Ұлы дала қыздары Ұлттық



жүктеу 340.27 Kb.

бет1/4
Дата10.09.2017
өлшемі340.27 Kb.
  1   2   3   4

www.kazmkpu.kz

Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады

Тәжірибе 

алмасу 

шеберлікті 

шыңдайды

Мюнхеннен 

келген 

марапат

2-бетте


6-бетте

7-бетте


Ұлы дала 

қыздары

Ұлттық

құндылықтар – 

Түркия төрінде

Бұқаралық спортты дамы­

ту, салауатты өмір салтын наси­

хаттау мақсатында универси­

тет қабырғасында жыл сайын 

өт кізілетін бұл шара 1959 жылдан 

бастау алады. Міне, сол уақыттан 

бері тұрақты түрде өткізіліп келе 

жатқан спартакиада спортқа жаны 

құмар жандардың басын қосып, 

олардың физикалық шеберліктерін 

шыңдап келеді.

Биылғы спартакиадаға өткен 

жылғы ойынның жеңімпазы бо­

лып танылған «Жаратылыстану» 

факультеті командасы бастаған, 

«Университет әкімшілігі», «Өн­

дірістік және экономикалық бөлім» 

командалары мен әрбір факуль­

теттің құрамасы жасақталған 8 

ко манда қатысты. Сайыс эстафета, 

арқан тарту, найза ату (дартс), шах­

мат, үстел теннисі, волейбол, то­

ғызқұмалақ сынды бірнеше спорт 

түр лері бойынша өткізілді.

(Жалғасы 8-бетте)

15 қаңтар күні Ассамблея жы­

лына орай Қыздар университетінде 

Алматы қаласының көшбасшы 

жастарының қатысуымен «Менің 

Қазақстаным!» атты ауқымды 

басқосу болып өтті. Шараның бас­

ты мақсаты – Ассамблея үндеуіне 

үн қосу, ел бірлігін, татулық пен 

ынтымақты ту ету, тұрақтылықты 

нығайту.  

Қазақстанда тұратын ұлттар мен 

ұлыстардың достығы мен бірлігін

ынтымағын паш ететін жылды 

тойлауды алғашқылардың бірі 

болып бастаған Алматы қаласы­

ның Жоғарғы оқу орындардың 

көш басшы студенттері жиын­

да Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 

б и ы л ғ ы   ж ы л д ы   « Қ а з а қ с т а н 

халқы Ассамблеясының жылы» 

деп жария лауына байланыс­

ты «Бір ха лық – бір ел – бір 

тағдыр» бастамасы на үн қосып, 

қазақстандық патриотизм моделін 

нығайту, ұлтара лық татулық пен 

достық қатынас, эт носаралық 

толеранттылық пен қо ғамдық 

келісім тақырыбында сөз қозғады.  

Жастардың ауызбіршілігі 

бастаған маңызы зор жиынды 

Қыздар университетінің ректоры 

Динар Нөкетаева ашты. 

– «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Н а з а р б а е в т ы ң   Ж а р л ы ғ ы м е н 

биылғы жыл «Қазақстан халқы 

Ассамблеясының жылы» деп жа­

рияланды. Бұл – 2015­ші жаңа 

жыл бейбітшілік пен келісімнің, 

татулықтың жылы деген сөз. 

Тарихқа көз жүгіртер болсақ, 

тағдыр тауқыметімен қаншама 

ұлыс өкілдері қасиетті Қазақ жерін 

пана тұтқаны белгілі.



(Жалғасы 3-бетте)

8-бет 


газетінің «наурыз көжесі»

Еңсеңімізді тіктеп, егеменді 

ел болғалы Қа зақстан 

қай қырынан болса да 

қарыштап дамып келеді.

Әсіресе, адамзат баласының 

ұлы игіліктерінің бірі, күллі 

ұлтты тәрбиелейтін білім 

саласында қол жеткізген 

жетістіктер көңілге қуаныш 

ұялатады. 

Мәселен, қазір Елбасы 

Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы 

бойынша құрылған «Болашақ» 

халықаралық стипендиясы 

қазақ жастары үшін – өте 

үлкен олжа. Бертін келе белең 

алып келе жат қан академиялық 

ұтқырлық Tempus, Erasmus 

Mundus, Erasmus Mundus 

Partnership және т.б. айыр­

бастау  бағдар  ламалары  арқылы 

қамта масыз  етіледі.

Еліміздегі іргелі оқу орда­

сы – Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті 

Ұлыбритания, Испания, Гер­

мания, Чехия, АҚШ, Канада, 

Ресей сынды шетелдік жоғары 

оқу орындарымен 80 мемо­

рандум негізінде жұмыс жасап 

келеді.


Ерекше тоқталып өтетін 

бір мәселе, Түркия Респуб ли­

ка  сындағы  алдыңғы  қатарлы 

Нийде университетімен халы­

қаралық ынтымақтастық тура­

лы келісім­шартқа отырғалы 5 

жыл болды.

Туыстас қос елдің универ­

ситеттері арасында келіс сөз­

дердің басты мақсаты – бә­

секеге қабілетті білікті маман 

даярлау, жоғары білімнің Еу­

ропалық аймағына бірігуді 

қамтамасыз ету, академиялық  

әріптестікті жүзеге асыру, 

тәжірибе алмасу әрі бірлескен 

оқу бағдарламарының жоба­

сын жасау.



(Жалғасы 2-бетте)

Ұстаздар шықты жарысқа...

№1 (124)


29 қаңтар

2015 жыл


Қаңтар айының 19-23 күндері Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінде оқытушы-профессорлар мен оқу 

орны қызметкерлері арасында дәстүрлі «Денсаулық» спартакиада-

сы өтті. Шәкірт тәрбиелеп, ғылыми-зерттеулерден бас алмай келе 

жатқан барлық ұстаздар мен қызметкерлер бір сәтке серпіліп, ерекше 

белсенділікпен қатысып, қызықты ойын көрсетті.

2015 жыл  ел бірлігінің, 

бейбітшілік пен келісімнің, 

татулықтың жылы - Қазақстан 

халқы Ассамблеясының 

жылы. Бұл туралы мем-

лекет басшысы Нұрсұлтан 

Назарбаев Қазақстан халқы 

Ассамблеясының 21 сессия-

сында мәлімдеген еді.   

Қазіргі таңда Үкімет Ассам-

блеямен бірлесіп ұлттық 

іс-шаралар жоспарын әзірлеп, 

айтулы датаны еліміз бойын-

ша атап өту 6 ақпаннан баста-

лады десе де, ҚазМемҚызПУ 

жастары бірінші болып қолға 

алып, достық мерекесін той-

лауды бас тап кетті.

ЕЛДІКТІҢ ТҰҒЫРЫ – БІРЛІК



Бет күтіміндегі 

10 қателік

2

2

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№1 (124)

29 қаңтар

2015 жыл

А Қ П А Р А Т



Ғылыми-практикалық іссапар шеңберінде Германияның 

Мюнхен қаласында қарашаның 15-21 күндері аралығында 

«Education and Science Without Borders – Шексіз ғылым және 

білім» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. 

Конференцияға Германия, Франция, Голландия, Австрия, Ресей, 

Украина, Якутия, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан елдерінен 

100-ден аса ғалымдар қатысты. 

дәлелі  ретінде  ынтымақ тас ты­

ғымыздың жалғасы болып табы­

лады.


Туыстас ағайындарымыздың 

төрінде Қыздар университеті 

бөлім­мұражайының өмірге келуі 

үлкен мәртебе. Қазақ ұлтының 

өркениетін, әдебиетін кеңірек 

насихаттау, таныстыруға мол 

мүмкіндік береді. 

Қазақ­түрік бөлімінің ашы­

луын да Мектепке дейінгі оқыту 

және тәрбиелеу маман дығының 

бір топ магистранты қатысып, 

профессор Қазына Аймағамбетова 

мен Нийде университетінің рек­

торы Аднан Гурур лентасын қиды.  

Қыздар университетінің про­

фессоры Қ.Аймағам бетова: «Біз 

өткен жылы «Халықаралық түрік 

ғы лыми­зерттеу  симпозиумы» 

өткізілгеніне  өте  қуа ныш тымыз.

Бөлімнің  ашылуы біздің ынты­

мақ тастығымыздың іргесін одан 

әрі бекіте түсті», – деді.

Осы сапар соңында Нийде 

университетінің ректоры Аднан 

мырза  мен  Қазына Аймағамбетова 

өзара кездесіп,  екі жоғары оқу 

о р ы н д а р ы   а р а с ы н д а   д о с т ы қ 

қарым­қатынастарды дамытуға 

қатысты мәселелерді талқылады. 

Арай ӨТЕЕВА

Ұлттық құндылықтар – 

ТҮРКИЯ ТӨРІНДЕ

(Басы 1-бетте)

Тәжірибе алмасу барысын­

да өткен 2014 жылдың 18­21 на­

урыз аралығында Нийде уни­

верситетінде екі жақты өзара 

білім және ғылыми зерттеулер 

саласындағы ынтымақтастық ту­

ралы келісімшарт негізінде бірлесе 

ұйымдастырған І Халықаралық 

Түркі Әлемі Зерттеулері Симпози­

умына Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті 

қатысқан болатын.

Осы халықаралық симпози­

умнен бастау алған келісімнің 

нәти жесінде күні кеше, яғни 

3­желтоқсанда Нийде универси те­

тінің мәдениет және өнер музейінде 

«Қазақ­түрік» бөлімі ашылды. Бұл 

бөлімнің ашылуына симпозиум 

уақытында Қыздар университетінің 

ректоры Д.Ж. Нөкетаева ұйытқы 

болып еді. Қыздар университетінің 

Әлеуметтік және гуманитарлық 

факультеті Кәсіптік білім кафедра­

сының студенттері шебер қолда­

рымен жасаған қазақи, ұлттық 

нақыш тағы қолөнер бұйымдарын 

сыйға тартты.

Игі бастама екі университеттің 

қарым­қатынасының одан ары 

нығаюына септігін тигізіп, қазақ 

халқы мен түрік елінің мәдениеті, 

тілі және дінінің тамыры тығыз 

байланыста екендігінің айқын 

Қазақстан Республикасы 

Білім және ғылым министрлігінің 

«Жоғары оқу орнының үздік 

о қ ы т у ш ы с ы »   а т а ғ ы н   б е р у 

ж ө н і н д е г і   р е с п у б л и к а л ы қ 

байқау өтті. Байқау «Жоғары 

оқу орнының үздік оқытушысы» 

атағын беру қағидалары мен 

берілген мемлекеттік гранттың 

жұмсалу бағыттарын бекіту ту­

ралы» Қазақстан Республика­

сы Үкіметінің 2012 жылғы 17 

ақпандағы №235 қаулысына 

с ә й к е с   ұ й ы м д а с т ы р ы л д ы . 

Грант жоғары оқу орнының 

оқытушыларына әлемнің жетекші 

университеттерінде шетелдік 

тағылымдамадан өтуге, өздерінің 

ғылыми және білім беру жобала­

рын іске асыруға мүмкіндік береді.

2014 жылы конкурсқа 90 

жоғары оқу орнынан 545 адам 

қатысты. Іріктеу нәтижесінде 

«Жоғары оқу орнының үздік 

оқытушысы» атағына 200 үміткер 

анықталды. Оның 39,5%­ын 

ғылым докторлары, 57%­ын 

ғылым кандидаттары, 3,0%­ын 

PhD докторлары құрады, олар 

техникалық, педагогикалық, 

медициналық, ауылшаруашылық, 

экономикалық, құқықтық және 

т.б.ғылымдар саласынан. Оның 

ішінде Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінің 

профессор­оқытушылары да бар. 

Әлеуметтік­гуманитарлық 

факультетінің деканы, т.ғ.к., 

доцент Ж.Б.Әшірбекова, Қазақ 

филологиясы және әлем тілдері 

факультетінен қазақ тіл білімі 

кафедрасының меңгерушісі, 

ф.ғ.д., профессор Т.Н.Ермекова, 

базалық негізгі және екінші 

шетел тілдері кафедрасының 

меңгерушісі, ф.ғ.к., аға оқытушы 

Е.Қ.Нұрланбекова, орыс тілі 

мен әдебиеті кафедрасының 

меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент 

Б . Қ . Б а з ы л о в а ,   ө н е р   ж ә н е 

м ә д е н и е т   ф а к у л ь т е т і н е н 

музыкалық білім берудің теория­

сы мен әдістемесі кафедрасының 

меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор 

Т.Ә.Қоңыратбай, жаратылыстану 

факультетінен б.ғ.д., профес­

сор м.а. М.С.Құрманбаева, пе­

дагогика­психология факультет 

теориялық және практикалық 

п с и х о л о г и я   к а ф е д р а с ы н ы ң 

меңгерушісі, п.ғ.д., профессор 

Х.Т.Шерьязданова Физика­мате­

матика фа культетінен т.ғ.д., про­

фессор Р.Б.Баймахан, ф.­м.ғ.к. 

Ж.Ж.Қожамқұлова«Жоғары оқу 

орнының үздік оқытушысы» 

мемлекеттік грантының жеңім­

паздары атанды.

«Қыздар университеті» 

газетінің редакциясы грант 

иегерлерін шын жүректен 

құттықтап, шәкірт тәрбиелеу дегі 

еңбектеріне, ғылым жолындағы 

ізденістері мен зерттеулеріне 

толағай табыс тілейді!

Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық универси­

тетінен 4 оқытушы – физи­

ка­математика ғылымдары­

ның докторы, профессор 

А.К.Ершина, педагогика ғы­

лым  дарының  кандидаты,  до­

цент Ә.Қамақ, химия ғы­

л ы м д а р ы н ы ң   к а н д и д а т ы , 

доцент Г.Е.Әзімбаева, филоло­

гия ғылымдарының кандидаты, 

профессор м.а. Г.Қ.Рысбаева 

қатысып, өздерінің ғылыми­

зерттеу жұмыстары бойынша 

баяндама жасады.

Х а л ы қ а р а л ы қ   и н т е ­

грация негізінде ғылым, 

техно логия мен техника ба­

ғыттарын дамыту арқылы 

ғ ы л ы м и ­ т е х н о л о г и я л ы қ 

потен циалдың  өркендеуіне 

әсер ету, ғылыми жобаларды 

жүзеге асыру, үздік ғылыми 

мектептерді дамыту, жастар­

ды ғылымға қызықтыру, жаңа 

зерттеулерге жол ашу, жоғары 

оқу орындарында кешенді 

зерттеу бағдарламаларын да­

мыту,  ғылыми мекемелерді, 

жоғары оқу орындарын зерт­

теу құралдарымен жабдық­

тауды арттыру сынды бірнеше 

ауқымды мәселелерді тал­

қылауға арналған жиын жо­

ғары деңгейде өтті.

Конференция қорытын­

д ы с ы   б о й ы н ш а   е ң   ү з д і к 

ғылыми жұмыстар марапат­

талды. Марапат иелерінің 

қатарында Қазақ мемлекеттік 

қ ы з д а р   п е д а г о г и к а л ы қ 

университетінің оқытушылары 

да бар. Физика­математика 

ғылымдарының докторы, про­

фессор Айнагүл Қапасқызы 

Ершина Европалық ғылыми­

өндірістік консорциум шешімі 

бойынша білім мен ғылым да­

муына әлемдік қауымдастыққа 

үлесін қосқаны үшін «Виль­

гельм Лейбниц» медалімен 

марапатталды. Ал педагогика 

ғылымдарының кандидаты, 

доцент Әбдікәрім Орысбекұлы 

Қамақ, х.ғ.к., доцент Гүлбайра 

Ералықызы Әзімбаева, ше­

тел тілін оқыту әдістемесі 

кафедрасының меңгерушісі 

ф.ғ.к., профессор м.а. Гүлдар­

хан Қалиқызы Рыс баева «Euro­

pean quality – Ев ропалық сапа» 

медалімен марапатталды.

Гүлдархан РЫСБАЕВА,

Шетел тілін оқыту істемесі 

кафедрасының меңгерушісі

Құттықтаймыз!!!

лымдар, балалар әдебиетінің, 

телевизиялық бағдарламалардың 

жай­күйі, медиа мазмұны мен мәні

дамыту жолдары туралы сөз бо­

лып, қатысушылар осы мәселелер 

жөнінде өз ой­пікірлерін ортаға 

салды. Сондай­ақ, басқосу ба­

рысында балаларға арналған 

басылымдардың тәрбиелік си­

паты, мазмұндық құрылымдық 

с а п а с ы н   а р т т ы р у   ж о л д а р ы 

талқыланып, заман талабына сай 

балалардың дамуына жағымды 

әсер, оң нәтиже беретін, саналы 

тәрбиеге жетелейтін бағыттар 

іздеуде пікір­таластар жүргізілді. 

Қорытындысында, ұсынымдар 

даярланып, «Мектепке дейінгі 

балалық шақ» республикалық 

орталығына мектепке дейінгі 

ұйымдарда медиалық қорларды да­

мыту бойынша медиа­ақпараттық 

іс­әрекеттерді жетілдіру, ба­

л а л а р   м е д и а с ы н   қ о л д а н у д ы 

қамтамсыз ететін мектепке дейінгі 

ұйымдарды заманауи интерактивті 

құралдарымен жабдықтау бой­

ынша жұмыс жүргізу міндеттері 

ж ү к т е л д і .   Д ө ң г е л е к   ү с  т е л д і 

жүргізген ҚР БҒМ «Мектепке 

дейінгі балалық шақ» респуб ли­

калық орталығының директоры 

Бижан Құрманғалиқызы Игенба­

ева сөз соңында қатысушылардың 

барлық пікірлері мен ұсыныстары 

еске рілетінін айтып, жиынды тұ­

жырымдады.



Т.Б.БАЙНАЗАРОВА,

Мектепке дейінгі және 

бастауыш білім  кафедрасының 

меңгерушісі

БАЛАЛАР НЕ ОҚЫП, 

НЕ КӨРУДЕ?

Дөңгелек үстел жұмысына 

Қазақ мемлекеттік педагоги калық 

уни вер ситетінің  бірінші  проректо­

ры Б.Әлиев, Педагогика­психоло­

гия  фа   культетінің  деканы,  п.ғ.д., 

профессор С.Жиенбаева, оқу 

орынның мектепке дейінгі және 

бастауыш білім кафедрасының 

меңгерушісі Т. Байназарова, 

Абай атындағы ҚазҰПУ Мектеп­

ке дейінгі және бастауыш білім 

беру теориясы мен әдістемесі 

кафедрасының меңгерушісі, 

п.ғ.д., профессор Ә. Жұмабаева, 

«Айгө лек» балалар журналының 

б а с   р е д а к  т о р ы   Қ . Ә б і л д и н а , 

«Алматыкітап баспасы» ЖШС­

нің Прези денті Г.А.Саймасаева, 

« Б а л а   п а н »   т е л е а р н а с ы н ы ң 

продю сері Г.А.Қарғабаева, «Ба­

лапан»  теле ар насының  режиссері 

А . Ә . С м а ғ ұ л о в а ,   а қ ы н д а р 

Е . Е л е у б а е в   п е н   С . Қ а л и е в , 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру 

орталығының оқу әдістемелік 

д е п а р т а м е н т і н і ң   д и р е к т о ­

ры, академик Ж.Ә. Мақатова, 

Жекеменшік мектепке дейінгі 

ұ й ы м д а р   қ а   у ы м   д а с т ы ғ ы н ы ң 

президенті Л.Е.Күленова, «Дәуір» 

б а с п а с ы н ы ң   б а с   р е д а к т о р ы 

Қ.З.Тәуірбаева және Алматы 

қаласы білім басқармасының ма­

мандары мен мектепке дейінгі 

ұйым директорлары қатысты.

Дөңгелек үстелде қазіргі 

таңдағы еліміздегі балаларға 

арналған журналдар мен басы­

ҚазМемҚызПУ оқытушылары –

грант иегерлері

Мюнхеннен келген 

марапат


3

3

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№1 (124)

29 қаңтар

2015 жыл

Қ А Б І Л Е Т Т І Л І К



(Басы 1-бетте)

Сындарлы кезеңдерді бастан өткерген 

қазақ халқы өз атамекенінде көпұлтты мем­

лекетке айналды. Қашанда татулық пен 

ынтымақты ту еткен еліміз үшін өзге ұлт 

өкілдерімен достық қарым­қатынаста бо­

лып, біртұтастықта өмір сүру маңызды. Ұлт 

Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы халықты 

ұлтына бөліп­жармай, біртұтас Қазақстан 

қоғамын қалыптастыруды мақсат тұтып, 1992 

жылы алғаш рет Ассамблея құру туралы иде­

ясын қалың көпшілікке жариялады. Идея ірі 

мақсатқа ұласып, 1995 жылдың 1 наурызында 

Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Биыл 

ұлтаралық татулық пен қатынасты, біртұтас 

қоғам құру мен түсіністікті басты шарты 

еткен Ассамблеяға – 20 жыл. Осы жылдар 

ішінде Елбасының теңдессіз идеясы әлем 

үшін үлгі болып, жеке дара «қазақстандық 

бренд» ретінде танылды. Әрқашанда бірлік пен 

татулықты сақтауға, алауыздыққа жол бермеу­

ге шақырған Қазақ Елі «Бақыт қайда барасың, 

ынтымаққа барамын» деген әйгілі сөзін 

қалдырған. Сондықтан Елбасы айтқандай, 

«біздің туымыз – бірлік» болуы керек. Тәуелсіз 

Қазақстанның аспаны мәңгі бейбіт бол­

сын. Жерімізден құт­береке қашпай, ұлт пен 

ұлыстың достығы артып, татулығымыз таси 

берсін!» – деп атап өтті.  

Оқу орын басшысы сонымен бірге: 

«Бұл жыл мемлекеттік деңгейде маңызы зор 

мерейтойларға толы. Елбасы Нұрсұлтан На­

зарбаев өз Жолдауында «2015 жыл – ұлттық та­

рихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді 

бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. 

Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан 

халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 

20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын 

атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа 

Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына 

сіңіруде айрықша рөлге ие», – деп ерекше 

атап көрсетті. Бұл жыл Жаңа қазақстандық 

патриотизм моделін нығайтатын, ұрпақ 

тәрбиесінде ерекше рөлге ие болатын жыл 

болмақ. Мемлекеттің бір бөлшегі, біртұтас 

қоғамды құруға атсалысатын, болашақтың 

алтын кілтін иеленетін саналы ұрпақ 

тәрбиелеуге ауқымды үлес қосып келе жатқан 

ұстаздар ұстаханасы – Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университеті де бұл 

маңызды шаралардың ешқайсысынан да қалыс 

қалмайды. Мемлекеттік тыныс­тіршілігі, 

қайнаған өмірінің кішкентай көрінісі біздің 

киелі шаңырағымызда өтіп жатыр. Арман қуып 

әсем Алматыға аяқ басқан қаракөздер Арулар 

ордасына табан тіреп, сапалы  білім алып, 

білікті маман болып шығып жатқандарына, 

міне – 70 жылдан асты. Қазақтың ғана емес, 

қырғыз, өзбек ағайындардан бастап, ұйғыр, 

тәжік, күрд, орыс, украин, кәріс секілді  өзге ұлт 

өкілдері білім алып жатқан тілегі бір қыздарына 

Қыздар университеті үлкен тірекке айналды», 

– деді.  

Одан әрі сөз алған «Мемлекеттік тілге 

құрмет» бірлестігінің төрайымы, Қазақстан 

халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Осман: 

«Бүгін келешегіміздің келісті, Алматының 

бетке ұстар қаймағы жастар бас қосып отырған 

маңызды күн. Бүгінгі таңда Елбасының қойып 

отырған негізгі мақсаты да – ел бірлігі. Ол 

бірліктің тұтқасы да, ұйытқысы да, келешегі 

де жастар деп үміт артып отыр, сол сенімді 

ақтайтындай елдің мықты қайраткері, елін 

сүйген, жерін сүйген азаматтары болыңдар. Ел 

бірлігін пәк қардай асқақтата біліңдер, елдің 

ынтымағына, татулығына ұйытқы болыңдар! 

Қыздар университетінде оқитын көптеген өзге 

ұлт өкілдерінен тұратын сіңлілеріме апалық 

ретінде айтар назым: «Тілді білген адам ғана, 

сол ұлтты құрметтейді, салтына, дәстүріне бой­

лайды», – деді.  

Тіл жанашыры сонымен қатар, құшағына 

барлық ұлтты сыйдырып, бірлік пен келісімде 

өмір сүруіміз Елбасының сарабдал да, салиқалы 

саясатының арқасында деп атап өтіп, бүгінгі 

қоғамда алатын Ассамблеяның рөлін сөзге 

тиек етті.  

– «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 

баршамызға ортақ ұйым. Олай болатын болса, 

Қазақстанның әрбір түкпір­түкпіріндегі елге 

ұғындыру керек. Елбасымыздың барлығымызға 

айтатыны – Барлығымыздың Отанымыз бір 

екендігі. Барлығымыз жұмылып бір мүдде, 

бір мақсатқа жетуіміз керек. Осы орайда 

Ассамблеяның жалпы қоғамдағы, елдегі алар 

рөлі мен маңызы ерекше. Қазақстан халқы 

Ассамблеясы алғаш құрылған күннен бастап, 

елдің бірлігін, халықтардың татулығын сақтап 

қалу үшін әрбір аймақта игілікті іс­шараларды 

атқаруда. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы 

жарастықты Қазақстан халқы Ассамблеясы жас 

ұрпақ арасында ізгі дәстүр ретінде жалғастырып 

келеді. Осы жылдар арасында Ассамблея 

Қазақстан халықтары арасындағы достықтың, 

ынтымақ пен береке­бірліктің дәнекеріне айна­

лып үлгерді. Дана қазақ халқы «Бірлік болмай, 

тірлік болмайды», «Алтау ала болса, ауыздағы 

кетеді» деп тектен­тек айтпаған. Ата­бабалары­

мыз осынау даналық сөздері арқылы соңынан 

ерген ұрпағын татулыққа, ынтымаққа, береке­

бірлікке о, бастан айтқан, үгіттеген. Бұл орайда 

тағы бір айта кететінім, ұлтты ұйыстыратын, 

халықтың басын біріктіретін ең негізгі күшті 

фактор – тіл, мемлекеттік тіл  – қазақ тілі. 

Қанша жыл болды мен айтып келем, үйрету 

емес, ендігі осы мемлекеттік тілді бәріміз соны 

қолданып сөйлеуімізді қалыптастыруымыз 

керек деген болар едім», – деді Асылы Осман. 

Елбасы «Қазақстан халқы Ассамблеясы 

бұл – бейбітшілік мәдениеті мен келісімнің 

іргетасы. Ассамблея ­ бұл барлық азаматтардың 

қ а л а у ы   е с к е р і л е т і н   ж а л п ы х а л ы қ т ы қ 

сипаттағы инновациялық модель. Біздің жас 

демократиямыздың сәтті құралы» деп атап 

Қыздар университетінің оқытушылары мен 

студенттері қатысты. 

Жиын соңында белсенді жастар Қазақстан 

халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай 

арнайы Қарар қабылдады. Онда: «20 жыл­

дан бері Ассамблея табысты қызметінің 

арқасында Қазақстанда этностық немесе діни 

ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың 

Конституциямен кепілдік берілген құқықтары 

мен еркіндігі толығымен қамтамасыз етілген 

этносаралық және конфессияаралық келісімнің 

айрықша үлгісін қалыптастырды. Нәтижесінде 

Қазақстанның көп этностық бай кеңістігінде 

сенім, келісім мен өзара түсіністік орна­

ды. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы 

А с с а м б л е я с ы н ы ң   и н с т и т у ц и о н а л д ы қ 

құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы 

әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының 

маңызды күретамырына айналды.  

«Мәңгі ел» болуға бет алған қазақ елінің 

«алтын» жастары болашаққа үлкен сенім білдіре 

отырып, ұлтының өсіп­өркендеуіне ықпал 

ететін, өркениетті ел азаматы болуға дайындалу­

да. Сондықтан, біз алдымызға нақты міндеттер 

қоя отырып – мықты да бәсекеге қабілетті 

«Мәңгілік Қазақстанды» құру үшін аянбай 

тер төгеміз, барлық жастық күш­жігерімізді 

арнаймыз. Біз, талғамы жоғары, ұлттық рухы 

биік, патриот жастар, «Менің Қазақстаным» 

атты Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 

жылдығына орай міндеттеген тапсырмалар­

ды назарға ала отырып, оның жүзеге асу­

ына белсенділікпен атсалысып, бір кісідей 

жұмылатынына уәде береміз» деп жазылған.

Бүгінде Қазақстан қарқынды дамып келе 

жатқан, қуатты нарықтық экономикасы мен 

дамыған азаматтық қоғамы бар, 100­ден астам 

этнос өкілдері бірлік пен келісімде өмір сүріп 

жатқан әлемдегі демократиялық елдердің 

біріне айналды. Осының барлығы жаһандық 

саяси әрі экономикалық дамудың өзекті тен­

денциялары мен трендтерін қаперде ұстайтын 

Елбасының салиқалы әрі көреген саясатының 

арқасында мүмкін болды. Елбасының  са­

яси көрегендігі Қазақстанды ұлтаралық 

келісімнің арқасында бұрынғы барлық кеңестік 

республикалардың ішінде ең тұрақты мемлекет 

болуына алып келді. Ұлт Көшбасшысының 

тікелей қатысуымен құрылған Қазақстан 

халқы Ассамблеясы респуб ликада қоныстаған 

көпұлтты халқымыздың азаматтық, ашық, 

зайырлы, демократиялық қоғам орнатуға 

бір кісідей жұмылған біртұтас Қазақстан 

халқының толеранттығын, конфессияаралық 

және ұлтаралық келісімін, туысқандық бірлігі 

мен достығын одан әрі дамытып, нығайтуды 

көздеген өз алдына қойған мақсатын абы­

ройлы атқарып келеді. Бұл жетістіктерге 

еліміз қоғамдағы азаматтық келісім мен саяси 

тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, 

сонымен бірге, этносаралық және дінаралық 

қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін 

қалыптастыру саясаты негізінде, Елбасының 

сарабдал ұстанымы арқасында жетті.  

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 

еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері 

жүргізіп келе жатқан ұлтаралық саясаты қазіргі 

таңда әлемдік тарихта өз орнына ие болды. 

Этносаралық үйлесімділіктің Қазақстандық 

үлгісін қалыптастырушы Елбасы ұстанған 

этносаралық келісім саясаты бүгінгі қол жет­

кен экономикалық­саяси мәртебеміз бен 

жетістіктеріміздің алғышарты. Ендеше, Ел 

ішіндегі татулық пен бірлік, ұлттардың өзара 

ынтымақтастығы мен дін аралық үйлесімділігі 

бүгінгі таңда да және болашақта да Қазақстан 

ұстанатын ішкі саясаттағы татулық пен 

бейбітшілік кредосы болмақ.

Елбасы «Толеранттылық пен этносаралық  

татулықты «біздің ел жетістіктерінің бас­

ты сыры» деп айтқандай этносаралық 

үйлесімділікті одан әрі нығайту, халықтар 

арасындағы ынтымақ пен бірлестік тірегінің 

қайнар көзі.          

Біз бүгінгі әлемдік саяси аренада кейбір ел­

дерде болып жатқан ұлтаралық және дінаралық 

кикілжіңдерден бастап, идеологиялық 

және психологиялық күрес алаңына куә бо­

лып отырмыз.  Ал біздің еліміз Елбасының 

ұстанған бейбітшіл саясатының арқасында 

тыныштық пен татулықта. Лайым қашанда 

солай болғай. Ал, бұл тарапта Қазақстан халқы 

Ассамблеясының алатын рөлі зор екендігін 

айтпаса да түсінікті. «Қазақстанның жеткен 

жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің 

арқасы. Сондықтан, қазақтың бірлігі – 

елдігіміздің кілті. Ел бірлігі – ең асыл қасиет» 

деген Елбасы тұжырымы Отанын сүйген әр 

азаматтың жүрегінен орын тебуі керек. 

Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы 

жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол 

болмақ. Ендеше, Тәуелсіздік тұғырын әрқашан 

биік ұстайық, бірлігімізді ардақтай білейік! 

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлік 

жарасымы кемелдене түскей! 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал