Лекция. Тақырыбы: бизнес-мәдениетті қалыптастыру жоспары: Кәсіпкерлік ойлау; Кәсіпкерліктің түрлері; Кәсіпкерліктің мәні



жүктеу 82.96 Kb.
бет5/8
Дата13.11.2022
өлшемі82.96 Kb.
#23848
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
1644430967
stud.kz 6505, Инновационные методы обучения физике, Туған өлкем құралай

4.БИЗНЕС ҮШІН КОМАНДАНЫҢ МАҢЫЗЫ


«Дұрыс команда» деген мағынада адам саны емес, кәсіпқойлардың сапасы астарланған. Командада тек бірнеше адам болуы мүмкін, бірақ олар 10 және одан да көп қатысушысы бар басқа командаға қарағанда өнімді жұмыс істей алады.
Тек дұрыс команда жинау арқылы қазіргі бизнес әлемінде маңызды нәтижелерге қол жеткізуге болады. Егер бизнесті механизм ретінде елестетсек, онда оның жұмыс тиімділігі үшін оның құрамдастары өздерінің жеке міндеттерін жақсы орындауға міндетті. Осы қағидат бойынша бизнес-команда құрылуы тиіс.
Сіз өз айналаңызға қандай да бір салада өзіңізден де артық білімі бар кәсіпқойларды жинаудан қорықпаңыз. Дәл солай болғаны дұрыс! Есіңізде болсын: бәрін өз күшіңізбен жасамауыңыз керек! Ол үшін бизнес-команда бар. Бизнесменнің аса маңызды қасиеттерінің бірі – өз айналасына кәсіпқой адамдарды жинай білу, оларды біртұтас, үздіксіз жұмыс істейтін механизм ретінде әрекет ететіндей ортақ мақсатқа жұмылдыра білу. Тек сонда ғана сізге моральдық қана емес, қаржылық қанағат әкелетін табысты стартап басталады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, стартаптардың басым бөлігі дұрыс бизнес- команданың болмауынан күйрейді. Өте жақсы бизнес-жобаны бір адамның іске асыруға тырысуы – одан да жаман әрекет. «Жалғыздың үні шықпас» деген қағиданы бизнесте де ұстану керек. Көзге көрінетін нәтиженің жоқтығына қоса үлкен жүктемені көтеріп кету сізге қиынға соғады.
Алдымен команда оның негізін қалаушы адамға (адамгершілік, темперамент, жылдам әрекет ету және т.б. бойынша) ұқсас адамдардан тұруы керек деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда, шын мәнінде мұның тек бір ғана артықшылығы бар – мұндай команданы басқару оңай. Шын мәнінде мықты команда көзқарастары мен нанымдары, өмірлік ұстанымдары, мінез-құлықтары, өзекті әдеттері мен құндылықтары әртүрлі адамдардан тұрады.
Тәуекел сақтықпен, оптимизм – пессимизммен, креатив – прагматикалықпен, жалқаулық– әкімшіліктік мүмкіндіктермен толықтырылуы тиіс. Мұндай әртүрлі адам- нан құралған командада тамаша, орташа, біркелкі, қуатты шешімдер қалыптасады. Көшбасшының негізгі міндеті – байланыстырушы буын ретінде әрекет ету және шешімдерді шоғырландыру.
Алайда, команда мүшелері бір-бірін құрметтеуі, ортақ идеяны «сіңіруі» және оны жақтауы, ортақ құндылықтары болуы және нәтижесінде мақсатқа ұмтылуы тиіс.
Команданың әрбір қатысушысы ондағы өз рөлін түсінуі және нақты көрсетілген міндеттер шеңберін шешуі тиіс, мысалы, қаржыландыру, іске асыру, техникалық қамтамасызету, маркетинг, жылжытужәне т.б. мәселелер. Оған қоса команданың барлық мүшелері тұрақты түрде біртұтас ақпараттық алаңда болулары тиіс. Командада ағымдағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттерді ұғынып-зерделеуді өзгеріссіз синхрондау жолға қойылуы тиіс. Барлығында «біз кімбіз және қайда бара жатырмыз» деген бірыңғай және бір мағыналы түсінік болуы тиіс.
Екі Стивтен: Стив Возняк пен Стив Джобстан тұратын Apple командасы дәл осы принцип бойынша жұмыс істеді. Возняк сауданы емес, компьютерді жақсы меңгерді. Сауда-саттықпен Джобс айналысты. Возняктың техникалық білімі Джобстың бизнес-көзқарасымен бірге әлемді өзгертті.


жүктеу 82.96 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет