебін    былайша  түсіндіреді: 

«Бұрынғы өзгелік етіс пен беделді етісті екеуін бір қостық. Үйткені екеуі де 



–  өзге  біреу  арқылы  істелетін  іс.  Өзге  біреуге  беделіңді  саласың  ба, 

қорқытасың  ба  –  бәрібір.  Тіл  мұнысын  айырмайды».  Ал  өсіңкі  етісті  етіс 

түрлерінің  қатарында  беруінің  себебін,  сүйенер  дәйегін  де  атап  көрсеткен. 



106 

 

«Өсіңкі  етіс  мағынасы  жағынан  етіс  емес,  сонда  да  құрылысы  жағынан 



(етіс  үстеулері  сияқты  мұның  үстеуі  түбір  мен  ма-ның  аралығына 

тығылатын  болғандықтан)  етіске  ұқсас  болғандықтан,  жетінші  етіске 

мұны  да  санадық»,  –  дейді  (8,  382).  Бұл  айтылғандардан  Қ.Жұбановтың 

тілдік топтарды, категорияларды айқындауда олардың семантикаларына ғана 

емес,  формальды  белгілеріне  де  ерекше  назар  аударып,  дәйекті,  дәлелді 

тұжырымдар жасағандығына куә боламыз.  

Осы  жерде  айта  кететін  нәрсе  –  -ңқыра/-ңкіре  жұрнақтарын 

Н.И.Ильминский  «уменьшительная  форма»  деп  атаса,  «Грамматика 

киргизского языка» деген кітапта ол күшейткіш етіс («усилительный залог») 

көрсеткіштері ретінде берілген. 

Проф.  Қ.Жұбанов  етіс  түрі ретінде  көрсеткен  «дүркінді  етіс»  түрін  де 

етіс қатарынан алып тастайды. Мұның себебін  дүркінді етіс тұлғасы -ғыла/-



гіле жұрнағы барлық етістік түбіріне жаппай жалғана алмауымен түсіндіреді. 

«Бұрынғы  дүркінді  етіс  (ат-қыла,  шап-қыла)  дегенді  де  шығарып 



тастадық. Үйткені, бұл бірді-екілі түбірде ғана болады да, етістік түбірдің 

бәріне  бірдей  жарамайды,  мысалы,  оқығыла,  естігіле  деп  айтпаймыз. 

Біріндеген  (тепкіле  сияқты)  сөзге  болса,  соны  етіс  деуге  болмайды. 

Шынында тепкіле деген теп-кі деген есімге -ле үстеуі жамалып жасалған 

түр» (8, 384). 

Демек,  ғалым  -ңқыра/-ңкіре  мен  -ғыла/-гіле  жұрнақтарының 

семантикалық  жағынан  ұқсас  болғанымен,  түбірге  жалғану  мүмкіндігі 

жағынан  бірдей  еместігін  таныған,  яғни  -ңқыра/-ңкіре  жұрнағының  етістік 

түбіріне  жаппай  жалғана  алуы,  ал  -ғыла/-гіле  жұрнағының  етістік  түбіріне 

талғап  жалғануы  ғалымның  оларды  екі  бөлек  категорияға  бөліп 

қарастыруына  негіз  болған.  Ғалымның  аталған  қосымшаларды  етіс 

жұрнақтарына  жатқызу-жатқызбауына  байланысты  айтқан  тұжырымдары 

бүгінде  жалпы  сөзжасам  мен  формажасамның  (морфология)  арасын 

ажырататын  негізгі  критерийлер  ретінде  қалыптасып  отыр.  Сондай-ақ 

Қ.Жұбанов  атап  көрсеткен  бұл  жұрнақтар  осы  күнгі  грамматикаларда 

«сыпат»  категориясы  ретінде,  ал  функционалды  грамматикада  аспектуалды 

семантиканы жасайтын негізгі тілдік құралдар ретінде қарастырылуда.  

Етіс  мәселесінде  Қ.Жұбанов  ой  саларлық  басқа  да  ғылыми  пікірлер 

айтқан. Тіл заңдылығы бойынша, бір грамматикалық категория жұрнақтары 

бірінің  үстіне  бір  жалғанбайды.  Ал  етіс  тұлғаларының  ерекшелігі  –  олар 

бірінің үстіне бірі жалғанып, бұл теорияға қайшы келеді. Осы белгісіне қарай 

зерттеушілердің  бір  тобы  оны  сөзжасам  қосымшасы  ретінде  қарайды. 

Қ.Жұбанов  етістердің  осы  тілдік  табиғатын  айқын  аңғарып,  тіпті  етіс 

тұлғаларының  үстемеленіп  жалғанған  түрін  «сағыс  етіс»  деп  атайды.  Бірақ 

кейінгі  еңбектерінде  етістің  бұл  түрін  етістер  қатарынан  алып  тастаған. 

«Сағыс  етіс  дегенді  шығарып  тастадық.  Үйткені,  бұл  –  ортақ  етіс  пен 



өзгелік етістің қосылғаны (айт-ыс-тыр). Етіс үстеулері бірінің үстіне бірі 

жамала  береді,  мысалы,  жу-ын-дыр,  бас-тыр-ыл  т.т.).  Мұның  бәріне 

107 

 

бірдей  ат  қоймай,  ала-бөле  ортақ  пен  өзгеліктің  қосылғанын  бөліп  алудың 



орны жоқ», – деген уәж айтады. 

«Етістіктің  түрлері»  деп  аталатын  тараушада  Қ.Жұбанов  осы  күні  

тұйық  етістік  немесе  қимыл  есімі,  қимыл  атауы  деп  аталып  жүрген   

тұлғалы етістіктерді «тұйықша» деген терминмен атап, бұл туралы: «Мұның 



мағынасы мезгілін ашпай, тұйық қалдырады, үстеуі (түбірлеуіші):  ұу, үу, у 

(қара-у,  жаз-ұу,  кел-үу),  мұның  жіктелмеуі,  тек  септелетіні»,  –  деп  бұл 

етістік  формасының  нақты  семантикалық  мағынасын  дәл  көрсетеді  және 

оның  есімдерше  септелетіні,  етістік  формасы  бола  тұра,  етістіктерше 

жіктелмейтіні туралы да айтады (8, 384).  

Есімше,  көсемшелерді  де  етістіктің  түрлері  тараушасында  көрсетеді. 

Ғалым  есімшелерді  ең  алдымен  «тел  есімше»  және  «сүйеншек  есімше»  деп 

жіктеп қарастырған. ««Тел есімше» деген атау олардың жіктеле де, септеле 

де алуына байланысты қойылды», – дейді ғалым.  

 Қ.Жұбанов осы күні есімше формалары ретінде танылып жүрген -ған/-



ген,  -атын/-етін,  -мақ/-мек,  -ар/-ер  тұлғаларын  тел  есімшеге  жатқызған. 

Ғалым  осы  аталған  есімше  тұлғаларының  әрқайсысының  семантикалық 

мәндеріне  қарай  оларды  түрліше  атаған.  Мысалы,  -ған/-ген  қосымшасын  – 

өткен  шақ  тел,-мақ/-мек  қосымшасын  –  келер  шақ  мақсат  тел,  -ар/-ер  – 

болжалды  келер  шақ  тел  деп  шақтық  әрі  модалділік  мағыналарына  қарай 

атау  береді.  Ал  -атын/-етін  қосымшасына  дағдылы  тел  деп  атауы  оның 

қимылдың  өту  сипатына  қарай  алынған.  Сонымен  қатар  қазіргі  дәстүрлі 

аталып  жүрген  есімше  тұлғаларынан  басқа  -ғай/-гей,  -қай/-кей  (жазғай, 



айтқай)  қосымшаларын  келершақ  қосымша  тел  деп  атаған.  Модальдық 

мағынаны  негізге  алып  қарғыс  тел(-ғыр:  оңбағыр)  деген  есімше  түрін  де 

қосқан.  Бұдан  Қ.Жұбановтың  өзі  атаған  есімше  түрлері  атауларының 

барлығының  дерлік  олардың  түбір  етістіктерге  жалғанғанда  үстейтін  нақты 

мағыналық реңтеріне қарай алынғандығын көреміз. 

 Ал  сүйеншек  есімшелерге  ғалым  қазіргі  көсемше  тұлғалары  болып 

қаралатын -ғалы/-гелі, -ғанша/-генше тұлғаларын жатқызған. Бұдан басқа да 

тұлғалар  сүйеншек  есімше  түрлері  ретінде  сараланып  берілген.  Ғалым 

олардың  қайсыбіріне  болсын  өз  тарапынан  сол  тұлғалардың  мағыналық 

реңкіне қарай шынайы терминдермен атаған. Нақты көрсетсек: 

1)

 

Өткен шақ шектеуіш сүйеншек (-ғалы/-гелі: мен оқы-ғалы екі ай – 



«оқығаннан бері» деген мағынада); 

2)

 



Келер  шақ  мақсат  сүйеншек  (-ғалы/-гелі:  мен  оқығалы  келдім  – 

«оқу мақсатымен келдім» деген мағынада); 

3)

 

Келер 



шақ 

шектеуіш 

сүйеншек 

(-ғанша/-генше: 



сен 

бастағаншамен де келермін); 

4)

 



Өткен  шақ  орынсыз  сүйеншек  (-ғанша/-генше:  онда  барғанша 

мұнда келсең болмады ма?); 

5)

 



Себеп-соңшыл  сүйеншек  (-ғанмен:  жазғанмен  бітіре  алмассың

(8, 385). 



108 

 

Осы  күнгі  көсемше  құрамында  қаралып  жүрген  -ғанша,  -ғалы 



тұлғаларын  ғалым  есімше  тобында  бергенмен,  сүйеншек  есімшелердің 

жіктелмейтінін,  өздігінен  сөйлемді  аяқтай  алмайтынын,  септелген  сөздерше 

басқа  бір  етістік,  не  басқа  бір  сөзге  сүйеніп  қана  тұра  алатынын  айтқан. 

Демек,  ғалым  бұл  тұлғалардың  көсемшелер  сияқты  сөйлемді  аяқтай 

алмайтындығын  аңғарған.  Сондай-ақ  ғалымның  бұл  тұлғаларды  тел  есімше 

мен  көсемшелерден  бөліп  қарауының  өзіндік  мәні  бар.  Мәселен,  ғалым 



сүйеншек есімше деп атап отырған жоғарыда аталған тұлғаларының барлығы 

тікелей жіктелмейді және сөйлемді аяқтамайды. Ал тел есімше тұлғалары (-



ған, -атын, -ар) тікелей жіктеледі және сөйлемді аяқтайды.  

Қ.Жұбановтың  көсемшелерге  -ып/-іп,  -  а/-е/-й  жұрнақтарын  жатқызуы 

қазіргі  грамматикалармен  сәйкес  келеді.  Қазіргі  оқулықтарда  ғалымның 

жоғарыда  атаған  -ғалы,  -ғанша  тұлғалары  көсемшелер  парадигмасында 

беріліп  жүр.  Ғалымның  бұларды  ажыратып  көрсетуіне  -ып/-іп,  -а/-е/-й 

тұлғаларының жоғарыдағы -ғалы, -ғанша-лар сияқты сөйлемді аяқтай алмауы 

және  олардың  (-ып/-іп,  -а/-е/-й)  тікелей  жіктеле  алуы  себеп  болған  деп 

ойлаймыз. 

Ғалым  көсемшеге  жатқызған  тұлғалардың  барлығының  мағыналық 

реңктеріне  қарай  атау  беріп,  көсемшенің  бір  түрі  ретінде  жіктеп  көрсеткен. 

Мысалы,  -ып/-іп  –  өткен  шақ  көсемше,  -а/-е/-й  –  дағдылы  көсемше  деп 

атайды.  Бұлардан  басқа  ғалым  басқа  да  көсемшелер  түрін  атаған.  Атап 

айтқанда:  шарт  көсемше  (-са/-се);  жиекше  (-ды/-ді);  төтенше:  а)  бұйрық 

төтенше  (бұйрық  райға  қатысты  2,  3-жақты  атайды);  ә)  көмекші  төтенше 

(отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктеріне қатысты) (8, 386). 

Қ.Жұбанов  етістіктерді  дара  және  қосынды  етістік  деп  жіктеген. 

«Көмекші  етістігі  бар  етістік  қосынды  етістік  деп  аталады»,  –  дейді 

ғалым. Сонымен қатар ғалым бұл қосынды етістіктердің жасалу жолдарын да 

көрсеткен. Қосынды етістіктегі негізгі мағынаны беретін етістік көсемше не 

тел  есімше  формасында  кездесетінін,  ал  жіктеліп,  түрленіп  отыратыны 

көмекші  етістік  екенін  айтқан.  Көмекші  етістіктерді  төтенше  (отыр, 

жатыр, жүр, тұр), кеміс (е, де, бол, шығар), толық (ал, сал, қал, жібер, бер, 

қой,  таста  т.б.)  деп  үшке  бөліп  береді.  Ғалым  толық  көмекшілердің  әрі 

негізгі  етістік,  әрі  көмекші  етістік  мәнінде  жүре  беретіндігі  туралы:  «Толық 



көмекші  дегендер  –  әрі  жай  етісті  болып,  әрі  көмекші  болып  жүре 

беретіндер.  Бұлар  көп.  Мысалы,  хат  жібердім  десек,  жібер  етістігі  жай 

етістік, мұнда өзінің негізгі мағынасында. Жолдасыма хат салып жібердім 

дегенде де жібер өз мағынасында. Ал, жаққа салып жібердім десек, жібер – 

көмекші.  Үйткені,  мұнда  жіберу  деген  іс  жоқ,  салдым  өз  мағынасында, 

айтып  салдым  дегенде  –  көмекші.  Үйткені  мұнда  салу  жоқ»,  –  деп 

түсіндіреді (8, 388). 



Кеміс  (ій)  көмекшілердің  қатарында  А.Байтұрсынұлы  е-  етістігін  (еді, 

екен,  емес  т.б.)  ғана  берсе,  Қ.Кемеңгерұлы  «быть»,  «существовать»  мәнінде 

қолданыла алуына байланысты еетістігімен қатар болетістігін де атайды. Ал 

Қ.Жұбанов  аталған  етістіктермен  қатар  де,  шығар  етістіктерін  де  келтіреді. 


109 

 

Ғалым  бұл  етістіктерді  үнемі  көмекшілік  қызметте  жұмсалып,  алдындағы 



етістікпен  бір  сөйлем  мүшесі  ретінде  жұмсалуын  негізге  алған  сияқты. 

Қ.Жұбановтың көмекші етістіктерді топтастыруы атаулары әртүрлі аталғаны 

болмаса, А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы жіктеулеріне ұқсас. 

 Қарап отырсақ, Қ.Жұбанов күрделі тілдік бірліктердің тілдік табиғаты 

туралы  да  мәнді  де,  мағыналы  ой-пайымдаулар  жасаған.  Сөйлем  ішіндегі 

етістіктердің өзінің төл мағынасында немесе көмекші мағынада қолданылып 

тұрғандығын  көрегендікпен  аңғарып,  қазақ  тіл  біліміндегі  күрделі  етістік 

ұғымының  негізін  қалаған.  Профессор  Қ.Жұбанов  күрделі  етістік 

категориясын  зерттей  отырып,  жалпы  етістік  категориясының  мәні  мен 

мазмұнын,  қызметін  ерекше  зерделейді.  Қазақ  тіліндегі  күрделі  етістіктер 

табиғатының  күрделі  екендігі  сондай,  кейде  тіпті  бір  етістіктің  қай  жерден 

аяқталып,  екінші  етістіктің  қай  жерден  басталатынын  аңғару  қиын  дейді. 

Өйткені  негізгі  етістіктердің  айтарлықтай  бөлігі  көмекшілік  қызмет  атқара 

алатындықтан,  қандай  да  бір  етістіктің  көмекші  немесе  негізгі  қызметте 

жұмсалатындығын  ажырату  қиындыққа  соғады.  Ғалым  осындай  ғылыми 

жағынан  да,  практикалық  жағынан  да  өзекті  мәселені  шешуге  ұмтылады. 

«Мұны  сауаттылық  қарекетімізді  өзгеше  сапаға  көтерген  саналы  әрекеттің 

бірі ретінде бағалауға тиіспіз» (25, 24-29). 

Міне,  Қ.Жұбановтың  осындай  ғылыми  ойларының бүгінгі грамматика 

ілімінің дамып-қалыптасуына қосқан үлесі өте зор. 

Қ.Жұбанов  етістік  мәселесінде  оның  шақ  категорияның  тілдік 

табиғатына  мейлінше  терең  бойлаған.  Етістіктің  шақ  категориясы  тіл 

білімінің  қалыптасып-дамуының  бастапқы  кезеңдерінде  ғана  емес,  қазіргі 

ғылыми  білімнің  жетілген  тұсында  да  өзекті  мәселелер  санатынан  шыққан 

емес. Етістіктің шақ категориясын зерттеудің маңыздылығы туралы елуінші 

жылдары-ақ  осы  категорияны  зерттеген  ғалым  Т.Қордабаев  былай  дейді: 

«Әдеби тіліміздегі шақ категориясы – әрбір саласы күрделі еңбекке тақырып 

боларлықтай  көлемді,  күрделі  категория.  Мұның  ұшан-теңіз  формалық 

байлықтары  әр  алуан  мағыналық  байлықтарымен  ұштасып  жатады.  Сөз 

таптары  категориясы  ішіндегі  етістіктің  алатын  орны  қандай  көлемді, 

күрделі,  әр  жақты,  кең  салалы  болса,  жеке  сөз  таптарына  тән  категориялар 

ішінде шақ категориясының алатын орны да сондай маңызды. Мұның ғылым 

дұрыс  шешілуі  –  кезек  күтуді  көтермейтін  теориялық  жағынан  да, 

практикалық  жағынан  да  ерекше  мәні  бар,  қазақ  тілі  ғылымының  бүгінгі 

таңдағы толғағы жеткен қажетті мәселелерінің бірі» (48, 37). 

Сонау  А.Байтұрсынұлы,  Қ.Жұбанов  еңбектерінен  бастау  алатын  шақ 

категориясы  туралы  ғылыми  ойлар  кеңестік  дәуірде  С.Аманжолов, 

С.Кеңесбаев,  С.Жиенбаев,  Н.Сауранбаев,  Ғ.Бегалиев,  одан  беріде 

Т.Қордабаев,  А.Ысқақов,  Ы.Маманов,  Ж.Түймебаев  т.б.  ғалымдар 

еңбектерінде жалғасын тапты.  

Ғалым шақ көрсеткіштерін жіктеуде олардың мағыналарына баса назар 

аударған.  Сол  себепті  ғалым  еңбегінде  шақ  түрлері  де  мағыналық 

ерекшеліктеріне  қарай  тарамдалып  берілген.  Ғалымның  шақ  түрлерін 


110 

 

саралаудағы 



бұл 

жіктемесі 

«мағынаға 

баса 


назар 

аударатын» 

ономасиологиялық  бағыттағы  функционалды  грамматиканың  зерттеу 

мақсатымен үндесіп жатыр. Ғалым шақ түрлерін әдеттегідей үш топқа бөліп 

қарастырады  да,  әрі  қарай  оларды  жік-жікке  бөліп  таратып  береді.  Өткен 

шақтың мағынасын сөйлеп тұрған кезден бұрын болған істі білдіру деп, оны 

тоғыз топқа бөледі: 

1)  Айғақ  өңді  өткен  шақ  (істің  болғанына  айтушы  куә,  айғақ  бола 

сөйлейді (жазыпты, оқымапсың, білмеппіз); 

2) Аулақ өңді өткен шақ  (істің болғанын айта тұрып, өзі басы-қасында 

болмағанын қоса білдіреді (жазған, оқыған соң, көргенбіз); 

3)  Мойындау  өңді  өткен  шақ  (істің  болған-болмағанын  мойындай 

сөйлейді (жазған, оқыған соң, көргенбіз); 

4) Күмән өңді өткен шақ (жазған шығар); 

5)  Айғақ баяғылық (ертеде істің болғанына не болмағанына айғақ бола 

сөйлейді (жазып еді); 

6)  Аулақ  баяғылық  (сондай  ертеде  өткен  істің  болғанынан,  не 

болмағанынан аулақ болғанын қоса білдіреді (жазған екен); 

7)  Әдетше  баяғылық  (ертеде  өткен  істің  әлденеше  рет  болып,  әдет 

болғанын айтады (барушы едім, баратын едім); 

8) Опық баяғылық (ертеде өткен іске опына хабарлайды (баратын едім); 

9) Арман баяғылық (бармас па едім). 

Келер шақты төртке бөліп көрсетеді: 

1) Кесімді келер шақ (баратын, жазбайтын); 

2) Болжалды келер шақ (барармын, оқымаспын); 

3) Мақсатты келер шақ (жазбақпын); 

4) Тілекті келер шақ (1) жазар едім, 2) жазайын (тек І жақ қана). 

Қазірде рай категориясында қаралатын  -са игі еді формасын өткен шақ 

пен келер шаққа бірдей жүретін сенімсіз төл шақ деп атайды. 

Осы  шақты  дағдылы  осы  шақ  (қазір  ауыспалы  осы  шақ)  және  дәл  осы 

шақ (қазір нақ осы шақ) деп бөледі. Ғалым дағдылы осы шақтың келер шақ 

не  осы  шақ  екені  төңірегіндегі  басқа  сөздерден  көрінеді  дейді.  Мысалы, 



Сиыр мөңірейді – осы шақ, Ертең сиыр мөңірейді – келер шақ. 

Дәл осы шақты өз ішінде төрт түрге жіктейді: 

1)  Жалпы  осы  шақ  (жазып  жатырмын).Істің  нақ  осы  кезде  істеліп 



жатқан болуы да немесе көптен бері созылып келе жатқан іс болып үздік-

создық  жүріп  жатқан  іс  болуы  да  мүмкін,  осыны  жалпы  түрде  айтсақ, 

етістік жалпы осы шақта болады; 

2)  Кәдімгі  осы  шақ  (жазып  жүрмін).Ұзаққа  созылған,  үздік-создық 



істеліп  келе  жатқан  істің  жайын  айту  керек  болса,  кәдімгі  осы  шақпен 

айтамыз;  

3) Қазіргі осы шақ (жазып отырмын).Істеуші дәл осы кезде іс үстінде 



екендігін көрсету үшін қазіргі осы шақ қолданылады; 

111 

 

4) Әзіргі осы шақ (жазып тұрмын).Дәл осы кезде болып жатқан және 



өзі сол қалпын жоймаған істі көрсеткіміз келсе, әзіргі осы шақпен айтамыз» 

(8, 388).  

Ғалым  осы  шақ  түрлеріне  байланысты  қазіргі  грамматикаларда 

ауыспалы осы шақ деп аталатын түрін «дағдылы осы шақ» деп атап, нақ осы 

шақты  «дәл  осы  шақ»  деген  атаумен  береді.  Сонымен  қатар  дәл  осы  шақ 

құрамын  төрт  қалып  етістігінің  негізгі  етістікке  тіркесуіне  қарай  олардың 

мағыналарын  негізге  алып,  кіші  топтарға  бөліп  жібереді.  Яғни  автордың 

пікірінше, жатыр етістігі өзі тіркескен етістікке осы уақытта болып жатқан 

жалпы  іс-әрекетті  білдірсе,  ал  жүржатыр-ға  қарағанда  нақтылау,  отыр 

етістігі  аталған  екі  етістіктен  де  дәл  қазіргі  болып  жатқан  іс-әрекетті 

білдіреді, ал тұр тап қазір болып жатқан іс-әрекетті білдіреді.  Ғалымның бұл 

жіктемесінен  қалып  етістіктерінің  мағыналық  реңктерін  терең  тани 

алғандығын  көреміз.  Сондай-ақ  Қ.Жұбановтың  келер  шақ  түрлеріне 

байланысты  кесімді  және  тілекті  келер  шақ  түрлері  де  басқа 

грамматикаларда  айтылмайды.  Және  де  өткен  шақты  тоғыз  түрге  бөліп 

қарастыруы  да  –    ғалымның  тілдік  мағыналарды  жете  меңгергендігінің 

айғағы.  Шақтың  ішкі  мағыналық  топтары  көбейген  сайын  тілдік 

құралдардың  функционалдық,  жұмсалымдық  ерекшеліктерін  аша  түсуге 

болады. Тілдік (грамматикалық) категорияларда парадигмалық қатардың көп 

болуы тілдегі функционалдылық құбылысынан туындайды (49, 128).  

Қ.Жұбанов  еңбектеріндегі  шақ  категориясы  туралы  ойлар  бойынша 

О.Жұбаева  былай  деп  тұжырым  жасаған:  «Қ.Жұбанов  –  қазақ  тіл  білімінде 

шақ категориясы туралы танымның қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан 

ғалымдардың  бірі.  Ғалым  өз  тарапынан  шақ  мәнін  аша  алатындай  жаңа 

атаулар ұсынумен қатар шақ категориясының түрлі қырын, реңкін дөп басып, 

анықтай білген. Ғалымның шақ категориясы туралы танымы етістіктің қыр-

сырына үңіле түсіп, ерекшеліктерін байқауға, қалыптасқан қағидаларды түрлі 

қырынан зерделеуге мүмкіндік берері сөзсіз» (50, 120). 

Академик Р.Сыздық өз мақаласында: «Қазақ тіліндегі отыр, тұр, жүр, 



жатыр деген төрт етістік күллі өзге етістіктерден үш түрлі морфологиялық 

қасиетімен  ерекшеленеді  дейді  алғашқы  зерттеуші  Қ.Жұбанов.  Бірі  – 

олардың  жіктік  жалғауларын  тікелей  қабылдай  алатындығы;  екінші  –  түбір 

күйінде  тұрып  таза  Präsеns-ті  (осы  шақты)  білдіре  алатындығы;  үшінші  – 

түбір күйінде тұрып Imperativ-тің (бұйрық райдың) II жағы мен Präsеns-тің III 

жағын  көрсететіндігі.  Оның  үстіне  төрт  етістік  әрқайсысы  осы  шақты 

жасағанда, соның өз аясындағы әртүрлі мағынаны білдіреді. Жатыр етістігі 

іс-әрекеттің дәл сөйлеп тұрған сәтте емес, әйтеуір жалпы жүріп жатқан, ара-

арасында  үзілісі  де  болатын  түрін  көрсетеді:  Бейімбет  бір  үлкен  роман 

жазып  жатыр  (мысал  Қ.Жұбановтікі  –  Р.Сыздық).  Егер  іс-әрекет  сөйлеп 

тұрған сәтте орындалып жатса, қазақ тілі отыр етістігін жұмсайды; ұзақ іс-

әрекет  үзілістерімен  жүріп  жатса,  қазақ  жүр  көмекшісіне  жүгінеді:  тұр-ға 

келсек, ол соншама күрделі: осы сәттегі істі де, орындалып жатқан іс-әрекетті 

де  білдіреді,  дәл  осы  сәттегі  істі  білдіргенде  тек  адамға  байланысты 


112 

 

айтылады.  Қ.Жұбанов  өзінің  «Көмекші,  күрделі  етістіктер  туралы»  деген 



орыс  тіліндегі  шағын  кітапшасында  төрт  етістіктің  осы  сияқты 

семантикалық-функциялық дифференциациясын ең бір нәзік жерлеріне дейін 

талдап көрсетіп береді. Бұл – атақты төрт етістік (отыр, жатыр, жүр, тұр) 

туралы жазылған ең алғашқы ғылыми жұмыс», – деп ерекше атап көрсетеді 

(4, 46). 

Профессор  М.Томановтың  пікіріне  жүгінсек:  «Қ.Жұбанов  көмекші 

етістіктер  жайындағы  өзіне  дейінгі  тарихи-теориялық  зерттеулер  айта 

алмаған, аша алмаған көмекші етістік семантикасы мен құрылысының басты 

ерекшеліктері  мен  зандылықтарын  талдайды.  Қазақ  тіліндегі  көмекші 

етістіктер жалғамалы тілдің құралдары бола тұрып, өз бойында синтетизмнің 

де  көп  белгілерін  сақтағандығы  тарихи  талдау  арқылы  дәлелденді. 

Сондықтан  да,  кейде  бір  етістік  түбірдің  күрделенуі  ме,  әлде  екі  түбірдің 

синтаксистік  тіркесі  ме  –  осы  жағын  анықтау  қазақ  тілінің  жүріп  өткен 

жолының  ерекшелігін  анықтаумен  тең  түсіп  жатады.  Қазақ  тіл  білімінде 

бірінші  рет  Қ.Жұбановтың  осы  еңбегінде  көмекші  етістіктердің 

полисемантикалық 

және 

полифункционалдық 



сөздердің 

тобына 


жататындығы  дәлелденді.  Ал  мұндай  зерттеулер  30-жылдарда,  тіліміз  жаңа 

әлеуметтік жағдайларда дамудың қай бағытын ұстану керек дейтін сұрақ бар 

шындығымен қойылған кезде аса мәнді еді» (24, 125.). 

Профессор  Қ.Жұбанов  «Заметки  о  вспомогательных  и  сложных 

глаголах»  деген  еңбегінде  отыр,  жүр,  тұр  және  жатыр  етістіктерін  басқа 

күрделі  етістіктердің  ішінде  барынша  әмбебап  және  өнімділігі  өте  жоғары 

деп  бағалайды.  Аталған  етістіктер  басқа  етістіктермен  тіркесіп  келгенде 

басқа  тілге  аударғанда  мағынасын  бір  сөзбен  дәл  беру  мүмкін  емес,  бұл 

қасиет  олардың  көмекшілік  қызметінен  деп,  олардың  қандай  тұлғалармен 

тіркесетіндігін және беретін мағыналық реңктерін алғаш рет ашып көрсетеді. 

Профессор  Н.Оралбаева  аталған  еңбекте  1) көмекші  етістіктердің  түрлі 

грамматикалық қызметтері қарастырылғанын; осы шақтың жасалу жолының 

ғылыми түрде дәлелденгенін, осы шақтың көрсеткіштері ретінде  отыр, тұр, 

жүр,  жатыр  көмекші  етістіктері  көрсетіліп,  олар  осы  шақтың  күрделі 

формалары  деп  аталғанын  (бұл  тұжырым  кейін  етістіктің  аналитикалық 

формасы  теориясының  бастамасы  болды);  3)  түркология  көлемінде  күрделі 

көмекші  етістік  мәселесі  тұңғыш  рет  көтеріліп,  келе  жатыр,  бара  жатыр 

сияқты мысалдар келтірілгенін; 4) қимылдың жасалу кезеңі (фазасы) мәселесі 

алғаш көтерілгенін айтады (51, 23-29). 

Қ.Жұбанов  көмекші  етістіктердің  жетекші  етістіктерге  үстейтін 

грамматикалық мағынасын шақ ұғымы, нақтырақ айтқанда, осы шақ арқылы 

түсіндіруге  тырысады.  Бірақ  мұнда  Қ.Жұбановтың  қимылдың  уақытқа 

қатысын  шақ  арқылы  сипаттауда  оның  (қимылдың)  ішкі  созылыңқылығын 

көрсетеді.  Бұл  туралы  ғалымның  өзі  көмекші  етістіктер  күрделі  етістік 

құрамында  осы  шақ  мағынасын  ғана  емес,  негізгі  етістік  мағынасына 

қимылдың  созылыңқылығын,  дүркіндік  мағынасын  үстейтін  сыпат  (вид) 

формативтерінің  де  қызметін  атқаратындығын  айтады.  Төрт  қалып  етістігін 



113 

 

біріктіретін  ортақ  семантика  шаққа  қатысты  болса,  ал  айырмашылығы  – 



қимылдың өту ағымын сипаттауында. Сондай-ақ ғалым жетекші етістік пен 

төрт  көмекші  етістік  тіркесімділігі  алдыңғысының  лексика-семантикалық 

ерекшелігіне  де  байланысты  болып  келетіндігін  дұрыс  байқаған.  Ғалымның 

мына пікірі осыны көрсетсе керек: «...тұр формативі дәл сол минутта өтіп 



жатқан  қимылды  хабарлау  үшін:  жаңбыр  жауып  тұр  (дождь  идет  в 

данную минуту) және созылыңқы қимылды беру үшін қолданылады: көптен 

беріжаңбыр  жауып  тұр  (дождь  идет  давно).  Отыр  етістігі  мен  тұр 

етістігінің  қолданысындағы  айырмашылық  мынада:  соңғысы  сол  сәттегі 

жасалып  жатқан  қимылды  білдіреді.  Алдыңғысы  тек  адам  жүзеге 

асыратын әрекеттерді, өте сирек соған (адамға) тең келетін абстрактылы 

субъект  іске  асыратын  қимылдарды  білдіруде  ғана  қолданылса,  екінші 

етістік  әрекеттің  іске  асырушысына  қатысты  бейтараптылығымен, 

бәріне бірдей қолданыла беретіндігімен ерекшеленеді» (8). 

 

Қ.Жұбанов  осы  еңбегінде  жатыр  етістігінің  -ып/-іп/-п  және  -а/-е/-й 



тұлғасындағы  бар,  кел  етістіктерімен  тіркесіп,  өзінің  сөздік  мағынасынан 

мүлде  қол  үзетіндігін  және  қимылдың  үдемелік  сипатын,  сондай-ақ  жасалу 

мен  жалғасу  үстіндегі  процесті  білдіретіндігін  көрсетеді  (8).  Қ.Жұбановтың 

бұл еңбегінде айтылған осы  жайттардың барлығы да қимылдың өту  сипаты 

категориясының аясында қарастырылатын мәселелер (52).  

 

Жұбановтанушы зерттеуші А.Омарова кандидаттық диссертациясында 



проф.  Қ.Жұбановтың  отыр,  тұр,  жатыр,  жүр  етістіктерінің  басқа 

етістіктерде  кездеспейтін  айрықша  белгілеріне  мынадай  ғылыми  сипаттама 

жасаған: 1) тек аталған төрт етістіктің ғана қазақ тілінде нақ осы шақ жасауға 

қабілеттілігі;  2)  күрделі  нақ  осы  шақ  құрамында  төрт  етістіктің  көмекші 

етістік  болуы;  3)  шақ,  жақ  жалғауын  тікелей  қабылдауы;  4)  түбір  қалпында 

рай  мен  шақ  көрсеткіштері  (2-жақ  бұйрық  рай,  3-жақ  осы  шақ,  қалған 

етістіктер  түбір  қалпында  тек  2-жақ  бұйрық  райды  ғана  білдіреді)  болу 

мүмкіндіктерінің  барлығы;  5)  отыр,  тұр,  жатыр,  жүр  етістіктеріндегі 

гаплология  құбылысының  болуы;  6)  төртеуінің  де  бір  грамматикалық 

категория  (шақ)  көрсеткіші  бола  отырып,  екінші  бір  грамматикалық 

категория (қимылдың өту сипаты) мағынасын білдіруге қабілеттілігі артады 

(53). 


Қазақ тіл білімінің алғашқы даму сатысының өзінде-ақ қимылдың өту 

сипатына  қатысты  мәселелер  арнайы  қарастырылмағанмен,  ол  тілде 

мағыналардың  бар  екендігін  ғалымдарымыз  дәл  таныған.  Бұл  категорияны 

етіс, көсемше, шақ категорияларының аясында қарастырып, нақты мысалдар 

арқылы  қимылдың  өту  сипатына  қатысты  мағыналарды  айқын  көрсеткен. 

А.Байтұрсынұлы,  Қ.Жұбановтардың  ізімен  қимылдың  өту  сипаты 

категориясы әр кезеңде әр бағытта қарастырылып келеді. Сонымен қатар бұл 

категорияның  нақты  тілдік  табиғатына  қатысты  пікірлер  де  бірізді  емес. 

Мәселен, А.Байтұрсынұлы еңбегінде бұл категорияның мағыналары етіс пен 

көсемшелерге  қатысты  сөз  болса,  Қ.Жұбанов  бұл  мағынаны  шақ 

категориясының  аясында  сипаттаған.  Ал  одан  беріде  қимылдың  өту  сипаты 


114 

 

категориясы  орыс  тіліндегі  «вид»  категориясымен  теңестіріліп,  «сыпат» 



категориясы  тұрғысынан  қарастырылады.  Бірақ  қазақ  тілінде  сыпат 

категориясы бар ма, жоқ па деген мәселе сол кезеңдерде даулы көзқарастар 

туғызған.  Мәселен,  А.Ысқақов  пен  Н.Оралбаева  қимылдың  ішкі  сипатын 

білдіретін  бұл  категорияны  грамматикалық  (морфологиялық)  категория 

құрамында  көрсетсе,  М.Балақаев  семантика-синтаксистік  категория  ретінде 

қарастыруды  ұсынады.  Татар  тілінің  ғалымы  В.Насилов  бұл  категорияны 

етістіктің  сапалық-сандық  сипатын  көрсететін  семантикалық  категория  деп 

атаған. Қазақ тіл білімінде, Б.Қапалбековтің пікірінше, қимылдың өту сипаты 

категориясының  морфологиялық  түрлену  жүйесі  жоқ,  аналитикалық  тәсіл 

арқылы  берілетіндіктен,  бұл  категорияны  синтаксистік  категория  ретінде 

тану қажет.  

Қимылдың  өту  сипаты  категориясын  қазақ  тіл  білімінде  алғаш  сыпат 

категориясы ретінде И.Ұйықбаевтың,  функциналды-семантикалық категория 

ретінде  салғастырмалы  тұрғыдан  З.Қ.Ахметжанованың  еңбегінде,  сондай-ақ 

таза  қазақ  тілі  материалдары  негізінде  М.Жолшаеваның  докторлық 

диссертациясында, 

жекелеген 

мәселелері 

Қ.Бибеков, 

Қ.Мұқамади, 

А.Шарапиденова т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттелді. Сөйтіп, ғылыми дау-

дамайдан кейін қимылдың өту сипаты категориясы семантикалық категория 

ретінде  зерттеліп,  тілдің  тұрақты  бірлігі  ретінде  таныла  бастады.  Ал  бұл 

категорияның қазақ тілінің тілдік жүйесінен белгілі бір дәрежеде орын алып, 

тілдік  табиғатының  айқындалуына  қазақ  ғалымдары  А.Байтұрсынұлы  мен 

Қ.Жұбанов  еңбектерінің  орасан  зор  үлесі  болды  деп  ауыз  толтырып  айта 

аламыз. 

Осы ретте Г.Қосымованың Қ.Жұбановтың қалып етістіктеріне қатысты 

айтқан  пікірлері  біздің  сөзімізді  растай  түседі:  «Қазақ  тілінің 

грамматикасында» ғалым төрт қалып етістігінің басқа етістіктен айырылатын 

тұстарын  жіті  аңғарып,  олардың  үш  түрлі  белгілерімен  ажыратылатынын 

тапты,  мұнымен  қоса  қалып  етістіктерінің  ортақ  қасиеттері  мен  өзіндік 

ерекшеліктерін  контекстегі  мағынасынан  іздеп,  себептерін  аша  отырып, 

алғаш рет дәлелдеп көрсетті. Қ.Жұбанов түсініктері қалып етістіктерінің өзі 

ғана  жайында  қалып  қоймай,  сонымен  қоса  шақ  категориясы  және  күрделі 

етістіктердегі көмекші етістіктердің мағынасы мен қызметін анықтап, кейінгі 

дербес зерттеулерге негіз болды» (37, 38).   

Қ.Жұбановтың  сөз  таптарының  шығу  тарихына  қатысты  ойлары  –  өз 

алдына  бір  төбе.  Соның  ішінде  одағайлардыңтүрлері  мен  олардың  пайда 

болу  жолдары,  шығу  тарихы  туралы  айтқан  пікірлері  бүгінгі  күні  қазақ  тілі 

оқулықтары мен грамматикаларында айқын көрініс тауып отыр.  

Проф.  Қ.Жұбанов  одағайлардың  лексика-семантикалық  ерекшелігін, 

олардың  оқшау  сөздердің  бір  түрі  екендігін  дәл  таныған.  Атау  сөздерді 

таптасқан  сөздер  деп  атап,  олар  бірнешеуі  қосылып  барып,  хабар  береді 

дейді. Ал одағайды таптаспаған сөздерге жатқызып, олардың жеке тұрып-ақ 

хабар  бере  алатындығын,  ал  құрылысы  жағынан  жеке  сөз  болғанмен, 



115 

 

атқаратын  қызметі  жағынан  сөйлем  не  сөйлемдер  жинағы  болатындығын  



айтады. 

Ғалым  одағайларды  үшке  бөліп  көрсетеді:  шаруашылық  одағайлары, 



қатынас одағайлары, көңіл одағайлары.  

А.Ысқақов  «Қазіргі  қазақ  тілі»  оқулығында  одағайды  арнайы  сөз 

еткенмен,  оның  түрлерін  нақты  саралып,  ашып  көрсетпей,  жинақтап  қана 

берген.  Жалпылама  түрде  көңіл-күй  одағайы  мен  Қ.Жұбановтың  қатынас 

одағайларына  жатқызған  біршама  одағай  сөздерді  (мә,  әй,  тек,  тәйт,  жә, 

айда  т.б.)  ишарат  одағайлары  деп  атаған.  Ал  «Қазақ  грамматикасында» 

көңіл-күй  одағайлары,  императивтік  одағайлар,  тұрмыс-салт  одағайлары 

деп бөлінген (33, 564).  

Қ.Жұбанов  бүгінгі  күні  нақты  тілдік  жүйеде  көрсетіліп  жүрген 

одағайлардың  негізгі  түрлерін  дәл  көрсеткен  және  сонымен  қатар  бұл 

тақырыпқа  әжептеуір  көлемде  орын  беріп,  арнайы  сөз  еткен.  Одағайдың 

түрлерін  көрсетіп  қана  қоймай,  олардың  шығу  тарихына  да  зер  салған. 

Мәселен,  ғалымның  пікірінше,  әттеген-ай,  мәссаған  деген  одағайлар 

құрамындағы «т» және «с» дыбыстары – созылыңқы дыбыстар. Әттеген-ай 

одағайы  –  ә  деген-ай,  мәссаған  одағайы  –  мә,  саған  деген  қолданыстардан 

шыққан (8, 102). 

Сондай-ақ  Қ.Жұбанов  малға  қатысты  қолданылатын  шаруашылық 

одағайларының  шығу  төркіні  туралы  айтқанда,  олардың  қалыптасу 

мотивтеріне,  уәждемесіне  назар  аударған.  Мәселен,  ғалымның  пікірінше, 

шаруашылық  одағайларының  көбі  бұрын  белгілі  бір  малдың  аты  болған. 

Ғалымның  еңбегінен  бір  ғана  мысал  келтірейік:  «Қазақтың  қойға  қарата 

айтатын  «құрай!»  одағайы  екі  түбірден  біріккен:  құра+ай.  Соңғы  -ай  – 

шақыру қосымшасы. Түбірдегі  құра – моңғолша  қозы деген сөз. Моңғолдың 

құрақан  сөзі  де  осы  құра-мен  байланысты,  түбірлес.  Соңғы  -қан/-ған 

кішірейту:  ботақан,  бұзауқан.  Сонда  құра-ай  дегендегі  құра  –  қой 

мағынасында, ай – шақыру одағайы – әй!; Алғашқыда қой-ай! деген қаратпа 

болған» (8, 128). Қ.Жұбанов мұндай уәждемелік, этимологиялық талдауларды 

осы  сияқты  етіп,  басқа  да  одағай  түрлеріне  қатысты  жүргізген.  Бұл 

айтылғандардан  тіл  білімінің  соңғы  кезеңдерінің  жетістіктері  болып 

табылатын  уәждеме  теориясы  мен  этимологиялық  зерттеулер  сабақтастығы 

сонау Қ.Жұбанов еңбектерінен бастау алатындығына көз жеткіземіз.  

Сонымен қатар одағайлардың, әсіресе, көңіл одағайларының айтылуда 



интонацияға  негізделетінін  дөп  басып  айтады.  Ғалым  оны  «ән»  деп  атаған. 

«Ән  –  тілде  көңіл  райын  білдіру  үшін  қажетті  амалдардың  маңыздысы. 



Көңіл  одағайы  көңіл  райын  білдіруге  арналған,  демек,  оның  әнінің  түрі  де 

ала-бөле»  (8,  133).  Көңіл  одағайларының  айтылу  кезінде  әртүрлі 

фонетикалық  өзгерістерге  түсетінін  мысалдар  арқылы  дәлелдеп  көрсеткен. 

Осындай  дыбыстық  өзгерістерден  кейін  түбірге  кірігу  құбылысын  ғалым 

«ұмтыла  үндесу»  (ә  деген  ай!  –  әттеген-ай!)  деп  атайды.  Қазіргі  тілдік 

жүйеде  бұл  сөзжасамдық  заңдылық  «кіріккен  сөздерге»  қатысты 

қолданылады.  



116 

 

Қ.Жұбанов – қандай да болсын тілдік құбылысты бүге-шүгесіне дейін 



зерттеп,  тұжырымды  пікір  айтқан  ғалым.  Ол  одағайлардың  сөйлемде  басқа 

сөздерден  айырықшаланып  тұратындығын  жақсы  аңғарған.  Сол  себепті  де 

«Одағай  сөздердің  тынысқа  қатыстылығы»  деген  арнайы  тақырыпта 

одағайлардың  сөйлемдегі  орын  тәртібі  мен  тыныс  белгілерін  қоюдың 

заңдылықтарын нақты мысалдармен дәйектеп, сипаттаған. 

Бұған  қоса  ғалымның  одағайлардың  шығу  тарихы  мен  жасалу 

жолдарына  қатысты  ой-пікірлері  қазақ  тіл  біліміндегі  жаңа  ғылыми 

парадигмада  тұрған  этнолингвистика,  лингвомәдениеттану  салаларының 

зерттеу  нысандарымен  сабақтасып  жатыр.  Бұған  дәлел  ретінде 

Қ.Жұбановтың  «одағайлардың  дені  әуелде  қаратпа  сөз  болып  жасалған» 

деген  тұжырымына  қатысты  ойларын  айтуға  болады.  Ғалым  былай  деп 

жазады: «Адамдар бұрын табиғат сырының күштерін білмеген. Сондықтан 



олар  табиғатқа  адамша  (жанды  затша)  тіл  қатқан.  Желді  ысқырып 

шақырған,  құйынды  қуалаған,  ауруды  көшірген,  түрлі  жақсылық-

жамандықтың  иесі  бар  деп  түсініп,  оларды  бірде  шошындырып,  бірде 

тамақ беріп ырза қылып отырған. Әр рудың иесі, қорғаны бар деп есептеп, 

соларды  жәрдемге  шақыратын  болған.  Келе-келе  осы  ұғым-түсініктерден 

дін  туған.  Одағайдың  қаратпа  сөзсіз  (шақыру  сөзінсіз)  болмайтыны  –  сол 

әртүрлі  табиғаткүштеріне:  Ай,  Күнге,  малға  т.т.  қарап  сөйлеп,  соларға 

көңіл  айтып,  соларды  жәрдемге  шақырудан  қалған  қалдық.  Кейін  адам 

баласы  оны  ұмытып,  әр  одағай  өзінің  әніне  қарай  түрліше  көңіл  райын 

білдіретін сөз болып кеткен» (8, 135). 

Қ.Жұбанов  еңбектеріндегі  одағай  сөздер  туралы  мақала  жазған 

Е.Дүзмағамбетов  ғалымның  одағай  сөздердің  жасалуына,  шығу  тарихына 

қатысты ойларына жан-жақты талдау жасайды (54, 176-178). Қ.Жұбановтың 

одағай  сөздер  туралы  ой-тұжырымдары  туралы  Е.Қ.Жұбанов  былай  деп 

жазады:  «Жалпы  лексикалық-грамматикалық  тұрғыдан  одағай  сөздердің 

табиғаты профессор Қ.Жұбановтан бұрын да, соң да ғылым тезіне түсіп келе 

жатқаны  мәлім.  Алайда  аталмыш  категорияның  мағыналық  өзгерістері  нақ 

Қ.Жұбановша мүшеленіп талданған емес. Орысша «семантическое членение» 

делінетін  бұл  лингвистикалық  таным  қазақ  тіл  білімінде  әлі  күнге  сіңісе 

алған  жоқ  сияқты  көрінетін  сол  одағай  сөздердің  түпкі  шығу  төркінін 

іздестірген» (55, 177). 

Қ.Жұбановтың  одағайлардың  шығу  тарихына  қатысты  ойлары  алғаш 

1930 жылы Алматы қаласында болған Бірінші бүкіл Қазақстандық өлкетану 

съезінде  жасаған  «Мәнсіз  сөздердің  мағынасы»  («Смысл  бессмысленных 

слов»)  деп  аталатын  баяндамасында  айтылған.  Ғалымның  осы  баяндамасы 

туралы  белгілі  түркітанушы-ғалым  М.Томанов  былай  деп  жазады:  «Одағай 

сөздер  тілдік  ізденістердің  ертеден  келе  жатқан  объектілері  екені  ғылым 

тарихынан  мәлім.  Тіл-тілдің  шығуы,  алғашқы  сипаты  қандай  дейтін  тіл 

білімінің  түбегейлі  мәселесі  де  көп  ыңғайда  одағайлармен  байланысты  да 

қарастырылатыны белгілі. Ондай теорияны қазақ тілі материалдары негізінде 

қостап дәлелдеген, не болмаса жоққа шығарған Қ.Жұбановқа дейін де ешкім 



117 

 

болған емес. Қ.Жұбанов болса, осы баяндамасында тіліміздегі толып жатқан 



мал 

атауларының 

қалыптасуына 

соларға 


байланысты 

айтылатын 

одағайлардың  тікелей  қатысы  барлығын  салыстырмалы-тарихи  жолмен 

дәлелдеп  берді.  Бұл,  әрине,  ол  кезгі  қазақ  филологиясы  үшін  ғана  емес, 

жалпы түркология үшін де жаңалық болғанына сөз жоқ» (24). 

 



1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал