Ұлы ақын Қадыр ата нар тұлға, Әрқашанда жақын жүрген халқына



жүктеу 316.24 Kb.

бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі316.24 Kb.
  1   2   3

№ 2 (234)

21 қаңтар

2016 жыл

Ақынын ұлықтады 

Ақжайығы

  Қадыр атаға 

арнау

Ұлы ақын Қадыр ата нар тұлға,



Әрқашанда жақын жүрген халқына.

Ойлы, мәнді сөзіменен нақылын

Қалдырды мол қазына артына.

Әр сөзіңнен құдыретті сыр ұқтым,

Өзіңді ата ұрпақ қалай ұмытсын?

Өлеңменен жырларыңнан аташым,

Астарынан мың сан сырды мен ұқтым.

Елім деп елжірейді әр қазағы, 

Бүгінде ақын рухы асқақтады.

Әр перзент жүрегімен сырласатын,

Орталығы өз елінен орын тапты.

Жырларыңнан бал шырын емген елі

Сондықтан  Қадыр - қазақ кемеңгері.

Нақышы мәңгілікке ескермейтін,

Қадырдың биік тұрар  өлеңдері.

ӘЛИЯ ТІНАЛИЕВА

Облыстық   экологиялық-биологиялық

Орталығының үйірмесінің мүшесі

Қадыр  Мырза  Әлі  атындағы  мәдениет  және  өнер 

орталығында қазақтың дарабоз ақыны, Қазақстанның Халық 

жазушысы  Қадыр  Мырза  Әлінің  туған  күніне  арналған 

«Қазыналы Қадыр әлемі» атты ашық есік күні өтті.

Салтанатты шараға БҚО «Нұр Отан» партиясы төрағасының 

бірінші  орынбасары  С.Сүлеймен,  қала  әкімінің  орынбасары 

М.Сатыбалдиев,  ақын  Ақұштап  Бақтыгереева,  облыстық 

мәдениет,  мұрағаттар  және  құжаттама  басқармасының 

басшысы  Дәулеткерей  Құсайынов,  Қазақстан  Журналистер 

одағының  мүшелері  Базарғали  Қуатов,  Жолдығұл  Өтегенов, 

Тихон  Әліпқалиев  және  басқа  да  өңір  зиялылары,  ұстаздар, 

оқушылар  мен  студенттер  куә  болды.  Шараны  ақын 

атындағы  мәдениет  және  өнер  орталығының  директоры 

Д.Қажымов салтанатты түрде ашып, атаулы күн есігінде қала 

мектептерімен ақынның туған жері Сырым ауданынан келген 

оқушылардың қатысуымен «Сұлу сөздің сәйгүлігі» атты Қадыр 

оқулары ұйымдастырылды. 

БҚО «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары 

С.Сүлеймен  ақынның  балаларға  арналған  «Балаларға 

базарлық» кітабының тұсауын кесті. Ақын шығармашылығын 

насихаттап  жүрген  Қазақстан  Республикасы  Журналистер 

Одағының  мүшесі  Рафхат  Халеловтың  алғашқылардың  бірі 

болып  Қадыр  ақынның  медалімен  марапатталғанын  көріп 

бала газеті атынан шын қуандық. 

Әдеби  шара  соңы  орталық  кітапханашылар  Ақсұлу 

Әлменова  мен  Алмагүл  Нұрсалина  және  №44  ЖОББМ-нің 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  ұстаздары  Ләззат  Сейтімова 

және  Самал  Аминовалардың  бірлесе  жасаған  «Қара  сөзді 

Қарагері»  атты  тәрбие  сағатымен  және  кітап  көрмесімен 

жалғасты.  Бұл  шараға  5-8  сынып  оқушылары  қатысып, 

көрермендерге Қадыр ағаны жырларын жырлап, ұлы атамызға 

арналған  өздерінің  төл  туындыларын  оқып  берді.  Әрі  қарай 

№6  «Шолпан»  балабақшасының  бүлдіршіндері  «Сәбилер 

әлемі»  атты  әдеби-сазды  бағдарламаны  бәрінің  назарына 

ұсынып, өздерінің бал тілімен ақын өлеңдерін өрнектеді. 



ҚАРШЫҒА  ҚАЛҚАН

Қазақ жырының – 

Қадыры

Қазақ  әдебиетінде  алатын  орны  ерекше, 



халқымыздың  аяулы  ұлы,  ақиық  ақын  Қадыр 

Мырза  Әлінің  туған  күніне  орай  №2  Балалар 

кітапханасында  №28  «Қарлығаш»  мектепке 

дейінгі мекеменің «Ақ бота» ересектер тобының 

бүлдіршіндерінің қатысуымен «Қазақ жырының 

Қадыры» тақырыбында поэзия сағаты өтті.

Шараны кітапханашы кіріспе сөзімен ашып, 

жас  оқырмандарға  ақынның  өмірбаяны  мен 

шығармашылығы жайында түсінік берді.

Туған  жеріне  деген  ыстық  ықыласы  мен 

махаббатын жыр жолдарымен білдірген  Қадыр 

Мырза-Әлі  біздің  жерлесіміз.  Оның  өмір  бойы 

қолынан жүйрік қаламы түспеген үлкен дарын, 

талант  иесі.Қадыр  атамыздың  әзіл  әңгімелері 

және өлең жинақтарымен бірге басқа тілдерден 

тәржімеленген аудармалары бар.

Балалар 

ақын 


шығармашылығындағы 

мысалдармен, 

жұмбақтар,нақыл 

сөздер 


бойынша 

ақпараттармен 

таныстырылды.

Қадыр  атамыз  балаларға  арнап    көптеген 

жаңылтпаштар, 

санамақтар, 

өлеңдер 

жазған.  Ақынның  өлеңдерін    өз  кезектерінде 

бүлдіршіндер  жатқа  айтып  берді.  Шукина 

София «Мысық», Тевяшов Артем «Туған жер», 

Ерманова  Айару  «Қыс»,  Ворфолаева  Ясмина 

«Жылан».  Қаншама  жанды  қара  өлеңмен 

жұбатып  халқының сүйіспеншілігіне  бөленген 

қайталанбас  тұлға  Қадыр  ағамызға  арналған 

поэзия  сағаты  кішкентай  бүлдіршіндердің 

бойына рухани нәр, отаншылдыққа қуат берді.

Кітапханашы 

кітап 


көрмесіне 

шолу 


жасап,қордағы ақын кітаптарымен таныстырды. 

Тағылымды шара бүлдіршіндердің «Атамекен» 

әнін орындауымен аяқтады.

А. АЙСАҒАЛИЕВА

№2 Балалар кітапханасының 

кітапханашысы

               Орал қаласы

«Өмірдің айтпа дегенін, өлеңге айтып қойыппын...»

  Қазақтың  көрнекті  ақыны,  мемлекеттік  сыйлықтың  иегері  Қадыр  Мырза-Әлі  туған  күнін  еске  алып,  өлеңдерін  өскелең 

ұрпақ мәнерлей нақышына келтіре жатқа айтып, ақынның өмір жолы мен шығармашылық тағдырын танып, Қадыр мұрасының 

мәңгілігін сезіндіру үшін  кітапханамызда  әдеби кеш өтті. 

 Оқушыларымызды поэзияны сүюге, патриоттылыққа, адамгершілікке 

баулуда  ақынның  әр  шығармасы  рухани  азық,  талмас  қанат.  Әдеби-

сазды  кешімізде  жас  өрендер    «Өмірдің  айтпа  дегенін,  өлеңге  айтып 

қойыппын...»  деп  айтып  кеткен  ақынның  бір  топ  өлеңдері  мәнерлеп, 

жатқа оқылды. Мәселен, «Мен Қадырмын», «Мазалайды», «Шыдаймын 

ғой,    қайтейін  өлсемде  енді»,  «Бәрі  де  ана  бір  өзіңнен  басталды», 

«Студенттер»,  «Алтын»,  «Пушкин  және  дала»,  «Домбыра»,  «Бір  үзім 

нан», «Қадалар жанға мың қайғы», «Қабат-қабат бұлт төнсе де басыңа» 

өлеңдері  оқылып, ақын өмірінен   кең мағлұмат  беріліп,  «Қазағымның 

Қадыры»    атты  кітап  көрмесі    оқырмандарға  таныстырылды.  Әдеби 

кешімізді  Асылжан  Хайреденовтың  орындауында  ән:  «Атамекен» 

орындалып, хормен аяқталды.



Айнагүл ЕРЖАНҚЫЗЫ

А.Хұсайынов атындағы ЖОББМ-нің кітапханашысы

Жұлдыз ауылы, Казталов ауданы

Есенжанов Хамза Ихсанұлы

(25.12.1908, 

Батыс 

Қазақстан 



облысы Ақжайық ауданы – 5.12.19746 

Алматы) — жазушы. 20 ғасырдың 30-

жылдары  республикалық  басылым-

дарда    “Өлеңтінің  жағасында”, 

“Қызылқұмақ”, “Күшке — күш” сияқты 

әңгімелері мен “Жершарында” атты 

пьесасы жарияланды. Жазушының 

басты  шығармасы  —  “Ақ  Жайық” 

трилогиясы (1-кіт., 1957; 2-кіт., 1959; 

3-кіт.,  1965)  Есенжанов  өмірінің 

соңғы  жылдары  “Қартқазақ”,  “Жайынілерде”,  “Жар”, 

т.б.  әңгіме,  очерк,  әдеби-сын  мақалалар  жазды.  1978 

—  1981  жылдары  жазушының  6  томдықшығармалар 

жинағы  жарық  көрді.Сонымен  қатар  бастауыш,  орта 

мектептер үшін оқулықтар жазды.

Қаламызда  Хамза  Есенжанов  атындағы 

Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 

бар.


№2 (234)    21.01.2016 ж.

2

Ағымдағы ақпарат

«Бөбекжай мен отбасы арасындағы 

ынтымақтастық»

Өмірге іңкәр өрендер

«Бала  тәрбиесі  –  өнер,  жеке  бір  ғылым  иесі  болуды  тілейтін  өнер»,  -  деген  екен 

М.Жұмабаев. Балалар  тәрбиесіне  қай  кезеңде  болса  да,  қай  елде, қай  ұлтта  болса да  

үлкен  мән  берілген  ғой. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбиенің 

тұжырымдамалық  негізінде  балалар  мен 

жасөспірімдердің  бойында  позитивті  өмірлік 

ұстаным қалыптастыру бойынша шараларды 

ұйымдастыру № 45 орта жалпы білім беретін 

мектебінде  де  жүзеге  асырылуда.  Соның 

бірі  ретінде  4  «в»  сыныбында  өткен  «Мен 

өмірді  таңдаймын!»  атты  тәрбие  сағатын 

айтуға  болады.  Сыныптан  тыс  шарада 

оқушылар  өздеріне  берілген  тапсырманы 

ыждағаттылықпен  орындап,  екі  жүргізуші 

Дильназ  бен  Гүлназ  бұлт  басқан  күннің 

көзін  оқушыларға  ізгі  қасиеттерді  көрсететін 

сұрақ  қою  арқылы  ашты.  Оқушылар  сабақта 

бір-біріне  игі  тілектер  айтып,  өмір  туралы  нақыл  сөздердің  мағынасын  ашып,  ақшаға  сатып 

алуға болатын дүниелер өмірдің кереметтері емес екендігін және тамаша өмір сүрудің мәнін 

түсінді. Бізді осындай жарқын өмірге әкелген аналарымызға  арнап ән шырқады. Одан кейін 

психологиялық кеңесшілерге сөз беріліп, поэзия минутында балалар не жақсы, не жаман екенін 

ұғынды. Балалардың әлеуметтік бейімділік, белсенділік, тұрақтылық сынды сапалық қасиеттерін 

қалыптастыру бағытында ұйымдастырылған шарамыз өз нәтижесін берері сөзсіз. 



                 Б. БОРАНБАЕВА

№ 45 ОЖББМ-нің  бастауыш сынып мұғалімі



Бағбаны бала жанының

       Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі  педагогиканың мәселелерін 

шешуде  тәрбиелеу  мен  білім  берудің  жаңаша  жетілдірілген  әдіс-тәсілдерін 

іздестіру,  үнемі  жаңалыққа  жол  ашу  бала  тәрбиесінде  жүрген  жандардың  басты 

міндеті.  Жас  ұрпаққа  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен    білім  берудің  негізгі  сатысы 

балабақша. Білген жанға тәрбие осы ұжымнан басталады. Меңгерушіден бастап 

тәрбиешіге  дейінгілердің  барлығы  бүлдіршіндердің  болашағы  мен  білімділігі  үшін  барын  салады. 

Сондай жандардың бірі әріптесіміз - Абатова Рузия Хамитқызы. Балабақшаның тәрбиешіліген бастап, 

меңгерушісінен аудандық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша әдіскері 

лауазымына дейін көтерілген қарапайым жанның қадірін ел-жұрты біледі.

    «Кәсібің – нәсібең» - дейді қазақ даналығы. Шын жүрекпен қалаған кәсіп арқылы ғана жемісті еңбек 

арқылы өмірлік несібеңді, абырой беделіңді, қоғам алдындағы  құрметіңді еселей аласың.  - Тәрбиеші 

–  жай  ғана  мамандық  емес.  Ол  адам  бағдарын  жасаушы,  келешек  ұрпақтың  сәулетшісі.  Балабақша 

жұмысы  жауапты  әрі  қызықты.  Жауаптылығы  сол  -  Отанның  лайықты  тұлғаларын  қалыптастыруда 

ең алғашқы темірқазық болатын - мектепке дейінгі мекеме. Қызықтылығы сол- жас бүлдіршіндермен 

араласып, олардың тәтті қиялынан туындайтын әр сөзді, олардың бала көңілімен ұштасып шығатын 

әр іс-қимылын күнделікті көзбен көрудің өзі ғанибет,-дейді әріптесіміз. Ол бүлдіршіндер жүрегіне жол 

тауып,  тәрбие  мен  білім  берген  балабақша  бағбаны.Мектепке  дейінгі  оқыту  мен  тәрбиелеу  үрдісін 

ұйымдастыру бағытында аудан, облыс, республика көлемінде таратылған озық іс-тәжірибесімен жас 

буынға үлгі.

Мейірімділігімен айналасын мереке жасайтын жанарынан мәңгілік нұр шуақ төгілген Рузия Хамитқызы 

бүгін де отағасы Ерсайын ағаймен, екі ұлынан өрбіген  немерелерінің қызығына бөленіп отыр.Елу сегіз 

жасқа  толған асыл әжені шын жүректен  құттықтаймыз. Деніне саулық, отбасына амандық тілейміз.

Жәнібек аудандық білім беру бөлімі 

  мен мектепке дейінгі мекеме ұжымдастары

«Абайдан қалған өшпес мұра»

 

Абай десе  елеңдемейтін адам жоқ. Дана Абайдың 170 жылдық тойына шалғай 



жатқан ауылдың шамшырақтары С.Есетов  атындағы ОЖББ мектебінің  ұстаздар қауымы  

ақынның  шығармаларын    ой  елегінен  өткізу 

мақсатында кітапханада «Абайдан қалған өшпес 

мұра» атты шара өткізілді.

Абайдың  қара  сөздеріненн  алынған      тәлім-

тәрбиені  ұрпақтары  бойына  сіңіру, заманымыздың 

ойшыл біртуар  ақыны  Абай мұрасын насихаттау 

шарасында  оқушылар  ақын  өлеңдерін  оқып, 

ақынның    кітаптарынан,    ұлағатты    сөзерінен, 

«Жидебайдағы    мұражайынан»,  томдарынан 

үлкен  көрме  жасақталып  жаратылыстану  

математика бірлестігі дайындаған   ақын туралы  

слайд көрсетілді.

Өздерінің    жақсы  дайындықтарын  көрсеткен  әр  бірлестік    мүшелері  дипломлармен 

марапатталып, өзін-өзі тану  пәнінің   оқытушысы  Беккалиева Алмира  Бақытжанқызы  әр 

бірлестікке  демеушілік көрсетті. 



Баян ХАМИДУЛЛИНА

С.Есетов атындағы ОЖББМ-нің кітапханашы

Казталов ауданы

Мастер-класс  



« Нетрадиционные  способы 

рисования

» для воспитателей ДО города

Все дети любят рисовать. Творчество для них это отражение душевной работы. Чувства, разум, глаза 

и руки – инструменты души. Сталкиваясь с красотой и гармонией мира, изведав при этом чувство восторга 

и восхищения, они испытывают желание “остановить прекрасное мгновенье”, отобразив свое отношение к 

действительности на листе бумаги. Рисование для ребенка – радостный, вдохновенный труд, к которому его 

не надо принуждать, но очень важно стимулировать и поддерживать малыша, постепенно открывая перед 

ним новые возможности изобразительной деятельности. 

Полагаю, что предоставленные виды рисования помогут интересно организовать 

творческий процесс на занятиях изобразительной деятельностью.

Нетрадиционные    способы  рисования:  кляксография,  рисунки  из  ладошек, 

пальчиков,  отпечатки  листьев,  пробок,  оттиск  печатками  из  овощей,  рисование 

ватной палочкой, мыльными пузырями, смятой бумагой, печать по трафарету, тычок 

жесткой кистью, свеча и акварель, оттиск поролоном; восковые мелки и акварель, 

гратаж, монотопия, ниткография, набрызг, пластилинография.

Сегодня я познакомила  Вас лишь  некоторыми  нетрадиционнымиспособоми 

рисования.  Надеюсь,  использование    их  в  работе  с  детьми    позволит    сделать 

занятие по изобразительной деятельности  более  интересными, насыщенными и 

разнообразными.



ДАРИЯ АЙТМУХАМБЕТОВА

ВоспитательДО №13 «Золотой ключик»

Орал қаласы

«Өзгені үйрете отырып, өзіміз де 

үйренеміз» 

«Өзгені  үйрете  отырып,  өзіміз  де  үйренеміз»  тақырыбында  мектебімізде 

семинар-практикум өтті. Семинардың негізгі мақсаты  білім беру жүйесінің жаңаруы 

талаптар  үрдісінде  бірлесе  жұмыстану  арқылы 

білім  аймағын  құру.  Семинарға  мектептегі    барлық 

мұғалімдерқатысты.  Семинар  барысында:  «lesson-

study»  әдісі  туралы,    «lesson-study»  мектеп  өміріне 

енгізу  жөнінде    І  деңгей  бойынша  сертификатталған 

мұғалім  А.Альжанова  түсіндіріп  өтті.  «Орта  мерзімді, 

қысқа  мерзімді  сабақ  жоспарларын  әзірлеу  әдісі» 

бойынша  ІІІ  деңгей  бойынша  сертификатталған 

мұғалім Н.Сүндетқалиева түсіндірді. ІІІ деңгей бойынша 

тәлім  алушы  А.Қоңыршиева  мен  Г.Рамазанова 

«Мен  қалай  өзгердім?»  тақырыбында  өздерінің  оқып 

үйренген  әдіс-тәсілдері  бойынша  әңгімеледі.  «Маған  жай  айтсаң  -  ұмытамын, 

көрсетсең - есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң - үйренемін» - 

деп қытай данышпаны Конфуций айтқандай, ұстаз өз білімімен, тапқырлығымен, 

біліктілігімен ерекшеленеді. Семинар барысында практикалық жұмыстар, сергіту 

сәттері ұйымлдастырылды. Ұжымдық қарым-қатынас арқылы кәсіптік білімімізді 

көтеру  бағытында  өткізілген  семинардың    ұстаздарға  әдістемелік  көмегі  мол 

болды. 

Г.ИМАНҒАЛИЕВА

 Қаракөл ЖОББМБ-ның оқу-ісі меңгерушісі 

Қаратөбе ауданы

  І.Есенберлин-тарихи сананың тамыршысы

№27 физика-математика бағытындағы гимназияда Орал қалалық орталық кітапханасы «Көшпенділер әдеби-

тарихи шығарма» тақырыбында әдеби кеш өткізді. «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы, жыл кітабы ретінде, 

бүкіл ел болып оқуға І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалды. 

Кештің мақсаты жазушының өмірі мен қызмет жолдарына таныстыру. 

Классик  жазушы,  сөз  зергері  І.Есенберлиннің  «Көшпенділер» 

трилогиясы  талқылауға:  Сайлыбаев  Ерболат,  Жақсыгереева  Айнұр, 

Даулетқалиев  Айбар,  Мыңжасова  Ботакөз,  Меңдығалиева  Мукарима 

трилогия  бойынша  «Алмас  қылыш»,  «Жанталас»,  «Каһар»  сияқты  үш 

кітаптан  тұратын  «Көшпенділер»  романын  талқылап  ортаға  салды. 

Қазақ  тілінің  маманы  Бақтығалиева  Аймекен  Бақтығалиқызы  кітапханаға  өз 

ризашылығын білдіріп, көркем әдебиетті оқу - білімді жастар үшін қажеттілік –десе,  

өз сөзінде, Г. Маликова «І.Есенберлин-тарихи сананың тамыршысы» атты тақырыптық кітап көрмесіне шолу өткізді. 



Л. ТАУБАЕВА

                                                                       Орал қалалық  орталық кітапханасының  абонемент бөлімінің 

кітапханашысы Орал қаласы

Көңілді  Жайдарман

Мектебімізде күзгі демалыс кезінде 5-10  сыныптар аралығында КТК «Жайдарман» 

ойынының  І  кезеңі  басталған  болатын.  Ойынға  әр  сыныптан  командалар  қатысып, 

бақтарын  сынады.  Ойынның  І  кезең  нәтижесінде  нашар  ойнаған  6б  сыныбы  «Әзіл 

кештер», 7а сыныбы «Бірлік»ойыншылары шығып қалды. Ойынның жалғасы ІІ кезең  

қысқы демалыс кезінде өз  шешімін  тауып,қазылар алқасының ұйғарымы бойынша «Үздік 

ойыншы» аталымы 5сынып «Күлкі мекені» , І орын «Жайдарлы жастар»10cынып , ІІ орын  

«Керемет»  9сынып  ,  ІІІ  орын  «Жаңа  күш»6а  сынып  

командалары  қанжығасына  байлады.    Мектебіміздің 

мақтаныштары  облыс  аудан  көлеміне  танымал 

«Қалдығайты  жастары»  командасы    әзілдерімен 

ойынды өз  мақсатына жеткізді.Мәдениет үйінде халық 

лық толы болды. Ойын соңында ата- аналар атынан 

Злиха  әжей  аналық  алғысымен  ризашылық  сезімін 

білдіріп, болашақтарына сәттілік  тіледі.  

                                              С.АРОНОВА

                                             Қалдығайты ЖОББМнің

музыка пәнінің мұғалімі, Қаратөбе ауданы

Балабақша-бүлдіршінді  қызықты  ересек  өмірге 

бастайтын саты.

Бұл  оның  білім  алу,  адамдармен  қарым-қатынас 

жасау  ғимараты  салынатын    болашағының  іргетесы. 

Ата-анамен  бірлескен  жағдайда  ғана  тірбиенің  тал 

бесігі  қалыптасады.  Осы  мақсатта,  №  41  «Ақтілек» 

бөбекжайында жалпы ата-аналар бас қосу өтті. 

Бөбекжай директоры А.Исенбаева ата-аналарды жаңа 

жыл  мерекесімен 

қ ұ т т ы қ т а п , 

ұжымның  алдағы 

атқарылар 

іс-


ж о с п а р ы м е н 

жиналушыларды 

таныстырғаннан 

кейін,    музыка 

ж е т е к ш і с і 

Р.Кушалиеваның 

ж е т е к ш і л і г і м е н  

тәрбиеленушілер ата-аналарына музыкалық сәлемдеме 

жолдады. Мұнан соң,  бөбекжай әдіскері  А.Жүнүсованың  

«Ата-аналардың 

құқықтарымен 

міндеттері» 

тақырыбындағы  баяндама жасады.

Бөбекжай психологі  Ж.Тұякова «Мектеп жасына дейінгі 

балаларға  құқықтық  тәрбие  беру»  туралы  сауалнама 

жүргізіп,ата-аналармен  «Сиқырлы  сандықша»  іскерлік  

ойынын    өткізді.  Жиналыс  барысында    бөбекжай 

тәрбиешілері    өз  жұмыстарының  нәтижесі  ретінде  әр 

топтың балаларымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен  

үзінділер  көрсетті.  Онда  тәрбиеші  Г.Измухановамен   

ІІ    кіші  топтағы    ертеңгілік  жаттығуынан  басталып, 

«Балапан»  І  кіші  тобындағы  Сенсорика    тәрбиеші-лері 

А.Бектурганова  мен  А.Отарова  және  «Еркемай»тобы 

тәрбиешісі  Р.Хамзина  «Жапалақтап  қар  жауды»  сурет, 

ІІ  кіші  «Тұлпар»тобы  тәрбиеші  А.Кошбаева«Шыршаны 

безендірейік» жапсыру,менің ұлымның  ортаңғы  «Ақбота» 

тобы  тәрбиешісі  А.Канатова  «Математика  ертегілер 

елінде» тақырыбында көріністерін  көрсетті. 

Бұл бас қосудан біз кейде жұмыс бастылықпен бала 

тәрбиесіне көңіл бөле алмай жататынымызды да жасыра 

алмадық.  Ата-аналар  атынан  «Ақтілек»  бөбекжайы-

ның    атқарып  жатқан  игі  істерін  көріп,  ризашылығымды 

білдіремін. Жаңа жылда да еңбектеріңіз жемісті болсын. 

№41 балабақшаның

«Ақбота» тобының тәрбиеленушісі

ЕЛЖАН ҚАЛИМОВТЫҢ ата-анасы


№2 (234)    21.01.2016 ж.

3

Тәуелсіздік – тәңір берген тәтті сый

Тәуелсіз елім - 

тұғырлым

Еліміздің  Елбасы,  қазақстан 

үшін,  қазіргі  әлем  үшін  қайталанбас 

дара тұлға екені мәлім. Тоқсаныншы 

жылдардың басы еліміз үшін аса бір 

белесті  әрі  сындарлы  кезең  болды. 

Сол  нағыз  қысылтаяң    тар  кезеңде, 

ел үшін аянбай еңбек етіп, тер төгіп, 

сарабдал  саясатымен  Тәуелсіздікке 

енді  ғана  қадам  басқан  қазақ  елін 

келешекке  сеніммен  алға  бастады. 

Бүгінгі заманның нағыз көшбасшысысы Нұр – атаның 

нұрлы жолына әлем халқы қызыға қарайды. 

Мен  бақытты  ұрпақпын.  Сізге,  ұлтымызды  сүйген, 

халқымыз қапысыз таңдаған Президентімізге, толағай 

табыстар,  мұқалмас  жігер  мен  мықты  денсаулық 

тілейміз. Қазақ елін өркендетер келешек ұрпақ атынан 

зор ықыласымыз бен алғысымызды қабыл алыңыз.



ДАНА СЕРІК

       Бударин ЖОББМБ-ның 10-сынып оқушысы, 

«Жас ұлан» ұйымының  ұланбасы

Ақжайық ауданы

Я буду президентом

Когда  я  вырасту,  я  буду 

президентом своей страны. Я буду 

защищать права своего народа.

Для 

того, 


чтобы 

стать 


президентом,  я  должна  закончить 

школу  на  «отлично»,  университет 

на «красный диплом».

Ведь президентом должен быть 

умным и всесторонне развитым. Он 

должен  хорошо  знать  экономику, 

финансы,  сельское  хозяйство. 

Президент  должен  заботиться  о 

своём народе, ведь народ избирает своего президента,  

как избрали нашего президента Нурсултана Назарбаева.     

Наш президент дружит  с другими  государствами  и у 

нас нет войны. Мы живём в мире и согласии со всеми 

другими странами, особенно с соседями. 

Я  буду  стараться    в  учёбе  и  добьюсь  успехов,    и 

может  быть кто-то из нас станет президентом.

Назар НҰРКЕНҚЫЗЫ

  СОШ им ЧАПАЕВА, 3 

«в»

 класс


Акжайкский р-н

Ұлы той


    Қазақ халқына тәуелсіздік оңай келген жоқ. Осы жолда 

атамыздың  қаны,  анамыздың  көз  жасы  төгілді.  Ыбырай 

Алтынсарин  атамыз  «Талабы  біреу  салып  берген  тар 

шеңбердің қыспағына көне алмайды» - деген екен.

    16 желтоқсан күні алаңға алғаш рет қазақ жастары Кеңес 

Одағының  қыспағына  қарсы  шықты.  Қазақтың  ұл-қыздары 

қуғынға  түсіп,  айдалып,  тағдыр  тауқыметін  бастан  өткерді. 

Қазақтың батыр ұлы Қайрат Рысқұлбеков, батыр қызы Ләззат 

Асанова  сынды  тағы  басқа  жастарымыз  бастарын  қатерге 

тікті.


    Аға-апаларымыздың арқасында  біз Тәуелсіздік –Ұлы 

тойымызға жеттік.



Алуа ТАУБАЙ

№20 ОЖББМ-нің  3 «б» сынып оқушысы

Орал қаласы

Тәуелсіз елім – 

жүрегім

Тәуелсіздік  жолы-  азамат  жолы.  Егемен 

елдің    азаматы-  арлы,  зейінді,  пейілді, 

патриот  жан.  Тәуелсіздік  жолы-  үміт  жолы. 

Біздің  тәуелсіз  ел  болғанымызға  -24  жыл. 

Тәуелсіздік-  тәу  етер  жалғыз  кие.  Дүниедегі 

тәуелсіздікті, 

бостандықты, 

теңдікті 

аңсамайтын  адам  да,  халықта  жоқ.  Біздің  егемендігіміз  бен 

тәуелсіздігіміз-  тек  бір  ұрпақтың  ғана  еңбегі  емес,  барша 

ұрпақтардың  еңбегі.  Басты  мұрат-  қолымызға  қиындықпен 

түскен  тәуелсіздік  туына  мейлінше  бекем  болу.  Тектілердің 

тұяғы  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  ерен  еңбегінің  арқасында 

халқымыз- тыныштықта, Отанымыз еркіндікте. Аз ғана жылда 

аспанның астын жайнатып, Астана- шаһарын тұрғызды. Елдің 

бірлігі артып, берекесі кірді. Іргеміз тыныш. Түндеріміз- бейбіт. 

Күндеріміз нұрлы.

Самұрық құс көлбей қағып қанатты,

 Қонды келіп Бәйтерекке дарақты.

 Шаңқылынан бүкіл дүние оянып, 

Елімізде Тәуелсіздік таңы атты.




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал