Лекеттік педагогикалық институты «Ежелгі және орта ғасыр тарихы» кафедрасы А. М. Сыздықова ертістің Павлодар өңіріндегі археологиялық ескерткіштерi Оқу құралы Павлодар



жүктеу 262.54 Kb.

бет1/3
Дата01.04.2017
өлшемі262.54 Kb.
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Ежелгі және орта ғасыр тарихы» кафедрасы

А.М. СЫЗДЫҚОВА

Ертістің Павлодар өңіріндегі 

археологиялық ескерткіштерi

Оқу құралы

Павлодар


УДК 904 (574. 25)

ББК


63.2К

С 94


Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының

Ғылыми кеңесiмен ұсынылды



Рецензеттер:

Ж.О. Артықбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор

Қ.Г. Даркенов, тарих ғылымдарының кандидаты

А.М. Сыздықова

С 94

Ертістің   Павлодар   өңіріндегі   археологиялық   ескерткіштерi:  Оқу   құралы.  – 

Павлодар: ПМПИ, 2006. – 28 бет.

ISBN 9965-410-98-4

Бұл   оқу   құралында   тарих   ғылымының   бір   саласы   археология   ілімінің 

нені   зерттейтіндігі   және   археологиялық   ескерткіштердің   түрлері   туралы 

түсінік   беріліп   ғана   қоймай,   Ертістің   Павлодар   өңіріндегі   археологиялық 

ескерткіштерiнің   кезендеріне,   тарихына   және   оның   Қазақстан   және   бүкіл  

дүниежүзілік мәдени мұралардан алатын орнына жан-жақты баға берілген.

ISBN 9965-410-98-4

ББК 63.2К

( )

06

05



00

0504000000



С

© А.М. Сыздықова, 2006.

© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2006.

2


КІРІСПЕ

Адам   өз   өмірінде,   туған   жеріне   деген   азаматтық 

жанқиярлық   сүйіспеншілік   сезімін-анасының   сүтінен   нәр 

алғандай:   тарих   естеліктерінен,   ата-тегінің   тарихына 

байланысты   ой-санасы   мен   өрісінің   негізінен   алатындығы 

ақиқат.


Тарих   халық   үшін   –   рухани   сана-сезімінің,   табиғаттың 

заңды жолдарымен бекіп, дамуының айнымас берік тірегі. Әр 

халықтың мәдениетінің гүлденіп, дамуы өткен тарихына зейін 

салып,   одан   сабақ   алуына   байланысты.   Ескіні   алу,   жаңаны 

қабылдамау емес, өткенді дұрыс сараптап түсіну. Бұл дамудың 

кідірісі   деуге   болмайды,   бұл   алға   басудың   айқын   жолы, 

куәгері.

Адамзаттың   тарихын   оқып   зерттегенде   әрқилы   ғылым 

салаларының жетістіктері қолданылып, көзделген нәтижеге ие 

боламыз.   Солардың   арасында   бізге   деректі   білімнің   қайнар 

бұлағының  қатарында   қабырғалы   орын   алатын  археология   – 

іздеуші,   табыскер   және   көне   адамдардың   қалдырған   табиғи 

бұйымдарын зерттеп, өткеннен қағидалы түсінікті жеткізетін 

хабаргер. 

Айталық, тас дәуірінен бері адамзаттың қалдырып кеткен 

құралдары   мен   тұрақтары,   әшекейге   қолданылған   табиғи 

бұйымдары   ең   алғашқы   қауымдық   және   кейбір   халықтарда 

осы уақытқа дейін сақталған «жабайы» немесе «дәстүрлі өнер» 

өмір   сүріп   келе   жатқан   заманды   түгел   қамтиды.   Демек, 

археология   адамзаттың   қалдырған   мұрасын   зерттеп,   оның 

көне   тарихын   құрастырып,   деректі   білім   беретін   ғылым. 

Кезінде   археология   тарихқа   ғылыми   төңкеріс   жасады. 

Тарихтың   көкжиек   кеңістігін   кеңейткенін   телескоптың 

астрономияға   көру   кеңістігін   қалай   кеңейткенімен 

салыстыруға болар еді. Ол тарих үшін жүздеген жылдар бойғы 

өткенді   ашуға   мүмкіншілік   берді   [2

]

.   Қазақстанда 



археологияның   маңызы   ерекше   орында,   көне   және   орта 

ғасырлар тарихы археология деректерінде бейнеленген.

Еліміздің бас археологы К.Байпақовтың сөзімен айтқанда, 

Қазақстан   бұл,   шынында,   ашық   аспан   астындағы   мұражай. 

Павлодар   өңірінде   көптеп   ашылған   археологиялық 

ескерткіштер бұған дәлел. Осының өзі әр дәуірде, әр кезеңде 

Ертістің   Павлодар   өңірі   тарихы   мәдениеттердің   құрамды 

орталығы   болатындығын   көрсетеді.   Археологиялық 

ескерткіштер – тарихтың ең «нәзік куәгері».

3


Студенттерге   терең   білім   алуға   мемлекеттік   тілде 

оқулықтар   мен   қосымша   әдебиеттердің   жоқтығынан 

бірсыпыра   қиындықтар   кездесуде.   Сондықтан,   осыған 

байланысты   көмекші   оқулық   құрастырып   ұсыну-біз   үшін 

мақсат. Мұның құрамына: археология ғылымы жөнінде негізгі 

түсініктер;   өлкетану   мысалы   деңгейінде   Павлодарлық   Ертіс 

өңірінің   ашылған   археологиялық   ескерткіштері;   тарих   және 

мәдениет   ескерткіштерін   мемлекеттік   қорғау   жүйесінен 

түсініктер берілген кіреді.

Іс   жүзінде   оқулық   күндізгі   және   сырттай   оқитын 

студенттерге   семинарлық   сабақтарға,   емтихандарға   әзірлік 

кезеңдерінде,   өзінің   туған   өлкесінің   тарихымен   танықысы 

келетін оқырмандарға арналған.

Атап өтетін жағдай, ұсынған оқулықта бүкіл Ертіс өңірінің 

археологиялық   естеліктерін   қамту   немесе   сараптап,   зерттеу 

мақсаты жоспарланған жоқ.

Бұл   қысқаша   көмекші   оқулық   –   алғашқы   біздің   оқу 

орнымыздағы   археология   бағытында   мемлекеттік   тілде 

автордың   бірінші   талпынысы.   Сондықтан   өздеріңіздің 

қосымша   ой-пікірлеріңіз   бен   сынды   сөйлемдеріңізді   және 

тәжірибелі   ұсыныстарыңызды   қуанышпен   риза   болып 

қабылдаймыз.

4


1 Археология ғылымы нені зерттейді

және ескерткіштердің түрлері

1.1 Археология – тарих ғылымының саласы

Қазба   жұмыстардың   нәтижесінде   табылған,   өткен 

дәуірлерден   қалған   бұйымдар   мен   заттарды   тарихи 

деректердің көзі негізінде зерттеп, адам баласының өсіп-даму 

тарихын анықтап, бейнелейтін ғылым – археология. Археоло-

гия   мен   тарих  арасы  ашылмайтын   түпкілікті  мақсаты   бірге, 

бүтін,   күрделі   тарихи   ғылым.   Олардың   айырмашылығы-

деректер   жинау   мен   зерттеу   ерекшелігіне   байланысты 

археологтар   өздеріне   тән   әдіспен   класстарға   бөлу   жүйесін 

құрды,   бірақ   зерттеу   жұмыстарының   аяқталу   сатысында 

тарихи   түсінік   пен   археологтың   жинаған   табыстарын 

байланыстырумен қорытылады.

Түсінікті   жазба   деректер   қалмағандықтан   көп   дәуірдің 

тарихын   зерттегенде,   археологияның   маңызы   жоғары 

деңгейде.   Сонымен   қатар,   археологияның   деректі 

табыстарының  орны орта ғасырлардың  тарихын  зерттегенде 

де   маңызды,   олар   жазба   деректерді   толықтырады. 

Археологияның   жетілуі,   даму   сатылары   басқа   ғылымдармен 

сабақтас,   тығыз   байланыста.   Көптеген   ғылымның   әр 

саласымен   қатарлас   деректері   арқылы   немесе   әр   түрлі 

әдістермен   алмаса-толықтыру,   анықтау   жолдарымен   саяси-

қауымдық, табиғаттану және арнаулы, дербес ғылымдармен, 

әсіресе   геология,   антропология,   этнография,   палеозоология 

және   палеоботаника   ғылымдарымен   қосыла   өрісі   кеңейді. 

Аталған   салалармен   байланысы   археологияның   шапшаң 

нығаюына   ықпалы   тиеді,   басқа   ғылымдардың   жаңа 

жетістіктерін

 

қолданып,



 

археологияның

 

ашылған 


деректерімен ескерткіштерінің тегі мен жасын дәлелдеп табуға 

нақты шешімін береді.

Археологияның   тарихтан   ерекшелігі:   қысқа   мерзімнің 

ішінде   негізгі   деректі   ескерткіштердің   қатарын   бірнеше   есе 

толықтыра алады, қазіргі уақытта бұл саланы байытатын өте 

көп қор жиналған. Бірақ та, естен шығармайтын жағдайлар: 

жақсы   зерттелген   ауылдармен   қатарлас   археологиялық 

картада ақтаңдақтар көп, деректер көзі жер шарында, соның 

ішінде   біздің   Қазақстанда   жаппай   белгіленіп   тегіс   тараған 

деуге   болмайды.   Атап   айта   өтуге   реті   бар,   әрбір   дәуірлердің 

ескерткіштерін,   көне   тас   дәуірі   мен   ерте   орта   ғасырлардың, 

5


тұрақты   қауымдар   құрған   халықтардың   тарихын,   әлі   аз 

білеміз.


Деректер   көзі   мен   ескерткіштер   тегінің   көпшілігі   ғылым 

қазынасына   арнаулы   экспедициялар   қазба   жұмыстарының 

зерттеу   қортындысында   қосылады.   Сонымен   қатар 

археологияға қосымша деректердің көзі кездейсоқ табыстарда 

не болмаса күтпеген кездегі ескерткіштердің табылуы, қайбір 

құрылыс салуға арналған жер қазу жұмыстарының кеселінен 

қирауына   байланысты   ашылады.   Ол   кезде,   бірсыпыра, 

ескерткіштердің құнды, маңызды деректері біздің қауым үшін 

мүрдемге   кетеді   де,   не   болмаса   оқымыстыларға   қажетті 

мәліметтер   ғылыми   құнсыз   деңгейде   жетеді.   Өндіріс   пен 

азаматтық құрылыстардың кеңінен өрбіген кезеңінде осындай 

жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан, тарихшының ең сапалы, 

жаңа   археологиялық   тұрақты   жерлерді   табу,   керек   болған 

жағдайда құтқарып қалу жұмыстарын ұйымдастыра білу және 

ескерткіштерді   арнайы   ғылыми   экспедиция   келгенінше 

қорғау.


1.2 Археологиялық ескерткіштердің түрлері

Археологиялық   барлау   және   қазба   жұмыстарды 

жетістікпен   өткізу   үшін   зерттеушінің   археологиялық 

ескерткіштердің   әр   түрі   жайында   көрегендігі   болуы   керек, 

қайсыбір   археологиялық   түсініктер   мен   терминдерді   анық 

ұғынуы   қажет.   Адамның   іс-әрекеттерінің   қалдығы   табылған 

жер қабаттары археологияда мәдени қабат деп аталады.

Мәдени   қабаттың   қалыңдығы   әр   түрлі   болады:   адамның 

аталған   жерде   қалай,   қанша   уақыт   тұрғанына   байланысты 

бірнеше сантиметрден ондаған метрге дейін жетеді.

Мәдени   қабаттың   археологиялық   деректерінің   деңгейі 

әртүрлі.   Әр   дәуірдің   қалдықтары   бар   көп   қабатты 

ескерткіштер   де   кездеседі.   Қайсыбір   қабаттардың   арасында 

адамның іс-әрекетінің қалдырған ізі жоқ топырақтың қабаты 

кездеседі.   Оны   қоспасыз   таза   қабатша   дейді   және   бұл 

тұрақтың   тарихында   үзіліс   болғанның   куәсі.   Ашылған   бір 

көлемді   бөлшек   жердегі   мәдени   қабаттардың   қоспасыз   таза 

қабатпен   кезекті   бірінен   соң   бірінің   құралуы   ескерткіштің 

стратеграфиясы деп аталады. Адамның іс әрекетінің ізі жоқ, 

ең көне дәуірдің мәдени қабатының астында жатқан қабатты 

6


археологияда жер деп атайды. Мәдени қабатпен жабылған көп 

қара топырақты «көмілген топырақ» дейді.

Көптеген   археологиялық   ескерткіштердің   арасында   жиі 

кездесетін және көзге үйреншікті түрлерін бөліп алуға болады: 

тұрған жерлері, мәйіт жерленген орны, діни-таза орын.

Тұрған жерлеріне қатысты: ашықта тұрақтаған мекендер, 

жартастардың   күркелі   жерлері   мен   үңгірлер,   құлама 

тастардың арасы ауылдар, қалалар, тұрақтар және көш-қоңыс 

аудандары. Ашық тұрақтарда уақытша тоқтаған аз ғана топ 

адамдардың   қалдырған   іздері   кездеседі,   әсіресе,   олардың 

арасында   бәрінен   жиі   аңшылардың   қалдықтары   табылған, 

әрдайым   судың   жанынан,   өзендердің   жағалауында   құлама 

жарлардың   маңынан   кездеседі.   Олар,   көбінесе   тас   дәуірінің 

бірнеше   ғасырларына   қатысты.   Бұндай   тұрақтардың   көлемі 

кішкентай,   нашар   сақталған,   көп   жағдайларда   жуылып-

шайылып кеткен немесе қазылып, бұзылып қалған, және де әр 

жерде ойдым-ойдым  болып  орналасқан  мәдени қабаттар өте 

жұқа; көңілге демеу болатын қабаты қалыңдау, деректілеуі от 

жағылған ошақтар.

Күркелі жартастар мен үңгірлер азғантай топты адамдарға 

суық кездерде негізгі ұзақ уақытқа қолданатын тұрақтардың 

орны   болған;   көне   тас   дәуірінен,   кейбір   жерлерде   темір 

дәуіріне   дейін   тұрақтаған.   Мұндай   ескерткіштердің 

стратеграфиясы   өте   күрделі   мәдени   қабаттары   соншама 

қалың,   деректері   де   төтенше   толық,   әсіресе,   үңгірге   кіре 

берісте.


Ауылдар: Табиғи құлаған тау-тастар өзендер мен көлдердің 

оңтүстік күнге қараған жағында болады. Ондай тұрақтардың 

адам   баласының   күшімен   салынған   бекіністері   болмаған, 

дегенмен   қоныстануға   орын   таңдағанда,   қалай   қорғану 

мүмкіншіліктері   есепке   алынғаны   байқалады.   Осы   сияқты 

тұрақтардың   көлемі   бірнеше   жүздеген,   мыңдаған   шарша 

дейін; жаңа тас дәуір мен ерте темір ғасырлар кезеңінде көп 

кездеседі.

Табылған   тұрақтардың   мәдениет   қабаттарының 

қалыңдығы әртүрлі, қабаттар деректі ескерткіштерге бай; көбі 

көне дәуір кезеніне жатады.

Қалалар.  Қалалардың   ауылдардан   ең   басты   айырмашы-

лығы – қорғаныс бекіністері: қоршай қазылған орлар, үйілген 

дөңдер,   тұрғызылған   қалың   жарлар   мен   қарауылшы 

мұнаралары,   тағы   басқа   бекіністердің   көбі   темір 

ғасырларының көрінісінен «хабар» береді. Даулы мәселелердің 

7


көбісін соғыспен шешу күнделікті құбылысқа айналған кезен 

болған. Қаланың төңірегі белгілі шекарада қоршалғандықтан, 

мәдени   қабаттары   өте   қалың,   құнды,   маңызды   деректі 

ескерткіштерге   –   ауылмен   салыстарғанда   бай.   Қаланың 

маңызды ерекшелігі – қалған қабаттарда біздің уақытқа дейін 

жеткен   құрылыс   ескерткіштері:   тас,   кірпіш,   ағаштар,   ашық 

қалған   қаланың   жобасы,   қатаң   түрде   тығыз   салынған   үйлер 

мен   шаруашылық   бөлімшелері,   шеберханалар,   дәстүрлі   діни 

рәсімдерді   атқаратын   құрметтелген   жерлері.   Қаланың 

топографиясы   жақсы   айқын   сақталып,   біздің   көп 

сұрақтарымызды қанағаттандырады.

Тұрақ   немесе   жайлау.   Тұрақ   немесе   жайлау   –   көшпенді 

малшылардың   темір   ғасырлары   кезеңінде   қыста,   жазда   мал 

жаятын аудандары. Бұл жерлерде мәдени қалдықтарды табу 

қиын:   адам   топтары   сулы   жерлерді   жағалап   өзендердің 

құйылыс   сағаларында   не   болмаса   тау   шатқалдары   мен 

етектерінде,   тағы   басқа   ығынды,   құнарлы,   жайылымды, 

орнығуға қолайлы жерлерде тоқтаған. Мәдени қабат тек қана 

от   жаққан   жерлерде   және   шаруашылық   шұңқырларында 

шашыраңқы түрде кездеседі.

Жерлеу. Археологиялық ескерткіштердің бір түрі – жерлеу. 

Адамды   жерлеуді   қабірлерді,   құрылысты   салу   әдеттеріне 

байланысты   бірнеше   топқа   бөлуге   болады:   қорғандар, 

жертопырақтан құрылған қабірлер, дөльмендер – тік қойылған 

бірнеше   тас   блоктардың   үстінен   тас   тақтаймен   жабылған 

мегамет-   ғимараттар,   көп   ретте   дөльмендер   өлікті   жерлеуге 

пайданылған,табытпен қоятын қоймалар.

Археология   үшін   қабірлерді   зерттеу   ерекше   маңызды. 

Біріншіден,   біздің   ата   тегіміздің   рухани   ішкі   өмір   күйі   мен 

қөзқарасы,   жан   дүниесінің   даму   сатыларын   болжап, 

қарастыруға   мүмкіндік   туғызатын   бірден-бір   ескерткіштер. 

Екіншіден,   қабірлердің   түрі   этникалық   белгілер   мен 

ерекшіліктерінің   көмегімен   зерттеушіге   археологиялық 

мәдениеттік   топтастыруға   жайлы-ыңғайлы.   Үшіншіден, 

қабірлерді   бағалы   анпропологиялық   дерек   сақталған,   және 

көптенген  дәстүрлі  ресми  саймандар,   бұйымдар,  марқұмның 

қауымда   қандай   әлеуметтік   сатыда   болғанын   бейнелейтін, 

онымен   коса   экономикалық   тұрмыс   деңгейін   топшылап 

қорытуға бағалы дерек көздері жинақталған.

Қорғанды   молалар.   Қорғанды   молалар   жер   топырақ   пен 

тастардан   құрылған,   көлемі   әр   түрлі;   қыратты-биіктеу 

8


жерлерде   жеке   біреуден   не   болмаса   бірнешеуден 

топтастырылып орналастырылған.

Үлкен,   орташа   қорғандарды   табу   оңай,   үйілген   үймелері 

биік   15–20   м   дейін   жетеді,   астында   бірден-бірнеше   оңдаған 

жерленген мүрделер табылған. 

Кейбіреулері бірнеше ғасырлар бойы құрылған, ертегісінің 

үстіне қосымша үйілген, стратиграфиясы сол себептен күрделі. 

Алғашқы көрініс алған кезеңі мыс дәуірінен басталып, кейбір 

жерлерде соңғы ортағасырларға дейін жалғасқан. 

Жертопырақ  молалар.  Жертопырақтан   құрылған   молалар 

дөңесті,   биіктеу   жерлерде   орналастырылған.   Көне   кездерде, 

олар   қабір   үстінде   қорған   үй   тәрізді   болғаны   ғажап   емес, 

қалған   тастардың,   ағаштардың   іздері   сондай   болжамға 

итермелейді.   Жертопырақты   көмбелерде   ондаған,   жүздеген, 

тіпті   мыңдаған   мүрделер   жерленген,   бірақ   та   қорғандардан 

айырмашылығы   өткен   уакыт   кезеңдері   қысқа   мерзіммен 

шектелуімен белгілі.

Дөлмендер.  Дөлмендер   тік   койылған,   өте   зор   тас 

плиталардан құрылып, үстінен тас тақтармен жабылған. Жер 

бетіндегі   құрылыс   мегалит   –   ғимарат   деп   аталады.   Ішінде 

өлген   адамдар   жерленген.   Кавказда   қола   дәуіріндегісі 

кездеседі.   Табылған   дөлмендердің   көбі   ұрланып,   бұзылып 

кеткен.

Темір   ғасырларында   әлдеқайда   көп   әдістермен   жерлеу 



етек  алған,   мысалы;  мүрдені  өртеу,  құмыраға  салып  жерлеу, 

әрқилы құрылыстар жерден, тастан салынған, т.б.

Табыну орны. Бұл археологиялық ескерткіштер түрлерінің 

арасында   жиі   кездесетіні.   Оларды   барлық   құрылыстармен 

рәсми,   діни   дәстүрлі   қызмет   атқаратын   орындарда,   бөлек 

табыну   мүсіндеріңде,   тастарда,   бұлақтарда,   орманды 

жерлерде т.б. кездестіруге болады.

9


2 Павлодар-Ертіс маңындағы археологиялық ескерткіштер

2.1 Палеолит

Табылған   археологиялық   ескерткіштердің   негізіне 

сүйенсек,   Павлодар   Ертіс   өңірінде   алғашқы   адамның 

қалдырған   өмір   ізінің   жасы   1,5   млн   жыл.   Оған   куә   Ертіс 

алқабынан   табылған   бірсыпыра   тұрақтар.   Атап   айтсақ; 

Маралды 1, 2, Екібастұз 15, 18, 20, Ангренсор, Шідерті 3, т.б. 

Археологиялық   табыстарды   зерттеу   нәтижесінде   Павлодар 

аймағын   қоныстанған   алғашқы   адамдар   қауымының 

әлеуметтік, шаруашылық ұйымдастыру жүйесі – әлемнің басқа 

аймақтарындағы   түрлеріне   тән   тектес   –   мінездерін   іс-

әрекеттерін қайталайды.

Тұрақтардың көлеміне байланысты ойлансақ олар шағын 

топтарға ұйымдасып,  жеуге жарайтын өсімдіктердің жемісін 

жинап, ірі және ұсақ аңдарды аулаумен күн көрген. Палеолит 

дәуірінен   қалған   тұрақтардан   табылған   жануарлар 

сүйектерінің   қалдықтарын   зерттеу   жұмыстарының 

қортындысында   –   өткен   дәуірдің   фаунасының   құрамын 

болжауға   да   мүмкіндік   туындайды.   Ертіс   өңірінің   стенан 

тобының жылқылары, қытай маралдар, сайғақтар мен жүндес 

мүйізтұмсықтар,   мамонттар,   тоғай   пілдері,   тур-бұқа,   ұсақ 

бизон, үнгір аюы және басқа ірілі-уақты хайуандар осы өңірде 

тараған.

Көне   пішінді,   жұмыр   тастардан   икемделген   еңбек 

саймандарының   ішінде   табылып   келтірілгендері:   чопперы, 

чопингі,   қолшапқы.   Кейінгі   кезеңде   әр   түрлі   іске 

қолданылатын   еңбек   құралдары   пайда   болған.   Соңғы 

палеолитте   әр   қилы   құралдардың   саны   оннан   асып   кеткен, 

жарқыншақтар, сыдырғыштар, сүйір және дағал қырғыштар, 

екі   шеті   жұқартылған   қалақтар,   қырларының   бәрінің   жүзі 

шығарылған   кескіштер,   найзалар   мен   сүңгінің   ұштары 

жасалғаны анықталды. Әсіресе, кескіш құралдар көп болған; 

бұлар   қалақтар   мен   сынықтардан   жасалған;   олардың   үшкір 

бұрышы омырылып, қалақ жүзiне кесе-көлденең келетін шеті 

де кесетін болған.

Ертістің сол жағалауындағы тас дәуірінің ең көп тараған 

ескерткіштері – тұрақтар-шеберханалар мен тас сындыратын 

орындар.   Ескі   Екібастұз   ауданындағы   жасы   жоғары 

палеолитпен   белгіленген   шеберхана   тұрағында   бағалы 

деректер   ашылған   көптеген   құрал-саймандар   көрмеге 

10


қойылған.   Екібастұз   18-де   табылған   шахтаның   қалдығынан 

сол   кезеңдегі   адамдардың   сапалы   шикі   зат   қазбасын 

қолданғандығы анық. Көңіл аударуға тұратын жағдай шахтаға 

жақын   төңіректе   өндіріс   алаңы   орналасқан,   онда   көптеген 

нуклеустер   жинағы,   т.б.   әзірленген   еңбек   саймандары   және 

өндірістің   технологиялық   қалдықтар   үйінділері   ашылған.   Тас 

индустриясы – құралдық тас өндірісі леваллуа техникасының 

ұзақ   уакыт   болуымен   сипатталады.   Мұның   өзі   соңғы 

палеолитте   де   маңызын   сақтаған.   Келесі   тұрақ   Ангренсор 

көлін   солтүстіктен   белдеулеп   тұрған   шоқының   оңтүстік 

баурайында орналасқан. Бұл жерден яшмадан жасалған 1000-

нан аса зат жиналып алынған. Олар көп аланды, дөңгелекше 

сүйір   нуклеустер,   айқын   білінетін   соғатын   қыры   бар   қысқа 

және   жалпақ   сынықтар,   қалақтар,   сыдырғыштар,   шапқы 

тәрізді   құрал,   қырғыштар,   тесетін   кескіштер,   сүңгінің 

қалақша ұштарының сынықтары.

Сондықтан,   айтуға   болатын   жағдай   –   осындай 

ескерткіштер негізінде жүргізілген зерттеулер қортындысында 

бүкіл   өндірістің   процесін   шикізат   өндіруден   бастап, 

нуклеустермен әр түрлі бұйымдарды шығаруына дейін болжап 

құрастыруға мүмкіндік бар. 

Палеолит кезеңіндегі тұрақтардан ашылған саймандардың 

көпшілігі   қара   немесе   сұр   алевралиттен   және   профиттен 

икемделіп   жасалған,   қайсібір   біреулері   –   ақ   кварцтан 

кездеседі.   Палеолит   заманындағы   ескерткіштер   жете 

зерттелмеген,   бірақ   Павлодар   Ертіс   маңындағы   қолда   бар 

мәліметтер   негізінде   адамның   және   оның   мәдениетінің 

прогресі   үзілместен   жалғаса   берді   деген   қорытынды   жасау 

үшін әбден жеткілікті.

2.1 Мезолит

Мезолит   заманында  табиғи  орта   осы   заманғы   бейнеде 

болды.   Жануарлар   дүниесінің   түрлік   құрамы   өзгерді:   енді 

аңшылардың аулайтыны көбінесе бизон мен жылқы, жабайы 

ешкі   мен   киік,   қоян   мен   үйрек   болды.   Аңшылыққа   жаңа 

құралдар ойлап  шығарылды.  Аңдарды бірлесе қуалап, қамап 

ұстау   әдісімен   қатар   жеке-жеке   аулау   зор   маңызды   орын 

алды; балықшылық кәсібі өрістеді. Мезолит заманында ірі-ірі 

екі   тарихи   оқиға   болды:   садақ   пен   жебе   ойлап   шығарылды 

және   микролиттер   –   үш   бұрыш,   ромб,   трапеция   сегмент 

11


тәрізді   ұсақ   қалақтар   пайда   болды.   Микролиттір   негізінде 

жебенің   ұштары   мен   қыстырма   құралдар   жасауға   шеберлік 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал